Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы жасалған қылмыстар үшін қылмыстық жауаптылық мәселелері


Мазмұны

Кіріспе3

1 тарау. Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстардың жалпы

сипаттамасы

1. 1 Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстардың түсінігі және маңызы6

1. 2 Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстардың заңдылық сипаттамасы---8

ІІ тарау. Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстардың түрлері және

олардың жауаптылық ерекшеліктері12

2. 1. Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстардағы ұйымдасқан қылмыстық

топтардың жасайтын қылмыстары13

2. 2 Жалпыға бірдей қауіпті заттарды қолдану ережелерін

бұзумен байланысты қылмыстар37

ІІІ тарау. Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстар арасындағы

қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстардың жауаптылық

ерекшеліктері

3. 1 Жаппай тәртіпсіздік қылмысының ұғымы мен оның сипатамасы49

3. 2 Бұзақылық қылмысының сипаттамасы51

3. 3 Тағылық қылмысының жауаптылық ерекшілігі56

Қорытынды59

Қолданылған әдебиеттер тізімі61

КІРІСПЕ

Еліміздің тәуелсіз, демократиялық, құқықтық мемлекет болып жарияланғанына он жыл болды. Осы жылдар ішінде көптеген іс тындырылғаны мәлім. 1997 жылы шілде айының он алтыншы жұлдызында Қазақстан Республикасы жаңа Қылмыстық кодексі қабылданып, ол 1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап заңды күшіне енді.

Жаңа Қылмыстық заңның ең басты міндеттерінің бірі - адам, қоғам, мемлекет мүддесін қорғау болып табылады.

Қылмыстық құқық жеке құқық саласы ретінде адамды, оның құқықтары мен бостандықтарын, қоғамды және мемлекетті қылмыстық қол сұғушылықтан қорғауға бағытталған қоғамдық қатынастарды реттейді.

Жеке адам мен қоғам арасындағы қатынастардың қайсысының қоғамға қауіптілік дәрежесінің басым екендігін анықтау және оған осы мәселеде қылмыстық құқылық шараларды реттеу қылмыстық заңның негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.

Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары мемлекет арқылы қорғалады. Қазақстан Республикасының Конституциясының 2-бөлімі осы мәселеге тікелей арналған. Конституцияның 1-бабында "Ең қымбат қазына - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары", - деп жарияланған.

Осыған орай, Қазақстан Республикасындағы барлық құқық салалары соның ішінде Қылмыстық кодексте адамды қорғауды өзінің міндеті деп санайды. Қазақстан Республикасының ҚК - нің 2 - бабында адам және азаматтың құқықтары бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау ең басты міндет ретінде көрініс тапқан. Қазақстан Республикасында барлық заңдары жеке бостандықтарын қорғауға әруақытта артықшылық береді.

Күнделікті өмірде қылмыс жасады қоғамдық тәртіпті бұзды деген сөзді жиі естуге болады. Демек, мұндай әрекет жасаушылар білмей немесе қасақана заңдылықты, құқық тәртібін бұзады. Соның нәтижесінде құқық бұзушылық пайда болады. Құқық бұзушылық дегеніміз құқыққа қарсы, қоғамға қайшы, тұлғаға зиянды, қауіпті кінәлі деп танылып жасалынатын әрекет немесе әрекетсіздік.

Қылмыс - бір адам арқылы емес бірнеше адамның бірігуі арқылы істелуі мүмкін. Бірнеше адамның қылмыс істеуінің нәтижесінде істелген қылмыстық мәні, одан туындайтын зиянның мөлшері де жеке дара адам істеген жауапты болатын адамдардың санын тура анықтау қажеттілігі туындайды.

Сондай-ақ бұл адамдардың жауаптыларының негізі мен шегін, олардың әрқайсысының бірігіп қылмыс істеудегі кінәсінің мәні мен дәрежесіне қарай салыстыру, әрбір қылмыскердің жеке тұлгасының ерекшеліктерін анықтаудың маңызы зор. Қылмысқа қатысу институты ғана осы мәселелерді анықтауға толық мүмкіндік туғызады.

Жаңа Қылмыстық заңда қылмысқа бірігіп қатысудың ұғымы, оған қатысушылардың (орындаушылар, ұйымдастырушылар) жекелеген іс-әрекет сипаттайтын белгілер және оларға жаза тағайындаудың негізгі қағидалары, сондай-ақ қылмысқа қатысу нысандарының анықтамасы берілген (ҚК-тік 21-31 баптары) 1.

І тарау. Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстардың

жалпы сипаттамасы

1. 1 Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстардың

түсінігі және маңызы

Қылмыстық кодексте жазалау қатерімен тыйым салынған айыпты қоғамдық қауіпті әрекет (іс-әрекет немесе әрекетсіздік) қылмыс деп танылады. Қылмыстық заңды ұқсастығы бойынша қолдануға жол берілмейді.

Көптеген Батыс Еуропа елдерінің қылмыстық құқықтарында, қылмыстың формальды анықтамаларына түсінік беруі орын алған, отанымыздың қылмыстық құқықтарына тән, қылмыстық заңда, жазалау қатерімен тыйым салынған материалды - формалды анықтамадағы әрекет дәстүрлі түрде орын алғандығы белгілі.

Егер қылмыстың түсінігі формальды - анықтамаға түсінік бере отырып қол сұғушылықтың құқыққа қарсы формальды белгілеріне сілтеме жасаса, ал материалды анықтамада формальды белгілерімен міндетті түрде материалды қоғамға қауіптілік әрекет немесе әрекетсіздік болып табылады.

Қылмыстың түсінігі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі 9-бабында берілген. Осы кодексте жазалау қатерімен тыйым салынған айыпты қоғамдық қауіпті әрекет (іс-әрекет немесе әрекетсіздік) қылмыс деп танылады.

Берілген анықтамаға сәйкес, қылмыс міндетті белгілерімен сипатталынады. Бұл - қоғамға қауіптілік, оның құқыққа қайшылығы, кінәлік және жазалылық. Тек қана осы көрсетілген белгілердің жиынтығының болуымен ғана байланысты қол сұғушылық қылмыс болып табылуы мүмкін.

Қылмыстың бірінші белгісі - оның қоғамға қауіптілігі. Қоғамға қауіптілік - қылмыстық заңмен қорғалған қоғамдық қарым - қатынасқа нақты қауіптілік тудыратын немесе зиянын тигізетін қылмыстың объективті белгісі (әрекет немесе әрекетсіздік) .

Қоғамға қауіптілік қылмыстың нақты түрдегі сапалық белгісі болып табылады, яғни заң атқарушы тек осы қоғамға қауіптіліктің белгілерін анықтаумен ғана байланысты әрекет немесе әрекетсіздіктің қылмыс қатарына жатқызуға болатындығын көрсетеді. Қоғамға қауіптілік іс-әрекеттің қоғамдық қатынастарға зиян келтіруін немесе зиян келтіру қаупін туғызуы белгілерімен сипатталынады. Заң атқарушы, егер қолсұғушылыққа тыйым салуды міндетті түрде таба отырса, қауіп туғызған нақты әрекет немесе әрекетсіздікті әрқашан да қылмыс қатарына жатқыза бермейді.

Қоғамға қауіптілік - тек қылмысқа ғана қатысты деп айтуға болмайды. Әкімшілік құқық мысалы, қоғамға немесе мемлекетке жеке адамға зиян тигізеді. Бірақ олардың қоғамға қауіптілігі едәуір төмен.

Заң шығарушы қылмысты басқа құқық бұзушылықтан айырып көрсетуі үшін, қол сұғушылықтың нәтижесінде болатын зардаптардың белгілерін сипаттайтын белгілерді ҚК-тің Ерекше бөлімі баптарының диспозициясында көрсеткен. Қоғамға олардың жерленген жерлерін қорлағаны (275-бабының 2-бөлігі), көлік құралдарын немесе қатынас жолдарын қасақана жарамсыз еткені (299-бап) үшін қылмыстық жауапқа тартылуы тиіс.

1. 2 Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстардың заңдылық

сипаттамасы

Қылмыстық қауіпсіздік адамдардың қауіпсіз өмір сүруін, бірқалыпты қызметін, радиоактивті материалдарды заласыз пайдалану, қаруды, оқ-дәріні, жарылғыш заттарды немесе жарылғыш қондырғыларды тиісінше және қауіпсіз пайдалану, сондай-ақ таукен немесе құрылыс жұмыстарын қауіпсіз жүргізуді реттейтін қоғамдық қатынастардың жиынтығы болып табылады.

Бұл қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстардың топтық объектісі болып табылады. Бұл қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстардың тікелей объектісі қоғамдық қауіпсіздіктің жекелеген салалары (адам өмірінің және оның қызметінің қауіпсіздік шарттары: өліммен аяқталатын зардап туғызуы мүмкін жұмыстарды жүргізу және т. б. ) болып табылады. Осы топқа жататын кейбір қылмыстардың қосымша тікелей объектісі адамның өмірі мен денсаулығы болуы мүмкін. Объективтік жағынан алғанда, қоғамдық қауіпсіздікке жататын кылмыстардың көпшілігі әрекет арқылы, ал біршамалары әрекет немесе әрекетсіздік күйде (ҚК-тің 245, 246-баптары) жүзеге асырылады.

Көптеген қылмыстар кұрам жағынан формальдық (ҚК-тің 233, 234, 237 баптары), ал қайсыбіреулері материалдық құрамға (ҚК-тің 245, 244 баптары) жатады. Адамның, оның құқықтары мен бостандығын ең жоғарғы әлеуметтік құндылық деп тану адамдардың қауіпсіз тіршілігін, қоғамдық және мемлекеттік құрылымдардың қалыпты қызмет атқаруын қамтамасыз ете алатын, тиісті әлеуметтік жағдайлар құрылуына байланысты. Азаматтардың еңбек етуімен демалуы, мемлекеттік тәртіпті қорғау үшін қажетті жағдайлар құруға бағытталған құқықтық шаралар жүйесі адамдардың, қоғамдық және мемлекеттік мүдделердің әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ететін маңызды фактор болып табылады. Қоғамдық қауіпсіздік және қоғамдық тәртіпке бағытталған қол сұғушылық үшін жауаптылық көздейтін ҚР ҚК 9-тарауының нормалары осындай шаралардың қатарына жатады.

Қоғамдық қауіпсіздік және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстардың ерекшелігі олардың қоғамдық қатынастардың қалың тобы үшін зиянды екендігіне (жеке бастың, кәсіпорындардың, мекемелердің ұйымдардың және басқа әлеуметтік құрылымдардың қалыпты жұмыс атқаруының қауіпсіздігі үшін) . Бұл санаттағы қылмыстарды жасау кезінде тек жеке бір адамның мүддесіне ғана емес, қоғам өмірінің қауіпсіз жағдайларына тұтасынан, яғни қоғамдық маңызды мүдделерге зиян келтіреді. Осыған байланысты, түгел қоғам қалыпты және қауіпсіз жағдайлары, қоғамдық тәртіп, түрлі жұмыстар жүргізу және жалпыға бірдей қауіпті заттарды қолдану кезіндегі қауіпсіздік сияқты әлеуметтік құндылықтар тікелей қылмыстық ықпалға ұшырауы мүмкін.

Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексінің жалпыға бірдей қауіпсіздікті қоғамдық қауіптілікті оның тар мағынасы да ғана емес, сол сияқты қоғамдық адамгершілікті, т. б. қамтамасыз етуші қоғамдық қатынастардың үлкен тобының құрамдас бөлшегі ретінде қарастырады. Бұл қоғамдық қатынастардың барлық жиынтығы Қылмыстық кодексте қоғамдық қауіпсіздік (кең мағанасында) және қоғамдық тәртіп деп аталып, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 9-тарауына кіретін қылмыстардың текті объектісін құрайды.

Заңға сәйкес, Қылмыстық кодексінің 9-тарауының нормалары мен қарастырылған қылмыстардың объектісі - қоғамдық қауіпсіздік және қоғамдық тәртіп болып табылады, яғни, қоғамның әр мүшесінің өмір сүру жағдайының қауіпсіздігін, әр түрлі жұмыстар жүргізу кезінде және жалпыға бірдей қауіпті заттарды қолдану барысында жеке бастың, қоғамның немесе мемлекеттің мүдделерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететіндей қоғамдық қатынастардың жиынтығы.

Объективті жағынан алғанда, қоғамдық қауіпсіздік және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстардың көпшілігі әрекет арқылы жасалынады:

- терроризм (Қылмыстық кодексінің 233-бабы), бұзақылық (ҚК - нің 257- бабы) және басқалары.

Жекелеген қылмыстар тек әрекетсіздік арқылы да жасалуы мүмкін:

- атом энергетикасы объектілерінде қауіпсіздік ережелерін бұзу (ҚК-нің 244-бабы), таукен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу (ҚК-нің 244-бабы және басқалары) . Қоғамдық қауіпсіздік және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстардың көпшілігі формальды құрамдас қылмыстар қатарына жатады: заңсыз әскерилендірілген құраманы ұйымдастыру (ҚК-нің 236-бабы), қаруды заңсыз жасау (ҚК-нің 252-бабы) және тағы басқа кейбір қылмыстардың құрамы материалды болып құрастырылған, мысалы, өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу (ҚК-нің 256-бабы) .

Субъективті жағынан алғанда, қоғамдық қауіпсіздік және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстардың көпшілігі кінәнің қасақана түрінің болуымен сипатталады. Бірқатар қылмыстар тек абайсызда жасалады, мысалы, атыс қаруын ұқыпсыз сақтау (ҚК-нің 253-бабы) 2.

Қылмыстық кодексінің 233, 234 баптары 2-бөлімі, 235, 237-240 баптарында көзделген қылмыстарда мақсат міндетті белгі болып табылады.

Қарастырылушы қылмыстардың субъектілері - он алты жасқа толған тұлғалар. Ал Қылмыстық кодекстің 233, 234, 242, 255-1, 2- бөлімдері, 257-258 баптарымен көзделген. Қылмыстардың субъектілері 14 жасқа толған тұлғалар болып табылады. Көп жағдайларда бұл қылмыстардың субъектілері жеке тұлғалар болса, жекелеген жағдайларда арнайы белгілері бар тұлғалар болуы мүмкін.

ІІ тарау. Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстардың түрлері және олардың жауаптылық ерекшеліктері

Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстар қоғамдық тыныштық жағдайын, әлеуметтік құрылымдардың қалыпты қызмет атқаруын, түрлі жұмыстар жүргізу кезінде немесе қоғамдық заттарды қолдану кезінде жеке бастың, қоғамның немесе мемлекеттің мүдделерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуші қоғамдық қатынастарға елеулі зиян келтіруші немесе мұндай зиян келтіру қаупін тудырушы, қылмыстық заңға қөзделген қоғамдық қауіпті әрекеттерден тұрады.

Қарастырылушы қылмыстарды тікелей объектілерге байланысты топтарға бөлуге болады:

Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстар. Қылмыстардың аталған тобы, қоғамдық өмірдің кез-келген бөлігінде жасалып, тұтас қоғам өмірінің қалыпты, қауіпсіз жағдайын сақтау саласындағы ең маңызды мүдделерін қозғауы мүмкін. Оттардың қатарына Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 233-234- баптарымен көзделген қылмысты әрекеттер жатады.

Түрлі жұмыстар жүргізу кезінде, қауіпсіздік ережелерін бұзумен байланысты қылмыстар. Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 244-246 - баптарымен көзделген қылмыстар құрайды.

Жалпыға бірдей қауіпті заттарды қолдану ережелерін бұзумен байланысты қылмыстар. Бұл топқа Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 247-256 баптарымен көзделген әрекеттер кіреді.

4. Қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстар. Қоғамдық тәртіп - қылмыстың объектісі ретінде қоғамдық тыныштықты, азаматтардың еңбектенуі, демалуы, тұрмысы үшін, сонымен қатар, кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың жұмысы үшін қалыпты жағдай қамтамасыз ете алатын қоғамдық қатынастар жүйесінен тұрады. Бұл топтағы қылмыстарға Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 257-258 баптарымен көзделген әрекеттер жатады.

Әрине, қылмыс жасау үшін арнайы ұйымдастыру, даярлық әрекеттерін орындап, тұрақты қылмыстық топ құрып мемлекеттің мүлкін талан-таражға салу әрекеттерінің сонау 70-80 жылдары да бой көрсеткендігін сол тұста еңбек еткен аға буын тергеушілер, судьялар жақсы біледі. Олар өздерінің шеберлігі, қыралығы, тиянақтылығының арқасында көптеген ұйымдасқан талан-таражға салушылар тобын әшкерелеп, мемлекетке миллиондаған қаражатты қайтаруға атсалысты.

2. 1. Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстардың арасынан ұйымдасқан қылмыстық топтардың жасайтын қылмыстары.

Ұйымдасқан қылмыстық топ құру және оған қатысуды мемлекетіміз алғаш рет 1995 жылы дербес қылмыстың құрамы деп танып, сол жылы 17 наурыз күні Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақ ҚСР Қылмыстық кодексіне 63-3 бап енгізілді. Одан кейін яғни 1998 жылдың 1 қантарынан күшіне енген Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 235-бабында ұйымдасқан қылмыстық топ немесе қылмыстық қауымдастықты (қылмыстық ұйымды) құру және оны басқару, қылмыстық қоғамдастыққа қатысу дербес қылмыстың құрамы болып белгіленді. Ұрлықты саралаған кезде бір топ адам жасаған ұрлықты ұйымдасқан қылмыстық топ жасаған ұрлықтан ажырата білген жөн. Ұйымдасқан қылмыстық топқа бірнеше қылмыс жасамақшы оймен алдын ала біріккен екі немесе одан да көп адамнан тұратын топ жатады деп түсіну қажет. Қылмыстық қауымдастыққа бір басшылықпен қылмыстық әрекет жасаумен айналасу үшін құрылған құрылымдық бірігулер жатады деп түсіну қажет. Оның ұйымдасқан қылмыстық топтан бір айырмашылығы сол, қылмыстық қауымдастық құрылымында екі немесе одан да көп қылмыстық топ бөлімшелері болады. Алдын-ала сөз байласқан бір топ адамнан, ұйымдасқан

қылмысты топ пен қылмыстық қауымдастықтың негізгі айырмашылығы - олар ұйымдасқан және тұрақты келеді.

Қылмыстық топ пен қылмыстық қауымдастықтың ұйымдасқандығы мен тұрақтылығын олардың құрамы мен ұйымдық құрылымының қалыптары, олардың мүшелерінің топтасқандығы, топтық тәртіпке және ұйымдастырушы және жетекшінің талаптарына бағыныштылығы, қылмыстық әрекеттерінің түрімен тәсілдерінің ұқсастығы, қылмыс жоспарлау мен оған жан-жақты даярлық жасауы, қатысушылар арасын да рольдерді бөлісу, қылмысты жасырудың алдын-ала шараларын және қылмыстық әрекеттерден тапқан мүлікті өткізіп жіберуді қамтамасыз ету шаралары, тағы сол себептерімен белгілері дәлелдей алады.

Ұйымдасқан қылмыстық топ немесе қылмыстық қауымдастық жасаған ұрлыққа тікелей қатысқан ғана емес, қаржыландыруға, ұрлық объектілерді табуға, көлікпен және тағы басқалармен қамтамасыз етуге бағытталған басқа да әрекеттер, ұйымдасқан топқа не қылмыстыққа қатысқан деп табылады.

Мінеки, Қазақстан Республикасыньң ең Жоғары Сот төрелігін айтатын бұл мәселеге белгілі бағыт беріп, анықтауға жататын мән-жайлардың ара жігін ажыратып, алдын ала тергеу мен сот отырысында ең алдыменен қандай әрекеттерді орындау қажеттігін осылайша айқындаған. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты өз қаулысында бөтеннің мүлкін ұрлау мақсатында құрылған қылмыстық топ жөнінде түсіндірме бермегенімен, мұндай талан-таражға салу, есірткі бизнесі, мемлекеттің ұлттық және экономикалық қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар жасау мақсатыңда да құрылатынын жадымыздан шығармауымыз керек.

Көрсетілген қылмыс құрамы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексіне тұңғыш рет еңгізіліп отыр. Ұйымдасқан қылмыс жеке адам, қоғам, мемлекет үшін аса қауіп тудыратын жалпыға мәлім. Осыған орай осы қылмыстың тікелей объектісі - қоғамдық немесе мемлекеттік қауіпсіздік болып табылады. Өйткені, ұйымдасқан қылмыс мемлекеттің, қоғамдық ұйымдастырудың әртүрлі құрылымдарының бірқалыпты дұрыс қызмет атқаруына кедергі келтіруімен бірге, олардың дұрыс қызметіне сан қилы тосқауылдар жасап, нақты қауіп төндіреді.

Объективті жағынан Қылмыстық кодекстің 235-бабында көрсетілген қылмыс құрамы төмендегіше түрде сипатталады:

а) ұйымдасқан қылмыстық топты құру, сондай-ақ оны басқару

(235-баптың 1 тармағы) ;

б) қылмыстық қоғамдастықты (қылмыстық ұйымды) ауыр немесе аса

ауыр қылмыс жасау үшін құру;

в) қылмыстық қоғамдастықты (ұйымды) немесе оған кіретін

құрылымдық бөлімшелерді басқару;

г) қылмыстық топтардың ұйымдастырушыларының, басшыларының

немесе өзге де өкілдерінің бірлестіктерін құру (Қылмыстық

кодексінің 235 баптың 2 тармағы) ;

Қылмыстық қоғамдастықты басқаруға оны немесе оған кіретін бөлімшелерді тікелей басқарып, жұмысын ұйымдастыру, олардың құжаттарын дайындау, қоғамдастыққа кіретін, адамдардың, олардың бірлестіктерінің міндеттерін, рольдерін айқындау, оларға міндет жүктеу әрекеттері жатады.

Қылмыстық қоғамдастыққа қатысуда, осы қоғамдастықтың міндеттерін тікелей жүзеге асыру үшін қылмыстық әрекеттердің тікелей орындаушысы болу немесе қылмысты жүзеге асыру үшін көмекші міндеттерді атқару немесе қылмыстық қоғамдастықты қажетті құжаттармен, басқа материалдармен жабдықтау әрекеттерін жүзеге асырушылықтар жатады.

Субъективтік жағынан қылмыс тікелей қасақаналықпен жасалады: кінәлі үйымдасқан қылмыстық топ, қауымдастық (үйымды) қүрудың, оны басқарудың немесе оған қатысудың қоғамға қауіпті, заңға қайшы екенін сезеді, біледі, бірақ соған қарамастан оны құруды, оған басшылық етуді немесе оның қызметіне қатысуды тілейді.

Қылмыстық кодексінің 235 бабының 1, 2, 3 тармақтарында көрсетілген қылмыстардың субъектісі болып 16-ға толған, есі дұрыс кез келген адам, ал осы баптың 4 тармағында көрсетілген қылмыстың субъектісі болып - арнаулы субъект (қылмысты әрекеттерді істеуге лауазымдық жағдайын пайдаланған лауазым иелері немесе өкімет "өкілдері" танылады.

Ұйымдасқан қылмыстық топты құру, сол сияқты оны басқару - бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Қылмыстық қоғамдастықты (қылмыстық ұйымды) ауыр немесе оған кіретін құрылымдық бөлімшелерді басқару, сол сияқты ауыр немесе аса ауыр қылмыстар жасау үшін жоспарлар мен шарттар әзірлеу мақсатында ұйымдасқан қылмыстық топтардың ұйымдастырушыларының, басшыларының немесе өзге де өкілдерінің бірлестіктерін құру - мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Осы баптың бірінші, екінші, үшінші бөліктеріне көзделген әрекеттерді адам өз қызмет бабын пайдалана отырып жасаса - мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, сегіз жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Заң террорлық әрекетке - адамдардың қаза болуы, елеулі мүліктік зиян келтіру не қоғамға қауіпті басқа зардаптардың болу қауіпін төндіретін жарылыс жасауды, егер осы іс-әрекеттер қоғамдық қауіпсіздікті бұзу, халықты қорқыту не мемлекеттік ықпал ету мақсатына жасап, сондай-ақ аталған іс-әрекеттерді дәл осы мақсатта жасаумен қорқытуды іске асыру идея Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 233-бабы осыңдай анықтама береді.

Терроризм - қазіргі дәуірдегі ең кауіпті қылмыс түрі болып табылады. Мұндай қылмыстар көп жағдайларда ұлттық шектен шығып халықаралық сипат алуда. Террорлық әрекеттер әртүрлі болуы мүмкін, бірақ оның бәрін біріктіретін екі түрлі элемент бар. Оның бірішпісі - терроризм мемлекеттік өкімет билігін күйретуге бағытталған; екіншісі - терроризмді жүзеге асыру арқылы, яғни террористердің ұйымдасқан, қатыгездік әрекеттер арқылы тұрғындарға үрей, қорқыныш қорғансыздық сезімен туғызу болып табылады.

Қылмыстың объектісі - қоғамдық қауіпсіздік. Қылмыстың объективті жағы төмендегідей әрекеттердің болуымен сипатталады:

а) адамдардың қаза болуы, елеулі мүліктік зиян келтіру немесе қоғамға қауіпті басқа зардаптардың болу қауіпін төндіретін жарылыс жасау, өрт қою немесе өзге де іс-әрекеттер жасау;

б) аталған әрекеттерді жасаумен қорқыту;

Заң тұрғысынан алғандағы мағынасына сәйкес терроризмді адамдар көбірек шоғырланатын құнды мүліктер сақталатын жерлерде жүзеге асырытатын немесе ең бастапқыда-ақ белгілі бір маңыздылығы бар ғимаратты не құрылысты жоюға бағытталған жарылыс жасау, өртеп жіберу немесе басқа да әрекеттер құрайды. Жарылыс жасау не өртеуден басқа, адамдардың қаза болуы не елеулі мүліктік зиян келтіру қаупін немесе өзге де қоғамдық қауіпті салдардың орын алуын тудыратын басқа да әрекеттер осы қылмысты жасау тәсілдері болып табылады (гранатамен ататын немесе дәрімен ататын қарудың басқа түрлерінен ату, электрмен, сумен не газбен жабдықтаушы жүйелерді істен шығару, т. б. ) .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстар ұғымы
Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстардың жекелеген түрлері және олардың жауаптылық ерекшеліктері
Қоғамдық қауіпсіздікке, қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар
Терроризмді дайындаушы тұлғалардың әрекеттерінде қылмыстың басқа құрамының болмауы
ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІККЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАРҒА ЖАЛПЫ СИПАТАММА
ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ЕРЕКШЕ БӨЛІМІНІҢ ТҮСІНІГІ
Құқықтық мемлекетті құру және қоғамдық өмірдің демократиялық бастамаларының дамуы
Қылмыстың тікелей объектісі - қоғамдык қауіпсіздік
ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІККЕ ЖАТАТЫН ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ МЕН САРАЛАНУЫ
Қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz