Нарық жағдайында кәсіпорынның өндірістік бағдарламасын қалыптастыру


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 64 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: «Нарық жағдайында кәсіпорынның өндірістік бағдарламасын қалыптастыру»

(кәсіпорын мысалында)

520830 «Экономика (бакалавр) » күндізгі бөлімнің 4 курс студенті

Мемлекеттік аттестациялық комиссия алдында қорғауға жіберілді

Мазмұны

Беттер

Кіріспе . . . 3-4

1. Нарыk жағдайында кәсіпорындағы өндірістік

бағдарламаның қалыптасуының теориялық негіздері

1. 1. Өндірістік бағдарлама: оның түсінігі, құрылымы

мен көрсеткіштері . . . 5-13

1. 2. Өндірістік бағдарламаны жоспарлаудың әдістері . . . 12-27

1. 3. Ұзақ мерзімдік стратегияға сай экономиканың даму

жағдайындағы өндірістік бағдарламаның қалыптасуының

негізгі бағыттары . . . 28-33

2. «КТЗ» АҚ өндірістік бағдарламасын талдау.

2. 1. «КТЗ» АҚ экономикалық көрсеткіштерінің қысқаша

сипаттамасы . . . 32-41

2. 2 Кәсіпорынның өнім өндіруі мен өткізуін талдау . . . 42-49

2. 3. «КТЗ» АҚ өндірістік бағдарламасының құрылымын

талдау . . . 50-58

3. Кәсіпорын өндірістік бағдарламасын

қалыптастыруды жетілдірудің негізгі бағыттары.

3. 1. Қазақстан Республикасы машина жасау саласындағы

өндірістік бағдарламаны қалыптастыру . . . 59-66

3. 2. «КТЗ»АҚ өндірістік бағдарламаны жетілдіру жолдарының қалыптасуы . . . 66-70

Қорытынды . . . 71-73

Қолданылған әдебиеттер . . . 74-76

Қосымшалары . . . 77

КІРІСПЕ

Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі болып, Президентіміз Н. Ә. Назарбаевтың 2004 жылдың 19 наурызындағы халыққа Жолдауында айтылғандай «елдің дамуын бәсеке қабілетті экономика құру арқылы жүргізу керек»/1/, яғни халықаралық стандарттарға сәйкес келетін кәсіпорындар құрып, өндірістің шикізаттық бағытынан өңдеуші өнеркәсіпке көшудің маңызы зор. Сол арқылы елдің өнеркәсібінде тепе-теңдік орнатуымыз қажет. Мұнайдың шикізат ретінде экспортқа жіберілуін азайтып өз елімізде өңдеу, машина жасау өнеркәсібін дамытып, елдің басты салаларына күрделі қаржы бөлу мәселесі тұр.

Дәстүрлі экономика кезінде мемлекет өнеркәсіптің барлық салаларын бір орталықтан басқарып, кәсіпорындарға мемлекет тарапынан тапсырыс беретін болған. Бұл жағдайда қажеттіліктер салалық министрліктермен анықталатын болған, ал өндірістік бағдарлама ең басты стратегиялық жоспар болып табылатын.

Алайда бір орталықтан басқару кәсіпорындардың өз бетімен қызмет етуіне кедергі келтірді. Олар мемлекеттік стратегияны жүзеге асырушылар ғана болды, оның басты міндеті болып өндірістік бағдарламаны орындау табылды.

Нарықтық экономикада бір жағынан тұтынушылардың билігі, екінші жағынан кәсіпкерлік іс-әрекеттің бостандығы мемлекеттің араласуының шекті болуы және бәсекелестік өндірістік бағдарламаны жасаудың өзіне үлкен зерттеулер жасауды қажет етті, яғни маркетингтік зерттеулер, бәселестерді, тұтынушыларды, мемлекеттік саясатты және тағы басқа әсер етуші факторларды ескеріп өндірістік бағдарламаны жасау.

Біздің жағдайымызда ол «КТЗ» АҚ шығаратын трансформатор құрылғылары, бұл кәсіпорын Қазақстанда біреу ғана болғандықтан онда тұтынушылар өте көп, бәсекелестер жоқ. Ал жалпы алғанда өндірістік бағдарламаны жасау мәселесі нарық экономикасы жағдайында маңызды болып табылады.

Дипломдық жұмыс тақырыбының мақсатына болып нарық экономикасы жағдайында өндірістік бағдарламаны қалыптастыруда жаңаша ұсыныстарды қарап, оның теориялық және практикалық негіздерін зерттеу.

Дипломдық жұмыстың тақырыбына сай міндеттері болып:

- нарық жағдайында өндірістік бағдарламаның қалыптасуының теориялық негіздерін ашып көрсету;

- өндірістік бағдарламаны жоспарлаудың әдістерін қарастыру;

- трансформатор өнімдерін өндіретін кәсіпорынның өндірістік бағдарламасын жасаудағы ерекшеліктерін анықтау;

- кәсіпорынның өндірістік бағдарламасының құрылымын талдау саналады.

Зерттеп отырған тақырыптың мәні болып, нарық жағдайындағы кәсіпорынның өндірістік бағдарламасының қалыптасу үрдісі болып табылады.

Зерттеудің объектісіне трансформатор құралдарын шығаратын «Кентау трансформатор зауыты» АҚ табылады.

Зерттеліп отырған тақырыптың теориялық маңызы, өндірістік бағдарламаны қалыптастырудағы ұсыныстар мен жаңалықтарды енгізу жатады.

Дипломдық жұмыстың құрылымы мен көлемі кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады. Дипломдық жұмыстың І тарауында өндірістік бағдарламаның қалыптасуының теориялық негіздері қарастырылса, ІІ тарауында өндірістік бағдарламаға түрлі талдаулар жасалды. Ал ІІІ тарауында өндірістік бағдарламаның қалыптастыруды жетілдіру жолдары қарастырылды.

1. НАРЫҚ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ КӘСІПОРЫНДАҒЫ ӨНДІРІСТІК БАҒДАРЛАМАНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.

1. 1Өндірістік бағдарлама: оның түсінігі, құрылымы

мен көрсеткіштері

Өндірістік бағдарлама тұтынушылар үшін өнім өндіретін кез келген кәсіпорында жасалады. Өндірістік бағдарламаны жасаған кезде әртүрлі факторларды ескеруді қажет етеді. Өндіріс саласына байланысты өнімнің бірнеше түрлерін анықтайды: материалдық өндіріс (өнеркәсіп, ауылшаруашылық, құрылыс, тағы басқа) және материалдық емес өндіріс (тасымалдау, сауда, білім беру, денсаулық сақтау және т. б) кез келген өндірісте өндірілетін өнімдердің сыныптамалары мен топтамалары болады, сол бойынша мысалға өнеркәсіпте машина жасау, тігу және тоқыма, аяқ киім тігу өнеркәсіптері бар. Қызмет те өз кезегінде бөлінеді: темір жол, теңіз, әуе, автомобильдік және басқа да тасымалдар.

Тауарлар мен қызметтердің әр түрлі түрлері өндірістік бағдарламаның номенклатурасы деп аталады. Өнім ассортименті өндірісте ерекше бір тауалардың үлес салмағымен сипатталады.

Кәсіпорынның өндірістік бағдарламасы - тұтынушылардың тапсырысы мен келісім-шартқа байланысты өндірілетін өнімдер мен қызметтердің жиынтығы болып табылады. Өндірістік бағдарламаны жасағанда кәсіпорынның негізгі мақсаты ескеріледі, яғни өнім табыстылығы мен капитал рентабельділігінің жоғары деңгейін сақтай отырып өндірісті кеңейту. Осы жоспарларды орындау үшін кәсіпорын ұзақ мерзімді даму стратегиясын жасайды.

Ұзақ мерзімді стратегияны жасағанда өндірістік бағдарламада көрсетілген өнім номенклатурасының өмірлік циклының ұзақтығын ескерген жөн. Әрбір тауардың өмірлік циклы 4 кезеңнен тұрады: басы, дамуы, жетілуі, ескіруі. Сатылған өнім көлемі мен тауардың өмірлік циклының фазасы бойынша келесідей өзгерістерге үшырайды.

Сату басы дамуы жетілуі ескіруі

көлемі

тауардың өмірлік циклының фазалары

1-сурет

Егер кәсіпорын бір ғана тауар шығарса, оның қаржылық жағдайы, жақсару, кемелдену және төмендеу кезеңдерінен өтеді. Ал егер де кәсіпорын бірнеше түрлі өнімдерді өндірсе игіліксіз кезеңдер өзімен өзі тегістеледі.

Қаржылық жағдайды тұрақтылыққа жеткізу үшін тауардың өмірлік циклының барлық фазаларын жетік меңгеріп, оны дер кезінде басқарып бағытын беру керек.

Тауардың өмірлік циклының соңғы фазаларын ескеріп, әрқашан өндірістің диверсификациясын жасау қажет.

Нарықтық жағдайда дамып отырған әрбір кәсіпорынның тактикалық жоспарының басты бөлімі болып өндірістік бағдарлама табылады. Кәсіпорынның өндірістік бағдарламасы оның шығаратын өнім ассортименті мен номенклатурасына сәйкес қажеттіліктерді анықтайды. Сонымен бірге өндірістік бағдарлама қажетті өндіріс қуатын, жұмысшылар санын, шикізаттар мен материалдар көлемін және көлік қажеттілігін белгілейді.

Өндірістік бағдарлама көптеген басқа жоспарлармен тығыз байланысты: еңбек және жалақы бойынша, өндіріс шығындары бойынша, табыс пен рентабелділік және қаржы жоспарымен. /2/

Өнеркәсіптік кәсіпорындар біздің жағдайда «Кентау Трансформатор зауыты» АҚ өз өндірістік бағдарламасын мемлекеттік тапсырыстар бойынша, жеке тұтынушылар тапсырысымен және тағы басқа нарықтық қажеттіліктерді ескере отырып жасайды.

Мемлекеттік тапсырыстар көбінесе халықшаруашылық маңызы бар, сирек кездесетін өнім өндірушілерге ғана беріледі. Мемлекеттік тапсырыстар экономикасы дамыған барлық елдерде тараған және оның негізгі қағидаларына қайшы келмейді. Сонымен бірге мемлекеттік тапсырыстар алған кәсіпорынның беделін арттырады және ол көбінесе тендер арқылы беріледі. Мемлекеттік тапсырыс негізінен оны ең тиімді және сапалы орындайтын кәсіпорындарға беріледі. /3/

Сонымен әрбір кәсіпорын өндірістік бағдарламаны қажет етеді және оны құрау кезінде маркетингтік зерттеулерге сүйену керек. Маркетингтік зерттеуге сүйену жоспарлауға және өндірістік шешімдерді қабылдауға әсер етеді және де өз кезегінде өндірістік бағдарламаға да әсер етеді. Осыған орай өндірістік бағдарламаны жасағанда оның түбінде тауарлық стратегияға, тауарлық саясатқа және өндіріс стратегиясына сүйенген жөн (2-сурет) .

Диверсификация - капитал мен табыстың тиiмдiлiгiн жоғалту тәуекелiмен инвестицияланған және басқа жолмен кәсiпорынға түскен қаражатты бiрнеше обьектiлер арасында бөлу.

Өндiрiстiк диверсификация - бiр уақытта бiр-бiрiмен байланыссыз өнiм түрлерiн шығару және өнiм ассортиментiн кеңейту.

Өндiрiстiк бағдарламаны диверсификациялау алдында нарықтағы сұраныс пен ұсынысты зерттеу қажет, одан кейiн өнiмнiң қай түрiн өндiрудi жоғарылату керектiгi анықталады. Кейiннен барып өндiрiстiк бағдарламаның орындалуына қарай диверсификациялау кажеттiлiк деңгейi табылады.

Сонымен кәсіпорынның тиімді жұмысының түбінде тұтынушылардың қажеттілігін толық қанағаттандыру жатыр. 80-жылдары кәсіпорынның тиімділікке жеткізетін қағидасы ашылды, ол - ресурсты бағыт. Ол бағыттың өкілдерінің айтуынша нарық тұтынушының ғана нарығы сипатына иеленгенде, кәсіпорын сәттілігі оның потенциалымен анықталады. Екі түрлі қағиданың өкілдерінің бірінікі ғана дұрыс деп айту қате болар еді. Әрине біздің айтуымызша өндірістік бағдарламаны жасағанда нарықтық қағида басты орын алғанымен ресурстық қағиданың өз орнын мойындамасқа болмайды, оның себебі өз ресурстарын жақсырақ меңгеріп, өндірістік бағдарламаны құраған кәсіпорын сөзсіз бәскеге қабілеті жоғары болатыны бәріне мәлім.

Ресурстық бағыт ең бірінші өндірістік стратегияның жасалуымен тығыз байланысты, ал ол экономикалық әдебиеттерді қарасақ оның негізгі үш түрін бөліп қарауға болатынын көрсетті, шығындарды минималдау, сапаға негізделген және уақыт факторын тиімді пайдалану стиратегиясы. Сондықтан да жетістікке толық жету үшін екі қағиданы да үйлестірген үлкен көрегендік болады. Біздің зерттеп отырған кәсіпорын «КТЗ» ААҚ Қазақстан Республикасында трансформатор құралдарын өндіретін жалғыз кәсіпорын болып табылады. Сондықтан да кәсіпорында өндірістік бағдарлама жасағанда үлкен зерттеулерді қажет етпейді, өйткені оған жасалған тапсырыстар 2005 жылға дейін толық қамтылған. Негізгі тақырып бойынша толық зеттерулерді келесі тарауларында қарастыратын боламыз.

Өндірістік бағдарлама екі бөлімнен тұрады: өнім өндірудің натуралды түрдегі жоспары және құндық түрдегі өндіріс жоспары. Натуралды түрдегі өндіріс жоспары тауардың белгілі ассортиментіне, номенклатурасына және сапасына сәйкес өнім өндіру көрсеткіштерінен тұрады. Натуралды түрдегі өнім көлемінің өлшеуіштері ретінде: дана, тонна, шаршы метр, куб және тағы басқа. Кейбір кәсіпорындарда екі түрлі өлшеуіштер қолданылады, мысалға: мата өндірісінде погондық және шаршы метрмен қағазда тонна және шаршы метрмен, құбырларды тонна және погондық метрмен. Жоспарда екі өлшеуішті қолдану өндірістің нақты көлемі мен оның тұтынушылық қасиеттерін толығырақ сипаттауға мүмкіндік береді. Арналуы бойынша бірдей, бірақ тұтынушылық қасиеттері әр түрлі тауарларды жоспарлау кезінде шартты - натуралды өлшем бірліктері қолданылады, мысалға: қуаты бойынша әртүрлі отын түрлерін өндіруде жоспарлау кезінде қуаттылығы тоннасы 7000 Ккалл тең отынды шартты отын тоннамен өлшейді.

Құрылыс материалдарын өндіруді жоспарлау шартты қуаттылығы миллион данамен есептелсе, консерві өндіру шартты банкамен. Тауардың бірдей түрін өндіретін, бірақ қуаттылығында, көлемінде, еңбек сиымдылығында айырмашылығы бар кәсіпорындарда да шартты және шартты-натуралды көрсеткіштер қолданылады. Ал біздің зерттеп отырған кәсіпорын «КТЗ» АҚ өндіретін өнімі данамен және Квт қуаттылықпен өлшенеді. Өнімді натуралды түрде өндіру мен өткізу нақты өндірілген өнімді нарық қажеттілігімен, өндірістің қуатылығымен және қажетті өндіріс ресурстарымен сәйкестендіруге мүмкіндік береді. Алайда натуралды өлшеуіштерді қолдану көп арналымды диверсификациялық кәсіпорындарда өндірістің жалпы көлемі мен құрылымын табуды, шығындарды есептеуді, өнім сатудан түскен табыс пен таза табысты есептеуді қамтамассыз ете алмайды. Оны есептеу үшін ақшалай түрдегі өнім өндіру жоспарын жасау қажет.

Ақшалай түрдегі өнім өндіру жоспары келесі көсеткіштерді қамтиды. Өткізілген өнім (жалпы табыс), тауарлық өнім, жалпы өнімдер. Бұл бөлімнің негізгі бағалық көрсеткіші болып сатылған өнім табылады. Өткізілген өнім болып құны тұтынушымен немесе өткізуші ұйыммен төленген өнім болып табылады. Оның көлемі жоспарлау бойынша жабдықтауға арналған өнімдер бағасының соммасымен тапсырыс берушімен төлеуге арналған дайын өнімдер, жартылай фабрикаттар, қосалқы бөлшектер, халық тұтынатын тауарларға, жасалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер және тағы басқа келісім шарт бойынша өткізіліп жатқан өнімдер бағасы болып табылады.

Өткізілген өнімнің жоспарлы көлемі (Пр) ақшалай түрде келесі формуламен есептелінеді.

(1)

мұндағы: Пт i - i-лік өнім түрінің тауарлық көлемі, кәсіпорынның көтерме бағасы бойынша;

\[\Lambda_{\bf d}\]
Оnn i - жоспарлы жылдың басы мен аяғына кәсіпорынның қоймасында i-лік дайын өнімнің қалдығының өзгерісі;
\[\Lambda_{\bf d}\]
Оn i жоспарланған жылдың басы мен аяғына қарай i-лік дайын өнімнің жөнелтілген, бірақ тапсырыс берушімен әлі төленбеген қалдығының өзгерісі; n - тауарлық өнімнің түрлер саны (i = 1, 2, 3, . . . , n) .

Өткізілген өнім жоспарлы жылғы кәсіпорынның жалпы табысын (Дв) сипаттайды. Осы сатылған өнім бірлігінің санын бағасына көбейткенге тең.

; Двi= Цi * Оni ; (2)

мұндағы Двi - i-лік өнім түрін сатқаннан түскен кәсіпорынның жалпы табысы.

Цi- i-лік өнім түрінің бірлігі бағасы (көтерме, келісім бойынша), Оni - натуралды түрдегі i-лік өнім түрінің сатылуы қажет өнім көлемі. (i = 1, 2, 3, . . . , n) .

Жоспарда жалпы табыстан басқа орташа табыста ескерілуі қажет. Бұл кәсіпорынмен өнімнің бір данасын сатқаннан түсетін ақша қаражаты. Орташа табыс көлемі (Дсi) i-лік өнім түрін сатқаннан түсетін табыстың сатылған өнім бірлігіне қатынасымен анықталады.

(3)

Жоспарлы кезеңде өткізу бағасын өзгерту жағдайы болғанда орташа табыс еріксіз орташа бағаға айналады.

(4)

Тауарлық өнімдер өз құрамына: өндіруге жоспарланған дайын өнім (техникалық бақылау бөлімімен қабылданып, комплектіленіп дайын өнімдер қоймасына өткізілген), жартылай фабрикаттар, комплектілік бөлшектер мен қосалқы бөлшектер, кооперацияланған жабдықтар бойынша басқа жаққа жіберілуге арналған тауарлар, толықтай жөндеуге, құрал -жабдықтар мен құрылғылар құнының қосындысынан тұрады. Ол көтерме бағамен және салыстырмалы бағалармен сипатталады. Алғашқысы қаржылық жоспармен қатыстыру үшін қолданылса, екіншісі өндіріс құрылымының өзгерісін, өсу қарқынын, динамикасын есептеу үшін қолданылады.

Тауарлық өнімнің жоспарлық көлемі (Пт) келесі формуламен есептеледі:

(5)

мұндағы: Ani - натуралды түрдегі i-лік өнім түрінің өндіру жоспары;

Ц i- i-лік өнім түрінің қазіргі бағасы; n - тауарлық өнім түрлер саны. (i = 1, 2, 3, . . . , n) ; m - өндірістік сипаттағы жұмыстар түрлер саны.

Тауарлық өнім өндірілген дайын өнім көлемін сипаттайды және ол, өндіріс шығындарын, қаржылық жетістіктерді, рентабелділікті және басқа өндіріс тиімділік көрсеткіштерін есептеу үшін қолданылады.

Жалпы өнім - барлық шығарылған дайын өнім мен көрсетілген қызметтер құнының қосындысынан тұрады, соның ішінде аяқталмаған өндіріс. Ол әдетте салыстармалы бағамен анықталады.

Жалпы өнім көлемі (Пв) келесі формуламен анықталады.

Пв= Пт+(Нк-Нн) +(Ик-Ин) ; (6)

Мұндағы: Нк, Нн - жоспарлы кезеңдегі жылдың басы мен аяғына аяқталмаған өндірістің қалдықтары ақшалай түрде. Ик, Ин - жоспарлы кезеңнің басы мен аяғына өздері жасаған құрылғылар мен құрал-жабдықтар қалдықтары.

Жоспарлы кезеңде есепті жылмен салыстарғанда өндіріс көлемі қомақты өзгергенде, бөлек тауар түрлерін өндірістен алып тастағанда, тауардың жаңа түрлерін өндіретін болса, жалпы өнімнің құрамындағы аяқталмаған өндірістің қалдықтарының өзгеруі жоспарланады.

Ішкі шаруашылық айналым мен аяқталмаған өндірісі жоқ кейбір кәсіпорындарда, мысалға тамақ өнеркәсібінде өзіндік құрамы бойынша жалпы өнімдер тауарлықпен сәйкес келеді. Жалпы өнімді жалпы айналымнан ажырата білу қажет, оның мазмұны - барлық бірліктегі өнімдердің соммасы ретінде түсіндіріледі. Тауарлық және жалпы өнімнің көрсеткіштері кәсіпорынның іс-әрекетінде кең өріс алғанымен бір үлкен кемшілігі бар. Олар кәсіпорынның соңғы жетістіктеріне қосқан өзіндік үлесіне қате мәлімет береді. Ол кейбір кәсіпорындарда кездесетін шығындар көлемінен 80-90% жететін материалдық шығындар құнымен түсіндіріледі.

1. 2. Өндірістік бағдарламаны жоспарлаудың әдістері.

Кәсіпорынның өндірістік бағдарламасы жоспарлы кезеңде өндіріс қуатына сәйкес өнім шығаруға байланысты қалыптасады. Мұндағы мәселе кәсіпорынның өндірістік қуаты, өндіруге жоспарланған көлемнен көп немесе аз болуы мүмкін. Кәсіпорынның мүмкіндігін анықтайтын негізгі фактор ретінде өндіріс қуаты табылады. Сондықтан да кәсіпорынның өндіріс қуаты өткізу көлемінен жоғары болса, өндіріс шығындары біршама көп болады. Ал қарама-қарсы болғанда өнім көлемі өндіріс қуатынан жоғары болса, мұндай жағдайда өндіріс жоспары орындалмайды. Бұл орайда өндірістік бағдарлама өндіріс қуаты мен өндіріс көлемі арасындағы ортақ шешімге келтіруші ролін атқарады. Өндірістік бағдарлама өнім көлемін белгілеп қана қоймай кәсіпорынның құрылымдық бөлімдерінің жоспарларын есептеудің негізі болып табылады. Құрылымдық бөлімдердегі өндірістік жоспарды жасағанда тек қана тауарлық өнімдер ғана ескеріліп қоймай, сонымен бірге аяқталмаған өндірісті есептеу қажет. Соңғы өнімді өндіру әдетте өндірістік бағдарламамен белгіденеді. Цехтар бойынша өндіріс көлемі өнімнің жоспарлы өзіндік құнына сәйкес немесе есепті ішкі өндірісті бағамен есептейді. Кіші-гірім кәсіпорында цехтардың өндірістік бағдарламасы натуралды және шартты натуралды түрде есептеледі, ал үлкен кәсіпорындар құнды және натуралды көрсеткіштермен есептелінеді. Кәсіпорынның өндірістік бағдарламасы бір жылға есептеледі және ол кварталдарға бөлінеді, ал кварталдар айлар бойынша көрсетіледі. Құрылымдық бөлімдерде өндірістік бағдарламаның кішірек кезеңдерге бөлуге болады. Өндірістік бағдарламаны жасау күрделі процесс болып табылады, өйткені онда әртүрлі факторлар ескерілуі қажет. Бағдарламаның қалыптасуының типтік алгоритімі 1-суретте көрсетілген. /4/

Жоспарлы немесе есепті кезеңдерде, жоспардың орындалуының негізгі міндеттері болып:

 құндық және натуралды көрсеткіштер бойынша өнімнің шығару мен өткізу жоспарының орындалуын тексеру;

 жоспарлы көрсеткіштердің оң немесе теріс орындалуына әсері мен себептерін талдау;

 келешектегі өсу қорын анықтау және өндірістің тиімділігін көтеру;

 талдау барысында анықталған қорларды пайдаланудағы іс шараларды жасау мен өнім көлемін және оның сапасын арттыру;

 жеке шараларды енгізудің күнтізбелік мерзімін белгілеу, өндірістік қызметкерлер мен жұмыстардың орындалуына жауаптыларды белгілеу, сонымен қатар іс-әрекеттердің тиімділігін анықтау.

Өндіріс көлемін талдау тауарлық және жалпы өнімнің динамикасын зерттеуден, базисті және үзілісті өсу мен өсім қарқынын есептеуден басталады. Номенклатура бойынша жоспарды талдау нақты және жоспарлық өнім шығаруды салыстырумен сипатталады.

Мемлекеттік тапсырысты қамтитын өнімдерге көнілді ерекше бөлу қажет. Ассортимент бойынша жоспардың орындалуын бағалау келесі түрде жүре алады:

 ең кіші пайыздық әдістеме бойынша (жоспардың ең кіші пайыздық орындалуын қамтыйтын номенклатура қалпы) ;

 тауардың жалпы тізімінде үлес салмағы бойынша;

 орташа пайыздың көмегімен, ал ол өз кезегінде нақты өндірілген өнімнің өндіріс көлеміне қатынасымен анықталады (жоспардан тыс немесе өндірістік бағдарламада қарастырылмаған өнімдерді өндіру ассортименті бойынша жоспарға кірмейді) .

Мұнда сонымен қатар ассортимент бойынша жоспардың орындалуына сыртқы және ішкі себептер анықталу қажет. Жеке номенклатуралық ұстанымнан қиыс кету өндірістік бағдарламада өзгерістер туғызады. Өндіріс құрылымындағы өзгеріс барлық экономикалық көрсеткіштерге әсер етеді.

Өндірістік бағдарламаны жоспарлау 3-сурет

3-сурет

Шығарған өнім құнының өзгерісі өндіріс құрылымының әсерін орташа бағам әдісімен анықтауға болады. Бұл үшін ең бірінші өнімнің нақты құрылымындағы өнімнің орташа бағамын анықтау одан соң, жоспарлы кезеңдегісін анықтайды. Екеуінің айырмасы нақты шығарылған өнім көлемімен көбейтіледі (натуралдық түрде) . /5/

Дәл осындай жетістікке қарапайым түрде жетуге болады. Өнім өндіру жоспарындағы құндық және натуралдық түрлерінің айырмасын жоспарланған өнім өндіруге көбейту керек (құндық түрде) . Өндірістік бағдарламаның орындалуын талдағанда басты орындарының бірін өндірістің ырғақтылығына беруге болады. Өндіріс ырғақтылығы - өндіріс жоспарымен белгіленген өнімді өндірумен сипатталады. Өнімді шығару ырғақтылығын есептеу үшін ырғақтылық коэффициенті қолданылады. Ол нақты шығарылған өнім көлемі соммасының талдап отырған уақыт кезегіндегі жоспарлы өнім шығаруға қатынасымен анықталады. Сонымен бірге ырғақтылық бойынша жоспарды орындағанда нақты өндірілген өнім көлемі есептеледі, бірақ ол жоспардың көлемінен артық болмауы қажет. /6/

Ырғақтылық коэффициенті (Кр) келесі формуламен есептелінеді.

(7)

мұндағы: Аni- i-лік кезеңде жоспарлы өнім өндірудің натуралды немесе құндық түрі. Азi - орындалған жоспарда ескерілген нақты өнім шығару. n - есепті кезең ұзақтығы.

Ырғақтылықты бағалау үшін ырғақсыздық коэффициентін есептеуге болады, ол жоспар бойынша өндірістегі оңтайлы және теріс ауытқуларының соңғысы ретінде анықталады. Ырғақсыздық коэффициенті - ырғақтылық коэффициентіне қарсы көрсеткіш. Кәсіпорын неғұрлым ырғақты жұмыс істесе, соғұрлым ырғақсыздық коэффициенті төмен болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жоспарлау түсінігі, мақсаты және міндеті.
КӘСІПОРЫННЫҢ ӨНДІРІСТІК БАҒДАРЛАМАСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Жоспарлау түсінігі. Бизнес-жоспар бөлімдері
Кәсіпорында маркетингтік қызметті ұйымдастыру
Өндірістік құрылымның түрлері
Нарық жағдайында кәсіпорындағы өндірістік бағдарламаның қалыптасуының теориялық негіздері
Кәсіпорынның өндірістік бағдарламасын қалыптастыру
Шағын кәсіпкерлікті талдау
Өндірістің экономикалық тиімділігін арттыру жоспары
Нарықтық экономика жағдайында инвестициялар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz