Turbo Pascal жүйесінде процедураларды ұйымдастыру технологиясы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық

университеті

«Қолданбалы информатика» кафедрасы

Тақырыбы: Turbo Pascal жүйесінде процедураларды ұйымдастыру технологиясы

Тексерген: аға оқытушы

Миркасимова Т. Ш.

Орындаған: «Ақпараттық

жүйелер» 1 курс 101-топ

студенті Алпысбаева А.

Алматы 2008

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

І НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1. 1 Турбо Паскаль бағдарламалау тілі ортасы . . . 7-10

1. 2 Турбо Паскаль программалау тілі . . . 10-12

1. 3 Қате кодтары және хабарламалары . . . 12-21

ІІ ЕСЕПТІҢ ҚОЙЫЛЫМЫ

2. 1 1-есеп . . . 22

2. 1. 1 Есептің берілгені . . . 22

2. 1. 2 Есептің алгоритмі . . . 22-24

2. 1. 3 Программалау бөлімі . . . 24

2. 1. 4 Есептің жауабы . . . 24-25

III ҚОРЫТЫНДЫ . . . 26-27

IV ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 28

КІРІСПЕ

Программада белгілі бір қайталанатын іс-әрекеттерді, атау бойынша бөлек жазып, атауы арқылы бір немесе бірнеше рет іске қосуға болатын программаның бөлігін қосалқы программа деп атайды.

Қосалқы программаларды қолдану арқылы программаларды ықшамдауға болады.

Тurbo Pascal программалау тілінде қосалқы программаның екі түрі қолданылады:

* Прцедура;

* Функция.

Тurbo Pascal программалау тілінде айнымалыларды негізгі бөлімде сипаттау түрі - ауқымды айнымалылар деп аталады. Егер айнымалылар қосалқы программада сипатталса, онда олар жергілікті айнымалылар деп аталады. Сондай-ақ негізі программада қосалқы программаны шақыруда қолданылатын айнымалыларды нақты айнымалылар деп атайды. Ал қосалқы программаның атауында берілген айнымалыларды формалды айнымалылар деп атайды.

Әрбір қосалқы программаның атауы болады және олар айнымалыларды сипаттау бөлімінен құралып, операторлық жақшаларда орналасқан командалар жиынынан тұруы мүмкін.

Паскаль тіліндегі процедуралардың ерекшеліктері:

  1. Паскаль тілінде процедураның құрылымы негізгі программаның құрылымымен бірдей болады. Процедура тақырыбынан соң жаңа айнымалыларды, локальді айнымалыларды бейнелейді, одан кейін операторлық жақшалар ішіне процедура денесі, операторлар тізбегі жазылады. Бірақ аяқтаушы қызметші сөзінен кейін міндетті түрде ; үтір нүкте белгісі тұруы керек. Себебі, процедурадан соң негізгі программаның операторлары жалғасады.
  2. Процедура атауынан соң формальды параметрлер тізімінің болу, болмауы шарт емес, онымен бірге процедура мәні белгілі сан болуы да шарт емес.

Процедураларды қолдану. Тurbo Pascal программалау тілінде процедураның жалпы құрылымы:

Procedure proc_name(a1, b1, …:type_1; a2, b2, …:type_2) ;

[Процедурада қолданылатын айнымалыларды сипаттау бөлімі]

Begin

Процедураның негізгі бөлігі;

End;

Мұндағы:

proc_name - процедура атауы. Процедура атауының бос орын белгісі қолданылмай символдар тізбегінен құралады. Процедура атауы әріптен басталуы тиіс (мысалы: matrix, box1, window2) ;

a1, b1, a2, b2 - қосалқы программада қолданылатын айнымалылар тізбегі. Негізгі программамен байланыс ретінде қолданылатын айнымалылар сипатталады;

type_1, type_2 - айнымалылар типі (мысалы: x:integer, y:real, және т. б. ) ;

Begin - процедураның басы;

End - процедураның соңы.

Мысалы: Әр түрлі көлем бойынша, берілген түстегі терезелерді бейнелеу программасын құру. Программада процедураны қолдану.

PROGRAM WIN_COLOR;

USES

CRT;

VAR

A, B: INTEGER;

PROCEDURE WIN (X1, X2, Y1, Y2, COLOR1, COLOR2: INTEGER) ;

BEGIN

WINDOW (X1, X2, Y1, Y2) ;

TEXTBACKGROUND (COLOR2) ;

CLSSCR;

TEXTCOLOR (COLOR1) ;

WRITELN (T)

END;

BEGIN

TEXTBACKGROUND (0) ;

CLRSCR;

WIN (2, 2, 30, 15, GREEN, BLUE, ‘ТЕРЕЗЕ №1’) ;

WIN (35, 2, 65, 15, RED, WHITE, ‘ТЕРЕЗЕ №2’) ;

WIN (2, 17, 65, 22, CYAN, RED, ‘ТЕРЕЗЕ №3’) ;

END.

Процедураларда айнымалыларды сипаттау бөлімінен кейін өажет болған жағдайда ішкі процедуралар және ішкі функцияларды сипаттап, оларды мүмкіндігінше қолдануға болады.

PROGRAM программа атауы;

USES модульдерді іске қосу;

LABEL белгілерді анықтау;

CONST тұрақтыларды анықтау;

VAR айнымалыларды сипаттау;

Procedure proc_1(a1, b1, …: type_1) ;

[ proc_1 процедурасында қолданылатын айнымалыларды сипаттау бөлімі]

Procedure proc_2(a2, b2, …: type2) ;

[ proc_2 процедурасында қолданылатын айнымалыларды сипаттау бөлімі]

Begin

Proc_2 процедураның негізгі бөлігі

End;

. . .

Begin

Proc_1 процедураның негізгі бөлігі

End;

Көмекші бағдарламалар. Тұрмыста бағдарлама құрған кезде кейбір нұсқаулар жүйесі орындайтын және белгілі бір беретін іс-әрекеттер бағдарламаның орындалу барысында бір, не бірнеше рет пайдаланылуы мүмкін. Әрине, бұл әрекеттер тобын қанша рет пайдалансақ сонша рет бағдарламамызға қайталап жазуымызға болады, әрине, ол тиімді болмас еді. Осы іс-әрекеттерді топтап, бірақ рет жазып, Паскальда көмекші құрал, бағдарлама ретінде беруге болады екен. Қажет кезінде осы көмекші бағдарламаны шақырып, бағдарламамыздың кез келген жеріне пайдалана аламыз.

Кез келген бағдарлама жазушы күрделі бағдарламаларды кішігірім іс-әрекеттерге бөліп, оларды жалпы соңғы нәтижеге жетуге бейімдеп, жүйелеп, көмекші бағдарламалар тобын жасап, соңынан оларды негізгі бағдарламаға біріктіріп пайдаланады. Паскальда функция және процедура ретінде берілген екі түрі көмекші бағдарламалар түрі бар.

Көптеген операторлар арқылы жазылған бағдарламаны монолиттік бағдарлама деп, ал функциялар мен процедуралар арқылы берілген бағдарламаларды модульдік бағдарлама дейміз.

Практикалық есептерге программа құрғанда үлкен программаның белгілі бір бөлігін әр түрлі мәндер бойынша бірнеше рет қайталап пайдалануға тура келеді. Мұндай бір типтер программа бөлігін программаның әр бөлігінде қайталап жаза бермеу үшін оны жеке қосалқы программа ретінде бөліп жазған ыңғайлы.

Жеке программа түрінде бөлек жазылғар, қажетті кезінде оған оралып, оны пайдаланып отыруға болатын негізгі программаның арнайы бөлігін қосалқы программа, подпрограмма дейді. Қосалқы программаға автоматты түрде енуге және одан солай шығуға да болады.

Қосалқы программаны пайдаланудың төмендегідей мүмкіндіктері бар:

  • негізгі программаның көлемі кішірейеді;
  • негізгі программада пайдаланылған айнымалыларды қосалқы программада да пайдалауға болады;
  • қосалқы программаға берілген жады ұяшықтарын ол орындалмай тұрғанда бос ұяшық ретінде, бос айнымалы ретінде пайдалануға болады;
  • қосалқы программаны пайдалану құрылымдық программалауға мүмкіндік береді.

Паскаль тілінде алгоритмдік тіл тәрізді қосалқы программаның екі түрі пайдаланылады. Олар: процедура және функция.

Бір программада бір немесе бірнеше процедура және функция пайдаланылуы мүмкін.

Паскаль тілінде процедуралар мен функциялар программаның басында айнымалылар белгіленіп болғаннан кейін жазылады.

Жоғарыда ескертілгендей, негізгі және қосалқы программада бір айнымалы, мысалы, «К» қатар пайдаланылуы мүмкін, бірақ әр программада пайдаланылғанда К-ның физикалық мағынасы бірдей болуы шартты түрде емес. Атау берілген операторлар тізбегін Турбо Паскаль бағдарламалау тілінде процедура дейді. Әр қосалқы программаның «процедураның немесе функцияның» атауы, аты болады, қосалқы программа сол атауы бойынша шақырылады.

Процедураның құрылымы программаға ұқсас жазылады. Олардың басы, бейнелеу және операторлар бөліктері болады. Процедураны параметрсізде пайдалануға болады. Екі процедуралық программа схемасы да болады. Программаның орындалуы негізгі программаның операторларының орындалуынан басталады. Негізгі программада әрқашан процедураның орындалуы қажет болғанда ғана процедураға көшеді. Бұл жағдайда берілгендер негізі программадан процедураға, енетін параметрлер беріледі. Процедура орындалып болған соң оның нәтижесі, шығатын параметрлер, процедураға негізгі программадан қай жерден көшті, сол жерге береді. Одан кейін негізгі программа орындала бастайды.

Негізгі программада хабарландырылған, бейнеленген атау, негізгі және қосалқы программада да, процедураларда да және функциялар да пайдаланыла алады.

Мұндай атаулар ортақ, глобальді атаулар деп аталады. Қосалқы программада хабарланған атаулар тек сол қосалқы программада ғана пайдаланылады.

І НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1. 1 Турбо Паскаль бағдарламалау тілі ортасы

1-сурет. Турбо Паскаль жұмыс ортасы

2-сурет. Save File As сұхбат терезесі

3-сурет. Турбо Паскальдің File меню жүйесі

4-сурет. Текстерді түзету сұхбат терезесі - Edit менюі

5-сурет. Search сұхбат терезесі

6-сурет. Run орындау менюі

7-сурет. Compile менюі жүйесі

8-сурет. Debug менюі

9-сурет. Tools менюі

10-сурет. Options - опциялар менюі жалпы көрінісі

11-сурет. Window менюінің жалпы көрінісі

12-сурет. Help менюі

1. 2 Турбо Паскаль программалау тілі

Турбо Паскаль бағдарламалау тілі дегеніміз адам мен компьютердің (ЭЕМ) өзара байланыс жасау құралы. Бағдарламалау тілдері екі топқа бөлінеді: таза машиналық кодпен, не белгілі бір машина кодына арналып ассемблерде жазылған тіл - төменгі дәрежедегі және жоғарғы дәрежедегі - адам тіліне жақындалған BASIC, Qbasic, Ci, Turbo Pascal т. б. көптеген бағдарламалау тілдері. Мемлекеттік бағдарлама бойынша осы тілдерден Basic, Turbo Pascal, Visual Basic тілдерінің бірін меңгеру ұсынылған. Турбо Паскаль тілін пайдаланудың қарапайымдылығынан пайдаланушылар арасында кең орын ала бастады.

Паскаль программалау тілінің алғашқы нұсқасын 1970 жылы Стэнфорд университетінің информатика кафедрасының профессоры, швейцариялық ғалым Никлаус Вирт жасады. Оны Borland корпорациясының қызметкерлері жетілдірді (олардың құрған тілдері Turbo Pascal, Borland Pascal және Object Pascal деп аталды) . Delphi жүйесінде Object Pascal программалау тілі пайдаланылады. Turbo Pascal стандартты паскальдың барлық құралдарын қамтитын және жаңа құралдармен толықтырылған, кеңейтілген нұсқасы (біз оны кейде Паскаль деп те атаймыз) .

Келе-келе Турбо Паскаль 4. 0, ТП 5. 0, ТП 6. 0, және ТП 7. 0 нұсқаларының дүниеге келуі кәсіпкер қолданушының еңбектегі өнімділігін арттыруға мүмкіндік беруге, қолданбалы есептерді шығаруда қолдануға үлкен үлес қосты. Енді осы тілдің ерекшелігі бірсыпыра мүмкіндіктерге толы болып келетінін ерекше атап өту қажет.

Тілдің қарапайым құрылымына сан, идентификатор, тұрақты, айнымалылар, функция және өрнек ұғымдары кіреді. Программада амалдардың орындалуына қажетті мәліметтердің сандық, логикалық немесе символдық (литералдық) мәндік шамалары болады.

Тілдің алфавиті басқа тілдермен салыстырғанда құрылымы жағынан түсінікті, себебі оның әрбір амалы сипатталып отырады. Тілдің алфавитінің құрамына әріптер, цифрлар және арнайы белгілер кіреді. Сондықтан да қазіргі кезде Паскаль тілі кез келген саладағы күрделі есептерді шешу үшін пайдалануға болатын, кеңінен таралған стандартты программалау тіліне айналды.

Сондай-ақ, Паскаль тілінің графиктік және дыбысты басқару мүмкіндіктері толық қамтылған. Оқу құрылымының соңында программалар кітапханасы берілген.

Ал 1975 жылы стандартты Паскальдың компиляторымен Турбо Паскаль (3. 0 нұсқысы) программалау тілі пайда болды. Содан бері Паскаль жалпы білімдік, кәсіптік-техникалық мектептерде және жоғарғы оқу орындарында «бірінші» программалау тілі ретінде қолданыла бастады.

Ақпаратты өңдеу жазылған есепті шығару алгоритмі бойынша жүзеге асады. Алгоритмді жазудың бірнеше тәсілі бар екені белгілі. Алгоритмді жазу тәсілдерінің ішінде компьютерде орындалатын программа түріндегі - оның программалау тілінде жазылуы ерекше орын алады. Программалау тілі - компьютерге арналған есеп шығару алгоритмін жазу үшін пайдаланылатын жасанды тіл. Программалау тілінде жазылған алгоритм программа , ал алгоритмді жазу процесі программалау деп аталады.

Осы орта мүмкіншіліктері кең: Паскаль тілінде программалаудың негізгі принциптері, программа құрылымы, тілдің негізгі элементтері мен операторлары қарастырылған. Сонымен қатар, Паскаль тілінде программалар құру, күрделі құрылымдық типтер (жолдар, жиындар, жазулар, массивтер және файлдық типтер) қарастырылған.

Алгоритм - информатика пәнінің негізгі ұғымдарының бірі. Компьютерді қоғам өмірінің қай саласында болмасын пайдалана білу үшін алгоритм ұғымын меңгеру керек. «Алгоритм» сөзі мағынасы жағынан нұсқау, жарлық, рецепт, ереже, тәртіп, заң, жоба сөздеріне синоним болып келеді. Алгоритм сөзі Орта Азияның ортағасырлық ұлы ғалымы - Махмуд ибн Мұса әл Хорезмидің атымен байланысты шыққан. Ол өзінің «Арифметикалық трактат» деген еңбегінде арифметикалық амалдарды орындау тәртібін ұсынған. Сөйтіп арифметикалық амалдары орындау ережесі, геометриялық фигураларды салу ережесі, сөздердің жазылуының грамматикалық ережесі және т. б., т. с. сияқтылар алгоритм деп аталып кеткен. Алгоритмдегі жарлықтардың, нұсқаулардың берілу түріне қарай алгоритмді жазу әдістерін ажыратуға болады. Орындаушының өзіне тән біліміне байланысты арнайы таңбалар, сөздер, іс-қимылдар, схемалар арқылы алгоритмдерді жазудың тәсілдерін ұйымдастыруға болады.

Алгоритмді жазудың бірнеше тәсілдері қалыптасқан: формула, кесте, сөз, графикалық, алгоритмдік программалау тілінде сызықты түрде және т. б. Біз жоғарыда алгоритмді сөз түрінде, блок-схема түрінде сипаттауға тоқталғанбыз. Сол графикалық сипаттауды алгоритнің блок-схемасы деп атайды. Алгоритмді программалау итілінде жазуды - программа деп атаймыз.

Алгоритмнің мынадай түрлері белгілі - есептеу алгоритмдер, диалогтық алгоритмдер, графикалық алгоритмдер, мәліметтерді өңдеу алгоритмдері, роботтарды басқару алгоритмдері және т. б.

1. 3 Қате кодтары және хабарламалары

Программада жіберілген қате туралы ақпаратты қандай қате екендігін және ол қате қай қатарда жіберілгендігі Турбо Паскаль компиляторы жұмыс парағының жоғарғы қатарына бейнелейді. Кез келген пернені басу арқылы «Ғ1» пернесінен басқа түзету режимі іске қосылады.

Төменгі кестеде компилятор шығаратын қате түрлерінің түсініктемелері берілген:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Турбо паскаль жүйесінде процедураларды ұйымдастыру технологиясы
Турбо Паскаль жүйесінде қосалқы программаларды ұйымдастыру технологиясы
Турбо Паскаль жүйесінде қосалқы программаларды ұйымдастыру технологиясы туралы
Програмистің библотекасын ұйымдастыру технологиясы
Паскаль тілінің функцияларымен процедураларын қолдану
Турбо Паскаль ортасында жұмыс
Емхана
Бағдарламаны тестілеу
Студент білімін бағалау бойынша тест программасын құру
Pascal және Си тілінде бағдарламалау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz