Ұлттық банктің ақша нарығындағы ашық операциялар және оның ақша – несие реттеуіндегі мәні


Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 93 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

«ҚАРЖЫ-ЭКОНОМИКА» ФАКУЛЬТЕТІ

«ҚАРЖЫ ЖӘНЕ НЕСИЕ» КАФЕДРАСЫ

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Ұлттық банктің ақша нарығындағы ашық операциялар және оның ақша - несие реттеуіндегі мәні.

Студент: Муратова С. Б.

Ғылыми жетекші:

аға оқытушы Жорабаева Ж. К.

Қорғауға жіберілді:

«Қаржы және несие» кафедрасының

меңгерушісі, э. ғ. д., профессор Бертаева К. Ж.

Алматы, 2010

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

Ι. ҰЛТТЫҚ БАНКТІҢ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БАНК ЖҮЙЕСІНДЕГІ АЛАТЫН ОРНЫ МЕН РӨЛІ

1. 1 Қазақстан Республикасы банк жүйесінің даму сатылары және қазіргі даму беталыстары . . . 7

1. 2 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қызметінің құқықтары негіздері . . . 16

1. 3 Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қазіргі күнгі құрылымы . . . 20

ΙΙ. ҰЛТТЫҚ БАНК АҚША - НЕСИЕ ЖҮЙЕСІНІҢ ОРТАҚ БУЫНЫ, АҚША НАРЫҒЫНДАҒЫ АШЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАРЫ

2. 1 Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің міндеттері, мақсаты . . . 26

2. 2 Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің екінші деңгейлі банктер өтімділігін реттеудегі рөлі . . . 38

2. 3 Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақша-несие саясаты және оның 2009-2010 жылдарын арналған негізгі бағыттары . . . 39

2. 4 Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің валюта және төлем жүйесін реттеудегі рөлі . . . 64

ΙΙΙ. ҰЛТТЫҚ БАНКТІҢ ШЕТЕЛДІК ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫЛЫҚ ҰЙЫМДАРМЕН АРАДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ

3. 1 Халықаралық қаржылық ұйымдарын қарым-қатынастары . . . 69

3. 2 Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы шеңберіндегі ынтымақтастық . . . 74

Қорытынды . . . 78

Қолданған әдебиеттер тізімі . . . 82

Кіріспе

1993 жылдың қарашасында теңгенің айналысқа шығарылуы тәуелсіз республикамыздың жылнамасындағы ең маңызды оқиғалардың бірі болды. Ол еліміздің тәуелсіздігін нығайту жолындағы түбегейлі әлеуметтік - экономикалық реформаларды жүргізу үшін қажетті тарихи қадам еді. Ұлттық ақша бірлігін енгізу қазіргі кездегі отандық банк жүйесінде қол жеткен экономикалық табыстардың негізін қалады.

Ақша мен экономиканың өзара байланысы өте тығыз, олар экономикалық жүйенің негізгі құрамы болып табылады. Ақша жүйесі экономикалық үдірістерге оларды күшейтумен немесе бәсеңдетумен әсер етеді. Елдің экономикалық жағдайы, сол елдің экономикалық кеңістіктегі интеграциясы мемлекеттің ақша жүйесіне, оның атқаратын қызметіне тікелей байланысты. Макроэкономикалық тепе - теңдік болуын қалайды. Олардың ішіндегі ең бастысы ақшаға деген сұраныс пен ұсыныстың тепе - теңдігі.

Қазақстан макроэкономикалық тепе - теңдікті қамтамасыз ететін монетарлық факторлардың арқасында тұрақтылыққа жетті. Ұлттық банктің қазіргі күнгі жүргізіп отырған ақша - несие саясаты инфляцияның болжалды деңгейін ұстап тұру үшін ақша - несие саясаты шараларының тиімділігін арттыру, валюталық реттеу мен бақылауды қамтамасыз ету, төлем жүйелерінің жоғары технологиялық деңгейде жұмыс істеуі, тұтастай қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамазыз етуге жәрдемдесу сияқты міндеттерді шешуге бағдарланған. Осы міндеттерді шешу мақсатында қабылданатын шаралардың ақша нарығының жай - күйіне әсер етуін одан әрі күшейту, ақша - несие саясатының әр түрлі құралдары бойынша ставкаларды келісу жөніндегі жұмыс жалғастырылуда. Бұл ретте қаржы нарығындағы сыйақы ставкаларын реттеудің, сондай - ақ банктердің шамадан тыс өтімділігін стерильдеудің негізгі құралдары екінші деңгейдегі банктердің Ұлттық Банктегі қысқа мерзімді ноталары мен депозиттері болып қалады.

Қаржы секторының тұрақтылығы мен тұрлаулылығына қажетті жағдайлар туғызу міндеті арнайы орган Қаржы қадағалау агенттігіне жүктелгеннен бері Ұлттық Банктің басты мақсаты - инфляцияны қалыпты деңгейге ұстап тұру болып табылады. Осы орайда Ұлттық банкке елімізде бағаны тұрақтандыру жөніндегі барлық өкілеттік берілді ақша - несие саясаты және қаржы секторын дамыту саласында Үкіметтің, Ұлттық Банктің және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің негізгі күш - жігері инфляциялық үдерістерді реттеудің тиімділігін арттыруға және қаржы секторын дамытудың тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған.

Ұлттық банк экономиканың «қызып кету» қаупін бәсеңдету және соған сәйкес экономикада инфляцияның ұлғайып кетуіне жол бермес үшін ақша - несие саясатын қатайта түсуді көздеуде. Қазақстан Республикасының экономикадағы инфляциялық әлеует 2009 жылы ең төменгі деңгейде болды. Инфляция қарқынының тұрақты төмендеуі байқалды. 2009 жылдың

қорытындылары бойынша 6, 2 % деңгейінде қалыптасты.

2010 жылы Қазақстан Республикасындағы инфляциялық қысымның одан әрі төмендеуі күтілмейді, ол кейбір тәуекелдердің болуымен байланысты. Тұтыушылық сұраныстың кеңеюі бюджеттен төленетін жалақыны, әлкуметтік жәрдемақыларды және зейнетақыларды 2010 жылы жоспарлы түрде көтерумен қамтамасыз етілуі мүмкін. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы және Беларусь Республикасы Кеден Одағының құрылуымен байланысты әкелетін өнімге салынатын кедендік баждың көтерілуіне байланысты импортталатын өнімнің қымбаттауы да мүмкін.

Осындай инфляциялық қысымның арту жағдайында елдегі іскерлік белсенділіктің жоғары қарқынымен үйлесім жағдайында инфляцияны төмендетуге қол жеткізу қажет, яғни Ұлттық Банк ақша - несие саясатын елдің экономикалық өсімімен байланыстырып, экономикаға ақша ұсынуды теңдестіре ұлғайтудың дәйекті саясатын жүргізу тиіс. Бұл мақсатта Ұлттық Банк ақша - несие саясатының трансмиссиялық механизмін қолданады. Оның құрылымы макроэкономикалық өзгерістер тізбегі арналарынан тұрады, атап айтқанда пайыздық ставка, валюта бағдары, ең төменгі резервтік талап мөлшері, қысқа мерзімді құнды қағаздар шығару көлемі, ашық нарықтағы операциялар және т. б Бірақ бұл трансмиссиялық механизмге кіретін арналар жиынтығы мен оның бұлжымас біртұтас құрылымы бар деген сөз емес. Қатып қалған заңның болмайтыны секілді, экономиканы да нарық белгілейді. Соған қарай трансмиссиялық механизмнің оны жағдайға қарай реттеп отыратын тағы да бірнеше арналары жетерлік. Әрбір орталық банк ұлттық экономика ерекшеліктерін есепке ала отырып, тек өзінің жеке арнаулы арнасын жасайды. Ұлттық банк те инфляцияны ауыздықтау принціптеріне өтуге дайындық аясында өз механизмін жасау үшін бірқатар жұмыстар жүргізуде. Ол механизм ақша - несие саясатының ұлттық экономикаға ықпалын сипаттауы тиіс.

Валюталық реттеу және валюталық бақылау саласындағы Ұлттық Банк саясаты валюталық режимді одан әрі ырықтандандыруға, капитал қозғалысына байланысты тәуекелдерді реттеуге қолданылатын жаңа тәсілдерді әзірлеуге бағытталған. 2007 жылы Қазақстан валюталық режимді ырықтандыру үдерісі аяқталып, ұлттық валюта қызметінің жаңа кезеңі басталды. 2006 жылы валюталық операцияларды жүргізуге шектеуді кейіннен алып тастау және ұлттық валютаның толық конвертациялануы қағидатына көшу үшін жағдай қалыптастыру жұмыстары жүргізілді. «Валюталық операция туралы тіркеу куәлігін беру» мемлекеттік қызметтер көрсетудің осы стандарты мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайды. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер нысаны: автоматтандырылмаған. Мемлекеттік қызметтер «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» 2005 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 8 - бабы және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 11 желтоқсандағы № 129 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру ережесінің негізінде көрсетіледі бұл мәлімет 2010 жылы 24 ақпанда Қазақстан Республикасы Президентінің № 928 Жарлығымен бекітіледі. Осы

орайда Ұлттық Банк Үкіметпен бірлесіп, валюталар себетіне, сыртқы активтердің оңтайлы құрылымына қатысты мәселеге талдау жүргізіп, шешуі керек. Бұған қоса қалыптасқан жағдайға байланысты әрекет етудің түрлі нұсқаларын жасай отырып, қаржы дағдарысы туралы ерте бастан хабардар етудің жүйесі болғаны жөн.

Төлем жүйелері саласында төлем жүйелерінің тиімділігін және қауіпсіздігін арттыру, тәуекелдерді басқару және төлем жүйелерін қадағалаудың тиімді жүйесін құру бойынша одан әрі шаралар қабылдануда. Төлем жүйесінің тиімді жұмыс істеуін қолдау мақсатында Ұлттық төлем карточкалары жүйесін дамытуға және төлем жүйелеріне арналған жаңа Резервтік орталық құруға ерекше көңіл бөлінетін болды.

Ресми органдар тереңдеп келе жатқан экономикалық мәселелерге ортасында банктерді қайта капиталдандыру және экономикалық қызметке қолдау тұрған Ұлттық мұнай қорынан қаржыландыратын 10 млрд доллар сомаға кризиске қарсы жоспарды дайындай отырып жауап қатты. Кризиске қарсы жоспар басқа бюджеттік шаралармен, орталық банктің өтімділігіне қолдаумен және қаржылық қадағалау агенттігі тарапынан реттеу шараларымен толықтырылады. Экономикалық даму жылдары жинақталған мемлекеттік шетел активтерімінің үлкен қорымен және мемлекеттік борыштың төмен деңгейінде ресми органдар кризисті еңсеру бойынша шаралар қабылдау үшін жақсы жағдайда тұр. Орталық банктің резервтері шамамен 20 млрд доллар деңгейінде тұрақталды және құнсызданудан кейін айырбас бағамына қысым азайды.

ЖІӨ - нің осы жылы 2 пайызға қысқарады, ал 2010 жылы ол 2 пайызға қалыпты өседі деп күтіліп отыр. Мұнай бағасының төмендеуі ағымдағы операциялардың сальдо шоты қайтадан дефицит болатындығына әкеледі, алайда бұрынғыдай тұрақты тікелей шетелдік инвестициялар және екі жақты негізде болатын жаңа қаржыландыру кезінде төлем балансы тұтастай алғанда тұрақты болып қалады. ТБИ өлшейтін инфляция бәсең сұраныс жыл басында жүргізілген құнсыздану нәтижесінде импортқа шығыстың өсуіне аудара салатын өндірушілердің мүмкіндігін шектейтіндіктен алда да ТБИ ұстап тұрады. Экономиканың әлсіреуі және кризисті еңсеруге жұмсалған айтарлықтай шығыстар 2000 жылдан бері алғаш рет осы жылы бюджет дефицитіне алып келеді.

ХВҚ келісімінің баптарының IV бабына сәйкес Қор мүше мемлекеттермен жыл сайын әдетте екі жақты талқылау жүргізеді. ХВҚ қызметкерлер тобы елге келіп, экономикалық және қаржылық ақпарат жинайды және елдің ресми органдарымен экономикадағы өзгерістерді және экономикалық саясатты талқылайды. Қызметкер ХВҚ штаб - пәтеріне оралғаннан кейін Атқарушы кеңесті талқылау үшін негізді құрайтын баяндама дайындайды. Талқылау аяқталғаннан кейін ХВҚ басқарушы - директор Кеңестің Төрағасы ретінде атқарушы директорлардың пікірін түйіндейді және осы түйін елдің ресми органдарына жіберіледі.

Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытудың 2007 - 2011

жылдағы арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі жұмыс жалғастырады. Бұл ретте Үкімет Қазақстанның ТМД мен Орталық Азияда қаржы ағындарына тиімді қайта бөлуді қамтамасыз ететін өңірдің негізгі қаржы орталығы ретінде қалыптасуы үшін барлық күш - жігерді жұмсайды.

Сонымен, макроэкономикалық жағдайды тұрақтандыруда Ұлттық Банктің

ақша нарығында жүзеге асыратын, өйткені олар экономиканың қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында ақша айналысын реттеуде таңдап алынған тақырыптың өзектілігі еш дау тудырмайды.

Дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі - Қазақстан Республикасының орталық банкі - Ұлттық Банк.

Зерттеу пәні - оның ақша - несие жүйесіндегі орны мен рөлі анықтайтын оның жүргізетін операциялары.

Жұмыстың құрылымы дәстүрлі, кіріспеден, үш бөлімнен және қорытындыдан тұрады.

Кіріспеде дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі негізделіп, Ұлттық Банктің жүргізіп отырған ақша - несие саясатының бүгінгі күнгі бағыттары айқындалған.

Жұмыстың бірінші бөлімінде Қазақстандық банк секторының даму эволюциясына шолу жасалып, оның бүгінгі жағдайы талқыланған. Солнымен қатар, бұл бөлімде Ұлттық Банктің құрылымы мен оның қызметінің құқықтық негіздері қарастырылқан.

Екінші бөлімде Ұлттық Банктің елдің орталық банкі ретінде атқаратын міндеттері мен функциялары толықтай талданып, оның ақша - несие саясатын жүргізу бағыттары, құралдары, ақша нарығындағы операциялары зерделенеді.

Үшінші бөлімде Ұлттық Банктің халқаралық қаржылық ұйымдармен және ТМД шеңберіндегі ынтымақтастығы қарастырылады.

Қорытындыда д ипломдық жұмыс тақырыбын талдау мен зерделеу нәтижесінде жасалған қорытындылар мен тұжырымдар келтірілген.

Ι. ҰЛТТЫҚ БАНКТІҢ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БАНК ЖҮЙЕСІНДЕГІ АЛАТЫН ОРНЫ МЕН РӨЛІ

1. 1 Қазақстан Республикасы банк жүйесінің даму сатылары және қазіргі даму беталыстары

Банк жүйесі - нарықтық экономиканың ең маңызды және біртұтас құрылымдарының бірі.

Банктердің және тауарлы - ақшалай қатынастардың дамуы тарихи тұрғыдан қатарлас жүрді және олар бір - бірімен тығыз байланысты. Банктер халық шаруашылығы қызметінің барлық деңгейдегі басқарумен тікелей байланысты. Олар арқылы ұдайы үрдісіне қатысушылардың экономикалық мүдделерін қанағаттандыру жүзеге асырылады. Осы кезде банктер қаржылық делдал ретінде шаруашылық органдардың капиталдарын, халықтың жинақтарын және шаруашылық қызметтің үрдісінде босаған басқа да ақша қаражаттарын тарта отырып, қарыз алушылардың уақытша пайдалануына береді, ақшалай есеп - айырысу жүргізеді және экономика үшін басқа да көптеген қызмет түрлерін көрсетеді, соның арқасында өндірістің тиімділігі мен қоғамдық өнімнің айналысына тікелей ықпал етеді.

Банк жүйесі - жалпы ақша - несие механизм аясында қызмет атқаратын орталық банк пен басқа да несиелік институттар жиынтығы.

Қазіргі күні еліміздің банк жүйесі егемендік алғаннан бері жүргізіліп келе жатқан нарықтық инфроқұрылым ішінде ең тиімді қалыптасқан жүйе болып отырғаны белгілі. Соңғы уақытта еліміздің банк жүйесінен ТМД елдері тәжірибе алып та жүр.

Кеңес Үкіметі тұсында Қазақстанның өз банк жүйесі болмады, өйткені республика аумағында КСРО-ның орталықтандырылған несие жүйесінің филиалдары мен бөлімшелері жұмыс істеді. Сол себепті де банк жүйесінің тарихы КСРО тарихымен және революцияға дейінгі Ресейдің тарихымен тығыз байланысты болды. Патшалық Ресейдің банк жүйесіне мыналар кіреді: мемлекеттік банк, акционерлік банк, өзара несие қоғамы, қалалақ банктер, ипотекалық несие банкісі және басқа да несие мекемелері. КСРО - да банк реформасы 1987-1988 жылдары жүргізілді. Осы реформаның нәтижесінде КСРО мемлекеттік банксінің және КСРО құрылыс банкісінің және негізінде өнеркәсіп құрылысы банкісі, аграрлық өнеркәсіп банкісі және әлеуметтік тұрғын үй банкісі құрылды. КСРО мемлекеттік банкісінің құрамына кіретін жинақ касса жүйесінің негізінде Жинақ ақша банкісі құрылды, ал сыртқы сауда банкісінің негізінде сыртқы экономика банкісі құрылды. Осы тұста КСРО мемлекеттік банкісі кәсіпорындар мен ұйымдарға кассалық тұрғыдан және несие - есеп айырысу сияқты қызмет көрсетуін тоқтатты. Ол елдің Орталық банкісі болып жарияланды.

КСРО өнеркәсіп - құрылыс банкісіне несие саясатын жүргізу, несие жүйесінің тиімділігін арттыру жүктеліп капитал салымдарының, сонымен бірге, өнеркәсіптегі, құрылыстағы, көліктегі және байланыстағы, КСРО

мемлекеттік жабдықтаудағы есеп айырысуларды қаржыландыру мен несиелеу де оның міндетіне кірді. Банк кәсіпорындардың және шаруашылықтың бірлескен салаларының есеп айырысу қызметін аграрлық - өнеркәсіптік кешенінің кәсіпорындары үшін - КСРО аграрлық өнеркәсіп банкісі, сауда мен әлеуметтік салалардығы кәсіпорындар мен ұйымдар үшін - КСРО әлеуметтік тұрғын үй банкісі жүзеге асырса, ал халыққа КСРО жинақ банкісі қызмет көрсетті. КСРО сыртқы экономика банкісі экспорттық және импорттық операциялар бойынша есеп айырысуды жүзеге асырды.

Тұтастай алғанда, банктерді мамандандыру туралы идея банк жұмысын тығырыққа тіреді, ал монополияланудан арылмады, несие тетігіне түбегейлі өзгеріс енгізе алмады, керісінше, үлкен кедергі келтіріп, елеулі шығынды қажет ететін көп буынды болуымен сипатталды. КСРО Мемлекеттік банкісінің рөлі де көп төмендеп кетті - ол мамандандырылған банктердің жұмысына елеулі ықпалын тигізе алады.

Бұл жағдайдан шығудың бірден - бір дұрыс жолы мыналар болды: банк реформасын жүргізу, банк жүйесін батыс үлгісіндегі екі деңгейлі ұйымға көшіру. Банк құрылымын қайта құру үшін мемлекеттік банктің монополиясын банк деполарына тарату қажет болды 1988 жылға дейін орталық, коммерциялық және инвестициялық банктердің қызметін орындайтын КСРО мемлекеттік банкісінің әмбебап несие мекемесінен еш айырмашылығы болмады. [ 2, 3]

1990 жылдың желтоқсан айында ҚР егемендікке қол жеткізгеннен кейін бірден нарықтық экономика талаптарына жауап бере алатын өзінің банк жүйесін құруға кірісті. 1991 жылдың қаңтар айынды «Қазақ КСР-ң банктер мен банктер қызметі туралы » Заң қабылданды. Оның мәні банк реформасының бастамасы болудан көрінді. Осы заң қабылданғаннан кейін банк жүйесінің даму эволюциясын негізгі 4 кезеңге бөлуге болады.

Бірінші кезең (1988-1991жж. ) - дайындалу кезеңі. Бұл кезеңде республика тәуелсіздігін алғанға дейін Қазақстаннық банк жүйесін құрған 6 салалық банктер мемлекеттік банк, сыртқы экономикалық банк өнеркәсіптіп құрылыс банк, несие - әлеуметтік банк, жинақ банк қайта құрылды.

Екінші кезең ( 1992-1993жж. ) жоғары инфляция жағдайында (1992 ж. - 1258 %, 1993ж. - 2005% ) сапалық өсуіне қарағанда сандық көлемінің өсуімен сипатталды. Осы кезең кәсіпорындар алған табыстары шығындарынан аз болды. Құрылып жатқан банк жұйесін оны басқару керектігін түсінбеді. Ұлттық Банк лицензия процедурасына жұмсақ талаптар қойды, соның салдарынан банктер саны күн санап өсті. Олардың саны 1993 жылы 200 - ден асып кетті.

Екінші кезеңнің ерекшелігі сол, Қазақстан рубль зонасынан шығып, өзінің ұлттық валютасы - теңгені енгізді. Теңге енгізілген сәттен бастап Ұлттық Банк қызметі ел экономикасының даму проблемаларын шешуге бағытталды және Ұлттық Банктің функцияларын рыноктық экономиясы дамыған елдердің орталық банктерінің функцияларына жақындату жөнінде бірімізді қадамдар жасалды.

Үшінші кезең (1994-2003 жж) - банк жүйесінің дамуындағы ең ұзақ созылған кезең. Бұл кезеңде Ұлттық Банк банектердің құрылу процедураларына қойылатын талаптарды қатайтты. Инфляцияның төмендеуі (1995 жылы 60%- тен 2003 жылы - 12 %-ке дейін ) және экономиканың дамуына бағытталған ұзақты саясат өз жемістерін бере бастады, банктерге деген сенімділік артты. Банк жүйесінде тек бәсекеге төтеп бере алған банктер ғана қалды.

1994 жылы Ұлттық Банктің ақша - несие саясаты реттеудің классикалық үлгілерін ескере отырып жүзеге асырыла бастады, олардың бастылыры мыналар: берілетін кредиттердің көлемін, қайта қаржыландырудың ресми ставкасының деңгейін реттеу, міндетті резервтердің нормасын белгілеу және валюта рыногындағы операцияларды жүргізу. 1994 жылдың екінші жартысында алғаш рет қайта қаржыландыру ставкасы нақты көріністе оң болды. Сонымен бірге мемлекеттік бағалы қағаздар (МБҚ) рыногы қалыптасуының басталуы да 1994 жылға сәйкес келеді.

1995 жылы Қазақстан экономикасы дамуының негізгі және оң қорытындылары ретінде экономикалық құлдыраудың қарқындарын баяулату және инфляция деңгейін едәуір төмендету болғаны белгілі. Жылдың қорытындылары ақша - несие саясатының құралдары арқылы инфляцияның монетарлық негізінен төмендете отырып, оның деңгейіне әсер етуге болатындығын көрсетті. Осы жылдан бастап директивалық кредиттерді беру тоқтатылды. Экономиканы кредиттеу функциясы Ұлттық Банктен екінші деңгейдегі банктерге ауысты, ал Ұлттық Банк екінші деңгейдегі банктерді көп жағдайда олардың өтімділігін қолдау мақсатында кредиттеуді жүзеге асыра отырып, орталық банктерге тән ақша - несие және волюталық реттеудің функцияларын атқара бастады. Сондай - ақ Қазақстанда өз Банкнот фабрикасының ашылуы, банкаралық валюта рыногының құрылуы мен қалыптасуы, сауда жүргізудің электронды сауда жүйесіне ( ЭСЖ ) көшу осы жылдың маңызды оқиғасы болды.

1996 жылы Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі даму жылдарында бірінші рет ЖІӨ-нің өсуі байқалды, инфляция қарқыны және теңгенің айырбас бағамының девальвациясы айтарлықтай төмендеді.

Қазастанның 1996 жылғы шілдеде ХВҚ Келісімінің 8 - бабы бойынша міндеттемелер қабылдауы маңызды кезең болды, бұл ағымдағы операциялар бойынша теңгенің айырбастылығын ресми түрде нығайтты және шектеулерден еркін, көп жақты төлем жүйесіне көшуге мүмкіндік берді. Осы жылы Қазақстан ТМД елдерінен ішінде бірінші рет Банк жүйесінің активтерді жіктеу, менеджмент сапасы, бухгалтерлік есептің жаңа принціптері және есепшот жоспары бөлігіне қатысты халқаралық стандарттарға көшу бағдарламасын қабылдады. Осы кезеңде Қазақстан қор биржасында валюта фьючерстері бойынша сауда - саттықтың басталуы жатады.

1997 жылы РЕПО және РЕПО операцияларының белсенді түрде жүргізіле басталуы, биржаның операцияық практикасында СВОП - операцияларының енгізілуі байқалды.

1998 жылы әдемдік қаржы рыногтарында дағдарыстық ҚРҰБ шиеленісуі және Қазақстанның экспорт тауарлары конъюктурасының нашарлауы жадайларында Ұлттық Банктің ақша - несие саясатының негізгі міндеттері қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету, ұлттық валютаның тұрақтылығын сақтау және банк жүйесін нығайту болды.

Ұлттық Банк елдің ішкі қаржы секторын қорғау үшін ақша - несие саясатын нығайтты. 1998 жылғы елеуді оқиғалардың бірі Ұлттық Банктің республикалық бюджет тапшылығын тікелей кредиттеу практикасын тоқтатуы болды.

1999 жыл. Әлемдік қаржы дағдарысының әсері салдарынан сауда әріптестері - елдері валюталарының құнсыздануы нәтижесінде төмендеген Қазақстандық экспорттың бәсекелестік позициясын қалпына келтіру үшін 1999 жылдың сәуір айында теңгенің еркін өзгермелі айырбас бағамының режимі енгізілді. Осы уақытта валюта рыногы еуросегменттік қалыптасуы, жеке тұлғалардың мерзімді депозиттерін сақтандыру жүйесін қосу жатады.

2000 жыл. Ұлттық Банк ХВҚ алдында барлық міндеттемелерін мерзімінен бұрын өтеді. "Қазақстан ипотекалық компаниясы" жабық акционерлік қоғамы

(ЖАҚ) құрылды, «Процессинг орталығы» ЖАҚ құрылды, вексельдік қайта қаржыландыру жүйесін енгізу басталды. 2000 жылдың қазанынан бастап Қазақсанның Ұлттық Банкі мүшесі болып табылатын Сақтандыруды қадағалау

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақша несие саясаты мақсаттары мен құралдары
Экономиканы реттеу құралдары
Экономикалық ұғымдар
Ақша нарығы туралы
Ақша - несие саясатының құралдары
Қазақстан Республикасындағы ақша.несие саясатын жүргізудің негізгі құралдары
Ақша-несие саясаты туралы ақпарат
Қазақстан Республикасының ұлттық банкінің ақша-несие саясаты
Ақша-несие саясатының теориялық негіздері немесе ақша-несие саясатының мәні, түрлері және құралдары
Қазақстан Республикасының экономикалық көрсеткіштеріне ақша – несие құралының әсер ету ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz