Коммерциялық банктің несиелік процесі


Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 83 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . 3

1 Несиенің экономикалық мәні және рөлі . . . 5

Несиенің мәні, қызметтері және негізгі формалары . . . 5

1. 2. Несиелік операцияларды және несиелік процессті ұйымдастыру . . . 17

1. 3 Несиелік мониторинг және несиелік портфельді басқару жолдары . . . 22

2. «ТУРАНАЛЕМБАНКң акционерлік қоғамның несиелік операцияларын талдау . . . 29

2. 1 Банктің қызметінің негізгі көрсеткіштері және оның талдауы . . . 29

2. 2 Банктің несиені орналастыру саясаты және оны

бағалау . . . . . . 43

Несиелік процесті ұйымдастыру және несиенің қамтамасыз

етілуін жетілдіру саясаты . . . 60

Қорытынды . . . 74

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 76

.

КІРІСПЕ

Коммерциялық банктің несиелік процесін зерттеу тақырыбы етіп таңдауымыздың себебі: елімізде банк қызметінің бұл саласының дамуы әлі де жеткіліксіз, сондай-ақ нарықтық экономика жағдайында банк қызметін ұйымдастыру ісінде жаңа әдістер қажет. Нарыққа көшкенде банк ісінің даму проблемасы, халыққа көрсетілетін банк қызметін жетілдіру айрықша маңызға ие болды. Бұған бірнеше факторлар әсер етті.

Біріншіден, банк жүйесінің құрылымы өзгерді. Банк шығармашылығындағы белсенді процесс, банк ісінің мемлекеттік монополиядан кетуі банктердің клиенттермен өзара қарым-қатынасын өзгертті.

Екіншіден, экономикадағы ескі әкімшілік-басқару жүйесінің түбірімен бұзылуы банк саясатының мазмұны мен оның басымдық бағыттарын өзгертті. Осыған орай бұл еңбекте банктің ішкі несие саясатына кең мағынада (несиеор мен қарызгер тұрғысында банк ұстанымы) айрықша назар аударылған.

Үшіншіден, несие нарығының дамуы (ұлттық және халықаралық) нарық талаптарын ескере отырып, банк қызметі мәнінің өзгеруін көрсетеді. Банк менеджментін, маркетингін жүргізу, жаңа технологияны енгізу, экономикалық тәуекелдікті зерттеп, өтеу қажеттілігі туындайды. Мұның мақсаты - банк клиенттері үшін ең аз шығындармен олардың сұраныстарын неғұрлым толық қанағаттандыру.

Төртіншіден, нарықтық шаруашылықтағы банктердің әлеуметтік -экономикалық ролі клиентке көрсетілетін банк қызметінің сапасын жоғарылату және қолданылу аясын кеңейту болып табылады. Банктердің халық қаражатын депозиттерге тарту міндетінің күрделілігі сол, рубльдің сатып алу қабілетінің үздіксіз төмендеуі адамдарды шетел валютасын инвестициялауға итермелейді, сондай-ақ өтімді тауарлар алып, оларды тезаврациялық тәсілмен, яғни банктерден бөлек сақтауға мәжбүрлейді.

Соңғы жылдардағы банктердің жабылуы да клиенттердің банктерге сенімсіздігін тудырды. Клиенттердің ақша жинақтау проблемасы, ертеңгі күнге деген сенімділігі бұл мемлекеттік экономикалық саясатты қолдау (немесе оның болмауы) мәселесі, бұл тақырыптың өзектілігін білдіреді.

Дегенмен де қазіргі таңда банке деген сенім күшейіп келеді. Бұл сенімділік күн сайын арта түсуде. Еліміздің экономикасы жоғарылауда. Осы тұста несие саясатының маңызының зор екенін айтпасада түсінікті.

Жоғарыда аталғандарға сәйкес диплом жұмысының тақырыбы республика экономикасының шаруашылық жүргізуші субъектілерінің несиелеу тұрғысынан да, коммерциялық банктерді несиелік ресурстармен қамтамассыз ету үшін де өзекті мәніне ие болады. Несиелік процес сенімді несие алушыны, несиенің көлемімен мерзімін таңдауға қатысты шешімдерді қабылдаудың жалпы бағыттарына тұрады.

Диплом жұмысымның мақсаты қазіргі кездегі коммерциялық банктің қызметіндегі несиелік процестің рөлін айқындаудан және оны үнемі жетілдіру қажеттілігінен тұрады. Банктер үнемі өзінің несиелік процесін нарықтық жағдайлардың өзгерісіне байланысты қарастырып отыру қажет. Осыған байланысты бітіру жұмысының мақсаттарына нақты бір банктің несиелік процесінің «әлсізң тұстарын анықтау және проблемалық несиелердің алдын алу мен банкке несиелік қаражаттардың қайтарылмай қалуын болдырмауға қатысты шараларды жетілдіруге көңіл аудару кірді.

Осы аталған мақсатқа сай алдыма мынандай міндеттерді қойдым:

коммерциялық несиелік процесі түстінгі, мәні, мазмұны және оны жасау қағидалары .

«Банк Туран Алемң акционерлік қоғамның несиелік процесі, міндеттері және процедуралары мен ережелері;

Қазақстан Республикасының екінші деңгейіндегі банктердің несиелік процесін жетілдіру жолдары.

Диплом жұмысымның зерттеу обьектісі болып «Банк Туран Алемң акционерлік қоғамның несиелік саясаты алынды, ал зерттеу мәселесі ретінде несиелік процестің мазмұны мен оны жетілдіру жолдры қарастырылады.

Диплом жұмысымның теориялық әдістемелік негізіне: «Банктер және банктік қызметтер туралың Қазақстан Республикасының заңы, «Банк Туран Алемң акционерлік қоғамның ережелері, статистикалық мәліметтері, отандық және шетелдік экономист ғалымдардың еңбектері және интернет мәліметтері алынды.

Диплом жұмысымның құрылымы үш негізгі тараудан тұрады. Бұл жерде несиенің экономикалық рөлі, «Банк Туран Алемң акционерлік қоғамның несиелік операциялары және несиелік операциялардың ұйымдастыруы мен жетілдіру саясаты туралы жазылған.

1. Несиенің экономикалық мәні және рөлі

Несиенің мәні, қызметтері және негізгі формалары.

Несие-нарықтық экономиканың тірегі ретінде экономикалық дамудың ажырамас элементін білдіреді. Оны барлық шаруашылық субъектілерімен қатар, мемлекет те, үкімет те, сондай-ақ жеке тұлғалар да пайдаланады.

Несиенің пайда болуын өнімдердің өндіру саласынан емес олардың айырбас саласынан іздеу қажет. Тауар айырбастау - бұл тауардың бір қолдан екінші қолға өтуін білдіреді десе, шынымен де, осындай айырбас кезінде несиеге байланысты қатынас туындайды.

Несиелік қатынастардың пайда болатын экономикалық негізінде капитал айналымын жатқызуға болады. Көбіне несиені ақша ретінде түсінеді. Бір жағынан қарағанда бұған деген негіз бар сияқты. Себебі қазір шаруашылыққа қарыз көбіне ақшалар түрде беруде . Бірақ та бұл жерде ақша мен несиенің әртүрлі ұғымды білдіріп, әртүрлі қатынастарды түсіндіретінін естен шығаруға болмайды.

Несие-бұл пайыз төлеп қайтару шартында уақытша пайдалануға, яғни қарызға берілетін ссудалық капитал қозғалысын білдіреді.

Ақшадан кейін ізінше несиені ойлап шығару- адамзаттың данышпандық табысы. Себебі несиені пайдаланудың нәтижесінде пайдаланудың нәтижесінде шаруашылық қажетін және жеке қажеттілікті өтеу уақыты қысқарады. Қарыз алушы кәсіпорынның несие алу арқылы өз өндірісін кеңейтуге, ал жеке тұлғаның өз ісін ұлғайтуға, не болмаса қажетті заттарды болашақта емес қазір алуға мүмкіндігі туады.

Несие қатынастары алғашқы қауымдық құрылыстың мүліктіе жіктеліп ыдырауы нәтижесінде бір қауымның бай отбасы және кедей отбасы болып бөлініп, біреуінде артық қалған өнімнен оны кейін қайтарып беруге келісіп, екіншісі өз мұқтажын өнім өтеуге алуынан пайда болады. Бұл кейінірек өсімқорлықнесие деп аталады.

Өсімқорлық несиеге тән белгілер: несие берушілер -көпестер, саудагерлер, салық жинаушылар, шіркеу иелері мен үлкен діни ордалар, ал қарыздар- ұсақ өнім өндірушілер, құл иеленушілер мен феодалдар. Шаруалар мен кәсіпкерлер несиені ағымдағы тұтыну мұқтажын өтеуге ғана алса, ал билеуші топтар қанаушылық, жауыздық іс-әрекеттерге жұмсады. Бұл несие үшін өсім ақының деңгейінің өте жоғарылылығы ұсақ өнім өндірушілер мен кәсіпкерлерді өз шаруашылығын жабуға мәжбүр етті. Мысалы, феодолизм тұсындағы Германияның әр түрлі қалаларында өсімқорлық несие үшін төленетін ақының деңгейін 21 проценттен 43 процентке дейін көтеруге, ал кейбір жағдайларда 100-200процентке, жеткізуге рұқсат етілді. Дегенмен, өсімқорлық несие капиталистік өндірісәдісінің пайда болуна алғы жағдайлар жасады, яғни ескі өндіріс әдістері ыдыратып, жаңа әдістің пайда болуына негіз дайындады. Сөйтіп несиенің нышандары алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауы кезінде пайда болып, капиталистік тауарлы өндіріс тұсында дамуының жоғары сатысыеа жетті.

Ал капиталистік несие өндіріс әдісімен туындап, қарыз капиталының қозғалысын көрсетеді. Сондықтан капиталистік несиенің өсімқорлықнесиеден елеулі ерекшеліктері бар:

Біріншіден, қарыздар бойынша, өсімқорлық несие алушылар-ұсақ өнім өндірушілер, құл иеленушілер мен феодалдар, ал капиталистік несиені, негізінен, өнеркәсіп және сауда каппиталистері алады.

Екіншіден, қарызға берген ақшаны пайдалану әдісі бойынша . Өсімқорлық несие бойынша қарызға берген ақша несие берушіге ғена капитал ретінде өсім ақы түсіреді, капиталистік несиені, керісінше, несие беруші де, қарыздар да капитал ретінде қосымша құн алу үшін жұмсайды.

Үшіншіден, эқономикалық мәні бойынша. Өсімқорлық несие өндірістің құлдырауына тіресе, капиталистік несие бір жағынан өндірістің өсуіне, екінші жағынан капиталистік нарық шаруашылығы қайшылықтарының шиеленісуіне жағдай жасайды.

Төртіншіден, өсім ақы шығу көзіне байланыысты. Капиталистік несие үшін өсім ақының көзі-жалданушы жұмысшының тапқан қосымшм құны, өсімқорлық несие үшін өсімақының көзі- құлдардың, шаруалардың және ұсақ өнім өндірушілердің қосымша еңбегі.

Бесіншіден, өсім ақының деңгейі бойынша. Өсімқорлық несие үшін өсімақыны өтеуге барлық қосымша өнім, тіпті қажетті өнімнің де бір бөлігі жұмсалды, капиталистік несие үшін өсім ақыны өтеуге барлық орташа пайданың тек бір бөлігі кетеді.

Сонымен, қарыз капиталы деген капиталист-меншік иесінің жұмыс істеуші капиталдың қайталама айналымына қарызға берген және жалдамалы еңбекті қанау негізінде өсім ақы түсіретін ақшалы капитал. Өсімқорлық капитал капитализмге дейінгі өндірістік қатынастардың көрінісі. Ол өнеркәсіп капиталының қайталама айналымның негізінде пайда болады.

Несие- ұдайы өндірістің ажырамас бөлігі. Тауарлы өндіріс- несие қатынастарының пайда болатын табиғи негізі. Себебі тауардың пайда болуы маңызды екі жағдайға байланысты: біріншіден, өнім тауар болуы үшін оның заттай түрі және құны болуы қажет: екіншіден, өнім бір өндірушіден екінші өндірушіге ауысуы қажет, ал ауысу тек айырбас кезінде, яғни нарықта болады. Сонда тауар айырбасы несиенің пайда болатын ортасы. Бірақ несиенің пайда болатын ортасын өнімін өзі қолданатын өндірістен емес, өнімдерді бір-біріне алмастыратын айырбас ортасынан іздеу керек.

Несие ақшалай капиталдың ссудалық капиталға өтуін қамтамассыз ете отырып, несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы несиелік қатынасты бейнелейді. Несиенің көмегімен заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос қаражаттары мен табыстары экономикалық жүйе төңірегінде жинақтала отырып, уақытша және ақылы негізінде пайдалануға берілетін ссудалық капиталға айналады.

Несие мен ссуданың арасында өзара айырмашылық бар.

Несие -бұл банктің қаражатын құрайтын көзі ретінде барлық несиелік қатынастарды ұйымдастырудың әр түрлі формаларының болуын және сондай-ақ олардың жұмсалымдарының бір формасын білдіретін кең ұғымды сиппаттайды.

Ссуда- бұл ссудалық шот ашумен байланысты қалыптасатын несиелік қатынастарды ұйымдастырудың бір ғана формасын білдіріде.

Экономикалық категория ретінде, несие- бұл кәсіпорындар, ұйымдар және бірлестіктер, сондай-ақ халық арасындағы несие қорын құру және оларды қайтарылу, пайыз төлеу шартында белгілі бір мерзімге уақытша пайдалануға беру негізінде қалыптасатын өндірістік қатынастар жиынтығын білдіреді.

Зерттеу заты сияқты, несие құрлымы бір- бірімен өзара байланысты элементтерден тұрады. Мұндай элементтерге ең алдымен несиелік қатынастар субъетісіне қарыз беруші және қарыз алушы жатады.

Қарыз беруші- қарызды беретін несиелік қатынастың бір жағы. Қарыз беруші- бұл уақытша пайдалануға қарыз беру субъетілер болып табылады. Қарыз берушілерге: банктер, банктік емес мекемелер, мемлекет, шаруашылық субъектілері және халық жатады.

Қарыз алушы- бұл несиені алушы және оны қайтаруа міндетті, несиелік қатынастың екінші жағы. Борыш қор және қарыз алушы бір-бірімен жақын сөздер болғанымен де, олардың түсініктері әр түрлі. Мысалға: кәсіпорын немесе жеке азаматтардың коммуналдық қызметке, салықтарға т. б. байланысты төлемдері кешігуі мүмкін, бірақ бұл жерде ешқандай да несиелік қатынас туындамайды. Борыш бұл тек қана экономикалық қатынасты емес, сондай-ақ азаматтық қатынастар жағдайые сиппаттайды. Борыш- бұл өте ауқымды ұғым. Ал, қарыз алушы- бұл қосымша қаражатқа деген сұранысы бар тұлға.

Қарыз беруші және қарыз алушымен қатар несиенің құрылымның элементіне берілетін объеті де жатады. Беру объектісі -бұл құнның ерекше бөлігі, яғни қарызға берілген құнды білдіреді.

Өндірістегі капиталдың қайталама айналымы мен айналымы -несие қатынастарының шығу көздерін талдап өтелік.

Кәсіпорындағы еңбек құралдары мен еңбек заттарының құны өзінің қозғалысында бір уақыттың ішінде әрі ақша, әрі өндірістік, әрі тауар формасында әр түрлі қызмет атқаруы мүмкін. Қарыз капиталының пайда болатын ең бірінші көзі -өндірісті капиталдың қайталама айналымында уақытша бөлініп шыққан ақша қаражаты. Ақша қорының уақытша бөлініп шығуының себептері: біріншіден, негізгі капиталдың өндіріс процесінде бірте-бірте тозуы. Еңбек құралдары өндірісте ұзақ жылдар бойы пайдаланылып, олардың құны дайын өнімге бірте-бірте ауысып отырады. Дайын өнімді сатқаннан кейін ол сома тозған негізгі қорларды күрделі жөндегенше, не жаңасын сатып алғанша кәсіпорының банктегі шотында ақша түрінде жинақталып сақталады. Оны амортизациялық қор деп атайды. Мысалы, егер 10 мың. Доллар тұратын машина 10 жыл пайдаланылса, онда жылма жыл амортизациялық қорға оның бір

, мың доллар сомасы түседі. Бұл уақытша бос ақша қоры -несие ресурстарының бір көзі.

Екіншіден, дайын өнімдерді сату мен шикізаттар және қосалқы материалдарды сатып алу мерзімдерінің біріне-бірі сай келмеуі. Сондықтан сатылған дайын өнімнен түскен ақша сомасының бір бөлігі қолданылатын шикізаттар мен қосалқы материалдардың құнын көрсетеді. Ол сомада уақытша бос ақша қоры-несие ресурстарының көзі.

Үшіншіден, еңбекке ақы төлеу мерзімі мен дайын өнімді сату мерзімінің сай келмеуі. Себебі өнімді өндіруге еңбек күші күнде жұмсалғанмен оған еңбек ақы төлеу біраз кешігіп жүреді. Еңбекақы төлеугу арналған сома да -уақытша бос ақша капиталы.

Төртіншеден, үдемелі ұдайы өндірістің қалыпты жұмысын қамтамасыз ету үшін пайданың бір бөлігін жинақтау. Кәсіпорынға жаңадан құрал- жабдықтар, машиналаржәне т. б сатып алу үшін жылма-жыл пайданың бір бөлігін есепшотта жинап қою бос ақша капиталы.

Сөйтіп өндірістік капиталдың қайталама айналымы, сөзсіз, уақытша бос ақша капиталының пайда болуына әкеп соқтырады.

Қорыта айтқанда қарыз капиталы өндіріс және айналыс қорларының ауыспалы айналысынан уақытша бөлініп шыққан бос ақшасынан және халық пен мемлекеттің ақшалы жинағынан құралады. Ақша қоры үнемі айналыста болуы шарт - ол уақыт үнемдеу заңының талабы. Бұл талапқа сай қызмет ететін құрал-несие. Себебі кәсіпорындардың біркелкі жұмыс істеуі үші және оны дамыту үшін уақытша қосымша ақша қажеттігі туындайды. Уақытша бос ақшаны жинақтап, оны қажет уақытында, қажетті мөлшерде, қажетті жеріне жұмсап және белгіленген уақытта қайтарып алуға мүмкіндік беретін құрал-несие. Басқаша айтқанда, экономикада уақытша бос ақшаны іске қосып және ұтымды пайдалану, мезгілі келгенде оның қайтарылуын қамтамасыз ететін -несие қатынастары.

Әрбір экономикалық категорияның мәні оның атқаратын қызметінен көрінеді. Ал оның әрбір қызметі басқа категориялардан өзгешелігін анықтайтын маңызын сипаттайды.

Айырбас процесінде уақытша бөлініп шыққан құнды кейін өзінің алғашқы иесіне өсімақымен қайтарып беру келісімі бойынша несие берушімен қарыз алушының арасында несие қатынастары пайда болады. Бұл қайта бөлу-несиенің алғашқы қызметі. Несиенің қайта бөлу қызметі, кез- келген елдің ұлттық экономикасының толық құнды жұмыс жасауына өз үлесін қосады. Несиенің бұл қызметінің көмегімен экономикалық жүйенің бір саласынан екінші бір саласына капитал ағымыф болады. Несиенің бұл қызметінің, қаржының қайта бөлу қызметінен айырмашылы қаржының бөлінуі әкімшілік негізде жүргізілген, ал салалар мен аймақтар арасындағы капитал ағымы несие арқылы, яғни ол нарықтық механизм негізінде жүзеге асырылады. Несие беруші несие мәмілесі арқылы қарыздарға бір жағдайға уақытша қолдануға тауарлы-материалдық құндылықтарды, ал басқа жағдайда ақша қаражатын беруі мүмкін. Екі жағдайда да мәміленің мәні бірдей болғанымен берілетін зат әр түрлі. Алайда заттың формасының әртүрлі болуына қарамастан, оның мазмұны өзгермейді:қайта бөлінетін заттың құны.

Сонымен, несиенің қайта бөлу қызметіне құнды бөлу қасиеті тән. Ол аймақтық, салалық, шаруашылық нысандарына байланысты: аймақтықаралық, салалықаралық, салалық және шаруашылықаралық түрлерге бөлінеді. Несие қатынастары, тұратын орнына қарамай, адамдар мен әртүрлі ұйымдар арасында туындаса ол құнды аймақтық аралық қайта бөлу деп есептеледі. Егер салалық банктен несие алынса, ол несиені салалық қайта бөлу, ал егер несие беруші экономиканың бір саласында болып, қарыздар кәсіпорын басқа салада болса, онда несиені салалықаралық қайта бөлу болады. Несиені шаруашылықаралық қайта бөлу бір кәсіпорын деңгейінде жүргізілмейді, о ол тек екі шаруашылық субъектісі арасында уақытша бос ақша қаражатын несие көзі ретінде пайдаланғанда туындайды.

Қайта бөлуді несие ресурстарын пайдаланушы субъектілердің әртүрлі деңгейіне байланысты да қарауға болады. Мысалы, несие қатынастарының субъектісі ретінде кәсіпорын деңгейінде құнның қайталама айналымы және айналымы деңгейінде несиенің қатысуымен жиынтық өнім, ұлттық табыс қайта бөлінеді. Айта кететін бірінші жәйт, несиені қайта бөлу қызметінің көп түрлілігіне қарамастан берілетін құнның меншік иесі өзгермейді, қайта бөлінетін құн несие берушінің меншігі болып қала береді. Екінші, несиенің қайта бөлу қызметі жалпы құнның қайта бөлінуін емес, тек уақытша бөлініп шыққан құнды қамтиды.

Несиенің қайта бөлу қызметінің бірсыпыра айырықша белгілері бар.

-Несиенің қатысуымен қоғамның тек бір жылда өндірген материалдық игіліктердің, өндіріс құрал-жабдықтары мен тұтыну заттарының құны, яғни ұлттық жалпы өнім ғана қайта бөлінбей, сонымен бірге бұрынғы жылдары өндірілген өндірістік құрал-жабдықтар мен тұтыну заттарының құны қайта бөлінеді,

-Несиенің қатысумен тек ұлттық жалпы өнім ғана емес, сонымен бірге ұлттық табыс, қоғамның барлық ұлттық байлығы қайта бөлінуі мүмкін,

-Несиенің қайта бөлу қызметінің елеулі белгісі-уақытша қолдануға уақытша бөлініп шыққан құнды бөлуі,

-Несиенің қатысуымен уақытша бөлініп шыққан құнды беру делдал-банктер мен басқа да несие мекемелерінің қатысуымен жүзеге асырылады.

Несиенің келесі атқаратын қызметі нақты ақшаны несие операцияларымен алмастыру. Тауарлы шаруашылыққа нақты ақшаның орнына несие операцияларын жүргізу үшін қажетті жағдайлар жасалған. Сатылып алынған тауарлар мен көрсетілген қызметтер үшін қолма-қол ақшасыз есеп айыруға байланысты, өзара есептесу бойынша бір шоттан екіншісіне ақша аудару қолма-қол ақша төлемін қысқартуға, ақша айналымының құрылымын жақсартуға, төлем айналымынын кеңейтуге мүмкіндік беріп, нәтижесінде айналыс шығындарын азайтады. Қазіргі тауарлы шаруашылықта қарызға берілген құн шаруашылық айналымында жалпы ақшаның орнына жүрмейді, экономикалық айналымда ақшаны тек уақытша алмастыру қызметін атқаратынын айта кету керек. Қарыздардың қарызға алған құны шаруашылық айналымында ақшаға тән'' қызметін'' атқарады (тауарлы материалдық құндылықтарды сатып алуға, жалақы төлеуге және т. с. с. жұмсалады) .

Нақты ақшаны несие операцияларымен алмастыру үшін бірсыпыра алдын-ала жасалған жағдайлар болуы шарт:

-дамыған банк жүйесі мен төлем айналымын ұйымдастыруда оның маңызының жоғары болуы,

-экономикада төлем тапсырмасы немесе міндеттемесі бар төлем құжаттарының еркін айналуы,

- орталық банктердің несие ақшаларын эмиссиялау(шығаруы) .

Несиенің қызметтерін айта келіп, кейбір экономистер оның бақылау қызметін де атап өтеді. Бірақ, біздің тұжырым бойнша, бақылау банк мекемесінде қызмет жасайтын мамандардың саналы да мақсаты іс-әрекеті, ал экономикалық категория(несие) сол бақылаудың негізі және құралы болып табылады.

Несиенің экономиканы дамытудағы маңызы деп несиені қолдану әдістерін пайдаланып, мемлекет пен халық үшін қол жеткізген нәтижелерді айтады. Несиені қолдану әдістеріне: оның қайтарып беру (несиенің қайтарылуы), белгілі бір мерзім аралығында пайдалану. (несиенің мерзімділігі), пайдаланғаны үшін ақы төлеу (несиенің ақылылығы) жатады. Несиенің бұл ерекшеліктерінің ресурстарды тиімді пайдалануда маңызы зор.

Несиенің маңызы, сонымен бірге оны қолдану аясы елдің экономикалық жағдайына байланысты үнемі өзгеріп тұрады. Айталық, экономиканы орталықтанған жоспарлы түрде басқарудан нарықтық экономикаға өтуге байланысты. Біздің елімізде коммерциялық және ипотекалық несиелерді пайдалану жаңғытылды, сонымен бірге несие қатынастары мен несиенің көлемі де өзгерді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Коммерциялық банктердің тұтынушыларды несиелеу
Несиелік ресурстардың көздері
Несие туралы ақпарат
Коммерциялық банктерде несиелік процестерді ұйымдастыру
Банктің несиелік операциялары мен маңызы
Банктің меншікті капиталын басқару
Коммерциялық банктер
Қаржы менеджменті банктік менеджменттің құрамдас бөлігі және аясы ретінде
Банктік несиенің түрлері
Қазақстан Республикасындағы тұтыну несиесі және оның дамуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz