Кіші мектеп жасындағы оқушыларды ана тілі сабағында өз бетімен жұмыс жасауға үйрету жолдары



МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .1.4

І Бөлім Кіші мектеп жасындағы оқушыларды оқыту барысындағы өз бетімен жұмыс жасауға үйретудің теориялық мәселелері.
1.1. Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау біліктіліктерін қалыптастырудың педагогикалық психологиялық негіздері . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 5.20
1.2. Бастауыш сынып оқушыларының өз бетімен жұмыс жасау біліктіліктерін қалыптастыру мәселесінің мәні мен қазіргі теориялық және әдістемелік жағдайы...20.29

ІІ Бөлім Кіші мектеп жасындағы оқушыларды ана тілі сабағында өз бетімен жұмыс жасауға үйрету жолдары.
2.1. Кіші мектеп жасындағы оқушыларды ана тілі сабағында өз бетінше жұмыс жасауға үйретудің дәстүрлі әдіс амалдары. . . . . . . . . . . . . . . . . . 29.44
2.2. Өз бетінше жұмыс жасауға үйрету әдістерін жетілдірудің жаңа жолдары мен тиімділігін арттыру өлшемдері. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .44.54
2.3. Сабақ жоспарларының үлгілері . . . . . . . . . . . . .54.60

Қорытынды . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 60.61

Әдебиеттер тізімі . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 61.67

Қосымша . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 67.70
Кіріспе
Оқу мектеп жасындағы балалардың негізгі таным әрекеті. Баланың жалпы психикалық дамуы мектептегі оқу мен оның өздігінен оқуына тығыз байланысты. Мектептегі баланың оқу әрекеті күрделі, жан-жақты үрдіс, Ол баланың барлық әрекетін, рухани күштерін, өздігінен білім алуын қажет етеді. Мектеп жасындағы баланың ақыл-ой еңбегі белсенді әрекет болуға тиісті. Ол оқушының жалпы психикалық даму ерекшеліктеріне байланысты болады. Балданың ақыл-ой әрекеті оның қажеттері мен қызығулары, сезімі мен еркі сияқты үрдістермен, іске асады. Кіші мектеп жасындағы оқушыларждың ақыл-ой еңбегін белгілі жүйемен жасауға, оның жалпы мәдениетін өздігінен әрекетін қалыптастырып отыру керек. Ең алдымен мектепке келген баланың алдына қойған мақсат міндеттерін түсінуге баули отырып оқыту, тәрбиелеу қажет. Тәрбие өмір бойы үздіксіз жүретінүрдіс болса, қазақ халқы жетілген, өз бетінше жұмыс атқара алатын тулғаның сипатын “Сегіз қырлы бір сырлы” деген бір ауыз сөзбен түйіндеген.
“Қазақстан-2030” Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауында Қазақстан азаматтарының денсаулығын, білімі мен әл-ауқатын арттыруға, экологиялық ортаны жақсартуға ерекше мән берілген. Сондықтан да ұрпақ тәрбиесіндегі көкейкесті мәселелердің бірі өз бетімен жұмыс жасау біліктілерін қалыптасыру.
Мектеп оқушыларына тәрбие беру тұжырымдамасында: Жеке тұлғаның қалыптасуы үздіксіз күрделі үрдіс: Әрбір оқушыға жеке қарап, оның өзіне тән санасы, өзіндік әрекет жасай алатын қабілеті бар, оқушыны дамытуды мектеп алдындағы бір міндет болып саналады.
ХХ ғасырдың аяқ кезіндегі ой-пікірлерден педагогикалық көзқарастары білім беруде оқушының шығармашылық қабілетін өз бетінше жұмыс жасауға үйретудің мәселелері болғанын өмір дәлелдеп отыр.
Енді осы мәселені дамыту үшін мектептің алдында оқушылар өз бетінше жұмыс жасау біліктерін қалыптастыру қажеттілігі туындайды.
Мектептің педагогикалық үрдісіндегі негізгі мәселе – білім беру, өздігінен білімін жетілдіру, өз бетінше жұмысты ұйымдастыру үйрету жолдары болып табылады.
Кіші мектеп жасындағы оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру, өз бетінше жұмыс жасауға үйретудің жолдары болып табылады. Сондықтан, бұл мәселе оқушыларды ғылыми таным әдістердің логикалық ойлауды, ғылыми заңдылықтарды түсіну, практикалық міндеттерді шешуге бағытталуы тиіс. Осыған орай балалардың ғылыми білімді, дағдыларды, өздігінен білімс алуды меңгеруі олардың оқу әрекетінің негізгі мақсаты мен міндеті болып табылады.
Бұл мәселенің маңыздылығы мен қасиеттілігін П.Я.Гальперин, И.Я.Лернер, В.П.Паламер÷ук, М.Жұмабаев, Т.Сабыров, Ж.Б.Қоянбаев т.б. ерекше мән береді.
Қ.Жарықбаев психология ғылымдарының докторы қазіргі таңдағы оқу процесіндегі білім алу мен өз бетінше жұмыс жасау білік, дағды, икемдеріне баса қатты назар аударған.
Оқыту теориясының негіздерін дамытуда дидактиканың негізін салушы Т.Сабыровтың еңбегін бағалап кетуге болады.
Оқушылардың санасында жеткілікті деңгейде білім қоры болмаса, онда оның өздігінен жұмыс істеуіне, өз бетімен жұмыс жасау біліктілігін қалыптасуы мүмскін емес. Сондықтан, бұл тақырыптың негізгіә өзектілігі жұмыстың негізгі мақсаты мен міндеттерін анықтайды.
Зерттеудің мақсаты: Бастауыш мектептің үшінші сыныбында ана тілі сабақтарында оқушылардың өз бетімен жұмыс жасмау біліктіліктерін қалыптастыру жолдарын анықтау.
Зерттеудің міндеттері:
1. Бастауыш сынып оқушыларының қызығушылығын дамытудағы оқытудың ғылыми әдістемелік негіздері, педагогкикалық , психологиялық әдебеиттерге шолу жасау, оның мазмұнын аулу;
2. Оқушының өмірге, қоғамға ғылыми көзқарасын қалыптастыру негізі оның өз бетінше жұмыс жасау жайлы түсінікті тәжірибеде жүзеге асыру жолдарын анықтау;
Зерттеудің объектісі; Ана тілі сабақтарында 3 сынып оқушыларының өз бетінше жұмыс жасауға қызығуы.
Зерттеу пәні: 3сынып Ана тілі пәні.
Зерттеу әдістері. ғылыми әдістемелік әдебиеттер, озат педагогикалық тәжірибелер, анкета, тест,бақылау, баспасөз материалдары.
Димпломдық жұмыс: Кіріспеден,екі бөлімнен, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады.
Әдебиеттер.
1. М.И. Махмудов “Мектепте проблемалық оқытуды ұйымдастыру”. Алматы мектеп 1981ж. 247-бет.
2. А.А. Лþбинская “Бастауыш мектеп оқушы сының психологиясы жөнінде”. Алматы мектеп 1981. 238-бет.
3. А.А. Лþбинская “Бастауыш кластарда оқытудың актуалды проблемалары” Алматы мектеп 1977. 160-бет.
4. С. Мұқанов “Таңдамалы шығармалары” Алматы жазушы 1980. 412-бет.
5. С. Мұқанов “Таңдамалы шығармалары” 15 том 1979. 377-бет.
6. Н. Елікбаева “ұлттық психология” Алматы Қазақ университеті 1992. 96-бет.
7. С. Мұқанов “Таңдамалы шығармалары” 13 том Алматы жазушы.
8. ±. Мүсірепов “Таңдамалы шығармалары” 4 том Әңгімелер. Алматы жазушы. 1973. 263-391 бет.
9. Т.Тәжібаев “Қазақстанда ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы ағарту ісі мен педагогикалық ойдың дамуы ”. Алматы мектеп 1958. 24-25 бет.
10. Ә. Сыдықов “Ы. Алтынсариннің педагогикалық идеялары мен ағартушылық қызметі”. Алматы мектеп 1969. 156 бет.
11. Г. Бегалиев “Бастауыш мектептегі оқу сабағы”. Қазақ мұғалімі 1988. 12-16 бет.
12. С. ұзақбаева “Тамыры терең тәрбие” Алматы білім. 1995 269-бет.
13. М. Жұмабаев “Шығармалар” 2-3 том Алматы білім 1996. 512-бет
14. М. Жұмабаев “Педагогика” Алматы Ана-тілі 1992. 160-бет.
15. Қ. Жарықбаев, С. Қалиев “Қазақ тәлім-тәрбиесі” Алматы Санат 1995. 352-бет.
16. Қ. Бержанов “Дидиктиканың осы кездегі кейбір актуалды мәселелері”. Қазақ мектебі. 1968. N11. 23-27 бет.
17. С. Рахметова “Бастауыш класс оқушысыларының тілін дамытудың ғылыми-әдістемелік негіздері”. Алматы. 1994. 432-бет.
18. Ш.Әуелбаев “Қазақ тілі пәнінің мазмұны және оны жоспарлау”. Алматы. Мектеп. 1980. 136-бет.
18. М.Мұқанов. “Жас және педагогикалық психология”. Алматы. Каз.П.И. 1982. 248-бет.
19. Т.Тәжібаев. “Жалпы психология”. Алматы. Қазақ университеті. 1993. 239-бет.
20. В.А.Сухомлинский “Балаға жүрек жылуы”. Алматы. Мектеп. 1978. 222-бет.
21. Амоношвили “Педагогикалық ізденіс”. Алматы. Рауан. 1990. 574-бет.
22. И.А.Аллаяров “Оқу белсенділігінің дидактикалық негіздері”. Мектеп. 1988. 48-бет.
23. Т.Сабыров. “Оқушылардың оқу белсенділігін арттыру жолдары”. Алматы. Мектеп. 1978. 110-бет.
24. Т.Сабыров “Оқыту теориясының негіздері”. Алматы. Республикалық кабинеті. 1993. 59-77-бет.
25. Б.Тұрғанбаева “Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту”.
26. Л.А.Төкеева–Бектұрғанова “Ана-тілін жүйелі оқыту және оқушылардың өзін-өзі басқаруы” Шымкент 2001. 82-85 бет.
27. К.Молдабек “Бастауыш мектепте тіл дамыту” Шымкент 1999 166-бет.
28. Қ.Аймағанбетова “Бастауыш сыныптарды дүниетануды оқытудың теориялық негізі” Алматы Балауса 2003ж 104-бет
29. Х.Т.Наубаева “Оқушыларды гуманистік негізде бағыттау” Бастауыш мектеп N 1-2 1999ж.
30. Г.Алпысбаева “Шығармашылық-ізденіс көзі” Бастауыш мектеп N 7 1999 10-бет.
31. М.Ізмұқанов “Шыңдалған шеберлік” Бастауыш мектеп N11 1990 16-бет.
32. М.Сәтымбекова “Дидактикалық ойындарды сабақта пайдалану” Бастауыш мектеп N3 1983.
33. П.Шілдебаев “Шеберліе жсабақта танылады” Бастауыш мектеп N8 3-бет.
34. А.үсенов “Ана тілін құрметтеу-адамгершілік парыз” Қазақ мектебі 1990 N5.
35. Б.Құлмағанбетов “Мемлекеттік тілді меңгерту мәселелері” Бастауыш мектеп 1991 N11.
36. Т.Сабыров “Оқыту теориясының негіздері” Алматы 1997.
37. ұ.Жазықбаев “Жаңа адамды тек жаңашыл ұстаз тәрбиелейді” Шымкент 2001.
38. Қ.Ахметұлы “Білім негізі-рухани уыз тәрбиесі” Алматы 2001.
39. Т.Баймолдан “ұрпақ тәрбиесі-көпке ортақ” Алматы 2001.
40. Б.Тұрғанбаева “Шығармашылық қабілеттер және дамыта оқыту”. Алматы. 1999.
41. Ш.А.Амоношвили, С.Н.Лысенко, Волков, Шаталов,Ильин т.б. “Педагогикалық ізденіс” 1989ж Алматы Рауан
42. Ж.Сардарова “Оқушының шығармашылық бағытта дамуы” Бастауыш мектеп N7 2001.
43. Бастауыш мектеп N4 2000ж.
44. Құсайынова, Төлегенов “Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту”, “Өзіндік жұмысының маңызы” 100.
45. Н.Мұқанова “Шығармашылықпен жұмыс істеуге баулу” Бастауыш мектеп N8 2001ж.
46. Ж.Б.Қоянбаев, Р.М.Қоянбаев “Педагогика” Алматы 2002ж.
47. Қазақстан мектебі N4 2001ж.
48. Бастауыш мектеп N6 2002ж.
49. Бастауыш мектеп N4 1999ж.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 63 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .1-
4
І Бөлім Кіші мектеп жасындағы оқушыларды оқыту барысындағы өз бетімен
жұмыс жасауға үйретудің теориялық мәселелері.
1. Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау біліктіліктерін қалыптастырудың
педагогикалық психологиялық негіздері . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . 5-20
2. Бастауыш сынып оқушыларының өз бетімен жұмыс жасау біліктіліктерін
қалыптастыру мәселесінің мәні мен қазіргі теориялық және әдістемелік
жағдайы...20-29

ІІ Бөлім Кіші мектеп жасындағы оқушыларды ана тілі сабағында өз бетімен
жұмыс жасауға үйрету жолдары.

1. Кіші мектеп жасындағы оқушыларды ана тілі сабағында өз бетінше
жұмыс жасауға үйретудің дәстүрлі әдіс амалдары. . . . . . . . . . .
. . . . . . . 29-44
2. Өз бетінше жұмыс жасауға үйрету әдістерін жетілдірудің жаңа жолдары
мен тиімділігін арттыру өлшемдері. . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . .44-54
3. Сабақ жоспарларының үлгілері . . . . . . . . . . . . .54-60

Қорытынды . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 60-61
Әдебиеттер тізімі . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 61-67
Қосымша . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 67-70

Кіріспе

Оқу мектеп жасындағы балалардың негізгі таным әрекеті. Баланың жалпы
психикалық дамуы мектептегі оқу мен оның өздігінен оқуына тығыз байланысты.
Мектептегі баланың оқу әрекеті күрделі, жан-жақты үрдіс, Ол баланың барлық
әрекетін, рухани күштерін, өздігінен білім алуын қажет етеді. Мектеп
жасындағы баланың ақыл-ой еңбегі белсенді әрекет болуға тиісті. Ол оқушының
жалпы психикалық даму ерекшеліктеріне байланысты болады. Балданың ақыл-ой
әрекеті оның қажеттері мен қызығулары, сезімі мен еркі сияқты үрдістермен,
іске асады. Кіші мектеп жасындағы оқушыларждың ақыл-ой еңбегін белгілі
жүйемен жасауға, оның жалпы мәдениетін өздігінен әрекетін қалыптастырып
отыру керек. Ең алдымен мектепке келген баланың алдына қойған мақсат
міндеттерін түсінуге баули отырып оқыту, тәрбиелеу қажет. Тәрбие өмір бойы
үздіксіз жүретінүрдіс болса, қазақ халқы жетілген, өз бетінше жұмыс атқара
алатын тулғаның сипатын “Сегіз қырлы бір сырлы” деген бір ауыз сөзбен
түйіндеген.
“Қазақстан-2030” Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауында
Қазақстан азаматтарының денсаулығын, білімі мен әл-ауқатын арттыруға,
экологиялық ортаны жақсартуға ерекше мән берілген. Сондықтан да ұрпақ
тәрбиесіндегі көкейкесті мәселелердің бірі өз бетімен жұмыс жасау
біліктілерін қалыптасыру.
Мектеп оқушыларына тәрбие беру тұжырымдамасында: Жеке тұлғаның
қалыптасуы үздіксіз күрделі үрдіс: Әрбір оқушыға жеке қарап, оның өзіне тән
санасы, өзіндік әрекет жасай алатын қабілеті бар, оқушыны дамытуды мектеп
алдындағы бір міндет болып саналады.
ХХ ғасырдың аяқ кезіндегі ой-пікірлерден педагогикалық көзқарастары
білім беруде оқушының шығармашылық қабілетін өз бетінше жұмыс жасауға
үйретудің мәселелері болғанын өмір дәлелдеп отыр.
Енді осы мәселені дамыту үшін мектептің алдында оқушылар өз бетінше
жұмыс жасау біліктерін қалыптастыру қажеттілігі туындайды.
Мектептің педагогикалық үрдісіндегі негізгі мәселе – білім беру,
өздігінен білімін жетілдіру, өз бетінше жұмысты ұйымдастыру үйрету жолдары
болып табылады.
Кіші мектеп жасындағы оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру,
өз бетінше жұмыс жасауға үйретудің жолдары болып табылады. Сондықтан, бұл
мәселе оқушыларды ғылыми таным әдістердің логикалық ойлауды, ғылыми
заңдылықтарды түсіну, практикалық міндеттерді шешуге бағытталуы тиіс.
Осыған орай балалардың ғылыми білімді, дағдыларды, өздігінен білімс алуды
меңгеруі олардың оқу әрекетінің негізгі мақсаты мен міндеті болып табылады.

Бұл мәселенің маңыздылығы мен қасиеттілігін П.Я.Гальперин, И.Я.Лернер,
В.П.Паламер÷ук, М.Жұмабаев, Т.Сабыров, Ж.Б.Қоянбаев т.б. ерекше мән береді.

Қ.Жарықбаев психология ғылымдарының докторы қазіргі таңдағы оқу
процесіндегі білім алу мен өз бетінше жұмыс жасау білік, дағды, икемдеріне
баса қатты назар аударған.
Оқыту теориясының негіздерін дамытуда дидактиканың негізін салушы
Т.Сабыровтың еңбегін бағалап кетуге болады.
Оқушылардың санасында жеткілікті деңгейде білім қоры болмаса, онда
оның өздігінен жұмыс істеуіне, өз бетімен жұмыс жасау біліктілігін
қалыптасуы мүмскін емес. Сондықтан, бұл тақырыптың негізгіә өзектілігі
жұмыстың негізгі мақсаты мен міндеттерін анықтайды.
Зерттеудің мақсаты: Бастауыш мектептің үшінші сыныбында ана тілі
сабақтарында оқушылардың өз бетімен жұмыс жасмау біліктіліктерін
қалыптастыру жолдарын анықтау.
Зерттеудің міндеттері:
1. Бастауыш сынып оқушыларының қызығушылығын дамытудағы оқытудың
ғылыми әдістемелік негіздері, педагогкикалық , психологиялық
әдебеиттерге шолу жасау, оның мазмұнын аулу;
2. Оқушының өмірге, қоғамға ғылыми көзқарасын қалыптастыру негізі оның
өз бетінше жұмыс жасау жайлы түсінікті тәжірибеде жүзеге асыру
жолдарын анықтау;
Зерттеудің объектісі; Ана тілі сабақтарында 3 сынып оқушыларының өз
бетінше жұмыс жасауға қызығуы.
Зерттеу пәні: 3сынып Ана тілі пәні.
Зерттеу әдістері. ғылыми әдістемелік әдебиеттер, озат педагогикалық
тәжірибелер, анкета, тест,бақылау, баспасөз материалдары.
Димпломдық жұмыс: Кіріспеден,екі бөлімнен, қорытындыдан, әдебиеттер
тізімінен, қосымшадан тұрады.

1. Бөлім. Кіші мектеп жасындағы оқушыларды, оқыту барысындағы өз
бетімен жұмыс жасауға үйретудің теориялық мәселелері.
1. Оқушылардың өз бетінше жұмыс жасау біліктіліктерін
қалыптастырудың педагогикалық -психологиялық негіздері.
Бүгінгі таңда өскелең ұрпақтың өз бетінше жұмыс істеу қасиеттерін
қалыптастыру, оқу танымдық қызығушылығын арттыру, оқу тәрбие ісіндегі
жетістіктердің қыры мен сырын білу міндеттерін айқындау, соның ішінде
бастауыш мектептердегі білім мен тәрбие беру тәжірибесіне сүйену ерекше
көкейкесті мәселе. Қоғамдық дамудың қазыргі кезеңдегі жаңаша ой-пікірлер
мен педагогикалық көзқарастараның қалыптасу белесінде әлеуметтік педагогика
ғылымдарының ауқымыдылығы кеңейіп оларды зерттеу жан-жақты толыға түсуде.
ҚР-ң Білім туралы” заңы қабылданып, оның негізінде “Білім” мемлекеттік
бағдарламасы жалпы білім беретін мектептің бастауыш сатыдағы білім
мазмұнының тұжырымдамасы қабылданды. Осыған орай еліміздің қайта өркендеуі,
әлемдік желілерге көтерілуі жағдайында бастауыш сынып оқушыларының
дүниетанымдық көзқарасытарын қалыптастыру, оны педагогикалық-психологиялық
тұрғыдан дұрыс басқару қазіргі кездегі объективті қажеттілік. Қызығушылығын
дамыту– білім алудың негізі болып отыр. Сондықтан, бұл мәселе оқушыларды
ғылыми таным әдістері, логикалық ойлау операциялары және жаңаша әдіс-
тәсілдермен таныстырудың жолдарын анықтауды қажет етеді.
Жалпы орта білім беру жүйесінің іргетасы бастауыш білім беруден
қаланатыны белгілі. Кіші мектеп жасындағы оқушылардың өз бетімен жұмыс
біліктерін қалыптастыруда бастауыш білімінің маңызы зор. Бастауыш білім
беру арқылы оқушыларды жалпы орта білім берудің мақсаты көзделеді.
Кіші мектеп жасындағы оқушылардың оқу процесін демократияландыру,
ізгілендіру принциптері оқушының белсенділігін дамыту, оқу тәрбие ісмін
кешенді түрде қарап, ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық тәрбие бірлігін
ұлттық дәстүр, әдет-ғұрыпқа негіздей отырып, білім берумен қатар, өз
бетіндік жұмысты барлық пәндер арқылы да біліктерін қалыптастыроуға болады.
Білім беру– қоғамдық процесс, ол арқылы алдыңғы ұрпақтың әлеуметтік маңызды
тәжірибесі кейінгі ұрпаққа беріледі. Жалпы білім беру негәізінен, үш
мақсатты көздейді. Біріншісі–табиғат, қоғам, техника, өнер, туралы ғылыми
білім негіздерін меңгеру. Бұған ғылымдағы негізгі заңдылықтардан,
фактілерден, жетекші ұғымдар мен идеялардан басқа дүниетанымдық идеялар мен
сенімдер практикалық біліктер мен дағдылар және өз бетінше ойлау әрекеттері
жатады.
Екінші– оқушыларды сабақтан тыс күндері практикалық іс-әрекетке,
өз бетімен қоғамдық пайдалы еңбек етуге даярлау.
Үшінші мақсаты– оқу пәндерін оқытуда өзіндлік жұмыстың
тәрбиелік мүмкіндіктерін пайдалануды керек етеді.
Кіші мектеп жасындағы оқушылардың өзіндік жұмысын дамыту және
жетілдіруде мынадай шарттар бар:
1. Оқушылардың білім қорының болуы және оларды қолдана білуі;
2. Оқушылардың көрген-білгендеріне байланысты ынта-ықыласы мен өзіндік
мағынасының болуы;
3. Оқушылар өз көзқарастары мен сенімдерін практикалық іс-әрекеттер
арқылы жүзеге асыруға дайын болуы.
Көптеген ғалым педагогтардың, практик-мұғалімдердің тәрбиесіне
сүйенсек, оқу-тәрбиесі үрдісі негізінде дамыту мәселесінде басты
рольді ең алдымен оқушының өз бетімен әрекеті, белсенділігі атқарады.
Себебі ,сабақ қанша сапалы болсын немесе мұғалімнің білімі,
тәжірибелік шеберлігі мол болсын, бірақ бала тарапынан өзіндік белсенділік
әрекет болмаса жұмыстың нәтижелі сапалы орындалуы мүмкін емес. Сол себепті
де біз өз кезегімізде оқушыны өзіндік әрекетке бағыттайтын өз бетімен
жұмыс, оның түрлері бала дамуындағы мәселелер төңірегінде сөз етпекшіміз.
Өз дәрежесінде жете мән берілмей келген өзіндік жұмыс жасауға соңғы жылдары
сапалы түрде бетбұрыс жасалуда. Оған дәлел оқушыны дамытуға бағыттала
құрылған жаңа бастауыш білім мазмұны соның негізінде жазылған жаңа
оқулықтар. Себебі, бұнда оқушының өз бетімен білім алып, дамуына жете мән
беріле бастады. Кезінде өз бетіндік жұмыстың бала дамуындағы ролін жете
көрген және ол жөнінде еңбек жазған қазақ зиялылыраның бірі ағартушы ғалым
Ахмет Байтұрсынов.
Ахмет Байтұрсынов оқу-ағарту саласындағы негізгі көзқарастары оның
“Бастауыш мектеп, “Қазақша оқу жайынан”, “Мектеп керектері” атты
мақалаларында ашылған. Соның ішінде біздіңше ерекше көңіл аударарлық
мәселе–бұл автордың “Қазақша оқу жайынан” автты еңбегінде айтқан пікірі.
Автордың пікірінше, бала білімді тәжірибе арқылы өз бетімен алуы
керек. Ал мұндағы мұғалімнің қызметі–балаға орындлалатын жұмыс түрлерін
шағындап беру және қойылған мақсатқа жету үшін бағыт-бағдар беріп отыру.
Бұдан біз Ахмет Байтұрсыновтың 20-30 жылдардың өзінде-ақ кейінгі жылдары
ресей ғалымдары В.Давыдов пен Л.Занковтың дамыта оқыту теориясын негізі
болған,-өз бетіндік танымдық әрекеттің ролін көре біліп, оның бала
дамуындағы маңызын өз кезінде қозғағағндығын байқаймыз.
Бұл тағы да оның өз заманының озық тәжірибелі педагогы, ғалымы
екндігімен қатар, оның баланы дамыту мәселесін көтере отырып басты нысанасы
болып табылатын өз бетіндік жұмыстың ролін көре білгендігін көре аламыз.
Бастауыш сыныптарда өз бетімен жұмысты ұйымдастыру оның бағдарлама
мазмұнына, талапқа сай болуы, түрлі мазмұнда және формада көрініс табуы
шығармашылық бағытта жұмыс істеуге бағыттауы,сондай-ақ бағаланып,
марапатталуы сияқты мәселелерге жете мән беріледі. Осыған орай өз бетімен
жұмыс бастауыштың өзіне тән әдістемесіне сәйкес түрлі формада және мазмұнда
көрініс табуда. Өз бетіндік жұмыс–бұл шығармашылық жұмыстың бастамасы. Сол
себепті де оқушылардың шығармашылық қабілеттерін олардың өзбетіндік
жұмысынсыз дамыту мүмкін емес.
Бастауыш мектепте өзбетімен жұмысты тиімді ұйымдастыруға жол ашатын
қолайлы жағдай- бұл оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес өзіндік
ерекшеліктері. Өйткені бұл жастағы балалардың ойлау қабілеті жоғары және
қиялдау, елестеу, шығармашылық, жұмысқа талпынысы басым болады.Сол себепті
де тиімді түрде ұйымдастыра білген мұғалімге оның берерлік маңызы зор.
ӨЗ бетімен жұмыс түрлеріне қатысты материалдарды саралау және өз
тәжірибеміздің қорытындысы негізінде біз шығармашылық жұмысқа баулып,
олардың белсенділіктерін, қызығушылықтарын арттыра түсетін өз бетімен жұмыс
түрлеріне төмендегі негізгі үш жұмыс түрлерін жатқыза аламыз. Олар:
1. Логикалық дамытушы ойындар мен берілген тапсырмалар (құрастырмалы
ойындар, ребус, сөз жұмбақ, анаграмма) өз бетімен жұмыс түрлері;
2. Берілген тапсырманы түрлендіру бағытындағы жұмыс түрлері ( кері есеп
құру, мәтіннің мазмұнын өңдеу, т.б.)
3. Өз ойынан еркін тақырыпқа құрастыруға берілген әдеби шығармашылық
бағыттағы жұмыстар (өлең құрастыру, әңгіме, шығарма жазу, т.б.).
Мұнда басты назар аударатын мәселе- бұл оқушылардың ауызша, жазбаша
тілдерінің өзара ұштастырыла отырып және соған сәйкес жұмыстың ауызша,
жазбаша түрде көрініс табуларын талап ету. Соның негізінде ғана біздіңше ,
тіл байлығымол, сауапты да шығармашыл жас жеткіншекті тәрбиелей аламыз.
Оқушылардың өзіндік жұмысы – мұғалімнің қажетті нұсқаулары бойынша
оқушының оқу жұмысының жеке дара және ұжымдық түрі.Өзіндік тапсырмаларды
орындау барысында оқушылардан белсенді ойлау, әр-түрлі танымдық есептерді
шешу талап етіледі. Осының нәтижесінде оқушылар өздігінен бақылауды
үйренеді, оларды тапсырылған істі орындаудағы жауапкершілік сезім
еңбексүйгіштік, табандылық, ұйымшылдық, бір-біріне деген жолдастық көмек
қалыптасады. Дидактикалық мақсатына қарай өз бетінше жұмыстарды жаңа
материалды оқып үйренуге дайындық, жаңа материалды оқып үйрену (игеру),
бекіту, қайталап-пысықтау және бақылау деп бөлуге болады.
Оқушылардың өз бетінше жұмыстың педагогикалық тиімділігі- мұғалімнің
жұмысқа жасаған басшылығының сапасы мен тікелей байланысты. Егер мұғалім
жұмысты дұрыс ұйымдастырса,оқушылардың алдында қойылған мақсат да айқын
болса, онда орындалған өзіндік жұмыстың сапасы да ойдағыдай болады.
Бастауыш сыныптарда оқытудың маңызды мақсаттарының бірі-оқушыларға өз
бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.
Білімнің негізгі бастауыш сыныптарда қаланатыны белгілі. Ендеше, осы
бастауыш сыныптардан бастап, оқушылардың өз бетінше жұмыс істей білу
іскерліктері де қалыптасуы тиіс. Атап айтсақ: жаңа ұғымды, заңдылықты
ережені түсініп, тұжырымдау есепті талдап, шығара білу, жаңадан өтілген
ұғым бойынша өздігінен ой қорыта білу, өзінің оқу іс-әрекетіне бақылау
жасай білу, т.б. Осындай іскерліктерді қалыптастыру-оқу барысында мақсатты
түрде ұйымдастырылған жұмыстар және жаттығулар жүйесі арқылы жүзеге
асырылады.
Өз бетінше жұмыстың негізгі ерекшелігі – оқушының берілген тапсырманы
мұғалімнің көмегінсіз орындау. Тапсырманы орындауда жақсы нәтижеге жету
үшін,мұғалім оқушының іскерлік дағдысын, бақылау, білу қабілетін, ойлауын
есепті шешу жолдарын дұрыс таңдай білуін байқап көреді. Егер тапсырманы
орындауда қателер жіберілсе, онда мұғалім сол қателерді оқушылардың өздері
жөндеуіне мүмкіндік беріп, оқушының іс-әрекетін дұрыс жолға бағыттағаны
жөн.
Оқу – мектеп жасындағы балалардың негізгі таным әрекеті. Баланың жалпы
психикалық мектептегі оқу мен өздігінен оқуына тығыз байланысты. Баланың
оқу әректі-күрделі, жан-жақты үрдіс, ол баланың барлық әректін, рухани
күштерін керек етеді.
Баланың ақыл ой еңбегі белсенді әрекет болуға тиісті. Ол оқушының
жалпы психикалық даму ерекшеліктеріне байланысты болады.
Баланың ақыл-ой әрекеті, оның қажеттері мен қызығулары, сезім мен
ерік сияқты т.б. Оқушының өздігінен оқуы тиісті болуы үшін ақыл-ой
еңбегінің дағдыларын қалыптастыру керек. Баланың ақыл ой-еңбегін белгілі
бір жүйемен жасауға, оның жалпы мәдениетін арттырып отыруға көңіл аударған
жөн. Ең алдымен баланың өз жұмысының мақсат-міндеттерін анықтауға үйрету
керек. Ең алдымен баланың өз жұмысын (тапсырмасын) не үшін, қандай
мақсатпен жасау керектігін, ол қандай жаңа нәтиже беретінін білсе, онда
оқушы әрекетінің саналылығы артады. Оқу жұмысының мақсат-міндеттеріне сай
баланы өз бетімен жұмысын жоспарлай біліуге, уақытты дұрыс пайдалануға. Өз
әрекетін қадағалауға, бағалауға, қысқаша айтқанда, өзін-өзі басқаруға
дағдыландырудың маңызы зор.
Оқытудың жаңа технологиясы дегенде, ең алдымен педагогикалық
технология деген ұғымды түсіну керек. Оқыту технологиясы-оқу
бағдарламаларында қарастырылған алға қойған мақсатқа жетудің тиімділігін
қамтамасыз ететін оқытудың әдіс, құрал және түрлерінің жүйесі арқылы оқыту
мазмұнын жүзеге асыру жолы. Сөйтіп, оқыту технологиясында мазмұн, әдіс және
құралдардың өзара байланысы мен себептілігі жатыр, ал қажетті мазмұнды
педагогикалық міндетке сәйкес іріктей білу мұғалімнің педагогикалық
шеберлігіне байланысты. Педагогикалық технология-оқушылардың жеке басын
дамыту мен білім беру мақсатына жету жолындағы педагогикалық қызметтің, іс-
әрекеттің жүйелі дамып отыратын жобасы. Өзіндік жұмысты ұйымдастырудың
негізгі шарттары мыналар: мұғалімнің басқаруымен оқушылардың
дербестілігінің өзара байланысы, олардың жұмысты өз еркімен және қолдарымен
істеуі, және оған әсер ететін мативтер және т.б. Дәлірек, айтқанда, мұғалім
сабаққа дайындалғанда өзінің әрекетін ойластырумен шектелмей, денгейіне
қарай оқушының әрекетіне мән беруі тиіс. Уақытты тиімді пайдаланып,
оқушының өз бетімен тапсырманы орындауына ұдайы жағдай жасалуы қажет.
Оқу әрекеті барысында оқушылардың өз бетімен тапсырманы орындау
дағдыларын қалыптастыруға болады.
– Оқушылардың өзіндік жұмысы туралы түсінік беру:
– Оқушылардың өз бетімен тапсырманы орындау әдістемесімен таныстыру.
Оқушылардың өзіндік жұмыстарының ұйымдастырылуы – баланың жеке басын
дамытудың басты кепілі. Ол үшін мұғалім мына қағидаларды есінде ұстауы
қажет:
1. Баланың бойындағы қамқорлығын, қызығушылығын жойып алмай, оның үнемі
алға жылжуға деген табиғи талап-тілектерін, сұраныс пен мұқтаждарын ескеру,
шығармашылығын жетілдіру.
2. Білімді өз бетінше іздену арқылы алуға қолайлы жағдай . жасау;
3. Өзін-өзі дамытатын тұлға қалыптастыру. Дәстүрлі оқыту балада білім,
білік, дағды алуға қажетті ақыл,сана бар деп есептеп, сол ақылға
дайын білімді құþ крек деген көзқарасқа, ал дамыта оқыту бала
бойындағы табиғи қабілеттерді жаңа белестерге көтеруді мақсат
тұтатын принциптерге негізделген. Дәстүрлі оқыту жаттауға, есте
сақтауға ал дамыта оқыту дербес жұмыс істеуге, алған білімді па
йдалана білугне үйретеді. Психологиялық зерттеулерге қарағанда
оқушылардың “ойша” әрекеттену қабілеттері әсіресе, бастауыш мектеп
жасындағы, яғни негізгі оқу іс-әрекеті, дағдылары қалыптасқанда
үздіксіз дамиды және сондай-ақ олардың шығармашылықпен өзін-өзі
көрсете білу қажеттігі басым. Бұл оның жеке тұлғаның анықтауына, өз
қабілеттерін жүзеге асыруға және оның қанағаттандырылуы оқушыға
әрқашан қуаныш сезімін тудырады.
В.В.Давыдов оқушыларды осы кезеңде байқалатын психологиялық жаңа
сапалық қасиеттерді сипаттай отырып, былай дейді: “Оқушы өз әректетінде
барынша көп қадам жасаған сайын, ол түрлі варианттарын салдыстыра алады.”-
деді.
Бастауыш мектепте оқушылар жұмысын әшекейлеп ұйымдастыру формасында
әр оқушы тек өзіне арналған (дайындығына және қабілетіне) байланысты
тапсырмалар алады. Мұндай тапсырмалар ретінде оқулық пен басқа оқу
құралдары мен мазмұндама, шығарма, әр түрлі бақылаулар өткізу т.б.
Тапсырма орындаудың жекелеп ұйымдастырудың екі түрі бар.
Біріншісінде оқушы барша сыныпқа бірдей берілген тапсырманы өз алдына,
басқалармен хабарласпай лрындайды. Екіншісінде әр оқушы өзіне тиіс өзіндік
жұмыстарын орындайды. Осылай әр баланың дайындығына орай жаттығулар беріп,
оның алға ілгерілеуін қамтамасыз етуге болады. Оқушылардың өзіндік жұмысты
орындау барысында өте маңызды мәселе–мұғалімнің тапсырманы орындауға
бақылауы, оқушыларда кездескен қиындықтарға дер кезінде көмек беруі, яғни
жұмыс барысында ол шәкірттерге жұмыстың дұрыс қолдануға кеңес беріп,
сілтеме сұрақтар қойып, бағытқа салып отырады. Ал егер оқушылардың
тапсырманы орындауға күші келмейтінін сезсе, жеке жұмыстарын доғарып,
бүкіл сыныпқа қосымша түсініктеме, кеңес береді. Жеке жұмыстарды сабақтың
барлық кездерінде де әр түрлі дидактикалық міндеттерді шешумен
байланыстырып отырған жөн. Мысалы, жаңа білімдерді игеру және бекітуді
ептілік пен дағдыларды қалыптасытру және орнықтыруда өткенді қорытындылау
мен қайталауда бақылау кезеңінде, зерттеу – ізденіс әдістерін үйренуде.
Әлбетте, оқушылардың жұмысын ұйымдастырудың бұл формасын бекіту,
қайталау әр түрлі жаттығулар үшін қолданған өте қолайлы, бірақ оның
тиімділігі жаңа материалмен байланысты өзіндік жұмыстар орындауда, алдағы
болатын сабаққа өз бетінше дайындалғанда орынды жемісін береді.
Мысалы, сабақта өтілетін көркем шығармаға байланысты әр оқушыға немесе
оқушылар тобына күні бұрын жеке тапсырмалар беріп қоþға болады. Бүкіл сынып
болып шығарманы оқып шығуы шарт.
Осы оқу барысында әр оқушы (өз) сұрағына жауап дайындайды. Мұндай
жұмысқа орай есте ұстайтын жәйт: 1) әр бала өз мүмкіндігіне сай жұмыс істеп
бағасын алады. 2) Әркім шығарманың өзіне тапсырған бөлігі бойынша талдау
жүргізеді де, сабақта өзіне тиісті материалды түсіндіріп береді. Үлгерімі
төмен оқушылар үшін дайындалған тапсырмалар орындау үлгерімімен қоса
беріледі. Осылай әр оқушының білім дәрежесін, қабілетін ескере отырып,
олардың оқу процесінде, қадам, қадамнан алға ілгерілеуіне тиімді ықпал
жасауға болады. Қазіргі мектептерде ұжымдық тұрғыда оқыту жүйесі
қалыптасқан. Бағдарлама да соған сай жасалған. ұжымдық жүйеде оқытудың
пайдасы мол. Алайда, жеке оқушылардың түрлі психологиялық, физиологиялық
т.б. өзіндік ерекшеліктері жан-жақты зерттеулер есепке алуды қажет етеді.
Сондықтан, мұғалімнің оқыту барысында жақсы үлгерімге жету үшін, әрбір
баланың өзіндік ерекшеліктерін жете білуге үлкен мән беру қажет. Мұнсыз оқу-
тәрбие жұмысы іске аспайды. Сыныпқа арналған ана тілі оқулығында берілген
оқу материалдарын мұғалім жеке оқушының өзіндік ерекшелігіне қарай сұрыптап
әр – алуан жаттығу түрлерін жасауға болады. Осы оқу процесінде әр оқу
процесінде жеке оқушылардың әр түрлі өзіндік ерекшеліктерін есепке алу
проблемасы. Аса ауқымды, әрі күрделі процесс. Мұның өзі тек диференциялап
оқытуды ғана емес, сонымен қатар, бала тілін таба білуді, оны оқуға
қызықтыруды, оқу материалдарынан алынған дидактикалық принциптерін тұтасқан
бірлігінде үйретуді қажет етеді.
Оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыруда оларды топқа бөліп, әр
қайсысымен жекелеп жұмыс жүргізудің маңызы зор.
Мұндай жағдайларда оқушының ынытымақтастық сезімдер мен ойлау
дербестігі дамиды. Осыған орай мына сабақты үлгі ретінде көресетемін.
Мектеп табалдырығын аттаған жас бала ертеңгі ел тұтқасы десек, оларды
парасатты, саналы етіп тәрбиелеу–әрбір ұстаздың борыùы. Бүгінгі мұғалім
кіші мектеп оқушыларына тек білім беріп қана қоймай, оларға хылықтық
педагогиканың нәрлі қайнары мен сусындату, әрбір оқушы бойына ұлттық мінез-
құлық, адамгершілік, сыпайлылық пен кішіпейілділік қасиеттерін
қаллыптастыруға, баланың жан дүниесін рухани қазыналарымен байытуға қазақ
халықыныңы әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін меңгертуге тиіс. Алдыңғы қатарлы
тәжірибені жетілдіре отырып, оқу үрдісіне жаңа әдіс-тәсілдерді, оқытудың
жаңа технологияларын оқушылардың өз бетіндік жұмыстарын, ұйымдастырудағы
жалпы дамуын қамтамасыз етуі керек. Бала жаңа жаңалыққа құмар, білмегенін
білгісі келіп, белгісіз нәрсені ашуға тырысатын болғандықтан, бастауыш
сынып мұғалімі олардың осы талпынысын дамытуға көңіл бөлуі тиіс.
Оқушылардың сүйіспеншілігін арттыру мақсатын сабақ барысында тиімсді әдіс-
тәсілдерді енгізіп, оны ұйымдастыру формасын түрлендіріп отыру, мұғалімнің
басты міндеті екені белгілі.
Мұндай жағдайда жұмыстың мазмұнын, орындау тәсілдерін мұғалім өзі
айтып, түсіндіреді, ал оқушы тек орындаушы ретінде жұмыс істейді. Ал егер
мұғалім оқушыға бәрін өзі айтпай, бұрын алған білімдерін қодлдануға лайықты
жағдайлар туғызатын болса, онда оқуша өздігінен ізденіп, жатса міндеттерді
шешуге тырысады. Мұндай жағдайда оның дербестігі өздігінен істейтін әрекеті
артады. Бұдан шығатын әдістемелік қортындыда оқушылардың өзіндік жұмысын
ұйымдастыруда алдымен оларды өздігінен жұмыс істеуге дайындайтын
жаттығулардан бастап, кейін мұғалімнің көмегімен орындайтын дербес жұмыстар
соңында толық өздігінен жасайтын жұмыстарға үйрету қажет. Мұғалім мен оқушы
арасындағы қызметіне қарай, оқушылардың өзіндік жұмысының негіздерін
мынандай көрсетуге болады.

Мұғалімнің басқару функциясы

1. Тапсырманы анықтап беру.
А) жұмысты орындау туралы әдістемелік нұсқаулар беру;
2. Жұмыс барысында бақылау жүргізу;
3. Оқушылар әрекетіне оның жеке амал-тәсілдеріне түзетулер жасау;
4. Жұмысты тексеру, оның нәтижесін талдау, бағалау.
1.1 Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау біліктіліктерін қалыптастырудың
педагогикалық психологиялық негіздері

Оқушылардың өздігінен жұмыс істеу проблемасын қарастырғанда алдымен
оқушылардың өздігінен істейтін жұмыстарының қандай психологиялық негізі
бар, оның шәкірттердің басқа да іс-әрекеттерімен байланысы, қатысы қандай
деген мәселені анықтап алу қажет болады.
Қазіргі уақытта мектептегі оқыту жұмысы алдына балаларға белгілі
дәрежеде білім беру, қажетті дағдылар мен іскерліктерді меңгерту сонымен
қатар оқушылардың ақыл-ойын, қабілетін дамыту міндеті қойылған.
Мұғалімдер әр оқушының кішкентай кезінен бастап, байқалатын жалпы не
арнайы қабілеті болатынын біледі. Сондықтан мұғалімдердің баланың қабілетін
тәрбиелеу мен дамытуға бағытталған оқыту процесін ұйымдастыруда
программалық материалдарды меңгерту, дағдыға үйрету, түсіндіру, жаттықтыру,
көрсету, істету оларды қайталау әректтеріне ғана сеніп қоймай, психолгиялық
негізге де сүйеніп ұйымдастырудың мәні де зор. Айталық , қабілетті дамытуға
негіз болатын фактор–баланың қызығуы дейміз. Ал мұғалім осы қызығудың
қайнар көзі неде екенін білуі пайдалы. Мәселен, қызығу сезімге әсер етуден,
сол арқылы зейінді аударудан басталады. Сондықтан мұғалім сезімге әсер
етудің жолын, тәсілін білуі керек. Ал оқушыларда қызығу пайда бола
бастағанда педагогтың екінші мәселені ойластыруына тура келеді. Ол – сол
қызығуды жойып алмай, тереңдету, тұрақтандыру, әрекетін ұйымдастыру
мәселесі. Бұл – қызықтыра отырып, оқушылардың өздігінен істейтін жұмыстарын
жүргізуін қажет етеді.
Оқушылардың өздігінен істейтін жұмыстарын оқыту процесіне ендірудің
психологиялық негізі мынадан да байланысты. Психологтар мен дидактиктер
ойлауды белсенді ой, дербес ой және твор÷естволық ой деп бөледі. Мысалы,
твор÷естволық ой – дербес әрі белсенді болады. Бірақ белсенді ойдың бәрі
бірдей твор÷естволық ой бола бермейді.
Оқушының оқудағы белсенділігі дегеніміз оның оқуға қажетті білім,
дағды, іскерлік қабілетті меңгеру және оларды өмірде, практикада қолдану
жолындағы саналы ерікті әрі мақсатты әрекеті болып табылады. Мысалы,
мұғалімнің
түсіндіріп тұрған материалын ұғып, түсініп алу үшін, оқушы оған көңіл қойып
тыңдауы керек. Ал мұғалімнің айтқандарынан алған білімін кеңейтіп,
толықтыру үшін өздігінен кітап оқуы, бақылау, тәжірибе жасау, жазу-сызу
сияқты жұмыстар жүргізу тиіс. Ал өтілген материалды сапалы қайталау да,
жаңадан білім алуда, оның жолдары мен дағдыларына үйрену де белсенді ой мен
іс-әректсіз мүмкін емес. Яғни, оқушының белсенділігі ауызша, жазбаша
жұмыстарға, бақылау-бағдарлауға, практикалық тәжірибе жұмыстарына, бір
сөзбен айтқанда, оқу процесінің барлық кезеңіне қажет. Бұл жерде оқушының
белсенділігі ұғымы мен өздігінен істейтін жұмыстары дегенді ажыратып алу
керек.
Ал шын мәнісінде оқушылардың өздігінен істейтін жұмыстары олардың
белсенділігіне негізделеді. Бірақ кейбір мұғалімдер сияқты белсенділікті
оқушылардың өздігінен істейтін жұмысына жатқызуға болмайды.
Оқушылардың белсенділігі дегеніміз – олардың колективті түрде
бірлесе, көмектесе, қатыса отырып, білім алу жолында жасаған іс-әректі
деуге болады. Ол өздігінен істейтін жұмысқа да жатпайды. Себебі оқушылардың
өзіндік жұмысына олардың толық ой дербестігімен, түгелдей өздігінен
істейтін, тындыратын жұмыстары жатады.
Екінші бір басын ашып алатын мәселе – оқушылардың өздігінен істейтін
жұмыстары мен олардың оқудағы дербестігінің арақатынасы. Оқыту процесіндегі
оқушылардың дербестігі ой дамуының негізінде қалыптасады. Сондықтан
өздігінен істейтін жұмыстарды оқушылардың ақыл-ой дербестігін
қалыптастырудың жолы деуге болады. Оқушылардың ой дербестігінің
қалыптасуына психологиялық (оқуға қызығу, әсерлену, анализ-синтездік
талдау дағды қабілеттерінің дамуы т.б.) және дидактикалық (проблемалық
сұрау, зерттеу әдісі, жаңа материалды өткен материалмен, өмірмен
байланыстыру, білімін жоспар, схема, таблица жасау сияқты практикалық
істерде пайдалану т.б.) жайлар негіз болады.
Бұдан шығатын қорытынды: 1) Оқушылардың өздігінен жұмыс істеуі үшін
белгілі дәрежеде олардың ой белсенділігі, дербестігі керек. 2) Оқушылардың
өздігінен істейтін жұмыстары олардың ой-әрект дербестігін, жұмыс дағдыларын
қалыптастырады.

1.2 Бастауыш сынып оқушыларының өз бетімен жұмыс жасау
біліктіліктерін қалыптастыру мәселесінің мәні мен қазіргі теориялық және
әдістемелік жағдайы.
Әрбір оқыту әдісі оқушылардың өзіндік жұмысын қамтиды, оқыту әдісінің
міндеті-кіші мектеп жасындағы оқушылардың дербестігін арттыру, өздігінен
жұмыс істеуге баулу.Білім алуда оқушылардың белсенділігін саналылығын,
білім алу дағдысын қалыптастыруды талап етеді.Адамның қандай да болмасын
әрекеті белгілі қажеттерден туады. Осы қасиеттерді өтеу немесе
қанағаттандыру үшін ғана адам белсенді әрекет жасайды. Оқушылардың таным
әрекеті білім алу қажетімен ұштасып жатады. Кіші мектеп жасындағы
оқушылардың өздігінен істейтін әрекеті анық белсенділігін арттырады.
Оқушылардың оқудағы белсенділігі дегеніміз-оқуға қажетті білім мен дағдыны
меңгеру ғана емес оларды өмірде практикада пайдалана біліуге, үйренуге,
істейтін саналы әрекеті.
Мысалы мұғалімнің баяндап тұрған материалын түсіну үшін оқушының
оиын зейін қойып тыңдауы ал оған білімін кеңейтіп, толықтыру үшін,
өздігінен кітап оқуы, бақылауы, тәжірибе жасауы жазып, сызуы сияқты
жұмыстар орындау қажет. Өйткені, өтілген материалды саналы қайталау, білім
алу, дағдыларын үйрену белсенділікті қажет етеді. Яғни, оқушының
белсенділігі ауызша, жазбаша жұмыстарда, бақылау, анкеталар, жүргізу
барысында қалыптасады. Оқу процесінде оқушының белсенділігі екі түрлі
сипатта болады.
1. Сыртқы белсенділік, 2. Ішкі белсенділік.
Сыртқы көріністері. Олар мыналар белсенді қимыл қозғалыстары, практикалық
әрекеттері мұғалімге зейін қойып қарауы, мимикасы. Оқушының ішкі
белсенділігіне- оның белсенді түрде ойлау әрекеті жатады. Белсенділік жеке
тен,маңызды бір қасиет болып саналады. Оқушы белсенділігі бір қалыпты
болмайды. Оқушының жас ерекшеліктеріне және психикалық даму дәрежесіне
қарай белсенділіктің бірнеше түрі қалыптасып дамиды.

1.Қимыл және сөйлеу;
2. Ойын және оқу;
3.Өзін-өзі тәрбиелеу; Осыдан шығатын қорытынды оқушылардың өзіндік өзіндік
жұмысы оқыту әдісі де, оқыту принципі де емес, ол-оқушының күрделі
әректтерінің бір түрі немесе оқу жұмыстарының арнайы бір формасы болып
табылады. Оқушы процесі – екі жақты процесс болғандықтан, оқушылардың
өзіндік жұмысы міндетті түрде мұғалімнің басшылығымен, сонымен қатар
оқушылардың дербесінің, олардың қызығын өз ықыласымен жасайтын әрекетінде
керек етеді. Р.Г.Лемберг, М.Н.Скаткин, В.А.Занков сынды педагог,
психологтар оқушылар өзіндік жұмыстарының негізгі ерекшкліктерін олардың
ықыласы және өз еркімен әрекет жасауына байланысты деп санайды.
Оқушылардың өзіндік жұмысының маңызын терең түсіну ұшін оның
атқаратын функциясы мен міндеттерін атап айтуға болады.
1. Оқушылардың дербестік қасиетін арттыру;
2. Олардың алған білімінң саналығы мен беріктігін қамтамасыз ету;
3. Оқушыларды оқуға қажет біліктер мен дағдыларды қалыптастыру;
4. Оқушылардың таным, ақыл-ой қабілеттерін дамыту;
5. Оқушыларды сыныптан, мектептен тыс дербес білім әзірлеу;
6. Оқушылардың оқуға ынтасын арттырып, үлгірмеушілікті болдырмауға әсер
ету.
Өзіндік жұмыстың түрлері сан алуан. Оларды топтастыру – өте күрделі
мәселе. Сондықтан оқушылардың өзіндік жұмыстарын таныстару үшін бірнеше
шарттар мен белгілерді ескеру керек. Оқытудың мақсат міндеттеріне және
пәннің мазмұнына, оқыту әдістерінің ерекшеліктеріне, оқушының даму
дәрежесіне қарай өзіндік жұмыстарды бірнеше топқа бөлуге болады. Оның
негізгі жиі кездесетін бір тобы – сабақ сабақ мақсатына қарай қолданатын
жұмыстың түрлері. Олар мыналар;
1. Жаңа білімді меңгеру;
2. Жаңа білімді бекіту;
3. Білім мен дағдыларды қайталау, бақылау, және тексеру.
Кіші мектеп жасындағы оқушылардың өзіндік жұмысы білік пен дағдыны
қалыптастырудың тиімді жолы болғандықтан В.А.Сухомлинский “оқушылар оқуға
қажетті білім дағдылар жүйесін меңгеру қажет дейді”. Оқушы міндетті түрде
мынадай біліктілер мен дағдыларға ие болу тиіс:
1. Сыртқы қоршаған ортаның құбылыстарын бақылай білу;
2. Ойлай білу;
3. Оқушының көргенін, байқағанын, істегенін, ой тұжырымдарын айта білу;
4. Оқыған материалдардың мағынасына қарай лотикалық білімдерін айыра білу;
5. Өзінге керекті кітапты таба білу;
6. Оқу үстінде мәселеге байланысты материлды кітаптан өз бетінше тауып
алуы;
7. Мәтінді оқи отырып, мұғалімнің берген нұсқауларын орындай білу;
8. Оқығаны, көргені, туралы өз бетінше мазмұндама, шығарма жаза білу.
Оқушыларда осындай шеберліктер мен дағдылар жүйесі болмаса, онда
ойдағыдай өз бетінше оқып жұмыс істей алмайтынын В.А.Сухомлинский
ескерткен. Кіші мектеп жасындағы оқушылардың өзіндік жұмыстарының екінші
тобына оқу әдістерін байланысты іске асыратын жұмыстардың түрлері жатады:
Оқулық пен оқу құралымен және басқада ғылыми анықтама әдебиеттерімен жұмыс
істеу, шығармашылық жаттығулар, бақылау, эксперимент т.б.
Оқушылардың дербестігін даму дәрежесіне қарай, олардың өздігінен
істейтін жұмыстары репродуктивтік және шығармашылық болып екі топқа
бөлінеді. Репродуктивтік жұмыстарға оқушылардың дайын үлгіге еліктеу
негізінде жасайтын жұмыстары. Мысалы: жай жаттығу, көшіріп жазу,
мұғалімнің берген сұрақтарына жауап беру, берілген жоспарға сәйкес
оқулықтардағы мәтінмен жұмыс істеу, сабақта ана тілінен өтілген тақырыпқа
ұқсас үйде мәтінді қарастырып оқу, т.б.
Шығармашылық жұмысқа – оқушылардың өздігінен шығарма, баяндама,
көрнекі құралдар, конструкциялық жұмыстар жасау т.б. жатады.Әрине бұл екі
жұмыс өз ара байланыста болады. Кіші мектеп жасындағы оқушылардың өзіндік
жұмыстарына түгел сынып болып немесе топтарға бөлініп орындайтын дара және
фронтальды формаларыда болады. Осыған орай оның ұйымдастыру формасын жеке
және фронтальды деп топтастыруға болады. ±алым–педагог О.А. Нильсон
оқушылардың өзіндік жұмыстарын мынадай принциптерге қарай тапсырады.
1. Психологиялық.
2. Психологиялық–дидактикалық.
3. Дидактикалық.
4. Дидактикалық–әдістемелік.
5. Әдістемелік
6. ұйымдастыру (жұмыстың орындалуын басқаруға байланысты).
7. ұйымдастыру принципі (жұмысты ұйымдастыру формасына байланысты).
Оқушылардың жұмыстарының барлық топтарын мұғалім оқыту процесінде жүйелі
түрде әрқайсысын өзіне тиісті жерінде қолдануға міндетті, және оның бір
ерекшелігі–оқыту процесінің барлық кезеңдерінде қолдануға болады.
Өзіндік жұмыстарда жеке оқу процесін оқытуда қолданудың ерекшеліктері
болады. Мысалы: ана тілі пәнін оқытқанда оқушыларды мынандай жұмыстарды
орындауға үйрету пайдалы:
1. Оқу: түсіндірмелі, мәнерлеп, рольдерге бөліп, жаттау, баяндау, сұрақ
жауап, т.б. Бұлар көбінесе ана тілі сабағында жүргізіледі.
2. Жоспар: мазмұндама, шығарма жазу, талдау. Бұл жазбаша жүргізіледі.
Осы жұмыстарды түрлендіріп, күрделендіріп жүйелі түрде оқушылардың
өзіндік жұмыс етіп ұйымдастыру мұғалімнің шеберлігіне байланысты.
Сондай–ақ оқушылардың өзіндік жұмыстарын олардың таным, іс–әрекеттерінің
ерекшеліктеріне қарай әр түрлі бағытта ұйымдасыруға болады.
Кіші мектеп жасындағы оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастырудың маңызы
өте зор. Бұл туралы Ахмет Байтұрсыновтың пікірі бойынша, бала білімді
тәжірибе арқылы өздігінен алуы керек. Мұғалімнің қызметі оның білімінің
шеберлігін ұзақ жолды қысқарту үшін, ол жолдан балалар қиналмай оңай өту
үшін, керек білімін кешікпей, өзінде алып отыру үшін, балаға жұмысты әліне
қарай шағындап беру мен бетін белгілеген мақсатқа қарай түзеп отыру керек.
Оқушылардың өзіндік жұмыстарының мән-мағанасы, оны ұйымдастырудың тәсіл
амалдары туралы педагогикалық әдебиеттерде әртүрлі пікірлер айтылады.
Профессор Р.Г. Лембергтің пікірінше, оқушылардың істейтін жұмысының
мақсатына айқын түсінуі: жұмыстың жемісті аяқталуына, оның алдағы
нәтижесіне қызығуы: жұмысты оқушылардың өз еркімен қалауымен орындауын
көздеу керек деді. Оқушылардың өзіндік жұмысына мұғалімнің тапсырмасы
бойынша өздері жоспар жасап, істің тәсілін анықтап, оның нәтижесін бағалап
орындайтын жұмыстары жатады.
Оқушылардың таным әрекеті білім алу қажетімен ұштасады. Осыған орай,
олардың дербестігі, ең алдымен, белсенділікке байланысты, ол белсенділік
дербестікті қажет етеді. Оқушылардың өздігінен істейтін әрекеті оның
белсенділігін арттырады. Бұл екі термин өзара ұқсас болғанымен, олардың
мазмұнында айырмашылық бар. Қысқаша айытқанда, бұлар бір мағанадағы ұғымдар
емес. Белсенділік– дербестікке қарағанда мағанасы кең ұғым.
Оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыруда халық педагогикасының
үлгілерін қолданудың тиімділігін тәжірибе көрсетіп отыр. Мысалы:”Әдеп
әліппесі” пәнін оқыту барысында, бастауыш сынып оқушыларына, біз сабақтарда
оқушылардың өзіндік жұмысын орындауда әртүрлі тәсіл-амалдарды қолданамыз.
Солардың ішінде мәтінді ауызша мазмұндату, еркін мазмұндату.
Еркін мазмұндату, түсінігін, не есте қалғанын айтқызу. Көркемдеп немесе
мәтінге жуық мазмұндату. Іріктеп мазмұндату, немесе негізгі ойды ғана
айытқызу.
Осы мазмұндатудың жеңіл түрінен бастап, күрделі түрлеріне қарай
дағдыландырамыз. Сонымен қатар, оқушылардың өзіндік жұмысының жоғары
формасына, олардың өз еркіменжаңа амал– тәсілдер қолданып жасайтын
шығармашылық жұмыстары да жатады. Бастауыш сынып оқушыларының ой
шапшаңдығын дамытып, шығармашылығын арттыратын жұмыстардың бірі–өлең
құрастыру. Бұл жұмысты екіші сыныптан бастап жүргізе беруге болады. Ең
алғаш “ұйқас” деген сөздің мағанасын түсіндіріп, оқыған өлеңдегі
ұйқастырады тауып, қалай жазылып тұрғанын талдаудың мәні зор. Содан кейін
өлең құрастыруға мына төмендегідей өзіндік жұмыс жүргізуге болады:
1. Мұғалім: а-а-а
оқушылар: қызыл алма.
Мұғалім у-у-у
Оқушылар: жақсы оқу, деп жалғасырады.
2. Буындар арқылы:
Мұғалім: -ға-ға-ға
Оқушылар: шықты далаға.
3. Бұл жұмысты сурет арқылы жүргізуге болады. Тақтаға ертегі
кейіпкерлерінің суреттерін іліп қойып, оларға тән іс-қимылдарды ұйқас
түрінде жазуға тапсыруға болады. Мысалы: Арыстан ақырды
Әтеш шақырды
Оқушылардың танымдық белседілігін дамытуға, оқыту барысында еркін
шығармалар жазудың пайдасы зор. Осыған орай ”әдепғұрып”, “мақалмәтелдер”,
“жұмбақтар”, ”ертегілер”, “рәміздер”, “ырымтайымдар”, “жөн- жоралғылар”
сияқты тақырыптарға шығарма жаздыру керек. Бұл оқушылардың өз бетіндік
жұмыстарының ең бір маңызды түрі.
Өз бетіндік жұмыс түрлерін сынып оқушыларының жас ерекшелігіне,
психологиялық аралығы, шығармашылық қабілетінің даралығына қарап ары қарай
толыстыра беруге болады.

ІІ БӨЛІМ Кіші мектеп жасындағы оқушыларды ана тілі сабағында өз бетімен
жұмыс жасауға үйрету жолдары.

1. Кіші мектеп жасындағы оқушыларды ана тілі сабағында өз бетінше
жұмыс жасауға үйретудің дәстүрлі әдіс амалдары.

Оқыту арқылы тіл дамыту да өз бетінше жұмыстың маңызы зор. Оқыту
процесінде мектеп оқушыларын тәрбиелеп, олардың дүниеге көзқарасын
қалыптастыруда бастауыш мектептердің бағдарламалары аса бай материалдар
береді.
Бастауыш сыныптарда ана тілі пәні – балалардың негізгі құралы. Оқуға
үйрету саут ашу кезеңінен басталады. Бұл кезде оқушылар әрбір дыбыстың
ерекшеліктерімен танысу барысында дыбыстан буын, сөз құрап, оны дауыстап
дұрыс оқуға жаттығады. Буын, сөз құрайтын дауысты дыбыстардың қасиетіне
ерекше көңіл бөлінеді. Жеке оқушылардын дыбыс, буын сөз, сөйлемдерді саналы
дұрыс, анық , дауыстап оқуы талап етіледі. Сондай-ақ мәтінді оқу кезінде
сөз мәніне, мағынасына назар аудару, сөйлемдер арасындағы байланысты
түсіну, сол арқылы мәтін мағынасын түсініп, айтып беруге үйрену, сөйтіп
түсініктерін біртіндеп күрделену бағытында мәнерлеп оқуды жетілдіру мақсаты
көзделеді.
Екінші , үшінші сыныпта оқуға үйретуге қойылатын негізгі талап –
дауыстап, мәнерлеп және іштен оқуды меңгерту. Оқушылардың өздігінен оқуына
берілетін тапсырмсалардың көлемі мен мазмұны біртіндеп күрделене түседі.
Оқуға үйретудің сапалы болуы оқу сабағын дұрыс ұйымдастыруға байланысты. Ол
үшін оқушыларды оқулықпен,оқулықтағы жеке мәтінмен жұмыс жасауға үйрету
қажет. Оқытудағы үйретудің әдіс-тәсілін шығарма жанрларына қарай, яғни
көркем шығармалар ғылыми көпшілік мақалалар, ертегілер, мысалдар, өлеңдер
ойластырған жөн.
Көркемшығармаларды ерекше дауыс ырғағына, екпініне қарай мәнерлеп
оқып, негізгі кейіпкерлердің іс-әрекеттерін, көңіл-күйін дәл бейнелейтін
сөздер мен сөз тізбектерін даралай оқу қажет.
Кейбір түсінікті, жеңіл мәтінді сыныпта да, үйде де өз бетінше оқи
беру балаларды жалықтырады. Сондықтан сыныптағы озық және үлгерімі нашар
оқушылармен жұмыс түрін әр сабақ сайын жоспарлап отырған жөн.
Бастауыш сыныптарда оқу сабағын жүргізгенде мыналарды ескеру қажет:
1. Бастауыш снып оқушыларыныңоқу машығын жетілдіруді оқушының дұрыс және
мәнерлеп, тездетіп оқуын қамтамасыз ету. Онсыз оқушының мәтінді толық
түсінуі де қиын болады. Сондықтан сабақта қолданылатын әдіс, тәсіл
оқудың техникасын жетілдірумен бірге баланың кітапқа, оны оқуға деген
ынтасын арттыратындай, бір мәтінді бірнеше рет өз бетінше жалықпай оқуға
жағдай жасайтындай болуы керек.
2. Төменгі сынып оқушыларының әсіресе абстрактылы ойлауы жеткіліксіздеу
болғандықтан,оқу сабағында оқушының білімін толықтыра отырып,оның
ойлануы, қызығушылығы, бір затты екіншісімен таныстыру, салыстыру, бірін
екіншісіне қарама-қарсы қойып, салыстыра отырып байқампаздығын тануға
баулитын әдіс, тәсілдің сабақта көбірек қолданылуы қажет.
3. Бастауыш сынып оқушыларының көркем әдеби шығарманы түсінуге керекті
мәселені – образды түрде ойлануға күші жетіңкіремейтінін ескеріп,
оқушының шығармашылық қиялын ұштарлықтай тәсілдер көбірек қолдану қажет.
Затты не оқиғаны өзі көріп, нақты елестете алатындай жағдай жасап отыру
керек. Оқу негізінен мынадай түрлерге бөлінеді:

Өз бетінше дұрыс оқу
Балалар өз бетінше сыныптың екінші жартысында және үшінші сыныпта
бірнеше сөз тіркестерін тұтас сөз тіркестерін, фразалық тіркестерді оқи
алатын болады. Бірақ оқу үстінде интонациялық қате жіберу немесе мағынасына
сүйеніп сөз тіркестерін қысқартып, жобалап оқу көп кездеседі. Бұның себебі,
үшінші сыныпта қойылатын міндет пен талап сөзді тұтас оқу болғандықтан,
тұтас оқуға тырысу әрекетінің күшті болуынан, яғни оқуға деген ынта бар да
машықтың әлі қалыптаспағандығынан белгілі бір фразаны, тіркестерді оқи
білу машығы әлі жетілмегендігінен. Осы себептер әлі жетіле қоймаған
оқушының оқуды дұрыс оқыды ма дегенді тексеріп отыруға міндеттейді.
Бір буынды не бір сөзді оқушының неліктен қайталап оқитынын ілгеріде
айттық. Сондықтан оқушының қайталауын мұғалім қадағалап ескерту жасап отыру
керек. Мұғалімнен үнемі, үздіксіз ескерту естіген оқушы енді оны
қайталмайды.

ӨЗ БЕТІНШЕ САНАЛЫ ТҮРДЕ ОҚЫП ТҮСІНУ
Оқушы оқыған материалдардың мазмұнын саналы түрде меңгерген болса,
онда соның нәтижесінде оқушыда белгілі бір икемділік, өмір, зат, құбылыс,
адам, оның іс-әрекеті жөнінде көзқарасы пайда болды. Оқушы оқиғаны мәтіннің
мазмұнын түгел меңгеріп, ондағы негізгі ой тірегін анықтап, оқылған
әңгімедегі болған жағдайды, оның себебі мен салдарын суреттелген
адамдардың іс-әрекеттерін, оның болу себебін, және қарым-қатынасын анықтай
алады. Тұтас мәтіннің жеке бір бөлігіндегі ойды, автордың не айтқалы
отырғанын түсіне алады. Сонымен қатар жазбаша тілдің ерекшелігін, тыныс
белгілерін, түрлі көркемдігін, сөздердің қолдануын, дауыс ырғағын келтіруін
анықтай алатын болады.
Оқылған мәтінді өз бетінше саналы түрде меңгерудің бір жолы
балалардың өз өмірінде көрген, білгенін, байқағанын, естігенін, оқығанмен
ұштастыра білу.
Кіріспе әңгіменің барысында сабақ мерзімін үнемдеп, мәтін мәселесіне
жете көңіл бөлу керек. Оқушының оқылатын мәтінді дұрыс қабылдап, оның
мазмұнын саналы түрде меңгерту мақсатына қажетте жұмыс түрінде саяхатта
пайдалануға болады. Саяхатқа күні ілгері дайындалу керек ол сонда ғана
нәтижелі болады. Ана тілі оқулығында берілген тақырыптарды оқушылардың
түсініп оқуына бірден-бір мүмкіндік беретін нәрсе өз бетінше оқуды
байланыстыру, өйткені бұл пәндердің арасында үлкен мазмұндық ұқсастық бар.
Сонымен бірге, ана тілін Қазақ тілі пәнімен байланыстырып оқудың да пайдасы
мол.
Оқушының оқу әдістерін жан-жақты жетілдіріп, қалыптастыру үшін мәтінді
өз бетінше бірнеше қайтара оқу негізгі шарт. Осыған сүйене отырып, 3-
сыныпта өз бетімен жоспар құрудың тиімді әдістерін меңгертуге болады.
Мысалы: 3-сыныпта .Мұстафиннің “Көктемгі егіс атты” әңгімесін өткен кезде,
оны бөлімге бөлдіріп, әр бөлімге оқушылардың өздеріне ат қойғызу керек. Ол
үшін ең әуелі мәтінді түгел оқып, онда ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
2-сыныпта қазақ тілін оқыту барысында оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту
Бастауыш сыныпта қазақ тілі сабағын оқытуда көрнекі құралдарды пайдалану арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру
Қазақ тілі сабағында оқушылардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыруда дидактикалық ойындардың ролі
Бастауыш мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетін қалыптастыру
Бастауыш мектепте пәндерді оқытуда оқушылардың шығармашылығын дамыту
БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ОҚУШЫЛАРДЫ ОҚЫТУ БАРЫСЫНДА ӨЗДІК ЖҰМЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Бастауыш мектептің 2-сыныбындағы қазақ тілі сабағында білім, білік, дағдына қалыптастыру жолдарын қарастыру
ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ
Бастауыш сынып оқушыларын еңбекке тәрбиелеуде ұлттық қолөнер материалдарын пайдаланудың теориясы
Бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың көркемөнер шығармашылығына қызығуын қалыптастырудың негіздері
Пәндер