Қазақ интернеті және құқықтық реттелуі


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 106 бет
Таңдаулыға:   

Әл-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ЖУРНАЛИСТИКА ФАКУЛЬТЕТІ

МАГИСТРАТУРА

Халықаралық журналистика кафедрасы

Магистрлік диссертация

«Қазақ интернеті және құқықтық реттелуі»

Орындаған магистрант Меруерт Бөденбаева

Ғылыми жетекші Есенгүл Кәпқызы,

ф. ғ. к.

Норма бақылаушы Мәриям Майлықұтова,

аға оқытушы

Халықаралық журналистика

кафедрасы меңгерушісінің Е. И. Дудинова,

рұқсатымен қорғауға жіберілді ф. ғ. к., доцент.

«26» сәуір 2011 жыл.

Алматы 2011

Мазмұны

КІРІСПЕ . . . 3

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

I ТАРАУ Интернетті зерттеудің теориялық әдіснамалық негіздері . . . 7

  1. Интернеттің бүгінгі ақпараттық коммуникациядағы орны мен маңызы . . . 7
  2. Интернет-журналистиканың ерекшеліктері және қазақ журналистикасындағы блогинг . . . 22
  3. Ақпарат кеңістігіндегі қауіпсіздік шаралары және оны реттеу жолдары . . . 45

II ТАРАУ Интернеттің заңнамалық негіздері мен даму бағыттары . . . 53

2. 1 Интернет-журналистика және Қазақстандағы дифформация үшін

жауапқа тартуды реттейтін нормативті құқықтық актілер . . . 53

2. 2 Интернет жүйесіндегі интеллектуалдық меншік құқығын қорғау

мәселелерін реттеу . . . 67

2. 3 Орта Азия елдері кеңістігіндегі Интернетті құқықтық реттеу

және оның қазақстандық тәжірибесі . . . 71

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 84

СІЛТЕМЕЛЕР КӨРСЕТКІШІ . . . 87

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 89

Кіріспе

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. ХХI ғасыр - ақпарат ғасыры болып табылады, адамзат қауымы дамудың жаңа сатысына - ақпараттық қоғамға аяқ басты. 2006 жылғы 27 наурызда БҰҰ Бас Ассамблеясы 17 мамырды Халықаралық ақпараттық қоғамның күні етіп белгілеу туралы ресми шешім қабылдады. Осындай әлемдік ауқымда жүріп жатқан заманауи үрдістен, өркениеттің көшінен біздің еліміз де қалыс қала алмасы түсінікті. Қазақстанның постиндустриалды даму сатысына өту мүмкіндігі туралы мәселені алғаш көтерген Президентіміз Н. Ә. Назарбаевтың “Постиндустриалды қоғам қалыптасуының стратегиясы және өркениеттер серіктестігі” атты жаңа еңбегінде заманауи ғылыми-техникалық, ақпараттық және өзге де инновациялық төңкерістер жалпы адамзат өркениетінің, оның ішінде біздің отанымыздың да келешектегі бет-бейнесін айқындайтынын атап көрсетеді [1] .

Қазіргі кезде қазақстандық қоғамның барлық саласында ақпараттандыру процесі қызу жүруде, оның ішінде саясат саласында да жаңа ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдана отырып, мемлекеттік қызмет пен әкімшілік-басқару істерін әлемдік стандарттарға сай модернизациялауға барынша күш салынып жатыр. Осыған байланысты Қазақстанның саяси жаңғыруындағы аса маңызды факторлардың бірі - электронды үкіметтің қалыптасуы мен дамуы болып табылады. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев осынау маңызды мәселеге ерекше мән беріп, 2009 жылғы 1 қыркүйекте Қазақстан Парламентінің үшінші сессиясын ашып сөйлеген сөзінде: “Үкіметке заңдар мен заңнамалық актілерге ғылыми, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жасау, мүдделік қолдау (лоббистік) қызметі, электронды үкімет мүмкіндіктерін неғұрлым кеңінен пайдалану туралы заң жобаларын ең бірінші кезекте әзірлеп, Парламентке енгізуді тапсырамын” - деп электронды үкіметті қалыптастыру мен дамытуды әкімшілік реформаларды жүргізудегі маңызды міндеттердің қатарына қойды [2] .

Сонымен қатар, бүгінгі таңда журналистика саласы өмір ағымына орай күн санап қарыштап дамып қоғамның сипатын дөп беретін өмірдің айнасына айналып отыр. Ол түрлі жағдайды сипаттап қана қоймай, онда болып жатқан іс-әрекеттер жөнінде ой тастайды, қоғамға жол сілтейді, бағыт-бағдар алуға көмек көрсетуде. Сонымен қатар журналистика өмірде маңызды қоғамдық-саяси рөл атқарып, жұртшылық арасында әлеуметтік белсенділік туғызып, шындықтың бетін ашып береді. Журналистік қызмет халықтың жалпы қоғамның керегіне жауап беріп, әлеуметтік дамудың жолдарын жариялап отырады. Журналист бұл салада қоғамдық-саяси қызмет жасаудың өнерін игере біліп, әлеуметтік процестерге өз еңбегімен белсене араласады.

Журналистика - халықтық болып саналады. Өйткені, журналистика - халықтың қамын ойлайтын, соның қажетін қарастыратын сала. Қандай мәселені көтермесін, журналистика соның бәрін халықтық тұрғыда қозғауға, халықтың сөзін сөйлеуге күш салады. Әрқашан халықтың жағында болып, халықтық позицияны ұстанады.

Бүгінгі қоғамдағы бұқаралық ақпарат құралдарының басты парызы - бұқараның санасын билеу, оларға уақыт кезеңдерінің міндеттерін жан-жақты түсіндіру, жас ұрпақты тәрбиелеу, тағы да басқа толып жатқан сан-саладағы көкейкесті міндеттерді бойларына сіңіру болуға тиіс. Осы сан-саладағы көкейкесті мәселелерді қоғамға жеткізуде бұқаралық коммуникация құралдарының ішінде болжам бойынша жетекші орынға ие болатын - интернет.

Интернеттің бірқатар коммуникация мен ақпараттық ерекшеліктеріне байланысты жаңа бұқаралық ақпарат құралының түрі - интернет БАҚ немесе интернет-журналистика дүниеге келді. Оның дәстүрлі БАҚ-тан айырмашылығы бірден байқалды. Ол - интернеттің ақпаратты тарату оперативтілігі мен интерактивтілігі еді. Сондықтан көптеген елдердің ғалымдары жаңа бұқаралық ақпарат құралын зерттеу нысаны ретінде таңдауда. Интернет-БАҚ-тың алғашқы нұсқасы 1987 жылы АҚШ-та пайда болған. «The San Jose Mercury News» газеті тұңғыш рет көпшілік қауымға электронды нұсқасын ұсынған болатын. Қазіргі таңда АҚШ-тағы күнделікті басылымдардың таралымы жарты жылда, 2009 жылғы қазан айынан бастап, 2010 жылғы наурыз айына дейінгі аралықта 2, 5%, ал апталық (жексенбілік) газеттердің таралымы 3, 1% азайған. Керісінше, онлайн БАҚ күннен-күнге қарқынды түрде даму үстінде. Сауалнаманы Американың газет қауымдастығы (Newspaper Association of America, NAA) 770 күнделікті, 610 апталық газеттер бойынша жүргізген болатын. Қауымдастық мәліметтеріне сүйенсек, АҚШ-та газет сайттарын пайдаланушылар аталмыш мерзім ішінде 56 миллионға жетіп, интернетке кіретін адамдардың 37 пайызын құраған.

Ал Қазақстанда әзірге 10 мыңға таяу интернет сайттары тіркеліп үлгерді. Оның 20-25 пайызы БАҚ құралдарының меншігі болса, қалғаны - әр түрлі бағытта. Оның ішінде банк те бар, сауда нүктелері де бар, ішінара жекелеген адамдардың сайттары да кездеседі. Ал қазақ тіліндегі сайттар кенжелеп дамып келе жатыр десек те, кей сәттері әжептәуір үміт күттіріп қояды.

2006-2009 жылдарға есептелген Қазақстан Республикасының ақпарат нарығының бәсекеге қабілеттілігін дамыту жөніндегі тұжырымдамада отандық БАҚ-тардың бәсекеге қабілеттілігін дамытудың бірден-бір тетігі желідегі БАҚ сапасын арттыру деп көрсетілген. Сондықтан, отандық интернет БАҚ-тың санымен қатар сапасын арттыру кезек күттірмейтін мәселе.

Зерттеу барысында интернет БАҚ-ты теориялық тұрғыдан зерттеген шетелдік ғалымдарының еңбектерімен қатар, отандық журналистердің мерзімді басылымдарда жарияланған мақалаларын кеңінен пайдалануға тырыстық.

Қазақстанда интернеттің даму барысы мен болашағы туралы сөз қозғамас бұрын, әуелі өткен ғасыр соңының ғаламат жаңалығы туралы мағлұмат бере кеткен жөн. «Интернет дегеніміз, - дейді осы сала мамандары, - компьютерлік желілердің бүкіл әлемдік топтастырылымының кооперативтік басқару жүйесі». Әрине, мұндай терминдік сөйлем құрылымын ә дегеннен кез келгеннің түсіне қоюы қиын. Ойды қарапайымдау етіп таратсақ, өз компьютерімен біртұтас интернет желісіне қосылған адам әлемнің кез келген нүктесінде тұрған келесі компьютерде сақтаулы тұрған ақпаратқа оңай қол жеткізе алмақ. Бұл жүйеде ақпарат алмасу бірыңғай тәртіпке негізделген. Әрбір пайдаланушы интернетке қол жеткізу үшін бірлескен желілердің бірінің пайдаланушысы болса жеткілікті. Мемлекеттік, өңірлік, корпоративтік және басқа да компьютерлік желілердің мұндай жиынтығы бір-бірімен түрлі мәлімет тарату арналары арқылы байланыстырылған. Дәлірек айтсақ, интернетке кіруде телефон байланысы немесе технология тілінде «шлюз», «гейт» деп аталып жүрген трансмұхиттық талшықты-оптикалық желілер мен ғарыштық арналар пайдаланылады. Қызметтері дербес жүргізілетін мұндай жүйелер арқылы бүкіл Жер шарын қамтитын біртұтас жаһандық желі құрылады. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, қазіргі таңда интернет әлемнің барлық елдерін түгел қамтып, оның қызметін 500 миллионнан астам адам пайдалануда. Бұл көрсеткіш ай сайын 7-10 пайызға өсіп отыр.

Зерттеудің нысаны болып негізінен қазақ интернеті және оның құқықтық реттелу мәселесі көтерілген. Қазақстандық интернеттің даму барысы мен болашағы және шетелдік блогтұғырнамалар, қазақ блогшыларының блогтары, Қазақстандағы интернет сайттар, интернеттегі танымал әлеуметтік желілер, қазнеттегі қазақ тілі сегментінің проблемалық мәселелері зерттелген.

Бітіру жұмысының мақсаты мен міндеттері. Интернетті және оның құқықтық реттелуін әлемдік және қазақстандық ерекшелігін зерттеу болып табылады. Қазақстандағы блогтық журналистиканың орны, қалыптасуы мен даму жолдарын айқындап, қазақтілді блог әлемі және журналист еңбегіне, блогтардағы материалдардың тақырыптық ерекшеліктеріне талдау жасау. Бүкіләлемдік желідегі түрлі сайттар тарапынан аудитория назарына ұсынылып отырған ақпараттарды жаңа бұқаралық ақпарат құралының түрі интернет БАҚ-қа қандай белгілері бойынша жатқызуға болатындығын теориялық тұрғыдан қарастыру болып табылады, тиісінше интернет-журналистика ерекшеліктері талданады. Сондай-ақ азаматтық журналистика мен кәсіби журналистиканың арасындағы айырмашылықтарды айқындау. Қазақстандағы азаматтық (блогтық) журналистиканың деңгейін, қазақ блогосферасының жағдайын, оның интернеттегі қазақтілді сегментіне тигізетін пайдасын және жалпы блог дегенміз не екенін зертеп, теориялық тұрғыдан анықтау.

Зертеудің ғылыми жаңалығы. Бітіру жұмысында интернеттің құқықтық реттелуінің маңызы мен ерекшеліктері туралы тұңғыш рет кешенді түрде зерттеледі. Ақпарат кеңістігіндегі еркін азаматтық журналистика дамуындағы үрдістер алғаш рет ғылыми айналымға түсіріліп отыр. Интернеттегі қазақ тілінің дамуына блогтардың әсер етуіне, журналистика саласының қоғамдық пікірді қалыптастыру ықпалына терең сараптама жасалған. Қазақ блогшылардың материалдарындағы тақырыптық ерекшеліктері талданып, кәсіби журналистикаға салыстырмалы түрде алғаш рет баға беріледі. Сонымен қатар, Қазақстандағы интернеттің құқықтық реттелуінің барысы, онда кездесетін түрлі проблемаларға кеңінен зерттеу жасалып, азаматтық журналистиканың бүгінгі кескін-келбетіне баға берілді.

Жұмыстың зерттеу әдістері. Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндетіне сай сипаттамалы, тарихи-салыстырмалы, статистикалық есептеу, жаппай іріктеп алу, талдау тәсілдері қолданылды.

Бітіру жұмысының құрылымы. Бітіру жұмысы кіріспеден, 2 тараудан, қорытындыдан, сілтемелерден, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Бірінші тарауда интернеттің пайда болуының алғышарттары, тарихы, бүгінгі ақпараттық коммуникациядағы орны, интернеттің ақпарат кеңістігіндегі маңызы талданады. Интернет-журналистиканың ерекшеліктері және қазақ журналистикасындағы блогинг мәселесі көтеріліп, блог ұғымына анықтама беріп, тарихына тоқталамыз. Интернеттегі азаматтық журналистика деп қандай белгілерге сәйкес есептеуге болатындығы қарастырылып, тиісінше азаматтық журналистиканың ерекшеліктері талданады.

Екінші тарауда интернеттің заңнамалық негізі мен дамуы және оның ерекшеліктері айқындалып, қазақ интернеті және оның құқықтық реттелуінің негізгі проблемалары көтеріліп, Қазақстандық интернетке БАҚ-тық сапалық тұрғыдан талдау жасалып, интернет саласындағы заңнамаға талдау жасалып, оның даму барысы мен болашағы, сондай- ақ, Қазнеттің инвестициялық тартымдылығы зерттелген.

I Интернетті зерттеудің теориялық әдіснамалық негіздері

  1. Интернеттің бүгінгі ақпараттық коммуникациядағы орны мен маңызы

Интернеттің кіндігі Америка Құрама Штаттарында кесілген. Ол - қос алып державаның ашық қақтығысынан өршіген, өткен ғасырдың екінші жартысындағы қырғи қабақ соғыстың бел баласы болып саналады. Тарихты қайта парақтасақ, 1957 жылы КСРО өзінің алғашқы жасанды жер серігін ұшырып, басты бәсекелесін шаң қаптырды. Осыған жауап ретінде АҚШ-тың қорғаныс министрлігі озық зерттеу жобалары агенттігін құруға мәжбүр болды. 60-жылдары аталған агенттіктің негізгі міндеті компьютерлерді бір-бірімен қосу әдісін әзірлеуге бағытталды. Оның ішінде әуе арқылы бомбалау кезінде болуы ықтимал зақымдарға төтеп беретін желілердің құрылуы тыңғылықты зерттелді.

Зерттеу шаралары интернеттің бастапқы құрылымы саналатын ARPAnet тәжірибелік желісін өмірге әкелді. Желі 1969 жылы әскери тапсырыстарды орындайтын америкалық бірқатар университеттер мен компанияларды өзара байланыстыра алды. ARPAnet үлгісі желілік қатынас бойынша ақпарат тарату мен ақпарат қабылдау негізінде қалыптасқанымен, онда кез келген уақытта ақпараттың жойылып кету сенімсіздігі сейілген жоқ. Интернеттің ресми туған күні - 1969 жылғы 29 қазан болып есептеледі. Сол күні ARPAnet арқылы тұңғыш рет Стэндфорт ғылыми-зерттеу институтынан Лос-Анджелестегі Калифорния университетіне алғашқы ақпарат жолданған. Желі арқылы ғылыми-зерттеу нәтижелерімен жедел алмасу тиімділігіне орай ендігі жерде оған АҚШ-тың басқа да университеттерінен компьютерлер қосылуға мүдделілік білдіре бастады. Біртұтас желі арқылы шешілетін азаматтық мәселелердің молынан топтасуы нәтижесінде 1983 жылы АҚШ-тың қорғаныс министрлігі желіні екіге бөлуге мәжбүр болды. ARPAnet ғылыми-зерттеу жұмыстарына арналса, жаңа желі MILnet қорғаныс министрлігінің құзырында қалдырылды.

Дегенмен интернет тек желі ғана емес, ол - желілердің желісі. Интернет көптеген байланыс желілерін бір-бірімен біріктіріп, дүниедегі ең үлкен компьютерлер торабын құрайды. Оның қарапайым желілік нүктелері өкімет мекемелерінде, университеттерде, коммерциялық фирмаларда, жергілікті кітапхана жүйелерінде, тіпті мектептерде де орналасқан. Интернеттің бір ерекшелігі - оның құрамындағы көптеген компьютерлер нақты BBS тәрізді жұмыс істейді. Мұның өзі интернетке қосылу деген - басқа жерлерде тұрған мыңдаған компьютерлік жүйелермен байланысу деген сөз. Желідегі компьютерлерден өкімет архивіндегі, университет мәлімет қоймаларындағы, жергілікті ресурс көлеміндегі, кітапхана каталогтарындағы құжаттық мәліметтерді, суреттерді, дыбыс клиптерін және тағы басқа цифралық түрге айнала алатын барлық ақпаратты ала аласыз.

Интернет ақпарат магистралына өте ұқсас, институт, мектеп терминалы арқылы оған жеңіл кіруге болады, ол үшін интернеттегі жүйенің нөмірін теру керек. Мұнан кейін керекті жердегі (қала, мемлекет) желі нүктесімен байланысып, өзіңізге қажет материалдарға қол жеткізесіз. Керек етсеңіз, NASA құжаттарын да, айта берсек, соңғы оқиғалар көрсететіндей, ЦРУ құпия архивтерін де оқуыңызға болады екен.

Интернет желісін сипаттау үшін оны телефон жүйесімен салыстыру қалыптасқан. Жалғыз телефон компаниясы болмайтыны сияқты интернет компаниясы да тек біреу емес. Дүниежүзілік немесе мемлекеттік телефон жүйесінің иесі кім? Ешкім де емес. Әрине, оның бөліктерін біреулер иеленеді, бірақ жүйеге толық ешкім ие емес: бұл жүйе өзара байланыс арқылы ортақ пайдалануға арналған. Дүниежүзіндегі ірі телефон компаниялары бірігіп, «телефон жүйесі» қалай пайдаланатыны жөнінде келісіп отырады, яғни әр елдің кодын, төлейтін ақшасын, мұхитаралық кабель құнын - кімдер, қалай бөлісіп көтеретінін және әр елдің телефон жүйесінің қосылу техникалық мәселелерін бірігіп анықтап отырады. Интернет желісі де дәл осы телефон жүйесі тәрізді басқарылады.

Егер интернеттің бүкіләлемдік ресми тарихы 1957 жылдан тарқатылса, бұрынғы Кеңестер кеңістігінде ол 1982 жылдан бастап қолданыла бастады. Осы жылы Мәскеудегі И. Курчатов атындағы Атом энергиясы институты бірқатар ғылыми-зерттеу институттарының мамандарымен бірлесіп, отандық операциялық жүйені құру жұмысына кірісті. «Өзара үндес біртұтас мобилдік операциялық жүйе» деп аталған кеңестік желі кейінгі жылдары түрлі электрондық мәшинелерге енгізіле бастады. 1990 жылы 1 тамызда Курчатов технология институтында алғашқы отандық компьютерлік желі іске қосылды. Ол бірқатар уақыт жаңа құрылып жатқан коммерциялық құрылымдар, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарды компьютерлік желімен өзара байланыстырды. 1990 жылғы 28 тамызда кеңестік желі алғаш рет халықаралық телефон байланысымен жаһандық интернет желісіне қосылды. Ал араға ай салып жоғары деңгейлі тарату желісі тіркелді.

1991 жылы сәуір айынан бастап интернет еліміздің аумағында еркін тарала бастады. Алматы қаласында тіркелген «Парасат» фирмасы RELCOM өңірлік желілік торабы арқылы орыс тілінде ақпарат алмасатын электронды пошта қызметін іске қосты. 1993 жылы қазақстандық желі АҚШ-тың негізгі байланыс жүйесіне еніп, бұл мерзім еліміздегі интернеттің ресми туған күні болып белгіленді. 1994 жылғы 19 қыркүйекте Халықаралық желілік ақпарат орталығында отандық сайттар шоғырын топтастырған жоғары деңгейлі «. kz» домені тіркелді. Нәтижесінде қазақстандық сайттар өндірісі аса серпінді күшпен өрістеп дами бастады. Статистикалық мәліметтерде 1995 жылы тұңғыш рет қазақстандық сайттардың алғашқы тізімдемесі пайда болып, 1996 жылы тұңғыш электронды басылымның тіркелгені жазылады. 1994 жылдың аяғына қарай елде пайда болып үлгерген сайттардың қатары 15-ке жеткен екен. Содан бері отандық Интернет желісінде әр түрлі тақырыпты, мысалы, ірі компаниялар, мекемелер, облыстық-қалалық әкімдіктерден бастап, елдегі спорт, мәдениет, тарих, жаңалықтарды т. б. қамтыған сайттардың қатары біртіндеп көбейе түсті. Мәселен, 1997 жылы қазақстандық футбол мен шайбалы хоккейге арналған тұңғыш спорттық сайт дүниеге келді. Ал Семейдің Ф. М. Достоевский атындағы орыс драма театры елдегі театрлар арасында алғашқы болып Интернетте өз сайтын жариялады. 1998 жылдың 30 қыркүйегінде Алматыдағы Орталық әмбебап дүкенінің 30 жылдығына арналған мерейтойлық концерттен республикамызда Интернеттің көмегімен тұңғыш аудиовизуалды трансляция жүзеге асты. Қазақстандық Интернеттің бүгінгі аяқ алысына қарай сала қызметкерлері басты екі белгіге - саны мен сапасына назар аудару керектігін айтады. Егер сан жағынан айтсақ, отандық Интернет күн санап өсу үстінде. Кейбір веб-беттеушілердің пікірінше, елімізде ай сайын 80 мен 100-дің үстінде сайттар қатарға қосылады. Мысалы, «Весь WWW Казахстан» каталогының осыдан 2-3 жыл бұрынғы мәліметінде 3422 сайттың бар екені белгілі болса, 1998 жылдары елдегі тіркелген сайттардың саны не бәрі 333-ті құраған. Демек, осы көрсеткіштерді салыстыру арқылы-ақ Интернет жүйеміздегі өсімге көз жеткізуге әбден болады.

Бүкіләлемдік байланыс, ғаламдық жүйе арқылы ұлттық және мемлекетаралық шекара ашылып, әлем «жаһандық ауылға» айналды. Бүгінгі ахуалды 1980-ж. ж. социолог Маршал Маклюэн болжаған еді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Интернет - бүкіләлемдік желі
LPWAN желілерінің технологияларын салыстырмалы талдау
Қазақ интернеті
Заттар интернеті және ол біздің өмірімізді қалай өзгертеді
Жол қозғалысы мен қоғамдық көлікті басқару жүйелері сияқты ақылды қала инфрақұрылымы
Спутник байланыс желісіндегі ақпаратты қорғаудың маңыздылығы
Web парақша беттерінде сурет орналастыру
Цифрлық экономика жағдайындағы ауыл шаруашылығы
Қазақ контентінің дамуы
Агроөнеркәсіптік бизнесті дамыту Қазақстанның экономикалық өсу драйвері ретінде
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz