Жұмыссыздық және оның әлеуметтік - экономикалық салдары туралы ақпарат


Мазмұны
I тарау.
1. 1.
1. 2.
1. 3.
II тарау.
2. 1.
2. 2.
2. 3.
III тарау.
3. 1.
3. 2.
Кіріспе
Жұмыссыздық және оның әлеуметтік- 5 экономикалық салдары
Жұмыссыздық туралы түсінік. 5
Жұмыссыздыкгың экономикага әсері
Жұмыссыздыктың түрлері 9Жұмыссыздық деңгейін сипаттайтын 20
көрсеткіштер және оның есептеу әдістері
Жұмыссыздықгы талдау (Шымкент 21
қаласының материалдары негізінде)
Қаланың жалпы әлеуметтік экономикалық 21
жағдайы
Жұмыссыздықгы талдау және оның негізгі 27
себептерін аныктау
Жұмыссыз адамның әлеуметтік суреті 31
Жұмыссыздықгы қысқарту жолдары 35
Жұмыссыздықты кысқартудағы мемлекет 35
тарапынан колданылатын шаралар
Жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау 47
мәселелері
Қорытынды 57
Пайдаланылған әдебиеттер 60
Кіріспе
Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алғанына 10 жыл болып қалды. Алайда Қазақстанның бірінші күндерінде алдынан шыккан мәселелер әлі де толық жетілген жоқ. Сондай мәселелердің бірі жұмыссыздық болып табылады. Осыған орай бұл жұмыссыздық туралы тақырыпты зерттеу өте қажет болып табылады.
Бұл бітіру жұмыстың мақсаты еңбек нарығын, оның коньюнктурасын талдау және жұмыссыздықгың әлеуметтік экономикалық қоғамның жағдайына тигізетін әсерін зерттеу.
Осыған орай бұл жұмыстың алдында келесідей мәселелер қойылады:
- Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық жағдайынталдау.
- Жұмыссыздықгың сандық және сапалық құрамын талдау.
- Жұмыссыздыкден күресудегі мемлекеттік шаралардыңтиімділігін бағалау.
- Жұмыссыздық деңгейінің қозғалу тенденциясына болжамжасау.
- Жұмыссыздықпен күресу саясатында ұсынысты өндеу жәнеенгізу.
Бұл жұмыстың құрылымы 3 тараудан, 8 тақырыпшадан және қорытындыдан турады.
Осы жұмыстың бірінші тарауында жұмыссыздыктың әлеуметтік-экономикалық салдары қарастырылады.
Ал екінші тарауында Шымкент қаласының материалдары негізінде жұмыссыздықталданады.
Сонымен бірге үшінші тарауда жұмыссыздықты қысқарту жолдары қарастырылады.
Осы бітіру жұмысының қорытындысында жалпы зерттелген тақырып бойынша нәтижелер шығарылады.
Сонымен қатар бұл бітіру жұмыстың карастырылуында келесідей әдебиеттер қолданылған: арнайы кітаптар, журналдар мен газеттер, азаматтық кодекс пен басқа да құқыкдық актілер және Шымкент қаласының жұмыспен қамтамасыз ету басқармасына есеп беру материалдары арқылы зерттелген.
I тарау. Жұмыссыздық және оның әлеуметтік
экономикалық салдары
1. 1. Жұмыссыздық туралы түсінік. Жұмыссыздықтың
экономикаға әсері
Экономикалық балансталған (тепе тендік) экономикалық
өсуі бұл шаруашылық жүйесінің барлық элементтерінің,өндіріске қатысушылардың барлығының тұрмысының үдемелі өсуін қамтамасыз ете отырып, келісімді түрде жұмыс жасайтын дамудың идеалды варианты (нұсқасы) . Макроэкономикалық үйлесімсіздік кәсіпкерлік қызметтің тәуекелділігін күшейтіп, экономикалық тұрақсыздық жағдайын туғызады. Экономикалық тұрақсыздықгың өсуін өндірістің құлдырауын терендетеді, осының нәтижесінде жұмыссыздық өседі. Жұмыссыздыктың өсуі жұмыссыздар мен жұмысбастылардың өмір деңгейінің нашарлауымен байланысты, өйткені, жұмыс күшінің ұсынысының артықшылығы еңбек бағасының төмендеуіне әкеледі. Әлеуметтік жаюқалдардың туу қауіп қатері көбееді, бұл іскерлік белсенділіктің төмендеуіне әкеледі. Бұндай кезенде капиталдағы бос құралдар неғүрлым тұракты экономикалық дамумен сипатталатын аудандарға ауысады. Осылай жұмыссыздық капиталдың кемуіне әкеледі, ал бұл экономикалык конъюнктураның төмендеуіне және балансталған өсудің шегін ығыстырады.
Халықың өмір сүру деңгейінің төмендеуі тұтынушы сұранысының азаюына жинактау денгейінің төмендеуіне, өвдірістің қыскаруына әкеледі. Жұмыссыздык өндірістің құлдырауы нәтижесінде пайда болып және осы құлдырауды терендете түседі. Тұрақсыздықтың өсуін төмендегі схема түрінде көрсетуге болады.
Өндірістің күлдырауы
Жүмыссыз-дыктың осу
Өндірістің күлдырауы-ның тереңдеуі
Жүмыссыз-
дықтың кейінгі өсуі
Жұмыссыздықгың тұрақсыздандыру процесін жеделдететін реакгивке айналады.
Сондықтан балансталған өсу жолында жұмыссыздықты азайту үшін арнаулы шаралар қажет.
Бірақ, нарықтық экономика мамандары сталиндік конституцияда жазылғандай елдің алдына толық жұмысбастылықты қамтамасыз ету мәселесін коймайды. Белгілі шамада қалыпты жұмыссыздық экономикалық өсу үшін игілік болып табылады деп есептелінеді.
Жүмыссыздық игілік ретінде
- Жұмыссыздык өндірісті кеңейтуде немесеқұрылымдык қайта құруда қолдануға болатын босжұмысшы күшінің резервін кұрайды. Біздің еліміздіңинтенсивті дамуға көшудегі қиындық толықжұмысбастылықпен тығыз байаныста болды. Жаңа цехқұрылыстары іске қосылмады, себебі жұмысшыларғабұрынғы орнында істеу жеңіл болды. Елдің дамутиімділігі төмендеді.
- Жұмыссыздықтың бар болуы және жалақыны көтеру талабын шектейдіжәне осы аркылы кәсіпкерлік қызметтің ынтасынкүшейтеді.
- Жұмыстан айрылу қаупі еңбек тәртібінің ең жақсыұйымдастырушысы болып табылады және еңбек
шығынының кажетті сапасын сақтау үшін жағдай жасайды.
4. Осы себептерге байланысты қалыпты жұмыссыздық (3-тен 5 %- ке дейін) нарыктық экономиканың дамуындағы серігі деп есептелінеді.
Либералды және социал демократиялык саяси экономия жұмыссыздықты басқа тұрғыдан қарастырады. Олар жұмыссыздықты қоғам үшін жоғалтулар ретінде қарастырды және осы жоғалтулар халық шаруашылығын монополизациялауда шегетін зияннан асып түседі деп есептеді.
Жұмыссыздық және коғамдық жоғалтулар
- Жұмыссыздық кезінде қоғамның толық қолданылмайды. Бос жұмысшы күшіұлттық байлықтын өсуіне қатыспайды. Сондықтан еддеқолданылмаған өндірістік мүмкіндіктен жоғалтулартуады.
- Ұзакқа созылған жұмыссыздық жұмысшылар біліктілігінжоғалтады. Өндірістік процеске қатынасқаннан кейінжұмысшы еңбек өнділігінің тұрақты деңгейіне жартыжылдан кейін жетеді. Осы мерзім ішінде бірдей еңбекІнартындағы тұракты жұмысшы кадрмен салыстырғандаөзінің еңбегінің нәтгокесін бере алмайды.
- Жұмыссыздықтың өсуі, медицина көрсеткендей, ұлттықпсихологиялык денсаулығына зиян келтіреді.
- Жұмыссыздықгың өсуі қылмыс өсуіне себепші болады.
- Жұмыссыздыкгы қоғамдық жоғалту ретінде бағалайотырып экономикалык түрақсыздықтың айтылып кеткенкелесі факторларын айтсақ болады:
- тұтынушы сұранысының төмендеуі;
- жинақтық ісысқару;
- инвестициялық сұраныстың төмендеуі;
- ұсыныстың қыскаруы.
Жұмыссыздық, ЖҮӨ және Оукен заңы. Экономикалық
жағдай үшін жұмыссыздық деңгейінің маңыздылығына байланысты
жұмыссыздық пен ЖҮӨ -ң нақты көлемінің арасындағы тәуелділік
қаншалықты деп сұрақ коюға болады: жұмысбастылар тауарлар мен
қызметтер өндірісіне қатысатындықтан, ал жұмыссыздар
қатыспайтындықтан жұмыссыздық деңгейінің өсуімен ЖҮӨ-ң накты көлемі азаяды деп ұйғаруға болады. Бұл жұмыссыздық деңгейімен ЖҮӨ- ң арасындағы кері байланыс, осы байланысты алғаш зерттеген экономист Артур Оукеннің құрметіне Оукен заңы деп аталады.
Жұмыссыздықты өзгермейтін деңгейде мынадай зандылық байқалады: халыктың өсуі, капиталдың шоғырлануы, ғылыми техникалық прогреске байланысты ЖҮӨ-ң накды көлемінің өсу темпі 3 %-ті күрайды. Осымен қатар жұмыссыздық деңгейінің 1 % -ке өсуі ЖҮӨ-ң накгы көлемінің өсу темпін 2 %-ке төмендетеді.
Жақын уақыт шеңберінде жұмысшы күші тауар ретінде қарастырылмайтын. Бірақта политэкономия көзқарастарымен онша сәйкес келе бермейтін біздің шын өмірімізде миллиондаған адамдар жалдау-жалдану қатынасына түсіп жатыр. Бірақ бізде қалыптасқан (және казірді де кдлыптасып отырған) еңбек рыногі, әкімшілік экономиканың көптеген кемшіліктеріне байланысты қалыптасқан еңбек рыногі еді.
Шын еңбек рыногінен біздің еңбек рыногінің айырмашылығы, бұл көптеген жұмысшылар күшіне тиімді шарттарды еркін сатылуына кедергі туғызып отырған әкімшілік құкықтық экономикалық шектеулердің бар болуы. Бұл жергілікті біркелі орасан зор тапшылығы болып тұрғанына қарамастан шын тұрғын үй нарығының болмауы мемлекеттік реттеу және жұмысбастылық саласында әлеуметтік қолдану механизмдерінің дамымағандығын көрсетуге болады.
Еңбек рыногі Қазақстанда әлі жүйеге келтірілмеген. Бұл оның барлық салаларына қатысты аумақтық, кәсіпқойлық, мамаңдық дәрежесі, салалық, демографиялық. Жұмыссыздықгың өсуіне қарамастан экономиканың көптеген салаларында арнайы мамандандырылған жұмысшылар жетіспеуде.
Бұл барлық қиыншылықтарға қарамастан, қазіргі нарық жағдайы жақын арада түзеледі деп үміттенуге болады. Бәсекелестік жағдайында кәсіпорындар өз жұмысшылар құрамын оптимизациялап, жұмысшылар да өз кезегінде тиімді шарттарда жұмыс іздеу мүмкіншілігіне ие болады. Айтылған нәрселердің барлығы, нағыз бәсекелестік ортасын калыптастырғандағы жекешелендіру негізінде, тұрғылықты мекен-жай тіркеу кағаз жүйесін жайғанда, яғни жұмысшылар қозғалысына кедергі нәрселерді аластатқанда, тұрғын үй нарығын қалыптастырғанда және де жалдау жалдануға көмек көрсету жүйесін қалыптастырғанда ғана болады.
Жұмыссыздык қазіргі түсінік бойынша бұл еңбек рыногімен тығыз байланысты құбылыс. Халыкаралық еңбек ұйымының анықтамасы бойынша - жұмыссыздық деп қарастырып жүрген, жұмыс істеуге дайын адамдарды айтады. Жұмыссыз деп, жалақы немесе жұмысы жоқ, жұмыспен қамтамасыз ету орталықтарында сәйкес жұмыс үшін тіркеуде тұрға, табылған жағдайда жұмыс істеуте дайын, еңбекке қабілетті азаматтарды айтамыз.
Жұмыссыздықты топтау критерийлері болып, оның пайда болу себебі және тұрақтылығы болып саналады, ал жұмыссыздықтың негізгі түрлеріне кұрылымдық, фрикциондық, циклдық түрлері жатады. Уақыт өткен сайын, тұтынушы сұранысы құрымында маңызды өзгерістер болады, ол өз кезеңінде сұраныс құрылымына жұмысшылар сұраныс құрылымына өзгерістер енгізеді. Елде қазіргі заман стандарттарында өндірілген тауарлар мен қызметтердің жаңа түрі пайда болады, бұл сәйкесті түрде жаңа прогрессивті технологиялардың еңгізілуін талап етеді, Сәйкесті түрде өндірістің негізгі шаруашылық объектілердің ескілерін кысқарту, жаңаларын еңгізу арқылы құрылымдық қайта кұру болады, осы кезде жұмысшылардың бір бөлігі босатылуы мүмкін.
Босатылған кадрлар, еңбек рыногінде өз проблемаларын тез шеше алмай жұмыссыздар қатарына енуі мүмкін, Бұл әдетте адамдардың жаңа мамандық түрлеріне назар аудармауынан болады, яғни бос жұмыс орындарына еңбек ұсынысы жауап бермейді, жұмыс берушілердің талаптарына жұмысшылардың кабілеттері сай емес. Бұл жұмыссыздық түрі - құрылымдық деп аталады. Бұлжағдайда жұмыстан босатушы бастамасын көтеретін жұмыс беруші болады. Мысал ретінде барлық жерде персоналды электронды техникалардың, есептегіш машиналардың еңгізілуі, кіші қьізмет көрсету персоналынан көптеген машинисткалардың жұмыстан кетуіне себеп болды. Батыс экономистердің кейбіреулері жұмыссыздықгың (кұрылымдық) тағы бір түрін атап өтеді, ол күтім жұмыссыздығы. Ол кәсіпорындардағы жалақы деңгейіндегі өзгерістерге байланысты пайда болады. Осылайша жұмыстан босаған кейбір жұмысшылар басқа фирмаларда өзінің мамандығына сәйкес жалақысы жоғары жұмыс орындарының босауын күтеді.
Егер адамға жұмыс түрі және меке таңдау еркі берілсе, онда әр белгілі уақытта жұмысшылардың белгілі бір бөлігі ескі жұмысын тастап, жақында жаңа жұмысқа орналаспаған жағдайда болады. Олардың біреулері өз еркімен жұмыс орнын ауыстырса, басқалары бірінші рет жұмыс іздеу, үшіншілері маусымдық жұмысты аяқтаған болып табылады.
Жұмыс іздеушілердің бір бөлігі жұмысқа түрса, басқалары, жұмыс орнын уақытша тастап кетеді, бірак жұмыссыздықтың осы түрі қала береді. Бұл жағдайда еңбек рыногі асықдай қызмет істеп, жұмыс орындарымен жұмысшылар мөлшерімен сапасын теңестіргісі келеді. Мұндай жұмыссыздықгы фрикциондық деп атайды.
Фрикциондық жұмыссыздық кадрлардың жұмыс орындарын, тұрғылықгы мекен-жайын ауыстыруына байланысты қозғалысын көрсетеді. Жұмысшы күші жиынтығының белгілі бір бөлігі жаңа жұмыс іздеу мақсатында тұракты түрде қозғалысқа болады. Жұмыссыздыктың бұл түрі камтиды: бір жұмыстан бір жұмыска ауысқан, апта ішінде жаңа жұмыс орнына орналасатын, және уақытша жұмыстан босау, адамдардың табыстарына әсер етпейтін, норма болып саналатын кейбір сала жұмысшыларын, мәселен кұрылыс. Техникалык прогрестің соңғы нәтижелерін енгізу кезеңінде, мұндай қозғалыс қажетті болмай, сонымен қатар интенсивті де болады.
Босау бастамасы, бұл жағдайда жұмысшының өзінен болғандыкдан, фрикционды жұмыфссыздық қажетті, және кейбір экономистердің пайымдауынша керекті, өйткені көптеген жұмысшылар жалақысы төмен, тиімділігі аз жұмыстан, жаяақысы жоғары, өнімділігі үлкен жұмысқа ауысып, бұл өз кезегінде азаматтардың әл-аукатының көтершуін, еңбек ресурстарын рационалды қолданылуын қамтамасыз етеді.
Фрикционды жұмыссыздық, мәні бойынша ерітілікпен байланысты болып, азаматтың уақытша жұмыссыздығы, мәжбүрлік сипатка ие емес. Өндірісті дамыған елдерде экономикалық активті халыктың 2-3% фрикциондық жұмыссыздыкқа ұшыраған.
Құрылымдық және фрикицонды жұмыссыздыктар арасындағы айырмашылықты тану керек. Фрикционды жұмыссыздар, жұмысқа түру үшін барлык кабілеттермен қамтылса, кұрылымдық жұмыссыздар, міндетті тұрде қайта оқыту мен даярлықтан өтуді қажет етеді, Фрикционды жұмыссыздық, қысқа мерзімді сипатқа ие болса, құрылымды ұзақ мерзімді сипатқа ие, сондыктан күрделі проблема болып табылады.
Құрылымды жұмыссыздық, фрикционды жұмыссыздыктың тереңдетілген түрі болып табылады. Уақыт өткен сайын, тұтынушы сұранысы құрылымында және технологияда маңызды өзгерістер болады, бұл өз кезегінде, жұмысшы күшіне сұраныстың жалпы мөлшеріне әсер етеді. Осындай өзгерістер себебінен кейбір мамандықтарға сұраныс азайып, кейде тіптен тоқтатылады. Жұмыссыздық пайда болады, өйткені жұмысшы күші, жаңа жұмыс орындарының құрылымына жай жауал береді.
Фрикционды және жұмыссыздық жиынтығы, көптеген экономистердің пайымдауынша, табиғи жұмыссыздық деңгейін анықтайды. Фрикционды жұмыссыздық, еңбек рыногінің динамикасын, ал құрылымды жұмыссыздык, территориалық немесе кәсіпқойлық сәйкесіздік, еңбек рыногіндегі сұраныс пен ұсыныс тепе-теңдігінен туындайды. Толық жұмысбастылық жағдайыңда, жұмыссыздық деңгейі, табиғи жұмыссыздық деңгейі деп аталады.
Осылайша, табиғи жұмыссыздық деңгейі ол толық жұмысбастылыкден етілген ұғымына сәйкес келетін коғамдық деңгей. Бұл кезде толық жұмысбастылық дегеніміз, барлығы жұмыспен қамтамасыз етілді деген емес, яғни белгілі мөлшерде жұмыссыздық нарыкгык экономиканың негізгі деңгейі де болады.
Осылайша, жұмыссыздық нарықтық экономиканың негізгі ерекшелігі болып табылады. Толық жұмысбастылык нарықтық экономика идеясынмен сәйкес келмейтін құбылыс. Сонымен қатар, толық жұмысбастылық ұғымы жұмыссыздық жоқ деген емес. Жұмыссыздық деңгейі көрсеткіші, ол жұмыссыздық масштабын анықгауға қолданылып, өндірісте жұмыспен қамтылғандардың санына, тіркелген жұмысшыларға қатынасы болып табылады. Жұмыссыздық тұрактылығын, жұмыстағы орта үзіліспен анықталады.
Тауар мен қызмет нарығындағы жағдайыдың өзгеруі, тауар өндірушілер арасындағы бәсекелестіктің күшеюі, кейбір тауар шығысын азайтып, сонымен қатар, кейбір жұмысшыларды жұмыстан мәжбүр етеді, осылайша еңбек рыногінде қиын жағдай туғызады. Экономикалық кері кету жағдайында, тауар мен қызметтерге жинакталған сұраныс азайғанда, жұмыссыздар армиясы толыққанда, жұмысбастылық кысқарғанда, бұл жағдайды коньюнктуралық немесе циклік деп атайды.
Жұмыссыздық бұл турімен күресу үшін арнайы мемлекет тарапынан субсидияланған бағдарламалар қабылдау қажет. Батыс экономистерінің бағалауы бойынша экономикалық өсу немесе экономикалық дағдарыс кезеңінде, циклдік жүмыссыздық мөлшері 8-10%-ке дейін шығуы мумкін, бұл жалпы жүмыссыздық деңгейін көбейтеді.
Жұмыссыздыктың тағы бір түрі бұл маусымдық жұмыссыздық, ол кейбір шаруашылық түрлерінің сипатына карай, яғни ауылшаруашылық жұмыстар, балық аулаушылык, жеміс жинау, орман ағаштарын даярлау, аңшылық, құрылыс және тағы басқа шаруашылықтар үшін тән.
Бұл жағдайда жекелеген азаматтар немесе кәсіпорындар интенсивті түрде бірнеше апта немесе ай жүмыс жасап, қалған уақытта токтатылуы мүмкін. Қызу жұмыс кезінде кадрларды жүмыска алып, жұмыс токдаған уақытта -- барлыгын бірдей босату тән, Бұл жұмыссыздық кейбір ерекшеліктеріне байланысты циклдық, кейбір ерекшеліктеріне байланысты фрикционды болады, өткені өз еркімен болады.
Маусымдық жұмыссыздық көрсеткіштерін болжау өте дәл көрсеткішпен анықтауға болады, өйткені жылдан - жылға қайталанып, онымен байланысты мәселелерді шешу даярлығы туады.
Жұмыссыздықтың тағы бір түрі ол - бөлек жұмыссыздық, ол кәсіпорын өніміміне сұраныс азайғанда пайда болады, Бұл жағдайда кәсіпкер алдында екі мүмкіншілік бар: персоналдың бір бөлігін босатып, басқа бөлімін толықжұмыс уақытысында жасатып, екіншісі, барлығын бірдей қалдырып бірақ толық жұмыс уакытысымен жүмыс істетпейді. Осыны біз бөлек жұмыссыздык деп есептейміз. Жұмыссыздарды есепке алу қажетгігіне және жұмыс іздеушілерге мемлекет тарапынан сәйкес шаралар қолданылуы байланысты: тіркелген жұмыссыздықты, яғни, жұмыспен қамтамасыз етілмеген табылған уакытта істеуге даяр, мемлееттік органдарда тіркеуді тұрған деп және жасырын жұмыссыздык ол өндірісте тіркеуде бірақ шын мағынасында артық болып табылатын жұмысшыларды бөліп кдрастырады. Олар өз кәналары себепті емес, ол әкімшілік реттеулерге байланысты уақытша демалысқа шыққандар.
Бақылау бойынша жұмыссыздық деген де бар, ол кезекті анкеталық сұрастыру нәтижесінде еңбек рыногындегі шын жағдайды сипаттайтын бағалау көрсеткіші. Халықаралық нормаларға сәйкес жасалған әдістемегге байланысты жұмыссыздық деңгей көрсеткіші мемлекеттік жұмысқа алу органдарында тіркеуге тұрғандардың санының, экономикалық активті халық саны қатынасы арқылы анықталады (процент шамамен белгіленеді) . 2003 жылы Алматы каласы мемлекетті жұмыспен қамтамасыз ету органына жүтінген жұмыстан қысқаруы себепті жұмыссыздардың көрсеткіші келесідей болды (жүмыссыздардың жалпы санына қарай процент шамадан, кесте I) .
Алматы қаласы мемлекетті жұмыспен қамтамасыз ету органына жүгінген жұмыстан қысқаруы себепті жұмыссыздардың көрсеткіші
Көрсеткіштер
%
Персонал көлемінің кысқаруынан немесе кәсіпорын жүмысының токтатылуына байланысты жұмыстан босағандар
19, 0
Өз еркімен жқмыстан кеткендер
50, 0
Еңбек тәртібін бұзғаны үшін жұмыстан кысқарғандар
1, 0
19, 0
Алғаш рет жұмыс іздеушшер
11, 0
Таблицадан байқағандай, жұмыстан босағандардың жартысы өз еркімен кеткендер. Бірак, бәріне белгілі болғандай, кетекендердің көбісі өз еркімен емес, ол, әкімшіліктің нұсқауымен болады.
Егер, нарық жүйесіне дейінге кезеңде, кәсіпорын жұмысының токтатылуы немесе кадрлар бөлімімінің қысқаруына байланысты жұмыстан кету сирек кездесетін болса, ол казір мейлінше өсті. Бұл нарык шарттарына байланысты, мысалы, Қазақстанда күн сайын бірнеше кәсіпоръш немесе фирма ашылып, жабылуда. Әсіресе, қалалық өндіріс кәсіпорындарында немесе қауытта көп жыл бойы жұмыс істеген адам, иелік статусы немесе өндірістің банкроттығына байланысты жүмысын жоғалтуы қайғылы. Еңбекпен әлеуметтік қамсыздадыру органдарының мәліметтеріне сүйенсек, 2000 жылдың 1 ақпаны жағдайында, әртүрлі экономикалық себептерге байланысты 538 кәсіпорын толық түрде токтатылып, 885 жекелей кәсіпорындар жүмысы токталынып, 311 кәсіпорын толық емес жұмыс режимне көшті. Мәжбүрлі түрде демалықа шығушылар 132, 2 мың адам болып, оның 105, 4 мың адамының демалыс ақысыз немесе мәжбүрлі түрде демалушылардың 79, 7%. 2000 жылы қаңтар айының соңына қарай, экономикалық активті жалық арасында жасырын жүмыссыздық - 3, 3% болды.
Институционадды жұмыссыздық еңбек рыногының ұйымдастырылуы мейлінше аз тиімді болған жағдайда пайда болды. Мәселен, бос жұмыс орны туралы акпарат толық емес деліе. Ақпарат жүйесінің жұмысының реттелуі болса, ода жұмыссыздық деңгейі төмен болар еді. Дәл осындай әсермен тым көтереліп берілетін жұмыссыздық жәрдемаақысымен табысқа тым аз салық та жұмыс жасайды. Өйткені, тезірек жұмыс іздеу ынтасын өшіреді.
Циклдік жұмыссыздқыты, өндіріс дағдарысы, яғни, жалпы немесе жиынтыкталған шығыстардың жетіспеушілігімен анықталатын экономикалык цикл кезінде, өндіріс тоқырауыда пайда болатын құбылыстар тудырады. Егер, тауар және кызметтерге жиынтықталған сұраныс азайған уақытта жұмысбастылық азайып, жұмыссыздық өседі, Осы себепке байланысты, циклдік жұмыссыздықгы кейде сұраныс деффицитімен байланысты құбылыс ретінде қарастырады. Көтерілу және дамуға көшкен сайын жұмыссыздыр мөлшері азайяды.
Ерікті жұмыссыздық - әр қоғамда, өзінің психикалық формациясына байланысты немесе басқа себептерге айланысты жұмыс істегісі келмейтін адамдар тобы болады.
Жұмысын жоғалту, жұмыс іздеу және жұмыссыздықгың табиғи
деңгейі. Жұмысшы күшін Ь-деп белгілейік, Е жұмысбастылар саны, ал - И - жұмыссыздар саны. Әрбір еңбекке жарамды адам не жұмысбасты, не жұмыссыз болатындакган:
Ь=Е+И
Осылай жиынтық жұмысшы күші жұмысбастылар саны мен жұмыссыздар санының қосындысынан түрады. Жұмыссыздар
деңгейіге тең болады.
Жұмыссыздық деңгейін анықтайтын факторларды қарастыру үшін жиынтық жұмысшы күші өзгеріссіз деп аламыз. Индивидтін жұмысбастыдан жұмыссызға және керісінше айналуы төменде көрсетілген:
жұмысшылардың жүмыстан босау деңгейінің көрсеткіші яғни, әр ай сайын жүмыстан босайтын жұмысбастылардың үлесі;
жұмыска орналасу деңгейінің көрсеткіші, яғни, әр ай сайын жұмыскд орналасатын жұмыссыздардың үлесі. Осы 2 көрсеткіш түрақгы деп алсақ, онда оның жүмыссыздық деңгейін анықтайтынына көз жеткіземіз. Егер жұмыссыздық деңгейі өзгермейтін болса, яғни, еңбек нарығы тұрақты болған жағдайда болса, онда жұмысқа орналасқандар саны мен жұмыстан босағандар саны тең болуы керек:
Жұмыссыздықгың тұрақгы деңгейін табу үшін берілген тендікті түрлендіреміз. Е=Ь-ІІ; яғни, жұмысбасты саны жалпы жұмысшы күшінен жұмыссыздар санын алғанға тең болады.
Жұмыстан босатылу деңгейі қаншалықгы жоғары болса, жұмыссыздық соншалықты жоғары болады. Жұмысқа орналасу деңгейі қаншалыкгы жоғары болса, жұмыссыздық соншалықты төмен болады.
Жұмыссыздықтың табиғи деңгейінің келтірілген моделінен маңызды қорытынды шығады. Жұмыссыздықтың табиғи деңгейін төмендетуге бағытталған кез келген экономикалық саясат, не жұмыстан босатылу деңгейін азайтуға, не жұмысқа орналасу деңгейін жоғарылатуға мүмкіндік жасау керек.
1. 2. Жұмыссыздық деңгейін сипаттайтын көрсеткіштер және
оның есептеу әдістері
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz