Электрондық оқулық құру туралы
КІРІСПЕ
I ТАРАУ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУЛЫҚҚА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
1.1 Электрондық оқу басылымына қойылатын жалпы талаптар
1.2 Электрондық оқу басылымының құрылымына қойылатын жалпы талаптар
1.3 Электрондық оқу басылымдарының қолданылу саласы
1.4 Анықтамалары
II ТАРАУ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУЛЫҚ ҚҰРУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕТІН
ПРОГАММАЛАР
2.1 Электрондық оқулық құру концепциясы
2.2 HTML тілі
2.3 WEB.тің маңызы
2.4 FRONT PAGE программасы
III ТАРАУ JAVASCRIPT ТІЛІНЕ КІРІСПЕ
3.1 JavaScript тілінде пайдаланушыға сұраныс құру және айнымалылар
3.2 JavaScript тілінің қасиеттері
3.3 JavaScript тілінің объектілер иерархиясы
3.4 JavaScript тілінде функция құру
3.5 JavaScript тіліндегі программалық анимация
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОСЫМША
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Менің дипломдық жобамның тақырыбының өзектілігі: Жиырма бірінші ғасырдың басталуы жаппай ақпараттық қоғамға көшумен сипатталады. Оған компьютерлік техника, ақпараттық технология және басқа да ғылыми-техникалық прогресс әсерін тигізуде. Біздің еліміз де ғылыми-техникалық прогрестің негізгі белгісі болып табылатын қоғамды ақпараттандырудың жаңа кезеңіне енді.
Кәсіби білім тез ескіретіндіктен оны тұрақты түрде жетілдіріп отыру керек. Қашықтан оқыту формасы бүгінде, уақыт және кеңістік белдеулерінен тәуелсіз, көпшіліктің өз бетінше үздіксіз жалпы білім алу жүйесін, өзара ақпарат алмасуын қалыптастырады және жүзеге асырады. Одан басқа, қашықтан оқыту жүйесі әлеуметтік жағдайына (оқушыға, студентке, азматтар мен әскерилерге, жұмыссыздарға) қарамастан және еліміз бен шет елдің кез-келген ауданында тұрса да адамның білім және ақпарат алу құқығын қамтамасыз етеді.
Дипломдық жобаның міндеттері:
1. Электрондық оқулықтар жөнінде жалпы мәліметтер
2. Электрондық оқулықтарды жасау кезеңдері
3. HTML-тың жұмыс аймағы, JavaScript тілінде сценарий құру сияқты теориялық мәліметтерді толық қамту.
Дипломдық жобаның мақсаты. Информатика және компьютер технологиясы пәнінен электрондық оқулық құру.
Зерттеу объектісі. Қазіргі заманда электрондық оқулықтар өте үлкен сұранысқа сай және соған байланысты, мұғалімдер мен оқушылардың да ақпаратты оқу кезінде қабылдау мүмкіншілігі жоғары болады.
Қазіргі кезеңде мамандарды кәсіптік дайындаудың мәніне көп көңіл бөлінуде. Жаңа қоғам құру, әлемдік білім беру кеңістігіне ену үрдісі ұлттық білім беру жүйесін қайта құру міндетін алға қойып отыр.
Зерттеу пәні. Білім беру жүйесінің міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке тұлғаны қалыптастыру, дамыту және кәсіби шыңдау бағытында білім беру үшін жағдайлар жасау. Ол үшін мамандарды даярлау сапалы, жүйелі, жоспарлы болуы керек. Оларды ойлаудың жаңа типімен қаруландыру, оқыту мен тәрбиелеу үрдісінің жаңа технологияларын меңгерген мамандар қажет.
Жаңалығы. Әр саладағы ғылым мен іс тәжірибеде болашақ мұғалімдерді кәсіптік даярлау мәселесі барлық уақытта негізгі орын алады. Осы бағытта оқыту үрдісін ақпараттық технологиямен қамтамасыз ету жағдайларының өзгеруі оқулықтардың дамуының жаңа кезеңі электронды оқулықтардың пайда болуына алып келеді.
Дипломдық жобаның тәжірибелік қоры болып электронды оқулықтар туралы жалпы түсінік, электронды оқулықтарға қойылатын жалпы талаптар, мультимедиалық оқыту жүйелерін әзірлеу және материалдарды беру қағидалары, электронды оқулықтарды жасаудың құралдары.

1. Электронды оқу басылымы туралы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарты. Алматы 2002 ж.
2. КР СТ 1087-2002. Программалық құжаттардың бірыңғай жүйесі. Қолданушының басқармасы. Құрамына, мазмұнына және безендірілуіне талаптар.
3. КР СТ 34.014.-2002. Ақпараттық технология. Автоматтандырылған жүйелерге стандарттар кешені. Терминдер және анықтамалар.
4. МСТ 7.4 - 95. СИБИД. Басылымдар. Шығу мағлұматтар. - МСТ 7.4 – 86 орнына.
5. МСТ 7.82 - 2001. СИБИД. Библиографиялық жазылу. Әлектрондық ресурстардын библиографиялық сипаттамасы. Жалпы талаптар және құру ережелері.
6. МСТ 7.83-2001. Мемлекетаралық стандарт. Электрондық басылымдар. Негізгі шығулар және шығу мәліметтері.
7. МСТ 7.9 - 95. СИБИД. Реферат және аннотаця. Жалпы талаптар. -МСТ 7.9 - 77 орнына.
8. Дик Мак Клилланд. PhotoShop 5.5 для Windows. Киев. 2000. 830 стр.
9. А. Я. Архангельский. Приемы программирования в Delphi. Москва. 2004. 845 стр.
10. Марко Кенту. Delphi 7 для профессионалов. Питер. 2004. 1100 стр.
11. Ю.Гурский, А.. Васильев “Трюки и эффекты PhotoshopCS” Питер. 2004. 576 стр.
12. Молли Э. Хольцшаг. Использование HTML 4. Киев. 2001. 999 стр.

Пән: Информатика, Программалау, Мәліметтер қоры
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 58 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 58 бет
Таңдаулыға:
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
I ТАРАУ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУЛЫҚҚА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
1.1 Электрондық оқу басылымына қойылатын жалпы талаптар
1.2 Электрондық оқу басылымының құрылымына қойылатын жалпы талаптар
1.3 Электрондық оқу басылымдарының қолданылу саласы
1.4 Анықтамалары
II ТАРАУ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУЛЫҚ ҚҰРУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕТІН
ПРОГАММАЛАР
2.1 Электрондық оқулық құру концепциясы
2.2 HTML тілі
2.3 WEB-тің маңызы
2.4 FRONT PAGE программасы
III ТАРАУ JAVASCRIPT ТІЛІНЕ КІРІСПЕ
3.1 JavaScript тілінде пайдаланушыға сұраныс құру және айнымалылар
3.2 JavaScript тілінің қасиеттері
3.3 JavaScript тілінің объектілер иерархиясы
3.4 JavaScript тілінде функция құру
3.5 JavaScript тіліндегі программалық анимация
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОСЫМША
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
КІРІСПЕ
Менің дипломдық жобамның тақырыбының өзектілігі: Жиырма бірінші
ғасырдың басталуы жаппай ақпараттық қоғамға көшумен сипатталады. Оған
компьютерлік техника, ақпараттық технология және басқа да ғылыми-техникалық
прогресс әсерін тигізуде. Біздің еліміз де ғылыми-техникалық прогрестің
негізгі белгісі болып табылатын қоғамды ақпараттандырудың жаңа кезеңіне
енді.
Кәсіби білім тез ескіретіндіктен оны тұрақты түрде жетілдіріп отыру
керек. Қашықтан оқыту формасы бүгінде, уақыт және кеңістік белдеулерінен
тәуелсіз, көпшіліктің өз бетінше үздіксіз жалпы білім алу жүйесін, өзара
ақпарат алмасуын қалыптастырады және жүзеге асырады. Одан басқа, қашықтан
оқыту жүйесі әлеуметтік жағдайына (оқушыға, студентке, азматтар мен
әскерилерге, жұмыссыздарға) қарамастан және еліміз бен шет елдің кез-келген
ауданында тұрса да адамның білім және ақпарат алу құқығын қамтамасыз етеді.
Дипломдық жобаның міндеттері:
1. Электрондық оқулықтар жөнінде жалпы мәліметтер
2. Электрондық оқулықтарды жасау кезеңдері
3. HTML-тың жұмыс аймағы, JavaScript тілінде сценарий құру сияқты
теориялық мәліметтерді толық қамту.
Дипломдық жобаның мақсаты. Информатика және компьютер технологиясы
пәнінен электрондық оқулық құру.
Зерттеу объектісі. Қазіргі заманда электрондық оқулықтар өте үлкен
сұранысқа сай және соған байланысты, мұғалімдер мен оқушылардың да
ақпаратты оқу кезінде қабылдау мүмкіншілігі жоғары болады.
Қазіргі кезеңде мамандарды кәсіптік дайындаудың мәніне көп көңіл
бөлінуде. Жаңа қоғам құру, әлемдік білім беру кеңістігіне ену үрдісі ұлттық
білім беру жүйесін қайта құру міндетін алға қойып отыр.
Зерттеу пәні. Білім беру жүйесінің міндеті – ұлттық және жалпы
адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке
тұлғаны қалыптастыру, дамыту және кәсіби шыңдау бағытында білім беру үшін
жағдайлар жасау. Ол үшін мамандарды даярлау сапалы, жүйелі, жоспарлы болуы
керек. Оларды ойлаудың жаңа типімен қаруландыру, оқыту мен тәрбиелеу
үрдісінің жаңа технологияларын меңгерген мамандар қажет.
Жаңалығы. Әр саладағы ғылым мен іс тәжірибеде болашақ мұғалімдерді
кәсіптік даярлау мәселесі барлық уақытта негізгі орын алады. Осы бағытта
оқыту үрдісін ақпараттық технологиямен қамтамасыз ету жағдайларының өзгеруі
оқулықтардың дамуының жаңа кезеңі электронды оқулықтардың пайда болуына
алып келеді.
Дипломдық жобаның тәжірибелік қоры болып электронды оқулықтар туралы
жалпы түсінік, электронды оқулықтарға қойылатын жалпы талаптар,
мультимедиалық оқыту жүйелерін әзірлеу және материалдарды беру қағидалары,
электронды оқулықтарды жасаудың құралдары.
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Дипломдық жоба кіріспеден, 3 тараудан,
қорытындыдан, қолданған әдебиеттер тізімі мен қорытындыдан тұрады.
Бірінші және екінші бөлімінде электронды оқулықтар туралы жалпы
түсініктер, электронды оқулықтарға қойылатын жалпы талаптар, электронды
оқулықтың құрылымы және жұмыс режимдерін талдау туралы жазылған .
Үшінші бөлімінде электронды оқулықты жасау кезеңдері талқыланған. Java
Script программалық ортасында жобалау үрдісі сипатталған. Бағдарлама жасау
кезіндегі қолданылған құралдар және құрылу сатылары қарастырылады.
Дипломдық жобадағы зерттеу мәні қорытындыда талқыланған.

ЭОБ-ның объектісі ғылыми негізделген фактілер, тұжырымдар мен
ережелердің сонымен қатар берілген оқу курсында оқытылатын объекттердің
құбылыстар мен үрдістердің қатынастары мен қасиеттерінің жиынтығы болып
табылатын сандык, мәтіндік, графикалық аудио, видео және басқа
оқыту ақпараты болу керек.
ЭОБ анықтамалык және басқарушы ақпаратты қамту керек. және қолданушының
назарын өзіне аулартатын және оқу мақсаттарына қызмет
етпейтін ақпаратты қамтымау керек.
ЭОБ әртүрлі мамандықтар үшін олардың типтік оқу жоспарлары мен
бағдарламаларына сәйкес қолдануға мүмкіндік беру керек.
ЭОБ-да интерфейс көрнекті, түсінікті, бірмәнді және қолданушы қате іс-
әрекеттер жібермеу үшін ЭОБ-ныц түгел және оның бөлек бөліктерінің
функцияларының логикасын түсінуге көмектесетін түрінде келтірулі керек.
ЭОБ-да имитацмалық компьютерлік моделдер
оқылатын объектілер, үрдістер мен құбылыстардың құрылымын және
параметрлерін беру және өзгерту, сонымен катар, сыртқы әрекеттердің
имитациясы үшін ыңғайлы құралдармен жабдықталу керек. Компьютерлік
моделдермен өзара-әрекет мәселелері білім алушыны оның
көмегімен шешілетін дидактикалық есептердің мазмұнынан көңілін
бөлмеуі керек.
ЭОБ қалай жабық, солай ашық ортада қолданылу мүмкіндіктеріне ие
болу керек. ЭОБ жабық ортада жылжымалы ақпаратты тасушыларда
орналасуы және жеке алынған компьютерде немесе локальды компьютерлік
желіде атқарушы программалар сиякты жұмыс істеу мүмкіндігіне ие
болу керек. ЭОБ ашық ортада глобалды компьютерлік желілерде орналасады және
жұмыс істеу үшін программа-браузерлерді қолданады.
ЭОБ косымша программалық құралдарды талап етпейтін
операциялық жүйенің версиясын ескере автоматты түрде
орнатуының мүмкіндігіне ие болу керек. Орнату комплектінде
мемлекеттік немесе халықаралық стандарттарына сәйкес ЭОБ-ның тәуелсіз
жұмысы үшін барлык қажет шрифтер, драйверлер және программалар пакеттері
болу керек.
ЭОБ тұрақсыздандыру әрекеттер болмағанда (электр өшуі,
операциялық жүйенің істен шығуы) берілген режимде функциясын
жасау керек және тұрақсыздандыру әрекеттермен шақырылатын ауытқулар
болғаннан кейін ЭОБ-ның жұмысын жалғастыруды камтамасыз ететін
қабілеті болу керек. ЭОБ қолдану процесінде ЭОБ-ға қажет
өзгерістер мен кемшіліктерді енгізудің карапайымдылығын
қамтитын жәме оқу материалдарына және статистикалык берілгендерге
санкциалданбаған кірісті болдырмау мүмкіндіктері болу керек.
1.2 Электрондық оҚу басылымынының құрамына қойылатын талаптар
ЭОБ-нын құрамына: титул, тақырыптама, мазмұны, утилиталар, көмекші және
құжаттама енгізілу керек.
Титулда ЭОБ-ның шығу мәліметтері орналасады. Шығу мәліметтеріне
койылатын талапта сәйкес тарауда келтірілген.
Тақырыптамада ЭОБ-ның құрылымы мен барлық семантикалык оқу
бірліктерінің аттары көрсетілуі керек.
Мазмұнда ЭОБ-ның мақсаттары және есептеріне қатысты және сол арқылы
білімдердің қорытынды бақылауын өткізуге кажет барлық оқу материалы
берілуі керек. Оқу материалы ғылыми терминологияны пайдаланып түсінікті,
дәл, толық және қарама қайшылықсыз жазылуы керек.
Утилиттер пайдаланушыларды тіркеу, статистикалық деректерді шығару,
мазмұнды қарау, оқу траекториясын анықтау және сонымен оқыту, ағымдағы,
аралык, белестік және қорытынды тестілеуді жүргізу үшін арналган.
Көмекшің элементі ЭОБ-ның жұмысын басқару бойынша ақпарат және ЭОБ-
ның іске қосылу моментінен бастап іске қосылуын камту керек.

Осы мемлекеттік стандарт электрондық оқу басылымдарының жалпы
талаптарын және оның құрылымыма, функцияларына, мазмұны-на, оқу
элементтеріне, рәсімденуне, құжаттамалырына және шығу мәліметтеріне
койылатын талаптарды анықтайды.
Стандарт авторлық ұйыммен, электрондық оқу басылым бойынша эксперттік
кеңестер және комиссиялармен, тапсырушылар-мен қолданылу керек және
электрондық оқу басылымның сапасының экспертизасын өткізу және оларды
жетілдіру бойынша немесе олардың шығарылуын тоқтату үшін негізі болып
табылады.
5 Анықтамалар
Осы мемлекеттік стандартта терминдер және анықтамалар Қ.Р СТ 34.014-
2002 және МСТ 7.83-2001 сәйкес қолданылады. Оларға қосымша стандартта
келесі анықтамалар қолданылады:
электрондық басылым - программалық басқару құралдары мен
құжаттамалары бар және кез-келген электрондық ақпатар тасымалдаушысында
орналасқан немесе компыотерлік желілерде жарық көрген сандық, мәтіндік,
графикалық, аудио, видео және басқа ақпараттар жиынтығы.
электрондық оқу басылымы - оқытуды және білім бакылауды
автоматтандыруға арналған және оқу курсына немесе оның жеке бөлімдеріне
сәйкестендірілген, сонымен қатар оқыту траекториясын анықтауға мүмкіндік
беретін және әртүлі оқу жұмыстарымен қамтамасыз ететін
электрондық басылым;
электрондық оқулық - құрамында оқу курсының немесе оның
бөлімінің жүйелі мазмұны бар және берілген басылым түріне
мемлекеттік мекеме беретін арнайы дәрежеге ие электрондық оқу басылымы;
электрондық оқу құралы-құрамында оқу курсының ең маңызды бөлімдері,
сонымен қатар есептер жинағы. анықтамалыктар, энциклопедиялар, карталар,
атластар, оқу тәжірибесін өткізуге нұсқаулар. практикумға, курстык және
дипломдық жұмыстарды дайындауға әдістемелік нұсқаулары бар берілген басылым
түріне мемлекеттік мекеме беретім арнайы дәрежеге ие электрондық
оқу басылымы.
Қысқартулар
ЭБ- электрондық басылым:
ЭОБ- электрондық оқу басылымы:

Кез келген электрондық оқулық құруды үйрететін программа құру үшін біз
өзіміздің негізгі мәселелерімізді пысықтап алуымыз қажет, яғни негізгі
стратегия белгіленуі тиіс. Оны келесі түрде тізуге болады:
← Алдымен ескерілетін жағдай электрондық оқулықтарға
қойылатын мемлекеттік талаптар ережесінің жиынтығы
(электрондық оқулық мемлекеттік стандарты);
← Қарастырылатын берілгендер қоры жөнінде студент немесе
басқада үйренуші қауым толық мәлімет алуын қамтамасыз ету;
← Программаның көрнекілігін қамтамасыз ету;
← Электрондық оқулықты нобайлар негізінде құру керек;
← Қойылған мақсатқа жету үшін мүмкіндігінше аз программалық
ресурстарды пайдалану.
Сонымен менің электрондық оқулығым нобайлар негізінде құрылатындығын
анықтап алғаннан кейін мен нобайлар құрылымын қарастырайын. Келесі бөлімде
нобай компаненттерін байланыстыру үшін HTML тілін пайдалану қағидалары
қарастырылады.
Берілгендердің әлсіз типтелінген нобайларында, олардың синтаксистік
құрылымы нобай арқылы анықталады. Синтаксистік құрылым - нобай арқылы
қандай нақты пәндік мазмұн сипатталынатынынан тәуелсіз. Әлсіз типтелінген
нобайлар, берілгендердің қандай категорияға, типке жататынын, оларды
біріктіруші арнайы қасиеттерді бейнелейтін құралдарды пайдаланады. Алайда,
мұндай нобайларда — берілгендерді типтендіру міндетті емес.
Күшті типтелінген нобайларда — берілгендерді типтендіру міндетті іс-
әрекеттер. Мұндай нобайларда синтаксистік құрылымдарды жасаушы
берілгендердің қисынды семантикалық қасиеттерін арнайыландырудың ережелері
ғана беріледі. Осыған байланысты, күшті типтендірілген нобайлардағы
синтаксистің, берілгендердің әрбір тип шеңберіндегі синтаксистік рольдеріне
қатысты, семантикалык жабуы болатындығын айта кеткен орынды болар.
Семантикалық тұрғыдан — нобайлар синтаксистік және семантикалық
түрлерге бөлінеді.
Синтаксистік нобайлар — берілгендер типінің әрбір данасы
қанағаттандыратын сыртқы, синтаксистік құрылым құралдары мүмкіндіктері
арқылы ерекшеленеді.
Web түйін
Электрондық оқулық HTML сілтемелері негізінде құрылатын болғандықтан
біз HTML ді кеңінен қарастырып өтейік.
Қандайда бір құжатқа басқаша айтқанда файлға сілтеме жасайтын текст,
графика, анимация, немесе басқа формадағы информация жиындарымен жұмыс
істейтін ортаны Web түйін деп атайды. Бұл әрекеттер арнайы орта –
браузерлерде жүзеге асады. Өмірде барлық болмыс түрі даму үстінде. Олай
болса қазіргі техниканы дамытуда адамзат баласының жетістігімен ілесе
отырып өзегрістер енгізілген программаларда көбейіп келеді. Айтайын дегенім
қазіргі таңда браузерлерде жұмыс істеу әрекетін жеңілдедетін программа көп.
Соның ішінде HTML технологиясына қатысты орташа деңгейдегі жобаның
бастамасын осы курстық жұмыста ұсынғалы отырмын. Әр негізгі ұғымға жеке-
жеке тоқталып өту үшін оларды бөлек тақырып ретінде қарастырамын. Соның
ішінде HTML негізін бөлек қарастырайық.
HTML не үшін керек
Егер сізге "Internet деген нәрсені білмеймін " деп адам айтса онда
сізге "телевизор, телефон дегенді білмеймін " деп айтқанмен бірдей болып
естілуі мүмкін. Себебі оның біздің өмірімізді алып отырған орны үлкен. Ал,
шын мәнісінде сіз сол сұраққа жауап бере аласызба? Көп адамдар Internet пен
Web екеуі бір деп ойлайды. Ал, шын мәнісінде олай емес.
Internet негізін 1961 жылдан бастап іздеу керек. Сол кездері көптеген
байланыстырушы бағдарламалар мен протоколдар Internet құрылымы негізінде
дами бастады.
Internet'тің көптеген протоколдары байланыстыру мүмкіндігі жақсартады.
World Wide Web (WWW) сол протоколдардың бірі. Hypertext Markup Language
(HTML) – гипертексттерді байланыстырушы тіл сол бағдарламалардың бірі.
HTML – байланыстырушы тіл, яғни, ол жоғары денгейлі С++,VisualBasic,
Delphi сияқты тілдер қатарына кірмейді. Берілген командаларды жүзеге асыру
үшін компановка, компиляция жасалынбайды. Ол, тек пайдаланушы агенті болып
табылатын Web – браузерде интерпритацияланады (түрленеді).
HTML ол Web түйіндерін құру үшін керек. HTML'дің пайда болу және даму
тарихы Тим Бернерс-Лимен (Tim Brners-Lee) байалынысқан. Ол элементар
бөлшектердің физикасының Европалық орталығында программист болып жұмыс
істеген.
Ол бұл программаны құруда келесі мақсаттарды алдына қойды:
• біріншіден, ғалымдар әрдайым өзара байланысу және алмасқан
информацияларға түзету енгізу мүмкіндігін жақсарту үшін;
• екіншіден, компьютердің плотформасына, жүйесіне тәуелсіз түрде
информациялар өзара еркін алмасу үшін.
Алғашқыда тек сілтеме объектісі ретінде текст пайдаланылды. Осылайша
ғалымдарға мәлімет жеткізу, алмасу әрекеті жүзеге асты. уақыт өте келе
графикада енгізілді.
Құжат дескрипторы
Құжат құруға арналған дескрипторлардың синтаксистері:
• HTML ... HTML - HTML дескрипторы;
• HEAD ... HEAD - бас дескрипторы, құжаттың бас жағынан сипаттайды;
• TITLE ... TITLE - құжат атының дескрипторы. Осы дескрипторлардың
арасына енгізілген информациялар құжаттың атауын сипаттайды;
• BODY ... BODY - HTML құжаттың денесі, онды бар информация болады;
• ! -- ...-- - комментария дескрипторы, қосымшаларды енгізуге арналған.
Форматтау элементтері
Текстті форматтау – HTML-дің ең қарапайым және ең қуатты бөлімі. HTML-
дің өзі о бастан-ақ , тексттерді форматтауға, Internet-ке ыңғайлы етуге
арналып шығарылған болатын. HTML-дің негізгі артықшылығы құжат ішінде
гиперсілтемелер жасауға болатындығында.
Текстті форматтау концепциясының негізгі құраушылары: стандартты
құжат басы, ара қашықтық, абзац, текст стилі, яғни курсив, қанық ету, астын
сызу.
Текстті форматтау үшін келесі дескрипторларды қолдануға болады:
• H1...H1_H6...H6 . Тақырып диапазоны дескрипторы. Тақырып және
тақырып асты мәліметтер үшін қолданылады.
• BR. Ажырату дескрипторы, каретканы бір рет ауыстырғанмен тең.
• P. Абзац дескрипторы, абзацтағы белгілеу үшін қолданылады
• P...P. Ашушы және жабушы дескрипторлар арқылы абзацты белгілеу
әдісі.
• PRE...PRE. Алғашқы форматталған тексттің дескрипторы.
• NOBR...NOBR. Егер сіз арасы ажыратылмаған текст қатарын қолданатын
болсаңыз, онда ажыратпау дескрипторын пайдаланасыз. Заңды түрде ол
HTML 4.0’ге кірмейді. Алайда, кең қолданыста жүрген дескриптор.
• B...B. Текст бояуын қанық ету дескрипторы.
• I...I. Текст курсивін өзгерту дескрипторы.
• U...U Тексттің астыңғы жағын сызу дескрипторы.
Динамикалық HTML эффектілерін қолдану
Front Рage продраммасымен жұмыс істейтін Web-түйін құрушыға беттерді
қызықты етіп жасау мүмкіндідін беретін әртүрлі әдістер ұсынылады. Мұндай
әдістерде ең бірінші Dynamіc HTML (Динамикалық HTML-DHTML) жатады.
Динамикалық эффектілер құру ұшін Java, Java Serіpt немесе VBScrіpt тілдерін
білу міндетті емес. Web-түйіндер құрғанда DHTML-ді кеңінен қолдануға шек
келтіретін жағдай - қолданушылар Web-беттерді қарағанда пайдаланылатын
шолушы продраммалардың барлығы бірдей берілден эффектілерді қабылдамайды.
Іnternet Explorer-де құрылған барлық эффектілерді, Netscupe Navіgator
қолданушылары көре алмайды, және керісінше. Біз уақыт кетіріп қажетті
эффектілерді алғанымызбен оны Web-түйінді қараушылар көрмеуі де мүмкін.
Жүгіртпе жол
Front Рage программасы арқылы құрылатын HTML динамикалық элементтерінің
бірі-тікбұрыш облыста орналасатын мәтіндік жол түрінде безендірілден,
"жүгіртпе жол". Жүгіртпе жол орналастырғымыз келген тексті белгілеп алу.
Іnsert (Кірістіру) мәзірінен Component (Компонент) командасын таңдап,
ашылған мәзірден Marquee (Жүгіртпе жол) опциясын таңдау.
Marquee Propertіes сұхбат терезесі (2-сурет) ашылады, онда Web-бетке
орналастырылатын объекті параметрлерін орнатуға болады.
Сұхбат терезенің жоғарғы жағында экранда жүгіртпе жол түрінде
ұсынылатын мәтінді енгізуде арналған Text жолы орналасқан. Осы жолға
қажетті сөйлемді енгізу.
2-сурет. Marquee Propertіes сұхбат терезесі.
Осы ашылған сұхбат терезесінде өзімізге қажетті қасиеттерін орнатып OK
түймесін шертеміз.
Front Page продраммасы Web-бетті безендіргенде, Mіcrosoft Offіce пакеті
құрамындағы презентацияларды дайындауға арналған Power Poіnt программасы
сияқты түрлі анимациялық эффектілерді қолдану мүмкіндігін береді.
Анимация көмегі арқылы бүкіл абзацты тірілтіп, олардың түрлі жылжу
бағыттарын беруге болады. Анимациялар эффектілерін құрғанда DHTML Effects
аспаптар панелі (3-сурет) қолданылады. Оны программаның негізгі
терезесінде орнату үшін келесі әрекеттердің бірін орындаймыз:
• Format (Формат) мәзірінен Dynamіc HTML Effects (Динамикалық HTML-эффект)
командасын таңдау.
• Vіew (Тұр) мәзірінен Toolbar (аспаптар панелі) командасын орнатып,
ашылған мәзірден - DHTML Effects опциясын таңдау.
3-сурет. DHTML Effects аспаптар панелі.
Аспаптар панелінде үш тізім орналасқан. On (Жағдай) тізімі таңдалғанда
динамикалық HTML-эффект орындалатын оқиғалардан тұрады.
2.3 Web-тің маҢызы
Радиусы алты мың километрден асатын, Жер деп аталатын осы планетаның
адамдары қай нүктеде болсын бір бірімен байланысқан Internet жүйесі арқылы
қабарласа алады. Осы керемет жетістіктен асқан жетістік бар дерсіз. Алайда
бұл шын мәнінде керемет жағдай. Web’тің негізгі маңызы осында, яғни
байланыс құру. Құжат шіінде байланыстырушы элементтер арқылы келесі құжатқа
кірумен қатар басқа жаңалықтар, хабар тіпті басқа адамдармен де танысуға
мүмкіндік жасауға болады. Жарайды, енді бәрін ретімен атайық.
Гиперсілтеме- құжат ішіндегі текст, графика немесе көрнекі объектіні
байланыстырушы элемент ретінде пайдалану.
WEB– бетке графикалық объектілерді орнату және оларды өңдеу
Сондай –ақ Web – бетке графикалық объектілерді орнатып оларды өңдеуге
болады. Web-бетіне графикалық объектіні қою үшін курсор графикалық объект
қоятын жерде қойылады. Саймандар тақтасынан Іnsert Pіcture(Суретті қою)
пернесі шертіледі немесе Іnsert(Pіcture(From Fіle(Қою(Сурет(Файлдан)
командасы беріледі, нәтижесінде суреттеді диалог терезесі ашылады.
Қойылатын графикалық файл ағымдағы Web-түйінің тізімінен таңдалынады. JPEG
немесе GІF файлдарын көру үшін файл ерекшеленеді, FrontPage алдын-ала көру
аймағында сурет көрінеді.
1 -Сурет. Pіcture(Суретті қою) диалог терезесінен графикалық файлды
таңдау.
Егер сурет ағымдағы Web-түйіннің сыртында болса, онда Use Yore Browser
to Select a Page (Бетті таңдау ұшін браузерді қолдану) немесе Select a Fіle
on YourComputer (Бұл компьютерде файлды таңдау) пернелерін шерту арқылы
WWW-дан немесе дербес және желілік дискілерден графикалық файлдарды іздеу
процедурасы іске қосылады. Файл таңдалынғаннан кейін OK пернесі басылады.
Web – беттерін безендіру
Web – беттерін безендіруде тұрлі анимациялар мен кұрделі элементтерді
қолдануға болады.
Кұны кеше Web-беттерде динамикалық объектілерді, курсорды орнатқанда
өзінің түрін өзгертетін түймелерді, мәтіндік жүгіртпе жолдарын,
анимацияларды орнату туралы тек армандауға ғана болатын. Қазір бұл Web-
түйіндерді құруда қолданылатын, жаңа технологияның арқасында мүмкін болды.
Web-беттерде объектілерді орнату арқылы беттерді қолданушылар үшін
тартымды, көрікті және тірірек етуде мүмкіндік бар. Жарнамалық баннерлер
менеджері арқылы Web-беттерде әшекейлер, және ең бастысы қандайда бір
нәрсені (мысалы, тауарды) жарнамалауға қолданылатын – слайдтарды
орналастыруға болады. Web-түйінде Ұсынылған информацияны түрлендіру үшін
фреймдер көмегін қолдануға және бетке орнатылған сілтемені таңдау арқылы
оны жаңартуға болады.
2.4 Front Page программасы
Электронды оқулық дайындаудың қолайлы да белгілі әдістерінің бірі Front
– Page программасы болып табылады. Front Page Web-беттер мен Web-т‰йіндер
құруға арналған Mіcrosoft Offіce 2000 құрамына кіретін программа. аспаптар
тақтасы мен мәзірдегі командаларды пайдаланып бетке мәтіндік және
графикалық информациялар, навигциялар тақтасы мен бір беттен екіншісіне өту
үшін қолданылатын сілтемелер орналастыруға болады. Front Page-дің басқа да
кестелерді, фреймдерді, жүгіртпе жолдарын, түрлі анимцияларды және т. б.
пайдалану мүмкіндіді бар. Web-беттер мен Web-түйіндерді құруды жылдамдату
үшін шаблондар мен шеберді пайдалануға болады. Front Page программасы Web-
тұйінге Mіcrosft Offіce-тің құрамына кіретін Word, Excel, Access және
Power Poіnt сияқты программаларда дайындалған құжаттарды енгізуге мүмкіндік
береді.
Front Page программасын іске қосу үшін орындалатын әрекеттер: Пуск (
Программы ( Mіcrosoft Front Page
Негізгі терезе
Front Page программасы іске қосылғанда экранда оның негізгі терезесі
ашылады (1-сурет).
Графикалық форматтардың түрлері
Web-беттерінде графикалық объектілер ақпараттық мәлімет немесе
дипперсілтеме түрінде қолданылады. Сондай-ақ гиперсілтемемен мақсатты
ресурсы болып келетін графикалық файлға нұсқауға болады, оны шерту арқылы
көрсеткенде осы файл браузерде ашылады.
Графикалық оъектілер әшекелеудің бағалы элементі болып табылады және
біркелкі мәтіндік бетке өң береді.
Web-бетінің бөліді болып келетін драфикалық объектілер орнатылған
драфикалық объектілер деп аталады. Соған байланысты HTML мәтіндік ақпаратты
көрсету тілі болғандықтан, орнатылған графикалық объектілер бөлек
файлдарда сақталынады және Web-бетімен бірде браузерде ашылып көрсетіледі.
Компьютерлік графикалық файлдар әртұрлі форматта берілген. Файл
форматы файлда ақпаратты сақтаудың әдісін анықтайды. Драфикалық файлдың екі
форматы Word Wіde Web -те стандарт болып келеді, бұл GІF және JPEF
форматтағы файлдар.
Бұл форматтар графиканы сығуды қолданады, сондықтан да олардың сығуды
қамтамасыз етпейтін басқа форматтағы файлдарға қарағанда өлшемі аз. Бұл
мінездеме Интернет сияқты желіде файлдары жіберу кезінде қатты
ескеріледі, өйткені файл өлшемі неғұрлым кіші болса соғырлым тез жіберіледі
және жұктелінеді.
Web - бетіне FrontPage редакторымен драфикалық объектіні
орналастырғанда басқада драфикалық форматтағы файлды қолдануға болады,
олардың ішіне: BMP, TІFF, TGA, RAS, EPS, PCX, PCD және WMF кіреді.
Web- бетін сақтаған кезде FrontPage драфикалық объектіні JPEG немесе
GІF файлдарына өздертеді.
GІF форматы
CompuServe копмьютерлік ақпарат қызметі Graphіcs Іnterchange
Format(GІF) форматын нақты уақыт режимінде драфикалық объектіні желіден
жіберу уақытын қысқарту мақсатында жасалған. Файл_аты.GІF кеңейтуі бар.
Бұл формат 256 тұсті (8 разрядты драфика) қолданады. Графикалық объектілер
желіден жіберілу ұшін бірінші сығылады, сонан соң броузермен ашқанда
жұктелу уақытында атқарылады, мҰндай суреттің жұктелуі басқа, мысалы,
bіtmap немесе PCX форматтағы файлға қарағанда өте аз уақытты алады.
Редактор продрамма драфиканы сығып GІF файлда сақтаған кезде ақпарат
ешқандай жоғалмайды, драфикалық объектіні көрден кезде, ол тұп нұсқаға
толығымен сайма-сай келеді. Бұл әдіс жоғалтусыз (lolossy) сығу деп аталады.
JPEG форматы
Joіnt Photographіc Expert Group (JPEG, үш әріпті кеңейту .JPG) форматы
өте көп мөлшердеді (GІF форматынан басқа) 16,7 миллионға (24-разрядты тұс)
дейін тұстермен жұмыс істеуде мүмкіншілік береді. GІF сияқты JPEG форматы
сығуды қолданады, бірақ жоғары коэфициентке жету ұшін драфикалық
объектідеді "артық" биттерді кесу арқылы жоғалту (lossy) әдісін
қолданады. JPEG файлын ашқанда графикалық объектінің түп нұсқауға қарағанда
сапасы төмен болады.
Мұндағы қулық сол өте кұрделі JPEG сығу алдоритімі біз аңғармайтын
биттерді өшіреді. Бұл әсіресе өте көп түстермен берілден графикалық
объектілерде, мысалы фотодрафияларға қолданған орынды, мұнда файл
өлшемінің кішірейуі суреттің сапасына әсер етпейді. JPEG форматта файлды
сақтаған кезде сығылу дәрежесі мен суреттің сапасын таңдауға болады.
Суреттің сапасын жоғары беріп файл өлшемін өсіруде болады немесе керісінше
сурет сапасын төмендетіп файл өлшемін кішірейтуде болады.
III ТАРАУ JAVASCRIPT ТІЛІНЕ КІРІСПЕ
Бірінші скрипт сіздерді Java Script тілінің Web-бетте орналасуы мен
құрылу негіздерімен таныстырады. Сабақ барысында Java Script тілінде не
істеуге болатынын және болмайтындығымен танысасыздар. Бірінші скрипт Web-
бетке текст орналастырды. Бұл жағдайда мәтін қызыл түсті болады. Ол скрипт
төмендегіше:
Script language =“javascript”
document.write(“FONT COLOR=‘RED’Бұл қызыл түсті мәтінFONT”)
Script
Скриптті талдау
Java Script дегеніміз не?
Біріншіден Java Script - Java емес. Мұнда шатасып Java мен Java Script
екеуі бір тіл деп ойлап қалуыңыз мүмкін. Бірақ Java – Sun Microsystems
компаниясы жасап шығарған программалау тілі. Ал Java Script тілін Netscape
компаниясы ойлап тапқан.
Екі тіл де өзімен бірге ОБП-ны (Объектіге бағытталған программалау)
сипаттайды. Бұл олардың көмегімен кішігірім объектілер тұрғызып, кейін
олардың бүтін бір объект құрайтындығын білдіреді. Java-ның негізгі
ерекшелігі мүлде өздігінен жұмыс жасай алатын оқиғаларды құруға мүмкіндік
беретіндігінде. Java applet (қосымша) Web-беттен іске қосылады, бірақ
шындығына келгенде бұл кішігірім болса да түгелімен тәуелсіз программа.
Сонымен қоса оны мәтін түрінде қарап шығуға болмайды. Оны іске қосу үшін
оны машина тіліне трансляциялау қажет. Java Script тілі өздігінен жұмыс
жасамайды, ол Web-беттің ішіне орналасуы қажет, ал Web-бетті Java Script
тілін түсінетін браузерде қарау қажет (айталық, Netscape Communicator және
Internet Explorer).
Java Script тілінде қалай жазу керек
Алдымен Java Script тілі бұл HTML тілі емес екендігін есте сақтау
қажет. Бірақ-та Java Script пен HTML тілдерінің ережелері ұқсас.
Біріншіден, Java Script HTML құжаттың ішінде орналасады. Java Script тілі
мәтін түрінде HTML құжатымен бірге сақталады. Негізгі айырмашылығы HTML
еркін ережелерге ие. Мұнда абзацтар мен сөздердің арасында қанша бос орын
тастасаңыз да ол программаның орындалуына әсер етпейді. HTML-ді бір қатарға
ұзыннан-ұзақ жазуға да болады. Ал Java Script тілі басқаша. Ол қатаң
формаға ие. Мысалы, басында жазған скриптің екінші қатары келесі түрде
көрінеді:
document.write (“FONT COLOR=‘RED’Қызыл түсті мәтінFONT”)
Егер сіз мұның формасын өзгертсеңіз скриптте қате пайда болады.
Java Script-ті өңдеу
Скрипт жазып жатқанда және өңдегенде бет өрістерінің сізге кедергі
жасауына жол бермеңіз. Барлық уақытта өз жұмысыңызды өріссіз мәтіндік
редакторда өңдеңіз. Мұнда өте кең бет туралы айтылып тұрған жоқ. Мұнда
түгелдей өрістердің жоқ болуы жайлы айтылып тұр. Сізде бірнеше километр
ұзақтықтағы қатар жазуға мүмкіндік болуы керек.
Скриптті талдау
Мұнда қателер және оларды қалай түзету жайлы қарастырылады.
Бірінші қатар:
SCRIPT LANGUAGE=”Java Script”
Бұл HTML-дің браузерге осы жерден бастап Java Script тілінің
басталатындығын түсіндіретін коды. Барлық скрипттер осындай командадан
басталады. Мұндағы скрипттің LANGUAGE (тіл) =”Java Script” бөлімі өте
қажет. Себебі скрипттердің басқа да VBS немесе LiveScript сияқты типтері
бар. Сондықтан мұндағы LANGUAGE командасы браузердің қай тілімен жұмыс
жасап жатқанын білу үшін қажет.
Кез келген Java Script Script тегімен аяқталады. Java Script
Script language = “javascript” -тен басталып Script-тен
аяқталады.
Мынау скрипттің негізгі бөлігі:

скриптте document (HTML қажет) көрсетіледі және онда болатын
өзгерістер – бірдеңе жазылатын болады.
(write) көрсетіледі. Жазылатын нәрсе жақшаға алынып жазылады.
document өзімен бірге object (объект) сипаттайды. document –тен нүкте
арқылы ажыратылған write (жазу) сөзі method (объект әдісі) деп аталады.
Осылайша скрипт Объектіні алып оған бірнәрсе жазыңыз дейді. Жақша
ішіндегі мәтін instance (әдіс мысалы) деп аталады, ол әдіс объектіге әсер
еткен кездегі болып жатқан нәрсені жібереді. Жақша ішіндегі мәтін
тырнақшаға алынып жазылады. Тырнақша ішіндегі текст жай HTML-ді білдіреді.
FONT команадсы мәтін түсін қызыл етеді, одан кейін дара тырнақша келеді.
Егер екеулік тырнақшаға қойсаңыз, онда Java Script бұл қатар соңы деп шешіп
мәтіннің жартысы ғана объектіге қолданылады, ал бұл қате болып саналады.
JavaScript тілінде қате туралы хабарлама
Негізінде қатенің екі типі болады: синтаксистің қатесі және
сценарийдің қатесі. Синтаксистік қате дегеніміз қалып кеткен мәтінді немесе
артық нәрсе жазып қойғанды білдіреді. Сценарийлік қате командалардың орнын
ауыстырып қою немесе дұрыс еместерін қойып қойғанды білдіреді.
Қателерді түзетуге көмектесетін программалар бар, бұл процесс
debugging (багтарды, қаетелерді жою) деп аталады. Бұл программаны
пайдаланғаннан, қателерді қолмен түзеген оңай.
Қателерді түзету
Жасалынған қателерді түзетіп жатқаннан, сол қатені жібермеудің
жолдарын қарастырған жөн. Ол үшін өріссіз мәтіндік редакторды қолдану
арқылы қатені азайтуға болады. Сонымен қатар Java Script тілінің әрбір
командасына жеке қатар арнаңыз. Ұзын жолдарды бірнеше қысқа жолға бөлудің
қажеті жоқ. Осының өзі қатеге әкеліп соқтырады. Java Script-те егер қате
болса, онда браузерге қате туралы терезе шығады. Бұл терезенің жақсы жері
олар өздері қайда, қай жерде қатенің бар екенін және мәселенің неден
тұратынын көрсетіп тұрады.
Қатесі бар қатар
Қатесі бар қатарды Java Script-тің бірінші қатарынан емес, HTML
құжаттың басынан бастап санау қажет. Мысалыға, төменде келтірілген құжатта
9-қатарда қате жіберілген. Бұл синтаксистік қате, себебі мысал (instance)
бастаған қатарында емес, оның астындағы қатарда аяқталып тұр.
HTML
HEAD
TITLETITLE
HEAD
BODY
SCRIPT LANGUAGE ="javascript"
document.write ("text for the page")
SCRIPT
BODY
HTML
Неліктен қате 8-қатарда емес, 9-қатарда. Себебі, санақ HTML құжаттың
жоғарға шегінен бастап бірде бір қатар қалдырылмай саналады.
(1-қатар ) HTML
(2-қатар ) HEAD
(3-қатар ) TITLETITLE
(4-қатар ) HEAD
(5-қатар ) BODY
(6-қатар )
(7-қатар ) Script language = “javascript”
(8-қатар ) document.write (“text for the page”
(9-қатар ) )
(10-қатар ) Script
(11-қатар ) BODY
(11-қатар ) HTML
Сондықтан барлық қатарды, тіпті бос болса да санау керек. Қате туралы
хабарламасы бар терезе төмендегіше болады:
Қатесі бар қатар табылса, онда көбінесе бұл синтаксистік қате болады –
екіге бөлінген қатар немесе дұрыс терілмеу немесе дара тырнақша орнына
екеулік тырнақша және сол сияқтылар.
Егер бұл сценерийлік қате болса, онда хабарлама көрсетіп тұрған
команда логикалық тізбекке жатқызылмайтындығын білдіреді. Мысалыға, команда
түймені шақырады, ал шын мәнінде скриптте мәндік өріс көрсетілген.
Кейде Java Script тілінде қате туралы терезе көптеп бірінен соң бірі
шығып кетеді. Ал соның барлығы қате болып саналмайды. Java Script – барлық
нәрсенің бірінен соң бірі ретімен орындалуын талап ететін логикалық тіл.
Ұзын скриптте 10 қате бар болсын. Қате туралы хабарламалар бірінің үстіне
бірі жиналады, және компьютермен жазылған соңғы қате ең үстінде тұрады. Ол
қатені түзетуге бірден кіріспеңіз, мүмкін шындығында бұл қате жоқ та шығар.
Скрипттегі бірінші қатеге байланысты қалған қателер пайда болуы да мүмкін.
Сондықтан оларды түзетуді HTML құжаттың басынан бастаған жөн. Әр қатені
жөндеп болған соң скриптті іске қосып тұрыңыз.
JavaScript тілінде дата және уақытты орнату
Мұнда біз объектінің жеті әдісімен танысамыз: getDate(), getMonth(),
getYear(), getHour(), getMinute(), getSecond() (күнді, датаны, айды, жылды,
сағатты, минутты, секундты алу). Олардың барлығы бар, оларды алып бетке
орналастыруға болады. Бұл тек қана әдістер, әсер ету үшін оларға объект
қажет, ал бұл мақсатқа құжат жарамайды, сондықтан әрбір скрипт жазушы өзі
жаңа объект ойлап табуы қажет.
2000 жылдың 1-қаңтарынан бастап getYear орнына getFullYear
қолданылады.
Скрепт
SCRIPT LANGUAGE = "javascript"
скрепт сіздің бетте болған датаңыз бен уақытыңызды дәл белгілеп
береді
Now = new Date();
document.write ("Бүгін " + Now.getDate()+
"-" + Now.getMonth() + "-" + Now.getFullYear()+
".Сіз Web бетке дәл мына уақытта кіріңіз:
"+Now.getHours()+":"+Now.getMinutes ()+" және "+
Now.getSeconds()+"секунд.")
SCRIPT
Скриптті талдау
Document.write қатары экран сыртында қалып қояды. Бұл форманы сақтау
қажет, әйтпесе браузер қате туралы хабарлама шығарады.
Java Script тілін үйрену барысында көптеген жаңа командалармен
танысасыздар. командасы солардың бірі. таңбасы скрипт ішіндегі
түсініктемені (комментария) көрсетеді. Ол өзінен кейінгі тұрған мәтіннің
поцесске қатыспайтындығын білдіреді. Қанша мәтін жазсаңыз да болады, бірақ-
та әрбір қатар символынан басталу керектігін ұмытпаңыздар.
Дата және уақыт әдістері
Скриптке қараңыз. Скриптке құжатқа дата, ай, жыл, сағат, минут және
секунд орналастыр деген команда берілген.
Осының бәрі get... () әдісінің көмегімен құрылған бастапқы әріпке
назар аударыңыз. Алдымен төменгі регистрде “g” әрпі, сосын бас әріп.
Біріншіден мұның бәрі сандар. Тіпті апта күнін көрсететін getDay() әдісінің
өзі бірден жетіге дейінгі сандармен өрнектеледі. Айдан бастайық getMonth()
бұл айды көрсетеді. Енді getMonth() әдісі қандай объектіге ықпал
ететіндігін ойланып көріңіз. Әдіс (method) объектіге (object) ықпал етеді.
get... () – бұл document объектісінің әдісі болып көрінуі мүмкін.
Бірақ олай емес. Құжат әдісі – write. getMonth() негізінен Date
объектісінің әдісі болып табылады. Скриптке тағы да көз жүгіртіңіз. Now =
nеw Date(); командасында Date жеке орында тұр.
Мұнда getMonth() әдісімен жұмыс жасайтын объект орнатылған. Оның атауы
Now. Бұны өзіңіз қалай атағыңыз келсе де өзіңіз білесіз. Браузерге бәрі
бір. Ол Java Script тілінің басқа бір түрінде кездеспейтін атауға ие болуы
қажет. Сізге мұнда now Date =Now болуы шарт емес пе деген ой келеді, бірақ
Now = nеw Date болуы қажет. Себебі бұл Java Script тілінің қатаң ережесі.
Now – бұл nеw Date (жаңа датаны) ұсынатын объект Дата міндетті түрде жаңа
болуы керек. Осылайша сіз Web-бетті ашқанда немесе оны жаңалаған сайын жаңа
датаны алатын боласыз. Мұндағы соңында тұрған нүктелі үтір Java Script
қатарының аяқталғанын көрсетеді. Онсыз браузер команда келесі қатарда
жалғасады деп ойлауы мүмкін. Ал бұл қате.
Енді getMonth() әдісі ықпал ете алатын объект бар. Бетке ойды шығару
керек, сондықтан бір жерде document.write () командасы болуы керек.
Жаңа ережесі: Now getMonth() – бұл Web-бетте көрінуі қажет текст емес,
ол айды көрсететін команда. Сондықтан оны ешқандай тырнақшаға алудың қажеті
жоқ.
Script language =“javascript”
Web бетке айдың номерін шығарады.
Now = new Date();
document.write(“Қазір мына ай” + Now.getMonth())
Script
Бірінші скриптті қайта қарасаңыз. Бұл ұзын қатар не болғаны Now
объектісі мен get... () әдісінен тұрады. Мұнда дата элементтері дефиспен
ажыратылған. Дефис бетте көріну үшін оны тырнақшаға алып жазу қажет. Барлық
бөліктер бір-бірімен қосу + белгісімен байланысқан.
Бос орындар
Мұнда сіз қосу таңбасының алдында және соңында қанша бос орын
тастасаңыз да, ол көрініс беретін нәтижеге әсер етпейді. Элементтер ұзыннан-
ұзақ мәтін болып кетеді. Сондықтан, егер сізге бос орын қажет болса, онда
оларды тырнақша ішіндегі мәтіннің алдына және артына қою қажет.
Мысалыға,
“Қазір нақты ”
Мұнда бос орын мәтіннен соң екінші тырнақша алдына қойылды және ол Web-
бетке дәл сол жерге барып тұрады. Есіңізде сақтаңыздар бұл HTML тілі емес,
Java Script тілінің бос орындарға байланысты өзіндік ережелері бар.
Ұзын қатар (жол)
document.write (“Бүгін” + Now.getDate()+
“-” + Now.getMonth() + “-” + Now.getFullYear ()+”.
Сіз Web-бетке дәл мына уақытта кіріңіз:
“+ Now.getHours() + Now.getMinutes()+“және”+
Now.getSeconds()+“секунд.”)
Мұнда соңына бос орын қосылып “Бүгін”-нен басталған. Содан соң қосу
таңбасы. Содан соң Now.getDate() тырнақшаға алынбаған, себебі бізге текст,
емес сандар қажет. Тағы да қосу. Содан соң келесі сандардан бөлініп тұру
үшін дефис тырнақшаға алынып жазылады. Олар бірінен соң бірі тұру үшін
ешқандай бос орын қоюдың қажеті жоқ. Қосу. Сосын бізде ай шығу үшін
тырнақшаға алынбаған Now.getMonth() қосу. Тағы да бетте көріну үшін
тырнақшаға алынған дефис. Сосын тағы қосу таңбасы. Тағы бір әдіс
Now.getFullYear жылды хабарлайды. Осылайша жалғасып келіп бетте уақытты
көрсетеді. Бірақ мұнда ай нөмірі 1-ге кем. Себебі бізге сандарды Java
Script тілі көрсетеді, ал Java Script тілі барлығын нөлден бастайды.
Сондықтан да мұнда қаңтар айы нөлінші ай болып тұр. Енді Java Script
логикалық тіл болғандықтан әр адам өзінше айнымалы енгізіп, оған атау
меншіктесе болады. Ал мұнда now Date()-ге атау меншіктелген, сосын айды
шақыратын командаға атау меншіктелген. Ол төменде mpo деп аталған. Және
оған бір саны қосылған. Бұл жаңа команда. Ол төмендегіше:
SCRIPT LANGUAGE = "javascript"
Now = new Date();
var mpo = Now.getMonth();
var mpo1 = mpo+1
document.write ("Қазір " + mpo1 + " - ші ай.");
SCRIPT
Ал енді барып дұрыс ай шықты:
JavaScript тілінде onMouseOver командасы
Мұнда әңгіме оқиғалар (events) туралы болмақ. Мұнда оқиға (event) мен
оқиға өңдеуіштер (event handler) Java Script тіліне жатады, бірақ та олар
HTML код-қа құрылғанға ұқсайды. Олар өздігінен бар бола алмайды. Олар HTML
құжаттың структурасына Script және Script командаларын талап етпей-ақ
кіреді. Олар өздері скрипт болмайды. Оларды бәрінен де дұрысы Web-бетпен
оқырман арасындағы қайтарымды іс-әрекет аумағы десе болады. Оқиға – бұл
болып жатқан нәрсе. Олар сайтқа динамика береді.
Әртүрлі оқиға өңдеушілерді арасынан алдымен ең танымал - on MouseOver
(тышқан көрсеткішін апару) командасы қарастырылады.
Скрипт
A HREF ="http www.newmail.ru"
onMouseOver = "window.status='Ақысыз хостинг';
return true"СілтемеA
Мұның бәрі бір қатарға жазылуы тиіс.
Web – беттегі көрінісі
Тышқан көрсеткішін сілтемеге апарыңыз және браузер терезесінде қалып-
күй қатарына қараңыз.
Скриптті талдау
Біріншіден, on MouseOver гипермәтіндік сілтеменің оқиға өңдеушін
(Event Handler) сипаттайды. Ол гиперсілтеме ішінде қолданылады. Сілтеме
форматы сол баяғы командалар және екеулік тырнақшалар болып өзгеріссіз
қалады. on MouseOver URL адрестен соң бірден қойылады. Браузер on MouseOver
= “ ” – ді таныған кезде оқиға (event) іс-әрекетке көшеді. Мұнда
window(терезе) объект болып табылады. Status(статус) терезе қасиетін
(property) ұсынады. Бұл келесі текст орналасуы тиіс терезенің кішігірім
аймағы. Мұны тез есте сақтау үшін әдісті әдетте write (жазу) немесе get
(алу) деген етістіктермен өрнектеледі десек болады. Ал қасиет зат есіммен
өрнектеліп нүкте алдында тұратын элементтік кішігірім бөлігі сияқты болады.
Егер window-дің өзгеретін Status қасиеті бар болса, онда терезенің басқа да
қасиеттерін өзгертуге болады.
Window status-тан соң = теңдік белгісі және болуы тиіс нәрсе тұрады.
Бұл жағдайда бұл мәтін дара тырнақшалар ішінде. Ол тышқан көрсеткішін
сілтемеге апарған кезде қалып-күй қатарында көрінеді.
Return true – скриптте қалып-күй қатарының бар-жоқтығын тексереді.
Егер есеп (return) шындыққа (true) сай келсе, онда оқиға орындалады.
onMouseOver командасының басқа қасиеттері
Мұнда фон түсі қарастырылады. HTML-де парақ фонының түсі тағайындау
үшін BGCOLOR командасы қолданылады. Java Script тілінде де солай, бірақ
регистрді сақтаған дұрыс. Ол bgcolor деп жазылады. Енді on MouseOver
өңдеушінің көмегімен парақ фонын өзгертетін сілтеме құру қажет. Ол үшін бұл
сілтеме болғандықтан алдыңғы схема сақталынып қалынады. Мұнда Window-ді
document деп ауыстырылады. Объектінің фондық түсін өзгертетін болғандықтан
ол түс болып өзгереді. Мұнда түс – ақ сілтемеге қанша рет тышқан
көрсеткішін апарса да жаңа түс сол күйінде қалу үшін нүктелі үтірден соң
return true-ні қоямыз. Ол төмендегіше:
a href = “http: wwwnewmailru” onMouseOver = “document.bgColor =
‘white’;return true” шертпеңіз a
Ал егер екеуін де жасағыңыз келсе, онда on MouseOver командасынан
екеуін жазу қажет. Екі оқиға бір уақытта орындалуы үшін командалар арасына
нүктелі үтір қойылмайды. Себебі нүктелі үтір команда соңын білдіреді.
Java Script тілінің бір уақытта орындалатын командаларының арасына
үтір қойылады.
Енді тырнақшаға келетін болсақ, негізінде тырнақшаларға мәтін сияқты
жекелеген элементтер алынады. Мұнда екі команда бір уақытта әрекет ету үшін
тырнақша бірінші команданың ең басына және екінші команданың ең соңына
қойылады. Осылайша, браузер бұның бәрі бір оқиға деп түсінеді.

‘334775’, onMouseOver = window status = ‘Ақысыз пошта’; return true”
шертпеңіз a
JavaScript тілінде оқиғаның тағы бірнеше өңдеушілері
Енді басқалары қалай әрекет жасайтынын қарастырайық. Олардың барлығы
бір схема бойынша жұмыс жасайды.
Командалар
OnClick (шертуге) командасы
OnMouseOver тышқан көрсеткішін сілтемеге апарғанда оқиғаны іске
қосады. Ал осылайша сілтемені шертсек OnClick арқылы да оқиғаны іске қосуға
болады.
Мұнда команданың іс-әрекетін көрсету үшін alert әдісі қолданылған.
Оның схемасы төмендегіше:
Alert (‘терезеден шығатын мәтін’)
Осылайша төмендегіні аламыз:
a href="http: www.jsp.newmail.ru"onClick ="alert ('Кетіп барасыз
ба?') ;" Мұнда басыңыз a
On Focus (фокусқа) командасы
Бұл пайдаланушы бет элементіне фокустелгенде іс-әрекет шақыратын
керемет команда. Бұл форомалар үшін жарамды: жалаушалар (checkbox) және
мәтіндік өрістер (textbox). Міне мысалы:
form
input type = "text" size = "30"
OnFocus = "window.status = 'Қалып-күй қатарындағы мәтін'; "
form
OnBlur (фокустың жоғалуына) командасы
Егер объектіге тұрақтауға болатын болса, онда фокусты жоғалтуға
болады. OnBlur-пайдаланушыға өз жауабын өзгерткендігін хабарлауға рұқсат
етеді. Бұл өңдеуіш жиі қолданыла бермейді.
Скрипт
form
input type = "text" size = "45" value ="Өз атыңызды жазып басқа
қатарды шертіңіз"
OnBlur="alert('Сіз жауапты өзгерттіңіз – оның дұрыс екеніне сенімдісіз
бе?');"
form
onChange (өзгеріске) командасы
Бұл команданың іс-әрекеті оn Blur-діңкіне ұқсас. Оның негізгі міндеті
– тексеру. Оқиғаның бұл өңдеуіші пайдаланушының одан сұраған нәрсені
істеген, істемегендігін тексереді. Мысал алдыңғыға ұқсайды, бірақ бәрібір
де басқаша іс-әрекет жасайды.
form
input TYPE = "text" size = "45"
Value = "Мәтінді өзгертіп басқа қатарды шертіңіз"
on Change = "window status = 'Мәтін өзгертілген';"
form
onSelekt (ерекшелеу) командасы
Бұл команда енгізу өрісінде болғандығын атап көрсете отырып алдыңғы үш
команда сияқты жұмыс жасайды, бұл жағдайда мәтін ерекшеленгендігін
көрсетеді.
onSubmit (жіберілімге) командасы
Бұл өте танымал команда. Ол сіз Submit (жіберу) түймесін басқанда
қандай да бір іс-әрекет шақыруға мүмкіндік береді. Көптеген ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz