Көші-қон мәселесі жайлы


Кіріспе

Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Елбасымыз 2012 жылғы халыққа Жолдауында 2020 жылға қарай республика халқының саны 10 пайызға өсуі үшін мемлекет барлық мүмкіндіктерді жасайды [1] деп, қазіргі кезеңдегі еліміздің дамуының басымдылық бағытына ерекше көңіл бөлді. Табиғи өсіммен бірге көші-қон мәселесінің сабырлы саясаттың, тұрақты экономиканың, құқықтық қатынастардың, ұлтаралық достық пен келісімнің негізгі тіректерінің бірі ретіндегі рөлі көтерілуде. Еліміздегі демографиялық ахуалда оң өзгерістерге қол жеткізу үшін көші-қон мәселесіне басымдылық беріп, табиғи өсімді ынталандыру - мемлекетіміздің демографиялық саясатындағы басты бағыттарының бірі болып табылады.

Қазақстанның егеменді, тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасу жолы жеңіл бола қойған жоқ. Демографиялық ахуалға кезінде кері әсерін тигізген әлеуметтік-экономикалық дағдарыс еліміздің негізгі байлығы болып табылатын - адамдар ресурстары жағдайында көрініс тапты. Жеке дербес мемлекет болып қалыптасып, дамып, өз саясатын жүргізе бастаған Қазақстанға алғашқы күннен бастап-ақ терең тарихы бар көші-қон мәселелеріне қатысты өз бағытын айқындауға тура келді. Егеменді Қазақстанның көші-қондық қозғалысына жиырма жыл, оның өзіндік тарихы бар, оны өзіндік «кезеңдерге» бөліп, динамикасын, бағыттары мен көлемін талдау қажет.

Қазақстан Республикасындағы көші-қонның себептері мен нәтижелері қандай, көші-қонның, кеңірек алсақ, демографиялық және әлеуметтік дамудың болашағы нені меңзейді? Осы сұрақтарға жауап алмайынша, тиімді де сенімді мемлекеттік саясат жүргізу мүмкін емес. Сондықтан да өзара байланыста болатын көші-қон мен демографиялық жағдайлардың арақатынасының соңғы кеңестік санақ кезінен бергі барысын көрсете отырып, негізгі заңдылықтары мен үрдісін анықтау сонымен қатар, халықтың әлеуметтік-демографиялық даму деңгейі оның мекендеген ортасы, географиялық орналасқан жері, өмір сүретін елінің мәртебесі мен саяси-экономикалық даму деңгейі, әлеуметтік-мәдени ахуалы, әлеуметтік-құқықтық қамсыздандырылуы және тағы басқа тыныс-тіршілігінің барлық салаларымен өзара тығыз байланысты. Осындай кешенді фактор көші-қонның себептеріне, көлеміне, бағыттары мен салдарларына әсер етсе, көші-қон, керісінше сол факторлардың туындауы мен кез-келген мемлекеттің ішкі және халықаралық көлемдегі даму деңгейінің өзгерістеріне ықпал етеді. Жаһандану кең қанат жайған кезеңде Қазақстанда көші-қон үдерісінің жаңа түрлері пайда болып, көлемі, мәні, барысы, маңызы және салдарлары күрделенген сайын көші-қон мәселесін зерттеудің қажеттілігі мен өзектілігі күшейе түсуде.

Дипломдық жұмыстың негiзгi мақсаты - Қазақстан Республикасындағы көші-қон жағдайын және олардың өзгеру үрдістерін теориялық жағынан негіздеп, қазіргі жағдайды талдау арқылы көші-қон үдерісін жетілдіру жолдарын кешенді зерттеу.

Осыған орай дипломдық жұмысты зерттеуде төмендегi мiндеттердi жүзеге асыру көзделдi:

  • Қазіргі әдістемелік қағидалар тұрғысынан Қазақстандағы көші-қон процестері мәселесін зерттеушiлердiң тарихи және әлеуметтік-саяси негiздегi еңбектеріндегі зерттелу деңгейін нақтылау;
  • Шетелде қалған қазақтардың тарихи отанына оралу процесінің барысын қарастыру;
  • Қазақстандағы көші-қон процестері динамикасына әсер ететін негізгі факторларын талдау;
  • Оралмандарға әлеуметтік көмек көрсетудегі мемлекет саясатының әсерін көрсету;
  • Қазақстан Республикасындағы көші-қон процестерін реттеуге байланысты ұсыныстар беру.

Зерттелу нысанасы - Қазақстан Республикасына көшіп келушілер мен көшіп кетушілер.

Зерттеу пәні - ҚР көші-қон жағдайын және өзгеру үрдістерін кешенді зерттеу.

Дипломдық жұмыстың құрылымы - Дипломдық жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады. Кіріспеде тақырыптың өзектілігіне тоқталып, мақсаты мен міндеттері анықталады және зерттеу жұмысының нысаны мен пәні айқындалады. Негізгі бөлімде көші-қон қон мәселесінің ғылыми зерттелуі қарастырылып, олардың өзгеру үрдістері талданылады. Көші-қон мәселесінің даму тенденциялары көрсетіледі. Қорытындыда негізгі бөлімдегі айтылған пікірлерге тұжырымдама жасалынады.

1 КӨШІ-ҚОН МӘСЕЛЕСІНІҢ ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕЛУ БАҒЫТТАРЫ

1. 1 Көші-қонды зерттеудің теориялық-әдістемелік құрылымы

Қазақстан Республикасының ішкі-сыртқы көші-қон саясатын ғылыми негізде жемісті жүргізу үшін өткен кезеңдегі бұл үдерістің қыры мен сырын анықтап алу өте маңызды. Себебі, ғаламдану кең қанат жайған сайын күрделене түскен тәуелсіз республикадағы көші-қон үдерісі кеңес дәуіріндегі көші-қонның этно-демографиялық салдарларымен тығыз ұштасқан.

Сонымен, кеңес дәуіріндегі көші-қон үдерістерінің демографиялық салдарларының шынайы бейнесін ашу қажеттілігі тақырыптың өзектілігінен туындап отыр. Кеңестік дәуірдегі теория мен әдіснама тарихты, әсіресе ұлттық тарихты бұрмалаушылықтарға әкеліп соққаны белгілі. Демографиялық мәселелер мен мәліметтер қатаң бақылауға алынып, қадағаланып, басқарылып қана қоймай, саяси басшы идеяның қажетіне бейімделді. Ал, көші-қон үдерістерінің зерттелуіне деген идеологиялық қағидалар тіпті қатаң болды. Ең бастысы, тұрғылықты ұлт - қазақтардың демографиялық дамуындағы апатты жағдайлар көмескіленіп, елде орын алған үдерістер оңды маңызы жағынан ғана түсіндірілді. Қазақстанның тәуелсіздік алуымен тарихи оқиғаларды бағалауға деген көзқарас түбірімен өзгерді. Тарих ғылымының дамуында қоғамдық өмірдің барлық салаларына терең тамыр жайған маркстік-лениндік әдіснамадан арылдық. Тарихты өркениетті, халықтық, ұлттық тұрғыда жазуға ден қойылып, Қазақстан халқының демографиялық дамуының тарихи үдерістермен тығыз байланыстылығы тұжырымдамалық тұрғыдан қайта пайымдала бастады. Көші-қон үдерістерін тарихи демографиялық аспектіде зерттеу қазіргі Қазақстан тарих ғылымының ішкі өзгерістерімен қатар, тарихи білімді жаңарту үдерісін басынан өткізіп жатқан тұтастай тарих ғылымындағы өзгерістерге қатысты жүруде.

Қазақстанның тарихи демографиялық мәселелерін зерттеудің өзіндік ерекшеліктері бар. Мысалы, осы кезеңге дейін жарияланған зерттеулерде кеңес өкіметі тұсындағы Қазақстандағы көші-қон Одақ көлеміндегі тұтас үдерістің құрамдас бөлігі ретінде көрсетілді. Ал, біздің зерттеуімізде республикадағы көші-қон құбылыстары республикалық үрдістер тұрғысынан ғана қарастырылды. Көші-қон тақырыбындағы маркстік-лениндік әдіснамаға негізделген бағалаулардың нақты бейнесі көрсетіліп, мәселе өркениеттілік әдіснамаға [2] сүйенген ұлттық мүдде тұрғысынан қарастырылған.

Көші-қон үдерістерін кезеңдерге бөлу мәселесіне орай пікірімізге тоқталайық. Қазақстанда XVIII-XXI ғғ. жүрген көші-қон үрдерісін үш дәуірге бөлуге болады:

1) XVIII ғ. ортасынан 1917 ж. дейінгі дәуір - Ресейлік империяның отары болған кездегі қоныс аударушылардың Қазақстанға бағытталған көші-қоны. Әсіресе, ХІХ ғ. екінші жартысынан басталған келімсектер көші-қоны қазақ жерін көп ұлт өкілдерінің мекендеген жеріне айналдырды. 1916 ж. Ұлт азаттық көтерілісті басып-жаншу, жазалау шараларынан қашқан қазақтардың сыртқа көші-қоны болмаса, бұл дәуірде қазақтар сыртқа кеткен жоқ;

  1. 1917-1991 жж. кеңестік дәуір - әр түрлі саяси-экономикалық реформалар мен науқандар негізінде қазақ жеріне келімсектердің жаппай көші-қоны мен мәжбүрлі көші-қондар арқасында Қазақстан көп ұлтты халқы бар республикаға айналды. Кеңестік дәуірдегі таптық мәнді ту етіп, ұлттық ерекшеліктерді елеусіздендірген мемлекеттік көші-қон саясатының нәтижесінде қазақтарға ұлт ретінде құрып кету қаупі төнді. 1916 ж. Ұлт азаттық көтерілісті жазалау шараларынан қашқан қазақтардың көші-қоны кеңестік дәуірде өршіген қазақтардың сыртқа көші-қонының бастамасы болды. Осы дәуірде орын алған саяси-демографиялық катаклизмдердің нәтижесіндегі қазақтардың өлім-жітімі мен сыртқа көші-қоны және ең бастысы, қазақ жеріне аграрлық, өндірістік, қуғын-сүргіндік көші-қондар толқындары арқасында өзге ұлт өкілдерінің келуі тұрғылықты ұлт өздерінің тарихи жерінде азшылық ұлтқа айналдырды [3] ;
  2. Тәуелсіздік жылдары - көші-қон қозғалысында ғасыр бойы Қазақстанға келген ұлт өкілдерінің тарихи отанына қайту көші-қоны күшейіп, керісінше, ғасыр бойы сыртқа қашқан қазақтардың тарихи отанына кері көші-қоны белсендірілді. Оралмандардың Қазақстанға бет бұруы мемлекеттің саяси-экономикалық, мәдени тұрақтылығы мен қауіпсіздігінің тірегі болып табылатын халықтың демографиялық мінез-құлқындағы негізгі шешуші ұлт - қазақтардың сандық және сапалық мәнін көтерді. Қазақтардың сыртқа көші-қоны еңбек көші-қонымен байланысты.

Кеңестік дәуірдегі көші-қон үдерістері қазақстандық тарих ғылымының тұжырымдамалық ұстанымы тұрғысынан ашылған жаңа көзқарастарға сай өзіндік ерекшеліктері бар алты кезеңге бөлінді:

1) 1917-1926 жж. - саябырсу кезеңі,

2) 1926-1939 жж. - қайта өрлеу кезеңі,

3) 1939-1945 жж. - мәжбүрлі кезеңі,

4) 1946-1959 жж. - өрістеу кезеңі,

5) 1959-1970 жж. - бәсеңдеу кезеңі мен

6) 1970-1991 жж. - кері бұрылу кезеңі [4] .

Кезеңдерге бөлуде назарда ұстанған ұстанымдар - көші-қон үдерісінің тарихи оқиғалар мен көші-қон тасқындарының басты бағыттарына байланысты негізгі үрдістері мен демографиялық салдарлары. Көші-қон үдерісі халықтың саны мен құрамының динамикасына, табиғи қозғалыстың негізгі үрдістеріне әсер еткен фактор ғана емес, ол қазақстандық қоғамның даму салалары мен ұлттық дамудың құлдыраулар мен өрлеулерге негізделген ерекшеліктерінің қалыптасуына әсер еткен басты фактор болды.

Кеңестік жүйенің ыдырауымен ХХ ғ. өн бойында қазақ халқы басынан өткізген демографиялық апаттардың саяси факторларын ашудың ұлттық болмысты сақтап, дамытудағы маңызының зор екендігі тек тарихшы ғалымдардың ғана емес, сонымен қатар басқа да қоғамдық ғылым салалары өкілдерінің алдындағы міндеттің біріне айналды [5] .

Бүгінгі таңдағы республикадағы демографиялық ахуалдың астарының өткен дәуірлермен тығыз байланыста жатқандығы жайында нақтылы мәліметтер мен ғылыми тұжырымдар көпшілік қауым назарына ұсыныла бастады. Көпұлттардың өкілдері бар Қазақстандағы демографиялық ахуал елдің саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени даму ерекшеліктерімен тығыз байланыстырылып, жеке зерттеле бастады. Соның ішінде, мемлекет құраушы ұлт - қазақтардың тарихи тағдырының Қазақстанды отанына айналдырған көптеген өзге ұлт өкілдерінің тағдырымен астаса дамуының шынайы тарихы ашылуда. Ал, тарих - халықтың зердесі. Отандық тарих ғылымының салалары ішіндегі кеш дами бастаған бөлігі болғандықтан, тарихи демографиялық зерттеу жұмыстары халықтану бағытындағы өзекті мәселелердің түбіне жетпек түгіл, үстіңгі қабатын қарастырып біткен жоқ. Соның бірі - кеңес дәуірі кезіндегі көші-қон үдерісі және оның этно-демографиялық нәтижелері мен салдарлары мәселесі [6] .

Кеңес дәуіріндегі көші-қон үдерістері тарихнамасы бастауын кеңес дәуірі кезінен алады. Қоғамдық ғылымдар салалары бойынша көші-қон мәселесіне қатысты көптеген еңбектер жарияланды. Мәселенің тарихнамасы жиналған тәжірбиеден қорытынды жасау үшін жинақтап, халықтану мәселесіндегі оның ашылмаған тұстарын анықтаудың негізгі міндеттерін көрсетуді қажет етеді. Сондықтан, кеңестік дәуірдегі көші-қон үдерісінің демографиялық аспектілері қарастырылған еңбектерді тақырыбыма қатысына қарай үш топқа біріктіре талдадық:

Бірінші топқа кеңес дәуірі қарсаңындағы көші-қон мәселесі қарастырылған патшалық Ресейдің соңғы кезеңі мен кеңес дәуірінде жарияланған еңбектер кіреді. Себебі кеңес өкіметінің орнауы мен орнығуы тұсындағы Қазақстандағы көші-қон үдерісі ХХ ғ. басындағы оқиғалар мен сол кезеңдегі көші-қон қозғалысымен тығыз байланысты болды [7] .

Кеңес дәуірінің қарсаңындағы көші-қон үдерістерінің дені патша өкіметінің қоныс аудару саясатымен байланысты жүрді. Қоныстандыру мәселесі зерттеу нысанына айналған төңкеріске дейінгі көптеген зерттеушілер еңбектерінде көші-қон үдерісінің Қазақстан халқының көпұлттылық құрамы мен санының динамикасына тигізген әсерін мақұлдап, көптеген құнды деректерді ғылыми айналымға тартты. Бірақ, зерттеушілер ұлыдержавалық мүддені бірінші кезекке қойып, соған сай қызмет етуге тырысты. Ол еңбектерде статистикалық материалдарды ғылыми айналымға жинау мен жүйелеу ісі жолға қойылып, кеңес дәуірінде мәселенің теориялық жағдайы қарастырыла бастады. 1920-1930 жж. ұлттық зиялылардың еңбектерінде патша өкіметінің қоныс аудару саясаты салдарынан қазақ даласына еуропалық Ресейден шаруалардың ағылып келуінің зардаптары көрсетілді. Кеңес дәуірі қарсаңындағы көші-қон үдерістерінің нәтижесін патша өкіметінің қоныс аудару саясатымен байланыста қарау үрдісі 1940-1950 жж. да өз жалғасын тапты [8] .

Қазақстан халқының қазіргі республика аумағында қанша және қандай ерекшеліктері (ұлт, жыныс, білім деңгейі және т. б. ) болғаны алғаш рет Б. С. Сүлейменовтың еңбегінде көтерілді. Дегенмен, онда қазіргі Қазақстан аумағының шекаралық межесі анық бөлініп алынбады. 1970-жж. басында жарыққа шыққан еңбектерде Қазан революциясына дейінгі көші-қондық үдерістің ерекшелігі түрлі деректер негізінде талданғанымен [9], Қазақстан халқының саны нақты қазіргі аумағына сәйкес бермеген .

Қазақстанның қазіргі аумағындағы халқының саны алғаш рет 3 томдық «История рабочего класса Советского Казахстана» кітабының 1 томындағы М. Х. Асылбековтың зерттеулерінде 4, 147 млн. деп көрсетілсе, кейін бұл сан М. Х. Асылбеков басшылығымен жүргізілген еңбектерде [10] нақтыланды. Соның нәтижесінде, Қазақстан халқының құрамының (ұлты, жасы, жынысы, білім деңгейі және т. б. ) ХХ ғ. соңына дейінгі өзгерістерін кейінгі санақтармен салыстырып, демографиялық, әлеуметтік дамуын талдауға мүмкіндік берілді. ХІХ ғ. соңы - ХХ ғ. бойы жүрген көші-қон үдерістерінің, оның ішінде сырттан келген көші-қоншылар толқындарының әсері айқындалды.

Екінші топқа кеңес дәуіріндегі көші-қон үдерісі мәселесі қамтылған кеңес дәуірі тұсында жарияланған зерттеу жұмыстары жатқызылды. Көші-қон мәселесін кешенді түрде қарастыру 1960-жж. ағымдық мәліметтердің зерттеушілердің қолына түсе бастауымен байланысты. Кеңес дәуіріндегі көші-қон мәселесі қарастырылған кеңес дәуірі тұсында жарияланған еңбектердің басты зерттеу нысаны халықтың саны, оның өсуі мен қарқыны болды. Осы бағыттағы зерттеу жұмыстарында демографиялық дамудың әртүрлі аспектілері: халықтың өсіп-өнуі, еңбек ресурстарының дамуындағы көші-қонның рөлі, қалалану қарқыны қөрсетіліп, көпке дейін, әсіресе егемендікке қол жеткенше, көші-қон мәселелері Қазақстанға сырттан келушілердің саны мен құрамын, экономикаға тигізген әсерін және басқа «прогрессивтік» нәтижелерін біржақты қарастыру бағытында талданды [9] .

Шетелдік зерттеушілердің еңбектерінде 1920-1930 жж. Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық қайта құрулар республиканың отарлық мәртебесін бекіткен шара ретінде сипатталып, патшалы Ресейдің қоныс аудару саясаты соның бір көрінісі ретінде қабылданды. Күштеп ұжымдастыру мен отырықшыландырудың, өндірістендірудің демографиялық апат тудырғаны айтылатын 1930-жж. бергі шетелдік ғалымдар еңбектерінде адам шығынымен бірге көші-қон мәселесі де қамтылып кетеді. Көші-қоншылардың жастық-жыныстық құрамы көрсетілген Дж. Демконың, А. Каппелердің, М. Олкоттың, Р. Конквест, В. Уиткрофттың және т. б. зерттеу әдістері мен ұстанымы қазіргі тарих ғылымының ұстанымымен сәйкес келеді [11] .

Көші-қондық үдерістің кеңестік дәуірдегі ерекшеліктері және оның Қазақстан халқының әлеуметтік-демографиялық дамуына ықпалы мәселесі қарастырылған М. Б. Тәтімов, Ә. Ғали, Е. Н. Гладышева, Л. А. Квон және т. б. еңбектерінің ғылыми бағасы жоғары. Соның ішінде, көші-қон үдерістері мен Қазақстан халқының ұлттық құрамының қалыптасуы зерттеу нысаны болған алғашқы еңбектер қатарына жататын Е. Н. Гладышеваның мақаласында қазақ жерін көші-қоншылармен, еңбек ресурстарымен толтырған көші-қон үдерісінің көпұлттануға тигізген әсері таптық тұрғыдан оңбағаланады. Ол 1960 жж. дейін Қазақстан халқының өсімінің ерекше болмау себебі тұрғылықты халықтың сыртқа ағылуына және оның орнын сырттан келгендер мен табиғи өсімнің толықтыра алмағандығынына байланысты деп көрсетіп, қазақтардың санының кемуі мен қоғамдағы орнына мән бермейді. Ф. Н. Базанованың кеңес дәуіріндегі халықтың қалыптасуы мен дамуы мәселесі қарастырылған монографиясында көші-қон үдерістері халық санының өзгерістерінің басты факторы болып көрсетіліп, соның ішінде тұрғылықты емес ұлт өкілдерінің санының өсіміне себеп болған республикааралық көші-қон екені айтылады. Еңбекте көші-қоншылардың Қазақстанның экономикалық дамуына қосқан үлесі де қарастырылады. Бірақ автор көші-қон саясатының нәтижесін, оның жергілікті ұлттың болмысына тигізген әсерін көрсеткен жоқ [12] .

Халықтың көші-қоны түсінігін кең және тар мағынада түсіндірулердің бар болуы экономикалық, демографиялық, әлеуметтанушылық зерттеулерде оны жіктемелеуге және анықтауға әрқилы тұрғыдан келуге әкеліп соқты. Халықтың көші-қонының барлық анықтамаларын төмендегіше қарастыратын төрт негізгі позицияларға топтастыруға болады:

- халықтың аумақтық орын ауыстыруларының формасы;

- халықтың аумақтық қайта бөлістірілуінің формасы;

- халықтың жылжымалылығының формасы;

-халықтың әлеуметтік сипаттамасын қоса алғандағы оның аумақтық қозғалысының формасы.

Көші-қонның қарама-қайшылықсыз және әмбебап теориясын жасау, қандайда бір көзқарастардың көбірек немесе азырақ дәрежедегі негізділігін анықтау үшін қолданылған іс-шаралардың басты мақсаты қазіргі заманғы көші-қон дамуының үрдісін талдауда қолданылатын әдістемені дайындау болып табылады. ТМД елдерінің аумағында жүріп жатқан көші-қон үдерістері талданған кездері, әдетте, олардың бұрын-соңды болмаған бірегей құбылыс емес екендігі, сол себепті әлдеқашан қолданыста жүрген тұжырымдамаларды қайта қараудың қажеті жоқтығы назарға алынады.

1-кесте - Көші-қон - қоғам өзара байланыс бағыттары

Көші-қонның себептері
Қоғамдағы жағдайға тигізетін әсерлері
Көші-қонның себептері: Көшіріп-қоныстандырудан түсетін экономикалық тиімділіктерді іздестіру
Қоғамдағы жағдайға тигізетін әсерлері: Білімі мен біліктілік деңгейі жоғары азаматтардың кетуінен келетін шығындар
Көші-қонның себептері: «Пайдалы» қызметтерді іздестіру
Қоғамдағы жағдайға тигізетін әсерлері: Елдердің арасында өндіріс факторларын қайта бөлісуден келетін шығындар
Көші-қонның себептері: Психологиялық факторлар
Қоғамдағы жағдайға тигізетін әсерлері: Қоғамдағы жағдайдың тұрақсыздануы
Көші-қонның себептері: Тілге байланысты кедергілер
Қоғамдағы жағдайға тигізетін әсерлері: Әлеуметтік желілер мен делдалдардың арасындағы тепе-теңдіктердің жойылуы, қоғамдағы тұрақсыздық
Көші-қонның себептері: Әлеуметтік көмекті пайдалану мүмкіндігінің болмауы
Қоғамдағы жағдайға тигізетін әсерлері: Жұмыссыздықтың көбеюі, эмиграцияның ұлғаюы, қоғамдық құрылымдар үшін өндіріс факторлары ретіндегі адамдардың азаюы
Көші-қонның себептері: Ескерту: Каржаубаева А. И. «Роль миграционных процессов в формировании современного населения» әдебиет негізінде автор құрастырған

Екі қажеттіліктер тобы көші-қондық үдерістерді туындатушы көздер болып табылады:

  1. өндірістің дамуының экономикалық заңдылықтары (объективтік факторлар) ;
  2. қоныс аударушы еңбек ресурстарының мүдделерін көрсететін материалдық және рухани қажеттіліктер (субъективтік факторлар) .

Көші-қонға қатысты алғанда халық факторы ерекше үйлесімінің және өзара әсерінің арқасында халықтың әрқилы аумақтық орын ауыстыруларына әкеліп соғатын жағдаяттар мен шарттрдың қандай да бір жиынтығы ретінде қаралады. Факторлардың, халықтың өмір сүру жағдаяттарын құрайтын объективтік компоненттердің аумақтық ерекшеліктерін, сондай-ақ, құрылымдық факторларды есепке алатын әр түрлі жіктемелері бар.

Көші-қон факторларын жіктемелеу сияқты, оның құрылымының құрам бөліктерін топтастыру да әмбебап сипатқа ие емес екендігін атап өту керек. Кейбір зерттеушілер факторлардың екі: экономикалық және әлеуметтік топтарын бөліп көрсетеді, басқалары экономикалық факторларға табиғи-климаттық, этникалық, демографиялық, моралдық-психологиялық факторларды қоса отырып, бес тобын көрсетеді.

Көші-қон факторларының бір-бірінен түбегейлі ажыратылып тұруы, оның табиғатына да қатысты, соның салдарынан көші-қон үдерістерін тиімділеу үшін қандайда бір факторларды пайдаланудың мүмкіндігі әр тарапты, қарама-қайшылықты болып келеді. Айталық, табиғи-климаттық факторлар көші-қонды реттеу тұрғысынан алғанда іс-жүзінде басқаруға келмейді. Демографиялық, этникалық, моралдық-психологиялық факторларды тек жанама түрде ғана басқаруға болады. Нарықтық қатынастар жағдайында көші-қонның этникалық, әлеуметтік, әкімшілік факторлары тікелей ретеудің объектісі болуы мүмкін.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кеңес дәуіріндегі Қазақстандағы көші-қон үдерістері: тарихи-демографиялық аспект (1917-1991 жж.)
Миграцияның негізгі себептері
Көші - қон үрдісінің қауіпсіздікке ықпалы
Жұмысшы күшінің халықаралық миграциясы
Қазақстандағы демографиялық процестер туралы ақпарат
Орталық азиядағы миграциялық үрдістер, соның ішінде Қазақстанның миграциялық статистикасына талдау
Оралмандардың әлеуметтік демографиялық мәселелері
КӨШІ - ҚОН ҮРДІСТЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
«Қазақстан мен ресейдегі көші қон мәселесінің бақ тағы көрінісі»
Көші-қон мәселесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz