Экономикалық тәуекелділікті басқарудың теориялық негіздері


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 86 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР . . . 3

КІРІСПЕ . . . 4

1 ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДІЛІКТІ БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Өндірістік кәсіпорынның қызметіне әсер ететін негізгі

тәуекелділік факторлары . . . 7

  1. Экономикалық тәуекелділіктің жіктелу қағидалары . . . 19
  2. Кәсіпорын қызметіндегі экономикалық тәуекелділікті бағалаудың

негізгі әдістері . . . 26

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МҰНАЙ - ГАЗ САЛАСЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙДАҒЫ ТӘУЕКЕЛДІЛІК ФАКТОРЛАРЫН АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ТАЛДАУ

2. 1 Қазақстан Республикасының мұнай - газ саласының қазіргі

жағдайын талдау . . . 32

2. 2 Мұнай - газ компаниялардың шаруашылық - инвестициялық

қызметінің ерекшеліктерін белгісіздік жағдайға сәйкес анықтау . . . 41

2. 3 «КазГермұнай» ЖШС БК -ның қаржылық - шаруашылық

қызметін талдау . . . 48

3 ӨНДІРІСТІК КӘСІПОРЫНДАҒЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ БАСҚАРУДЫҢ ТИІМДІ ЖҮЙЕСІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

3. 1 Кәсіпорын қызметінің тәуекелділігін басқарудың негізгі әдістері . . . 54

3. 2 Қазақстан Республикасының мұнай - газ саласындағы экономикалық тәуекелділік жағдайға сәйкес оптимальды шешім қабылдау және таңдау . . . 63

3. 3 Өндірістік кәсіпорынның табыстылығының тәуекелділігін басқару моделі («КазГермұнай» ЖШС БК -ның мысалында) . . . 68.

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 75

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 79

ҚОСЫМШАЛАР . . . 81

БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР

АҚ - Акционерлік Қоғам

БК - Бірлескен Кәсіпорын

ГӨЗ - газ өңдеу зауыты

ҒТП - ғылыми - техникалық прогресс

ЖШС - Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестік

ЖҰӨ - Жалпы Ұлттық Өнім

ЖІӨ - Жалпы Ішкі Өнім

КТС - корпоративті табыс салығы

КТҚК - Каспий теңізінің қазақстандық кешені

ҚҚС - қосылған құн салығы

ҚР - Қазақстан Республикасы

МӨЗ - мұнай өңдеу зауыты

ТМД - Тәуелсіз Мемлекеттер Достығы

ТӨБ - тораптық - өндірстік басқарма

ҰБ - Ұлттық Банк

ҰК - Ұлттық Компания

ЭМРМ - Энергетика және Минералды Ресурстар Министрлігі

ЭС - электр стансасы

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Нарықтық шаруашылықтың дамуы -қазіргі отандық экономиканың жағдайында көптеген ерекше қиыншылықтармен өтуде. Мұндай жағдай мемлекеттің экономикалық саясатының кемшіліктерінен болуы мүмкін. Дамыған нарықтық экономика жағдайға қарағанда, экономикалық дағдарыс кезінде компания, фирма, ұйымдардың қызметі тәуекелділікпен тікелей байланысты. Көптеген шаруашылық құнды қағаздар заңсыз деп танылуы мүмкін, ал бұл жағдай тәуекелділіктің үлесін жоғарлатуы мүмкін.

Нарықтық субъектілердің еркін қатынасы - экономикадағы белгісіздік жағдайын және коммерциялық тәуекелділікті жоғарлатады. Белгісіздік жағдайда бизнес саласында өндірісті басқарудың оптималды шешімдерді қабылдау өте қиын. Сондықтан, коммерциялық тәуекелділік нарықтық қатынастар жағдайда шаруашылық талдаудың теориясының және тәжірибесінің жетілдіруін талап етеді. Кәсіпорынның басқару шешімдері көбінесе тәуекелділік жағдайда қабылданады және бұл шешімдер көптеген факторларға байланысты: толық ақпараттың жоқ болуы, бір - біріне қайшы тенденциялардың, элементтердің болуы.

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасындағы мұнай - газ компаниялары ауыспалы қиын мерзімде экономикалық қызметін атқаруда. Экономикалық дағдарыстың нәтижесінде, трансформация процессі тек мұнай - газ саласын ғана емес, халық шаруашылықтың барлық салаларын қамтуда. Экономикалық дағдарыстан шығу үшін бұл сектордың компаниялары бизнесті жүргізудің жаңа әдістерін және формаларын іздестіруде. Экономикалық дағдарыстың нәтижесінде әлемде мұнай - газ өнімдерінің бағасы күрт төмендеді, ал бұл жағдай қазақстандық мұнай - газ компаниялардың экономикалық қызметіне теріс әсер етуде.

Экономикалық дағдарыс жағдайында экономикалық тәуекелділіктерді сандық және сапалық бағалау және басқару мәселесі маңызды. Кәсіпорынның экономикалық қызметі - таңдалған шаруашылық және кәсіпкерлік стратегияға байланысты. Кез - келген бизнестің негізгі мақсаты - бұл тәуекелділікті жою емес (бұл мүмкін де емес), оны минималды деңгейге дейін төмендету болып табылады.

Мәселенің зерттелу дәрежесі. Өндірістік кәсіпорындардың тәуекелділік мәселесімен көптеген шетелдік, ресейлік және отандық ғалымдар айналысқан. Қаржылық тәуекелділіктің теориялық және практикалық аспектілердің дамуына 1952 ж Гарри Марковтың еңбегі, содан кейін Уильям Шарп, Мертон Миллер, Франко Модильянидің еңбектері әсер етті. Тәуекелділік теориясының дамуына үлкен үлесін қосқан, шетелдік зерттеуші - теоретиктердің ішінде Дж. М. Кейнс, А. Маршалл, О. Моргенштейн, Ф. Найт, Дж. Нейман, Б. А. Райзбергтің және т. б ғалымдардың ғылыми еңбектері арналған.

Мәселен, А. Маршалл экономикалық тәуекелділіктің пайда болу мәселелерін бірінші болып қарастырған. Ал, Дж. М. Кейнс инвестициялық және кәсіпкерлік тәуекелділікті сипаттай отырып, тәуекелділіктің жіктелу жүйесін ғалымдардың ішінде бірінші болып, құрастырған.

Тәуекелділіктің теориялық және тәжірибелік негіздерін зерттеген ресейлік ғалымдардың ішінде Шапкин А. С, Альгин А. П, Н. Б. Ермасова, Никитина Т. В, Тронин Ю. Н, Р. Н. Федосова, О. Г. Крюкова, Гермогентова М. Н, Н. А. Сафронова, Москвин В. А, Качалов Р. М және т. б ғалымдардың еңбектерін атап кетуге болады. Мұнай - газ саласындағы инвестициялық жобалардың экономикалық талдау мәселесімен төмендегі шетелдік және ресейлік авторлардың еңбектерінде қарстырылған: М. Тейман, К. Боулдинг, С. Джеванс, Г. Дейли, Х. К. Гумерский, Р. А. Зайнутдинова, О. М. Ермилова, К. Н. Миловида, А. Ф. Андреева және т. б.

Өндіріс компаниялардың экономикалық тиімділігін арттырудың негізгі мәселелерімен бірқатар қазақстандық ғалымдардың еңбектерінде де қарастырылған. Олар: Ысқақов. У. М, Сейтқазиева А. М, Егоров О. И, Қарғажанов З. К, А. Н. Тургунбаева және т. б.

Зерттеудің мақсаты және міндеттері. Кәсіпорынның тәуекелділігін басқару мәселелерін анықтау және қазіргі экономикалық белгісіздік жағдайында тәуекелділікті басқару механизмін әзірлеу болып табылады.

Зерттеу жұмысының мақсаты келесі міндеттерді шешуді талап етеді:

- тәуекелділік факторларын анықтау және оның нәтижелерін бағалау

- тәуекелділіктің негізгі концепцияларын зерттеу

- тәуекелділікті басқарудың негізгі әдістерді және құралдарды зерттеу

- қолайсыз жағдайларды төмендету үшін, тәуекелділік - стратегиясын әзірлеу

- қазіргі экономикалық белгісіздік жағдайында тәуекелділікті басқару механизмін зерттеу

- өндірістік кәсіпорынның табыстылығының тәуекелділігін басқару моделін құру

Зерттеу объектісі - «КазГермұнай» АҚ БК - ның қаржылық - шаруашылық қызметі болып табылады.

Зерттеу пәні - кәсіпорынның тәуекелділігін басқару механизмінің қалыптасуына әсер ететін, экономикалық құбылыстар және заңдылықтар.

Теориялық және әдістемелік негіздемесіне тәуекелділікті басқару және жоспарлау мәселесіне арналған, шетелдік және отандық экономистердің еңбектері жатады.

Зерттеудің эмпирикалық базасы мемлекеттің заңдық және нормативтік базалары, мемлекеттік статистикалық органдардың мәліметтері, шетелдік және отандық ғалымдардың еңбектерінің материалдары және «КазГермұнай» ЖШС БК - ның шоғырландырылған бухгалтерлік балансынан тұрады.

Диссертациялық жұмыстың ғылыми нәтижелері жүйелік амалдарды және тәуекелділікті бағалаудың статистикалық, эксперттік әдістерін қолдану арқылы алынған. Зерттеу барысында функционалдық, құрылымдық және ақпараттық модельдер құрылған. Осы әдістерді және модельдерді қолдану арқылы, өндірістік кәсіпорындарды басқару үрдісіндегі экономикалық құбылыстар талданған.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы шаруашылық тәуекелділікті басқару жүйесінің қалыптасуының теориялық - әдістемелік әдістерді әзірлеу болып табылады. Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы келесі мәселелермен анықталады:

- «Кәсіпкерлік тәуекелділік» анықтамаларының аппараты жетілдірілген: қаржылық тәуекелділіктің жіктелу қағидалары анықталған, тәуекелділік факторларының интегралды түсініктері ұсынылған.

- Белгісіздік жағдайда мұнай - газ компаниялардың шаруашылық - инвестициялық қызметінің ерекшеліктері анықталған.

- Өндірістік кәсіпорынның қаржылық - шаруашылық қызметін талдау арқылы тәуекелділік факторлары зерттелген.

- Тәуекелділікті басқарудың әдістемесі жетілдірілген: тәуекелділікті басқарудың қағидалары анықталған және тәуекелділікті бағалау әдістерін қолданудың жүйесі ұсынылған.

- Өндірістік кәсіпорындағы экономикалық тәуекелділікті басқарудың моделі ұсынылған.

Жұмыстың тәжірибелік мағынасы - ғылыми мәселенің шешудегі және автордың әзірлеген тұжырымдамалық ережелерінің негізінде, өндірістік кәсіпорындардың басқару тиімділігін жоғарлату бойынша тәжірибелік ережелер ұсынылған. Бұл ережелерге:

- кәсіпорынның басқару үрдісінің қызметіне ішкі және сыртқы факторларды анықтау арқылы, тәуекелділікті бағалау және басқару әдістерін енгізу.

- өндірістік кәсіпорынның инвестициялық жобаның тиімділігін бағалаудағы негізгі критерийлерін қолдану

- экономикалық тәуекелділікті басқару жүйесінің ақпараттық базасын құру.

Зерттеу апробациясы. Магистрлік диссертацияның негізгі теориялық және тәжірибелік мәселелері ғылыми конференцияларда баяндалған және олар жарияланған үш ғылыми мақалаларда жалпы көлемі екі баспа табақта көрініс тапқан.

Жұмыстың құрылымы. Магистрлік диссертация кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жұмыс 88 бетті қамтиды, сонымен қатар 20 суреттен, 19 кестеден және бес қосымшалардан тұрады. Жұмыстың бірінші бөлімінде - экономикалық тәуекелділіктің теориялық аспектілері қарастырылған. Екінші бөлімде - мұнай - газ компаниялардың белгісіздік жағдайдағы қаржылық - шаруашылық қызметі талданған. Үшінші бөлімде - өндірістік кәсіпорынның мысалында экономикалық тәуекелділікті басқару жүйесі ұсынылған.

1 ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДІЛІКТІ БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Өндірістік кәсіпорынның қызметіне әсер ететін негізгі

тәуекелділік факторлары

Көптеген фирмалар, компаниялар тәуекелділікпен тікелей байланысты, инновациялық-экономикалық қызметтің нәтижесінде бәсекеге қабілетті болады. Кез-келген компанияның экономикалық қызметі тәуекелділікпен байланысты [1, 8б. ] . Сондықтан, бұл мәселе экономистердің ерекше қызуғышылығын танытып, жан-жақты зерттеуді талап етеді.

Кәсіпкерлік қызметтегі және бизнестегі тәуекелділік - басқару ғылымының құрамдас бөлігі ретінде, теориялық және қолданбалы мәнге ие болады. Бірақ, бүгінгі күнде экономикада тәуекелділіктің жалпы қабылданған түсінігі жоқ. Тәуекелділік мәселесіне арналған экономикалық әдебиеттерді талдауда - экономистердің арасында кәсіпкерлік тәуекелділікке қатысты бірыңғай түсініктің жоқтығын көрсетеді. Бұл жағдай - біздің мемлекеттегі көптеген компаниялардың және мемлекеттің осы мәселеге ерекше назар аудармаумен түсіндіріледі. Сондықтан, экономикада тәуекелділіктің әр түрлі көзқарастағы көптеген анықтамалары бар. Көптеген экономистердің ғылыми еңбектерін зерттеу нәтижесінде экономикалық тәуекелділіктің анықтамалары қарастырылған:

Кесте 1. 1 - «Кәсіпкерлік тәуекелділік» анықтамаларының тізбесі

Анықтамалар
Қайнар - көздер
№: 1
Анықтамалар:
  1. Өндірістік шығындардың пайда болу мүмкіндігі және ықтималдылығы
  2. Шығындар қауіпсіздігі
  3. Қауіпсіздікпен байланысты мүлік немесе адам
  4. Әлеуетті шығындарды ақшалай бағалау
  5. Өндіріс шығындарға қатысты психологиялық қауіпсіздік
  6. Нақты шығындардың варияциясы
Қайнар - көздер: The RIMS Risk Management Glossary, N-Y 2001
№: 2
Анықтамалар: Қазіргі немесе болашақтағы инвестициялар портфель құнының өзгеруінің мүмкіндігі
Қайнар - көздер: Dembo R., Freeman A. End Gand Ine, 1998, P 24
№: 3
Анықтамалар:
  1. Белгілі - бір жағдайда және уақытта мүмкін болатын нәтижелердің вариациясы
Қайнар - көздер: Risk Management and Insurance/by C. A. Williams N. Y., 1989, P 8
№: 4
Анықтамалар:
  1. Бір экономикалық жағдайдан екінші экономикалық жағдайға өту кезінде, субъект үшін күтпеген жағдайдың пайда болу мүмкіндігі
Қайнар - көздер: Риск - менеджмент Учебник/ В. Н. Вяткин, Ю. А. Гализа, Ю. Ю. Екатеринославский, Москва, 2003, С 10
№: 5
Анықтамалар:
  1. Белгісіздік жағдаймен байланысты кәсіпорынның экономикалық қызметі
  2. Қарама - қарсы іс - әрекеттерге негізделген күрделі экономикалық құбылыс
Қайнар - көздер: Экономические и финансовые риски: оценка, управление, портфель инвестиций. Шапкин А. С., Москва 2006, С 6
№: 6
Анықтамалар:
  1. Белгісіздіктен өтумен байланысты экономикалық қызмет
  2. Мақсаттан ауытқуды және күтілген нәтижені бағалау ықтималдылығы
Қайнар - көздер: Альгин А. П. «Грани экономического риска» Москва, 1989, С 15
№: 7
Анықтамалар:
  1. Әлеуетті ақша ағымдарын алмау
Қайнар - көздер: Кейнс Дж. М. «Общая теория занятости, процента и денег» Москва 1999, С53
№: 8
Анықтамалар:
  1. Белгілі - бір субъектінің экономикалық қызметіне қажетті емес құбылыстардың пайда болу мүмкіндігі
  2. Экономикалық категория ретінде белгісіздік жағдайдың болу немесе болмау ықтималдылығы
Қайнар - көздер: Н. Б. Ермасова «Риск - менеджмент организации» Москва 2008, С 48
№: 9
Анықтамалар:
  1. Кәсіпкердің белгісіздік жағдайда жоспарланбаған қосымша шығындарға тап болуы
Қайнар - көздер: Никитина Т. В. «Страхование коммерческих и финансовых рисков», СПб: Питер, 2002
№: 10
Анықтамалар:
  1. Белгісіздік жағдаймен тікелей байланысты экономикалық құбылыс
  2. Мүмкін болатын қауіптілік
Қайнар - көздер: Тронин Ю. Н., Юлдашев Р. Т. «Системный анализ базовых понятий предметной области» Москва 1999, С33
№: 11
Анықтамалар:
  1. Белгісіз жағдайлардың болу ықтималдылығын сипаттайтын құбылыс
  2. Кәсіпкерлік тәуекелділік - экономикалық еркіндіктің қарама-қарсы жағы
Қайнар - көздер: Р. Н. Федосова, О. Г. Крюкова «Управление рисками промышленного предприятия» Москва 2008, С9
№: 12
Анықтамалар:
  1. Шешімдерді қабылдауға мүмкін болатын экономикалық, саяси, техногендік және т. б. салдардың жиынтығы
  2. Белгісіздік факторды жоюмен байланысты, субъектілердің шаруашылық қызметі
  3. Кәсіпорынның өзінің ресурстарын жоғалту қауіпсіздігі
  4. Кәсіпорынның жоспарланған табысқа жетпеу жағдайы
  5. Қосымша жоспарланбаған шығындардың пайда болу ықтималдылығы
Қайнар - көздер: Гермогентова М. Н., Кокурин Д. И., Серегин Е. В. «Финансовая среда предпринимательства и предпринимательские риски» Москва 2005, С25, 26
№: 13
Анықтамалар:
  1. Мүмкін болатын болашақ жағдайлардың саны ағымды жағдайлардан көп болатын экономикалық жағдай
Қайнар - көздер: Bannok G. «the Pengium Dictonary of Economics» N. Y. 1987
№: 14
Анықтамалар:
  1. Ресурстарды жоғалту, жоспарланған табысқа жетпеу және кәсіпкерлік қызметте қосымша операциялық шығындардың пайда болу ықтималдылығы (қауіп)
Қайнар - көздер: Н. А. Сафронова «Экономика предприятия» Москва 2004, С567
№: 15
Анықтамалар:
  1. Әр түрлі факторлардың әсерімен белгісіздік жағдайдың пайда болу мүмкіндігі
Қайнар - көздер: Москвин В. А. «Управление рисками при реализации инвестиционных проектов» Москва 2004, С51
№: 16
Анықтамалар:
  1. Кәсіпорын қызметінің тиімділігін жоғарлататын немесе төмендететін тәуекелділік жағдайлар және факторлардың жиынтығы
Қайнар - көздер: Качалов Р. М. «Управление хозяйственным риском», Москва 2002
№: 17
Анықтамалар:
  1. Экономикалық шешімдерді қабылдау кезінде пайда болатын шығындардың ықтималдылығы
Қайнар - көздер: А. Н. Тургунбаева «Инновации и риски», Алматы 2008, С68
№: 18
Анықтамалар: 1) Статистикалық берілгендерді талап ететін, қолайсыз жағдайдың пайда болу ықтималдылығы
Қайнар - көздер:

www. yandex. ru

Википедия

Жоғарыдағы кестеде көрсетілген кәсіпкерлік тәуекелділіктің анықтамаларын талдау нәтижесінде, көптеген авторлар «тәуекелділік жағдайы» және «тәуекелділікті жоғарлататын факторлар» түсініктерді бірге қарастыратынын көруге болады. Сонымен қатар, тәуекелділік - қарама - қарсы іс-әрекеттерге негізділген күрделі экономикалық құбылыс болып табылады. Көптеген экономистер тәуекелділіктің анықтамасына келесі базалық қасиеттерді қосады: белгісіздік, шығын немесе пайда және т. б.

Тәуекелділік ықтималдылық және белгісіздік жағдайлармен тығыз байланысты. Өйткені, бұл екі экономикалық фактор тәуекелділіктің негізі болып табылады, сондықтан бұл екі фактордың анықтамасын қарастырайық.

Ықтималдылық - белгілі бір нәтижені алу мүмкіндігі, яғни белгілі бір А жағдайының болу немесе болмау мүмкіндігі [2, 53 б. ] .

Белгісіздік - күтілген қауіпке байланысты кез-келген белгілі жағдайдың жоқтығы [1, 14б. ] . Кәсіпкерлік қызметтегі белгісіздік жағдайы әр-түрлі профильдегі экономистердің зерттеу объектісі болып табылады (заңгерлер, саясаткерлер, психологтар және т. б. ) . Өйткені, шаруашылық субъектілердің экономикалық қызметі көптеген факторларға байланысты. Бұл факторларды ішкі және сыртқы топтарға бөлуге болады:

- сыртқы факторлар - мемлекеттің заңдылығы, өндірілген өнімге қатысты нарықтың әсері, бәсекелес - фирмалардың іс-әрекеттері

- ішкі факторлар - фирма қызметкерлердің іс-әрекеттері, басқару жүйесі және т. б [3, 24 б. ] .

Жоғары мәселелерді талдау нәтижесінде келесі қорытындыны жасауға болады: тәуекелділіктің негізі - кәсіпорынның нарықтық ортасы және белгісіздік жағдайы болып табылады. Тәуекелділік өндірістік кәсіпорынның барлық активті операцияларда кездеседі. Егер, кәсіпорын инвестициялық жобаны іске асыруды жоспарласа - инвестициялық және нарықтық тәуекелділікпен байланысты болады; егер компания операцияларды жүзеге асырғанда - пайданы алмау тәуекелділікпен байланысты болады, яғни кәсіпкерлік тәуекелділік кәсіпорын қызметінің барлық операцияларда кездеседі.

Осыдан, тәуекелділік бұл - ықтималды үрдістермен тығыз байланысты белгісіздік жағдайы болып табылады. Тәуекелділік кәсіпорынның экономикалық қызметімен тікелей байланысты.

Кәсіпкерлік тәуекелділіктің анықтамаларын зерттеу нәтижесінде тәуекелділік жағдайлардың келесі қасиеттерді айқындауға болады:

- тәжірибеде мүмкін нәтижелерді анықтайтын оқиғаның кездейсоқ сипаты.

- балама шешімдердің бар болуы.

- өндіріс және операциялық шығындардың пайда болу мүмкіндігі.

Тәуекелділік - бұл кәсіпкерлік қызметтің нәтижеге жетуді сандық және сапалық бағалау мүмкіндігі бар оқиғаның, белгісіздік жағдайдан өтумен байланысты қызмет [1, 7 б. ] . Белгілі - бір баламаларды таңдауда және осы балама нәтижесінің ықтималдылығын анықтауда - тәуекелділіктің субъективті қасиеті - белгісіздік жағдайдың сапалық - сандық ерекшеліктері көрінеді.

Өндірістік кәсіпорынның экономикалық қызметіне әр түрлі факторлар әсер етеді. Кәсіпорынның экономикалық қауіпсіздігінің себебі ретінде тәуекелділік факторларын әр түрлі қасиеттер бойынша жіктеуге болады. Өндірістік кәсіпорынның шаруашылық қызметіне әсер ететін факторларды ішкі және сыртқы факторларға бөлуге болады [4, 19 б. ] .

Тәуекелділіктің сыртқы факторлары - кәсіпорынның сыртқы контрагенттермен байланысының нәтижесінде қалыптасады. Сыртқы факторлардың кәсіпорынның ішкі қызметімен байланысы жоқ. Тәуекелділіктің сыртқы факторларға келесі факторларды жатқызуға болады:

- саяси факторлар

- жалпы экономикалық факторлар

- әлеуметтік - экономикалық факторлар

- табиғи факторлар

- ғылыми - техникалық факторлар және т. б

Тәуекелділіктің ішкі факторлары - кәсіпорынның экономикалық - шаруашылық қызметін сипаттайды. Ішкі факторлар:

- коммерциялық факторлар

- өндірістік факторлар

- басқару тәуекелділігі

- инвестициялық тәуекелділік

- қаржылық қызметтің және пайдадан айырылып қалу тәуекелділігі

- кәсіпорын қызметкерлерінің жұмысының тәуекелділігі

- нарықтағы тепе - теңдік жағдайының өзгеруі.

Кәсіпорын қызметіне әсер ететін ішкі және сыртқы факторларды субъективті және объективті факторларға бөлуге болады. Объективті (сыртқы) факторларды кәсіпорынның деңгейінде жою өте қиын. Ал, субъективті (ішкі) факторларды алдын - ала болжау арқылы төмендетуге немесе жоюға болады. Тәуекелділік факторларын объективті және субъективті көрсеткіштер бойынша топтастыру жүйесі - тәуекелділікті басқарудың бағыттарын анықтауға мүмкіндік береді. Басқарудың бұл бағыттары арқылы тәуекелділікті тиімді түрде бағалауға және басқаруға болады. Сонымен қатар, кәсіпорынның шаруашылық қызметінің тәуекелділігі алдын - ала болжанған және күтілмеген факторларға бөлінеді. Объективті және субъективті амалдардан тұратын тәуекелділік концепциясы кәсіпорын қызметіне әсер ететін негізгі теріс факторларды анықтауға мүмкіндік береді [4, 27 б. ] .

Нарықтық экономиканың белгісіздігін анықтайтын негізгі факторларын қарастырайық. Олар: экономикалық есептеулерде уақыт факторы, нарықтық сұраныстың белгісіздігі, нарықтық бағаның өзгеруі, бәсекелестер туралы толық ақпараттың жоқтығы және т. б. Өндірістік кәсіпорынның қызметіне сыртқы факторлар: саяси, ғылыми - техникалық, жалпы экономикалық, әлеуметтік және табиғи факторлар әсер етеді. Ал, ішкі факторлардың ішінде басқару саласындағы тәуекелділік факторы, өндірістік қызметтегі тәуекелділік факторы, қаржылық қызметтің және пайдадан айырылып қалу тәуекелділігі және кәсіпорынның инвестициялық және инновациялық саясатының тәуекелділігін атап кетуге болады. Яғни, өндірістік кәсіпорынның қызметіне әсер ететін факторларды төмендегідей жіктеуге болады:

Кесте 1. 2 - Кәсіпорынның қызметіне әсер ететін тәуекелділік факторлары

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Теориялық және тәжірибелік материалдарды зерделеу нәтижесінде тәуекелділік пен анықталмағандық жағдайында басқарушылық шешімдерді қабылдауды жетілдіру жолдары
Кәсіпкерлік тәуекелдің мәні және түрлері
Кәсіпкерлік тәуекелділік: түрлері мен типтері және оның зардаптарын жеңілдету жолдары
Тәуекелді басқару туралы
Теміржол көлігіндегі инновациялық қызметті талдау
Шешімдер варианттарын тұжырымдау
Қаржылық тәуекелдерді басқару әдістері
Шағын және орта кәсіпорын менеджменті пәнінің оқу-әдістемелік кешені
Кәсіпкерлік тәуекелділік
Нарық жағдайында тәуекел кәсіпкерліктің шешуші элементі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz