Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы жайлы
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3
1. КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ─ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КАТЕГОРИЯ РЕТІНДЕ
1.1 Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы түсінігі және оның
кәсіпорынның қаржылық.экономикалық жағдайын бағалаудағы рөлі
6
1.2 Қаржылық тұрақтылық түрлері мен қаржылық жағдайлары ... ... ... 14
1.3 Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына әсер етуші
факторларды анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
18
1.4 Қаржылық тұрақтылықты бағалаудың негізгі әдістері
мен критерийлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
23
2. КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ҚАРЖЫЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕР КОЭФФИЦЕНТТЕРІ ӘДІСІМЕН ТАЛДАУ («КӨКШЕТАУ МИНЕРАЛДЫ СУЛАРЫ» ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ШЕКТЕУЛІ СЕРІКТЕСТІГІНІҢ МЫСАЛЫНДА) ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҚ КРИТЕРИЙЛЕРІН АНЫҚТАУ
2.1 «Көкшетау минералды сулары» жауапкершілігі шектеулі
серіктестігінің қаржылық жағдайын жалпылама талдау ... ... ... ... ... ...
29
2.2 Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын абсолютті көрсеткіштер
арқылы талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
38
2.3 Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын салыстырмалы
көрсеткіштер арқылы талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
40
3. КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫН
НЫҒАЙТУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Кәсіпорынның тәуекелді дебиторлық қарыздарын
басқаруды нығайту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
51
3.2 Қаржылық леверидж көрсеткіші арқылы кәсіпорынның тиімді
қарыз капиталын анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
56
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
61
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
64
ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
66

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2007 жылдың 28 ақпандағы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Бәсеке қабілеттілік─ Қазақстанның әлемдік экономика мен қоғамдастыққа табысты кірігуінің кілті. Сондықтан да өткен жылдың өзінде біз жалпы қазақстандық жобамызды тұжырымдап, оны іске асыруды қолға алған болатынбыз. Бұл─ біздің әлемнің бәсекеге барынша қабілетті елу елінің қоғамдастығына қарай жедел жылжуымыздың және оның тұрақты мүшесі ретінде Қазақстанның тұғырнамасын нығайту» деген /1, 5-6 б/. Осы орайда, өнеркәсіптің жоғары макроэкономикалық көрсеткіштері және Қазақстанның негізгі өнеркәсіп салалары кәсіпорындарының қаржысының жағымды даму тенденциясы Бүкіләлемдік сауда ұйымына Қазақстанның кірігуі жағдайында импортты ауыстыратын және экспортқа бағытталған тауарлар мен қызметтердің жүзеге асырылуы үшін үлкен мүмкіндік береді.
Себебі жеті басымдылықтан тұратын Елбасы Жолдауында елдің экономикалық даму жолында атқарылатын істер, оның ішінде халықаралық аренаға шығатын жобалармен жұмыс істеу жайы, шикізаттық емес тауарларды экспорттау мен жоғарғы технологияларды импорттау мәселелеріне қатаң тапсырылды /2, 1 б/.
Әрине, Қазақстан экономикасының әлемдік шаруашылық қатынастарына, интеграциялық үрдістерге кірігуі отандық кәсіпорындардан, әсіресе өндірістік кәсіпорындардан, қаржылық тұрақтылықтың жоғарғы деңгейін қажет етеді. Егер әрбір кәсіпорын экономикаға үлкен қаржылық нәтижелер әкелсе, онда қызмет салаларының және мемлекеттің макроэкономикалық көрсеткіштері жоғарлайды. Сондықтан қазіргі кезде әрбір шаруашылық субъектісінің қаржылық тұрақтылық мәселесіне көп көңіл бөлінеді. Жоғары даму барысындағы бәсекелестік жағдайында кәсіпорын тұрақтылығын бағалау бәсеке қабілеттіліктің қосымша факторы болып табылады және кез-келген саладағы қаржылық тұрақты кәсіпорындар санының өсуі экономиканың дамуы мен бюджетке төленетін тұрақты түсімдердің негізі болып табылады.
Қоғамда қаржылық талдау біреудің орынсыз тілегінен емес, өмірлік аса қажеттілік салдарынан туындайды. Салмақ, ұзындық өлшемін және есептеу жүргізбей, шаруашылық субъектісінің мүліктік жағдайы мен оған әсер ететін себептерді білмей, табыс пен шығынды өзара салыстырмай, біріншісінің екіншісінен артық болуына қол жеткізбей шаруашылықты ойдағыдай жүргізу мүмкін емес.

1. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан халқына Жолдауы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан». Астана, 2007 ж. 28 ақпан // Егемен Қазақстан, 1 наурыз 2007ж.
2. Мұқанова Г. Экономика-демократия-тәртіп // Түркістан.─ 2006ж. 2 наурыз.─ №9.─ 1б.
3. Назарбаев Н.Ә. Жолдауы «Қазақстан экономикасының, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында». Астана, 2005 ж. 18 ақпан // Егемен Қазақстан, 1 наурыз 2005ж. 3-4б.
4. Байбулова Д.Б. Управление финансовой устойчивостью предприятий в переходный экономике (на примере РК): Автореферат: 08.00.05─ Алматы, 2002.─ 22с.
5. Дүйсенбаев К.Ш., Төлегенов Э.Т., Жұмағалиева Ж.Г. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау / Оқу құралы.─ Алматы: Экономика. 2001.─ 330б.
6. Жуйриков К.К: Финансы предприятий в условиях рынка.─ Алматы, 2002, 353 с.
7. Бараненко С.П., Шеметов В.В. Стратегическая устойчивость предприятия.─ М.: Центрполиграф, 2004.─ 575;
8. Дружинин А.И., Дунаев О.Н. Управление финансовой устойчивостью.─ Екатеренбург: ИПК УГТУ, 2005.─ с. 363;
9. Нестеров В.О., Карпенко С.Н. Финансовый анализ и учет.─ М.: Финансы и статистика, 2005.─ с. 341;
10. Шеремет А.Д., Негашев Е.В. Методика финансового анализа деятельности коммерческих организациий.─ М.: ИНФРА-М, 2005.
11. Лупей Н.А. Методические рекомендации по учету финансовых результатов деятельности организаций: практическое пособие.─ СПб.: Книжник, 2003.─ с. 258;
12. Гиляровская Л.Т., Вехорева А.А. Анализ и оценка финансовой устойчивости коммерческого предприятия.─ СПб.: Питер, 2003 ─ 256 с.: ил.─ (Серия «Бухгалтеру и аудитору»)
13. Астахов В.П. Анализ финансовой устойчивости и процедуры, связанные с банкротством.─ М.: Ось-89, 2005.─ с. 163;
14. Илясов Г. Оценка финансового состояния предприятия: Методология и методика// Экономист.─ 2004.─ №6.─ с. 49-55;
15. Гребенщикова Е.В. Альтернативный расчет запаса финансовой прочности предприятия// Финансы.─ 2006.─ №8.─ с. 69-70;
16. Козлова Е.П., Галинина Е.Н. Финансовый анализ и аудит.─ М.: Финансы и статистика, 2004.─ с. 285;
17. Ириков В.А., Ириков И.В. Технология финансо*экономического планирования на фирме.─ М.: Финансы и статистика, 2006.─ с. 249;
18. Гиляровская Л.Т. Экономический анализ: Учебник для вузов─ 2-ое изд., доп.─ М: ЮНИТИ-ДАНА, 2004.─ 615с
19. Ковалев В.В. Финансовый анализ. Управление капиталом. Выбор инвестиций. Анализ отчетности.─ М.: Финансы и статистика, 2003.─ с. 512;
20. Никольская Э.В., Лозинская В.Б. Финансовый анализ.─ М.: МГАП Мир книги, 2003.─ с. 316;
21. Чернышева Ю.Г., Гузей В.А. Комплексный экономический анализ хозяйственной деятельности.─ Изд. 2-е.─ Ростов н/Д.: Феникс, 2005.─ 156 с.─ (Шпаргалки);
22. Шеремет А.Д., Сайфулин Р.С. Методика финансового анализа.─ М.: Инфра-М, 1999.─ с. 512;
23. Лябушин Н.П. Анализ финансово-экономической деятельности предприятия.─ М.: Финансы и кредит, 2000, с.375;
24. Федорова Г.В. Фианасовый анализ предприятия при угрозе банкротства. Учебное пособие.─ М.: Омега─ Л, 2003.─ 272 с.
25. Шеремет А.Д., Сайфуллин Р.С. Финансы предприятий.─ М., ИНФРА─ М, 1998.─ 343 с.
26. Ионова А.Ф., Селезнева Н.Н. Финансовый анализ: учебник.─ М.: ТК Велби, Издательство Проспект, 2006.─ 624с.
27. Бригхем Ю., Гапенски Л. Финансовый менеджмент: Полный курс. В2-х т./ Пер. С англ. под. ред. В.В. Ковалева. Спб.: Экономическая щкола, 2004г. Т. 2. 669с.
28. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (Жалпы және Ерекше бөлімдер): 2001 жылғы 15 қаңтарға дейінгі өзгертулер мен толықтырулар енгізілген.─ Алматы: ЖШС «Баспа», 2001-368б.
29. Коволев В.В. Финансовый анализ: методы и процедуры.─ М.: финансы и статистика, 2005.─ 560с
30. Под. ред. Таль Г.К. Антикризисное управление: Учебное пособие: В 2 т. Т. 2.: экономические основы.─ М.: ИНФРА─ М, 2004.─ 1027с

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ...
1. КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ─ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КАТЕГОРИЯ РЕТІНДЕ
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы түсінігі және оның
кәсіпорынның қаржылық-экономикалық жағдайын бағалаудағы рөлі 6
1.2 Қаржылық тұрақтылық түрлері мен қаржылық жағдайлары ... ... ... 14
1.3 Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына әсер етуші
факторларды 18
анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ..
1.4 Қаржылық тұрақтылықты бағалаудың негізгі әдістері
мен 23
критерийлері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ...
2. КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ҚАРЖЫЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕР
КОЭФФИЦЕНТТЕРІ ӘДІСІМЕН ТАЛДАУ (КӨКШЕТАУ МИНЕРАЛДЫ СУЛАРЫ
ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ШЕКТЕУЛІ СЕРІКТЕСТІГІНІҢ МЫСАЛЫНДА) ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ
ТҰРАҚТЫЛЫҚ КРИТЕРИЙЛЕРІН АНЫҚТАУ
2.1 Көкшетау минералды сулары жауапкершілігі шектеулі
серіктестігінің қаржылық жағдайын жалпылама 29
талдау ... ... ... ... ... ...
2.2 Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын абсолютті көрсеткіштер
арқылы 38
талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ..
2.3 Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын салыстырмалы
көрсеткіштер арқылы 40

... ...
3. КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫН
НЫҒАЙТУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Кәсіпорынның тәуекелді дебиторлық қарыздарын
басқаруды 51
нығайту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ...
3.2 Қаржылық леверидж көрсеткіші арқылы кәсіпорынның тиімді
қарыз капиталын 56

... ... ...
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... 61
... ... ... ... ... ... ... ... .. ...
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 64
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 66
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ..
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев
2007 жылдың 28 ақпандағы Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан атты Қазақстан
халқына Жолдауында: Бәсеке қабілеттілік─ Қазақстанның әлемдік экономика
мен қоғамдастыққа табысты кірігуінің кілті. Сондықтан да өткен жылдың
өзінде біз жалпы қазақстандық жобамызды тұжырымдап, оны іске асыруды қолға
алған болатынбыз. Бұл─ біздің әлемнің бәсекеге барынша қабілетті елу елінің
қоғамдастығына қарай жедел жылжуымыздың және оның тұрақты мүшесі ретінде
Қазақстанның тұғырнамасын нығайту деген 1, 5-6 б. Осы орайда,
өнеркәсіптің жоғары макроэкономикалық көрсеткіштері және Қазақстанның
негізгі өнеркәсіп салалары кәсіпорындарының қаржысының жағымды даму
тенденциясы Бүкіләлемдік сауда ұйымына Қазақстанның кірігуі жағдайында
импортты ауыстыратын және экспортқа бағытталған тауарлар мен қызметтердің
жүзеге асырылуы үшін үлкен мүмкіндік береді.
Себебі жеті басымдылықтан тұратын Елбасы Жолдауында елдің экономикалық
даму жолында атқарылатын істер, оның ішінде халықаралық аренаға шығатын
жобалармен жұмыс істеу жайы, шикізаттық емес тауарларды экспорттау мен
жоғарғы технологияларды импорттау мәселелеріне қатаң тапсырылды 2, 1 б.
Әрине, Қазақстан экономикасының әлемдік шаруашылық қатынастарына,
интеграциялық үрдістерге кірігуі отандық кәсіпорындардан, әсіресе
өндірістік кәсіпорындардан, қаржылық тұрақтылықтың жоғарғы деңгейін қажет
етеді. Егер әрбір кәсіпорын экономикаға үлкен қаржылық нәтижелер әкелсе,
онда қызмет салаларының және мемлекеттің макроэкономикалық көрсеткіштері
жоғарлайды. Сондықтан қазіргі кезде әрбір шаруашылық субъектісінің қаржылық
тұрақтылық мәселесіне көп көңіл бөлінеді. Жоғары даму барысындағы
бәсекелестік жағдайында кәсіпорын тұрақтылығын бағалау бәсеке
қабілеттіліктің қосымша факторы болып табылады және кез-келген саладағы
қаржылық тұрақты кәсіпорындар санының өсуі экономиканың дамуы мен бюджетке
төленетін тұрақты түсімдердің негізі болып табылады.
Қоғамда қаржылық талдау біреудің орынсыз тілегінен емес, өмірлік аса
қажеттілік салдарынан туындайды. Салмақ, ұзындық өлшемін және есептеу
жүргізбей, шаруашылық субъектісінің мүліктік жағдайы мен оған әсер ететін
себептерді білмей, табыс пен шығынды өзара салыстырмай, біріншісінің
екіншісінен артық болуына қол жеткізбей шаруашылықты ойдағыдай жүргізу
мүмкін емес.
Қай уақытта да болмасын бұл өте маңызды. Қазіргі қоғамның әкімшілік-
әміршілік жүйеден шығып, нарықтық қатынастарға ену кезеңінде оның мәнділігі
одан арта түсті. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев
2005 жылдың 18 ақпандағы Қазақстан экономикасының, әлеуметтік және саяси
жедел жаңару жолында атты Жолдауында: Біз шағын және орта кәсіпкерлікті
дамытудың түбірінен жаңа идеологиялық түзетуге тиіспіз. Біз кәсіпкерлік
ортаның бастамаларын іске асыру үшін қолайлы жағдай туғызуымыз керек деген
3, 3-4 б, осы орайда бұл мәселені шешу үшін, мемлекет экономикасының
ажырамас бөлігі болып табылатын нарықтық экономикадағы әрбір кәсіпорынның
өміршеңдігін сақтап қалу, оның дамуы, тек ұлттық шекарада емес, халықаралық
деңгейде қызмет етуі үшін алғышарттардың бірі болып оның экономикалық
потенциалын, яғни қаржылық тұрақтылық деңгейін, оның мәселелі аймақтарын
анықтау және олардан арылу немесе қайсібір тәуекелділігін төмендету
жолдарын іздестіру маңызды болып табылады.
Сонымен қатар қаржылық тұрақты кәсіпорын онымен қаржылық қатынастарға
түсетін басқа шаруашылық субъектілер үшін сенімді серіктес болады 4, 9 б.
Сондықтан қаржылық жағдайды талдаумен тек кәсіпорын басшылары мен
қызметкерлер ғана емес, соныменен ресурстарды қолдану тиімділігін зерттеу
мақсатында құрылтайшылар, инвесторлар, несиелендіру жағдайын бағалау мен
тәуекелділіктің деңгейін анықтау үшін банктер, төлемдерді уақытылы алу үшін
жабдықтаушылар, бюджетке қаражаттардың түсу жоспарын орындау үшін салық
органдары және тағы басқалары айналысады.
Нарықтық жағдайда кәсіпорын табыстылығы мен тұрақтылық жағдайының негізі
болып оның қаржылық тұрақтылығы табылады. Егер кәсіпорын қаржылық тұрақты
және төлемқабілетті болса, онда ол несиені алу, инвестицияларды тарту,
жабдықтаушыларды таңдау, мамандандырылған кадрларды іріктеуде қызметі ұқсас
кәсіпорындар алдында бірқатар артықшылықтарға ие болады. Неғұрлым кәсіпорын
тұрақты болса, соғұрлым нарық конъюнктурасының оқыс өзгерістерінен тәуелсіз
және банкроттыққа ұшырау тәуекелі төмен болады. Кәсіпорынның қаржылық
тұрақтылығы дегеніміз қаржыландыру көздерінің құрамында меншікті капиталдың
жеткілікті үлесімен қамтамасыз етілетін кәсіпорынның қаржылық жағдайының
тұрақтылығы немесе кәсіпорынды кездейсоқтықтан және кенеттен болатын
өзгерістерден сақтап тұратын белгілі бір беріктік қорлардың болу нәтижесі.
Қазақстандық автортолар Дүйсенбаев К.Ш., Төлегенов Э.Т.,
Жұмағалиева Ж.Г. бойынша қаржылық тұрақтылық төрт түрге бөлінеді:
қаржылық жағдайы жақсы кәсіпорын;
қаржылық жағдайы орташа кәсіпорын;
қаржылық жағдайы нашар кәсіпорын;
банкрот кәсіпорын 5, 92-93 б.
Қазақстандық автор Жүйріков К.К. бойынша кәсіпорын қаржылық жағдайының
өзгерісінің күрделі себептерін анықтау үшін кәсіпорын қызметінің барлық
жақтарын сипаттайтын көптеген көрсеткіштерді зерттеу қажет 6, 3-5 б.
Себебі кәсіпорынның тұрықты қаржылық жағдайы─ оның үздіксіз және тиімді
қызметінің басты шарты болып табылады. Оған жету үшін субъектінің тұрақты
төлемқабілеттілігін, баланс өтімділігін, қаржылық тәуелсіздігін және
шаруашылықтың жоғары табыстылығын қамтамасыз ету қажет. Кәсіпорын қаржылық
тұрақтылығын кешенді талдау жеке көрсеткіштерді басқару үшін және
сәйкесінше, қаржылық климаттың жақсаруына олардың әсерінің күшеуі үшін
нақты алғышарттарды туғызады.
Кәсіпорын қаржылық жағдайының тұрақтылығын талдау экономикалық ахуал
болған кезде ғана емес, сонымен қатар оларды алдын-ала болжау, қашқақтау,
ұзақ мерзімді, материалдық емес, ағымдық активтерді, меншікті және қарыз
капиталын неғұрлым тиімді қолдану үшін жүргізіледі. Нарықтық қатынастар
жағдайында шаруашылық субъектісінің шаруашылық, инвестициялық және басқа да
кәсіпкерлік қызметтерінің негізгі талаптары капиталдың нақты құнын сақтау
мен көбейту, экономикалық потенциалдың тиімді қолданылуын жоғарлату болып
табылатыны белгілі.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын бағалау, объективті, ғылыми
негізделген және үйлесімді басқару, өндірістік, әсіресе қаржылық шешімдер
қабылдау үшін оның қаржылық жағдайын талдау қажет. Тек терең және ұқыпты
талдау негізінде ғана оның қызметін объективті бағалап кәсіпорынның
қаржылық тұрақтылығын нығайту және жақсарту және оның іскерлік
белсенділігін арттыруға бағытталған басқару шешімдерін қабылдау үшін
басшылыққа нақты ұсыныстар беруге болады.
Жұмыстың мақсаты кәсіпорын қаржылық тұрақытылық жағдайына талдау жасау
және алынған нәтижелерге сәйкес кәсіпорын қаржылық жағдайын нығайту
жолдарын анықтау.
Көзделген мақсатқа сай келесі міндеттер қойылған:
кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы түсінігі және оның кәсіпорынның қаржылық-
экономикалық жағдайын бағалаудағы рөлін, қаржылық тұрақтылық түрлері мен
қаржылық жағдайларын зерттеу, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына әсер
етуші факторларды анықтау, қаржылық тұрақтылықты бағалаудың негізгі
әдістері мен критерийлерін зерттеу және берілген кәсіпорын қаржылық
жағдайын бағалау үшін тиімді әрі қолайлы әдісті таңдау;
Көкшетау минералды сулары жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің
қаржылық жағдайын жалпылама талдау, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын
абсолютті және салыстырмалы көрсеткіштер арқылы талдау;
кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын нығайту жолдарын іздестіру және қаржылық
жағдайын ынталандыру бағыттарын анықтау.
Зерттеу пәні─ бухгалтерлік баланс мәліметтері бойынша кәсіпорын қаржылық
тұрақтылық жағдайы.
Зерттеу объектісі─ 1991 жылы негізі қаланған минералды су және алкогольді
өнімдер өндірісімен айналысатын Көкшетау минералды сулары жауапкершілігі
шектеулі серіктестігі.
Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған
әдебиеттер тізімінен, қосымша А, Ә, Б, В, Г, Ғ, Д, Е, Ж, К, Л, М, Н, П
құралады.
1. КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ─
ЭКОНОМИКАЛЫҚ КАТЕГОРИЯ РЕТІНДЕ
Кәсіпорын қаржылық тұрақтылығының жалпы түсінігі, оның түрлері, оған әсер
етуші факторлары және қаржылық тұрақтылықты бағалау әдістері мен
критерийлері қарастырылады.
1.1 Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылық түсінігі және оның кәсіпорынның
қаржылық-экономикалық жағдайын бағалаудағы рөлі
Қаржылық тұрақтылық қазіргі өзгергіш және көпқырлы нарықтық экономика
жағдайында маңызды мәселе болып табылады. Әрбір кәсіпорын қызметінің
қаржылық тұрақтылығы жалпы мемлекет экономикасының қаржылық тұрақтылығына
қандай да бір әсерін тигізеді. Бұл тәуелділікті көру үшін бірнеше
авторлардың әдебиеттерінен іріктелген қаржылық тұрақтылық анықтамаларын
қарастыру дұрыс болады.
Жалпы жағдайда экономикалық жүйенің тұрақтылығы деп оның өзінің қызметін
ұзақ мерзім бойы жүзеге асыра алу қабілетін айтады. И. Богданов
экономикалық тұрақтылықты келесідей анықтайды: Экономиканың тұрақтылығы
оның элементтерінің сенімділігі мен қатаңдығын, ішкі жүйедегі тік, көлденең
және тағы басқа байланыстарды, сыртқы және ішкі қысымды төзу қабілетін
сипаттайды. Бірақ егер экономика дамымаса, онда оның сыртқы және ішкі
қауіптерге төзімділігі мен бейімделу мүмкіндігі кенеттен төмендейді.
Сондықтан, тұрақтылық пен даму ─ біртұтас жүйе ретінде экономиканың маңызды
сипаттамасы 7, 12 б. Бұл тұрақтылық анықтамасының идеясы сыртқы ортаның
жағымсыз әсерлерін төзу үшін ресурстармен қамтамасыз ететін кеңірек
ұдайыөндіріске деген, сыртқы ортада қалыптасып, дамитын ерекшеліктерге
сәйкес бейімделу мен жаңартылуға деген қажеттілікте жатыр. А. Илларионовтың
айтуы бойынша, экономикалық қауіпсіздік─ ұзақ мерзімді перспективада
өндірісіті жан басына шаққандағы экономикалық ресурстардың көп бөлігімен
ең тиімді әдіспен қамтамасыз ететін экономикалық, саяси, құқықытық
жағдайлардың үйлесімі 7, 45 б. С. Афонцев ұлттық экономиканың
қауіпсіздігін жағымсыз әсерлердің потенциалды пайда болу көздерін
бейтараптандыру және нақты болған әсерлермен байланысты зиянды төмендету
қабілетінде бейнеленетін экономикалық және саяси ерекшелігі бар эндогенді
және экзогенді әсерлерге ұлттық экономикалық жүйенің тұрақтылығы ретінде
сипаттайды 7, 12 б.
И. Петренко кәсіпорынның дамуы мен тұрақтылығының микроэкономикалық
мәселесін қарастыру барысында И. Богданов көзқарасына жақын пікір білдіреді
7, 75 б. Тұрақтылық, И. Петренконың көзқарасы бойынша, сыртқы және ішкі
ортаның өзгергіштігі жағдайында өндірісітік жүйе элементтерінің, оның тік
және көлденең байланыстарының сенімділігі мен тұрақтылығын, өзінің негізгі
функционалдық көрсеткіштерін сақтау қабілетін бейнеледі. Өндірістік жүйенің
тұрақтылығы үшін ол үздіксіз қызмет етіп, дамуы қажет. Егер жүйе дамымаса,
өзінің экономикалық потенциалын ұлғайтпаса, онда оның өзгергіш нарықтық
экономика жағдайына тиімді бейімделу қабілеті төмендейді. Н. Матвеев пікірі
бойынша, кәсіпорынның экономикалық қауіпсізідігі тұрақты қаржылық жағдай,
коммерциялық табыстылық, мамандандырылған кадрлардың, өндірісітің құқықытық
нормаларының болуы және кәсіпорын қызмет етуінің тұрақтылығын қамтамасыз
ететін өндірісітік қатынастардың ұйымдастырылуы, ғылыми-техникалық
прогрессивтілік пен әлеуметтік даму шарттарының жиынтығымен анықталады 7,
7 б. Бұл автор кәсіпорын экономикалық қауіпсіздігінің негізгі элементі
оның қызмет ету табыстылығы деп қарастырады. Бұл анықтама кәсіпорын
қаржылық тұрақтылығының кешенділігін, кәсіпорынның ішкі және сыртқы
ортасына жатқызылатын көптеген факторларға тәуелділігін нақты көрсетеді.
Қаржылық тұрақтылық термині мамандандырылған қаржы лексиконында нақты
анықталмаған. Әлем тәжірибесінде Қаржылық тұрақтылық түсінігінің әртүрлі
баян етілуі баланс талдауының екі жақтылығымен түсіндіріледі: баланс
өтімділігін дәстүрлі және қазіргі заман функционалды талдауы. Осы екі
көзқарас негізінде аналитиктер қаржылық тұрақтылық түсінігін әртүрлі етіп
қарастырады 7, 16-18 б.
Баланс өтімділігін дәстүрлі талдау негізінде кәсіпорынның қаржылық
тұрақтылығы оның қаржылық құрлымының тепе-теңдігін қамтамасыз етілуіне және
инвесторлар мен кредиторлардың тәуекелдерден аман болуына бағытталған
ережелермен анықталады, яғни қаржылық стандарттың дәстүрлі ережелері
қарастырылады, олар төмендегілерді өзіне қосады:
минималды қаржылық тепе-теңдік ережесі, ол міндетті оң өтімділіктің болуына
негізделген, яғни баланс пассивтері мен активтерінің қысқамерзімді
элементтер айналым жылдамдығы, уақытында сәйкессіздіктер болу тәуекелімен
байланысты міндеттемелерден ағымдық активтер мөлшерінің асу сомасында орын
алатын қаржылық тұрақтылық қорын алдын ала қарастыру қажет;
максималды қарыз ережесі─ қысқамерзімді қарыздар қысқамерзімді
қажеттіліктерге пайдаланылады; дәстүрлі қаржылық стандарт кәсіпорын
қарыздарын меншікті қаражат көздерінен өтеу шегін белгілейді: ұзақ және
ортамерзімді қарыздар меншікті қаражаттар көздері мен оларға теңескен
ұзақмерзімді қарыз қаражат көздерін өзіне қосатын тұрақты капитал
жартысынан аспауы қажет;
максималды қаржыландыру ережесі алдағы ереженің жүзеге асырылуын ескереді:
қарыз капиталын қолдану көзделген барлық салымдар соммасының белгілі бір
пайызынан жоғарламауы қажет, ал пайыз әртүрлі несиелеу шартына байланысты
болады.
Баланс өтімділігін функционалды талдау негізінде қаржылық тұрақтылық
келесі талаптарды орындау кезінде анықталады:
қаржылық тепе-теңдікті сақтау, негізгі және қалыптастырылуы үшін
пайдаланылатын, меншікті капитал бөлігін білдіретін, айналым капиталына
бөлшектеп салудан бұрын, тұрақты капитал есебінен өтелетін, қаражаттардың
тұрақты орналастырылуы құрамына қосу жолымен жүзеге асады. Соныменен,
тұрақты ресурстар─ меншікті капитал және оларға теңестірілген қаражаттар─
тұрақты орналастырылған активтерді өтеу қажет. Қатынастың 100 пайыздан
төмен болуы─ салынған қаражаттардың бөлігі кәсіпорынның қаржылық әлсіздігін
анықтайтын, қысқамерзімді міндеттемелер түрінде болатын тұрақсыз
ресурстармен қаржыландырылғанын білдіреді. Қысқамерзімді қаржыландыру
туралы айта келсек, айналым активтеріне (меншікті айналым капиталының
көздері көлемінде) қажеттілік соммасы есеп жылы ішінде өзгереді және бұл
өзгерістер төмендегілерге әкеледі:
айналым капиталының артық қамтамасыз етілуіне, нәтижесінде меншікті айналым
капиталының бос көздері уақытша пайда болады;
немесе айналым капиталына қажеттіліктің қанағаттандырылуына, нәтижесінде
қарыз қаражаттарын қолдану тура келеді;
жалпы қарызды бағалау─ қаржылық тұрақтылықты талдау (баланс өтімділігін
талдаудың функционалды және дәстүрлі) амалдары бірдей. Бір бұл жерде,
барлық қарыз және меншікті қаражаттар арасындағы қатынас арқылы
белгіленетін кәсіпорынның жалпы қарыздар деңгейін анықтау қосылады.
Кәсіпорыннің қаржылық тұрақтылық түсінігін қарастырған кезде онымен
тікелей байланысты басқа да қажетті экономикалық-қаржылық құраушыларды
анықтау дұрыс болады. Соның ішінде кәсіпорынның төлемқабілеттілігі негізгі
орынды алады.
Төлемқабілеттілік пен қаржылық тұрақтылық нарықтық экономика жағдайында
кәсіпорын қызметінің маңызды қаржылық-экономикалық ерекшелігі болып
табылады. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылық түсінігі көп қырлы, ол ұйым
қызметінің әртүрлі жақтарын бағалайтындықтан, төлемқабілеттілік пен
несиеқабілеттілік түсініктеріне қарағанда кең мағынаны иеленеді.
Қаржылық тұрақтылық түсінігін отандық және шетел экономистері әртүрлі
баяндайды. 90-шы жылдардың басында кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын
меншікті қаражаттардың қарыз капиталынан ұлғаюы шарты бойынша меншікті
қаражаттар көзі капиталымен түсіндірді. Сонымен қатар ол кәсіпорын
активтерінде меншікті және қарыз капиталының қатынасымен, меншікті
қаражаттардың жинақталу қарқынымен, ұзақмерзімді және қысқамерзімді
қаражаттар қатынасымен, материалдық айналым капиталының меншікті көздерден
жеткілікті қамтамасыз етілуімен бағаланды.
Қаржылық тұрақтылық─ бір қалыпты төлемқабілеттілігін қамтамасыз ететін
кәсіпорын шоттарының белгілі бір жағдайы. Қандай да бір шаруашылық әрекетті
жасау нәтижесінде қаржылық жағдай не төмендеп, не жоғарлап, өзгеріссіз
қалмайды. Күн сайын жасалатын шаруашылық операциялар ағымы қаржылық
тұрақтылық жағдайының бір күйден екінші күйге өтуіне негізгі себепкер
болады. Негізгі қорларға және өндіріс шығыстарына капитал салымдарын өтеу
үшін қаражаттар көздерінің өзгеріс шегін білу кәсіпорынның қаржылық
жағдайын жақсартуға және қаржылық тұрақтылықты жоғарлатуға әкелетін
шаруашылық операциялар ағымының қозғалысына мүмкіндік береді. Қаржылық
тұрақтылықты зерттеу барысында алдағысынан ерекшеленетін
төлемқабілеттіліктің жекеленген түсінігі бөлініп шығарылады. Көріп
отырғандай, төлемқабілеттілік қаржылық тұрақтылықтың ажырамас бөлігі болып
табылады. Қаржылық жағдайдың тұрақтылығы кәсіпорынның өндірістік,
коммерциялық, қаржылық-инвестициялық қызметтерінің нәтижелеріне тәуелді
болады, ал қаржылық жағдайдың тұрақтылығы оның қызметіне әсерін тигізеді.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын қорлар мен олардың құнының
меншікті және қарыздық қалыптастыру көздерінің көрсеткіштері анықтайды.
Қорлар мен шығындардың қалыптасу көздермен қамтамасыз етілуі, соныменен
қаржылық ресурстардың тиімді пайдаланылуы қаржылық тұрақтылықтың мағызды
сипаттамасы, ал төлемқабілеттілік оның сыртқы көрінісі болып табылады.
Сонымен қатар қорлар мен шығыстардың қамтамасыз етілу деңгейі нақты
күнтізбелік күнге есептелетін төлемқабілеттілік деңгейінің қандай да бір
себебі болады. Яғни төлемқыбілеттілік қаржылық тұрақтылық көрінісінің бір
түрі бола алады 8, 254-256 б.
Қаржылық тұрақтылық кәсіпорынның қаржылық жағдайын нақты бағалайтын
мақсатты ерекшелігі болып табылады, ал ішкі шаруашылық мүмкіндіктерді,
қаражаттарды және оларды тұрақтандыру жолдарын іздестіру экономикалық
талдаудың жүргізілуі мен мазмұнының ерекшелігін анықтайды. Соныменен,
қаржылық тұрақтылық─ қаржылық ресурстардың тиімді қалыптастырылуы, бөлінуі
мен пайдаланылуы бойынша қызметінің нәтижесінде кәсіпорынның кепілді
төлемқабілеттілігі мен несиеқабілеттілігі. Сонымен қатар ол─ қорлардың
меншікті қалыптасу көздерімен қамтамасыз етілуі, және кәсіпорын активтерін
өтеу көздері болып табылатын меншікті және қарыз қаражаттарының қатынасы.
Жалпы жағдайда, кәсіпорын қаржылық тұрақтылығы дегеніміз кәсіпорынды
кездейсоқтықтан және кенеттен болатын өзгерістерден сақтап тұратын белгілі
бір беріктік қорлардың болу нәтижесі.
Кәсіпорынның шаруашылық жағдайы, оның тұрақтылығы мен қалыпты қызметі
оның өндірістік, коммерциялық, қаржылық қызметінің нәтижелеріне тәуелді
болады. Егер кәсіпорынның өндірістік және қаржылық жоспары ойдағыдай
орындалса, онда ол оның қаржылық жағдайына жағымды әсер етеді. Және,
керісінше, өндіріс пен өнімді өткізу бойынша жоспардың соңына дейін
орындалмауы нәтижесінде өнімнің өзіндік құнының ұлғаюы, табыс пен пайда
соммасының төмендеуі және олардың салдары ретінде кәсіпорынның қаржылық
жағдайы мен оның төлемқабілеттілігінің нашарлауы 9, 89 б. Сондықтан
тұрақты шаруашылық жағдай кездейсоқтан пайда болмайды, ол кәсіпорынның
шаруашылық қызметінің нәтижелерін анықтайтын барлық факторлар кешенін
тиімді басқару арқылы жүзеге асады.
Өз кезегінде, тұрақты шаруашылық жағдай өндірістік жоспарлардың орындалуы
мен өндірістің қажетті ресурстармен қамтамасыз етілуіне жағымды әсерін
тигізеді. Сондықтан шаруашылық қызметтің құрамдас бөлігі ретінде қаржылық
қызметтің ақшалай ресурстарының жоспарлы келіп түсуі мен шығындалуынның
қамтамасыз етілуіне, сандық және сапалық есептің орындалуына, меншікті және
қарыз капиталдарының рационалды үлестеріне қол жеткізуге және олардық
тиімді қолданылуына бағытталуы қажет.
Кәсіпорынның қаржылық жағдай түсінігі кәсіпорынның өз қызметін
қаржыландыра алу қабілетін білдіреді. Ол кәсіпорынның қалыпты қызметіне
қажетті қаржылық ресурстармен қамтамасыз етілеуін, оларды орналастырудың
мақсаттылығы мен пайдаланылуының тиімділігін, басқа да жеке және заңды
тұлғалармен қаржалақ қарым-қатынасын, төлемқабілеттілігі мен қаржылық
тұрақтылығын ерекшелейді.
Қаржылық тұрақтылықты бағалау талдаудың сыртқы субъектілеріне (ең алдымен
келісім қатынастары бойынша серіктестерге) капитал құрылымына, кредиторлар
және инвесторлармен қатынас деңгейіне, қаржыландырудың сыртқы көздерін
тарту мен қызмет көрсетуге байланысты, алдағы кезеңге кәсіпорынның қаржылық
мүмкіндіктерін анықтауға мүмкіндік береді. Мемлекеттің экономикалық
секторының өкілдерін қоса, кәсіпорындардың басшылары белгілі бір қызметке
меншікті капиталының едәуір аз бөлігін салуға және қарызға алынған
қаражаттар негізінде қаржыландыруды қалайды. Бірақ, егер меншікті капитал-
қарыз капитал құрлымы қарыз жағына қарай ұлғайса, қолайсыз бір уақытта
бірнеше кредитор өз қаражаттарын өтеуді талап етсе, кәсіпорын банкроттыққа
ұшырауы мүмкін. Сондықтан баланстің өтімділік деңгейін, айналыс
қаражаттарын, ұйым төлемқабілеттілігін анықтаумен байланысты қысқамерзімді
жоспарда қаржылық тұрақтылықты бағалау маңызды болып табылады 10, 197 б.
Шаруашылық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін кәсіпорынның икемді капитал
құрлымы болуы қажет, ұдайыөндірістің үздіксіздігіне қолайлы жағдай туғызу
және өзінің төлемқабілеттілігін сақтау мақсатымен табыстардың шығыстардан
жоғары болуын әрдайым қамтамасыз ете алатындай етіп өз қызметін ұйымдастыра
ала білу қажет 11, 75 б.
Нарықтық жағдайда кәсіпорынның қалыпты қызметін қамтамасыз ету үшін,
басқарма персоналына, шаруашылық субъектісінің дамуы мен қаржылық
тұрақтылығына мүмкіндік туғыза отырып, қаржылық қамтамасыз ету тұрғысынан
оның дамуының маңызды әрі мақсатқа сәйкес қарқынын бағалау қажет.
Коммерциялық қатынастар дамуының тұрақтылығын анықтау тек коммерциялық
ұйымға ғана емес, соныменен өзінің тапсырысшылары мен клиентіне деген
қаржылық сенімділігі мен тұрақтылығын анықтау үшін сәйкесінше ақпаратты алу
қажеттілігі бар серіктестер де қызығушылығын білдіреді 12, 161 б.
Сондықтан нақты ұйымның тұрақтылығын зерттеу мен бағалау саласында күнен
күнге контрагенттердің саны өсе бастады.
Кәсіпорын қаржылық ресурстардың икемді құрылымына ие және керекті
жағдайда қарыз қаражаттарын мүмкіндігінше тартуы қажет. Сондықтан
кәсіпорынның потенциалды тұрақтылығының көрінісі оның несиқабілеттілігі,
яғни несиенің қайтарылуына байланысты өзінің міндеттемелерін уақытылы және
толығымен өтеу мүмкіндігі болып табылады 13, 14-15 б. Несиеқабілетті
кәсіпорын деп несиені алу үшін барлық алғышарттар мен мүмкіндіктерге, және
тиісті пайыздарын төлеумен бірге уақытылы қайтару мүмкіндігіне ие ұйымды
атайды. Ол кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығымен тығыз байланысты және
несиені өтеу үшін қажетті жағдайда әртүрлі көздерден қаражаттарды жинақтау
қабілетін көрсетеді. Несиеқабілеттілікті бағалау алдағы кезеңдегі
төлемқабілеттілікті болжауға мүмкіндік береді, және оны талдау
төлемқабілеттілікті, қаржылық тұрақтылықты, капитал табыстылығын талдаумен
байланысты. Несиені қайтарудың белгілі бір кепілі болып кәсіпорынның
тұрақты қызметі, рентабельділігі мен айналым капиталы айналымының жоғарғы
деңгейі табылады.
Қаржылық тұрақтылық бір мезгілде кәсіпорынның қаржылық тепе-теңдігін
сақтауына да, инвесторлар мен кредиторлардың тәуекелдерден аман болуына
бағытталады. Оны баланс активінде көрсетілген мүлікті қалыптастыруға
пайдаланылатын меншікті капитал мен қарыз капиталының қатынасымен
анықталатын көрсеткіштермен өлшеу маңызды. Соныменен, қаржылық тұрақтылық,
қаржылық тұрақтылықтың жалпы ерекшелігін көрсететін және негізін
толықтыруды талап ететін, меншікті капитал мен қарыз капиталы және
кәсіпорын активтерінің қатынасымен сипатталады. Қаржылық тұрақтылық
түсінігін толық ашу үшін қосымша көрсеткіштер мен сипаттамаларды пайдалану
қажет. Қалыптасқан пікір бойынша 14, 50 б, қаржылық тұрақтылық─
төлемқабілеттілікті сақтаумен байланысты пайда мен капиталдың ұлғаюы
мақсатында ұйымның үдемелі дамуын қамтамасыз ететін ресурстардың бөлінуі
мен пайдаланылуы барысында кәсіпорынның экономикалық және қаржылық жағдайы.
Қаржылық жағдайдың тұрақтылығы кәсіпорынның барлық қызметі үрдісінде
қалыптастырылады. Бірақ партнерлер мен акционерлер осы үрдіске емес, одан
алынған нәтижеге, яғни қаржылық тұрақтылық көрсеткіштеріне қызығушылық
білдіреді. Әрбір пайдаланушы адам қаржылық қызметті және онымен байланысты
тұрақтылықты өзіне қажетті бағыт бойынша талдайды: сыртқы контрагенттерге
(нәтиже ретінде) қаржылық тұрақтылыққа, ал ішкі пайдаланушылар (нәтиже мен
үрдісіті үйлестіретін мәселені қосатын) қаржылық жағдайыдың тұрақтылығына
көңіл қояды.
Ұзақ мерзімде кезеңде кәсіпорын қаржылық тұрақтылығының негізгі
көрсеткіштерінің бірі таза (бөлінбеген) табыс болып табылады. Табыс─ дамуын
қамтамасыз ететін, кәсіпорын қаржылық ресурстарының негізгі ішкі
қалыптастыру көзі 15, 69-70 б. Қызметінің үрдісінде кәсіпорын пайдасы
қозғалысының деңгейі неғұрлым жоғары болса, соғұрлым сыртқы көздерден қаржы-
қаражатты тарту қажеттілігі төмен болады, және басқа шартардың теңдігі
жағдайында, соғұрлым даму тұрақтылық және нарықтағы кәсіпорынның
бәсекеқабілеттілік деңгейі жоғары болады. Табыс кәсіпорынды банкроттық
қаупінен қорғайтын, негізгі сақтаушы механизм болып табылады. Бірақ ондай
қауіп табысты қызмет жағдайында да (қарыз капиталының негіссіз жоғары
бөлігін пайдаланғанда, активтер өтімділігін жеткіліксіз тиімді басқарғанда)
болуы мүмкін, бірақ басқа шартардың теңдігі жағдайында, табыстың жоғары
потенциалды қозғалысы кезінде кәсіпорын дағдарыстық жағдайдан шығуы
тиімдіреке шығуы мүмкін. Алынған табыстық капитализациясы есебінен жоғары
өтіміді активтердің үлесі (төлемқабілеттіліктің қалпына келуі),
қолданылатын қарыз қаражаттар көлемінің сәйксінше төмендетілеу тұсында
меншікті капитал үлесі (қаржылық тұрақтылық жоғарлайды) тез өседі. Қаржылық
тұрақтылықты қолдау үшін табыстың өсуі ғана емес, оның кәсіпорынның
салынған капиталы мен шығыстарына қатысты деңгейнің, яғни
рентабелділігінің ұлғаюы да қажет. Жоғары табыстылық жоғары қауіпті
тәукелдермен байланысты болып келеді, ал бұл кәсіпорынның табысты алудың
орнына, шығысқа ұшырауы және төлемқабілеттісіз болуын білдіреді. Сондықтан
табысқа жету үшін кәсіпорын негізгі мәселені шешуі қажет: ақша-
қаражаттардың жеткілікті деңгейі мен жоғары төлемқабілеттілікті динамикалық
дамумен үйлестіретін рентабельділік пен өтімділік. Негізгі мәселені шешу
қажет─ айналым өсімінің шамамен қарқынын анықтау, яғни өзін-өзі
қаржыландыру мен сырттан алуды үйлестіру есебінен сату айналымын өсіру.
Кәсіпорынның уақытылы төлемдерін жасау, кең дәрежеде өз қызметін
қаржыландыру, қолайсыз жағдайда өз төлемқабілеттілігін ұстап тұру қабілеті
оның қаржылық жағдайының тұрақтылығын білдіреді.
Кәсіпорынның шаруашылық жағдайынның тұрақтылығын бағалау үшін
кәсіпорын активтерінің құрылымы;
кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы;
кәсіпорынның төлемқабілеттілігі;
қаржылық тұрақтылығының қоры өзгерістерін ерекшелеп көрсететін көрсеткіштер
жүйесі қолданылады 14, 37 б.
Бұл көрсеткіштер осы кәсіпорынмен экономикалық қатынастармен байланысқан
субъектілер кәсіпорын серік ретінде сенімді ме деген сұраққа жауап бере
және олармен қатынастар жалғасының экономикалық тиімділігі туралы шешімді
қабылдай алатындай болуы қажет. Инфляция жағдайында баланстың абсолютті
көрсеткіштерін тәжірибе жүзінде салыстыру мүмкін емес болғандықтын,
кәсіпорынның қаржылық-экономикалық жағдайын талдау салыстырмалы
көрсеткіштерге негізделеді. Салыстырмалы көрсеткіштерді
тәуекелділік деңгейін бағалау мен банкроттылық мүмкіндігін болжау үшін
жалпы пайдаланылатын нормалармен;
кәсіпорынның күшті және әлсіз жақтарын және оның мүмкіндіктерін анықтау
үшін басқа кәсіпорындардың ұқсас көрсеткіштерімен;
Кәсіпорынның қаржылық жағдайының жоғарғы және төменгі деңгейлер
тенденциясын зерттеу үшін өткен жылдың ұқсас көрсеткіштерімен салыстыруға
болады 16, 122 б.
Қаржылық жағдайды талдаумен тек кәсіпорын басшылары мен қызметкерлер ғана
емес, соныменен ресурстарды қолдану тиімділігін зерттеу мақсатында
құрылтайшылар, инвесторлар, несиелендіру жағдайын бағалау мен

органдары және тағы басқалары айналысады. Осымен байланысты талдау сыртқы
және ішкі болып ажыратылады.
Тұрақты қаржылық жағдай кәсіпорынның барлық өндірістік-шаруашылық
қызметінің үрдісі барысында қалыптасады. Белгілі бір уақытқа оны анықтау
есепті кезең барысында кәсіпорын қаржылық ресурстарды қалай басқарған деген
сұраққа жауап береді. Қазіргі таңда кәсіпорында орын алған жағдайды бағалау
ғана емес, ол үшін арнайы көрсеткіштер қолданылады, сонымен бірге қаржылық
жағдайды жоғарлату жолдарын табу қажет.
Дәстүрлі негізде қаржылық тұрақтылықты бағалау келесі бағыттар бойынша
жүзеге асырылады:
мүліктік жағдайды, олардың қалыптасу көздерінің динамикасы мен құрлымын
талдау;
өтімділік
төлемқабілеттілікті талдау;
іскерлік белсенділікті талдау;
қаржылық тұрақтылық коэффиценттерін талдау 17, 221 б.
Қаржылық тұрақтылықты талдау қаржылық жағдайды талдаудың бір бөлігі ғана
емес, сонымен кәсіпорынның мүліктік жағдайы, өтімділігі,
төлемқабілеттілігі, несиеқабілеттілігі, рентабелділігі мәселелерін
анықтайды. Қаржылық тұрақтылықты талдау орын алған кемшіліктерді анықтауға
және оларды жою жолдарын көздеуге мүмкіндік береді.
Кәсіпорын қызметінің қаржылық тұрақтылығын талдау үшін негізгі ақпарат
көздері болып бухгалтерлік баланс, табыстар мен шығыстар, капитал қозғалысы
туралы, ақшалай-қаражаттар қозғалысы туралы және тағы басқа есеп түрлері,
баланстың жеке баптарын нақты анықтайтын бастапқы және аналитикалық
бухгалтерлік есеп мәліметтері табылады.
Кәсіпорын қызметінің шаруашылық тұрақтылығын талдау үшін негізгі ақпарат
көздері кәсіпорын балансы болып табылады.
Кәсіпорын балансы─ салыстыру негізінде табыстар мен шығыстарды
бейнелейтін көрсеткіштер жүйесі. Бухгалтерлік баланс─ күйі, орналастырылуы,
пайдаланылуы, пайда болу көздері бойынша кәсіпорын қаражаттарын ақшалай
формада көрсететін жинтық ведомость. Ол актив пен пассивтен құралады.
Есепке алынатынның барлығы екі жақтан қарастырылады:
есептің берілген объектісі қандай;
қандай көздерден алынған 18, 125 б.
Кәсіпорын қызметінің қаржылық тұрақтылығын талдау─ соңғы уақыт аралығында
кәсіпорын қызметін талдау нәтижесінде оның қызметінің жағдайын анықтауға
мүмкіндік беретін әдістер жиынтығы 19, 149 б. Бұл кәсіпорынды талдау
мақсаты─оның қаржылық және шаруашылық жағдайы, төлемқабілеттілігі мен
табыстылығы туралы ақпарат алу 17, 278 б.
Жоғарыда айтылып өткендей, кәсіпорын қызметінің шаруашылық тұрақтылығын
бағалау келесі тұлғаларға қажет болады:
бағалы қағаздар портфелі бойынша шешімдерді қабылдайтын инвесторлар;
төлейтініне күмәні болмау үшін кредиторларға;
өз клиенттерінің қаржылық айла-әрекеттерін анықтау үшін аудиторларға;
өз фирмасының қызметі мен қаржылық жағдайын нақты бағалау үшін қаржылық
басшылырға;
нарықта тауарларды өткізу стратегиясын жасайтын маркетинг бөлімінің
басшысына 17, 201 б.
Кәсіпорын қызметінің шаруашылық тұрақтылығын талдау көздері─ есеп түрлері
мен оған қосымшалар, соныменен егер талдау кәсіпорын ішінде жүргізілсе,
есеп мәліметтері. Нәтижесінде, кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау оның
басшыларына нақты фирманың жағдайы туралы бейнені көрсетуі қажет, ал осы
кәсіпорында тікелей қызмет етпейтін, бірақ оның қаржылық жағдайына
қызығушылық білдіретін тұлғаларға, мысалы, кәсіпорынға салынған толықтырушы
инвестициялардың рационалды пайдаланылуы туралы алаламаушылық ой туғызу
үшін қажетті және тағы басқа мәліметтер керек 20, 172 б.
Сонымен, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы дегеніміз қаржыландыру
көздерінің құрамында меншікті капиталдың жеткілікті үлесімен қамтамасыз
етілетін кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығы немесе кәсіпорынды

бір беріктік қорлардың болу нәтижесі. Жоғарыда айтылып өткендей,
кәсіпорынның қалыпты қаржылық тұрақтылығына тек кәсіпорын құрылтайшылары
мен басшылары ғана емес, сонымен бірге несие беруші нарық контрагенттері,
жабдықтаушылар, бұл кәсіпорынмен тікелей байланысты клиенттер, потенциалды
инвесторлар және тағы басқа нарық қатысушылары өз қызуғышылығын білдіреді.
Сондықтан әрбір кәсіпорын өзінің инвестициялық тартымдылығын сақтап қалу
үшін, нарықтағы орнын бекіту үшін, яғни қаржылық тұрақтылығын сақтап тұру
үшін өзінің шаруашылық-қаржылық қызметінің нәтижелеріне талдау жасау қажет,
оның арқасында қаржылық қызметіндегі кемшіліктер мен артықшылықтар
анықталады, жақын арадағы қаржылық көрсеткіштерді болжауғы болады, әсіресе
кемшіліктерден арылу жолдары ізделінеді. Кәсіпорын осы талдау арқылы
нарықтағы шаруашылық-қаржылық потенциалын нақты анықтамаса, қаржылық
тұрақтылығын жоғалту мүмкіндігіне тап болады. Қаржылық тұрақтылықты
жоғалту, егер кәсіпорын тұрақтылығының қалпына келтірілуі бойынша жедел әрі
тиімді шаралар қолданылмаса, алдағы кезеңде берілген кәсіпорын банкроттыққа
тап болады (немесе таратылуы мүмкін) дегенді білдіреді.
1.2 Қаржылық тұрақтылық түрлері және қаржылық жағдайлары
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын тереңірек зерттеу үшін оның түрлерін
қарыстырып өту қажет.
Тұрақтылыққа әсер ететін факторлардың көптілігі, оны сыртқы және ішкі
болып екіге бөледі, ал оның салдарының көптілігі тұрақтылықтың әртүрлі
жақтарын көрсетеді.
Тұрақтылықтың әрбір түрінің мазмұнын жеке-жеке сурет 1 бойынша
қарастырайық:
ішкі тұрақтылық─ қызмет етудің жоғары нәтижелігін қамтамасыз ететін ұйым
жағдайы, яғни өндіріс құрылымы мен қызмет көрсету жағдайы және олардың
динамикасы немесе кәсіпорын қызметінің тұрықты жоғары табыстылығын
қамтамасыз ететін ұйымның жалпы қаржылық жағдайы. Оған жету негізінде
шаруашылық орта өзгерісінен белсенді әсер ету жатыр;
сыртқы тұрақтылық─ мемлекет шегінде сәйкесінше басқару жүйесімен жүзеге
асырылатын, ұйым әрекет ететін экономикалық орта тұрақтылығын білдіреді;
мұраланған тұрақтылық─ кездейсоқтықтан және сыртқы жағымсыз, тұрақсыз
факторлардың шұғыл өзгерісінен сақтап тұратын, бірнеше жылдар аралығында
қалыптасқан ұйымның қаржылық тұрақтылығының белгілі бір қорларының болуының
нәтижесі;
Сурет 1. Коммерциялық ұйымдар тұрақтылығының түрлері
жалпы тұрақтылық─ инвестициялық жобалардың тиімділігін; материалдық-
техникалық қамтамасыз етілу дәрежесін, өндіріс, еңбек, басқаруды
ұйымдастыру деңгейін көрсетеді; пайда алуды қамтамасыз ететін және
өндірісті тиімді дамытуға мүмкіндік беретін ақша ағымының қозғалысын
болжайды;
қаржылық тұрақтылық─ табыстың шығыстан тұрақты жоғарлауын және ұйымның ақша-
қаражаттарын еркін қолданылуын қамтамасыз ететін, оларды тиімді қолдану
арқылы өндіріс пен өткізу, кеңею мен жаңарудың үздіксіз үрдісіне мүмкіндік
беретін ресурстардың жағдайын бейнелейді. Ол меншікті және қарыз
капиталының қатынасын, ағымдық, инвестициялық және қаржылық қызмет
нәтижесінде меншікті капиталдың жинақталу қарқынын, ұйымның мобилді және
иммобилді қаражаттарының қатынасын, меншікті көздермен қорлардың жеткілікті
қамтамасыз етілуін көрсетеді. Қаржылық тұрақтылық─ шығыстардан табыстардың
тұрақты жоғарлауының ерекше индикаторы болғандықтан, бұл ұйымның жалпы
тұрақтылығының басты құраушысы. Оның шегін анықтау нарықтық экономика
жағдайында экономикалық мәселелердің негізгісіне жатқызылады, себебі
жеткіліксіз қаржылық тұрақтылық ұйымның төлемқабілетсіздігін білдіреді, ал
артығы шығыстарға бос қорлар салмақ түсіретіндей етіп дамуға кедергі
болады. Сондықтан, қаржылық тұрақтылық, бір жағынан, нарық талаптарына
сәйкес келетін, екінші жағынан, ұйым дамуының қажеттіліктеріне сәйкес
келетін қаржылық ресурстардың жағдайымен анықталуы қажет. Сонымен қаржылық
тұрақтылықтың мәні қаржылық ресурстардың тиімді қалыптасуы, бөлінуі,
пайдаланылуымен анықталады, ал оның бейнелену түрлері әртүрлі болуы мүмкін
12, 16-19 б.
Қалыптасқан жағдайларда қаржылық тұрақтылықтың құрылымын төмендегідей
көрсету қажет:
ағымдық─ нақты уақыт мерзімінде;
потенциалды─ өзгерістермен тікелей байланысқан және өзгергіш сыртқы ортаны
есепке алғанда;
формалді─ сырттан мемлекетпен жасалатын және қолдау алатын;
нақты─ бәсекелестік жағдайында және кеңейтілген өндірістің жүзеге асырылу
мүмкіндігін есепке алғанда. Айтылып өткен қаржылық тұрақтылықтың құрлымын
сурет 2 арқылы қарастырамыз 7, 89 б.
Сурет 2. Коммерциялық ұйымдардың қаржылық тұрақтылық түрлері
Тұрақтылық дәрежесіне байланысты қаржылық жағдайдың 4 түрін ажыратуға
болады:
Қаржылық жағдайдың абсолютті тұрақтылығы, егер
S={1,1,1}, (1)
Берілген үшкомпонентті көрсеткіштің (1) құрамы келесідей анықталады:
меншікті айналым капиталының артықшылығы {1};
меншікті және ұзақ мерзімді қаражат көздерінің артықшылығы {1};
қорлар мен шығындар негізгі қалыптасу көздерінің жалпы мөлшерінің
артықшылығы {1} 21, 117 б.
Абсолютті қаржылық тұрақтылық кезінде кәсіпорын сырты карызгерлерден
тәуелсіз болады, қорлар мен шығындар толығымен меншікті ресурстармен
өтеледі. Қазақстанда осындай қаржылық тұрақтылық түрі сирек кездеседі.
Төлемқабілеттілігін қамтамасыз ететін кәсіпорын қаржылық жағдайының қалыпты
тұрақтылығы, егер
S={0,1,1}, (2)
Берілген үшкомпонентті көрсеткіштің (2) құрамы келесідей анықталады:
меншікті айналым капиталының жетіспеушілігі {0};

Бұл қатынас кәсіпорын қаржылық ресурстардың барлық көздерін қолданатынын
және қорлар мен шығындарды толық өтейтінін білдіреді. Яғни кәсіпорынның
қалыпты қаржылық жағдайы ақша-қаражат түсімдерінің мерзімдері мен көлемі
міндеттемелердің көлемі мен өтеу мерзімдерімен сәйкес келгендегі
төлемқабілеттіліктің ең жоғарғы дәрежесін көрсетеді.
Төлемқабілеттіліктің нашарлауы, бірақ меншікті қаражаттар көздерінің
толықтырылуы, дебиторлық қарыздың қысқаруы мен қорлар айналымының
жеделдетілуі есебінен тепе-теңдікті қалпына келтіру мүмкіндігі сақталатын
тұрақсыз қаржылық жағдай, яғни
S={0,0,1}, (3)
Берілген үшкомпонентті көрсеткіштің (3) құрамы келесідей анықталады:

меншікті және ұзақ мерзімді қаражат көздерінің жетіспеушілігі {0};

Қаржылық тұрақсыздықтың шегі болып кәсіпорынның дағдарыстық жағдайы
табылады. Бұл қорлар мен шығындарды (олардың құрамына айналымнан тыс
активтер, мерзімі өткен қарыздар және т.б. жатқызылады) өтейтін қалыпты
көздердің жеткіліксіздігімен бірге кәсіпорында шығындар, өтелмеген
міндеттемелер, үмітсіз дебиторлық қарыздар бар екенін білдіреді.
Шеремет А.Д. мен Сайфулин Р.С. профессорлардың айтуы бойынша 22,
275 б, егер шығындар мен қорлардың қалыптасуы үшін тартылатын
қысқамерзімді несиелер мен қарыз қаражаттарының мөлшері өндірістік қорлар
мен дайын өнім (қорлар мен шығындардың өтімдірек бөлігі) соммаларының
құнынан аспайтын болса, қаржылық тұрақсыздық қалыпты (мүмкін болатын) болып
саналады.
Егер аталып өткен шарттар орындалмаса, онда қаржылық тұрақсыздық қалыпты
емес және қаржылық жағдайдың айқын төмендеу тенденциясын көрсетеді.
Дағдарыстық қаржылық жағдай, бұл жағдайда кәсіпорын банкроттыққа ұшырауы
мүмкін, себебі берілген жағдайда ақшалай-қаражаттар, қысқамерзімді қаржылық
салымдар (акционерлерден сатып алынған меншікті акциялардың құнын алып
тастағанда), ұйымның дебиторлық қарызы (жарғылық қорға жарналары бойынша
құрылтайшылардың (қатысушылардың) қарыздарын алып тастағанды) және тағы
басқа айналым активтері кредиторлық қарызын ( алдағы кезеңдегі шығыстар мен
төлемдерді қоса) және басқа да қысқамерзімді пассивтерді өтемейді, яғни
S={0,0,0}, (4)

жетіспеушілігі {0} 21, 117 б.
Дағдарыстық және тұрақсыз қаржылық жағдайында тұрақтылық қорлар мен
шығындар деңгейінің негізді төмендетілуі арқылы қалпына келтіріледі.
Қаржылық тұрақтылықтың жағымды факторы қорлардың қалыптасу көздерінің бар
болуы, жағымсыз факторы қорлардың көлемі болып табылғандықтан, тұрақсыз
және дағдарысты қаржылық жағдайдан шығу жолдарының негізгісі мыналар
болады: қорлардың қалыптасу көздерін толықтыру мен олардың құрылымын
ынталандыру және қорлар деңгейінің негізді төмендетілуі.
Қорларды қалыптастыру көздерін толықтырудың анағұрлым тәуекелсіз әдісі
айналымнан тыс активтерге салынбаған қорлар бөлігінің өсімі жағдайында
қорлану қорына салық салудан кейін пайданы бөлу есебінен немесе пайданы
қайта бөлу есебінен нақты меншікті капиталды ұлғайту болып табылады. Қорлар
қалдығын жоспарлау, соныменен пайдаланылмаған тауарлы-материалдық қорларды
жүзеге асыру нәтижесінде қорлар деңгейінің төмендеуі орын алады. Қорлар
жағдайын терең талдау қаржылық жағдайдың ішкі талдаудың құрылымдық бөлімі
ретінде болады, себебі бухгалтерлік есепте жоқ және аналитикалық есептің
мәліметтерін қажет ететін қорлар туралы ақпаратты қолдануды көздейді.
Сонымен, тұрақтылық түсінігін зерттей келе, оның жалпы түрлері анықталды,
соның ішінде ішкі, сыртқы, мұраланған, жалпы және қаржылық тұрлерін бөліп
көрсетуге болады. Бірақ зерттеліп отырған тақырыпқа жақын кәсіпорынның
қаржылық тұрақтылығы едәуір маңыздылыққа ие болғандықтан, оның жалпы
құрлымы да нақтылап анықталды. Оның құрылымы кәсіпорын қаржылық
тұрақтылығын ағымдық, потенциалды, формальды, нақты етіп төртке бөледі.
Сонымен бірге қаржылық жағдайлардың тұрақтылық дәрежесіне байланысты төр
түрі, яғни абсолютті тұрақты, қалыпты, тұрақсыз және дағдарыстық жағдайлары
анықталды.
1.3 Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына
әсер етуші факторларды анықтау
Кәсіпорын нарықтық экономикада табыстылық қағидасы немесе экономикалық
төлемқабілетсіздік қағидасы бойынша қызмет етеді. Соңғы нәтижеден аулақ
болу үшін және кәсіпорынның табысты дамуын қамтамасыз ету үшін қаржылық
жағдайдың тұрақтылығы деген шектен өту қажет. Тұрақтылықтың қалыптасуы мен
сақталу үрдісіне әртүрлі ерекшелігі бар және әсер ету дәрежесі түрлі
көптеген факторлар әсерін тигізеді. Оларды зерттеу тиімді қызмет ететін
кәсіпорынның қалыптасуы үшін қажетті шарт болып табылады.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына әсер ететін факторлар келесідей
сыныпталады:
пайда болу орны бойынша─ сыртқы және ішкі;
нәтиженің маңыздылығы бойынша─ негізгі және қосымша;
құрылымы бойынша─ жай және күрделі;
әсер ету уақыты бойынша─ тұрақты және уақытша 23, 151 б.
Әрбір ұйымның қаржылық қызметі көптеген және әртүрлі факторлардан тәуелді
бір-бірімен байланысқан үрдістер кешені болып табылады. Көптеген фирмалар
шарықтау шегіне жетіп, құлдырау кезеңдерінен өтеді, олардың көбіне
банкроттық қаупі төнеді немесе банкрот болады.
Кәсіпорын банкроттылығы жағымсыз факторлардың ішкі және сыртқы
әсерлерінен болатын нәтиже. Сәтсіздіктердің себептері мен салдары әртүрлі
болады. Тұрақты саяси және экономикалық жүйесі бар дамыған мемлекеттерде
кәсіпорынның қаржылық жағдайына жоғары дәрежеде ішкі факторлар әсер етеді.
Кәсіпорынның технологиялық, экономикалық және әлеуметтік факторлар
өзгерісіне бейімделу қабілеті тек оның тұрақтануы емес, сонымен бірге даму
кепілі болып табылады.
Кәсіпорын қызметінің дамуы мен құлдырауы оған қатысты сыртқы болып
табылатын факторлар тізбегінің әсерінен болуы мүмкін. Ұйымның жағымсыз
жағдайының себебі, ең алдымен, жүйелік макроэкономикалық себептерге
байланысты болады, әсіресе тұрақсыз экономика жағдайында. Ұйымның қаржылық
тұрақтылығын қалыптастыратын сыртқы факторларды зерттеу барысында келесідей
негізгі ерекшеліктерді бөліп қарастыру қажет:
сыртқы факторлардың бір-бірімен және ішкі факторлармен тікелей байланысы;
сыртқы факторлардың күрделілігі немесе оларды сандық бейнелеудің мүмкін
еместігі;
Нақты фактордың әсер етуі бойынша кәсіпорында бар ақпаратқа деген
сенімділік пен сандық функция болып табылатын белгісіздік; сондықтан
неғұрлым сыртқы ортаның белгісіздігі жоғары болған сайын, соғұрлым сыртқы
ортаның қайсібір факторы қандай салдарға және қандай дәрежеге әкелетінін
анықтау қиынға түседі 4, 8-11 б.
Кәсіпорын қаржылық жағдайына әсер ететін факторларды қосымша А бойынша
сипаттауға болады.
Кәсіпорын қызметіне әсерін тигізетін сыртқы факторлар келесі түрде
бөлінеді 24, 94-100 б:
сатып алу құрылымы мен көлеміне және халықтың төлемқабілетті сұранысына
әсерін тигізетін мемлекеттегі демографиялық жағдай;
халықтың табыстар қорлар деңгейін, сонымен қатар төлемқабілеттілігін
анықтайтын мемлекет экономикасының жағдайы;
ұлттық экономиканың дамуна кері әсерін тигізетін және жалпыэкономикалық
құлдырауды туғызатын бүкіл әлем мен мемлекет шекарасындағы инфляцияның
жоғарғы деңгейі;
шаруашылық заңнама тетіктері арқылы жүзеге асатын саяси тұрақтылық және
ішкі саясаттың бағыттылығы;
тауар өндірісі процесінің барлық құраушылары және оның
бәсекеқабілеттілігімен тікелей байланысты ғылым мен техника деңгейі;
сатып алу нормалары мен әдеттеріне, тауарды таңдаудағы талғамға әсерін
тигізетін халықтың мәдениеттілік деңгейі мен ұлттық дәстүрлер;
бизнес бойынша серіктестердің қаржылық жағдайы, әсіресе дебиторлардың;
шетел серіктестері болған кездегі кәсіпорын қаржылық жағдайына әсірін
тигізетін халықаралық жағдай (соғыстар, төңкерістер және т.б.).
Аталып өткен сыртқы факторлардың кейбіреулеріне сипаттама беріп өтуге
болады.
Жалпы экономикалық факторға нарықтың көлемі мен олардың даму деңгейі,
халық табыстарының көлемі мен бөлінуі, төлемқабілетті сұраныстың деңгейі
мен салалардағы бәсекелестіктің қарқындылығы, валюталық тәукелді
төмендететін және көлемді ұзақ мерзімді жобаларды мүмкін ететін ұлттық
валютаның тұрақтылығы, халықтағы жинақтар мен олардың ұлттық экономикаға
салу дайындығы, экономиканың нақты секторы үшін несилерге қол жетерлік,
негізгі қорлардың жағдай мен салалық бизнестің ішкі және сыртқы
бөгеулеріне, іскерлік тәуекелге, нәтижесінде экономика мен саладағы
іскерлік белсенділікке әсер ететін басқа да факторлар жатқызылады.
Саяси тұрақтылық және ішкі саясаттың бағыттылық факторының маңыздылығы
жоғары. Бұл фактор келесі сапалық көрсеткіштерді қалыптастырады:
мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке қатынасы;
экономиканы мемлекеттік реттеу қағидалары;
мүліктік қатынастар, оларды жекешелендіру немесе ұлттандыру;
тұтынушыны және кәсіпкерді қорғау шаралары.
Саяси және құқықтық факторлар мемлекет пен бизнес-қоғамының арасындағы
тұрақтылықты, мелекеттік басқару механизмдерін және қоғамға қажетті
шешімдер қабылдау процедураларын, меншік қатынастарының дамуын,
мемлекеттегі азаматтық құқықтың дамуын және құқықты қабылдауын, шаруашылық
субъектілерінің бір-бірімен қатынас механизмін және тағы басқаны анықтайды.
Осының барлығы шаруашылық қызметтің құқықытық ортасының сенімділігін ұзақ
мерзімге қамтамасыз етеді, бұл жинақтарды салуға, ұзақ мерзімді несиелерді
тартуға және ресурстарға деген бизнес-жобалардың қажеттіліктерін
инвестициялармен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Кәсіпкерлікке жағымды
ортаны туғызу мен оны қолдап тұру үшін нарықтық үрдістерге мемелекет
әсерлерінің түрлері мен шараларын бекіту мәселесі маңызды болып табылады.
Мемлекеттің нарықтық үрдістерге артығынан араласуы бизнестің еркіндігін тым
шектейді. Бірақ тек мемлекет ғана нарықтық саяси-құқықтық ортамен тиімді
қамтамасыз ете алады. Нарықтық үрдістерді реттеу саласынан мемлекетті
шеттету (либерализм) принципиалды жетілмеген нарықтан пайда болған жоғары
әлеуметтік шығындарға әкеліп соқтырады. Сондықтан, мемлекетте нарықтық
механизмнің әлеуметтік және экономикалық тиімділігі критерийлері бойынша
анықталатын нарықтық үрдістерге мемлекеттің белгілі бір қатысу түрлері мен
деңгейі орнатылуы қажет. Нарықтық үрдістерге мемлекеттің араласу шаралары
мен түрлерінің адекваттылығын қарапайым бағалау, соныменен акт әсерін
анықтау мен бағалауды қиындататын стационарлық емес жағдайларда қабылданған
реттелетін акт пен оның салдары арасындағы лагты қолдану мүмкін еместігі,
мемлекеттің экономиканы реттеу мақсатын күрделі экономикалық-саяси мәселеге
айналдырады. Бұл мәселе реттеудің нақты актіне нарықтың әсерін тежейтін жат
сигналдар тобының болуымен, әртүрлі әлеуметтік топтардың әлеуметтік-
экономикалық көзқарастарын көрсететін реттеу нәтижелерін бағалауға көптеген
субъективтілік бағыттармен күрделенеді.
Технологиялық фактор ұлттық ғылым, техника мен технологияның дамуын
білдіреді. Әлеметтік-мәдени факторлармен (ұлттық білім беру деңгейіғ
кәсіпкерліктің әлеуметтік және психологиялық ортамен) бірге олар әлемдік
деңгейде қазықстандық бизнестің мүмкіндіктерін, олардың ұлттық шекарадан
шығуын, әлемдік шаруашылық жүйенің тең құқылы субъектісі ретінде ұлттық
экономиканың айналуын анықтайды. Қазіргі кезде өндірісте ескі технологияны
қолданатынын және ғылыми сыйымды өндіріске капиталды салымдардың қысқаруы
кезінде негізгі бәсекелестерден қазақстандық ғылыми сыйымды өнімнің артта
қалуын айта кететін жөн.
Әлеуметтік-мәдени фактор қоғамдағы моралдік-этикалық нормаларды, жалпы
және мамандандырылған білім деңгейін, қоғамның мәдени дәстүрлерін өзіне
қамтиді. Осы факторлардың барлығы қоғамдағы кәсіпкерлікке деген қатынасты,
бизнестік іскерлік этикасын анықтайды, ал материалдық аспектіде халық
қажеттіліктерінің қалыптасуы мен оларды қанағаттандыру әдістері анықталады
7, 216-220 б.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайына әсерін тигізетін ішкі факторлар осы
кәсіпорын қызметінің нәтижесі болып табылады. Ішкі факторлар сыныптамасын
қосымша А бойынша қарастырамыз. Олар кәсіпорынның ақша ағымдарының
қалыптасу ерекшеліктері бойынша үшке бөлінеді:
операциялық қызметпен байланысты факторлар;
инвестициялық қызметпен байланысты факторлар;
қаржылық қызметпен байланысты факторлар.
Бұл топтар әрбір ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz