Туризм саласындағы мамандарды даярлау


КІРІСПЕ
Туризм - демалыспен, бос уақытпен, спортпен, сондай-ақ мәдениетпен және табиғатпен тілдесумен тікелей байланысты, және ұжымдық толық жетілудің жолы ретінде жоспарлануы және тәжірибеге енгізілуі тиіс қызмет.
Туризмнің қазірігі индустриясы табысы жоғары және серпімді дамып келе жатқан қызмет көрсетулердің халықаралық сауда сегменттерінің бірі болып табылады. Туризімнің табысы, мұнай өнімдері және автомобиль экспортының табысынан кейінгі тұрақты үшінші орынды иеленедіі. Әлемдік туристік нарықтың дәстүрлі аудандары өзінің реакциялық сыйымдылығының шегіне іс жүзінде жеткендіктен, туризмнің өсуі туристер баратын жаңа аумақтар есебінен басым дамитын болады. Осыған байланысты, Қазақстан әлемдік туристік нарықта өзінің лайықты орнын табуға бірегей мүмкіндігі бар.
Қазіргі туризм еңбекшілердің жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына шығуымен байланысты, мұның өзі адамдардың дем алуға және бос уақытын өткізуге деген негізгі құқығын тану болып табылады. Ол жеке адамды, адамдар мен халықтар арасындағы өзара түсіністікті дамытудың факторларына айналады.
Туризм - бұл әлемдік экономиканың құлдырауы болмайтын саласы. Мамандардың есебі бойынша, орташа есеппен, бір шетелдік туристің беретін табысын алу үшін оған шамамен 9 тонна тас көмір немесе 15 тонна мұнай немесе 2 тонна жоғары сұрыпты бидайды әлемдік нарыққа шығару керек екен. Бұл ретте шикізат сату елдің энергия көздерін азайтады, ал туристік өндіріс таусылмайтын ресурстармен жұмыс істеуді. Шетелдік эконмистердің есебі бойынша100 000 турист қалада орташа есепппен екі сағат болған кезде кемінде 350 000 доллар немесе адам басына 1 сағатта 17, 5 доллар жұмсайды екен. Сөйтіп шикізат сату өзіндік экономикалық тығырыққа тірелу болса, ал туризімді дамыту - ұзақ мерзімді, экономикалық тиімді болашақ.
Туризм тек қана экономикалық емес, сонымен бірген әлеуметтік-мәдени маңызға ие. Себебі ол елдер арасындағы мемлекетаралық байланыстардың және мәдени айырбастаудың дамуына ықпалын тигізеді, аймақаралық байланыс көлемін арттырады, халықтың танымдық деңгейін көрсетеді.
Қазіргі таңда туризм - құлдырауды білмейтін, әлемдік экономиканың саласы. Туризмнің дамуы - өнімді сатудан айырмашылығы ұзаққа созылатын, экономикалық тиімді келешегі бар сала.
Жалпы туризмді дамытып, оның ел экономикасына, ел қазынасына табыс әкелуін қолға алу үшін туризм саласында кәсіби және білікті мамандардың қажеттілігі бәрімізге аян. Кадрлар дайындау, туризм қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жүйесі және туризм саласын ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету болып табылады. Сондықтан мен диплом жұмысымның тақырыбын «Туризм саласындағы мамандарды даярлау» деп анықтадым.
Диплом жұмысының зерттеу объектісі: туризм саласындағы мамандарды даярлау қызметтерінің қыр-сырлары мен әдіс-тәсілдері.
Диплом жұмысының мақсаты - туристік салаға қажетті білікті мамандарды даярлау барысындағы қиыншылықтары, қолданылатын әдістерді, бағыттарды қарастырып, оларды талдау.
Диплом жұмысының міндеттері. Кәсіби дайындау және мамандарды аттестациялау кезіндегі кеткен қателіктер, білім алу деңгейіне, кәсіби даярлауына, көптеген жұмысы жоқ мамандардың ахуалына кері әсер тигізетінін білеміз. Сондықтан менің диплом жұмысым осы қателіктерді қарастырып қана қоймай, жан-жақты талдауды, зерттеуді және оларды алдын алуды міндеттейді.
Диплом жұмысымның тақырыбының өзектілігі. Тақырып мамандарды дұрыс дайындау, мамандардың біліктілігін арттыруға қажетті теориялық білім берудегі негізгі әдістер мен тәжірибелік білім беру кезіндегі тәсілдерді қалай қолдану сияқты өзекті мәселелерді қамтиды.
Дипломдық жұмыстың құрылымы мен логикасы зерттеудің мақсаттары және тапсырмалары негізінде анықталған. Жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 ТУРИЗМНІҢ ЖӘНЕ ТУРИСТІК САЛАНЫҢ МАМАНДАР ДАЯРЛАУ СИПАТЫ
1. 1 Туризм түсінігі, мәні мен сипаты
Туризм (франц. tourіsme , tour - серуендеу, жол жүру) - адамның бос уақытындағы саяхаты, белсенді демалыстың бір түрі. Туризм - халықтың рекреациялық қажеттілігін (денсаулығын жақсарту, күш-қуатын қалпына келтіру, тағы басқалар) қанағаттандырудың ең тиімді жолы. Туризм адамдардың қарым-қатынасын, танымдық қабілетін арттырып, мәдениет пен өнердің дамуына, ел экономикасының өркендеуіне өзіндік үлесін қосып, ел мәртебесін әлемге танытуға мүмкіндік туғызады[1] .
Туризм - барлығымызға белгілі құбылыс. Туризм мағынасына бір ғана жауаппен тоқталуға болмайды. Ол үлкен және жан-жақты ұғым. Туризмді кейбіреулер палаткалармен орман, тауларға шығу деп түсінсе, екіншілері - тарихи жерлерге саяхат, ал басқалары - шетелдерге саяхат жасау деп түсінеді. Осының барлығы дұрыс ұғым, себебі туризм әр түлі болып келеді.
Туризм дегеніміз - адамдардың табыс табу мақсатында емес, демалу, емделу, сауығу, қонаққа бару, танымдық немесе қызмет мақсатымен мақсатымен өздерінің тұрақты жерінен кетіп, басқа жерде немесе басқа елде уақытша орналасуын айтамыз[2] .
Берлиннің туризмді зерттеу институтының журналында «Archiv fur Fremdenverkehr» (1930-1931) атты мақаланың алғы сөзінде ресми түрде ғылыми әдебиетте «туризм» деген түсінік ХХ ғасырдың 30-шы жылдарында пайда болды.
Туризм деген өте кең түсінік, әдебиеттерде оған берілген әр түрлі анықтамаларды кездестіруге болады. В. Унцикер туризм деп тек табыс табуға арналмаған тұрақты жерден тыс жердегі барлық саяхат пен қысқа мерзімдік сапардағы құбылыс пен қатынастардың жиынтығын атады. Кейбір авторлар «әр түрлі мақсаттағы спорттық жарыстарды» туризмге жатқызады. КСРО-да бірінші болып 1952-ші жылы В. В. Добкович туризмге қазіргі уақытқа лайықтап анықтама берді: «Туристтік саяхат деп каникул және ұзақ уақытты демалыс кезендерінде біздің еліміздің әр түрлі аудандарында болып, сол елдің халықтарының өмірімен және мәдениетімен танысу, Социалистік құрылысымен, табиғи байлықтарымен, тарихи, әскери және революциялық ескерткіштерімен танысуды айтамыз» - дейді.
ХХ ғасырдың 30-шы жылдары поляк географы С. Лещицкий туризм туралы түсінікті толықтап, «туристік - сауықтыру қозғалысына байланысты теориялық, шаруашылық, географмиялық, статистикалық, құқықтық, мәдени және әлеуметтік сұрақтардың жиындысы» деп анықтама берді.
Туризм географиясы облысына еңбегі сіңген, атағы шыққан В. С. Преображенскийдің айтуынша, «туризм» термині арқылы мынадай негізгі түсініктер беріледі:
1. демография мен халық географиясы және әділет ғылыми оқитын халық қозғалысының ерекше түрі;
2. экономика саласы, экономика мен экономикалық географиямен айналысатын халықтың әлеуметтік-мәдени қажеттілігін өтейтін салаларының біреуі;
3. социология мен рекреациялық география айналысатын тұрақты жерден тыс жерлерге бос уақытты өткізудің түрі.
Қазір туризм анықтамасы екі топқа біріктіруге болады: жұмыстық және концептуалдық. Біріншісінің экономикалық, әлеуметтік, құқықтақ және басқа да туризмнің аспектілеріне ғана қатысы бар. Екіншісі, концептуалды немесе мәнін көрсететін анықтама, пәнді бүтіндей қамтиды, туризмнің ішкі сырын ашады.
Тарихи даму процестерінде «туризм» мен «турист» деген түсінікке біраз өгерістер еңгізілді. Практикалық жағынан туризмнен гөрі турист деген түсінік анықтамасы жағынан анығырақ болғанын қажет етеді. Ең алғашқы турист деген анықтаманы Ұлттар Лигасының статистика жөніндегі сұрыптау Комитеті берді (1937ж. ) . Ол халықаралық түсініске ие болды және азғантай түзетулер мен біздерге де жетті. Соңғы жылдары турист ұғымының анықтамалары ресми халықаралық туристтік ұйымдар одағының жиындарында (Дублин, 1950; Лондон, 1957), БҰҰ-ның халықаралық туризм және саяхаттар туралы конференциясында (Рим, 1963), туризм туралы парламентаралық конференцияның конгресінде (Гаага, 1989) талқыланды. Бұл оның теориялық және практикалық жағынан маңызының зор екендігінің және оған берілетін анықтаманың толық та дәлірек болу керектігін көрсетеді.
Қазіргі кезде халықаралық тәжіребиеде кең қолданылып жүрген анықтама 1963-ші жылы Рим конференциясында еңгізілген және бүкіл Дүниежүзілік Туристтік Ұйым қолдаған келесі анықтама: «туристер - бұлар өзінің тұрақты елі емес, ақша табатын іс-әрекеттермен айналыспайтын, басқа бір елге қандай да бір болмасын бір мақсатпен келуші адамдар».
Туризм саласы жалпы алтын жұмырқа тасушы тауық болып саналады. Барлық туристік орталықтар мен аудандар туризм арқылы пайда тауып қана қоймай, туризмнің дамуына оның ішкі және сыртқы елдер нарығында дамуы үшін туристік индустрия мен туристік тауарға көптеген қорлар бөлуде туризмнің дамуы үшін бөлінген қорлар өз өтемдерін өтейді және олар сол мемлекетке одан да көп пайда әкеледі[3] .
Расында, экономиканың қарыштап дамуында туризмнің алар орны айрықша. Оған ешкім шәк келтірмейді. Дүниежүзілік туристік ұйымның соңғы кездегі таратқан мәліметтеріне қарағанда, осы саламен айналысатын мемлекеттер қазынасына сырттан түсетін инвестицияның 10 пайызға жуығы тек біз сөз етіп отырған табыс көзінің еншісіне тиесілі екен. Сондықтан да туризмнен түскен кіріс дүние жүзі бойынша әлі күнге дейін мұнай экспорты мен көлік сатудан кейінгі үшінші орынды иеленіп келеді.
«Туризм» түсінігіне жай ғана бір сөзбен жауап беру мүмкін емес. Біреулердің түсінігінше, туризм қолдарына қол шатыр алып, түнгі шоқ ошақ басында ән айтып, адам аяғы баспаған жерлермен жүрілген киллометрлер болса, ал енді біреулер үшін тарихи жерлерде саяхаттану, олардың болмысы мен тарихын зерттеу, үшінші біреулер үшін шет елдерге саяхаттанумен түсіндіріледі. Әрине, олардың әрқайсысы да дұрыс пікірде, өйткені, туризм саласы сан-қилы, жан-жақты құбылыс.
Бір көзге қарағанда «туризм» түсінігі кез келген адамға түсінікті термин, өйткені біз бәрімізде бөтен жерлерге сапар кештік, туризм туралы бұқаралық ақпарат құралдарынан көріп, мақалалар оқыдық, саяхаттар туралы әртүрлі телебағдарламаларды тамашаладық, өз еңбек демалысымызды жоспарлай отырып, туристік агенттіктердің кеңестері мен қызметтерін пайдаландық. Алайда, ғылым және білім саласында халықшаруашылығының ажырамас бір бөлігі ретінде туризмнің құрамдық элементтерінің қатынасын айқындап алғанның маңызы зор[4] .
Туризм түсінігін айқындағанда мынадай келесі көрсеткіштерді ескерген жөн:
1. Орын өзгерту. Бұл жағдайда іс-әрекет күнделікті ортадана тыс жерге орын ауыстыру арқылы жүзеге асады. Алайда өз үйі мен жұмыс орнына немесе оқу орнына бару арқылы орынын өзгерткен тұлғаны турист ретінде қарастыру мүлдем теріс түсінік.
2. Өзге жерге келу. Бұл жағдайдың басты мақсаты: өзге келген жер тұлғаның үнемі немесе ұзақ мерзімді өмір сүру ортасына айналмауы тиіс. Сонымен қатар бұл еңбек қызметімен де байланысты (жолаушының еңбекақысы мен іс-сапар ақысын төлеу) болмауы керек. Тағы да бір ерекшелігі саяхаттанушылар жаңадан келген ортасында 12 ай бойы немесе одан да ұзақ мерзімде тұрақтамауы тиісті. Нақты бір өзге ортада бір немесе одан да ұзақ мерзімде болған немесе болуды жоспарлаған адам туризмнің критерийлері бойынша саяхаттанушы (турист) болып саналмайды.
3. Жаңадан келген орта еңбек ақы төлеудің негізгі ортасы. Бұл жағдайда саяхаттың немесе жолсапардың негізгі мақсаты жаңадан келген ортада арнайы бір қызмет етіп, пайда табуды көздеу болмауы тиіс. Қызметтік іссапар, сондай-ақ бос уақытын өткізу мақсатындағы саяхат - бұл күнделікті өмір сүру және қызмет ету ортасынан тыс жерге орын ауыстыру. Егер қала тұрғыны сол қаладан сауда-саттық қызметі мақсатында орын ауыстырса, ол саяхаттанушы болып есептелмейді. Өйткені ол өзінің негізгі ортасын тастап кетпейді.
Бұл үш критерий туризм түсінігінің негізін қалайтын басты элементтер болып табылады[5] .
Қазіргі кезде адам қызметінің әр түрлі формалары бар, олар жалпы жағдай жасауға және әлемді тануға бағытталған. Халық тұрмысының жақсаруы жаңа әлемді ашуға адамның қажеттілігін, соның ішінде саяхатқа құштарлығын арттырады. Саяхат дегеніміз - туризм. Туризм тек орын ауыстыру емес, ол көптеген экономикалық және әлеуметтік аспектілерді құрайды. Соңғы он жылда туризм мықты дербес индустрияға айналды.
Туризм түсінігіне теориялық және практикалық тұрғыдан нақты анықтама берілуі керек.
Көптеген авторлар туризмге толық анықтама беруге тырысты. Әр пікір өзгеше болып табылады және бұл терминнің көптеген өлшемін көрсетеді. Алайда туризмнің әр түрлі түсіндірмесін жинақтап қорыту, белгілі бір «оптимум» таңдау өте қиын[6] .
Туризм елдің тұтас аудандарының экономикасына белсенді әсер етеді. Туризм саласындағы шаруашылық жүргізуші субъектілердің құрылуы және жұмыс істеуі жол көлігін, сауданы, коммуналдық-тұрмыстық, мәдени, медициналық қызмет көрсетуді дамытумен тығыз байланысты. Сөйтіп, туризм индустриясы басқа экономикалық секторлардың көпшілігімен салыстырғанда, неғұрлым пәрменді мультипликаторлық тиімділікке ие.
Туризм жеке және ұжымдық жетілдіру құралы ретінде жоспарлануы және тәжірибеде іске асырылуы тиіс демалыспен, бос уақытты өткізумен, спортпен, мәдениетпен және табиғатпен тікелей араласуға байланысты қызмет. Мұндай жағдайда, ол өз бетімен білім алудың, толеранттықтың және халықтар мен олардың әр түрлі мәдениеттерінің арасындағы олардың өзгешеліктерін танып-білудің бірден бір факторы болып табылады.
Туризм саласы ұлттарды жақындастырады, елдерді табыстырады. Қазіргі жаһандану дәуірінде ғаламдық ынтымақтастық пен өзара түсіністіктің орнауында туризмнің ықпалы айрықша. Демек, халықаралық туризм саласының дамуына бәрінің мүдделі болуы керек[7] .
1. 2 Әлем бойынша туризм мамандарының пайда болу тарихы
Туризм терең тарихи тамыр алып жатқан сала. Алғашқы ұйымдастырылатын сапарлар көне заманнан бастап, ХІХ ғасырдың басына дейін болды. Бұл сапарлардың мақсаттары мен мотивтері негізінен сол кездегі қажеттіліктер мен мүмкіндіктерге байланысты болды. Нақтырақ айтсақ, қажылық, емделу, сауда, емделу, сауда және білім мақсаттарында болды. Сапарларға шығуға тек қана қоғамда жоғары дәрежесі бар адамдардың ғана мүмкіндіктері болды. Сол кездегі туризмнің ерекше сипаты элитарлық және өзінділік болды. Туризм саласындағы әйгілі ағылшын мамандары былай деп тұжырымдаған: емделу мақсатындағы сапарлар туризмге бастау болды және алғашқы туристік ұйымдар білім сипатын алды.
Туризм қоғамдық, шаруашылық және кеңістіктік құбылыс ретінде ежелгі замандарға терең кең тамыр жайған мол дәстүрге ие. Туристтік әдебиеттерде туризмнің дамуын кезеңдерге бөлу жайында көптеп айтылады. Әсіресе, В. Унцикер мен Дж. Мариотти секілді ғалымдардың ортақ еңбегінде.
Бұл еңбекте К. Пшеславскийдің (1973) бөлген кезеңдері келтірілген, оның келесідей кезеңдері бар:
1. ХVІІІ ғасырдың соңына дейінгі туризм:
А) ежелдегі туризм;
Б) орта ғасырлар мен қайта өрлеу дәуірі кезеңіндегі туризм;
В) ХVІІ және ХVІІІ ғасырдағы туризм;
2. ХІХ және ХХ ғасырлардағы - екінші дүниежүзілік соғысқа дейінгі туризм;
3. Қазіргі заманғы туризм.
Әр кезеңге тән туризмнің алғашқы қызметкерлері мен мамандары пайда болды. Туризм саласы қаншалықты жандана түссе, туризмнің дамуына үлес қосатын мамандарда қарқынды түрде пайда бола бастады.
Ертеректе туристтік саяхаттар қалаларды көріп, жасанды көлдер, шипалы бұлақтарға барумен байланысты болды. Кейініректе жиелеп салына бастаған пирамидалар саяхаттаушылардың назарын аудара бастады. Алайда, жақсы дамыған жол торлары мен сапалы түнеу үйлері және арзан асханалардың тек қана ежелгі Греция мен Римде пайда болуы бұл саяхаттарды белгілі мөлшерде тежеді. Туризмнің ол көздері ешқандай табыс көзін әкелмеді.
Сондай-ақ ойын-сауық бизнесі жақсы дамыды. Олимпиадаға қарсы үлкен жәрмеңке ұйымдастырылып, ол үшін арнайы сауда қатарлары орнатылды.
Туристер көне храмдарды тамашалап, қалағандар қосымша ақы үшін гидтің аузынан әр түрлі аңыздарды естуге мүмкіншілік алды. Егер туризм индустриясы жайында кең мағынада әңгіме қозғар болсақ, ежелгі Рим дәуіріне жүгінеміз. Римдік жолдар инженерлік өнердің барлық ережелеріне байланысты салынып отырды. Олардың құрылысы біздің заманның 312 жылы император Константиннің билігі кезінде басталды. Әрбір жол үшін алдын ала жоспар құрып, содан соң оны таспен толтырған. Саяхаттарды жол бойына орналасқан жақсы ұйымдастырылған және керуен сарайлар торы қолайлы етіп отырды. Бұл керуен сарайлар кейде бір бірінен 5 км қашықта орналысып, өзінің заманына қарай үлкен шеберлікпен салынып, өте жайлы болып келді.
Ежелгі Римде жолкөрсеткіштер болып оларды тек қана белгілі бір желі көрсетіліп қоймай, сонымен қатар жолда кездесетін көрікті жерлермен қонақ үйлер белгіленіп бағалар көрсетілген. Бордодан Иерусалимге саяхаттайтын табынушылар үшін ІV ғасырда жолкөрсеткіш дайындағаны белгілі. Біздің заманға дейін І ғасырда пайда болған туристік бюролар қалағандарды жолкөрсеткіштер мен анықтама кітаптарымен жабдықтаған.
Туристік саяхаттардың ерекше формасы емдік жерлерге сапар шегу болды. Алғашында қалада тұратын бай гректер мен римдіктер қала сыртындағы ауылды мекендерге шығып отырса, кейініректе бұл саяхаттардың географиялық шектеулері кеңейе түсті. Минералды бұлақтармен храмдардың қасында қазіргі санаторияларға ұқсас объектілер салына бастады, ал емдік жерлер жоғары комфортты жағдайлары мен ойын-сауықтың көптүрлілігімен әйгілі болды. Ауруларына шипа іздеушілер осындай емдік орталықтарды іздеп, жердің әр бұрышынан ағыла бастады. Мұндай емдік орталықтардың өз емшілері мен тәуіптері, сондай-ақ тұтынушыларды қабылдайтын арнайы қызметшілер тобы да болды[8] .
Ежелгі туризмнің дамуына үлес қосқан алғашқы туристік мамандар ретінде жолсеріктер, жол бойларында орналасқан түнеу және керуен сарайларының қызметкерлері, олимпиада мен жәрмеңке ұйымдастырушылары, саудагерлер мен саяхатшылардың аудармашылары, гидтер болып саналды.
Орта ғасырларда туристік қозғалыс бәсендей түсті. Ішкі жағдайлары тұрақсыз көптеген жаңа мемлекеттердің құрылуы бұрын-сонды болмаған саяси кедергілерге әкеп соқты. Бұл кезеңде туристік қозғалыстың ауқымды бөлігін діни табыну мен университеттік орталықтар құрады. Онымен қоса қайта өрлеу кезеңінде көпестер мен ұсталардың саяхаттарының маңызы арта бастады, алайда олардың бір бөлігін ғана туристік саяхаттарға жатқызуға болады. Туристік саяхатқа шығушылар жолай түнеу мен тамақтандыру орындарының қызметтерін пайдалана бастады[9] .
Орта ғасырларда адамдар көптеп саяхаттай бастады, сөйтіп, жолшыбай керуен сарайлардың саны күрт өседі. Алдында қарапайым қонақ үйлік объектілер ХІV ғасырдың өзінде-ақ сол заман үшін өте жайлы түнеу орындарына айналды. Қонақ үй кәсібінің дамуы, кейбір қалаларда ХІV ғасырдың өзінде қонақ үйлердің қожайындары өзіндік цехтарға бірігіп, өз уставтарын құруына әкеп соқты. Осындай ең бірінші цех 1356 жылы Венецияда құрылды. Осы секілді цехтар ХІV ғасырда Римде, Сиякада, Флоренцияда да құрылды. Қонақ үй кәсібін кәсіп етушілер, қонақ үй маңында тамақтандыру орталықтарын, жуынатын моншалар мен хауыздар ашып сол заманның саяхатшыларына өз қызметтерін ұсынып отырды. Қонақ үй ауқымы ұлғайған сайын қонақ үй қожайындары қызмет көрсететін жалдамалы жұмысшылар жалдай бастады.
ХVІ ғасырдың екінші жартысында танымдық сипаты бар саяхаттар жасала бастады, ал ең қалаулы ел Италия болды. Мұнда көбіне Испания, Франция және Германиядан шетелдіктер келіп отырды.
ХVІ ғасырдың соңынан Англияда «гранд-тур» әйгілі бола бастады-бұл ауқатты адамдардың континетке саяхаты, гранд-турдың арқасында адамдар оқуын бітіріп, Жерорта теңізін көріп, өркениеттің шығу тегін көріп, сауаттанып қайтуына мүмніндіктер туды. Әлеуметтік құбылыс сияқты туризмнің дүниеге қайта келуі XVII ғасырдың соңы мен ХVІІІ ғасырдың басына жатады. Бұл кезеңде бай адамдар ғана саяхаттай алу мүмкіндігі болған соң элитарлық туризмнің кезеңі ретінде сипатталады. Бұл кезеңде сонымен бірге, жаппай туризмнің қалыптасуының негізі қаланды.
ХІХ ғасырдың басында пароход, паровоз сияқты көлік құралдарының пайда болғандығынан бастап және жол желістерінің кеңеюінен туризм кең масштаб ала бастады. Осылай жаппай туризмнің өскіндері пайда болды.
Жаппай туризмді дамытудың алғышарттар мыналар болып табылады:
-қоғам жағдайының өсуі;
-алдымен ақысы төленбейтін демалыстың одан соң ақысы төленетін демалыстардың пайда болуы;
-ғылыми-техникалық прогресс, ол тек көліктің дамуына себепкер ғана емес, сонымен оның арзандауына да себепші болды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz