Улы гепатит кезіндегі шажырқай лимфа түйінінің жиырылу белсенділігі және оны түзету жолдарын зерттеу


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Биология және биотехнология факультеті
Биофизика және биомедецина кафедрасы
Бітіру жұмысы
«УЛЫ ГЕПАТИТ КЕЗІНДЕГІ ШАЖЫРҚАЙ ЛИМФА ТҮЙІНІНІҢ ЖИЫРЫЛУ БЕЛСЕНДІЛІГІ ЖӘНЕ ОНЫ ТҮЗЕТУ ЖОЛДАРЫН ЗЕРТТЕУ»
Орындаған
4 курс студенті: Жамбаева Ж. Б
(қолы)
Ғылыми жетекші
б. ғ. к., доцент: Абылайханова Н. Т.
(қолы, күні)
б. ғ. к., а. ғ. қ. : Әбдірешов С. Н.
(қолы, күні)
Нормабақылаушы:
б. ғ. к., оқытушы Кулбаева М. С
(қолы, күні)
Кафедра меңгерушісі,
б. ғ. д., профессор: Төлеуханов С. Т.
(қолы, күні)
Алматы 2012
Реферат
Бітіру жұмысы . . . бетте жазылған ішінде . . . сурет, . . . кесте бар, қолданылған әдебиеттер тізімі . . . , оның ішінде . . . шетелдік болып табылады.
Зерттеу объектісі және әдістері: Салмағы 200-250г болатын 65 лабораториялық ақ егеуқұйрықтар алынды. Тәжирібе егеуқұйрықтардың 3 тобына жасалынды. 1-ші бақылау тобы- 12 егеуқұйрық, 2-ші тәжірибе тобы - 37, 3-ші тәжірибе тобы-16 егеуқұйрық
Жұмыстың мақсаты : Улы гепатит кезіндегі шажырқай лимфа түйінінің жиырылу белсенділігі және оны түзету жолдарын зерттеу
Жұмыстың міндеттері:
1. Жануарларға төрт хлорлы көміртек енгізу арқылы улы гепатиттің үлгісін алу;
2. Улы гепатит кезіндегі лимфа түйіндерінің жиырылуы мен биохимиялық көрсеткіштердің белсенділігін зерттеу;
3. Улы гепатитті коррекциялау жолын жасау.
Бітіру жұмысының талқылануы:
- Н. Т. Абылайханова, С. Н. Абдрешов, Ж. Жамбаева, А. Лесхан. Улы гепатит кезіндегі лимфаның биохимиялық құрамы мен лимфа ағысындағы өзгерістер ерекшеліктер «Хабаршы», - 2012. - №1. -285б
- Н. Т. Абылайханова, С. Н. Абдрешов, Ж. Жамбаева, А. Лесхан. Улы гепатит кезіндегі шажырқай лимфа түйіндерінің жиырылу белсенділігін «Хабаршы», -2012. - №1. -288б
- Ж. Жамбаева, А. Лесхан, Н. Т. Абылайханова. Шажырқай лимфа түйіндерінің жиырылу белсенділігіне улы гепатиттің әсері «Ғылым әлемі» студенттермен жас ғалымдардың Халықаралық конференциясы, -23-26 сәуір 2012. -38б
Кілтті сөздер: Лимфа, лимфоцит, цитокинин, адреналин, ацетилхолин, гистамин, дренаж, (СCl4), азотемия, гемотокрит.
Жұмыстың өзектілігі мен жаңалығы болып, лимфа жүйесі өзінің қызметі жөнінен қанайналым жүйесімен үздіксіз байланыста, зат алмасуы мен иммунды реакцияларға, сондай-ақ, компенсаторлық-қорғаныштық реакцияларға қатысады. Төртхлорлы көмірсутек немесе тетрахлорметан (CCl 4 ) - организмде бос радикалдардың түзілуіне алып келетін улылығы жоғары заттар. Ол липидтердің тотығуын белсендіреді, бауыр клеткаларын зақымдайды, ал ауыр жағдайларда гепотоциттердің некрозына және дистрофияға алып келеді. Жоғарыдағы мәселеге байланысты қазіргі кезде CCl 4 улану кезіндегі организмнің бейімделу реакцияларындағы лимфа түйіндерінің ролін және қазіргі кезде организмдегі болған өзгерістерді дәрі-дәрмексіз әдістермен, оның ішінде энтеросорбенттерді қолдана отырып түзету жолдарын зерттеу өзекті болып отыр.
Глоссарий
Диабеттік ретиноаптия - диабет кезіндегі көз қызметінің бұзылуы.
Липокоин - инсулинді ұйқы безінен алып тастағаннан кездегі препарат.
Гликемия - қандағы глюкоза (жүзім қанты) мөлшері.
Интактылы - тиісілмеген, тұтастығы сақталған, операция жасалмаған.
Адреналин -
Инсулин-
α - токоферол-
Селен-
Сорбент-
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
Лимфа жүйесі көп функционалды, ол су мен белоктардың ұлпалар қан арналарына тасымалдануына, алмасу және иммундық реакцияларға, ісік, шемен, лимфостаз сияқты патологиялық процестердің дамуына әкелетін қатерлі ісік клеткаларының метастазына қатысады.
Соңғы жылдары ортаның қолайсыз экологиялық факторлары әсер еткенде лимфа жүйесі организмнің компенсаторлы-қорғаныштық реакцияларына қатысатындығы анықталып отыр [1] .
Біздің алдыңғы зерттеулерімізде қанайналым жүйесіндегі ауытқуларды моделдеу кезінде ( эксперименталды вазоренальді гипертензия, аяқ-қолдардағы веноздық қанның тоқтап қалуы, т. б) лимфа жүйесінің компенсаторлы-қорғаныштық функциясы анықталған. Адам іс-әрекетінің барлық аймақтарында ғылыми техникалық прогрестің қарқынды дамуы жаңа экологиялық ортаны қалыптастырды, оған тірі организмдер эволюциялық тұрғыдан бейімделмеген. Қоршаған ортаның кері әсерлерімен қатар, адам организмінің висцеральді мүшелерінің жұмысына кері ықпалын тигізетін жүйкелік-психологиялық жүктемелер де әсер етуде [2, 3] .
Соңғы мәліметтерге сәйкес, Қазақстанда қоршаған ортаның экологиялық жағдайының нашарлауымен байланысты соңғы 5 жылда қан аурулары 69%, қанайналым 52%, ас қорыту мүшелерінің аурулары екі есеге, онкологиялық және жүйке аурулары 42%-дан 52%-ға дейін артып отыр.
Дүниежүзілік денсаулық ұйымының (ДДҰ) мәліметтеріне сүйенсек, ХХІ ғасырда әлемде жүрек-қантармыр аурулары, қантты диабет, алмасу процестеріндегі бұзылыстары, т. б. арта түседі. Адамдарда зат алмасу процестерінің бұзылу себептері артық мөлшерде тамақтану, қозғалыстың аз болуы, алкоголь, шылым шегу, стресс, сонымен қоса су мен тағамдар құрамындағы өндірістік токсиканттар болып саналады [4] .
Лимфа жүйесінің ұлпалар мен мүшелер дренажындағы, гормондар тасымалындағы, транскапиллярлық зат алмасуы, ас қорыту мүшелерінен белок пен май бөліктерінің қан арналарына тасымалдануы процестеріндегі рөлін ескере отырып, ұшқыш органикалық улы заттармен улану салдарынан улы гепатиттің дамуы мен лимфадинамикадағы қозғалыстарға лимфа жүйесінің қатысуын зерттеу өзекті мәселе деп есептейміз [5] .
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. Әдеби шолу
1. 1. Лимфа айналымды нейрогуморалды реттеу
Лимфа жүйесі жүрек-тамыр жүйесінің бөлігі ретінде ағзада өмірлік маңызы бар қызметтер қатарын орындайды: тасымалдау, сақтау, резорбциялау, қорғау және т. б. Лимфа жүйесінің көп функциялығы оның ағзадаға гомеостазды демеудегі үлкен маңыздылығын анықтайды. Лимфа айналымды нейрогуморальды реттеу мен лимфа қалыптасу процестері механизмдері осы уақытқа жеткілікті түрде жақсы зерттелді.
Лимфа тамырлары мен түйіндері құрамында тегіс бұлшық еттер, сонымен қатар дамыған жүйкелену бар. Кеуде лимфалық тарамы жүйкеленуінің көздері кезбе және құрсақтық жүйкелер, зардапты өзек кеуде түйіндерінің тараулары, қабырға аралығындағы жүйке тараулары болып табылады. Кеуде тарамы қабырғаларында бос жүйке жұрнақтары болып табылатын рецепторлар және Фатер-Пачини денесі тәрізді рецепторлар анықталды [6, 7] .
Гистохимиялық және электронды-микроскопиялық зерттеулерде қан тамырларында және омыртқа фило және онтогенездегі басқа да тіндердегі адренергиялық аппарат дамуы туралы мәліметтер алынды. Иттер мен егеуқұйрықтардың лимфа тамырларының қабырғаларында және лимфалық түйін тінінде жүйке импульстарының тамырлардың тегіс бұлшық еттеріне берілуін қамтамасыз ететін адренергиялық және холинергиялық жүйке өрімі анықталды.
Осылайша әр түрлі омыртқалы жануарлардың лимфа тамырларының қабырғалары жүйке қозуының тамырдың тегіс бұлшық етіне берілісін жүзеге асыратын тамыр қозғағыш жүйкеленумен жабдықталған [8] .
Эксперименттерде түрлі лимфа тамырларындағы рецепторлардың тітіркенуі кезінде әр түрлі функционалды жүйелер қызметінде рефлекторлы қозғалулар анықталды.
Сүтқоректілердің лимфа тамырларының спонтанды қысқару белсенділігі анықталды, вазобелсенді заттардың әрекеті кезінде лимфа тамырларының туындатылған ырғақты қысқару белсенділігі табылды.
Егеуқұйрықтың кеуде тарамының және ішек өзегінің лимфангиондары, сонымен қатар адамның аяқтарының лимфангиондары фазалы авторитмикалық белсенділікті жүзеге асыратындығы және тонусты ұстап тұратындығы анықталды [9] .
Лимфагиондардағы миоциттердің қысқару белсенділігін зерттеудің түрлі аурулар қатарында маңызы бар. Цитокиндердің шоғырлануын жоғарылату лимфангиондардың өнімділігін жоғарылататындығы белгіленді, лимфаток жоғарылайды. Цитокиндердің көп мөлшерде шоғырлануы амплитуданың ұлғаюын және фазалы қысқару жиілігін туындатады, орташалары - екі фазалы әсер ету, кішілері - лимфангиондардың қысқаруын азайтады.
Теңіз шошқаларының лимфангиондарында механикалық және электрлік сигналдар арасында функционалды байланыс бар, ол олардың қысқару белсенділігін координациялауға себепкер болады [10] .
Эксперименттерде спонтанды қысқарулардың, зертхана егеуқұйрықтарының оқшауланған мезентериалды тамырларының бөлек лимфангиондарының жиілігі мен амплитуда параметрлері және лимфангиондардың қысқаруын жіберу кезіндегі кальций иондарының рөлі, бөлек лимфангиондағы лимфоток көлемі және кальций иондарының қоры анықталды.
Эксперименттерде рептилияларда ең бірінші лимфалық цистернаның екпінді қысқару белсенділігі және оның вазобелсенді заттардың әрекетіне қысқару реакциялары пайда болатындығы анықталды [11] .
Омыртқалылардың амфибиядан сүтқоректілерге қарай эволюциялық даму процесінде лимфа тамырларының өз бетінше қысқару белсенділігі және лимфа тамырларының тасымалдау қызметін нейрогуморальды реттеу рөлінің өскендігі көрсетілді, ол лимфалық жүйені реттеудің дербестігін қамтамасыз етеді. Эволюциялық жағынан кеш пайда болған лимфалық түйіндер алғаш құстарда анайы лимфалық ағзаның 2 жұбы түрінде пайда болды, қарқынды түрде сүтқоректілерде дамыды.
Лимфалық түйіндер лимфоциттер өнімі, соның ішінде В- және Т-лимфоциттерінің өнімі жүретін лимфоидті құрылым және қан түзетін мүшелер секілді қызмет атқарады [12, 13] .
Фолликулаларда және лимфалық түйіндер синусының ретикулоэндотелиальды жасушаларында бактериялар, бөгде денелер, токсиндер тұрып қалады. Бұл жерде тек механикалық фильтрация ғана емес, биологиялық трансформация да жүреді.
Лимфалық түйіндер ісік жасушаларын ұстап қалады және ақуыз, май алмасуларына белсенді қатысады. Түйіндер қан ақуыздарының, соның ішінде сарысу ақуыздарының трансформациясына белсенді қатысады.
Егеуқұйрықтарға жүргізілген тәжірибеде ақуыздың лимфалық түйіндерден бөлінген лимфоциттер жарғақшаларында адсорбциялануы фактілері анықталды [14] .
Лимфалық түйіндердің маңызды қызметі иммунді цитопоэтикалық болып табылады. Түйіндерде плазмалық жасушалардың және антиденелердің пайда болуы жүреді, глобулиндер пайда болады және Jg I және Jg M-глобулиндерінің синтезі жүреді.
Лимфалық түйіндерде бай иннервацияның болуы олардың ағзаның адапциялық реакцияларына қатысуын анықтайды. Қан тамырлары мен жүйке түйінге оның қақпасы арқылы енеді және қақпа арқылы түйіннен тамырлар мен эфферентті лимфалық тамырлар шығады. Лимфалық тамырлар -мен түйіндер тонусын реттеу өсіп-өну жүйкелерінің тітіркенуі және гормоналды препараттар қатарын енгізу кезінде анықталды. Эксперименттерде иттердегі лимфалық жүйенің осмореттеу қызметінің постнаталды онтогенезде кезеңді пайда болуы көрсетілген [15] .
Лимфалық жүйенің омыртқалы жануарлар филогенезінің ерте кезеңінен бастап ағзаның гомеостатикалық реакцияларына қатысуы зерттелді.
Құрсақтық жүйкені электрлі стимуляциялау кезінде өсіп келе жатқан жануарларда кеуте тарамынан лимфатоктың өсуі бақыланды [16] .
Жануарларға жүргізілген тәжірибеде зардапты блокаданың лимфа айналымына және микроциркуляцияға жағдай жасайтын ықпалы көрсетілген.
Көптеген зерттеулерде жұлын мен бас миының әр түрлі бөлімдерінің лимфа айналымы мен лимфа түзілімін реттеудегі рөлі анықталды.
Иттердегі постнаталды онтогенезде лимфа айналымның орталық жүйке реттеуінің қалыптасуында кезеңділік анықталды. Өсіп келе жатқан жануарларда лимфатокты және лимфалық тамырлар тонусын реттеуге гиппокамптың және лимб қабығының қатысуы көрсетілді [17] .
Лимб қабығының және гиппокамптың алдыңғы бөлігін электрлі тітіркендіру кезінде иттерде лимфаток пен лимфалық тамырлар тонусының бір қалыпты емес өзгерістер байқалды.
Гипоталамустың артқы ядроларын электрлі стимуляциялау кезінде артерия қысымы көтерілді және лимфаток ұлғайды. Бұл құбылыстар десимпатизация кезінде жоғалып кетеді, бұл осы аймақта вегетативті жүйке жүйесінің зардапты бөлімімен байланысты орталықтардың бар екендігін айғақтайды [18] .
Сопақша мидың тамыр қозғау орталығынан басқа тамырлардың күйіне үлкен жарты шар қыртысының орталықтары да әсер етеді. Әсер етуді гиппокамптың дорсалды бөлімінен лимфалық және қан тамырларына берудің бәсеңдейтін жолдары кезбе және құрсақ жүйкелерімен ұсынылған.
Мижұлыны сұйықтығының қысымы көтерілген кезде иттерде лимфаток пен кеуде лимфалық тарамы тонусының азаюы байқалды. Лимфалық жүйе мен бас миының ликворлық кеңістігі арасындағы қызметтік байланыстар анықталды [19] .
Бас миының бүйір қарыншасының хеморецепторларынан лимфаток пен артерия қысымына әсер белгіленді. Ересек иттерде құйрықты ядроның лимфаток және кеуде тарамы саңылауын реттеуге қатысуы анықталды. Өсіп келе жатқан иттерде эфферентті әсер етудің дорсалды гиппокамптан лимфалық жүйеге қалыптасуы көрсетілді.
Лимфа жүйесінің липидтер тасымалындағы және дамуындағы рөлі көрсетілді.
Тәжірибелік вазореналды гипертезия кезінде егеуқұйрықтарда лимфаток, лимфа құрылу процестері азайды және лимфалық тамырлардың қысқару белсенділігі төмендеді. Вазореналды гипертезиясы бар иттерде лимфатоктың және лимфалық тамырлар тонусының рефлекторлы қоғалысы адреналин әсеріне ұлғайды, ал ацетилхолин енгізуіне және құйымшақ жүйкесінің афферентті талшықтарын стимуляциялауға төмендеді [20, 21] .
Шиншилла тұқымды үй қояндарында краниалды шажырқай артерияны бітегеннен кейін еркін май қышқылдары деңгейінің афферентті лимфада 20, 6%-ға, шажырқай лимфа түйінді эфферентті лимфада 1, 4%-ға ұлғаюы белгіленді, бұл аш ішектің ишемиясы кезіндегі токсилимфияны білдіреді.
Егеуқұйрықтарда краниалды шажырқай артерияны бітеу кезінде ішекті лимфалы тарамның лимфатогының азаюы және шажырқай лимфалық түйіндердің қысқару белсенділігінің ауырлауы байқалды [22] .
Иттерде аш ішекті краниалды шажырқай артерияны бітеу жолымен ишемиялау кезінде лимфатоктың азаюы, қанның және лимфаның ұйюының жоғарылауы және лимфа құрылу процесінің төмендеуі байқалды.
Мүшелер мен тамырлардың рецепторларына әр түрлі әсер ету және биологиялық белсенді заттар қатарын енгізу кезінде лимфа ағымының, лимфалық тамырлар тонусының өзгеруі, ақуыздардың қаннан лимфаға және микроциркуляцияға транскапиллярлы ауысуында қозғалыстар анықталды.
Кіші омыртқалыларда гистаминді енгізген кезде ақуыздардың қаннан лимфаға транскапиллярлы ауысуында түрлік айырмашылықтар анықталды. Гистамин бел цистернасы қабырғасының қысқару белсенділігін өзгертті, ол лимфа қозғалысына қатысуға мүмкіндік беретін тегіс бұлшық ет жасушаларының әрекетімен ескертілген [23, 24] .
Тасбақаларға адреналинді күре тамырдың ішіне енгізген кезде лимфа ағымы ұлғаятындығы және артерия және кұре тамыр қысымы көтерілетіндігі белгіленді. Ацетилхолинді енгізген кезде немесе құйымшақ жүйкесінің афферентті талшықтарын тітіркендіру кезінде лимфа ағысы ұлғайып, артерия қысымы төмендейді. Тасбақалар мен бақаларда өкпе және ішек, қолқа иіні аймағының механорецепторларын тітіркендіру кезінде күре тамыр қысымының көтерілуі және лимфа көлемінің ұлғаюы анықталды [25] .
Тасбақаларға жүргізілген тәжірибелерде дене температурасының көтерілуі кезінде лимфа айналымының күшеюі байқалды.
Құстардың лимфа жүйесі сұйықты сорып алу мен тасымалдауға белсенді қатысады, ол ағзадағы көлемді гомеостазды реттеуге себепші болады. Адреналинді құстарға енгізу кезінде яремды лимфалық тарам саңылауының өзгеруі байқалды, оны жүзеге асыруға α-адренорецепторлары қатысады [26] .
Гистамин артериолдарды кеңейте және функционалданатын капиллярлар санын ұлғайта отырып, микроциркуляторлы арнаға әсер етеді. Гистамин капиллярлар эндотелиясының өткізгіштігінің жоғарылауын туындатты. Гистаминді құстарға енгізу артерия және күре тамыр қысымының төмендеуін, лимфа ағымының ұлғаюын, гематолимфалық кедергінің өткізгіштігінің жоғарылауын туындатты.
Иттерде гистаминнің әсерінен лимфа ағымының ұлғаюы және лимфадағы ақуыз концентрациясының жоғарылауы байқалды, мысықтарда ол лимфа ағымының ұлғаюын және тамыр өткізгіштігінің жоғарылауын туындатпады [27] .
Егеуқұйрықтың шажырқай микротамырлдарында қалыпты кезде және N-нитро-α-аргининді (10-4М р-ра) және диметилсульфоксидті (30% p-pa) in vivo жергілікті қолдану кезінде лимфангионның фазалы белсенділігі стимулданатындығы тәжірибе жүзінде көрсетілді.
Гистамин инфузиясы кезіндегі мысықтардың аяқтарындағы тамырдың кеңеюі, капиллярлы фильтрация коэффицентінің ұлғаюы және лимфа ағымының азаюы сипатталды [28] .
Н1- блокаторлары (димедрол) егеуқұйрықтардың гистаминмен туындатылған кеуде тарамы мен ішек лимфалық тамырларының тоникалық қысқаруы мен спонтанды белсенділігін ауырлатты.
Гистаминнің әсерінен лимфалық тамырлардың физиологиялық күйлері өзгереді. Төменгі концентрацияда гистамин лимфалық тамырлардың спонтанды ырғағын ынталандырады және олардың тонусын жоғарылатады, жоғары концентрацияда - фазалы қысқару белсенділігін тежейді және тоникалық қысқаруды жоғарылатады [29] .
Гепарин тамырлар тонусына әсер етді, бірақ бұл әсер ету бір бағытты және гепарин мөлшеріне байланысты емес. Гепаринмен туындатылған тонустың жоғарылауы немесе төмендеуі, әдетте, фазалы қысқару көлеміне әсер етпейді.
Серотонин концентрациясы 2, 5х10-6М ішек өзегіндегі спонтанды қысқарудың жиілігі мен амплитудасын екі еседен көп жоғарылатады. 2, 5х10-6М концентрациясындағы серотонин ырғақты өзгерпейді, бірақ амплитуданы жоғарылатады.
5, 5х10-8М мөлшеріндегі адреналин егеуқұйрықтың кеуде тарамы мен ішек өзегінің қысқару әрекетіне әсер етеді, ырғақты жиілетеді және миоциттердің қысқаруын күшейтеді және спонтанды белсенділік болмаған жерлердегі препараттардың қысқаруын туындатады. Адреналиннің анағұрлым жоғары концентрациялары ырғақты жоғарылата отырып, ырғақты қысқару көлемін азайтады және тонды қысқаруды туындатады. Адреналинмен туындайтын тонды қысқару мен тамыр ішіндегі қысым арасындағы тәуелділік анықталды [30] .
Тамырлардың қысқару жиілігі ацетилхолин және норадреналин әсерімен де ұлғаяды. Егеуқұйрықтардың кеуде және ішек лимфа тамырларында, теңіз шошқалары мен мүйізді ірі қара малдың шажырқай лимфа тамырларында спонтанды қысқару белсенділігінің ұлғаюы мен адреналиннің тоникалық әсерлері α және β-адренорецепторларының қозуымен байланысты. Иттердің лимфа тамырларының қабырғаларында α және β-адренорецепторлары табылды.
1х10-6 г/мл және жоғары концентрациясындағы ацетилхолин лимфа тамырының спонтанды ырғақты қысқару амплитудасын жоғарылатады, кейде ол олардың сиректенуіне де әкеледі. Кейбір тәжірибелерде ацетилхолин ырғақты фазалы белсенділіктің пайда болуын туындатты.
Зертханалық және ауылшаруашылық жануарлардың лимфа түйіндерінің қысқару белсенділігіне физиологиялық белсенді заттар - адреналин, ацетилхолин, гистамин әсер етеді [31] .
Тәжірибелік зерттеулерде иттердің кеуде тарамының қысқару белсенділігінің қалыптасуының жас ерекшелік динамикасы белгіленді. Жаңа туылған күшіктердің кеуде тарамдары үшін спонтанды тоникалық қысқарулар тән, 2 апталық жастан бастап фазалы ырғақты қысқарулар қалыптаса бастайды.
Лимфа тамырларының тегіс бұлшық ет жасушаларының спонтанды қысқару белсенділігі қоршаған ортадағы кальций деңгейіне байланысты. Ортада кальций иондарының жойылуы көп ұзамай спонтанды ырғақты белсенділіктің тоқтауына әкеледі, ал кальций иондарын кальцисіз ерітіндіге қосу оны қалпына келтіреді. Кальцисіз ерітіндіде адреналин де, ацетилхолин де жоғалған ырғақты спонтанды белсенділікті қалпына келтірмейді [32] .
Әр түрлі омыртқалылардың лимфа тамырларының қысқару белсенділігін зерттеу кезінде тасбақалардың лимфалық цистерналарының және кесірткелердің, жыландардың лимфа тамырларының спонтанды қысқару белсенділігінің тоникалық сипаты белгіленді. Лимфа тамырларының адреналин және ацетилхолиннің әсеріне реактивтілігінің түрлік айырмашылығы анықталды. α және β-адренорецепторларының және М-холинрецепторларының тасбақалардағы лимфа тамырларының туындатылған жауаптарын жүзеге асыруға қатысуының түрлі деңгейі анықталды. Құстардың лимфа тамырларында сүтқоректілердің тамырларының қысқаруына ұқсас фазалы ырғақты белсенділік анықталды.
Жасуша ішіндегі және жасушы сыртындағы кальцидің вазоактивті заттардың әсері кезінде омыртқалылардың лимфа тамырларының қысқаруы механизміне қатысуы анықталды [33, 34] .
Гипертензивті егеуқұйрықтарға жүргізілген тәжірибеде кеуде тарамының спонтанды қысқару белсенділігінің ауырлауы анықталды. Адреналин кеуде тарамының оқшауланған бөліктерінің тоникалық қысқаруларының жоғарылауын туындатты, ал ацетилхолин нормотензивті жануарлармен салыстырғанда оларды ауырлатты.
1 мг/л концентрациясындағы E. coli және S. typhizmurium эндотоксиннің бұқаның оқшауланған шажырқай лимфа тамырларының қысқару қызметіне әсерін зерттеу амплитуданың азаюын және спонтанды фазалы қысқарулардың жиілігін көрсетті.
10-10-10-5 г/л концентрациясындағы интерлейкиндер (IL-1 және IL-2) ақ егеуқұйрықтың тамыр сегменттерінің спонтанды қысқару белсенділігінің және магистралды лимфа тамырларының мөлшерге тәуелді тежеуін туғызады.
E. coli эндотоксині бұқаның лимфа тамырларының тегіс бұлшық етті жасушаларына айқын кеңеймелі әсер ететіндігі белгіленді [35]
Плазма ақуызын иттің тамырына енгізгеннен кейін орталық лимфада ақуыз агрегатының мөлшерінің ұлғаятындығы және лимфа ағымы жылдамдығының өзгеруі жүретіндігі тәжірибе жүзінде көрсетілді.
Егеуқұйрықтардың ішек лимфа тамырларын бітеу семіз жасушалардың дегрануляциялануын туындатты, ал гепаринді, гистаминді және серотинді эндолимфалы енгізу бітеудің жағымсыз салдарын азайтуын туғызды.
Қатты қансырау кезінде иттерде қансырау басталғаннан бергі алғашқы 60 минутта лимфаның және қанның уыттылығының артуы анықталды. Иттерде есірткілендіру жағдайында және қатты қансыраудан кейін лимфа құрамындағы кортизол төмендеді [36] .
Қазіргі уақытта лимфалық аймақ туралы жаңа ұғым белгіленді. Бұл - жасушаның және перицеллюлярлы кеңістік дренажын «интерстиция - лимфа жүйесі» бағытында жүзеге асыратын жүйеаралық морфо-функционалды бірлік.
Ғылыми-зерттеу жұмыстардың нәтижелері жазылған еңбектерде лимфа жүйесінің ағзадағы гомеостазды ұстап тұруға қатысуы туралы, сонымен қатар нейрогуморальды реттеу механизмі туралы көптеген мәліметтер бар екендігі белгілі.
Сондықтанда, біздің зерттеуіміздің мақсаты экстремалды факторлардың лимфа жүйесінің тасымалдау қызметіне әсерін анықтау болды.
1. 2 Лимфаға жалпы сипаттама
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz