Қазақ және ағылшын тіліндегі паремияның руханилық көрінісі


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 162 бет
Таңдаулыға:   

Инновациялық Еуразия университеті

ӘОЖ 81’373:111:512. 122:398. 91 Қолжазба құқығында

ИБРАЕВА МЕРУЕРТ БАЯНОВНА

Қазақ және ағылшын тіліндегі

паремияның руханилық көрінісі

10. 02. 20 - салыстырмалы-тарихи, типологиялық

және салғастырмалы тіл білімі

Филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін

алу үшін дайындалған диссертация

Ғылыми жетекші:

филология ғылымдарының

докторы, профессор

Б. Сағындықұлы

Қазақстан Республикасы

Алматы, 2010

МАЗМҰНЫ

:
:
:
:
: КІРІСПЕ
: 3
: 1
: ПАРЕМИОЛОГИЯНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ
: 8
: 1. 1
: Қазақ және ағылшын тіл біліміндегі паремиялардың зерттелуі
: 8
: 1. 2
: Паремия іліміндегі антропоцентристік фактор
: 24
: 1. 3
: Қазақ және ағылшын тіліндегі ұлттық рухани лакуналар
: 31
:
:
:
:
:
:
: 2
: РУХАНИЛЫҚТЫҢ ЛИНГВОМӘДЕНИ КӨРІНІСІ
: 45
: 2. 1
: Имандылық - қазақ руханилығының негізі
: 45
: 2. 2
: Руханилық негізіндегі адамгершілік/kindness ұғымы
: 47
: 2. 3
: Руханилық негізіндегі қайрат/strength ұғымы
: 58
: 2. 4
: Руханилық негізіндегі ақыл/wisdom ұғымы
: 61
: 2. 5
: Руханилық негізіндегі намысқойлық/honour ұғымы
: 69
: 2. 6
: Руханилық негізіндегі ұят/conscience ұғымы
: 75
:

2. 7

2. 8

2. 9

:

Руханилық негізіндегі достық/friendship ұғымы

Руханилық негізіндегі сыпайылық/courtesy ұғымы

Руханилық негізіндегі бауырмалдық/blood relations ұғымы

:

77

82

86

: 2. 10
: Руханилықтың көріктеуіш құралдар арқылы берілуі
: 91
: 2. 11
: Қазақ лингвомәдениетіндегі руханилық архетипі
: 96
: 2. 12
: Руханилық/the Spirituality лингвомәдени көріністерінің ассоциациялары
: 102
:
:
:
:
: ҚОРЫТЫНДЫ
: 115
:
:

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

ҚОСЫМША А

:

122

130

КІРІСПЕ

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Зерттеу қазақ және ағылшын паремияларындағы ұлттық руханилықты лингвомәдени тұрғыдан саралап, оның айырмашылықтары мен ұқсастықтарын анықтауға арналған. Ұлттық руханилықтың табиғатын талдау лингвомәдениеттанудың өзекті мәселелерінің басын ашуға мүмкіндік туғызады.

Тіл біліміндегі антропоцентристік ұстаным бағыттары тілді тек тілдік құрылымдар аясында ғана қарастырып қоймай, басқа ғылым салаларымен ұштастыра зерттеу қажеттігін тудырғаны мәлім. Соған орай тіл біліміндегі бұрыннан қолданылып келе жатқан ұғым терминімен қатар, ұғымнан әлдеқайда кең мазмұндағы концепт термині қалыптасты. Біз зерттеуімізде ұлттық руханилықтың құрылымын ұғым ретінде қарастырдық.

Соңғы жылдардағы антропоцентристік парадигма аумағындағы лингвомәдени зерттеу бағытындағы еңбектерде «қоршаған әлемді тану» ұғымына байланысты қолданылып жүрген «дүниенің бейнесі», «әлем бейнесі», «ғалам бейнесі», «әлем суреті» тәрізді терминдердің белсенділігі артты. В. фон Гумбольдт: «Адам тілде өмір сүреді, тіл арқылы қалыптасады. Тілден тыс жатқан әлемнің барын сезген, білген адам сол беймәлім әлемді тілдің көмегімен игеруге ұмтылады» - деген [1, 12 б. ] .

Ғылыми жұмыста руханилық көрінісі лингвомәдениеттану тұрғысынан зерттелген. Лингвомәдениеттану мәселелері В. Н. Телия, В. В. Воробьев еңбектерінен бастау алып, орыс тіл білімінде Ю. С. Степанов, Ю. А. Сорокин, Т. З. Черданцева, Д. В. Ольшанский, В. А. Маслованың, қазақ тіл білімінде Н. Уәлиев, Г. Смағұлова, А. Алдашева, А. Ислам еңбектерінде қарастырылды. Бүгінгі күні лингвомәдени зерттеулер тілді танымдық әрекеттің жемісі деп қарастыру арқылы адам бойындағы ерекше табиғи қабілеттерге көңіл бөлуді мақсат етіп отыр.

«Тіл төңірегіндегі адам» мәселесіне Ю. Д. Апресян, Н. Д. Арутюнова, Ю. Н. Караулов, Ю. С Степанов, Г. Г. Почепцов, Е. В. Падучева, Л. Г. Зубкова, Э. Д. Сулейменова, Н. И. Гайнуллина, З. К. Ахметжанова, Б. Хасанұлы және басқа зерттеушілердің еңбектері арналса, адамның ішкі (сыртқы) жан дүниесі Н. Д. Арутюнова, А. Вежбицкая, А. Р. Лурия, Л. К. Пименова, С. Н. Виноградова, А. В. Кислицына, Л. Н. Лепихина, Е. А. Мошина, О. А. Терехова, Т. М. Филитович, Н. В. Хохлова тәрізді ғалымдардың еңбектерінде зерделенген.

Ұлттық таныммен қатар адамның да руханилығы ұлғайып, табиғи болмысының оралымдылығы арта түседі. Біздің мемлекетіміздің қазіргі кезеңінің дамуы үшін Қазақстан және шетел халықтары рухани дамуының негізін салушы болып табылатын мәдени және этникалық үдерістердің өзара байланысын зерттеу күннен-күнге маңызды болып келеді.

Рухани өмір - төтенше күрделі және көп жақты қоғамдық құрылым. Оған қоғамдық сананың, ойдың, идеялардың, көзқарастардың барлық түрлері, сондай-ақ ғылымның, өнердің құндылықтары, адамдардың көпшілік арасындағы мінез-құлық ережесінің нормалары, яғни рухани мәдениет деп аталатындардың барлығы кіреді. «Рухани дегеніміз - адамға ғана тән, адамды басқалардан ерекшелеп тұратын, олардың бүкіл тіршілік әрекетінен, қарым-қатынасынан, мінез-құлқынан көрінетін шынайы руханилығы» [2, 89 б. ] . Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазақ және ағылшын тіл біліміндегі қарқынды дамып келе жатқан салалардың бірі - антропоцентристік бағыттағы зерттеулер. Қазіргі кезеңде лингвомәдениеттаным мәселесіне қатысты көптеген зерттеу жұмыстары тілдегі ұлттық сипатты, ұлттық танымды, ұлттық рухты тануға, танытуға негізделген. Лингвистика ғылымындағы адамды мәдениет, тіл тұрғысынан саралау, оның ішкі дүниесіне, руханилығына, құндылықтарды бағалауына лингвомәдени тұрғыдан түсініктемелер бере отырып, лингвомәдени мәселелердің түйінін шешу бірден-бір өзекті ғылыми ізденістер қатарына енеді. Ұлттық құндылықтар жайлы мәдени деректерге көңіл бөлу аса маңызды мәселелердің бірінен саналады.

Руханилықты құрайтын «достық», «жан», «жақсылық пен зұлымдық» тәрізді ұғымдар тіл білімінде бөлек қарастырылған болатын. Осы ғылыми жұмыста ұлттық руханилықтың көрінісі лингвомәдениеттану тарапынан тұтас алынды. Руханилықты құрайтын негізгі ұғымдар - адамгершілік/kindness, қайрат/strength, ақыл/wisdom, намысқойлық/honour, ұят/conscience, сыпайылық/courtesy, достық/friendship, бауырмалдық/blood relations.

Қазақ және шетел халықтарының ұлттық дәстүрі мен салт-санасын, ой-өрісін сөз еткенде, халықтық психологияны, оның ішінде адамның жан дүниесінің тілдегі көрінісі - әсіресе қазақ халқына тән, өмірдегі әртүрлі жайттардан алынған ілімін бір-екі ауыз сөзбен ғана түйіндейтін паремиялардың маңызы зор. Адам жан-дүниесінің тілдегі көрінісі, яғни ой шындығы сөз арқылы көрінуі де паремияларда кеңінен бейнеленген.

Қазіргі лингвистикадағы лингвомәдениеттану, когнитивті лингвистика, антрополингвистика, психолингвистика сияқты бағыттардың белсенді дамуы тіл мен сөйлеу фактілерін халықтың ұлттық рухани құндылықтары мен дүниетанымы, ой әлемі және психикалық ерекшеліктерімен тығыз байланыста алып қарауға кең жол ашады. Біздің зерттеуіміздің осы бағытта болуы да оның өзектілігін көрсетпек. Әр социум өкілі, әр ұлт, әр тілдік тұлға дүние бейнесін өзінің ұлттық ерекшелігінде, жеке психикасында, мәдени деңгейіне, дүниетаным өрісіне қарай әрқалай қабылдайды.

Қазақстан қоғамының көп ұлттылық және көпдінділік жағдайында қазақ және ағылшын руханилығының әлеуметтік-мәдени көрсеткіштерін жаңа қырынан ұғыну, олардың менталитетінде, өмір салтында, дүниетанымында, этникалық ес пен өзін-өзі ұқсатуында өзара байланысып көрініс табуы өте маңызды болып отыр. Қазақ және ағылшын паремияларындағы руханилықты лингвомәдени аспектіде салғастырмалы түрде зерттеу тақырыптың өзектілігін танытады.

Зерттеу нысаны. Қазақ және ағылшын тілдік қорындағы ұлттық-мәдени ерекшеліктерді толық сақтаған ұлттық руханилық тақырыбындағы паремиялар.

Зерттеу пәні. Ұлттық руханилықты ерекшелейтін паремиялардың лингвомәдени көрінісі.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың негізгі мақсаты - руханилық тақырыбына құрастырылған қазақ және ағылшын тілдеріндегі паремияларды салғастыра зерттеу. Соның нәтижесінде екі елдің руханилық құрамын құрайтын ұғымдарды анықтау. Осы мақсатқа жету үшін мынадай міндеттерді шешу көзделеді:

▪ паремиология мен антропоцентристік фактордың байланысын зерттеуге негіз болатын теориялық қағидаларды саралау;

▪ қазақ және ағылшын паремияларындағы ұлттық рухани лакуналарға негіз болған ұлттық мәдени деректерді лингвомәдени талдаулар арқылы айқындау;

▪ қазақ және ағылшын тіліндегі паремияларды лингвомәдени және танымдық тұрғыдан салғастырмалы түрде зерделеп, екі елдің ұлттық руханилық көрінісін анықтау;

▪ қазақ және ағылшын паремияларындағы ұлттық руханилықтың көріктеуіш тілдік тәсілдер арқылы бейнеленуін көрсету;

▪ ұлттық руханилықты «тіл және мәдениет» контексінде қарастырып, паремиялардың танымдық, таңбалық, бейнелілік сипатының ұлттық-мәдени негізін айқындау.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен нәтижелері. Зерттеу жұмысында алғаш рет қазақ және ағылшын паремияларындағы руханилық мәселесі тұтас ұғым ретінде қабылданып, лингвомәдени тұрғыдан сараланды. Зерттеу барысында мынадай нәтижелерге қол жеткізілді:

▪ қазақ және ағылшын паремияларын зерттеудегі пікірлерді зерделеу осы бағытта шынайы теориялық қағидалар түзуге мүмкіндік берді;

▪ қазақ және ағылшын паремиялары антропоцентристік үдеріс негізінде қалыптасқан және ол, ең алдымен, адам бойындағы руханилық қасиеттерді сипаттауға арналғандығы тиянақталды;

▪ қазақ және ағылшын паремияларындағы лакуналарға негіз болған ұлттық мәдени деректер лингвомәдени талдаулардың жемісі екендігі көрсетілді;

▪ қазақ және ағылшын паремияларындағы руханилық көріктеуіш тілдік тәсілдер арқылы бейнелене берілетіні анықталды;

▪ «тіл және мәдениет» контексіндегі руханилық паремиялар когнитивтік, семиотикалық, экспресивтік сипатқа ие екендігі дәлелденді.

Зерттеудің теориялық маңыздылығы. Қазақ және ағылшын паремияларының лингвомәдени және семантикалық ерекшеліктерін салыстыра зерттеу екі халық арасында паремиялардың орнын, өзара сипатын, елтанымдық мағлұматтарымызды, теориялық түсінігімізді тереңдете түседі. Зерттеудің нәтижелері мен тұжырымдары салғастырмалы паремиология, салыстырмалы типология, салғастырмалы лингвистика және салыстырмалы-салғастырмалы лингвомәдениеттаным салаларының дамуына өзіндік үлесін қосады. Сонымен қатар тұған ел мен басқа елдің мәдениетін түсініп бағалауға мүмкіндік туғызады және оны тереңдете зерттеуге кең жол ашады.

Зерттеудің практикалық мәні. Осыған сәйкес жүргізілген зерттеудің нақты талдау нәтижелері паремия ілімін толықтыра алады. Сондай-ақ, лексикология, семасиология, елтаным, этнолингвистика, лингвомәдениеттану, контрастивті және компаративті лингвистика салаларының теориялық курстарын оқытуда және арнаулы курс/семинар жүргізуде өз үлесін қоса алады деген ойдамыз.

Материал ретінде 1300 паремиялар жиналды, оның ішінде қазақ тілінде - 700, ағылшын тілінде - 600.

Зерттеудің дереккөздері. Жұмыста руханилыққа қатысты когнитивтік, этнолингвистикалық және лингвомәдени тұрғыдағы ғылыми зерттеулер, паремия ілімін дәйектеуде әр жылдары жарық көрген жинақтар пайдаланылды. Атап айтқанда, қазақ-орыс-ағылшын тіліндегі М. Аққозин, Қ. Алпысбаева, О. Асқар, Г. Әлібеков, П. Әуесбаева, Т. Баймаханова, А. Байтелиева, Н. Байтулеуова, Ю. В. Бодрова, М. В. Буковская, Л. Васильева, С. И. Вяльцева, И. С. Гварджаладзе, З. И. Дубянская, А. Л. Гильбертсон, Ү. Кенесбаева, Б. Клиффорд, Т. Г. Кочинашвили, С. С. Кузьмин, А. В. Кунин, С. Кусковская, С. Қосанов, П. П. Литвинов, В. Модестов, А. Нұрғазин, М. Райдаут, Дж. Рональд, С. Сәкенов, А. Т. Смайлова, С. Уиттинг, Н. Утюшева, Н. Л. Шадрин еңбектері, 500 ағылшын мақал-мәтелдері және энциклопедиялық сөздіктер пайдаланылды. Сонымен бірге Macmillan Essential Dictionary, Longman Dictionary of Contemporary English, Oxford advanced learner’s dictionary of current English, the Longman register of new words сияқты елеулі сөздіктердің түсіндірмелері негізге алынды.

Зерттеудің әдістанымдық негізі. Жұмысқа батыс және шығыс европалық, орыс және қазақ тіл біліміндегі лингводидактикалық, лингвомәдени және танымдық бағыттағы еңбектер негіз болды. Мәселен, В. фон Гумбольдт, А. Вежбицкая, Г. Л. Пермяков, Ю. С. Степанов, С. Г. Проскурин, В. А. Маслова, Ә. Қайдар, Г. Ж. Смағұлова, Ж. Манкеева, А. Ислам, К. Дүйсекова сияқты ғалымдардың зерттеулері басты нысанға алынды.

Жұмыстың зерттеу әдістері. Қазақ және ағылшын паремияларындағы руханилықтың лингвомәдени аспектісін зерттеу салғастыру әдісін пайдалануды қажет етті. Сонымен қатар жұмыс барысында дәстүрлі сипаттау, семантикалық және лингвомәдени талдау әдістері тартылып, ассоциативті эксперимент қажеттікті өтеді.

Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар:

▪ зерттеу нысаны болған қазақ-ағылшын паремиялары әр халықтың өз өкіліне бағыштала отырып, адам бойындағы руханилық қасиеттерін сипаттауға арналған;

▪ лакуналық тіркестердің шығу төркіні мен лингвомәдени уәжінен ұлттық болмыс, ұлттық сана, ұлттық ерекшелік, ұлттық нышан, салт-дәстүр мен кәде-жоралғы көрініс береді;

▪ екі ел руханилығын адамгершілік/kindness, ақыл/wisdom, қайрат/strength, намысқойлық/honour, ар/ұят/shame, қонақжайлық/hospitality, достық/friendship, сыпайылық/courtesy, бауырмалдық/blood relations ұғымдары құрады;

▪ қазақ ұлттық руханилығының ерекше бір көрінісі - имандылық;

▪ қазақ-ағылшын тіліндегі руханилық көрінісін метонимия, синекдоха, теңеу, метафоралар тәрізді көркем тілдік құралдармен танытуға болады;

Зерттеудің жарияланымы мен мақұлдануы. Диссертацияның бағыт-бағдары, негізгі тұжырымдары мен басты нәтижелері 1 аймақтық және республикалық, 6 халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларда баяндалды. Атап айтқанда, «Павлодар облысында мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту жолдары» (Павлодар, 2006), «Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы тіл саясаты: тәжірибелер, мәселелер мен перспективалар» (Астана, 2006), «Түркі тілдері және XXI ғасыр» (Павлодар, 2008), «Жаһандану және қазіргі замандағы университеттер» (Қарағанды, 2008), «Мемлекеттік тіл саясаты: аймақтық даму және қолданым аясы» және «Посткеңестік кезеңдегі саяси ғылымның қалыптасуы мен дамуы: тәжірибелер, проблемалар мен ізденістер (Павлодар, 2008), «Мәдениетаралық қарым-қатынас аясындағы лингвистика, шет тілін оқыту әдістемесі және әдебиеттану мәселелері» (Уфа, 2009) сияқты конференция материалдарының жинақтарында жарияланды. Диссертацияның мазмұны «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналында (Алматы, №9, 2007), Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы (Астана, №3 (57), 2007) мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Хабаршысында (Алматы, №2, 2008; №4 (120), 2009) мақала ретінде басылды. Сондай-ақ, жұмыстың қолжазбасы Инновациялық Еуразия университетінің отырысында, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жалпы тіл білімі кафедрасы жанындағы лингвистикалық семинар мен кафедра мәжілісінде талқыланды.

Зерттеу жұмысының құрылымы. Диссертация кіріспеден, екі негізгі тарау мен қорытындыдан тұрады. Соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымша берілді.

1 ПАРЕМИОЛОГИЯНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ

1. 1 Қазақ және ағылшын тіл біліміндегі паремиялардың зерттелуі

Көркем сөз тәсілдерінің ішіндегі қуаттысы мен құнарлысы болып саналатын паремиялар тіл атаулының баршасына тән, өзіндік ерекшеліктерімен көзге түсетін әмбебап құбылыс. Оның қызметі - өмір шындығын, барлық болмысты өзінде бейнелеп көрсету. «Паремиялардың жинақтарын құрастыру тәжірибесі паремиялардың лингвистикалық табиғатын зерттеп тануға жол ашты» (Н. Косенко, М. Kuusi) . Бұл құбылысты арнайы зерттеуге байланысты ғылымда қалыптасқан пәнді паремиология деп атайды. Паремиология -паремияларды зерттейтін лингвистиканың бір саласы. Оған мақал-мәтелдер, қанатты сөздер, аңыз әңгімелер мен жұмбақтар кіреді. Бұл гректің paroimia - притча, proverbium, parabola сөзінен пайда болған. Paroimia деген нақыл, өсиет әңгіме, сөз деген ұғымда жұмсалады. Н. Пазяктың айтуынша паремиология паремиографияның бір бөлігі болған, кейін мақалдың теориялық зерттелуіне байланысты бөлек бір сала ретінде бөлінген. Паремия термині 1960-70 жылдардан бастап ғылыми басылымдардың беттерінде көріне бастады. Зерттеушілердің кейбіреулері терминнің шегін кеңейтіп, оның қатарына паремиялардан басқа жұмбақтар, ырымдар және анекдоттар, ертегілер де, аңыз әңгімелерді де кіріктірді (Г. Л. Пермяков) . Басқа зерттеушілер (Э. Я. Кокаре) паремияларға шек қойып, оған тек қана мақалдарды, мәтелдерді, идиомаларды және фразеологизмдерді кіріктірді.

Паремия ұғымы шығуының екінші себебі дінге байланысты. Ол - ақыл үйреткіш сөз - «Священные писания» атты діни кітапта жиі кездеседі. Паремияны кешке шіркеуде оқиды. Кешкі қызметте бірнеше паремиялар оқылады: «И ты, Вифлеем: Ефрафа, мал ли ты между тысячами Иудиными? Из тебя произойдет Мне Тот, Который должен быть Владыкою в Израиле и Которого происхождение из начала, от дней вечных. Посему Он оставит их до времени, доколе не родит имеющая родить; тогда возвратятся к сынам Израиля и оставшиеся братья их. И станет Он, и будет пасти в силе Господней, в величии имени Господа Бога Своего, и они будут жить безопасно, ибо тогда Он будет великим до краев земли» (Библиологиялық сөздік) .

Вифлеем - ежелгі қалалардың бірі. Ефрафтың үйі болып саналған. Өйткені бұл қаланың негізін салушының бірі Иуданың шөбересі (1 Пар. IV, 1-4) Ефраф болған. Паремияны шіркеуде оқу салты Аллаға құлшылық етуден басталған. Преждеосвященный Дар Литургиясы кезінде оқылатын үлкен паремиялар сол ғасырдың куәгері болып саналады. Паремиялар көбінесе ұлы мерекелер кезінде оқылып сәйкес тақырыптарға бөлінген (Рождество Христованың, Богоматерьдің бейнелері т. б. ) . Бұған қатысты паремийник атты кітап та бар. Ежелгі орыс паремиялары XII-XIII ғасырларға жатады.

Паремиялардың шығу тарихы мен пайда болу жолдары, тілі жақын туыстас және туыстас емес халықтар үшін ортақтығы, логикалық сәйкестік, образдылық, бейнелеу тәсіліндегі шендестік т. б. толып жатқан мәселелер паремиологияның объектісіне жатады. Паремияларды мән-мағынасына және тұлғалық ерекшеліктеріне байланысты топтастыра зерттеу ерекше орын алады (Г. Л. Пермяков) . Паремияны көптеген ғалымдардың зерттеу нысаны етіп алуы тілдік табиғатының кеңдігімен байланысты. «Қарапайымдылығы мен оңайлығына қарамастан мақалдар аса күрделі, семиотикалық және басқа мағыналық бірліктер екен» деген пікір қалыптасқан (М. А. Яколцевич) . Тындаушының өмірлік тәжірибесіне, рефлективтік шындығына және интенциясына қарай әр паремия жағдаятқа байланысты әрқалай түсінік береді.

Қазіргі ғылымда мақал мен мәтелдің мағынасы паремияның мағынасын білдіреді. Біз диссертациялық жұмыста алға қойған мақсатымызға орай зерттеу нысаны ретінде тек мақал-мәтелдерді қарастырдық. Қазақ және ағылшын паремияларындағы руханилықтың көрінісін мақал-мәтелдер негізінде ашуға тырыстық.

Тілде паремиялық бірліктер өте мол. Зерттеулерге сүйенсек, тек орыс халқының ғана паремияларының саны осы ғасырдың отызыншы жылдары үш жүз мыңнан асқан. Паремиялар сөздің санымен, сөз тіркестерінің грамматикалық құрылымымен, синтаксистік және коммуникативтік түрлері және де басқа белгілерімен өзгешеленеді. Олардың бәрі тұрақты тіркестер немесе тілшілер айтқандай клишены көрсетеді. Шынында, тұрақты тек қана паремиялар емес, сонымен қатар әр түрлі фразеологиялық тіркестер, мыс., «темір жол», «дегенмен», «қас-жауы» клише болады. Паремияларға қарағанда бұл тілдік клише, паремиялар болса тілдің құбылысы ғана емес, олар өте күрделі туындылар. Қағида бойынша, тілдегі тіркестердің барлығы бір кезеңде дамыған, олар әртүрлі мағыналық даму сатысында тұрғандықтан біртұтас категория деп қабылданады. Бұл теорияның негізін салушы М. М. Копыленко мен З. Д. Попова.

Паремияларды фразеологияның құрамында да қарастыруға болады. Сондай-ақ, паремиялар фразеологияның қатарында қарастырылғанымен оларды қай топқа жатқызу керек екендігі туралы әрқилы пікірлер бар. Кейбір ғалымдар оны фразеологиялық бірлікке, біреулер фразеологиялық тізбекке жатқызады. Фразеология жеке пән болып қалыптасқалы бері фразеологизмдердің паремияларға қатысы туралы пікірлер қазірге дейін жалғасып келеді. Мұндай көзқарасты А. В. Кунин, И. И. Чернышева, Л. Ф. Козырева, С. Г. Гаврин, Л. А. Морозова, А. Д. Райхштейн және т. б. ғалымдар ұстанады. Сонымен қатар кейбір ғалымдар (Н. М. Шанский, В. А. Архангельский, В. Н. Телия, Г. Х. Ахунзянов, Р. Сарсенбаев, Ө. Айтбаев, Ф. Ахметжанова) фразеологизмдердің құрамына паремияларды енгізіп, оларды фразеологиялық сөйлемшелер деп атайды.

Паремиялардың тілдік табиғатын, олардың басқа тұрақты тіркестері мен ұқсастықтарын немесе ерекшеліктерін отандық тіл білімінде А. Байтұрсынов, Б. Адамбаев, Ә. Қайдар, С. Нұрышев, Ғ. Мұсабаев, М. Ғабдуллин, Ғ. Тұрабаева тәрізді ғалымдар қарастырған. Жалпы және орыс тіл білімінде В. В. Виноградов, Н. Н. Амосова, М. Т. Тагиев, Н. М. Шанский, Л. А. Булаховский сынды ғалымдар өздерінің ұстанымдарымен, құнды пайымдауларымен, нақты теориялық түйін-тұжырымдарымен белгілі. Бұл жайында ғалым І. Кеңесбаев та өз пікірін ортаға салған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұлттық руханилықты ерекшелейтін паремиялардың лингвомәдени көрінісі
Ағылшын тіліндегі мақал - мәтелдердің зерттелуі
Когнитивтік лингвистиканың лингвомәдениеттану және этнолингвистика ғылымдарымен сабақтастығы
Абайдың «Қара сөздерін» қазақ тілінен ағылшын тіліне аударудың прагматикалық аспектілері
Этникалық менталитеттің көрінісіндегі ағылшын, орыс, қазақ парамеяларындағы фитонимдер
Қазақ тіліндегі жылқы ұғымының ағылшын тіліне аудармадағы сипаты
Мақал-мәтелдердің лингвомәдени аспектіде зерттелуі
Абай «Қарасөздерінің» ағылшын тіліне аударылған нұсқасындағы прагматикалық аспектісі, сонымен қатар лексикалық және стилистикалық жағынан қарастырылған сәйкестіктерді анықтау арқылы қазақ аударматану ғылымының дербес теориясы мен практикасына қатысты жалпы тұжырымдар
Жылқы концепциясының көркем аудармаларда берілу жолдары
Мақал-мәтелдердегі аналитикалық байланысудың көріністері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz