Мұнайды және мұнай өнімдірін тасымалдау туралы ақпарат


Пән: Мұнай, Газ
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

Кіріспе . . . 3

1. Мұнайды және мұнай өнімдірін тасымалдау . . .

1. 2. Құбырмен тасымалдау . . .

2 . Каспий Құбыр Консорциумы . . .

КІРІСПЕ

Мұнайгаз өндіруші өнеркәсіптер қоршаған ортаны ластайтын негізгі салалардың қатарына жатады. Мұнай және газ кен орындарын игеру мен пайдалану барысында, оның қоршаған табиғи орта мен жер қойнауына техногендік әсері өте зор. Мұнайды өндіру мен өңдеу және тасымалдау жұмыстары кезінде әр түрлі апаттық жағдайлардың болуының өзі қоршаған ортаға әр түрлі сипаттағы зардаптарын тигізеді. Бұл апаттық жағдайларға ұңғымалардағы фонтандау, ашық фонтандау, тасымалдау құбырларының коррозия әсеріне тозып тесілуі, теңіз бұрғылау плотформаларындағы апаттық жағдайлар, тасымалдау танкерлерінің апатқа ұшырауы, сақтау қоймаларындағы резервуарлардың тесілуі, жарылытардың болуы сияқты жағдайларды жатқызуға болады. Мысалы ұңғымалардың фонтандауында ұңғы айналасына көп мөлшерде атқылаған мұнай шашылып, сол жердегі өсімдіктер мен су қоймаларын ластайды. Бұл жағдай тасымалдау құбырлары тесілген жағдайда да байқалады. Ал теңіздегі бұрғылау платформалары мен тасымалдау танкерлеріндегі апаттық жағдайларға байланысты теңізге көп мөлшерде мұнай төгіліп суда тіршілік ететін балықтар, құстар мен сүтқоректілер және тағы басқа тіршілік иелерінің жойылуына әкелуі мүмкін.

Мұнайды өндіру мен тасымалдау кезіндегі апаттық жағдайлар.

Мұнайдың теңізге танкерлердің соқтығысуынан немесе таяз суларға соқтығысуынан төгілуі аз кездеседі.

Мысалы ретінде алғашқы мұнай тасымалдау кемесі «Торри -Каньонды» қарастыруға болады. Ол 1967 жылы Кувейттің 117 мың тонна шикі мұнайын тасымалдап келе жатқанда апаттық жағдайға ұшырады. Танкер Англиядағы Корнуолл бұғазысының маңында рифке соқтығысты, соның салдарынан танкер борты тесіліп 100 мың тонна мұнай теңізге төгілді. Жел күшімен төгілген мұнай Корнуолл жағалауына жетіп, Ла - Манштан өтіп Бретани (Франция) жағалауына дейін жеткен. Теңіз бен жағалау экожүйесіне зардап келтірілген.

Содан бері мұнай тасымалдау кемелері мен теңізде бұрғылау қондырғыларында апаттық жағдайлар жиі болып тұрады. Жалпы айтқанда 1962 - 1979 жж аралығында апаттық жағдайлар әсерінен теңізге шамамен 2 млн. Тонна мұнай төгілеген, ал 1962 - 1971 жж аралығында жыл сайын 66 млн тонна мұнай төгіліп отырған, 1971 - 1976 жж аралығында 116 млн тонна мұнай төгіліп отырса, 1976 - 1979 жж аралығында 177 млн тонна мұнай төгілген.

Жалпы мұндай оқиғалар өте маңызды болса да, олардың жалпы мұнай тасымалдау кезіндегі мұнай жоғалтудың 15% ғана құрайды. Бірақта бұл көрсеткіш арқылы бұл апаттық оқиғалардың маңыздылығын кемітуге болмайды, себебі бұл апаттық жағдайлардың бәрі тұрақты бір жердегі тасымалдау жолдарында және көбінесе таяз су акваторияларында болады. Осылай мұнай төгінділері теңіздің аз көлемді ауданында шоғырланып жиналып қалады.

Жаңа тонналық сыйымдылығы жоғары супертанкерлердің пайда болуымен қоршаған ортаға келетін зиян мөлшері де арта түсуде. Қазір сыйымдылығы 500 мың тонна танкерлер теңіздерге түсірілген, ал сыйымдылығы 800 тонна танкерлер жобалары жасалуда.

Бұл супер танкерлер өздерінің аса зор көлеміне байланысты маневрлігі төмен, тоқтау қашықтығы алыс болып келеді. Мысалы сыйымдылығы 200 мың тонна танкерге, егер оның двигательі реверсивті бағытта жұмыс істесе де тоқтау үшін 4-5 км жүру қажет. Ал апаттық жағдайларда мұндай танкерді басқару өте қиынға соғады. Бірақта бұл танкерлердің сыйымдылығы аз тасымалдау кемелерін алмастыра алатындықтан, оған кететін шығын кемиді және де олардың экипажы да аз, шағын кемелерге қолданғанға көп шығын кететін бағалы, сапасы жоғары навигациялық қондырғылармен қамтамасыз етуге болады.

1960 - 1970 жж аралығында 500 жуық мұнай төгілудің апаттық жағдайлары тіркелген. Осыған қарап сыйымдылығы 400 мың тонна танкерлердің жүзіп жүруінің қауіптілігін байқауға болады. Бұл танкерлер тек шектелген бұғазылар мен порттарға кіре алады. Жоғарыда айтылған «Торри Каньон» сияқты танкерлердің апаттық жағдайға ұшырауы қандай зардаптар әкелуі мүмкін екенін елестету қиын емес.

Ашық теңіздегі мұнайды өндірудегі апаттық жағдайларда мұхиттың ластануына әкелуі мүмкін. Бұрғылау кезінде, құбырларды енгізу, мұнараларды орнату кезінде және ұңғыманы пайдалану жұмыстары кезінде теңізді ластау қауіптілігі туындайды. Алғашқы мұндай апат 1968 жылы Санта - Барбара бұғазында калифорния шельфін бұрғылау жұмыстары кезінде орын алған. ұңғы басындағы сынықтан теңізге жалпы есеппен бірнеше ондаған миллион тонна мұнай төгілген.

Лос - Анджелеске жақын маңда ауданы 1800 километр болатын үлкен мұнай төгіндісі жағалауға өте үлкен зардабын тигізді, әсіресе құстар фаунасына. Осы Калифорния жағалауында шамамен 3600 құс өліктері табылған.

2005 жылы 11 желтоқсанда Ұлыбритания орталығында маштабы бойынша соңғы жылдары бүкіл Еуропада болмаған техногендік апат болды. Апат шамамен Лондоннан 40км қашықтықта Хемел Хемстед қаласына жақын жерде Бансфилд мұнай терминалында болды.

Бансфилд мұнай қоймасы Ұлыбританияда көлемі бойынша бесінші бесінші терминал, ол Тоталь мен Тексако компнияларына қарайды. Әдетте онда Хемпстедке жақын орналасқан Лутон аэропортына және Лондондағы Хитроу аэропортына қажет бензин мен керосин сақталады. Қойма сонымен қатар Бритиш Петролеум, Шелл және Бритиш Пайплайн компаниялары да қолданылады.

Таңғы сағат 6:03-де жексенбі күні өте күшті жарылыс дыбысы естілді. Жарылыс дыбысының қаттылығы 32 км радиустағы қала тұрғындарын ғана оятып қоймай, Голандияға дейін естілген. Жарылыс ауданында өрт басталды, жалын түтіні 65 метр биіктікке көтерілген. Жалпы көлемі бойынша онда әр қайсысында шамамен үш миллион галлон жанармай болған жиырма жанармай сақтағыш сыйымдылық отқа шалынған.

Ұңғыманың фонтандауы кезінде деқоршаған ортаға көптеген көлемде мұнай төгіледі. Ұңғыманың фонтандауы кезінде ластану дәрежесі әр түрлі төрт зона бөлінеді. 1 - қатты ластанған; 2 - орташа дәрежелі ластанған; 3 - әлсіз ластанған; 4 - аз ластанған шашыранды.

Соңғы зона барлық аймақтың жартысын қамтиды. Топыраққа төгілген мұнай тартылыс күш әсерінен тігіне төмен қарай таралады, ал беттік және капилярлық күш әсерінен мұнай топырақ бетіне жайылады. Мұнайдың таралуы ондағы топырақ өткізгіштігіне, мұнайдағы су, ауа көп фазалы жүйенің қатынасына байланысты болады. Мұндай жүйеде мұнайдың мөлшері азайған сайын оның топыраққа сіңу мүмкіндігі кемиді. Қабатқа сіңген мұнай жер асты суларына жеткенде де тоқтауы мүмкін. Осылай ол қабат суларымен бірге қозғала бастайды. Тау жыныстарында мұнай көбінесе жарықшалар арқылы қозғалады. Мұндай мұнайдың қабатта болуы қауіпті экологиялық жағдайлар тудыруы мүмкін.

Зерттеулер көрсеткендей мұнаймен ластанған топырақта өсімдіктерді тіршілік ету мүмкіндігі олардың тамырларының қанша тереңдікке кетуі мен жапырақтарын ауыстыру жиіліктеріне байланысты болып келеді.

Топырақтың құрлысы бұзылады, физика - химиялық қасиеттері өзгереді. Осының салдарынан күрт суөткізгіштігі кемиді және көміртегі мен азот қатынасы артады. Ол азоттық режимді нашарлатып, өсімдіктердің тамырыларымен қоректенуін бұзады.

ҚОРЫТЫНДЫ.

Мұнайды тасымалдау мен өндіру кезінде апаттық жағдайлар жиі болып тұрады. Олардың қоршаған ортаға тигзетін зардабы да аса мол. Бізге қоршаған ортаны осы апат салдарынан қорғау үшін арнайы жұмыстар атқарылуы керек. Апаттық жағдайлардың əсерін төмендету екі бағыт бойынша орындалады: апаттық жағдайлардың алдын алу жəне апаттық жағдайларға қатысты əрекет етіп, олардың зардаптарын жою жөніндегі шаралар əзірлеу.

- Төтенше жағдайлардың орын алу ықтималдығын барынша төмен деңгейлерге жеткізу үшін құрлықтағы жəне теңіздегі нысандар мұнай кен орындарын игеру жөніндегі халықаралық стандарттарды есепке ала отырып əзірленетін болады;

- Қауіп-қатерлер тізімі əзірленді;

- Апаттардың қатеріне бағалау жүргізілді, қызметкерлер, тұрғындар жəне табиғи орта үшін қауіп-қатер дəрежелері анықталды;

- табиғат қорғау іс-шараларын ұйымдастырудың тиімділігін тексеру үшін инспекциялар жүйесі енгізілді;

- апаттық жағдайлардың алдын алу жəне оларды жою жөніндегі барлық қажетті нұсқаулықтар мен қызметкерлердің əрекет ету жоспарлары əзірленді. Олар: Апаттық жағдайларды жою жəне мұнай жайылымдарын жою жоспарлары, апаттық жағдайларға қатысты əрекет ету жөніндегі операцияларға қойылатын нормативтік талаптар жəне басқалар;

- қызметкерлерді қауіпсіздік техникасы, өрт қауіпсіздігі, апаттық жағдайларды жою жөнінде оқыту, оларға нұсқау беру, жаттығулар өткізу үшін құжаттар дайындалды;

- құрылыс техникасын (құрылыс жұмыстары кезінде) тексеру; жабдықтарды жəне өндіріс технологиясының сақталуын (пайдалану кезінде) тексеру жоспарланды. Бұл апат болған жағдайда шұғыл жəне тиімді əрекет жасау үшін ақпарат алуға қажет;

- апат болған жағдайда қызметкерлерді жəне жергілікті халықты көшіру (эвакуациялау) жоспарлары əзірленді.

Мұнайды және мұнай өнімдерін тасымалдау

Мұнай және мұнай өнімдерін қашық жерлерге жеткізу үшін теміржол, су көлігі, құбыр жолы және автокөлік қолданылады. Кейбір жағдайларда олар ұшақпен және тікұшақпен де тасылады.

Су көмегімен теңізбен, өзенмен ішкі мұнайды және мұнай өнімдерін (бензин, керосин, дизел отынын, мазутты т. б. ) өздігінен жүретін (танкелер) және өздігінен жүрмейтін (лихтерлер, баржалар) типтегі кемелермен тасылады.

Автокөлік мұнай өнімдері ірі мұнай базаларынан ұсақ мұнай базаларына, әрі қарай тұтынушыларға жеткізіледі. Бұл ретте өнімдер автоцистернамен, сол сияқты ұсақ ыдыстармен тасылады.

Мұнай және мұнай өнімдерін құбырмен өте көп мөлшерде және кез-келген қашықтыққа тасымалдауға болады.

Құбырмен тасымалдау

Мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдауда көліктің ең тиімдісі құбыр көлігі болып табылады. Оның мынадай артықшылықтары бар:

  1. өнімді жіберіп тұрудың үздіксіздігі
  2. өнімді алыс жерлерге тасудағы өзіндік құнының төмендігі
  3. автоматизациялау үшін кең мүмкіндіктер
  4. тасымалдаудағы шығынның аздығы
  5. егер тиімді болса, құбырды ең қысқа жолмен өткізу мүмкіншілігі.

Өнімдерді едәуір қашықтыққа айдайтын құбырларды магистралдық деп атайды. Айдайтын сұйық түріне байланысты әр түрлі аталады: мұнай құбыры - айдау үшін; мұнай өнімдері құбыры - сұйық өнімдер, мысалы, бензин, керосин, дизелдіке отын, мазут айдау үшін.

Магистралдық құбыр мынадай бөліктерден тұрады:

  1. құбыр;
  2. бір немесе бірнеше сорап стансиясы;
  3. байланыс құбырлары.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұнайды және мұнай өнімдірін тасымалдау.........................
Әлемдік мұнай нарығының даму үрдістері
Маңғыстаумұнайгаз Акционерлік қоғамында өнім сапасын басқаруды талдау
Бизнес - жоспардың қаржылық тарауын талдау
Қазақстан Республикасындағы монополиялардың іс әрекетін мемлекеттік реттеу
Нарықтағы маркетингтік зерттеулер теориясы
Нарықтық экономика жағдайындағы өнім сапасын арттыру және маркетинг
Кәсіпорындағы маркетингтік және өндірістік қызметін талдау
Мұнайды магистралдық құбырлармен тасымалдау
Кәсіпорынның маркетинг қызметін басқарудың теориялық негізі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz