Сот сараптамасы бойынша есептер


Тапалова Р. Б. Мергембаева Н. Б.
СОТ САРАПТАМАСЫ БОЙЫНША ЕСЕПТЕР
Алматы 2012 ж.
Кіріспе
Сот сараптаманың азаматтық, қылмыстық және әкімшілік құқық саласында пайдаланудың маңыздылығы жыл сайын өсуде. Әсіресе сот сараптамасы қылмыстық құқық саласында, қылмыстық істерді тергеу және ашу кезінде арнаулы білімді қолданудың қажеттілігі туындағанда орын алады. ҚР «Сот сараптамасы туралы» Заңы ең алғаш рет 1997 ж қабылданған, кейін 2010 ж. 20 қаңтарда бірқатар өзгерістері мен толықтырулары бар «Сараптамалық қызмет туралы» Заңы қабылданды. Аталған заң және бірқатар құқықтық нормативті актілер сот-сараптамалық қызметтің қатынастарын реттейді.
«Сот сараптама» пәні, ең алдымен арнайы білімнің сот сараптама нысанында сотөндірісінде қолданудың негізгі жағдайларын, оның ішінде, сот сараптаманың класстары мен түрлерін, ҚР сот сараптама органдары, сараптаманы тағайындаудың тәртібі мен заңды негіздерін және сарапшы қорытындыларының дәлелдеу процесіндегі орны сияқты мәселелерді студенттерге оқытуды мақсат етеді.
Жоғарыда көрсетілген мақсаттарды жүзеге асыру үшін, студенттердің арнайы білімді қолдануға қатысты тәжірбиелік дағдыларын жетілдіру қажет. Ол үшін студенттер әр түрлі сараптамаларды тағайындау туралы қаулыларды толтыру, сарапшылардың қорытындыларын анализдеу және берілген фабулаларға сәйкес, есептерді шығару қажет.
Аталған оқу әдістемесі келесі схема бойынша құрастырылған: ең алдымен жеке сараптамалар бойынша, сабақтардың мақсаты мен жоспарлары берілген, сол сияқты, бақылау сұрақтары және фабулаларға қатысты есептер құрастырылған. Бұл есептер бойынша, студенттер қаулы немесе ұйғарым толтыру қажет. Бірнеше есепті алдын-ала ауызша шығарып, фабуланы қарастыру кезінде соттың, прокурордың және тергеушінің болжауларын тексеріп, қандай сараптаманы тағайындау қажеттілігін, қандай сұрақтарды қаулы немесе ұйғарымда көрсету және қандай материалдарды сараптамаға жіберу керектілігін анықтау болып табылады.
Есептерді оқу процессінде лабораториялық және СӨЖ сабақтарында қолдануға болады.
Сонымен қатар, оқу әдістемесінде сот сараптамасын тағайындау туралы қаулылар мен ұйғарымдардың үлгілері көрсетілген. Студенттерге тапсырма ретінде, аталған процесуалды құжаттардың ҚР ҚІЖК 242, 245, 246 баптары, ҚР АІЖК 91бабына, Сот сараптамалық қызмет туралы Заңға және әр сот сараптамасының түрі бойынша әдістемелік талаптарға сәйкес жасалғандығын тексеру қажеттілігін тапсырма ретінде ұсынып отырмыз.
Оқу әдістемесі, студенттердің сарапшының қорытындысын анализдеу тапсырмасымен аяқталады.
Барлық аталған тапсырмаларды жазбаша орындау дұрысырақ, өйткені процесуалды құжаттарды дайындаудың дағдыларын меңгеру қажет.
Модуль 2. Ерекше бөлімі.
Модуль 2. Сараптамалардың жеке түрлерін материалдарды дәлелдеу, тағайындау, дайындау кезіндегі мүмкіндіктері.
Тақырып: Қолжазбатану сараптамасы.
Сабақтың мақсаты:
- Сот-қолжазбатану сараптамасын тағайындаудың негізгі жағдайларының теориясы мен тәжірбиесін түсіну мен бекіту.
- Сот-қолжазбатану сараптамасын тағайындау кезінде, қаулылар мен ұйғарымдарды құрастыру дағдыларын меңгеру.
- Сот-қолжазбатану сараптамасының көмегімен мән-жайларды анықтауға қатысты, болжаулар құрастыру мен тергеу жағдайларын анализдеуге қатысты дағдыларды меңгеру.
- Сот-қолжазбатану сараптамасын тағайындауға материалдарды дайындау дағдысын меңгеру (азаматтық және қылмыстық істер) .
Сабақтың жоспары:
- қолжазбатану сарапшы нәтижелерінің нысанына және сот- қолжазбатану сараптамасының мүмкіндіктерінің теориялық білім негіздерін бекіту - сұрау жүргізу.
- сот-қолжазбатану сараптамасын тағайындау мен материалдарды дайындаудың теориялық білім негіздерін бекіту - сұрау жүргізу.
- сот-қолжазбатану сараптамасының мұрағаттағы қорытындыларымен танысу, олардың мазмұның анализдеу және сарапшы қорытындысын бағалау (10 сарапшы қорытындысынан кем емес) .
- сот-қолжазбатану сараптамасын тағайындаудың тәжірбиелік және процесуалды сұрақтарын талқылау.
- тапсырмаларды жазбаша орындау - қаулы толтыру (10 есептен кем емес) .
Бақылау сұрақтары:
- криминалистикалық техника саласындағы «сот қолжазбатану» және «сот- қолжазбатану сараптамасының» қандай өзара байланысы бар;
- қолжазбатануда және сот-қолжазбатану сараптамасында қандай объектілер зерттеледі;
- сот- қолжазбатану сараптамасының ғылыми негізін не құрайды;
- қолжазбаның жекелігіне (индивидуальность) және жазудың өзгеруіне қандай факторлар әсер етеді;
- сот- қолжазбатану сараптамасының қандай мүмкіндіктері бар;
- қандай каегориялы істер бойынша сот- қолжазбатану сараптамасы, әдетте тағайындалады;
- сарапшының алдына қойылатын идентификациялық сұрақтар;
- сарапшының алдына қойылатын идентификациялық емес сұрақтар;
- идентификациялық сараптама тағайындалған кезде жіберілетін материалдар;
- идентификациялық емес сараптама тағайындалған кезде жіберілетін материалдар;
- еркін, салыстырмалы және шартты-еркін үлгілердің ұғымын не құрайды;
- еркін үлгілерді алудың тәртібі, оларды азаматтық және қылмыстық істер бойынша алудағы ерекшеліктері бар ма (процесуалдық айырмашылығын атаңыздар) ;
- салыстырмалы үлгілерді алудың тәртібі, оларды азаматтық және қылмыстық істер бойынша алудағы ерекшеліктері бар ма (процесуалдық айырмашылығын атаңыздар) ;
- сараптамаға жіберілетін үлгілерге қандай талаптар қойылады;
- үлгілердің қайсысы жоқ болған жағдайда, сарапшы сараптама жүргізуден бас тарта алады;
- кім және қандай мәліметтер туралы сарапшыға хабарлау қажет;
- қолжазбатану сарапшы қорытындысының ғылыми негізділігі мен толықтылығы нені білдіреді;
- зерттеу барысының нәтижесінде сарапшымен қандай нәтиже беріледі;
- сарапшының қандай нәтижесі іс бойынша дәләлдемелік маңызға ие;
- қайталама және қосымша сараптаманы тағайындау үшін қажетті негіздер.
Тексеру үшін тестер.
- Қолжазбатану сараптамасының объектілерін көрсетіңіздер
- тазалау белгілері бар құжаттар
- қолмен жазылған жазбалар
- принтер арқылы басылған жазбалар
- құжаттардың көшірмесі
- құжаттардың бланкілері
- Қолжазбатану сараптамасының объектілерін көрсетіңіздер
- құжат
- қолмен жазылған жазбалар, әріптердің басылуы
- принтер арқылы басылған мәтін
- ойып жасалған қалып (клише)
- ақшалай белгілер
3. Қолжазбатану сараптамасының объектілерін көрсетіңіздер
- техникалық құжат
- қарт адаммен жазылған қолжазбалар
- жарылғыш заттар
- жаппай өндіріс бұйымдары
- құжаттардың бланкілері
4. Қолжазбатану сараптамасының объектілерін көрсетіңіздер
- қағаздар
- принтер арқылы басылған мәтін
- мөр таңба
- қол қою таңбасы
- өңделу (травления) белгілерімен жазылған құжат
5. Қолжазбатану сараптамасының объектілерін көрсетіңіздер
- қосылып басылған белгілері бар құжаттар
- психикалық ауыру адаммен жазылған қолжазбалар
- сия, паста
- көшірмелеуіш аппарат (ксерокстер)
- кассалық чектер
6. Қолжазбатану сараптамасының объектілерін көрсетіңіздер
- өңделу (травления ) белгілерімен жазылған құжат
- қол қою таңбасы
- кітаптар
- қалам, қарандаш
- құжаттардың бланкілері
7. Төменде көрсетілген сараптамалардың қайсысында ауыру адамның қолы зерттеледі
- сот-авторлық
- сот-баллистикалық
- сот-тауарлық
- сот-қолжазбатану
- трасологиялық
8. Сұрақтардың қайсысы қолжазбатану сарапшының құзыреттілігіне жатпайды
- «Бүгін . . . » деген қолжазба А. мен немесе басқа тұлғалармен жазылған ба ?
- А. азаматынын атынан қолхатта қол қою азамат А. мен немесе басқа тұлғалармен жазылған ба ?
- кіммен «оң жеті мың . . . » деген жазба өсиетте басылған ?
- кұжаттағы «2561789» деген сандық жазбаны азамат К. немесе басқа біреу орындады ма ?
- «Өтінемін . . . » жазуы бар қолхат сезікті К-ның оң немесе сол қолымен жазылған ба ?
9. Сұрақтардың қайсысы қолжазбатану сарапшының құзыреттілігіне жатады
- Акбаровтың атынан жазылған қолхаттағы қол қою таңбасы Акбаровтың өзімен немесе басқа тұлғалармен орындалған ба ?
- Акбаров А. немесе басқа тұлғалар құжаттың мәтінің құрастырды ма ?
- құжаттар бір әдіспен жасалған ба ?
- құжаттың бланкісі қандай әдіспен жасалған ?
- бір принтер арқылы құжаттың мәтіні шығарылған ба ?
10. Сұрақтардың қайсысы қолжазбатану сарапшының құзыреттілігіне жатпайды
- сезіктінің пәтерінде алынған құжат жалған ба ?
- қол қою таңбасы әдейі өзгертіліп орындалған жоқ па ?
- қолжазба белгілі бір тұлғаның жазуына ұқсатылып жазылған жоқ па ?
- өсиеттегі қол қою таңбасы әдеттегі емес жағдайда орындалған жоқ па ?
- қолхат ауыру, мас немесе наркотикалық затты қабылдау күйінде жасалған жоқ па ?
11. Сұрақтардың қайсысы қолжазбатану сарапшының құзыреттілігіне жатпайды
- қолжазудың мәтіні орындаған тұлғаны теңдестіру үшін сараптама жүргізуге жарамды ма ?
- берілген мәтінің сөздері мен сандары басқа тұлғамен орындалған жоқ па ?
- зерттеліп отырған құжаттың мәтіні немесе қол таңбасын орындаған адамның жынысы қандай ?
- қолжазбаны (қол қоюды) орындаған тұлға қандай күйде болды ?
- азамат К-ның ар-намысына, ар-ожданына нұқсан келтіретін сөйлемдер мәтінде бар ма ?
12. Сұрақтардың қайсысы қолжазбатану сарапшының құзыреттілігіне жатады
- мәтін оң немесе сол қолмен орындалған ба
- құжаттағы жазбалар өзгертілген жоқ па
- берілген мекеменің мөрімен құжатта мөрдің баспа таңбасы қойылған ба
- құжаттың бланкісінде қол саусақ іздері қалған ба
- құжатта фотосурет қайта жабыстырылған ба
13. Қолжазбаларды зерттеу үшін қолжазбатану сараптамасына қандай маериалдардар жіберу қажет
- зерттеліп отырған құжат
- қолжазбаның салыстырмалы үлгілері
- зерттеліп отырған құжат, қолжазбаның салыстырмалы және еркін үлгілер
- құжат, қол қою таңбасының еркін және салыстырмалы үлгілері
- қолжазбаның еркін үлгілері
14. Сезіктінің қол қоюын зерттеу үшін қолжазбатану сараптамасына қандай маериалдарды жіберу қажет
- зерттелетін құжат
- қолжазбаның салыстырмалы үлгілері
- құжат, қолжазбаның еркін және салыстырмалы үлгілері
- құжат және қолжазбаның еркін үлгілері
15. Өлудің алдында жазылған қолхатты зерттеу үшін қолжазбатану сараптамасына қандай материалдарды жіберу қажет
- зерттелетін қолхат
- жәбірленушінің қолжазбасының салыстырмалы үлгілері
- қолхат, жәбірленушінің қолжазбасының еркін және салыстырмалы үлгілері
- қолхат, жәбірленуші қолының еркін және салыстырмалы үлгілері
- зерттелетін құжат, қолдың еркін үлгілері
Есептер.
Төменде көрсетілген есептер бойынша студенттер қаулы немесе ұйғарым толтырыңыздар. Бірнеше есепті алдын-ала ауызша шығарыңыз. Фабуланы қарастыру кезінде соттың, прокурордың және тергеушінің қандай болжауларын тексеру мақсатында қолжазбатану сараптамасын тағайындау қажет, қандай сұрақтарды қаулы немесе ұйғарымда көрсету керек және қандай материалдарды сараптамаға жіберу қажет, қандай қосымша материалдар мен ақпараттар керек, кешенді сараптама жүргізу қажет па және қандай сарапшылардың қатысуымен берілген сұрақтар шешіледі.
1 Есеп.
Азамат Ахметова тұратын Брусиловский 6 мекен-жайындағы пәтерге ұрлық жасалды. Ұрлық кезінде 25 млн. тенге көлемінде материалдық құндылықтар ұрланды. Тергеу барысында, ұрлықты бір топ адамдар жасағандығы: ТезекбаевА., Чупиев К., Арбатов М., анықталды. Қылмыс бойынша жетектеуші (наводчица) Шаяхметова А., болған. Шаяхметова А., А. Ахметованың пәтерінде қонақта болған және А. Тезекбаевтың туысы болып келеді. А. Тезекбаевтың пәтеріне тінту жүргізген кезде «Брусиловский көшесі 6 үй) деген қолхат табылды.
- Қандай сараптама және қандай сұрақтарды шешу үшін тағайындалуы қажет ?
- Сараптаманы тағайындау кезінде қандай материалдар сараптамаға жіберілуі қажет ? Қандай сұрақтар сараптаманың алдына қоюлуы керек?
- Қандай тергеу әрекеттері арқылы субъектілердің қолжазбаларын теңдестіру үшін еркін үлгілер алынады ?
- Субъектілердің қолжазбаларын теңдестіру үшін салыстырмалы үлгілердің алу тәртібі қандай ?
- Қандай үлгілер болмаса сараптама жүргізілмейді ?
2 Есеп.
Азаматша Лобанова Ф. өзінің пәтерінде дарға асылу күйінде табылды. Мәіттің қасында көк сиямен жазылған қолхат табылды, оның мазмұны мынадай: «Менің өлімімде ешкімді . . . ». Оқиға болған жерді қарау кезінде, ешқандай жазу құралдары табылған жоқ.
- Қандай сарапатама және қандай болжауларды тексеру үшін тағайындалуы қажет ?
- Аталған жағдайға қатысты сараптама тағайындау барысында қандай материалдар сарапшыға жіберілуі керек ?
- Сарапшының алдына қандай сұрақтар қоюлуы қажет ?
3 Есеп.
Азамат Бероевтың пәтерін тінту кезінде, басқа заттай дәлелдемелермен қатар бүгілген қолхат табылды, қолхатта: «Сіздер мені білесіздер . . . » деген сөзбен басталып, « . . . мылжырамай сақ болыңыздар» деген сөзбен аяқталады. Қолхат қара сиямен жазылған. Бероев кәсіпкер М. Кулиев пен П. Сулейменовадан ақшаны қорқытып алу қылмысы бойынша айыпталған.
- Қандай сарапатама және қандай мән-жайларды тексеру үшін тағайындалуы қажет ?
- Сараптаманы тағайындау кезінде қандай материалдар сараптамаға жіберілуі қажет ? Қандай сұрақтар сараптаманың алдына қоюлу керек ?
- Азамат Бероевтың қолжазбасының салыстырмалы үлгісін алудың тәртібі қандай ?
- Берілген фабулаға сәйкес теңдестірілу объектісін анықтауға қатысты қандай сараптама тағайындалу қажет ?
4 Есеп.
Қылмыскерлер Г. Ломов пен К. Бутыринге кәсіпкерлер К. Никитин мен М. Егоровтың 5 млн. АҚШ доллар мөлшерінде несие алу туралы ақпарат белгілі болды. Несиенің мақсаты Екатеринбург ұн комбинатына Қазақстаннан ірі партиялы бидай сатып алуға бағытталған. Қылмыскерлер Қостанай облысының элеваторының директоры К., бухгалтер Л., технолог М., алдын-ала қылмыстық сөз байласты. Келген кәсіпкерлер К. Никитин мен М. Егоровке Г. Ломов пен К. Бутырин №2 элеватордың әкімшілігінің өкілі ретінде танысты. Оларға бидайдың сапасын көрсетіп, кәсіпкерлермен 5млн. АҚШ соммасына сатып және сатып алу шартына отырды. К. Никитин мен М. Егоров ештенеге күдік келтірмей 2, 5 млн. сомманы алдын-ала төлеп ешқандай бидайды алмайды. Тергеу әрекеттері мен жедел-іздестіру шараларын жүзеге асыру кезінде, №2 элеватордың технологы Л. Штернді ұстайды, ол өзіне мәлім болған барлық белгілі мән-жайларды айтып береді. Қылмыскерлер Г. Ломов пен К. Бутыринді тергеу органдары ұстайды, бірақ қылмысқа қатысушылар директоры К. өзінің отбасымен АҚШ-қа сапар шегіп, ал бухгалтер Л. өз жан-ұясымен Германия мемлекетіне кетіп қалады.
- Қандай сарапатама және қандай мән-жайларды тексеру үшін тағайындалуы қажет ?
- Сараптаманы тағайындау кезінде қандай материалдар сараптамаға жіберілуі қажет ? Қандай сұрақтар және қандай субъектілерге қатысты сараптаманың алдына қоюлу керек ?
- Қандай тергеу әрекеттері арқылы субъектілердің қолжазбаларын теңдестіру үшін еркін үлгілер алынады ?
- Қандай тергеу әрекеттері арқылы субъектілердің қолжазбаларын теңдестіру үшін салыстырмалы үлгілер алынады ?
5 Есеп.
К. А. Махмутова сотқа сатып-сатып алу шартын заңсыз деп тануға қатысты талап арызын берді. Өз талап арызын талапкер өзінің анасының №48142 жекешелендіру шартының негізінде Байзаков 183 көшесінде орналасқан пәтерге үлестік құқығы бар болуымен негіздейді. Басқа үлесі Р. А. Итыбаеваға, апайы К. А. Махмутоваға жатады. 1996 жылы анасының өсиеті бойынша өз үлесін К. А. Махмутоваға қалдырады. К. А. Махмутова РМК «Жылжымайтын мүлік орталығына» келгенде 21 қыркүйекте 2001 жылы К. А. Махмутованың анасы пәтерді Р. А. Итыбаеваға сатты. 2001 жылдың басында анасы инсульт ауруына шалдықандықтан өзінің пәтерге үлесін сата алмады және сатып алу шартына өзі қол қоя алмады.
Шарт қазіргі уақытта Р. А. Итыбаеваның апайысында, ол К. А. Махмутованы анасына жолатпайды.
- Қандай сараптама және қандай мән-жайларды анықтау үшін тағайындалуы қажет ?
- Сараптама тағайындау кезінде қандай құжаттар мен материалдар сарапшыға жіберілуі қажет ?
- Қандай сот әрекеттері арқылы субъектілердің қолжазбаларын теңдестіру үшін еркін үлгілер алынады ?
- Азаматтық іс жүргізу заңына сәйкес, субъектілердің қолжазбаларын теңдестіру үшін салыстырмалы үлгілер алыну тәртібі қандай ?
- Сараптамаға қажетті материалдар мен қолжазбаның еркін үлгілерін беруден бас тарту тәртібі азаматтық іс жүргізу заңына сәйкес қалай реттеледі ?
6 Есеп.
Азаматша С. Раимова П. Кирилловтен 250 мың тенгені алу туралы сотқа талап арызын береді. Өзінің арызын Раимова жауапкердің қарызды қайтару қолхатымен және куәгер Абишовадан жауап алу сұранысын қанағаттандырумен негіздейді. Жауапкер қолхатты жазғандығын мойындаған жоқ, өйткені қолхат жазылған мерзімде өндірісте екі саусағының фалангісін сыңдырып алғандығы туралы қалалық аурухананың трамватологиялық бөлімінің хирургінің анықтамасы бар болуымен дәлелдейді.
- Қандай сараптама және қандай мән-жайларды анықтау үшін тағайындалуы қажет ?
- Сараптама тағайындау кезінде қандай құжаттар мен материалдар сарапшыға жіберілуі қажет ? Қандай сұрақтар және қандай субъектілерге қатысты сараптаманың алдына қоюлу керек ?
- Қандай сот әрекеттері арқылы субъектілердің қолжазбаларын теңдестіру үшін еркін үлгілер алынады ?
- Қандай тәртіппен субъектілердің қолжазбаларын теңдестіру үшін салыстырмалы үлгілер алынады ?
- Сараптамаға қажетті материалдар мен қолжазбаның еркін үлгілерін беруден бас тарту тәртібі азаматтық іс жүргізу заңына сәйкес қалай реттеледі ?
7 Есеп.
Азаматша А. Г. Полуянова нотариус М. Икрамоваға жекешелендіру шартын заңсыз деп тану арызымен сотқа шағымданды. Арыздың мазмұны келесіде: Барибаева 15 көшесінде орналасқан 2 пәтерді жекешелендіру кезінде ол Г. И. Полянованың пайдасына жекешелендіруден бас тартқан жоқ, жекешелендіруден бас тарту арызында және нотариустың тіркеу журналына А. Г. Полуянов қол таңбасын қойған жоқтығын айтты.
- Қандай сараптама және қандай мән-жайларды анықтау үшін тағайындалуы қажет ?
- Сараптама тағайындау кезінде қандай құжаттар мен материалдар сарапшыға жіберілуі қажет ? Қандай сұрақтар және қандай субъектілерге қатысты сараптаманың алдына қоюлу керек ?
- Қандай сот әрекеттері арқылы субъектілердің қолжазбаларын теңдестіру үшін еркін үлгілер алынады ?
- Қандай тәртіппен субъектілердің қолжазбаларын теңдестіру үшін салыстырмалы үлгілер алынады ?
- Сараптамаға қажетті материалдар мен қолжазбаның еркін үлгілерін беруден бас тарту тәртібі азаматтық іс жүргізу заңына сәйкес қалай реттеледі?
8 Есеп.
ҚР Жоғарғы сотының қадағалау алқасы К. Малахованың талап арызы бойынша, бұрынғы шешілген сот шешімін өзгертті. Қадағалау алқасының қаулысы бойынша, бірінші сатылы және аппеляциялық сот қайталама сараптама тағайындау мүмкіндігін ескерген жоқ. Бірінші сатылы сот талқылауы кезінде, К. Малахованың талап арызы бойынша, оның апасы С. П. Бурканованың өсиеті заңсыз, сондықтан қолжазбатану сараптамасы тағайындалды. Сот сараптама жүргізу барысында, сарапшы Р., алдына түскен материалдарды қарау кезінде зерттелетін қол таңбасы және С. П. Бурканованың үлгідегі қолының таңбасының белгілерін бағалау мүмкін еместігін айтты. Сотта сарапшыдан шығарған қорытындыға қатысты жауап алу кезінде сарапшы зерттеу жүргізу үшін үлгілер жеткіліксіздігін және сол сарапшының қорытындысына әсерін тигізгендігін атады.
- Қандай жағдайларда қайталама сараптама тағайындалады және нақты жағдайда ол қажет па?
- Нақты жағдайда сарапшы, қосымша материалдарды талап етуге құқығы болды ма?
- Сараптамаға қажетті материалдар мен қолжазбаның еркін үлгілерін беруден бас тарту тәртібі азаматтық іс жүргізу заңына сәйкес қалай реттеледі?
- Қайталама сараптама тағайындау кезінде қандай материалдар мен құжаттар сараптамаға жіберілуі қажет ? қайталама сараптаманың алдына қандай сұрақтар қоюлуы керек ?
- Қайталама сараптама тағайындаудың тәртібі қандай ?
9 Есеп.
Алма-Арасан үңгірінде белгісіз мәйітті табу фактісіне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Мәйіт бетімен төмен қарап жатты, аяғы созылған, екі қолы арқасына қарай байланған. Мәйіттің қасында жаңылған оттың күлдері қалған. Күлдің арасында қолмен жазылған қолхаттың жаңған бөліктері табылды. Жан жағында қолмен жазылған жыртылған қағаздар жатты.
Мәйіттің жеке басын тану мүмкіндігі болған жоқ, өйткені мәйіттің беті бас сүйегі көрінгенге дейін жанып кетті. Дактилоскопиялық тіркеу бойынша тексеріс ешқандай нәтиже берген жоқ. Бірақ, жәбірленуші сыртқы белгілері және киім-кешектері бойынша криминалистік тіркеуде тұрған хабар-ошарсыз кеткен тұлғаларға ұқсас болды. Ата-аналары олардың ұлы К. дачадан келген жоқтығы туралы арызы болды.
Жәбірленушінің киімі жақсы сақталған, киім-кешегінің қалтасында А-4 форматты төртке бүктелген қолхат табылды.
Оқиға болған жерде табылған қолхаттың бөлшектерінде және жәбірленушінің қалтасынан табылған қолжазбалардың белгілері бірдей және бірдей сиямен жазылған.
Ата-аналары ұлдарының қолжазбасын, киімін және денесінің құрылымын таныды. Тергеу кезінде, бір топ тұлғалардың қылмысқа қатыстылығы туралы болжаулар жасалды. Олар: С. Михеева, С. Цой, Д. Куприна. Аталған тұлғалардың пәтеріне тінту жүргізген кезде киімдері, аяқ киімдері қаралды. С. Михеваның аяқ киімінің табанында қолжазбасы бар қағаздың бөлшегі табылды, қолжазбаның белгілері және сияның түсі оқиға болған жерде табылғандағыдай. Мөлшері 3, 2 см. -4, 21 см., қолмен жазылған қолхатты қарау кезінде, тергеуші орыс алфавиттің барлық әріптері көрініс тапқандығын анықтады.
- Қандай мән-жайларды анықтау үшін қолжазбатану сараптамасын тағайындау қажет ?
- Сараптама тағайындау кезінде қандай материалдар сарапшыға жіберілуі қажет ? Қандай сұрақтар сараптаманың алдына қоюлу керек
- Қандай тергеу әрекеттері арқылы субъектілердің қолжазбаларын теңдестіру үшін еркін үлгілер алынады ?
- Қандай сараптама фабула бойынша жыртылған беттерге қатысты тағайындалады ?
10 Есеп.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz