Қазақ/ағылшын тілдеріндегі етістіктер


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 60 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

АНЫҚТАМАЛАР
5
:
АНЫҚТАМАЛАР: ҚЫСҚАРТУЛАР
5: 7
:
АНЫҚТАМАЛАР: КІРІСПЕ
5: 8
: 1.
АНЫҚТАМАЛАР: ҚАЗАҚ/АҒЫЛШЫН ТІЛДЕРІНДЕГІ ЕТІСТІКТЕР
5: 10
: 1. 1
АНЫҚТАМАЛАР: Қазақ тіліндегі етістіктердің теориялық мәселелері
5: 10
: 1. 2
АНЫҚТАМАЛАР: Ағылшын тіліндегі етістіктердің теориялық мәселелері
5: 15
: 1. 3
АНЫҚТАМАЛАР: Қазақ/ағылшын тілдеріндегі көңіл-күй етістіктері
5: 20
:
АНЫҚТАМАЛАР:
5:
: 2.
АНЫҚТАМАЛАР: ҚАЗАҚ/АҒЫЛШЫН ТІЛДЕРІНДЕГІ КӨҢІЛ-КҮЙ ЕТІСТІКТЕРІНІҢ СЕМАНТИКАСЫ
5: 27
: 2. 1
АНЫҚТАМАЛАР: Қазақ/ағылшын тілдеріндегі көңіл-күй етістіктерінің лексика-семантикалық өрісі
5: 27
: 2. 2
АНЫҚТАМАЛАР: Қазақ/ағылшын тілдеріндегі көңіл-күй етістіктерінің семантикалық ұқсастықтары мен айырмашылықтары
5: 32
: 2. 3
АНЫҚТАМАЛАР: Қазақ/ағылшын тілдеріндегі көңіл-күй етістіктерінің құрылымдық ұқсастықтары мен айырмашылықтары
5: 39
:
АНЫҚТАМАЛАР:
5:
:
АНЫҚТАМАЛАР: ҚОРЫТЫНДЫ
5: 48
:
АНЫҚТАМАЛАР: ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
5: 51
:
АНЫҚТАМАЛАР: ҚОСЫМША А
5: 53
:
АНЫҚТАМАЛАР: ҚОСЫМША Ә
5: 57

АНЫҚТАМАЛАР

Гипоним (грек. hype - асты, төмен, onyma, onoma - ат, атау, есім) - семантикалық жағынан бірыңғай лексикалық бірліктер тобына кіретін тілдік бірлік.

Гипонимия - түр-тектік қатынастары негізінде лексика-семантикалық тақырыптардағы топтарға, кластарға, шағын кластарға, семантикалық өрістерге және салаларға бірігетін өзара байланысты лексикалық бірліктердің, гипонимдердің парадигматикалық қатынастары.

Гипероним (грек. hyper - жоғары, үстінде, onyma, onoma - ат, есім, атау) - гипонимге қарағанда түр-тек түсінігіне қатынасты тілдік бірлік.

Деривация (лат. derivatio - жасалу) - бастапқы тіл бірліктерінен басқа туынды тіл бірліктерін жасау үрдісі.

Когипоним немесе согипоним деп бір ортақ гиперонимдері бар сөздерді атаймыз.

Контрастивті лингвистика (салғастырмалы лингвистика) - ХХ ғ. 50 ж. бастап дамып келе жатқан жалпы тіл білімінің зерттеу бағдары. Контрастивті лингвистиканың мақсаты - екі тілдің ұқсастығы мен айырмашылығын салыстыра отырып зерттеу.

Қос сөз - екі сөздің қайталануы және қосарлануы арқылы жасалады.

Қосарлама қос сөз - лексикалық мағынасы басқа-басқа екі сөзден құралады да, жаңа лексикалық мағына туғызып, сөзжасамдық қызмет атқарады.

Өріс - заттардың, ұғымдардың қызметтік және мағыналық ұқсастығы бар құбылыстардың лексикалық жиынтығы.

Парадигматика (грек. paradeigma - үлгі) - 1) тілді жүйелі зерттеуде тіл бірлігінің екі түрлі қатынасына парадигматикалық не синтагматикалық байланыста болатын екі аспектінің бірі; парадигматикалық қатынастарды зерттейтін тіл білімінің бір саласы; 2) кең мағынада тіл жүйесі лингвистикалық топтардың парадигматикалық жиынтығы.

Салғастырмалы тәсіл - тілдердің ерекшеліктерін анықтау мақсатында белгілі бір тілді басқа тілдермен салыстыра отырып зерттеу.

Сема (грек. sema - белгі) - белгілейтін заттардың, болмыс құбылыстарының әр түрлі қырлары мен қасиеттерінің тілдегі элементарлы көрінісі.

Семантикалық синтаксис - сөйлемнің мағынасын оның предикативтік орталығын құрайтын лексикалық семантиканы қатыстыра зерттейді.

Семема - семаға қарағанда мағынаның жоғары деңгейін білдіретін бірлік, ол коммутикативті деңгейдегі бірліктің мағыналық қыры ретінде танылады. Семеманың құрылысында негізгі болып есептелетіні архисема, ол белгілі топ бірліктерінің қасиеттері мен белгілерін қамтиды.

Семантика ( грек. semantikos - таңбалаушы) - тіл арқылы берілетін мазмұн.

Синтагматика - сөйлеуде не мәтінде жүйелі орналасқан тіл бірліктерінің арасында пайда болатын қатынастар. Бұл аспектіде с. парадигматикаға қарсы қойылады. Синтагма туралы ілім. С. -ның фонетикалық, фонологиялық, морфологиялық, лексикалық т. б. түрлері болады. Синтагматикалық талдаудың екі тәсілі болады: валенттілік талдау (көрші тұрған сөздердің қатынасы) және дистрибутивті талдау (сөздің өзін талдау) .

Синтаксис (грек. syntaxis - құру, тәртіп) - 1) нақтылы тілдерге тән сөйлеу бірліктерін жасау құралдары мен қағидалары; 2) сөйлеу үрдістерінің пайда болуын зерттейтін грамматиканың саласы. Онда сөйлем ішіндегі сөз тәртібі мен сөздердің үйлесуі, сөйлемнің жалпы қасиеттері зерттеледі.

Сөздің лексикалық мағынасы (грек. lexicos - сөзге қатысты) - белгіленуші заттың немесе құбылыстың жиынтық бейнесі болып табылатын сөз мазмұны.

Туынды сөз - сөзжасам саласындағы негізгі тұлғаның бірі. Т. с. сөз тудырушы жұрнақ жалғану арқылы жасалған туынды түбірлер, аналитикалық сөздер, конверсия, біріккен сөз, қос сөз жатады.


ҚЫСҚАРТУЛАР

АРСС - Англо-русский синонимический словарь.

DSA - Dictionary of Synonyms and Antonyms.

KED - Kazakh English Dictionary.

ҚТСС - Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі.

СС - Синонимдік сөздік.

WD - Webster Dictionary.


КІРІСПЕ

Аталмыш зерттеу жұмыс қазақ/ағылшын тілдеріндегі көңіл-күй етістіктерінің семантикалық табиғатын анықтауға арналған.

Сөздің мағынасын зерттеу қашанда болсын, тілтанушы мамандарымыздың назарын аударуда. Сөз мағынасын зерттеудің әр түрлі жолдары бар. Сөз мағынасын тезаурустық сөздік бойынша зерттеу, лексикалық мағынаны психологиялық тұрғыдан зерттеу, сөз мағынасын полисемия құбылысы ретінде зерттеу бар, яғни сөздің мағынасын зерттеу қай кезде болсын теориялық және практикалық тұрғыдан өз мәнісін жоғалтпайды. Осыған орай, тіліміздің сөздік құрамын зерттеу ең үлкен өзекті мәселелердің бірі болып саналады.

Қазақ тіліндегі етістіктің лексика-семантикалық топтары жайында Н. Т. Сауранбаев, Ы. Е. Маманов, А. С. Аманжолов, Ә. Болғанбаев, М. Оразов, А. Ысқақов, Н. Оралбай, А. Қалыбаева т. б. ғалымдардың еңбектерінде жан-жақты қарастырылады. Ал ағылшын тіліндегі етістіктердің құрылым мен сыртқы тұлғалары жайында мына ғалымдардың еңбектерінде айтылған: И. В. Арнольд, А. И. Смирницкий, В. Н. Ярцева, Б. А. Ильищ, Е. Круисинг, К. Гобилд, Х. Пауль, О. Есперсон, И. Иванова, Г. Суит, Ч. Фриз, К. Бюллер, Е. Ф. Жукова және басқа да атақты ғалымдардың атын атап кетуге болады. Салғастырмалы зерттеулер де арналған мынадай еңбектерді де айтуға келеді: Т. Е. Айтмағамбетова, Ш. Б. Арғынғазина, Ш. Қ. Құрманбаева және т. б.

Зерттеу жұмыстың өзектілігі. Етістіктер кез келген тілдің басты сөз табының құрамдас бөлігі болып табылады. Етістіктерді зерттеу, атап айтқанда, туыс емес екі тілді қатыстыра отырып зерттеу қазіргі таңдағы ғылыми зерттеулердің басты өзекті мәселелері болып табылады.

Зерттеу жұмыстың мақсаты. Қазақ/ағылшын тілдеріндегі көңіл-күй етістіктерінің семантикалық ерекшеліктерін айқындау.

Зерттеу жұмыстың міндеттері:

  • Қазақ/ағылшын тілдеріндегі көңіл-күй етістіктерін лексика-семантикалық өрісін құру.
  • Қазақ/ағылшын тілдеріндегі көңіл-күй етістіктерін топтастыру.
  • Қазақ/ағылшын тілдеріндегі көңіл-күй етістіктерінің семантикалық ұқсастықтары мен айырмашылықтарын зерттеу.
  • Қазақ/ағылшын тілдеріндегі көңіл-күй етістіктерінің құрылымдық ұқсастықтары мен айырмашылықтарын айқындау.

Зерттеу жұмыстың нысаны. Қазақ/ағылшын тілдеріндегі көңіл-күй етістіктері.

Зерттеу жұмыстың пәні. Қазақ/ағылшын тілдеріндегі көңіл-күй етістіктерінің семантикалық табиғатын зерттеу.

Зерттеу жұмыстың әдіс-тәсілдері. Зерттеу жұмысында сипаттамалы, жаппай іріктеу тәсілі, топтау, сұрыптау және нақты ғылыми әдістер ішіндегі көңіл-күй етістіктерінің семантикалық табиғатын анықтауға бағытталған компонентті талдау, қазақ және ағылшын тілдері арасындағы айырмашылықтарды анықтауға арналған салғастырмалы талдау қолданыс тапты.

Зерттеу жұмыстың материалы. Зерттеу нәтижесінде қазақ тілінен 157 көңіл-күй етістіктері және ағылшын тілінен 145 көңіл-күй етістіктері, барлығы 302 лексикалық бірліктер жинақталды.

Зерттеу жұмыстың дереккөздері. Қазақ тілдерінің синонимдік сөздіктері: Қазақ тілінің электронды әмбебап сөздігі; Қазақ тілінің синонимдер сөздігі / Құраст. С. Бизақов, Ә. Болғанбаев, Ш. Дәулетқұлов - Алматы: Арыс, 2005. -720 б. ; Бизақов С. Синонимдер сөздігі. - Алматы: Арыс, 2007. - 640 б. ; Болғанбаев Ә. Қазақ тілінің синонимдер сөздігі. - Алматы: Мектеп, 1975. ; Ағылшын тілінің синонимдік сөздіктері: Девлин Д. Словарь синонимов и антонимов английского языка. - М. : ЗАО Изд-во Центрполиграф, 2002. - 559 с. ; Ю. Д. Апресян, В. В. Ботякова, Т. Э. Латышева. Англо-русский синонимический словарь. - М. : Рус. Яз. 2001, - 544 с. ; Boris n. Shnitnikov Kazakh-English Dictionary. - The Hague, 1966. - 301 p. ; Webster’s New Dictionary of Synonyms. - Massachusetts, 1973. - 909 p.

Зерттеу жұмысының нәтижелері: қазақ және ағылшын тілдеріндегі көңіл-күй етістіктерінің семантикалық өрісін талдау барысында жинақталған бірліктер арасында гиперонимдік және гипонимдік қатынастар анықталды; екі тілде де көңіл-күй етістіктері ядролық және перифериялық етістіктерден құралатындығы зерттелді. Ал айырмашылығы қазақ тіліндегі ядролық семалар ағылшын тіліндегі ядролық семалармен сәйкес келмейтіндігі анықталды. Екі тілдегі етістіктерді талдау барысында екі тілде де ядролық семаның айналасында перифериялық сема анықталды. Перифериялық семаның өзі интенсивтіліктен тұрады. Ал интенсивтіліктің мынандай түрлері ажыратылған; нөлдік интенсивтілік, әлсіз интенсивтілік және әлді интенсивтілік. Интенсивтіліктің дәрежесі синонимиялық топты ажырату барысында көрініс табады; қазақ және ағылшын тілдеріндегі етістіктерге семантикалық талдау жасау барысында көңіл-күй етістіктері адамның психикалық және эмоционалды күйіне байланысты топтастырылғандығы анықталды. Семантикасына қарай бұл етістіктердің семаларында жағымды және жағымсыз семалары бар екендігі анықталды; қазақ және ағылшын тілдеріндегі көңіл-күй етістіктерінің құрылымы әртүрлілігімен ерекшеленеді. Қазақ тілінің көңіл-күй етістіктерінің құрылымының 80 пайызын туынды түбір етістіктерден, 15 пайызын түбір етістіктер құрылғандығы анықталды. Ал, ағылшын тілінің 60 пайызы негізгі етістіктерден, 30 пайызы фразалық етістіктерден, 10 пайызы туынды етістіктерден тұратындығы анықталды. Сонымен, қазақ тілінің көңіл-күй етістіктері жасалынған талдау арқылы туынды түбір етістіктерден, ал ағылшын тілінің көңіл-күй етістіктері негізгі етістік пен фразалық етістіктен жасалынғандығы айқындалды.

Диплом жұмысының құрылымы: Диплом жұмысы кіріспеден, негізгі екі бөлімнен, қорытындыдан, қосымшалардан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, пайдаланылған материалдар мен дереккөздерден тұрады.

1 ҚАЗАҚ/АҒЫЛШЫН ТІЛДЕРІНДЕГІ ЕТІСТІКТЕР

  1. Қазақ тіліндегі етістіктердің теориялық мәселелері

Қазақ тіл білімінде грамматика саласында сөз таптары А. С. Аманжолов, Ғ. Әбуханов, А. Байтұрсынов, М. Балақаев, Қ. Жұбанов, Ә. Ибатов, А. Қалыбаева, Т. Қордабаев, И. Маманов, Ғ. Мұсабаев, М. Оразов, Т. Сайрамбаев, Ш. Сарыбаев, Н. Сауранбаев, Т. Төлеуов, Ә. Хасенов, А. Ысқақов т. б. ғалымдардың еңбектерінде айтылған.

Қазақ тіліндегі етістіктің лексика-семантикалық топтары жайында Н. Т. Сауранбаев, Ы. Е. Маманов, А. С. Аманжолов, Ә. Болғанбаев, М. Оразов, А. Ысқақов, Н. Оралбай, А. Қалыбаева т. б. ғалымдардың еңбектерінде жан-жақты қарастырылады.

Тіл біліміндегі өзекті тақырыптардың бірі болып табылатын етістіктің тұлғалары бұрыннан зерттеліп келеді. Қазақ тіл білімінде олардың зерттелуі төл ғалымдарымыздан бастау алған А. Байтұрсынұлы, Қ. Жұбанов, Н. Сауранбаев, А. Ысқақов, Ы. Маманов, С. Исаев, М. Оразов, Н. Оралбаева, А. Қалыбаева, және т. б. ғалымдардың еңбектерінен көруге болады. Ғалымдардың көпшілігі сөз таптарының ішіндегі сөзге байы, күрделісі етістік екендігін және бұл сөз табының күрделігін оның лексика-семантикалық ерекшелігінен, грамматикалық категорияның көптігінен, сөйлемде атқаратын қызметінен, туынды сөз жасау жүйесінен т. б. қасиеттерінен көруге болатынын айтқан. Өзінің көнелілігімен де ерекшеленетін бұл сөз табына талай ғалымдар анықтама беріп кеткен.

А. Байтұрсынұлы: «Етістік дегеніміз - заттардың еткен-етпеген істерін көрсететін сөздер» [1, 231], - деп, оның болымды, болымсыз, есімше, көсемше түрлерін атап көрсетеді.

Ы. Е. Маманов етістікке мынадай анықтама берсе: «Етістіктер дегеніміз - заттың іс, қимыл үдерісін, күйін білдіретін, шаққа, жаққа, райға, етіске, болымды, болымсыз болып түрленіп, сөйлемді құрастыруда ерекше қызмет атқаратын сөз табы» [2, 21], Н. Сауранбаевтың айтуынша: «Етістік - қимылдың немесе қимыл түрінде өтетін түрлі процестердің атын білдіретін сөз табы» [3, 8] . Ал «Практикалық қазақ тілі» оқулығында аталмыш сөз табына мынадай анықтама береді: «Етістік - қимыл-әрекетін білдіретін сөз табы» [4] .

Етістік туралы анықтамалар басқа да оқулықтарда, грамматикаға арнап жазылған еңбектерде беріліп жүр. Солардың ішіндегі «етістік ‒ қимыл, іс- әрекеттің атауы» дегенді С. Исаев қатеге шығарады. «Етістік қимыл, іс- әрекеттің атауын емес, нақ өзін білдіреді, ал атын (атауын) етістіктің белгілі бір формасы (қимыл атауы) білдіреді», ‒ дейді [5, 81] .

С. Исаев өзінің басқа бір мақаласында: «Етістік семантикалық жағынан тілімізде қимылды, іс-әрекетті, процесті, әр түрлі өзгеріс, құбылысты білдіретін сөздер болып табылады», ‒ дейді [6, 76] .

Етістікке қатысты өзге де даулы пікірлер кездеседі. Мәселен, етістіктің негізі, түбірі туралы түрлі көзқарастар бар. Ә. Төлеуов етістіктің морфологиялық белгілерін айта келе, «етістіктің түбірі II жақтың бұйрық райы болады да, оның басқа түрлері осы формасына қосымшалар қосылу арқылы жасалады. Яғни, оның морфологиялық категориялары бұйрық райдан өрбіп жатады: оқы, -р, -йтын, -ғалы, -й, -ған, -ып, -с, -ды, -пты т. б. », ‒ дейді [7, 72] .

Н. Оралбаева: «Бұйрық мағына түбір етістіктің өзінде берілген, сондықтан бұйрықтың қай жаққа қатысын білдіру үшін етістікке тек жіктік жалғау ғана жалғанады», ‒ дейді [8, 72] .

А. Ысқақов сыртқы және құрамы жағынан етістіктердің негізі жалаң және күрделі болады да, етістік негізі әрдайым бұйрық (тілек, өтініш т. б. ) мәнін білдіріп, бұйрық райдың екінші жағының анайы түрінде тұратындығын айтады. Мысалы, ал, аш, ая, бар, бас, күл, қоры, тер, сал, сана т. б. ‒ жалаң түбір негіздер, абайла, арала, ақылдас, көмектес, майла, сақта, сырлас, тағайында т. б. ‒ жалаң туынды негіздер. Ал күрделі негіздер кемі екі немесе одан көп сөздерден құралады: абай бол, жәрдем ет, алып бер, жаза сал, қарай бер, тазалап таста, ашып иш, біліп айт т. б. [9, 275] .

Бірақ С. Исаев «етістік негізі үнемі бұйрық мәнін білдіріп, бұйрық райдың екінші жағының арнайы түрінде тұрады» деген жаңсақ пікір деп, бірнеше дәлел келтіреді. Бірінші, бұйрық райдың жекеше II жақ формасындағы етістіктердің барлығы түбір бола бермейтіндігін, осы формада тұрған келтірме, оқытқызба деген етістіктерді түбір деп қарауға болмайтындығын, үшінші, бұйрық мәнді етістік түбірге тән грамматикалық мағына болса, осы түбірге түрлену формаларында жұмсалғанда, бұйрықтық мағына сақтала берілуі керек болады, бірақ қимылдық мағына сақталғанымен, бұйрық райдың жекеше II жақтық мағына сақталмайтындығын ( кел-ген-мін, оқы-п-сың т. б. ), төртінші, II жақ бұйрықтық мағынаның грамматикалық жағынан тектес серіктері, бірақ арнайы грамматикалық формалары бар II жақ сыпайы және көпше түрдегі бұйрық рай тұлғаларын қайда жатқызатындығын, бесінші, бұйрық рай ‒ етістіктің грамматикалық түрлену жүйесіндегі таза грамматикалық категорияның бір түрі екендігін, алтыншы, етістіктің түбірі тікелей жіктелмейтінін, ал II жақ бұйрық рай тұлғасы ‒ жіктелудің бір грамматикалы парадигмалық көрінісі болып табылатынын дәлелдеп көрсетті [5, 83] .

«Қазақ грамматикасы» да бұл мәселеге тоқталмай кетпейді. Етістіктің белгілі бір тұлғадағы грамматикалық мағынасын және оны білдіретін грамматикалық формасын бірде етістіктің түбір тұлғасы деп, бірде бұйрық райдың жекеше, анайы екінші жақ тұлғасы деп екі түрлі атаудың қажеттілігі жоқ дейді. Біріншіден, егер бір ғана грамматикалық ұғымды білдірсе, бір ғана атаумен атау керек. Екіншіден, бұйрықтық, жақтық мағына етістік түбірге тән мағына болса, онда ол тұлға етістіктің белгілі бір грамматикалық категориясының бір грамматикалық түрі, көрінісі (бұйрық рай) бола алмас еді. Және бұл екі мағынаның арасын былайша ашып көрсетеді : «етістіктің түбірі білдіретін жалпы грамматикалық мағына етістіктің барлық басқа тұлғаларында сақталып тұратын қимылды білдіру мағынасы да, ал 2-жақтық, бұйрықтық мағына ‒ етістіктің негізгі сөздермен ( сен деген бастауышпен) сөйлемде белгілі (жақтық, жекешелік, бұйрықтық) қарым-қатынасқа түсудің және соның негізінде белгілі тұлғада жұмсалудың нәтижесінде пайда болатын мағына» [10, 495] . Осы мәселеге байланысты мынадай қорытынды жасалған: «Етістіктің түбір тұлғасы қимылды, іс-әрекетті, процесті т. б. білдіреді және ол ‒ етістіктің жеке сөз табы екендігі жеке тұрғандағы семантикалық белгісі, негізгі жалпы грамматикалық мағынасы, ал бұйрық райдың 2-жағы сол етістіктің сөйлеу процесінде басқа сөздермен қарым-қатынасқа түсудің нәтижесінде пайда болатын, грамматикалық нөлдік форма арқылы көрінетін түрлену мағынасы, яғни категориялық грамматикалық мағынасы болып табылады» [10, 497] . Қорыта айтқанда, бұйрық райдың II жақ формасындағы етістік түбір етістік болмайды.

Етістіктің сөйлемдегі қызметіне байланысты ерекшелігі ретінде Ы. Маманов олардың есімше, көсемше, қимыл есімі, рай формаларымен түрленгенде ғана басқа сөздермен синтаксистік қатынасқа еніп, сөйлем мүшесі қызметінде жұмсалатындығын айтады [11, 65] .

Сөз таптарының ішіндегі сөзге байы, құрамы жағынан өте үлкені етістік екендігін айттық. Оның лексикалық мағынасына қарай ғалымдар бірнеше топтарға бөліп қарастырған. А. Ысқақов етістіктерді мағына жағынан жақындықтарына, өзара функция жағынан орайластықтарына қарай: амал-әрекет етістіктері (босат, көтер, күрес, қи, сыз т. б. ), қимыл-қозғалыс етістіктері (ауна, аудар, домала, жыт, қаш, секір т. б. ), қалып-сапа етістіктері (жат, жантай, тұр, тос, күт т. б. ), ойлау-сөйлеу етістіктері (айт, сөйле, де, ескер, жатта т. б. ), өсу-өну етістіктері (балала, жапырақта, гүлде т. б. ), бағыт-бағдар етістіктері (бар, әкел, кет, қайт, әкет т. б. ), көңіл-күй етістіктері (жыла, қайғыр, күл, қуан т. б. ), бейнелеу-еліктеу етістіктері (жарқыра, күркіре, тарсылда т. б. ), дыбыс-сес етістіктері, көру-есту етістіктері, мінез-құлық етістіктері сияқты топтарға саралап берсе [9, 224], Н. Оралбай ғылымда етістіктің лексикалық тұрғыдан қозғалу етістіктері (кел, кет, бар т. б. ), қалып етістіктері (отыр, тұр, жатыр, жүр), сөйлеу етістіктері (айт, сөйле, де), амал- әрекет етістіктері (ішу, өндіру, жазу), қалып-сапа етістіктері (сөну, жүдеу, өлу), сезіну етістіктері (көру, есту, иістену), ойлау етістіктері (ойла, түсіну, ескеру), көңіл-күй етістіктері (ұялу, күлу, қуану), дыбыс-сес етістіктері (мөңіреу, үру, ұлу), өсіп-өну етістіктері (қоздау, гүлдеу) т. б. болып топтастырылып жүргендігін келтіреді [12, 203], ал С. Исаев етістіктің негізгі мәні қимыл мен іс- әрекетті білдіру болғанмен, өз ішінен оларды қозғалыс, амалды, ойлау-сөйлеуді білдіретін, өсіп-өнуді білдіретін, көңіл-күйіне және басқа да әртүрлі дыбысқа, қозғалысқа еліктеу, бейнелеу мәнді, көру-естуге байланысты т. б. семантикалық топтарын қарастыруға болатынын айтады [5, 84] .

Осы сияқты етістіктің грамматикалық мағынасы да алуан түрлі. Грамматикалық формаларға бай етістікті ғалымдар жан-жақты зерттеген.

Ы. Маманов өз еңбегінде етістікті негізгі етістік және функциялық етістік деп екіге бөліп, ал негізгі етістіктің өзін түбір етістіктер және модификациялық етістіктер деп қарастырады. Сөздің лексикалық мағынасын білдіретін бөлікті түбір етістікке, ал белгілі қосымшалар немесе көмекші етістіктер арқылы үстеме грамматикалық мағына білдіретін етістік формаларын модификациялық етістікке жатқызады. Салт және сабақты етістік, күшейтпелі етістік, күрделі етістік, сыпат, болымсыздық етістік категорияларын модификациялық етістік түріне енгізіп, етістіктің бірінші түбір етістіктерді, екінші модификациялық етістіктерді, үшінші функциялық етістік тұлғаларын, төртінші орынға рай, шақ категорияларын қойып сатылап бөледі [13, 21] . Мәселен, ойластырмайсыңдар

деген сөздің негізі ‒ ойластыр, функциялық ‒ йсыңдар, ал ‒ ма жұрнағы ‒ негіз бен функцияны жалғастырушы шекара.

Негізгі етістіктер түбір және модификациялық болып екіге бөлінеді. Түбір етістіктердің бірнеше түрі бар:

  1. Негізгі түбір - Simple verb.
  2. Туынды түбір - Derived verb.
  3. Кіріккен түбір - Compound verb.
  4. Қос түбір - Double verb.
  5. Тіркесті түбір - Composite verb.

Модификациялық етістіктердің де бірнеше түрі бар:

  1. Етіс жұрнағы - Voise derivatives.
  2. Күшейтпелі жұрнақтар - Superlative derivatives.
  3. Күрделі етістіктер - Complex verb.

Функциялық етістіктер дегеніміз ‒ әртүрлі формада тұрған етістіктер немесе жұрнақтардың жалғануы.

Соның ішінде функциялық етістік тұлғаларына тұйық етістік, көсемше, есімше, шартты рай түрлерін жатқызады. Автордың айтуынша, «функциялық етістіктердің жіктелуі арқылы етістіктердің рай, шақ формалары пайда болады» [13] . Бірақ «Қазақ грамматикасында» бұл пікірді қате деп танитын тұжырымдарды кездестіреміз. Бұл жинақтың авторларының пікірінше, рай, шақ мағыналары етістіктің жіктелу тұлғасы емес, олардың грамматикалық мәні есімше, көсемше сияқты арнайы грамматикалық формалары арқылы беріледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ және ағылышын тілдеріндегі нақ осы шақтың функционалды - семантикалық сипаты
НАҚ ОСЫ ШАҚ СУБКАТЕГОРИЯСЫНЫҢ СЕМАНТИКАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ
Ағылшын және қазақ тілдеріндегі етістіктердіңлексика-семантикалық ерекшеліктерініңтеориялық аспектісі
Ағылшын тіліндегі тарихи морфология
Қазақ тілінің мекен ұғымын білдіретін тілдік бірліктері
Ағылшын және қазақ тілдеріндегі тұрмыстық етістіктердің лексика - семантикалық ерекшеліктерінің теориялық аспектісі
Модальді етістіктердің аудармасы
Aғылшын және қазақ тілдерінің лексико - семантикалық фрaзеологизмдерін салыстырмалы талдау
Perfect форма қолданылатын жағдай
ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ СИНКРЕТИЗМ ҚҰБЫЛЫСЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz