Жаңа ақпараттық және коммуникациялық технологияларды оқу-тәрбие үрдісінде пайдалану жолдары



I. Кіріспе


 Жаңа ақпараттық технологияларды оқыту процесінде пайдаланудың мақсаты мен артықшылықтары

II. Негізгі бөлім

 Мектептің жаңа ақпараттық технологиялар базасы

 Жаңа ақпараттық және коммуникациялық технологияларды оқыту процесінде пайдалану

 Жаңа ақпараттық технологиялар мектептің тәрбие саласында


 Жаңа ақпараттық технологияларды мектептің ішкі оқу.тәрбие үрдісін басқаруда пайдалану жолдары


IV. Қорытынды

 Жаңа ақпараттық технологияларды оқу.тәрбие саласында пайдаланудың болашағы
XXI ғасыр – информация ғасыры, жаңа ақпараттық технологиялар даму заманында мемлекетіміздің болашағы жас ұрпаққа заман талабына сай білім беріп, жан-жақты дамуына ықпал ету, мұғалімнен шығармашылық ізденісті, үлкен сұранысты талап етеді. Алған білімін үздіксіз жетілдіріп, рухани байлығын молайтып отыруы қажет. Білім беру жүйесін ақпараттандырудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, жаңа ақпараттық және коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, оқу процесін ұйымдастыру және басқа пән мұғалімдеріне үлгі көрсету информатика пәні мұғалімдерінің кезек күттірмес міндеті және борышы болып табылады.
Жаңа ақпараттық және коммуникациялық ақпараттар дегеніміз не? Жаңа ақпараттық технологиялар – ол заман талабына сай бүгінгі күннің қажеттілігін өтей алатын, ақпараттар алмасуға арналған құрылғылар тобы. Ал коммуникациялық немесе қарым-қатынас технологиялары болса тек компьютердің өзінде орналасқан ақпараттар ғана емес, әлемнің кез-келген түкпірінен ақпараттар қабылдауға бағытталған құрылғылар.
XXI ғасыр басындағы адамзат өміріндегі өзгерістер адамдардың мәлімет алмасуына, қарым-қатынасына информациялық-коммуникациялық технологиялардың (ИКТ) кеңінен қолданысқа еніп, жылдам дамып келе жатқан кезеңінде кеңінен жүзеге асырылуда. Білім саласында ақпараттық – коммуникациялық технологияларды пайдаланудың тағы бір басты себебі - оқу процесінің өзі мәліметті алу, өңдеу және оны тиімді пайдалану тәсілдерінен тұрады. Қазіргі жалпы білім беру саласындағы ақпараттық-коммуникациялық біліктілік - оның ең басты мақсаттарының біріне жатады.
Мектептегі ақпараттық және қарым-қатынас технологияларын мұғалімдердің толық меңгеруінің үш сатысын қарастыруға болады. Біріншісі - обьективті қажеттілік пен ақпараттандыру процесінің негізін білу, жаппай компьютерді меңгеру, білім беру мазмұнының жаңа құрамдарын іздеу, оқыту тәсілдері мен ұйымдастырудың жаңа формаларын анықтау. Екінші саты – ақпараттық технологияларды екпінді түрде меңгеру және оны педагогикалық процеске жекелеп енгізу. Үшінші саты- ақпараттық технологиялар негізінде оқытуды радикалды қайта құруды ұйымдастыру.
1. Информатика негіздері 1-2002 жыл

2. Интернет www.google.kz


3. Энди Ратбон Модернизация и ремонт ПК 2000 г

4. С.Симонович, Г.Евсеев Специальная информатика 1999 г.


5. Балапанов Е.Қ. Бөрібаев б. Информатикадан 30 сабақ –жаңа ақпараттық технологиялар. 1999 жыл

6. О.Ефимова, В.Морозов, Ю.Шафрин –
Курс компьютерной технологии 1998 г

П Е Д А Г О Г И К А Л Ы Қ О Қ У

“Жаңа ақпараттық және коммуникациялық технологияларды
оқу-тәрбие үрдісінде пайдалану жолдары”

Ж О С П А Р

Кіріспе

❖ Жаңа ақпараттық технологияларды оқыту процесінде пайдаланудың мақсаты
мен артықшылықтары

Негізгі бөлім

❖ Мектептің жаңа ақпараттық технологиялар базасы

❖ Жаңа ақпараттық және коммуникациялық технологияларды оқыту процесінде
пайдалану

❖ Жаңа ақпараттық технологиялар мектептің тәрбие саласында

❖ Жаңа ақпараттық технологияларды мектептің ішкі оқу-тәрбие үрдісін
басқаруда пайдалану жолдары

IV. Қорытынды

❖ Жаңа ақпараттық технологияларды оқу-тәрбие саласында пайдаланудың
болашағы

Кіріспе

❖ Жаңа ақпараттық және коммуникациялық технологияларды оқыту үрдісінде
пайдалану мақсаты мен артықшылықтары

XXI ғасыр – информация ғасыры, жаңа ақпараттық технологиялар даму
заманында мемлекетіміздің болашағы жас ұрпаққа заман талабына сай білім
беріп, жан-жақты дамуына ықпал ету, мұғалімнен шығармашылық ізденісті,
үлкен сұранысты талап етеді. Алған білімін үздіксіз жетілдіріп, рухани
байлығын молайтып отыруы қажет. Білім беру жүйесін ақпараттандырудың
мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, жаңа ақпараттық және коммуникациялық
технологияларды пайдалана отырып, оқу процесін ұйымдастыру және басқа пән
мұғалімдеріне үлгі көрсету информатика пәні мұғалімдерінің кезек күттірмес
міндеті және борышы болып табылады.
Жаңа ақпараттық және коммуникациялық ақпараттар дегеніміз не? Жаңа
ақпараттық технологиялар – ол заман талабына сай бүгінгі күннің
қажеттілігін өтей алатын, ақпараттар алмасуға арналған құрылғылар тобы.
Ал коммуникациялық немесе қарым-қатынас технологиялары болса тек
компьютердің өзінде орналасқан ақпараттар ғана емес, әлемнің кез-келген
түкпірінен ақпараттар қабылдауға бағытталған құрылғылар.
XXI ғасыр басындағы адамзат өміріндегі өзгерістер адамдардың мәлімет
алмасуына, қарым-қатынасына информациялық-коммуникациялық технологиялардың
(ИКТ) кеңінен қолданысқа еніп, жылдам дамып келе жатқан кезеңінде кеңінен
жүзеге асырылуда. Білім саласында ақпараттық – коммуникациялық
технологияларды пайдаланудың тағы бір басты себебі - оқу процесінің өзі
мәліметті алу, өңдеу және оны тиімді пайдалану тәсілдерінен тұрады. Қазіргі
жалпы білім беру саласындағы ақпараттық-коммуникациялық біліктілік - оның
ең басты мақсаттарының біріне жатады.
Мектептегі ақпараттық және қарым-қатынас технологияларын мұғалімдердің
толық меңгеруінің үш сатысын қарастыруға болады. Біріншісі - обьективті
қажеттілік пен ақпараттандыру процесінің негізін білу, жаппай компьютерді
меңгеру, білім беру мазмұнының жаңа құрамдарын іздеу, оқыту тәсілдері мен
ұйымдастырудың жаңа формаларын анықтау. Екінші саты – ақпараттық
технологияларды екпінді түрде меңгеру және оны педагогикалық процеске
жекелеп енгізу. Үшінші саты- ақпараттық технологиялар негізінде оқытуды
радикалды қайта құруды ұйымдастыру.

❖ Мектептің жаңа ақпараттық технологиялар базасы

Балқұдық қазақ орта мектебіндегі жаңа ақпараттық және коммуникациялық
технологиялардың негізгі түрлері

Қазір біздің Балқұдық қазақ орта мектебінде “Жамбай” жауапкершілігі
шектеулі серіктестігінің демеушілігімен жеткізілген заман талабына сай
компьютерлік сынып жұмыс жасайды. Оның құрамында жиырмаға тарта жаңа
ақпараттық және коммуникацияық технологиялар бар. Бұлар мектептің оқу-
тәрбие үрдісін ұйымдастыруда жаңа серпін, тың жаңалықтар, ұстаздар қауымы
мен оқушыларға үлкен құлшыныс туғызды. Мектептің жаңа ақпараттық және
коммуникациялық технология тобына жекелеп тоқталар болсақ оларды
төмендегіше сипаттауға болады:
• Компьютерлер. Қазір мектептің оқу-тәрбие үрдісінде пайдаланып отырған 20
компьютер бар.
Олардың төртеуі Pentium-II компьютерлері ұйымдастыру-шыларда, іс
жүргізушіде, кітапхана мен бухгалтерияда жұмыс жасап тұр. Соңғы келген 15+1
компьютерлер - заман талабына сай келетін Pentium-IV компьютерлер тобы.
Процессорлары 2,8 ГГц жылдамдықпен ақпарат өңдесе, жедел жады 512 Мб
ақпаратты бір мезгілде есте сақтайды, ал қатты дискілері 80 Гб ақпарат
сақтай алатын мультимедиалық компьютерлер. Әр компьютер инфрақызыл
тышқанмен, кеңселік жиһаздармен жабдықталған.

Мұғалімге арналған бас компьютер көрінісі
• Принтерлер HP LaserJet 1320 лазерлі компьютері минутына 22
парақ қағаз баса алады және екі жағын қатар басу, әдейі белгі салу т.б.
мүмкіндіктері бар. Бұл құрылғы мұғалімдердің күнделікті қажеттіліктерін
толық өтей алады. HP deskjet 1180c маркалы түрлі-түсті А3 форматты
қағазын басатын құйма(стуйный) принтері әртүрлі адресаттар мен
грамоталарды басуда таптырмайтын құрылғы.

• Мектеп HP Scanjer3770 планшетті сканерімен жабдықталған. Бұл сканермен
тек кескіндер көшірмесін алып қана қоймай, оны өңдеуге мүмкіндік береді.
Алынған кескіндерді сақтауға, қажет кезінде кері пайдалануға болады. Кез-
келген оқулықтағы суреттер, сызбалар, формулалар, мәтіндерді тақтаға
жазып жатпай-ақ осы сканермен көшірмесін тікелей экранға беру арқылы
мұғалім тек уақытты ғана ұтып қоймайды сонымен қатар оқушыларға нақтылы
мәлімет бере алады.

• Ксерекс Кез-келген кескіннің көшірмесін сол бойда алып бере алады ол тек
ақ-қара түсті болады.
• Мультимедиа (микрофон, наушник, колонки). Информатика кабинетіндегі
барлық 15 компьютер мультимедиалық мүмкіндіктер-мен жабдықталған. Әр
оқушы басқаларға кеселдік келтірмей, дыбыстық файлдарды өзбетті тыңдай
алады, дыбыс жазуға да мүмкіндік бар. Бұл әсіресе орыс және ағылшын пәні
мұғалімдері үшін таптырмайтын құрылғы. Оқушының тілді еркін меңгеруіне,
өзінің сол тілдегі сөздерді қалай айта алатынын немесе айту керек екенін
осы мультимедиа құрылғылары арқылы жүзеге асыруға мүмкіндік бар.

• Санды фотоаппарат Hp Photosmartm 2223 Санды фотоаппарат тек фотоға ғана
түсіріп қоймайды, сонымен қатар оны компьютерде өңдеуге, сақтауға, түнде
түсіру, уақыт қою, лезде баспаға беруге мүмкіндік береді. Бұл
фотоаппаратпен жад сиымдылығына байланысты 10-70 кадр сурет түсіруге
болады. Мектепте өтетін барлық мәдени-көпшілік шараларды осы санды
фотоаппаратпен суретке түсіре отырып, фотомонтаж құрауға, қажет болса
қабырға газеттеріне шығаруға мүмкіндік алдық. Тіпті оларды компьютер
жадына сақтай отырып, қажет кезде пайдалануға да болады. Қазір осы санды
фотоаппаратты пайдалана отырып, мектеп шежіресін жинақтау қолға алынып
жатыр.
• DVD Digital Video Disk – санды видеодиск. Бұл соңғы талаптарға жауап
бере алатын әрі видео, әрі аудио және компьютерлік мәліметтермен жұмыс
жасайды.
• CD-RW Ақпараттарды бірнеше қайта жазуға арналған құрылғы Бұл тек өз
форматындағы ақпараттарды жазып қана қоймайды, CD-ROM және CD-R
сияқты дискілермен де жұмыс істей алады.
• Санды проектор HP vp6300 SeriesDigitalProjector Санды проектор жалғанған
компьютердің экранына шыққан кез-келген ақпаратты сол мезетте экранға
бере алады. Жалпы санды проектордың мектепке келуі мұғалімнен күнделікті
сабақты өткізуді түбегейлі өзгертуін талап етеді.
Санды проектордың бұрынғы қарапайым проекторлардан басты өзгешілігі
ондағы ақпараттарды әртүрлі өлшемде, бағытта көрсете аласың

III. Жаңа коммуникациялық технологиялар

• Жергілікті желі “BALKUDUK” (Локальная сеть). Мектептегі компьютер
сыныбындағы 16 компьютер өзара “Балқұдық” жергілікті желісіне қосылған.
Желіге қосылған кез-келген компьютер басқа компьютерлердегі жүйелік
файлдардан басқа кез-келген файлдар мен папкаларға емін-еркін кіріп,
пайдалана алады. Сондай-ақ принтер, сканер сияқты құрылғыларды да ортақ
ресурс ретінде пайдалануға болады. Бұл әсіресе мұғалімге орталық
компьютер арқылы әрбір оқушының тапсырманы қалай орындағанын тесеруге
қолайлы. Ол Сетевое окужение - Вся сеть командалары арқылы жүзеге
асырылады.
• Модем-факс Мектептегі ZyXel OMNI 56K mini модемі тек модем ретінде
Интернетке қана қосып қоймайды, сонымен қатар оны факс ретінде
пайдалануға болады. Ол үшін VentaZVoice5.3 програмасын орнатса
жеткілікті. Сол арқылы төмендегідей мүмкіндіктерге қол жеткізледі:
• Факс ретінде ақпарат жіберу
• Ақпарат қабылдау
• Кесте бойынша автоматты түрде хабар жіберу
• Хабарды автоматты қабылдау
• Телефон нөмір автоматты анықтау

❖ Интернеттен ақпарат іздеу
Мектеп Бүкіләлемдік ақпарат желісіне қосылғалы ұстаздар қауымы мен
оқушылар өздерін қызықтырған кез-келген ақпаратты іздеп таба алатын болды.
Мұғалімдер қазақ тіліндегі сайттарды көбірек пайдаланса, оқушылар негізінен
орысша, шетелдік сайттарға әуес. Көбінесе Google, Mail.ru, Rambler т.б
іздеу каталогтарын пайдаланамыз. ҚР Білім және Ғылым Министрлігінің, ҚР
Үкіметінің “Хабар” агенттігінің ресми сайттары арқылы жаңалықтар мен
қажетті нормотивтік құжаттарды уақытында алып отырамыз. Тек ауыл АТС-ның
ақпарат алмасу жылдамдығының төмендігі (4.8 Кбитсек ) Интернетті пайдалану
уақытын ұзартып жібереді. Мұағлімдерге көмек бұрышы ретінде информатика
кабинетінде Интернет бұрышы ашылды. Онда мұғалімдерге қажетті сайттар
адрестері, Интернетті пайдалану тарифы т.б. мәліметтер жинақталған.
❖ Электрондық поштаны пайдалану
Оқушылар мен мұғалімдер өздері үшін 7-8 пошта сервері арқылы оншақты
электрондық пошта жәшігі ашып алып, пайдаланып отыр. Бұл әлемнің кез-келген
түкпірінен хат-хабар алмасуға мүмкіндік береді. Мектептің ресми электрондық
адресі:
azgir56@mail.ru

❖ Жаңа ақпараттық және коммуникациялық технологияларды оқыту процесінде
пайдалану жолдары

Қазіргі ақпараттық және телекоммуникациялық өзара ықпал
технологияларының мүмкіндіктерін іске асыру оқу ісін байытады,
информатиканы ғана емес, басқа да көптеген пәндерді оқытудың ұйымдық
түрлері мен тәсілдерін жетілдіруге, жаңартуға мүмкіндік беретіні
дәлелденген. Бұл жерде оқу материалының мазмұнын іріктеу талаптары
өзгереді, олар оқушы тұлғасының өзін-өзі дамытуының және оқыл-ойының
қарқыны дамуының қажеттілігіне дүние туралы білім алу, өздігінен іздену,
заңдылықтар арқылы жаңалық ашу, қазіргі ақпараттық технологияларды заттық
әлемді өлшеу, бейнелеу және оған әсер ету құралы етіп пайдалануға
негізделеді.
Мектептің информатика кабинеті жаңа ақпараттық технология-лармен
толықтырылғаннан кейін жаңаша жұмыс жасай бастады. Қазір кабинеттің жұмыс
графигі апта бойына толық қамтылған, яғни кабинеттің пайдалану коэффициенті
90 пайыздан асады. Кабинетте апта ішінде 7-11 сыныптың 280 оқушысы білім
алып, өздерінің компьютерлік сауаттарын көтереді. Бұл әр компьютерге 14
оқушыдан келеді деген сөз. Бұдан басқа мұғалімдер мен оқушылардың сабақтан
тыс уақытта компьютермен өзбетті жұмыстануы үшін арнайы уақыт бөлініп,
жағдай жасалған. Әр компьютер негізгі пәндерге бекітіліп қойылған және сол
пәннің электрондық оқулықтары осында жинақталған. Пән мұғалімдері кез-
келген уақытта өз компьютері арқылы қажетті материалдарды пайдалана алады.
Компьютерлердің өзара жергілікті желіге қосылуы мұғалімнің кабинеттегі кез-
келген ақпарат құралдарын өзінің компьютерінде отырып-ақ пайдалана алуына
мүмкіндік береді. Мектептің информатика кабинетінде 20 пәннің 29
электрондық оқулықтары жинақталып, пән компьютерлеріне бөлініп салынып
қойылды.
Мектепке санды проектордың келуі үлкен қуаныш болды, себебі санды
проектор - мұғалімнің сабақты ұйымдастыруын түбегейлі өзгертетін жаңа
заманғы құрылғы. Мұғалім бұрынғыша ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақпараттық технологиялар туралы жалпы түсініктер
Қазақ тілі сабақтарында АКТ пайдалану жолдары
Биологияны оқытуда ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолданудың тиімділігі
КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ - КЕЛЕШЕК КЕПІЛІ
Адам анатомиясын оқыту үдерісінде сандық білім беру технологияларының рөлі
Кәсіптік оқыту сабақтарында ақпараттық технологияларды пайдалану
Бастауыш сынып білім беру үрдісінде жаңа технологияларды қолдану
Жаңа ақпараттық коммуникациялық технологияны оқу-тәрбие үрдісіне ендіру
Пән сабақтарында АКТ-ны қолдануды жетілдіру
Математика сабағында жаңа ақпараттық технологияларды қолдана отырып оқушылардың шығармашылықтарын дамыту
Пәндер