Нарықтық-экономикалық жағдайындағы тұлғаның құндылық бағдары мен өмірлік мағына бағдарының өзара байланысы


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 96 бет
Таңдаулыға:   

ӘЛ - ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ФИЛОСОФИЯ және САЯСАТТАНУ ФАКУЛЬТЕТІ

МАГИСТРАТУРА

Жалпы және этникалық психология кафедрасы

МАГИСТРЛІК ДИССЕРТАЦИЯ

НАРЫҚТЫҚ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ТҰЛҒАНЫҢ ҚҰНДЫЛЫҚ БАҒДАРЫ МЕН ӨМІРЛІК МАҒЫНА БАҒДАРЫНЫҢ ӨЗАРА БАЙЛАНЫСЫ

6N0503 - Психология

Орындаған

2 курс магистранты Абдрахманова Б. Т. «__» 2012 ж.

Ғылыми жетекші

психол. ғ. к., доцент Жұбаназарова Н. С. «__»2012 ж.

Норма бақылаушы Баймолдина Л. О. «__»2012 ж.

Қорғауға жіберілді

Жалпы және этник. қ

психология кафедра меңгерушісі

психол. ғ. к., доцент Ташимова Ф. С. «__» 2012 ж

Алматы, 2012

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1. НАРЫҚТЫҚ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ТҰЛҒАНЫҢ ҚҰНДЫЛЫҚ БАҒДАРЫ МЕН ӨМІРЛІК МАҒЫНА БАҒДАРЫНЫҢ ӨЗАРА БАЙЛАНЫСЫН ТЕОРИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ . . . 6

1. 1 Нарықтық - экономикалық жағдайдағы тұлғаның психологиялық ерекшеліктерін зерттеу . . . 6

1. 2 Нарықтық-экономикалық жағдайындағы тұлғаның құндылыққа бағдарлануын психологияда теорялық шолу . . . 18

1. 3Тұлғаның өмірлік мағына бағдарының ерекшеліктерін зерттеу . . . 34

1. 4 Тұлғаның құндылық бағдары мен өмірлік мағына бағдарының өзара байланысы . . . 45

1. 5Теориялық бөлім бойынша тұжырым . . . 49

2. НАРЫҚТЫҚ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ТҰЛҒАНЫҢ ҚҰНДЫЛЫҚ БАҒДАРЫ МЕН ӨМІРЛІК МАҒЫНА БАҒДАРЫНЫҢ ӨЗАРА БАЙЛАНЫСЫН ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЗЕРТТЕУ . . . 51

2. 1 Эксприменттік зерттеудің мақсаты, болжамы мен міндеттері . . . 51

2. 2 Әдістемелердің сипаттамасы мен қолдану аясы . . . …… . . . 52

2. 3 Зерттеу барысы және мәліметтердің сандық-сапалық өңделу . . . 57

2. 4 Эксперименттік бөлім бойынша тұжырым . . . …. . 77

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 79

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 81

ҚОСЫМШАЛАР . . . 86

КІРІСПЕ

Қоғамда дәстүрлі құндылықтармен қатар әрбір тарихи кезеңде пайда болған, әрбір әлеуметтік қауымдастық үшін маңызды құндылықтар өмір сүрді. Этникалық қауымдастықтар өзіндік ұлттық құндылықтарды түзесе, жалпы адамзатқа ортақ құндылықтар барлық адамдарды біріктіреді. Қоғамның дамуы, жылдардың өтуі, ғасырларға ұласуына сәйкес құндылықтар қоғамда адамға маңыздылығы жағынан өзгеріп, орын ауыстыруы тарихтан белгілі. Қоғамдағы үрдістердің даму қисынына байланысты тіршілікте, әрине, құндылық мәнін жоғалтуы мүмкін емес, тек мән берілмеуі ықтимал. Құндылық өте сирек кездесетін құбылыс, ол парасаттылықтан байқалады, рухани дамудың биік белестеріне жеткен адамдардың қасиеті.

Адам үшін ең басты құндылық, ең бағалы мәселе - өмір. Өмір - адамның күнделікті және өмір бойында жалғасатын тіршілігі. Тіршілік иесі ертеңін ойлап еңбек етеді, білім алады, тәжірибе жинақтауды, өмірдің мағынасы да сонда, жалғасы, ізбасары, көмекшісі болуында, қуаныш пен қайғы, бақыт пен бақытсыздық, тыныштық пен мазасыздық, бар мен жоқ сияқты құбылыстар алмасуын есепке алып, болжам жасап, шыдамдылық көрсетеді.

Адамның әлеуметтік ортаға қатынас жүйесінің негізгі элементі құндылықтарға бағдарлану болып табылады. Олар адамдардың әлеуметтік өзара әрекеттестігін, олардың қызығушылықтарының келісуі мен күресуі және адамның мінез-құлқы мен тұлғаның әлеуметтік өмірінің стратегиясын реттеп отырады.

Жаңа қазақстандық қоғам өз тарихында екінші онжылдықта өзгерістік сатыдан өтіп жатыр. Сапалық өзгерістерге қоғамның өмірлік әрекетіндегі барлық аумақтар еніп жатқаны сөзсіз, соның ішінде идеологиялық, ғылыми-дүниетанымдық және экономикалық парадигмалар пайда болуда.

Қазақстан мемлекетінің қалыптасуы тек қана жаңа саясаттық жүйені енгізумен ғана емес, сонымен қатар экономикалық тәртіптің ауысып, жаңа заманға сай жаңа қоғамдағы тұлғаның қалыптасуына әкелетін, жаңа нарықтық қарым-қатынастың пайда болуымен байланысты.

Зерттеудің өзектілігі: Қазақстан Республикасының нарықтық қатынастары мен бәсекелестіктің өсуіне байланысты болып жатқан әртүрлі өзгерістер білім беру жүйесіне қойылатын талаптарды өзгертеді. Біздің мемлекетіміздің дамуының негізгі бағыттары «Қазақстан - 2030» стратегиясында сипатталған. Ол стратегияның жүзеге асуы үшін жас тұлғалардың бойында білімділік, құндылық бағдардың қалыптасуы және шыншылдық қасиеттерін қалыптастыру керек.

Қоғамның барлығы өзгеруде, соның ішінде; идеологиялық, ғылыми-әлемдік көзқарастар экономикалық белгілер барлығы дерлік. Қазақ ұлтымыздың қалыптасуы, тек жаңа саяси жүйенің қалыптасуын ғана емес, сонымен қоса, экономикалық трансформацияның қалыптасуы мен қоғамдағы тұлғаның жаңа заманда қалыптасуы әсер етеді.

Қоғам талабына сай даму кезеңінде ең қажеттісі жаңа мазмұн, жаңа ақпаратты меңгеріп ыңғайына қарай қолдану білікті мамандарға қойылатын негізгі талаптардың бірі.

Зерттеу көрсеткіші бойынша, Қазақстандағы жаңа ұрпақтардың адамгершілік өркендеу дәрежесіне үйретуге деген жүйемен қатынасты көзқарастар мен жаңа тұжырымдамалар, нарықтық-экономикалық бағдарларға күннен күнге тиесілі болып келеді.

Осы орайда біз зерттеу жұмысымыздың мәселесін ашуда бірінші ең басты маңыздылықты нарықтық-экономикалық жүйенің психологиялық ерекшеліктерін сараптап, содан соң тұлғаның құндылықтарға бағдарлану мен өмірлік мағына бағдарының ерекшеліктерін және осы мәселені зерттеген отандық, әлемдік ғылымдардың еңбектерін зерттеуді мақсат тұттық.

Құндылық мәселесінің әртүрлі аспектілерін отандық ғалымдарда зерттеген болатын. Мысалы: жеке тұлғаның құндылықтарға бағдарлануы теориялық практикалық негіздерін, И. Д. Багаева, З. И. Васильиева, Д. Ә. Нұрғалиева, жастардың құндылық бағдарын әлеуметтік тұрғыдан В. Я. Ядов, Б. Ф. Ломов зерттесе, жеке тұлғаның құндылық бағдарын қалыптастырудың педагогикалық негіздерін А. Балабекова, И. Сихимбаева, Р. Р. Наховка және тағы басқалар қарастырған. Ал тұлғаның мағына құндылықтарын К. А. Абульханова-Славская, В. С. Котляков, Т. Н. Березин, П. В. Симонов, А. Н. Леонтьев, В. Франклдвң жұмыстарынан кездестіруге болады.

Бүгінгі таңда нарықтық-экономикалық жүйелерді өзара әрекетті. Сондықтан да қазіргі нарықтық-экономикалық жағдайда тұлғаның құндылықтарға бағдары мен өмірлік мағына бағдарының ерекшеліктері жан-жақты талданып өз дәрежесінде жүзеге асуы мен қоғамдық салада зерттеу аса маңызды мәселе болып табылады.

Ғылыми жаңалығы: Әлемдік және отандық ғалымдардың еңбектерін басшылыққа ала отырып, тұлғаның құндылықтарға бағдары мен өмірлік мағына бағдарының ерекшеліктерін кешенді зерттеп, оны практикаға енгізу жолдарын анықтау.

Практикалық маңыздылығы: Алынған эксперименттік зерттеу нәтижелері нарықтық экономикалық жағдайдағы жастардың құндылықтарға бағдары мен өмірлік мағына бағдарының психологиялық ерекшеліктерін анықтауға өз үлесін тигізеді.

Зерттеудің мақсаты: Нарықтық-экономикалық жағдайындағы тұлғаның құндылықтарға бағдары мен өмірлік мағына бағдарының ерекшеліктерін зерттеу.

Зерттеу пәні: Нарық жағдайындағы тұлғаның құндылыққа бағдары мен өмірлік мағына бағдарының психологиялық ерекшеліктері.

Зерттеу нысаны: Нарық уақытына дейінгі тұлғалар (45- 60 жас) және нарық уақытындағы тұлғалар ( 18- 25 жас) - 60 адам.

Зерттеудің жалпы болжамы: Тұлғаның құндылықтарға бағдары мен өмірлік мағына бағдарына, нарықтық экономикалық жағдайлар тікелей әсер етеді.

Жеке болжамдар:

1) нарықтық-экономикалық жағдайдағы тұлғаның құндылықтарға бағдарлануының өзіндік ерекшеліктері болады.

2) құндылықтарға бағдарлану ерекшеліктері мен өмірдің мағынасын ұғыну деңгейінің арасында өзара байланыс бар.

Зерттеудің міндеттері:

- Нарықтық-экономиканың психологиялық ерекшеліктерін теориялық талдау;

- Тұлғаның құндылыққа бағдарлануын мәселесін психологиялық зерттеу;

- Нарықтық-экономикалық жағдайындағы өмірлік мағына бағдарының ерекшеліктерін эксперименттік зерттеу;

- Зерттеу болжамын дәлелдеу;

- Зерттеу мәліметтерін сандық-сапалық психологиялық талдау жасау.

Зерттеудің мақсат, міндеттеріне орай, нарықтық-экономикалық жағдайындағы тұлғаның құндылық бағдары мен өмірлік мағына бағдарының өзара байланысын эксперименттік талдауда, мына әдістемелерді қолдандық:

Зерттеу әдістемелері:

1. М. Рокичтін құндылықтарға бағдарын зерттеуге арналған әдістемесі.

2. Б. С. Кругловтың «Құндылықты бағдар жүйесінің қалыптасуының деңгейін анықтау» әдістемесі.

3. Х. Ниемидің өмірдің мағынасын ұғынуларды зерттеуге арналған әдістемесі.

4. Нарық жағдайындағы тұлғаның құндылықтарға бағдарлану ерекшеліктерін анықтауға арналған авторлық анкета.

  1. НАРЫҚТЫҚ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ТҰЛҒАНЫҢ ҚҰНДЫЛЫҚ БАҒДАРЫ МЕН ӨМІРЛІК МАҒЫНА БАҒДАРЫНЫҢ ӨЗАРА БАЙЛАНЫСЫН ТЕОРИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ

1. 1 Нарықтық - экономикалық жағдайдағы тұлғаның психологиялық ерекшеліктерін зерттеу

Нарықтық экономика психологиясының негізі - осы заман талабына сай экономикалық санының қалыптасуына байланысты. Бұл дегеніміз - адамның экономикалық шартты түрдегі іс-әрекеттері. Нарық экономикасы психолгогиясының көрінуі адам іс-әрекетінен білінеді. Мұның астарында экономикалық қарым-қатынастағы экономикалық санамен анықталатын мінез-құлық жатыр, нақтырақ айтқанда нарық экономикасының белгісі болып табылатын, ақша-тауар-ақша негізінде қалыптасатын адам эмоциясы, іс-әрекеті болып табылады. Бұл нарық экономика аясында адам қажеттіліктерімен байланысты, яғни мұнда нарықтық пайда көзделгендіктен, қажеттіліктер де шартты болып келеді, ұсыныс сұранысқа байланысты туындайды. Мұнда адамның психологиялық ерекшеліктері экономикалық ойлаумен ұштастырылады [1, 228 б] .

Алайда, психология және экономика салалары оны өңдеудің бір бөлігі ретінде саналады. Мысалы; психологтар экономикалық психологияны психологияның жаңа бір саласы ретінде қарастырады, ал экономистер болса, экономикалық психологияны экономикалық теорияның бір бөлігі деп есептейді.

Бұған бірнеше себеп бар: олардың ең маңыздысына психология мен экономика ғылымдарының біріктіру нәтижесінде, өз бетінше зерттелінетін экономикалық және психологиялық детерминанттардың пайда болуы жатады.

Осыған байланысты, экономикалық психологияның өкілдерінің бірі Дж. Катон былай деп жазды: «объективті экономикалық шарттар индивидумның мінез-құлқына әсер етеді, бірақ олар экономикаға деген субъективті көзқарастармен қамтылған» мысалы; «егер адамдардың үлкен тобы бір мезгілде мәселені шеше отырып, өз мінез-құлқын өзгертсе, онда олардың белгілі бір шешім шығаруы ақша инвестициясына қатысты қолайлы көлем ретінде макроэкономикалық феноменге әсер етеді, психологиялық фактор бизнес циклді өзгертеді». Осы түсініктің негізінде Катонның айтуынша «адам психологиясы мен экономика арасында қандай да бір байланыс бар» деп атап көрстетеді. Сол себептен, ол экономикалық процестерді адам жүріс-тұрысының басты жемісі ретінде қарастыруды және оларға талдау жасауды ұйғарады [2, 353 б] .

Қазіргі қоғамның басты мәселесі психологиялық бағдарларды құрудың экономикалық заңдылықтарды зерттеуге деген ұмтылыс. Ең басты қызығушылықтар: түйсік, интуиция, эмоция және қоршаған ортаны түсіну сияқты психологиялық құбылыстарға аударыла бастайды. Бұл психологиялық ерекшеліктердің білімі макро және микро экономикада көрінеді.

Қазіргі таңда экономикалық психология тек психологиялық экономикалық мінез-құлық ғана емес, сонымен қоса, адамдардың әлеуметтік мінез-құлқын анықтайды және әлеуметтік топтың этносаралық, мемлекет аралық байланысқа әсер етеді, тұлғалық, топтық және мемлекеттік деңгейдегі жаңа біртұтастылықтың қалыптасуына қабілетті болып келеді.

Осылайша, қоғамның прагматикалық және ғылыми қажеттіліктерге деген сұраныстардың пайда болуына байланысты ғылыми білімнің жаңа саласы біртіндеп жеке өзарабайланысты экономикалық психология бірге құрыла бастады.

Профессор Г. Висведенің айтуынша, бұл біріктірудің жағымды жағы болып экономикалық психологияның біртұтас ғылым формасына ескере отырып, психологиялық факторлардың тек микроэкономикалық процестерге емес, сонымен қоса, макроэкономикалық процестерге тигізетін әсерін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді» [3, 173 б] .

Экономикалық теорияны игеру мынадай концептуалды макроэкономикалық категорияларын, мысалы; ресурстар және оларды тиімді пайдалану, еңбек капиталы жер және өнеркәсіп факторларын басқару. Нарық экономикасының негізгі белілері: мемлекет бақылаушы орган ретінде қызмет атқарады; мемлекеттік меншіктер жекешелендіріледі; еркін сауда-саттық орта; ақша-тауар-ақша айналымы.

Сонымен қатар, экономикалық категориалды аппарат теориясы мен практикасына барлық қатысушылардың болжамына, сеніміне және оның бағасына тағы да басқа психологиялық түсініктемелерге қатысты негізгі субъективті мән мағыналар кіреді. Мысалы; болжамдар үлкен немесе аз мөлшердегі бизнестің үзіліссіз атрибуты болып табылады [4, 65 б ] .

Сенімділік басты психологиялық категория бола отырып, экономикалық әрекетке жатады, сонымен қоса, ол әр кезде әр операцияларға қатысады, кез келген экономикалық әрекеттегі болжамдарды талдаудың қажеті жоқ. Есепшотқа ғана қатысты экономикалық өмірге қолданылатын субъектілерді қарастырған жөн.

Экономикалық теорияларының негізгі түсініктемелерінде өнеркәсіп, қарым- қатынас, ақша, несие, инвестиция өсу темпі, сауда, салық балансы көрінеді. Олар тек жүріс-тұрысқа ғана емес, сонымен қатар, адамның мотивін, эмоциясын, реакцияларын, этикалық тарихи дәстүрлерін қамтиды. Бұл микроэкономикалық категорияға байланысты әділетті болып келеді. (Фирма феномені, сұраныс, ұсыныс, баға, бәсекелестік және оның формалары, инвестиция және тағы басқалар) [6, 111 б] . Жалпы жоғары атаулы экономикалық категориялар өзіне психологиялық элементтерді жинақтайды. Мысалы «Нақты баға» субъектілік сипатқа ие, ол психологиялық факторларды қамтамасыз етеді, бұл түсінікпен байланысты «нарықтық баға» объективті шынайылықты қамтиды. Нарық - өндірушілер мен тұтынушылар, сонымен қатар олардың арасындағы делдардың табиғи өзара қатынастары мен келісімдеріне негізделген экономика мәдениеті. Нарықтың күшті репупляторы - бәсекелестік болып табылады. Нарықтық жүйе ең алдымен тауар сапасының жоғарылығын, әрдайым кемелдену мен жаңаруды дефициттің болмауын қамтамасыз етеді.

Нарық - өзін-өзі басқарушы жүйе. Сонымен қатар, нарықтық қатынастардың мемлекет, заң секілді институттар қадағалап, реттеп отырады.

Экономикалық теориялардың жалпы барлық категориялары тек психологиямен ғана байланысып қоймайды, сонымен қоса психологиялық өлшеуін, психологиялық аспектілерін қамтиды. Сол себептен экономикалық теория субъективті факторларымен қамтыла отырып жартылай индивидуалды факторлар ретінде анықталады.

Басқа себеп экономикалық психологияның пән болып құрылуының жеке бір тарихы болып табылады.

Экономика сөзі грек тілінен аударғанда үй шаруашылығына кіріспе деген мағынаны білдіреді. Алғаш рет бұл ғылымды енгізген грек философы Ксенофонт бұл кезеңде экономика да, психология да философияның саласында дамыды. Дамудың ең алғашқы кезеңдерінде адамның жаны, мәні, оның әлемдегі орны деген ойлар алғаш философияның жиегінде еді [5, 187 б] .

Ең алғаш экономика және психология мәселелерін зерттеген философтың бірі Платон болды. Ол ғылымдағы идеалистік бағыттың негізін салушы болып табылады. Платон «мемлекет адамның қажеттілігінен туындайды; екі өзіне керек қажеттілікті қанағаттандыра алмайды» біз белгілі бір мақсат үшін көмекшілікке аламыз, басқа мақсат үшін басқа көмекшілікті аламыз және олардық барлығы бір орынға жиналғанда бұл топты мемлекет деп атаймыз. Ең бастысы Платон мынаған сенімді болды, яғни мемлекетті күшейту үшін психологиялық білімдерді пайдалану міндетті [11, 102 б] .

Орта ғасырлық схоластик Фома Аквинскийдің пікірі бойынша жан сыртқы сезім мүшелері арқылы басқа материалдық формаларды тануға қабілетті дейді. Оның айтуы бойынша, барлық заттар тек Құдайға ғана тәуелді, ал адамдар оларды тек пайдаланады. Егер адамдар заттармен ауысса, онда ол әділетті болу керек дейді.

Қайта өрлеу және жаңа заманда Еуропада тұрмыстық өмірде экономикалық қатынастыр дами бастады. Жылдам тауарлар ауыса бастады, сонымен қоса сауда жақсы дами бастады. Бұл жаңа экономикалық күштің дамуы капиталдың алға жылжуына алып келді.

Америка және Үндістанның шекараларының ашылуы, тауалардың алмасуына себеп болды. Осы тұста адамдардың психологиясы да алмаса бастады. XVIII ғасырдың соңына қарай ғылым адамды тұлға ретінде көрсете бастады [10, 178 б] .

Алғашқы экономикалық психологияның мәселесі еңбектен көрінді, Адам Смиттің экономиканы жеке, тәуелсіз ғылым ретінде қарауы, микроэкономиканың негізін салушы Альфред Маршелл, макроэкономикалық теорияның негізін қалаған Джон Кейнс, осылардың еңбектерінде «экономикалық адам» теориясы дами бастады.

Осылайша, қиындығына және ұзақтығына қарамастан экономикалық психология XX ғасырдың басында ғана қалыптаса бастады. Сондықтан экономикалық психологияның үлкен тарихы алда және өте қысқа тарихқа ие, одан ары қарай дамуы екі дәстүрді анықтау оның пәні болып қалыптасады.

Оның біріншісі еңбек психологиясының төңірегінде қаралды, жұмысшы өндірістік процесс кезінде, еңбектің субъектісі ретінде ғана емес, экономикалық әрекетіне тұрмыстық бөлім ретінде белсенді құралы ретінде көрінді.

XIX ғасырда Германияда неміс әлеуметтанушысы Г. Мюнстерберг өзінің алғашқы экономикалық психология жайлы еңбегін жазды. Г. Мюнстерберг микроэкономикалық қатынастарды зерттеп қана қоймай, сонымен қоса еңбектің біркелкілігін және ұйымшылдығын, еңбек ақының әділетті алу деңгейі, бірінші ол психологиялық факторларды экономикалық құнды тапсырмаларды жүзеге асыру үшін зерттеу керек деді. Осы жетістіктерге жету үшін Г. Мюнстебергтің айтуы бойынша, психотехниканың үш негізгі мәселелердің шешімін табу керек, яғни сәйкес келетін адамдарды таңдау, еңбектің өнімділігін жоғарлату, психологиялық эффектілерге жеткізу.

Осылайша, жаңа ғылыми бағыттың қалыптасуы, психология және экономиканың байланысы болады. Кейінірек бұл Г. Мюнстербергтің зерттеулері өндірістегі экономикалық психологияның дамуы болды.

«Экономикалық психология» негізгі терминін француз әлеуметтанушысы Г. Тард негізін қалады, 1902 жылы екі томдық еңбек «экономикалық психология» жарық көрді. Бұнда Г. Тард әлеуметтік заңдар экономикалық рөл, сенім қажеттілігі, еңбек, ақша және капитал, баға күрес, бәсекелестік, экономикалық көрініс, айырбас және тағы басқалар жайлы айтқан.

Г. Тардтың бағыты экономикалық психологияның даму тарихындағы маңызды орынға ие. Бірінші бағыттың ерекшелігі, ол айырбастың психологиялық мәселесін қарастыру және зерттеу болады. Бұл дәстүр экономикалық психологияның дамуында анықталды. Батыста бұл өте жақсы дамыды [14, 248 б] .

Экономикалық психологияның дамуы мен қалыптасуы ағылшын экономист психологы Дж. Котонның есімімен байланысты, ол тұтынушы мен ұсынушының экономикалық жүріс-тұрысын зерттей бастады. Өз еңбегінде, тауарға қатысты сатып алушыларды зерттеді.

Экономикалық психологияның қалыптасуына көп үлес қосқандардың бірі ағылшын психологы М. Фридман болды. Сұраныстың моделін зерттей отырып, ол мынадай шешімге келді, ресурстарды дұрыс көрсету және массалы өндірістердің тенденциясын болжамдау, сондықтан экономика этномәдениетпен және әлеуметтік саясатпен, тұтынушының жүріс тұрысымен мінезделеді [15, 108 б] .

Басты адамды әлеуметтік әлемге апаратын қатынас жүйесі құндылықтар бағдары болып табылады. Олар адамдардың әлеуметтік өзара әрекетін анықтайды, күресуін және олардың қызығушылықтарының бірігуін, талаптарын және экспентацияларын, қоғамды бағалауға қолданылатын критерийлер қояды, және адамның жүріс-тұрысын реттейді, тұлғаның әлеуметтік өмірінің стратегиясын анықтай отырып.

М. Вебер бойынша адам өмірі әр түрлі және өзгермелі: онда әрқашанда жаңа оқиғалар болып тұрады. Сонымен қатар, ол әрқашанда өзгермелі мотивтермен және ниеттермен басқарылады. Сондықтан да міндетті түрде адамдар да қандай ниет бар екенін, қандай мақсатқа ұмтылатынын, олардың құндылықтары неден тұратынын түсіну керек. Нақты мақсаттар мен ниеттер адамның әрекетіне және әлеуметтік құбылыстарына мән береді [17, 169 б] .

Тұлғаның құндылығы - индивидтің санасындағы қоғамдағы материалды және рухани құндылықтардың таңдаулы бейнесі ғана емес. Адамның киімі, оның заттары, үйі, оның отбасы, балалары, жалпы, У. Джеймс «материалды Мен» сферасына қосқанның барлығы, тұлғаның құндылықтары болуы мүмкін. Тұлғаның құндылығы сондай-ақ топтың құндылығы сияқты қоғам құндылықтарының нақтысы болып табылады, бұл нақтылық тұлғаның әлеуметтік жүйедегі позициясынан және оның даму деңгейіне тәуелді болып келеді.

Құндылықтарды қоғам өмірінің құбылысы немесе элементі ретінде қарастыруға болады, әлеуметтік мән көзқарасынан талдай отырып, оларға қоғаммен тұтастай немесе әлеуметтік топпен болуға тура келетін. Құндылықтар мәні, қоғаммен өндіретін өзіндік идеалды білім типін ұсынады.

Құндылықтардың психологиялық категориясы мотивациялық құбылыстардың кең кластарына жатады. Адамдардың психикасында құндылық позитивті және негативті эмоцияның пайда болуымен бірге шығады, нақты біліммен байланыстырылған, жүріс тұрыс немесе іс әрекет нұсқаларына таңдау жасауға мүмкіндік беретін [19, 118 б] .

Құндылық түсінігі адамның қатынасы әлемге сипатталғанда қолданылады. Құндылық адам және оны қоршаған әлем арасында бөлінген, ол тек олардың қатынасында болады. Құндылықтарды тасушы болып кез келген зат, құбылыс бола алады, адамның санасымен өзара әрекетке тиісті.

Тұлғаның құндылықтар бағдары адамның шынайы жүріс тұрысымен жиі қарастырылады. Сонымен, оның келесідей басты сәттері беріледі: «біріншіден, құндылықтар бағдары тұлғаның бағыттылығын және әлеуметтік белсенділігінің мазмұнын сипаттайды, және екіншіден, ол оның әлеуметтік жүріс тұрысының реттеушісі ретінде қарастырылады».

В. Д. Сайко көрсеткендей: «Құндылықтар бағдарының жүйесі тұлғаның және оның қалыптасқандығының көрсеткішінің маңызды сипаттамасы болып табылады. Құндылықтар бағдарының даму деңгейі, ерекшеліктері және қалыптасуы тұлғаның даму деңгейін бағалауға мүмкіндік береді, тұтастылық және тұрақтылық, оның құндылықтар бағдарының тұрақтылығы ретінде көрінеді [20, 102-109 б] .

Сонымен, тұлғаның құндылықтар бағдарының психологиялық аспектісі оның ішкі әлемін зерттеуімен тығыз байланысты, қоғамдық жүріс-тұрыс, өмірдің және мәдениеттің құндылықтарын ұғынуға және жаңғыртуға бағытталған.

Қазіргі күрделі әрі өзгермелі заманда құндылықтар жүйесінің алатын орны ерекше. Құндылықтарға бейімделу адамзатқа тән қасиет. Болмыс құбылыстарының құндылықтарынсыз әлеуметтік жан иесі ретіндегі адамның іс-әрекетінің де, өмірінің де мәні болмайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балалар мен ересектердің құндылықтар өзгерісін психологиялық талдау
Оқушылардың білімге құндылық бағдарын қалыптастырудың теориялық негіздері
Құндылық - бағдар мәселесі ежелгі заманнан бері қарастырылып келе жатқан күрделі ұғым
Құндылықтар ұғымының философиялық қырлары
Жеке тұлғаның даралық ерекшеліктері
Қазіргі заман жастарының рухани-адамгершілік құндылық мәселесінің өзектілігі
Қазіргі жастардың құндылықтары
Жасөспірімдер тұлғасының құндылық бағдары және өзін - өзі бағалауы
Жоғары сынып оқушыларының спортқа қызығушылық бағыттарын қалыптастыру
Кәсіптік бағдардың тәрбиелік сипаты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz