Қазақстандағы азаматтық журналистика ерекшеліктері


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
Әл-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Журналистика факультеті
Мерізімді баспасөз кафедрасы
Бітіру жұмысы
Қазақстандағы азаматтық журналистика ерекшеліктері
Орындаған 4-курс студенті Мадина Омарқұлова
Ғылыми жетекші Аязби Бейсенқұлов,
Филология. ғ. к, доцент
Норма бақылаушы Мәриям Майлықұтова,
аға оқытушы
Мерзімді баспасөз кафедрасы Ш. Ы. Нұрғожина меңгерушісінің рұқсатымен филол. ғ. д, профессор
қорғауға жіберілді
Алматы, 2010
Мазмұны
КІРІСПЕ . . . 3
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
I ТАРАУ Азаматтық журналистиканың бүгінгі ақпараттық коммуникациядағы орны мен маңызы . . . 5
1. 1 Интернеттегі ақпараттың маңыздылығы мен заманауи сипаты . . . 5
1. 2 Блогтық журналистиканың ерекшеліктері мен шығармашылық белгілері . . . 13
II ТАРАУ Қазақстандағы блог әлемі және журналист еңбегінің ерекшеліктері . . . 28
2. 1 Қазақстандағы азаматтық журналистика және оның қалыптасуы . . . 28
2. 2 Қазақ тілді блог әлемі: ізденістер және болашағы . . . 40
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 49
СІЛТЕМЕЛЕР КӨРСЕТКІШІ . . . 51
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 52
ҚОСЫМША МАТЕРИАЛ . . . 53
КІРІСПЕ
Журналистика ─қоғамдық сананы қозғаушы күш. Журналистика - өмір айнасы. Ол өмірді сипаттап қана қоймай, онда болып жатқан іс-әрекеттер жөнінде ой тастайды, қоғамға жол сілтейді, бағыт-бағдар алуға көмек етеді. Осылайша журналистика маңызды қоғамдық-саяси рөл атқарып, жұртшылыққа әлеуметтік белсенділік туғызып, шындықты ашып береді. Журналистік қызмет халықтың керегіне жауап беріп, әлеуметтік дамудың жолдарын жариялап отырады. Журналист бұл салада қоғамдық-саяси қызмет жасаудың өнерін игере біліп, әлеуметтік процестерге өз еңбегімен белсене араласады. Журналистика - халықтық болып саналады. Өйткені, журналистика - халықтың қамын ойлайтын, соның қажетін қарастыратын сала. Қандай мәселені көтермесін, журналистика соның бәрін халықтық тұрғыда қозғауға, халықтың сөзін сөйлеуге күш салады. Әрқашан халықтың жағында болып, халықтық позицияны ұстайды. Бүгінгі қоғамдағы бұқаралық ақпарат құралдарының басты парызы - бұқараның санасын билеу, оларға уақыт кезеңдерінің міндеттерін жан-жақты түсіндіру, жас ұрпақты тәрбиелеу тағы басқа толып жатқан сан-саладағы көкейкесті міндеттерді бойларына сіңіру болуға тиіс. Осы сан-саладағы көкейкесті мәселелерді қоғамға жеткізуде бұқаралық коммуникация құралдарының ішінде болжам бойынша жетекші орынға ие болатын - интернет.
Бітіру жұмысының өзектілігі. Интернеттің бірқатар коммуникация мен ақпараттық ерекшеліктеріне байланысты жаңа бұқаралық ақпарат құралының түрі - интернет-БАҚ немесе интернет-журналистика дүниеге келді. Ал соңғы кезде бүкіл әлемде «азаматтық журналистика», «блогтық журналистика» деген ұғымдар пайда болды. Азаматтық журналистика ол интернетпен тығыз байланысты. Ғаламторда блог деген түсінік бұрыннан бері қалыптасқан. Ал біздің елімізде ол жаңадан пайда болған құбылыс. Азаматтық журналистиканың азаматтық қоғам дамуында салмақты орын алатынын мамандар мойындайды. Көптеген елдерде азаматтар қоғамдық мәселелерді жаңа медианың көмегімен шешіп жатады. Блогинг елдер арасындағы шекараны ғана жоймай, сонымен бірге салалық журналистиканы дамытуға ат салысады. Мысалы, тек қана экономикаға, фото өнеріне, аспаздыққа, ақпараттық технологияларға, әдебиетке немесе спортқа арналған блогтар. Осылардың ішіндегі бір тақырыпты таңдасаңыз материалдарды қызығып оқисыз, себебі көп ретте автор жариялаған материалды өз еркімен жазған және толық меңгерген. Нақты салада жазылған блог тандалған тақырыпқа сай барлық жаңалықты жариялауға тырысады, өз тәжірибесімен, идеяларымен бөлісіп, кеңес береді. Елімізде тәуелсіз журналистер блогшы ретінде өздерін көрсете білсе, ақпараттық нарықты дамытуға мүмкіндік туатыны сөзсіз. Осыған орай, тәуелсіз журналистер қызметіне жүгінетін БАҚ-тар да пайда болады. Демек, қазақ журналистикасы интернет еркіндігі және пікірлердің плюрализмі арқылы жаңа белестерден көрініп, алға қадам жасай алады. Бұқарамен тығыз байланыста болған журналист ешқашан ұтылмайды, керісінше, ақпарат көздерін күн сайын ұлғайта береді. Әр блогшы журналист болмаса да, кез-келген журналист блогшы бола алады және кез-келген маман иесі оқырман үшін маңызды ақпаратпен бөлісе алады. Қазақстандығы азаматтық журналистиканың дамуына үлес қосу, қазақ блогинг жүйесін қалыптастыру арқылы, ертең қазақ тілді интернет сайттарының санын да, сапасын да араттыруға болады. Нақтырақ айтқанда, біздің қоғамда көкейкесті мәселелердің бірі тіл проблемасын шешуге, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеріп, дамуына үлес қосады.
Зерттеу нысаны. Қазақстандық және шетелдік блогтұғырнамалар, қазақ блогшыларының блогтары, қазақстандағы интернет сайттар, интернеттегі танымал әлеуметтік желілер, қазнеттегі қазақ тілі сегменті.
Бітіру жұмысының мақсаты мен міндеттері.
Қазақстандағы блогтық журналистиканың орны, қалыптасуы мен даму жолдарын айқындап, қазақ тілді блог әлемі және журналист еңбегіне, блогтардағы материалдардың тақырыптық ерекшеліктеріне талдау жасау. Сондай-ақ азаматтық журналистика және кәсіби журналистиканың арасындағы айырмашылтарды айқындау. Қазақстандағы азаматтық (блогтық) журналистиканың деңгейін, қазақ блогосферасның жағдайын, оның интернеттегі қазақ тілді сегментіне тигізетн пайдасын және жалпы блог дегенміз не екенін зертеп, теориялық тұрғыдан анықтау.
Зертеудің ғылыми жаңалығы. Бұл бітіру жұмысында Қазақстандағы азаматтық журналистиканың маңызы мен ерекшеліктері тұңғыш рет айтылады. Ақпарат кеңістігіндегі еркін азаматтық журналистика дамуындағы үрдістер тұңғыш рет ғылыми айналымға түсіріліп отыр. Интернеттегі қазақ тілінің дамуына блогтардың әсер етуіне талдау жасалған. Қазақ блогшылардың материалдарындағы тақырыптық ерекшеліктері талданып, кәсіби журналистикамен салыстырмалы түрде алғаш рет баға беріледі. Сонымен қатар Қазақстандағы азаматтық журналистиканың бүгінгі кескін-келбетіне баға берілді.
Жұмыстың зерттеу әдістері
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндетіне сай сипаттамалы, тарихи-салыстырмалы, статистикалық есептеу, жаппай іріктеп алу, талдау тәсілдері қолданылды.
Бітіру жұмысының құрылымы - Бітіру жұмысы кіріспеден,
2 тараудан, қорытындыдан, сілтемелерден, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымша материалдардан тұрады.
Бірінші тарауда алдымен интернеттің ақпарат кеңстігіндегі маңызы талданады. Кейін блог ұғымына анықтама беріп, тарихына тоқталамыз. Интернеттегі азаматтық журналистика деп қандай белгілерге сәйкес есептеуге болатындығы қарастырылып, тиісінше азаматтық журналистиканың ерекшеліктері талданады. Екінші тарауда Қазақстандағы азаматтық журналистиканың қалыптасуы, бүгінгі келбеті және даму болашағына тоқталамыз. Қазақстандағы азаматтық журналистиканың маңызын қазақ блогшыларының жазбаларына талдау жасай отырып дәлелденеді.
I Азаматтық журналистиканың бүгінгі ақпараттық коммуникациядағы орны мен маңызы
1. 1 Интернеттегі ақпараттың маңыздылығы мен заманауи сипаты
Журналистика - халықтың қамын ойлайтын, соның қажетін қарастыратын сала. Қандай мәселені көтермесін, журналистика соның бәрін халықтық тұрғыда қозғауға, халықтың сөзін сөйлеуге күш салады. Әрқашан халықтың жағында болып, халықтық позициясын ұстайды.
Бүгінгі қоғамдағы бұқаралық ақпарат құралдарының басты парызы - бұқараның санасын билеу, оларға уақыт кезеңдерінің міндеттерін жан-жақты түсіндіру, жас ұрпақты тәрбиелеу тағы басқа толып жатқан сан-саладағы көкейкесті міндеттерді бойларына сіңіру болуға тиіс. Осы сан-саладағы көкейкесті мәселелерді қоғамға жеткізуде бұқаралық коммуникация құралдарының ішінде болжам бойынша жетекші орынға ие болатын - интернет. «Интернет дегеніміз, - дейді осы сала мамандары, - компьютерлік желілердің бүкіл әлемдік топтастырылымының кооперативтік басқару жүйесі» [4] . Әрине, мұндай терминдік сөйлем құрылымын ә дегеннен кез келгеннің түсіне қоюы қиын. Ойды қарапайымдау етіп таратсақ, өз компьютерімен біртұтас интернет желісіне қосылған адам әлемнің кез келген нүктесінде тұрған келесі компьютерде сақтаулы тұрған ақпаратқа оңай қол жеткізе алмақ. Бұл жүйеде ақпарат алмасу бірыңғай тәртіпке негізделген. Әрбір пайдаланушы интернетке қол жеткізу үшін бірлескен желілердің бірінің пайдаланушысы болса жеткілікті. Мемлекеттік, өңірлік, корпоративтік және басқа да компьютерлік желілердің мұндай жиынтығы бір-бірімен түрлі мәлімет тарату арналары арқылы байланыстырылған. Дәлірек айтсақ, интернетке кіруде телефон байланысы немесе технология тілінде «шлюз», «гейт» деп аталып жүрген трансмұхиттық талшықты-оптикалық желілер мен ғарыштық арналар пайдаланылады. Қызметтері дербес жүргізілетін мұндай жүйелер арқылы бүкіл Жер шарын қамтитын біртұтас жаһандық желі құрылады. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, қазіргі таңда интернет әлемнің барлық елдерін түгел қамтып, оның қызметін 500 миллионнан астам адам пайдалануда. Бұл көрсеткіш ай сайын 7-10 пайызға өсіп отыр. Интернеттің бірқатар коммуникация мен ақпараттық ерекшеліктеріне байланысты жаңа бұқаралық ақпарат құралының түрі - интернет-БАҚ немесе интернет-журналистика дүниеге келді. Оның дәстүрлі БАҚ-тан айырмашылығы бірден байқалды. Ол - интернеттің ақпаратты тарату оперативтілігі мен интерактивтілігі еді. Сондықтан көптеген елдердің ғалымдары жаңа бұқаралық ақпарат құралын зерттеу нысаны ретінде таңдауда. Интернет-БАҚ-тың алғашқы нұсқасы 1987 жылы АҚШ-та пайда болған. «The San Jose Mercury News» газеті тұңғыш рет көпшілік қауымға электронды нұсқасын ұсынған болатын. Қазіргі таңда АҚШ-тағы күнделікті басылымдардың таралымы жарты жылда, 2009 жылғы қазан айынан бастап, 2010 жылғы наурыз айына дейінгі аралықта 2, 5%, ал апталық (жексенбілік) газеттердің таралымы 3, 1% азайған. Керісінше, онлайн БАҚ күннен-күнге қарқынды түрде даму үстінде. Сауалнаманы Американың газет қауымдастығы (Newspaper Association of America, NAA) 770 күнделікті, 610 апталық газеттер бойынша жүргізген болатын. Қауымдастық мәліметтеріне сүйенсек, АҚШ-та газет сайттарын пайдаланушылар аталмыш мерзім ішінде 56 миллионға жетіп, интернетке кіретін адамдардың 37 пайызын құраған. [25]
Ал Қазақстанда әзірге 3 мыңға таяу интернет сайттары тіркеліп үлгерді. Оның 20-25 пайызы БАҚ құралдарының меншігі болса, қалғаны - әр түрлі бағытта. Оның ішінде банк те бар, сауда нүктелері де бар, ішінара жекелеген адамдардың сайттары да кездеседі. Ал қазақ тіліндегі сайттар кенжелеп дамып келе жатыр десек те, кей сәттері әжептәуір үміт күттіріп қояды. [4]
Ақпараттық тәуелсіздіктің бір қыры - журналисттің еркін ақпарат алуынан көрінеді және неғұрлым жан-жақты көздерді пайдаланып, әр түрлі көзқарастарды салыстыра білген қаламгер ғана объективті тұжырым жасай алады. Оған көмекші құралдар қатары газет-журналдар мен телерадиоарналар ғана емес, Интернет пен қатар соңғы кезде жаңа тұрпаттағы мультимедия өнімдерімен толықты. Ақпарат беруде телефон, ұялы байланыс, электрондық почта, факс сенімді құралға айналды. Ал, Интернет өзінің «он-лайн», яғни нақты уақытпен байланысу режимімен оны жаңа сапалық деңгейге көтерді. Интернеттің ақпараттық ортада төңкеріс жасауының себептері ретінде мына факторлар қарастырылады:
1) супероперативтілік, ақпарат серверге орналастырылған сәттен дүниежүзінің кез келген нүктесінде оқылады;
2) ақпараттың сан алуандығы, тақырыбы да, тереңдігі де, сапалығы да әр түрлі мағлұматтар екендігі;
3) ақпаратты өзін іріктеп алатындығын;
4) «он-лайн», яғни нақты уақытта сөйлесу, көру, ақпарат алмасу, не пікірлесу мүмкіндігі;
5) мультимедиялық тасқын, яғни мәтін, сурет, бейне, саз бен дауыстың бір мезгілде таралуы;
6) интерактивтілік;
7) аудиториясын зерттеуі мен рейтингі;
8) адресті ақпарат тарату мүмкіндігі;
9) өте қолайлы іздеу мен табу жүйесінің болуы және басқалар.
Интернет дәстүрлі ақпарат құралдарына жедел дерек алу мен таратудың кең мүмкіндіктерін ашып қана қойған жоқ, сонымен бірге өзі де жаңа ортаны құрады - желілік медиа дүниеге келді. «Қазіргі уақытта біз бұқаралық ақпарат құралдарының жаңа түрі - желілік медианың дүниеге келгендігінің куәсі болып отырмыз, оның таралу аймағы дүниежүзілік Интернет компьютерлік желісі болып табылады. Жыл сайын әлемдегі желілік басылымдардың қатары өсіп келеді, олардың ішінде бұрыннан қалыптасқан газет-журналдардың электронды нұсқаларымен бірге, қағаз жүзінде жарық көрмейтін тек желіге ғана бейімделген мерзімді басылымдар бар. Телевизиялық және радиостанцияларда Интернет беттерін ашып, Интернет арқылы хабарларын таратуда, желілік ақпараттық және жарнама агенттіктері пайда болуда», - дейді американдық Рэнди Рэддик, Эллииот Кинг. Батыста интернет жүйесін бұқаралық ақпарат құралдары қатарына жатқызу немесе жатқызбау жайлы еш мәселе көтерілмеген. Нақтырақ айтсақ, 1995-1996 жылдары «қарапайым» тұтынушыларға арналған алғашқы графикалық браузерлер мен Windows-95 дүниеге келгеннен кейін интернет бірден БАҚ ретінде мойындалды. Ақпарат жалпы аудиторияға бағытталуы тиіс. [25]
Интернеттің БАҚ деп танылуы заңдық тұрғыдан қарастырылмаған. Заңгерлердің қателесуінің бірден-бір себебі интернет жүйесін толығымен БАҚ деп түсінуінде болып отыр. Бұл тұста интернет жүйесі - БАҚ функциясының талаптарына сай қызмет атқаратын түрлі құрылымдардың өмір сүру ортасы. Заң жүзінде баспа өнімі БАҚ деп шығарылым жиілігіне, тұрақты атауына, басылымның соңғы шыққан санына (текущий номер), тиражына, таралым аймағына байланысты қаралады. Ал, интернетке мұндай талаптар қойылуы мүмкін емес. Шығарылым жиілігі мен шыққан саны. Басылым жиілігін анықтауға болады. Сайтта бұл анағұрлым күрделі болып келеді. Сайттағы ақпарат толығымен жаңартылып отырмайды бұл заңдылық. Мәселен, арнайы сайтқа мақалаларды жариялап отырады делік. Егер 10 мақала жариялап, жарты жылдан соң тағы біреуін қосса, бұл жиілік болып табыла ма? Мақалалар белгілі бір тұрақты уақытта емес, керісінше түрлі мерзімде жарияланса немесе мақаладағы бір абзацты өзгертсе, бұны жиілік деп есептеуге бола ма?
Басылым тиражы және таралу аймағы. Жүйеге енгізілген құжат тиражы жалғыз экземплярда болғанменен де кез келген адам мекен-жайын білсе, құжатқа қол жеткізе алады. Көпшілікке құжаттың мекен-жайы таралады. Мұндай жағдайда құжат қанша адамға таралғанын санауға болар. Мәселен, бүгін аталмыш құжатты 10 адам қарады. Бұны тираж деп санауға бола ма? Апталық басылым, апталық тиражы мыңдаған, яғни нақты саны белгілі. Ал web-беттердегі оқырмандар санын қалай анықтауға болады? Нақтырақ айтсақ, 10 оқырман бір-бірден сайт тұтынушысы болды ма, әлде бір адам 10 рет кірді ме?
Жүйедегі сайттарды бірнеше түрге бөліп қарастыруға болады: авторлық жобалар, рекреативті функцияны атқаратын сайттар, қызметтік (электрондық пошталар) және анықтамалық бағыттағы (іздеу, энциклопедиялар) . Соңғы түрі - «интернет-БАҚ. Интернет-БАҚ - аудиторияға бағышталған қоғамдық көтеретін жүгі бар ақпаратты жариялап отыру мақсатымен, тәулік бойы бірнеше рет жаңарып отыратын журналист еңбегінің өнімі (жаңалықтар, мақалалар т. б. ) болып табылатын ірі сайттар. Осындай талаптарға жауап беретін сайттарды интернеттегі БАҚ деп қарастырылуы тиіс. Кез келген сайт БАҚ деген ұғым қалыптастыруы әбден мүмкін. Ақпарат құралының көмегімен таратып отырған ақпараттың мазмұнына қарамастан кез келген ақпарат құралының (medium) аудиторияға әсер ету жолдары, өзіндік артықшылықтары бар. Тарату арнасы таратып отырған хабар мен оның қабылдануына көп ықпал етеді. Мәселен, телевидение мен газеттен бір ақпаратты бір уақытта тараттық делік. Ақпаратты әр түрлі қабылдайды және бұл ақпараттың өзіне тәуелді емес. Сондықтан интернеттің негізгі ерекшеліктерін және оның интернет-журналистикаға әсерін қарастыру қажет. Ақпарат аудитория үшін ағымдағы мәселелер, орын алып отырған құбылыстар, процестер мен тенденцияларға түсініктеме берумен қатар, қоғамның экономикалық, әлеуметтік-саяси, рухани-идеологиялық өміріне бағыт-бағдар беретіндей қоғамдық пікір мен көзқарас тудыруы қажет. Осыдан интернет-журналистика ұғымына былайша анықтама беруге болар: Интернет-журналистика - қоғамдағы өзекті ақпараттарды жинау, сараптау және бұқаралық коммуникация құралдарының бірі интернет арқылы мерзімді тарату болып табылатын қоғамдық қызмет түрі.
Баспа станогын ойлап тапқанға дейін мәтіндер қолмен көшіріліп отырды. Әрине, қателер жібермей көшіру де мүмкін емес еді. Түпнұсқадан көшіру де біраз уақытты алды. Баспа станогын ойлап тапқан Гутенберг матрица арқылы көшірмені жасауға кететін уақытты азайтты. Интернет - осы жолдағы келесі қадам. Желі жадындағы ақпарат - мәтін емес ардайым мәтін құрастыратын электронды пішіндегі матрица. Браузер жолындағы құжат - сервердегі сұраным арқылы іздеген HTLM-құжаттың өзі емес, сіздің браузеріңізге интернет арқылы жіберілген оның көшірмесі. Баспадан негізгі артықшылығы осы қасиетіне байланысты. Өнімді көбейту, яғни тиражы біріншіден, тұтынушының сұранымы арқылы жүзеге асады, екіншіден, жаңа көшірмені тіркеуді қажет етпейді. Желідегі ақпараттар цифрлық пішінде сақталғандықтан, байттардың жиынтығы мәтін, графика немесе дыбыс, бейне түрінде көрініс таба алады. Осыған байланысты ақпараттарды өңдеуде жеңілдік туады. Ғалым А. Сәрсенбаев қазақстандық БАҚ-та қалыптасқан жағдайға талдау жасай келіп, ақпараттық нарықта үш субъект қалыптасатындығын баса көрсетеді: оқырман - редакциялық ұжымдар - меншік иелері (шығарушылар) . Міне, осы үшеуінің арақатынасы біркелкі деп айту қиын, плюрализм басым. Нарық заңдылығына сәйкес ол қатынастардың тұрақтануы әр түрлі мерзімге созылуы мүмкін және ұдайы ұйып тұруы да міндетті емес. Қазақстанның ақпараттық нарығында динамикалық үрдістер, нарықтық құндылықтар берік орнықты. Осының өзі БАҚ-тың даму үстінде екендігін көрсетеді. [6]
Қазақстанның БАҚ болашағы да әлемдік факторларға байланысты. Керісінше, ашық саясат ол арақашықтықты жақындата түсті, кедергілерді жойды. Сонымен бірге біздің бұқаралық ақпарат құралдары да өркениет болашағы үшін жауапкершіліктен сырт қала алмайды. Яғни елімізде орын алып отырған қиындықтарды тез жеңуге, экономиканы көтеруге, экологияны, басқа да әлеуметтік проблемаларды шешуге, халықтың білімі мен мәдениетін көтеруге, басқа да рухани сұраныстарын қанағаттандыруға, ғылыми-техникалық жаңалықтарды өмірге енгізуге ықпал етіп, қоғамдық күш ретінде жауапкершілікті өзіне алғанда БАҚ-тың да беделі өсіп, танымалдығы арта түседі. Қазақстан нарығында шетелдік, соның ішінде ресейлік кез келген басылымды алуға кедергі жоқ, оның сыртында радиотолқын, теледидар, кабельдік және серіктік жүйе бар. Ал Интернеттік технологиялар тіпті де революциялық өзгерістер әкелуде. Дүниежүзілік компьютерлік желі ақпарат алмасудағы кедергілердің бәрін жойып, ашық кеңістік құрды. Қазақстанда байланыс сапасының жүйесі қанағаттанғысыз әрі қымбат екеніне қарамастан ересек қала тұрғындарының 9, 5 пайызы Интернет жүйесінен хабардар. Қазақстандық «Интернет и Я» журналында жарияланған мәліметтерге қарағанда, 2001 жылдың мамырына дейін 394000 адам ең кемі Интернет әлемін шарлап, танысқан. Интернеттің тұрақты аудиториясы 2000 жылғы қарашадағы 200, 9 мыңнан 6 айдан кейін 300, 9 мыңға өскен. Әсіресе, оны жиі қолданатындардың өсу үрдісі қуантады. 6 айда аптасына 1 рет Интернетті шарлайтындардың қатары 72 мыңнан 140, 3 мыңға өскен, ал аптасына 3 сағатқа дейін, болмаса күн сайын әлемдік желіні пайдадланушылар саны 30, 3 мыңнана 60, 7 мың адамға дейін ұлғайған. Бұл Қазақстандағы ересек қала тұрғындарының 1, 6 пайызын құрайды. [8]
2008 жылы Маусымның 24-iнде Алматыда «Интернет-Альтернатива 2008» атты халықаралық конференция болып өттi. ТМД-да тұңғыш рет өткiзiлiп отырған бұл конференцияның мақсаты - ақпараттық технологиялардың соңғы жетiстiктерiнiң бiрi болып саналатын интернетке халықтың қолын жеткiзудiң оңай жолдарын қарастыру, интернет жүйесiн жетiлдiру және осы салада жұмыс атқарып жүрген үкiметтiк емес ұйымдар мен билiк арасындағы ашық диалогты қолдау. Сондай-ақ, халықаралық деп үкiлеген конференцияға көбiне мәскеулiк мамандар қатысты. Олар Ресейдегi интернет желiсiнiң тарауы жайында сөз қозғай отырып, өз тәжiрибелерiмен бөлiстi.
Алғашқы секция жұмысы «Мемлекет және интернет» деп аталды. Бұл секциядан ұққанымыз Қазақстандағы интернет жүйесi толығымен билiктiң жұмса жұдырығында, ашса алақанында көрiнедi. Демек, бiздегi заңдық-нормативтiк құжаттар бойынша, интернеттегi кез-келген жазба қатаң қадағаланады. Яғни, жекелеген блогтар БАҚ ретiнде тiркелмесе де, оны жүргiзушi әрбiр адам заңдық шеңберден шықпауы қажет. Егер, бұл шеңбердi жазатайым аттайтын болса, елiмiздiң заңдары бойынша жауапқа тартылады екен. Көптеген сарапшылар дәл бұған көз жұма қарауға болмайтындығын айтады. Яғни, интернеттi пайдаланушылардың бiр бөлiгi - осы блоггерлер екендiгiнде дау жоқ. Және олар қазақ тiлiндегi интернет кеңiстiктiң дамуына зор үлес қосып келе жатқаны да белгiлi. Егер, ондағы әрбiр жазба билiктiң цензурасына iлiгетiн болса, онсыз да қалт-құлт етiп отырған сөз бостандығына тағы да сызат түстi дей берiңiз. Қазiргi есеп бойынша, Қазақстанның интернет кеңiстiгiнде 4500-5000-дай сайт жұмыс iстейдi екен. [9]
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz