Ақ дөңмаңдай балығы


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 4
1. ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ 5
1. 1. Систематикасы, таралуы және жерсіндірілуі 5
1. 2. Ақ дөңмаңдайдың биологиясы 9
1. 2. 1. Қоректенуі 10
1. 2. 2. Көбеюі, өсуі және тұқымдылығы 14
1. 3. Шаруашылық маңызы 18
2. МАТЕРИАЛ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛЕР 20
2. 1. Зерттеу жүргізілген ауданның сипаттамасы 20
2. 2. Әдістеме 20
3. НӘТИЖЕЛЕР ЖӘНЕ ТАЛҚЫЛАУ 24
ҚОРЫТЫНДЫ 30
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 31
ҚОСЫМША МӘЛІМЕТТЕР
РЕФЕРАТ
Дипломдық жұмыс 32 беттен тұрады, оның құрамына 5 сурет, 1 график, 1диаграмма, 1 кесте, 24 әдебиеттер тізімінен және қосымша мәліметтер кіреді.
Кілттік сөздер: ақ дөңмаңдай, сұр дөңмаңдай, миграция, шөп қоректі, қоңдылық коэффиценті.
Зерттеу обьектісі болып ақ дөңмаңдай ( Hypophthalmichthys molitrix ) балығы табылады.
Курстық жұмыста ақ дөңмаңдайдың таралу аймағы және Қазақстанға жерсіндірілген су қоймалар туралы айтылады. Сонымен қатар ақ дөңмаңдайдың биологиясы мен шаруашылық маңызы баяндалады.
КІРІСПЕ.
Ақ дөңмаңдай тоғанның тұщы суларында өсетін, шөппен қоректенетін, қабыршағы майда, кәсіптік балық болып саналады. Бұлардың шыққан жері - Амур, Сунгари, Усури өзендері, Ханка көлі және Шығыс Азия өзендері. Ақ дөңмаңдай балығы Қазақстанда 6 суқоймаға жерсіндірілген [1] .
Соңғы жылдары, ақ дөңмаңдайдың аулану мөлшерінің жоғарлауына байланысты балық тұқымын асылдандыру жұмыстары жүргізілді. 1976 жылы Қарағанды тоған шаруашылығында тұқыммен жұмыс істейтін тұқымды асылдандыру учаскесі ашылса, 1978 жылы осы мақсатта Шымкент балық комбинатының Сырдария тоған шаруашылығында шөппен қоректенетін балықтардың тұқымын сұрыптау мен асылдандыру жұмыстары кеңінен жүргізілді [4] .
Шелек тоған шаруашылығында 1978-1979 жылдары дөңмаңдайдың тұқымын асылдандыру іске аса бастады.
Бір айта кететін жай, осы комплекске бөлініп жүрген тоғандардың көлемі жеткіліксіз де оның қажетін толық қанағаттандыра алмайды.
Қазіргі уақытта Қазақстанда Вьетнам ақ дөңмаңдайы мен Қытай ақ дөңмаңдайын будандастырып қарқынды өсетін будан алып отыр. Алайда кәсіптік сапасын әлі де жақсартуды қажет етеді [4, 6] .
Алматы облысы балық өсірудің 6 - аймағына жататындығынан осы аймақтардың тоған шаруашылықтарында жылы су обьектілері кеңінен өсіріледі. Осы обьектілердің бірі -ақ дөңмаңдай, тоғанның тұщы суларында өсетін, шөппен қоректенетін, қабыршағы майда, кәсіптік балық болып табылады.
Ақ дөңмаңдай балығы шөп қоректі балық ретінде және жоғарғы тағамдық құндылығына байланысты елімізде үлкен сұранысқа ие болды. Ақ дөңмаңдай, сұр дөңмаңдай және амур балықтары өсімдікпен қоректенетін, шаруашылық маңыздылығы жоғары, биологиялық - балық өсіру көрсеткіштері Қазақстанның оңтүстік аудандарына сай болғандықтан, бұл балықтар осы аудандарда кең кең көлемде жерсендіріліп, тоған шаруашылықтарында поликультарының маңызды обьектілері болып табылды [8] .
Бітіру жұмысының негізгі мақсаты: тоған шаруашылықтарындағы поликультура обьектісі ретінде ақ дөңмаңдай балығына биологиялық, морфологиялық талдау жасай отырып, биологиялық ерекшеліктерін, шаруашылық маңызын және қазіргі кездегі жағдайын білу.
Бітіру жұмысты орындау үшін келесі міндеттер қойылды:
- Өсімдікпен қоректенетін балықтардың Қазақстанға жерсіндірілу тарихына шолу жасау;
- Ақ дөңмаңдайдың биологиясы және экологиясы бойынша әдебиет көздерінен ғылыми - зерттеулерге шолу жасау.
- Биологиялық, морфологилық талдау жасай отырып қазіргі кездегі жағдайына шолу жасау.
1. ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ
1. 1. Систематикасы, таралуы және жерсіндірілуі
Тип: Chordata - Хордалылар
Тип тармағы: Vertebrata (Craniota) - Омыртқалылар (Бас қаңқалылар)
Бөлім: Gnathostomata - Жақтылар
Класс үсті: Pisces - Балықтар
Класс: Ostichthyes - Сүйекті балықтар
Класс тармағы: Actinopterygii - Сәуле қанаттылар
Отряд: Cypriniformes - Тұқытәрізділер
Отряд тармағы: Cyprinoidei - Тұқытектестер
Тұқымдас:Cyprinidae - Тұқылар
Туыс : Hypophthalmichthys - Ақ дөңмаңдайлар
Түр: Hypophthalmichthys molitrix - ақ (кәдімгі) дөңмаңдай [1] .
Дөңмаңдай тұщы суларда өсетін, үйір құрап жүретін, шөп қоректі балық. Дөңмаңдайлар тұқытәрізділердің жеке тұқымдас астына бірігеді. Басқа балықтардан салыстырмалы түрде үлкен басымен, төмен орналасқан көзімен, сонымен қатар өзіне ғана тән қорегін ұстауға көмектесетін фильтрациялық аппаратымен ерекшеленеді [2] .
Қытайдың ертедегі ихтиофаунистикалық құрамына кіреді. Көптеген елдерге жерсіндірілген. Әсіресе Тәуелсіз Мемелекеттер Достастығы суқоймаларынан: Днепр бассейініне, Жайық, Днестр, Терек, Кубани, Амудария, Сырдария, Іле суқоймаларына көптеп жерсіндірілген. Республиканың солтүстік аймақтарында: Ертіс, Тобыл, Шу, Сарысу бассейіндерінде интродукцияланған.
Ақ дөңмаңдайдың дернәсілдері алғаш рет 1958-1960 жылдары Орта Азиядағы Түркіменстанда орналасқан Қараметнияз, Өзбекстандағы Аққорған және Қазақстанда орналасқан Алматы балық өсіру шаруашылығына әкелінген.
Бұл балық Сырдария бассейінніне Есіл өзені жанында орналасқан балық өсіру шаруашылығынан өздігінен жерсіндірілген. 1964 жылы бұл балық Арал теңізінің оңтүстік бөлігінен ауланған. Ақ дөңмаңдайды Іле - Балхаш бассейініне жерсіндіру кезеңі салыстырмалы ұзақ уақытқа созылған, бұл су қоймада ақ дөңмаңдай 1975 жылдан бастап аулана бастаған. Негізінен Балхаш бассейініне салмағы 0, 4-0, 7 кг, 3+ - 4+ жастағы 578 дана ақ дөңмаңдай жерсіндірілген. Бірақ Балхаш пен Іле өзенінің аңғарында көпке дейін табылмаған [3] .
Ақ дөңмаңдайды Қапшағай су қоймасына жерсіндіру шаралары 1973 жылы жүргізілді. Қапшағай суқоймасында ақ дөңмаңдайдың 1974-1976 жылдан бастап бір - бірден ұсталғаны туралы мәліметтер тіркеле бастады. Сонан кейінгі жылдары (1978-1986) зерттеу мақсатымен аулауда 5 - 12 дана ауланған. 1965 - 1972 жылдар аралығында Республикамыздың табиғи су қоймаларына (9 көл және 2 суқойма) ақ дөңмаңдайдың 7700 дана дернәсілі жіберілгенімен нәтижесі ойдағыдай болмады.
1972 - 1978 жылдар аралығында бұл балықтың 15 млн. дана дернәсілдері жерсіндірілген. Осы жерсіндірілген дернәсілдердің 7, 1 млн. данасы Бұқтырма су қоймасына, Қапшағай су қоймасына 5, 8 млн. данасы, ал қалғандары Ертіс - Қарағанды каналының су қоймасына, Шардара, Қартомар, Бөген, Жезқазған суқоймаларына жерсіндірілген. Сонымен қатар Шардара мен Қарағанды су қоймасына 0, 22 және 0, 3 млн. дана екі жастағы даралары жерсіндірген.
Қазақ Өндірістік Жерсіндіру Станциясының мәліметі бойынша 1974 - 1975 жылдары ақ дөңмаңдай Сасықкөл көліне жерсіндірілген (118, 5 мың дана шабақ) . Ал 1982 жылы Алакөлге жерсіндірілген ( 158 мың) .
Ақ дөңмаңдайды біздің елге әкелгеннен кейін, біршама уақыттан кейін барлық су қоймада шамалы мөлшерде кездесе бастады. Бірақ ақ дөңмаңдайдың толық қалыптасуы тек Шардара және Қапшағай су қоймаларында айқын көріне бастаған [1] .
Дөңмаңдайдың табиғи таралу аймағы - Шығыс Азия өзендері және біздің ел аймақтарында - Амур бассейінінде кездеседі. Амур бассейінінде аулау мөлшерінің көп бөлігін осы балық құрайды. Сұр дөңмаңдай ақ дөңмаңдайға қарағанда, Амур бассейініне кешігіңкіреп түскен. Сунгари өзені арқылы келіп түскен бұл балық сирек кездесуде. Дөңмаңдайлардың оңтүстікте табиғи таралуы Оңтүстік Қытайды алады. Шыққан жері Амур, Сунгари, Усури өзендері және Ханка көлі [3] .
Дөңмаңдайлар Ақ Амур тәрізді қазіргі кезде кеңінен жерсіндірілген, олардың қазіргі таралу аймағы - Оңтүстік Шығыс Азия, Европаның оңтүстігі, Солтүстік американың оңтүстік бөлігі. Сонымен қатар Ақ Амур тәрізді дөңмаңдай балығы бірнеше бассйіндерде жерсіндіріліп, өзін көбейте алатын үйір құраған [4] .
Өсімдік қоректі балықтар қиыр шығыстан біздің елге 1957- жылы Амур көлінің бассейінінен, ал 1958 жылдан 1963 жылдар аралығында, Янцызы көлінің бассейінінен әкеліп жерсіндірген.
А. М. Нуланов ( 1963) ғалымның еңбектерінде алғаш рет берілсе, ал кейбір тәжірибелік тасымалдау немесе көшіру туралы жұмыстар және шаралар - Б. В. Веригин (1961-1963), Ф. М. Суховерхова (1963), П. С. Вовк және Б. А. Приходько (1963) тағы басқа ғалымдардың еңбектерінде жазылған. Айта кететін бір жайт, Амур бассейінінен алдымен ақ амур және ақ дөңмаңдай, ал кейіндеп сұр дөңмаңдай біздің су қоймаға әкелінген, өйткені бұл балық Амур бассейінінде болмаған. Бұл түрдің Амур бассейінінде қалыптасуы тәуелсіз Қытай Республикасының құрылуымен байланысты. Тәуелсіз Қытай Республикасы құрылған уақытта Хилуңжиаң облысында тоған шаруашылығын дамыту қолға алынды. Бұл мақсатта алғашқы отырғызу материалы Янцызы көлінен алып келінді. 1957-1959 жылдар арлығында созылған Амур комплексті экспедитция барысында бұл балық Амур бассейініне Сунгари көлінде болған апаттардың нәтижесінде ағын арқылы келіп түскені анықталды.
Нәтижесінде сұр дөңмаңдайдың жоспарланбаған жерсіндірілуі Амур бассейінінде іске асты [9] .
Негізінен ақ дөңмаңдай балығы біздің елдегі су қоймалардың ішінде 6 су қоймаға жерсіндірілген. Оларға:
- Амудария - Қарақұм канал жүйесі;
- Сырдария өзенінің бассейіні;
- Іле- Балхаш бассейіні;
- Жайық өзенінің бассейіні;
- Дунай өзенінің бассейіні;
- Кубани өзенінің бассейіні.
Амудария - Қарақұм канал жүйесі.
Бұл жерге аналық үйір 1960-1961 жылдары Янцызы өзенінің канал басынан әкелініп жерсіндірілген 400 мың дана бір жастық балықтар болған. Олардың 244 данасын осы ақ дөңмаңдай шабақтары құрады. 1963 жылдың күзінде ақ амур мен ақ дөңмаңдай балығының сигалеткалары ауға түсе бастады. Бұл жерсіндірілген балықтардың табиғи өрістеуінің басталғандығын көрсетеді. Одан кейінгі жылдардағы бұл балықтардың хал - жағдайы Д. С. Алиев және А. И. Суханова (1965, 1976, 1977) еңбектерінде егжей - тегжейлі айтылған.
Жерсіндірілген балықтардың өрістеу аймағы каналдың бастауы, ол ауданда су 160-130 м 2 /с, су ағысының жылдамдығы: 0, 9 м/с, бірақ 1, 2 м/с -тан жоғары емес.
Өндіруші балықтардың су қоймадан каналға өрістеуі су температурасы 15-17ºС-ға жеткенде басталады, алдымен ақ амур, сонан соң ақ дөңмаңдай, соңында сұр дөңмаңдай өрістеуге шығады. Сонымен қатар бұл балықтармен бірге кездейсоқ жерсіндірілген кәсіптік балық қара амур мен тыран балығы өрістеуге шығады.
Негізгі мәселердің бірі ретінде жерсіндірілген балықтардың Амудария арнасындағы өрістеуін анықтау болып табылады. Алиевтың зерттеуі бойынша Амудария арнасында ақ дөңмаңдай мен ақ амур балығының өрістеуі болмайтындығын анықтаған [10] .
Сырдария бассейіні .
Алғашқы ақ дөңмаңдай балығының үйірі бұл жерге 1966-1968 жылдары жерсіндірілген балықтардың материалы мен тауарлық балық орналасқан сол жердегі Аққұрғандық балық комбинатының домбаларының бұзылуынан осы су қоймаға түсіп дами бастаған. Бұл балық комбинаты осы өзеннің Чирчик деп аталатын сағасында орналасқан. Бұл үйір өзінің ата - тегін Янцызы өзенінен алады. Табиғи өрістеудің уылдырығы алғаш рет 1975 - жылы табылған.
Т. В. Солиховтың (1984) бақылауы бойынша өндіруші балықтардың өрістеу миграциясы Шардара су қоймасынан су температурасы 13-14ºС-та басталатынын анықтаған. Ең бірінші ақ амур, сосын ақ және сұр дөңмаңдай өрістеген.
Б. В. Веригина (1978), Солихов (1978), Макиева (1982) мәліметтері бойынша, өрістеу 1976 - 1981 жылдар аралығында су деңгейі көтерілген кезде, температураның жоғарлауы болған кезде белсенді өтеді [11] .
Іле-Балхаш бассейіні .
Бұл жерде ақ дөңмаңдаймен бірге ақ амур балығының өздігінен көбейетін үйірі 1962 жылы жерсіндірілгеннен бері бар.
Іле өзенінен 600 дана ақ дөңмаңдайдың шабақтары жерсіндірілген. Бұл балықтардың өрістеуі 1963 жылы анықталған. Н. И. Фарышев және В. С. Бошунов (1980) 1978-1979 жылдары бұл балықтың өрістеуін зерттеп, өрістеуі мамыр айында басталып, маусым айында да жалғасатынын айтқан. Өрістеу үшін су температурасы 18ºС-ға дейін көтерілуі қажет. Су температурасының төмендеуі, өрістеу белсенділігін төмендетеді немесе мүлдем тоқтатады. Өрістеу мерзімінің ұзақтығы 20-25 күн, өрістеу Балхаш көлінен көбінесе 80 км қашықтықта, әдетте ол 250 км-ден аспайды. Бұл жерлерде су ағысының жылдамдығы 0, 6 - 1м/с [12] .
Жайық бассейіні .
Волга дельтасына шөп қоректі балықтарды 1955-1956 және 1961 жылдары Амур бассейінінен массасы 200-300 г балықтан ақ дөңмаңдайдың 2000 данасы жерсіндірілген. Табиғи өрістеу нәтижесінде пайда болған ақ дөңмаңдайдың осы жылғы шабақтары 1971 жылы ұсталынғанған, келесі жылдары уылдырық пен шабақтар ұстала бастады [13] .
Дунай өзені бассейіні .
Бұл бассейінде өсімдік қоректі балықтардың пайда болуы осы өзенмен байланысатын елдерде өсімдік қоректі балықтардың жақсы өсірілуімен байланысты іске асып отыр. Бұл су қоймаларда табиғи өрістеудің бар екендігін Дунай өзенінен су алатын күріш суларында шабақтардың ауланғанынан байқауға болады. Фильконның мәліметі бойынша ақ дөңмаңдай 70-ші жылдары байқалған [7] .
Кубани бассейіні .
Бұл бассейінде өсімдік қоректі балықтардың аналық үйірі Кубан лиманынан үш жасар ақ дөңмаңдай мен ақ амурды жіберудің нәтижесінде пайда болады. Өсімдік қоректі балықтар Қытайдан 1958 жылы әкелінген сегелеткалардан 3 жасқа дейін Синюхинской балық шаруашылығында өсірілген. Барлығы 21909 дөңмаңдай жіберілген. 1963 жылы бұл балық Ккбан өзенінен су алатын лимандарда, күріш суларында және тоғандарда кездесе бастады.
Ю. М. Мотсаковтің бақылауынша өрістеу су температурасы 20, 8 ден 23, 5ºс аралығында Тибилинский станциясына дейінгі жерді қамтиды [7] .
1. 2. Ақ дөңмаңдайдың биологиясы
Денесі күміс түсті, айтарлықтай қабыршағы майда. Көзі денесінің орта сызығынан төмен орналасқан. Аузы жоғары қараған. Қыры денесінің құрсақ жағында аналь тесікке дейін созылған [5] .
Төменде Амур бассейініндегі ақ дөңмаңдайдың морфологиялық көрсеткіштері көрсетілген:
D ( III ) III 7, A III 11 - 14 орташа есеппен 12, 4 бұтақталған сәулесі бар, бүйір сызығында 109 - 120 қабыршақ кейде 124, орта есеппен 115 қабыршақ орналасқан. Бүйір сызығының үстінде 28 - 33, ал астында 16 - 28 қабыршақ орналасқан. Жұтқыншақ тісі бір қатарлы, тегіс (4-4) . Басының ұзындығы дене ұзындығымен салыстырғанда 23 - 31 мм (26, 1 мм), көзінің диометрі 2 - 6мм (3, 8 мм), тұмсығының ұзындығы 7 - 11 мм (8, 4 мм), екі көз арасының қашықтығы 13 - 18 мм (15, 4 мм), маңдайының кеңдігі 10 - 15 мм (12, 2 мм), денесінің ең ұзын жері 27 - 36 мм (31 мм), денесінің ең аласа жері 9 - 13 мм (11 мм), құйрық қанатының ұзындығы 16 - 23 мм (19, 2 мм), антидорзальды ара қашықтық 49 - 61 мм (33, 9 мм), нектовентральді 20 - 27 мм (22, 5 мм) . Аналь қанатының биіктігі 10 - 16 мм (12, 9 мм) . Кеуде қанатының биіктігі, 18 - 25 мм (20, 7 мм), құрсақ қанатының ұзындығы 11 - 20 мм (15, 8 мм), құйрық қанатының ұзындығы 13 - 26 мм (18, 2 мм) .
Атауы кәдімгі ақ дөңмаңдайдың атауымен аталатын Ветком дөңмаңдайы табиғи су қоймаға түсу мүмкіншілігі болған соң морфологиялық сипаттамасын беріп өткен абзал:
D III 6 ( 7), A III (II) 14, P I 17 (18), V 17 (8) бүйір сызығының қабыршақ саны 83 - 94, үстінде 20 - 25, астында 11 - 12 [14] .
Ақ дөңмаңдайдың жастық көрсеткіші өте айқын байқалады. Дене ұзындығы 3, 5 - 6, 5 см болатын ересек балықтарды салыстырғанда айырмашылық байқалған. Жыныстық диморфизм бұл балықтарда дене ұзындығы 20 см жеткенде байқалады. Сонымен қатар әр түрлі жынысты өнімдер бір - бірімен антидорзальді және постдорзальді аралық өлшемдері бойынша ажыратылатыны байқалған. Бұндай анық айырмашылықтар салыстырмалы түрде ірі өндіруші балықтарда байқалған (60 - 70см) [2] .
Н. Г. Шубникова жыныстық және өсу белгілерінің тұрақтылығы мен өзгергіштігіне байланысты олардың төрт типін ажыратады:
- жасына байланысты мүлдем өзгермейтін белгілер және екі көз арасының қашықтығы, барлық жүзу қанаттарының ұзындығы, құрсақ жүзу қанатын санамағанда және денесінің ең аласа жері.
- жасына қарай кішірейетін белгілер: (басының ұзындығы; көз диометрі, денесінің ең биік жері, антидорзальді арақашықтық, аналь және арқа қанатының биіктігі) .
- жасына қарай үлкейетін белгілер: (тұмсығының ұзындығы; көзге дейінгі және постдорзальді аралық.
- ауытқып отыратын белгілер: кеуде жүзу қанатының ұзындығы және құйрық қанатының алдымен үлкейіп сонан соң кішіріейеді, бұндай құбылыс антивентральді және пектовентральді аралықтарда байқалады.
Осы автормен барлық су қоймадағы және зауыт балықтарының ересек және шабақтарының 16 белгісінің арасында 6 белгісі айқын ажыратылуы туралы мәліметтер толығымен келтірген [6] .
Ақ дөңмаңдай тұщы суларда тіршілік ететін, үйір болып шоғырланып, өзен жағаларында, шұңқырларда қыстайтын тұқытәрізділердің жеке тұқымдас астына бірігетін, шөп қоректі балық. Дөңмаңдай басқа балықтардан салыстырмалы түрде үлкен басымен, төмен орналасқан көзімен, сонымен қатар өзіне ғана тән қорегін ұстауға көмектесетін фильтрациялық аппаратымен ерекшеленеді [5] .
Сұр және ақ дөңмаңдай сыртқы көрінісі бойынша дене пішіні мен түсі бойынша ажыратылады. Сұр дөңмаңдайдың басы үлкендеу және денесі биік болып келеді. Сұр дөңмаңдайдың арқасы сұр - жасыл, бүйірі күміс түсті және дақсыз болады. Ақ дөңмаңдайға қарағанда сұр дөңмаңдай судан сирек секіріп шығады. Бұл бізге ақ және сұр дөңмаңдайдың бір - бірімен мінез - құлқы бойынша да ажыратылатынын көрсетеді. Дөңмаңдайдың денесі майда қабыршақпен қапталған [6] .
Сұр дөңмаңдайдың желбезек өскіндері өте ұзын және бір - бірінен алшақ өседі. Ал ақ дөңмаңдайда ол бір - біріне өте жақын орналасып тор құрайды да өте майда фитопланктонмен қоректенуге мүмкіндік береді. Құрамында диірменнің жоғарғы тасы тәрізді «жерновка» деп аталатын комбинациясы бар ми қаңқасының астында орналасқан жұтқыншақ тісі арқылы, желбезек аппараттары арқылы фильтрацияланған фитопланктон мен детридтерді (көлемі 0, 02 мм) нығыздайды. Планктонның құрамына кіретін бактериялардың бір - біріне жабысқан түйіршік құрап, ауыз қуысында шырышпен қосылып қортылады. Ал сұр дөңмаңдайлардың қорегі салыстырмалы түрде ірі зоопланктондардан тұрады [7] .
Дөңмаңдайларға тән ерекшелік - дене ұзындығынан көп есе асып түсетін ұзын ішегінің бар болуы тек дамуының ең ерте кезеңінде шамамен денесінің ұзындығы 15 - 16 мм-ге жеткенге дейін. Дөңмаңдай көбіне зоопланктонмен қоректенеді де, сонан соң ересек дараларға тән қорекке көшеді [8] .
1. 2. 1. Қоректенуі мен қоңдылығы
Ақ дөңмаңдай - кәдімгі фитофильді балық. Амур өзенінде белсенді қоректенуге дене ұзындығы 2 мм- ге жеткенде көшеді. Дернәсілдердің негізгі қорегі коловраткалар, аз мөлшерде төменгі сатыдағы шаянтәрізділер, Еuglena балдырлары, Pondorina, Eudorina және тағы басқа балдырлар болып саналады. Дене ұзындығы 13 -15 мм болатын жас шабақтың негізгі қорегін шаянтәрізділер ( Daphnia, Alona, Ao smina), сирек хирономид дернәсілдері құрайды. Дене ұзындығы 8 - 10 мм болатын балықтың ішегінің ұзындығы дене ұзындығының 50 % -ін қамтитын болса, ал біршама ірілерінде (13 -15мм) 100%-ті құрайды.
Ақ дөңмаңдай толығымен фитопланктонмен қоректенуге дене ұзындығы 15 - 16 мм -ге жеткенде көшеді. Бұл кезде ішегінің ұзындығы денесінің ұзындығының 2 есесіндей болады.
Амур бассейінінде ересек дөңмаңдай балығы тек қана фитопланктонмен қоректенеді (95%) . Ішегіндегі диатомды балдырлардың мөлшері 21 - 100% -ті құраса, ал жасыл балдырлар 17 - 66 %-ті және көк - жасыл балдырлар 2 - 20%-ті құрайды. Фитопланктон жетіспеген жағдайда ақ дөңмаңдай детритпен қоректенеді. Дөңмаңдай қорегін ерекше желбезек аппаратының көмегімен аулайды. Жіңішке желбезек өскіндері бір - бірімен тығыз орналасып фильтрациялық аппарат құрайды. Бұрын ақ дөңмаңдайдың пассивті қоректенуі желбезек қақпағының тыныс алу барысында қозғалып отыруымен іске асады деп есептеген. бірақ Г. В. Никольский және Б. В. Веригин (1966) пассивті қоректенуде желбезек қақпағының қозғалуы тыныс алуға қарағанда жиі болатынын дәлелдеген [15] .
Ақ дөңмаңдай балығы қоректі талғап жейді . Көптеп дамитын диатомды балдырларды басқа балдырларға қарғанда сүйсіне жейді. Желбезек аппараттары арқылы фильтрленген балдырлар жұтқыншақ тісінің ерекше бөлігі «жерновка» арқылы нығыздап түйіршікке айналдырады. Қорек нығыздалған түрде ұзындығы балықтың денесінен 10 - 13 есе ұзын ішекке келіп түседі. Тұрақты қоректің өзіне тән қасиеті бойынша бұл балық өте көп жерге жерсіндірілген [9] .
Дөңмаңдайдың жаңа ареалында қоректену спекторының өзгеруі айқын байқалады. өкінішке орай бұл балықтың қоректенуі туралы мәліметтер тоғандық жағдайда ғана белгілі [10] .
Балхаш - Іле бассейінінде осы жылдық шабақтардың қорегі 1986 жылы тамыз айында 126 компоненттерден тұрған. Көк - жасыл балдырлардың үлесіне 63% кіреді. Соның ішінде басым қоректік түрлер Moristohedia, hunetata болып саналады. Қорегінің жоғарғы массасын 51% -ін перифитонды балдырлар (әсіресе Cymnodinium sp. Peridinium ) құрайды. Диатомды және жасыл балдырлар 9 - 14% құраған. Бұл уақытта қоректену және ішегінің толық болу индексі өте жоғары 900, 24 және 580, 52 0 / 000 құраған. Қазан айларында осы жылдық шабақтар қорегінің алуан түрлілігі 108 таксонға дейін қысқарып, жасыл балдырлардың 67 түрінің мөлшері жоғарласа, ал диатомды балдырлар 25-ке дейін төмендейді. Сандық қатынаста және көк - жасыл балдырлар басымдылық көрсетеді. Бұл мезгілде қоректенуге және ішегінің толу индексі 142, 69 және 94, 48 0 / 000 төмендеген.
Ақ дөңмаңдайдың қоректенуінің мезгілдік динамикасы 2 жастық топтарда да байқалуы мүмкін және жыл сайын өзгеріп отырад [5] .
Қапшағай су қоймасында ересек ақ дөңмаңдай балығының қоректік секторы 46 балдыр түрінен тұрады. Олардың 27 түрі диотомды, 16 түрі жасыл және 3 түрі перифитонды балдырлар үлесіне тиеді. Арал бассейінінде ақ дөңмаңдайдың қорегінің 100% төменгі сатыдағы балдырлар құрайды.
Шардара су қоймасында ақ дөңмаңдайдың қоректену рационының 95% -ін мына балдырлар құрайды: жасыл балдырлар, көк - жасыл балдырлар, диатомды балдырлар құрайды[5] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz