Сахналаумен жасырылған адам өлтіру қылмыстарын тергеуді криминалистік қамтамасыз ету және тергеуге қатысушылардың қызметін үйлестіру туралы


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 168 бет
Таңдаулыға:   

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

ӘОЖ 343. 98 (574) Қолжазба құқығында

ДОСАНОВ МУРАТ УСКИМБАЕВИЧ

Сахналаумен жасырылған адам өлтіру қылмыстарын тергеуді криминалистік қамтамасыз ету және тергеуге

қатысушылардың қызметін үйлестіру

12. 00. 09 − қылмыстық іс жүргізу; криминалистика және сот сараптамасы; жедел іздестіру қызметі

Заң ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін

дайындалған диссертация

Ғылыми жетекші

заң ғылымдарының докторы,

профессор Исаев А. А.

Қазақстан Республикасы

Алматы, 2010

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
3
: 1
КІРІСПЕ: САХНАЛАУМЕН ЖАСЫРЫЛҒАН АДАМ ӨЛТІРУ ҚЫЛМЫСТАРЫН ТЕРГЕУДІ КРИМИНАЛИСТІК ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ ЖАЛПЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ
3: 11
: 1. 1
КІРІСПЕ: Сахналаумен жасырылған адам өлтіру қылмыстарының криминалистік сипаттамасы
3: 11
: 1. 2
КІРІСПЕ: Сахналаумен жасырылған адам өлтіру қылмыстарын тергеу кезінде тергеушінің анықтама органдарымен өзара әрекетінің ұйымдастыру-тактикалық ережелері
3: 34
: 1. 3
КІРІСПЕ: Тергеудің алғашқы кезеңіндегі типтік тергеу жағдайлары және тергеу болжамдары
3: 47
: 2
КІРІСПЕ: САХНАЛАУМЕН ЖАСЫРЫЛҒАН АДАМ ӨЛТІРУ ҚЫЛМЫСТАРЫН ТЕРГЕУГЕ ЖӘНЕ БОЛДЫРМАУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ТАКТИКАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАРЫ
3: 60
: 2. 1
КІРІСПЕ: Тактикалық операция сахналаумен жасырылған адам өлтіру қылмыстарын тергеуге қатысушылардың қызметін үйлестіру құралдарының бірі ретінде
3: 60
: 2. 2
КІРІСПЕ: Сахналаудың белгілерін табуға бағытталған ақпаратты жинау тактикалық операциясы
3: 68
: 2. 3
КІРІСПЕ: Жәбірленушінің жеке басын анықтау, оның тұлғалық қасиеттерін сипаттайтын ақпаратты жинау тактикалық операциясы
3: 97
: 2. 4
КІРІСПЕ: Қылмыскерді анықтау мен әшкерелеу тактикалық операциясы
3: 104
: 2. 5
КІРІСПЕ: Сахналаумен жасырылған адам өлтіру қылмыстарын болдырмау тактикалық операциясы
3: 126
:
КІРІСПЕ: ҚОРЫТЫНДЫ
3: 133
:
КІРІСПЕ: ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
3: 138


КІРІСПЕ

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Зерттеу жұмысында сахналаумен жасырылған адам өлтіру қылмыстарын тергеуді криминалистік камтамасыз ету және тергеуге қатысушылардың қызметін үйлестіру жайлы ғылыми ой-пікірлер көрініс тапқан.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Өткен ғасырдың 90-жылдарында Қазақстанда басталған саяси-құқықтық, экономикалық өзгерістер еліміздің егемендігін, тәуелсіздігін алуымен, азаматтық қоғамның қалыптасуымен, экономиканың нарықтық жолға бет алуымен, әлемнің барша өркениетті елдерімен дипломатиялық қарым-қатынастарды орнатумен сипатталады.

1995 жылғы 30 тамызда бүкілхалықтық референдумда қабылданған Казақстан Республикасының Конституциясы мемлекетіміздің беріктігін нығайтып, мемлекет пен қоғамның даму жолын анықтады, адамның және азаматтың құқықтарының, бостандықтарының қорғалу кепілдіктерін бекітті. Негізгі заңның 1-бабында [1] бекітілген демократиялық, зайырлы, құқықтық, әлеуметтік мемлекетті орнықтыру әлеуметтік, экономикалық, құқықтық және саяси міндеттердің кешенін одан әрі жеделдетілген қарқынмен жүзеге асыруды талап етеді.

Тәуелсіздікті алғаннан соң елімізде орын алған көптеген жақсы өзгерістермен бірге, өкінішке орай, ТМД мемлекеттеріндегі қылмыстылықтың өсуі, жаңа қылмыстардың пайда болуы, ұйымдасқан қылмыстылықтың қалыптасуы, кейбір республикалардағы содырлардың ату және жарылғыш заттарын пайдаланып лаңкестік іс-қимылдарын жасауы, әлемдік трансұлттық қылмыстық қауымдастықтарының еліміздің кеңістігін қылмыстарды жасауға, есірткі, қару-жарақты тасымалдауға әрекеттенуі көрініс тапты. Қазірдің өзінде адам өлтіру, пайдакүнемдік-зорлық қылмыстарын тергеуді жетілдіру, қылмыскерлердің қылмыстың ізін жасыру мақсатында орындаған сахналауларды әшкерелеу, тергеуге қарсылық көрсетуіне және басқа да әрекеттеріне тосқауыл қою құқық қорғау органдары қызметкерлерінің, ғалымдардың алдында тұрған күрделі мәселелердің бірі болып табылады.

Қылмыстылықтың өршіп тұрған қауырт жылдарында мемлекетіміздің басшылығымен қабылданған нормативтік-құқықтық актілері мен мемлекеттік бағдарламаларында көрініс тапқан қылмыстық-құқықтық іс-шаралары қылмыстылықпен күрес жүргізу бағытын айқындап, криминогендік жағдайдың едәуір төмендеуіне үлкен септігін тигізіп, адамның құқықтары мен бостандықтарының берік қорғалуын мүмкін етті.

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев: "Жоғарғы заңды қорғауды қамтамасыз ете отырып, заңды сыйлайтын азаматтарды қылмыстан қорғауға жете мән берілсін және заңға қарама-қайшы іс-әрекет жасайтындарға билік пен заңның ең қатаң түрі қолданылсын", - деп атап өтті [2, 15 б. ] .

Осыған орай, құқық қорғау органдарының қызметі азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын мығым қорғауға, мемлекеттік институттардың қалыпты қызметін қамтамасыз етуге, қоғамдық өмірдегі құқықтық тәртіпті нығайтуға, қылмыстылықпен күресті күшейтуге арналған.

Қылмыстардың санын тіркеу жөніндегі статистикалық деректерге назар аударсақ, Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының Кұқықтық статистика және арнайы есептер жөніндегі комитетінің мәліметтері бойынша республикада 1998 жылы 142100 қылмыс тіркелсе, 1999 жылы - 139431; 2000 жылы - 150790; 2001 жылы - 152168; 2002 жылы - 135151; 2003 жылы - 118485; 2004 жылы - 143550; 2005 жылы - 146347; 2006 жылы -141271; 2007 жылы - 128064; 2009 жылы - 121667 қылмыс тіркелді. Соның ішінде адам өлтіру қылмыстары 1999 жылы - 2466; 2000 жылы - 2294; 2001 жылы - 2072; 2002 жылы - 1924; 2003 жылы - 3212; 2005 жылы - 1804; 2007 жылы - 1656; 2009 - 1604.

Салыстырып талдау нәтижесінде жалпы қылмыстылықтың динамикасы 1999 жылдан бастап 2005 жылға дейін ауытқып тұрғанын, одан кейінгі жылдары 2009 жылды қоса алғанда азайғаны көрінеді. Адам өлтіру қылмыстарының істелуі де біртіндеп азайып келгені байқалады.

Қазақстанның экономикалық-әлеуметтік жағынан тез қарқынмен дамуы, қылмыстықтың себептерін жоюға бағытталған оңтайлы кең ауқымды мемлекеттік шаралардың орындалуы, қылмыстармен күресудің, оларды болдырмаудың нәтижелі іс-шаралардың жүргізілуі өмірге қарсы зорлық қылмыстарының сандық көрсеткіш динамикасының төмендегенін көрсетуде. Оның үстіне құқық қорғау органдарының қызметінің жақсаруы сыбайлас жемқорлық қылмыстылығымен күрестің күшейтілгенімен, тергеу және жедел-іздестіру қызметтерінің жаңа криминалистік-техникалық құралдармен жақсы жабдықталуымен түсіндіріледі. Криминалистік ғылымның жедел қарқынмен дамуы, қорғалып жатқан докторлық, кандидаттық диссертациялардың негізгі тұжырымдары да құқық қорғау органдарын криминалистік қамтамасыз етуге өзінің едәуір үлесін қосуда.

Қылмыстылық санының статистикалық көрсеткіштерінің ауытқып тұруы қылмыстылықпен күрес жүргізу іс-шараларының тиімділігін арттыруды талап етеді. Осыған орай, әзірленген диссертациялық зерттеудің ұсынымдары қылмыстылықпен, нақты айтқанда, адам өлтіру қылмыстарымен күрес жұмысын жетілдіруге арналған.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қазіргі кезде қоғамымызға қауіп төндіріп тұрған, әлеуметтік дерт болып саналатын қылмыстар жетерлік және де оларды құқық қорғау органдарының анықтап, күрес жүргізуі кезінде елеулі қиындықтардың болатыны сөзсіз. Сол себептен, қазақстандық заңгерлердің мемлекет дамуының осы кезеңінде орын алған қылмыстылығымен күрес жүргізуіне терең көңіл бөліп, ішкі істер органдарының қызметін криминалистік қамтамасыз етуге мән беру қажет.

Ішкі істер органдарының қызметі қоғамдағы тәртіпті қамтамасыз етуге, бұзушылық пен қылмыстылықты болдырмауға, олардың алдын алуға бағытталады. ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 8-бабына сәйкес қылмыстық процестің міндеттері қылмыстарды тез және толық ашу, оларды жасаған адамдарды әшкерелеу және қылмыстық жауапқа тарту, әділ сот талқылауы және қылмыстық заңды дұрыс қолдану болып табылады [3] .

Осыған орай, сахналаумен жасырылған адам өлтіру қылмыстарын тергеу кезінде сахналандырудың белгілерін анықтау, тергеуге қарсы әрекет етушілерді әшкерелеу, тактикалық операциялардың шеңберінде орындалатын оқиға болған жерді тексеру, жауап алу, тінту, тергеу эксперименті, көрсетулерді өз орнында тексеру мен нақтылау, басқа да тергеу әрекеттерін, жедел іздестіру шараларын криминалистік қамтамасыз ету, тергеуге қатысушылардың өзара әрекетін сауатты үйлестіру қылмыстылықпен тиімді, әрі табысты күрестің қажетті құралы есептеледі. Міне, осындай жағдайларға қарамастан, бұл үлкен, мәнді мәселелер төңірегіндегі әңгімелер жеткілікті деңгейде әлі де болса көтерілмей отыр.

Ауыр қылмыстармен күресу, оларды болдырмау жөніндегі жетістіктер алдын ала тергеу органдарының қызметін жетілдіруге, тиімділігін арттыруға бағытталған ғылыми зерттеулердің нәтижесімен тығыз байланысты. Қылмыстарды тергеуді криминалистік қамтамасыз ету мәселесі жеткілікті зерттелген десек ешбір күмән туғызбас, дегенмен, сахналаумен жасырылған адам өлтіру қылмыстарын тергеу кезінде тергеу әрекеттерін криминалистік тактикалық санаттар шеңберінде қамтамасыз ету, тергеуге қатысушылардың өзара әрекетін үйлестіруге байланысты теориялық, тәжірибелік негіздеріне байланысты түбегейлі зерттеу мәселесі әлі өз шешімін толық тапқан жоқ. Адам өлтіру қылмыстарымен күрес мәселелеріне ғалымдардың жүргізген арнаулы зерттеулері көптеген құқықтық ғылыми әдебиеттерде орын алады. Қылмыстарды тергеу әдістемесіне, жеке тергеу әрекеттерін жүргізу тактикасына алдыңғы қатарлы ғалымдардың еңбектері арналған.

Бұл мәселелерге А. Ф. Аубакиров, В. П. Бахин, А. Н. Басалаев, В. С. Бурданова, Р. С. Белкин, А. Н. Васильев, А. Г. Видонов, А. И. Винберг, А. И. Возгрин, А. Ф. Волынский, В. К. Гавло, И. Ф. Герасимов, Ф. В. Глазырин, Г. Л. Грановский, Е. Ғ. Жәкішев, Е. И. Зуев, Г. Г. Зуйков, А. А. Исаев, В. Н. Карагодин, В. П. Колмаков, Т. А. Кулибаев, Е. И. Қайыржанов, М. Ч. Қоғамов, В. С. Козлов, Ю. Г. Корухов, В. П. Лавров, А. А. Леви, И. М. Лузгин, В. Н. Мудьюгин, С. И. Медведев, Б. М. Нұрғалиев, Б. А. Салаев, А. Р. Шляхов ғылыми еңбектерін жазған.

Дегенмен, сахналаумен жасырылған адам өлтіру қылмыстарын тергеуді криминалистік қамтамасыз ету және тергеуге қатысушылардың қызметін үйлестіру адам өлтіру қылмыстарын тергеуді зерттеу саласындағы тың тақырыптардың бірі болып табылады. Тергеу тәжірибесі айғақтағандай, адам өлтіру қылмыстармен күрестің табысты жүргізілуі полицияның тергеу және жедел іздестіру бөлімдерінің бірлескен күштерін пайдаланып, өзара әрекет етуді нақты үйлестіріп, қазіргі заманғы криминалистік әдістер мен құралдарды тиімді қолдануға тікелей байланысты.

Зерттеудің мақсаты және міндеттері. Зерттеудің мақсаты - сахналаумен жасырылған адам өлтіру қылмыстарын тергеуді криминалистік қамтамасыз ету және тергеуге қатысушылардың қызметін үйлестірудің теориялық және әдістемелік негіздерін әзірлеу.

Қойылған мақсатқа жету үшін келесі негізгі зерттеу міндеттері белгіленді:

  • сахналаумен жасырылған адам өлтіру қылмыстарының криминалистік сипаттамасын әзірлеу және адам өлтірудегі сахналаулардың түрлерін ажыратып көрсету;
  • қайшылықты мән-жайлардың мазмұнын әзірлеу және сахналауды әшкерелеудегі маңызын анықтау;
  • тергеудің алғашқы кезеңіндегі тергеу жағдайларын және болжамдарын типтендіру;
  • сахналаумен жасырылған адам өлтіру қылмыстарын тергеу кезінде тергеушінің анықтама органдарымен өзара әрекетінің ұйымдастыру-тактикалық негіздерін дайындау;
  • сахналаумен жасырылған адам өлтіру қылмыстарының тергеу міндеттерін шешу үшін тактикалық операциялардың кешенін әзірлеу және қолдануы бойынша ұсынымдарды дайындау.

Диссертациялық зерттеудің объектісі - сахналаумен жасырылған адам өлтіру қылмыстарын тергеуді криминалистік қамтамасыз ету және тергеуге қатысушылардың өзара әрекетінің құқықтық, тәжірибелік және теориялық аспектілерін зерттеу.

Зерттеу пәнін - сахналаумен жасырылған адам өлтіру қылмыстарын тергеудің әдістемелік аспектілері құрайды.

Зерттеу жұмысының теориялық базасын - философия, заңгердің этикасы, заң психологиясы, сондай-ақ қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу құқығы, сот медицинасы, сот сараптамасы, сот дәлелдемелер теориясы, криминалистикалық ілім саласындағы ғалымдардың еңбектері құрайды.

Зерттеудің әдістемелік негізі және әдістері нақты ақиқатқа жетуде таным теориясының жалпы заңдары мен категорияларына сүйену, әлеуметтік-құқықтық құбылыстарды материалистік-диалектикалық жағынан таным процесін жүргізу.

Зерттеудің нормативті-құқықтық негізі ҚР Конституциясы, ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексі, ҚР Қылмыстық кодексі, өзге де заңнама актілері, құқық қорғау органдарының нормативтік-құқықтық актілері болып табылады.

Зерттеудің эмпирикалық базасын Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, Оңтүстік-Қазақстан облыстық сотының, Алматы және Астана қалалары қалалық соттарының 258 мұрағаттық қылмыстық істерді зерттеудің нәтижелері, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есептер жөніндегі комитетінің статистикалық деректері, сахналаумен жасырылған адам өлтіру қылмыстарын криминалистік қамтамасыз ету және тергеуге қатысушылардың өзара әрекеті мәселелері бойынша сұхбат алу нәтижелері құрады.

Диссертациялық зерттеудің ғылыми жаңалығы Қазақстан Республикасында алғаш рет монографиялық зерттеу деңгейінде сахналаумен жасырылған адам өлтіру қылмыстарын тергеуді криминалистік қамтамасыз етудің және тергеуге қатысушылардың қызметін үйлестірудің теориялық және әдістемелік негіздері әзірленді. Келесі тұжырымдар теориялық жағынан маңызды болып табылады:

  • сахналаумен байланысты адам өлтіру қылмыстарының криминалистік сипаттамасын дайындалып жатқан немесе жасалған қылмысты және бұл қызметтің нәтижелерін жасыру жөніндегі қызметті қамтитын екі жақты бірыңғай процесс ретінде анықтау;
  • қайшылықты мән-жайлардың мазмұнын қылмысты істеу мән-жайларын бейнелеуді және алғашқы бейнеленудің нәтижелерін өзгертуге бағытталған әрекеттердің бейнеленуді қамтитын із түзілу процесі ретінде негіздеп түсіндіру;
  • тергеу процесін жағдаяттық талдау және тергеу жағдайлары мен болжамдарын типтендіру;
  • тактикалық операциялардың шеңберінде тергеушінің анықтама органдарымен өзара әрекетін қамтамасыз етуге бағытталған ұйымдастыру-тактикалық сипатындағы ережелерді анықтаудың негіздері;
  • сахналаумен жасырылған адам өлтіру қылмыстарын тергеудің міндеттерін шешу үшін қажетті тактикалық операциялардың кешенін анықтаудың негіздері.

Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар:

1. Сахналаумен жасырылған адам өлтіру қылмыстарының криминалистік сипаттамасының негізгі элементі ретінде қылмыстық сахналау қамтылып, оның мазмұны адам өлтіру қылмыстарын тергеу кезінде бастапқы ақпараттың жалғандығымен түсіндірілетін факторлардың кешенімен ашылып көрсетіледі.

Із түзілу механизмі сахналауды әшкерелеуге көмектесетін криминалистік сипаттаманың негізгі элементі болып табылады. Сахналау кезіндегі із түзілу механизмінің өз ерекшелігі бар. Оқиға болған жерде мезгілдік реттілікпен екі іздік жай-жапсар бейнеленіп, мұндағы қылмыстың іздік жай-жапсары үстіне сахналаудың іздік жай-жапсары қабаттастырылатын өзіндік беткей болып табылады.

Қылмыстық сахналау тергеуге қарсы әрекет етудің негізгі нысаны саналып, қылмыскердің әшкереленуден және қылмыстық жауаптылыққа және жазаға тартылудан сақтанудың қорғаныс механизмі ретінде қарастырылады.

2. Қайшылықты мән-жайлар сахналаумен жасырылған адам өлтіру қылмыстарының негізгі белгісі есептеледі. Қайшылықты мән-жайлар дегенімізде оқиғаның дамуын түсіндіруге бағытталған тергеушінің болжамына қайшы келетін фактілі деректер түсініледі, яғни қылмысты жасау әдістерінде, белгілі жағдайларда болуы тиіс іздердің, заттардың жоқтығы, немесе керісінше болмауы тиіс іздердің, заттардың табылуы. Қайшылықты мән-жайлар бұл фактілі деректер, олардың тергеушінің құбылыстар туралы болжамына сәйкессіз келуі, тергеуші болжамының объективті ақиқатқа сәйкессіздігінен туындайды. Бұлар қылмыстарды тергеу, ашу кезіндегі тергеушінің танымдық қызметі процесінде табылады. Қайшылықты мән-жайлардың мазмұны із түзілудің екі процесімен қамтылады: біріншісі - қылмысты істеудің шынайы процесінің дамуы, екіншісі - қылмысты жасыру және қылмыстың анықталуына қарсы әрекет ету үшін алғашқы ақпаратты өзгерту бойынша орындалатын әрекеттер.

3. Типология зерттеу объектісінің сапалық белгісінің маңызын анықтау процесі. Сахналаумен жасырылған адам өлтіру қылмыстарының әдістемесінде тергеу жағдайларының типологиясы оның құрамдық элементі ретінде қарастырылады. Типтік тергеу жағдайларын және болжамдарын жіктеуді әзірлеу жасалған қылмыстың мән-жайларын көпфакторлы талдау нәтижесіне негізделуі тиіс.

Тергеу жағдайлары және болжамдары типтендірілді: жәбірленушінің болуы немесе жоқтығы бойынша:

1 жағдай - күш қолдану белгілерімен мәйіттің табылуы;

2 жағдай - жәбірленушінің жоғалу фактісі (хабар ошарсыз) орын алған;

сахналаудың түрлері бойынша:

1 жағдай - өзін-өзі өлтіру белгілерімен мәйіт табылды (асылу, суға бату, өзін өртеу, суық, атылатын қаруды қолданып өзіне өлім келтіру және т. б. ) ;

2 жағдай - өз өлімімен өлу белгілерімен мәйіт табылды;

3 жағдай - жазымдық жағдай белгілерімен мәйіт табылды (көліктегі, тұрмыстағы, өндірістегі, үйдегі) ;

4 жағдай - күш қолдану белгілерімен мәйіт табылды;

бастапқы ақпараттың сипаты бойынша:

1 жағдай - сахналаудың жасалғанын куәландыратын анық материалды-бекітілген іздер табылды;

2 жағдай - сахналауды жасаудың анық іздері табылмады, бірақ сахналаудың материалдық жай-жапсарын жасаудағы кейбір артықшылықтар, сондай-ақ сезіктінің жүріс-тұрысындағы артық іс-қимылдар (атиптілік) байқалады.

Қылмыстың оқиғасына, субъектісіне, кінәнің нысанына, ниетіне, қылмысты жасаудың және оны жасырудың механизміне байланысты болжамдар шығарылады. Қылмыстың оқиғасына қатысты болжамдарды құру: сахналаумен жасырылған адам өлтіру қылмысы жасалды; қылмыс деп имитацияланатын криминалды емес оқиға орын алған; қылмыстың сахналау субъектісіне қатысты: адам өлтіру жақын туысқанымен, танысымен, көңілдесімен жасалды; кәсіпкерлік бойынша бәсекелесімен, жұмыстағы әріптесімен, ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелерімен жасалды; кінәнің нысанына қатысты: адам өлтіру абайсыздықпен жасалды; адам өлтіру қасақаналықпен жасалды; қылмыстың ниетіне қатысты: қызғаныштан, кекшілдіктен, көреалмаушылықтан, пайдакүнемдікпен жасалды.

4. Тактикалық операция тергеу әрекеттерінің, жедел іздестіру және ұйымдастыру шараларының жиынтығы ретінде сахналаумен жасырылған адам өлтіру қылмыстарын ашудың және тергеуді ұйымдастырудың маңызды құралдарының бірі, сонымен бірге тергеуге қатысушылардың қызметін үйлестірудің ең ұтымды нысаны болып табылады.

Қылмыстарды тергеу кезіндегі өзара әрекет ету бұл қылмыстарды анықтау, тез және толық тергеу, кінәлілерді әшкерелеу мақсатындағы тергеушінің, жедел іздестіру қызметкерлерінің және басқа да субъектілердің нормативті-құқықтық актілерге негізделген және мүмкіндіктерін тиімді қолдануға, процессуалды және бейпроцессуалды шараларды тиімді үйлестіруге бағытталған уақыты, орны, мақсаттары, функциялары, өкілеттіктері бойынша келісілген, бірлескен қызметі болып табылады.

Тергеуші өзара әрекет етудің ұйымдастырушысы есептеледі. Тергеуге қатысушылардың өзара әрекет ету деңгейін жоғарылату үшін келесілер қажет: тергеуге қатысушылардың біліктілігінің жоғары деңгейі; әр мүшенің қызметінің мақсатын топ қатысушыларының дұрыс түсінуі; әр мүшенің пікіріне құрметпен қарау; топ мүшелерінің міндеттерін нақты бөлу; келіспеушіліктерді болдырмау мақсатында психологиялық ғылымның мүмкіндіктерін қолдану; барлық жағдайларда жасалған қателіктердің себептерін түсіндіру; кәсіби этиканың ережелерін және нормаларын бұлжытпай сақтау.

5. Сахналаумен жасырылған адам өлтіру қылмыстарын тергеуге қатысушылардың қызметін үйлестіру жөніндегі тактикалық операциялар сахналаудың белгілерін анықтау үшін ақпаратты жинауға; жәбірленушіні анықтау және оның тұлғасы туралы ақпаратты жинауға; қылмыскерді анықтау, ұстау және әшкерелеуге; сахналаумен жасырылған адам өлтіру қылмыстарын болдырмауға, сахналаумен жасырылған адам өлтіру қылмыстарын тергеуді криминалистік қамтамасыз етуге және тергеуге қатысушылардың қызметін үйлестіруге бағытталуы тиіс.

Сонымен қатар келесі тактикалық операцияларды жүргізу бойынша криминалистік ұсынымдар әзірленіп, берілді: «Сахналаудың белгілерін анықтауға бағытталған ақпаратты жинау», «Жәбірленушінің жеке басын анықтау, оның тұлғалық қасиеттерін сипаттайтын ақпаратты жинау»; «Қылмыскерді анықтау мен әшкерелеу», «Сахналаумен жасырылған адам өлтіру қылмыстарын болдырмау».

Диссертациялық зерттеудің теориялық және тәжірибелік құндылығы автордың тұжырымдаған теориялық қорытындылары және тәжірибелік ұсынымдары қылмыстарды тергеу әдістемесінің және криминалистік тактиканың ғылыми негіздерін дамытып, тергеулік, прокурорлық және соттық тәжірибені жетілдіруге бағытталғанымен түсіндіріледі. Автордың ұсынымдары кейінгі ғылыми-зерттеу жұмысында, оқу процесінде «Криминалистика» және «ҚР қылмыстық іс жүргізу құқығы» пәндерін оқу барысында, қылмыстық сот өндірісі тәжірибесінде және қылмыстарды тергеу әдістемесінің мәселелерін кейінгі ғылыми-зерттеу жұмысында ескерілуі мүмкін.

Тәжірибеге енгізу деңгейі. Диссертацияның қорытындылары мен ұсыныстары Алматы және Астана қалаларында өткен жеті халықаралық ғылыми-теориялық, ғылыми-тәжірибелік конференцияларда баяндалды. Диссертацияның мазмұны әл-Фараби атындағы ҚазҰУ криминалистика және сот сараптамалары кафедрасында талқылау барысында апробациядан өтіп, криминалистиканың жекелеген қылмыстарды тергеу әдістемесі бойынша дәрістерді оқу процесінде қолданылуда.

Зерттеу объектісінің дамуы туралы бағдарлық жорамалдар. Диссертацияда қарастырылатын мәселенің теориялық және тәжірибелік аспектілері қызметтің әртүрлі салаларына қатысты (саяси, экономикалық, әлеуметтік және т. б. ) өзінің кейінгі дамуын және нақтылануын тауып, сондай-ақ адам өлтіру қылмыстарының басқа түрлерімен күрес жүргізу шараларын әзірлеуде құрамдас бөлігі ретінде қолданылуы мүмкін.

Апробация және зерттеу нәтижелерінің сыннан өтуі. Диссертацияның негізгі теориялық тұжырымдары мен қорытындылары халықаралық және республикалық ғылыми-теориялық және ғылыми-тәжірибелік конференцияларда баяндамаларды жасау кезінде апробацияланды: «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы ұлттық идеясының өмірден көрініс табуы» (Алматы, 2002 ж. ) ; «Қазіргі кезеңде қылмыстылықпен күресудің өзекті мәселелері» (Алматы, 2002 ж. ) ; «Орта Азия аймағындағы мемлекеттерде егемендіктің орнау мәселелері» (Алматы, 2003 ж. ) ; «Орта Азия аймағындағы мемлекеттерде ұлттық құқықтың түзілу мәселелері» (Алматы, 2003 ж. ) ; «Саяси-құқықтық зерттеулердің өзекті мәселелері» (Алматы, 2003 ж. ) ; «Тиімді мемлекеттік басқару: халықаралық тәжірибе және Қазақстан» (Астана, 2007 ж. ) ; «Қазақстантану-3» (Астана, 2008 ж. )

Публикациялар. Зерттеудің маңызды нәтижелері баспасөз беттерінде, соның ішінде ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті ұсынған ғылыми басылымдардағы 10 ғылыми мақалада көрініс тапты.

Диссертациялық жұмыстың құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 САХНАЛАУМЕН ЖАСЫРЫЛҒАН АДАМ ӨЛТІРУ ҚЫЛМЫСТАРЫН ТЕРГЕУДІ КРИМИНАЛИСТІК ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ ЖАЛПЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ

1. 1 Сахналаумен жасырылған адам өлтіру қылмыстарының криминалистік сипаттамасы

Қазақстан Республикасында адам мен азаматтың өмірі мен денсаулығы, қалыпты өнегелі және салауатты дамуы мемлекеттің, қоғамның негізгі байлығы. Адамның өмірі қасиетті құндылықтардың бірі, ол өзінің табиғаты бойынша ажырамас құқықтарға жатады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сахналаумен жасырылған адам өлтіру қылмыстарын тергеуді криминалистік қамтамасыз ету және тергеуге қатысушылардың қызметін үйлестіру
Сахналаумен жасырылған адам өлтіру қылмыстарының криминалистік сипаттамасы
Адам өлтіруді тергеу
Есірткі және жүйкеге әсер ететін заттармен заңсыз айналысу қылмысын тергеу
Адам өлтіру қылмысын тергеуде арнайы білімдерді қолдану туралы ақпарат
Криминалистика пәнінен дәрістер
Парақорлық істері бойынша алғашқы тергеу әрекеттерінің ерекшеліктері
Адам өміріне қарсы қылмыстардың криминалистік шаттамасы
Адам өлтіру қылмысын тергеуде арнайы білімдерді қолдану
Криминалистік әдістеме жүйесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz