Алматы қаласы «құтқару қызметінің» төтенше жағдайлар кезінде құтқару жұмыстарын ұйымдастыруы және өткізуі


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Химия факультеті

Химиялық физика және ЖМҚ химиясы кафедрасы

«Тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз» ету циклы

БІТІРУ ЖҰМЫСЫ

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ «ҚҰТҚАРУ ҚЫЗМЕТІНІҢ» ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР КЕЗІНДЕ ҚҰТҚАРУ ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУЫ ЖӘНЕ ӨТКІЗУІ

Орындаған 4 курс студенті

Ғылыми жетекшілері

оқытушы

б. ғ. к., доцент

Норма бақылаушы

Кафедра меңгерушісінің

рұқсатымен қорғауға жіберілді

х. ғ. д., профессор

Алматы, 2009

РЕФЕРАТ

Бітіру жұмысы 46 беттен, 11 суреттен, 2 кестеден, 31 пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Түйінді сөздер: ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ, ТАБИҒИ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ, ТЕХНОГЕНДІК ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ, АВАРИЯ, АПАТ, ДҮЛЕЙ ЗІЛЗАЛА, ҚҰТҚАРУ ЖҰМЫСТАРЫ, ҚҰТҚАРУ ОТРЯДЫ, ДИСПЕТЧЕРЛІК КҮЗЕТ, ҚҰТҚАРУ ҚЫЗМЕТІ.

Зерттеу объектісі: Алматы қаласы «Құтқару қызметінің» жұмысы.

Жұмыстың мақсаты: Алматы қаласы «Құтқару қызметінің» төтенше жағдайлар кезінде құтқару жұмыстарын ұйымдастыруы және өткізуі.

Жұмыстың міндеті:

  1. төтенше жағдайлардың түрлері және олардың шығу көздерімен танысу;
  2. табиғи және техногендік апаттар кезінде құтқару жұмыстарын ұйымдастыру мен өткізудің ерекшеліктерін айқындау;
  3. Алматы қаласы «Құтқару қызметі» жұмысын ұйымдастыру және өткізу ерекшеліктерімен танысу.


РЕФЕРАТ

Выпускная работа состоит из 46 страниц, содержит 11 рисунков, 2 таблицы, 31 использованный источник.

Ключевые слова: ЧРЕЗВЫЧАЙНАЯ СИТУАЦИЯ, ПРИРОДНАЯ ЧРЕЗВЫЧАЙНАЯ СИТУАЦИЯ, ТЕХНОГЕННАЯ ЧРЕЗВЫЧАЙНАЯ СИТУАЦИЯ, АВАРИЯ, КАТАСТРОФА, СТИХИЙНОЕ БЕДСТВИЕ, СПАСАТЕЛЬНЫЕ РАБОТЫ, СПАСАТЕЛЬНЫЙ ОТРЯД, ДИСПЕТЧЕРСКИЙ ПУНКТ, СЛУЖБА СПАСЕНИЯ.

Объекты исследования: работа «Службы спасения» города Алматы.

Цель выпускной работы: Организация и проведение работ «Служба спасения» города Алматы при чрезвычайных ситуациях.

Задачи:

  1. ознакомление с источниками и видами чрезвычайных ситуаций;
  2. определение особенностей организации и проведения спасательных работ при природных и техногенных катастрофах;
  3. ознакомление с особенностями организации и проведения работ «Службы спасения» города Алматы.


ГЛОССАРИЙ

Төтенше жағдай - белгілі бір аймақтарда күтпеген жағдайда пайда болатын ахуал.

Табиғи төтенше жағдай - табиғаттан келетін апаттар.

Техногендік төтенше жағдай - адамның өндірістік және шаруашылық әрекетінен туындайтын төтенше жағдайлар.

Дүлей зілзала - бірден елеулі адамның тіршілігін бұзып, үлкен материалдық құндылықтарды жоғалтуға соқтыратын, сонымен қатар адамдардың қаза табуына, жануарлар өлуіне әкелетін кенеттен пайда болатын табиғи құбылыс.

Сел - тау жартастарының сынықтары мен су қоспасынан тұратын, қатты жауын немесе қардың қарқынды еруінен, сондай - ақ, қар үйіндісі мен мұзды теңіздер еруінің нәтижесінде таулы өзендер мен бұлақтар арнасында кенеттен пайда болатын үлкен қиратушы күштің лай-тас аралас қарқынды су тасқыны.

Эпидемия - нақты бір аймақтағы ауру-сырқаудың саны әдеттегі тірке-летін деңгейінен біршама асатын, уақыт пен кеңістікте күшейе түсетін белгілі бір аймақта адамдардың жаппай инфекциялық ауруының таралуы.

ТЖ - төтенше жағдай

АЭС - атом электр станциясы

ІҚҚ - іздестіру - құтқару кұрамалары

ҚӘУЗ - қатты әсер ететін улы заттар

ТЖ ААБЖ - төтенше жағдайлардың автоматтандырылған ақпараттық -басқару жүйесі

РҚО - радиациядан қорғайтын орындар

МҚКК - мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорын

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 6

НЕГІЗГІ БӨЛІМ 7

1. Төтенше жағдайлар және олардың көздері 7

1. 1. Төтенше жағдай түрлері 7

1. 2. Табиғатта кездесетін төтенше жағдайлар және олардың

көздері 11

1. 3. Техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар және олардың

көздері 13

  1. . Қазақстан Республикасының аумағында болған төтенше

жағдайлар деректері 14

  1. Қазақстан Республикасында төтенше жағдайлардың алдын алу

және жоюдың мемлекеттік жүйесі 20

  1. Төтенше жағдайлардан халықты қорғаудың негізгі әдістері 26
  2. Төтенше жағдай зардаптары және жапа шеккен аймақтарда

авариялық - құтқару жүмыстарын жүргізу 32

  1. Табиғи апаттар (жер сілкінісі, су тасқыны) кезінде құтқару

жұмыстарын ұйымдастыру және өткізу ерекшеліктері 32

  1. Техногенді апаттар (өндірістік авариялар, өрт, жарылыс)

кезінде құтқару жұмыстарын ұйымдастыру және өткізу 33

ЖҰМЫСТЫҢ ӘДІСТЕРІ МЕН НЫСАНДАРЫ 35

ЭКСПЕРИМЕНТ НӘТИЖЕЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ТАЛДАУ 38

ҚОРЫТЫНДЫ 44

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 45


КІРІСПЕ

Адамдардың қауіпсіздігін қамсыздандыру бейбіт уақыттағы төтенше жағдайларда халықты қорғау бойынша республикамызда жүргізілетін барлық шаралардың аса маңызды мақсаты болып табылады.

Республика аумағында атом энергетикасы, химия өнеркәсібі объектілері мен өзге де объектілер орналасқан мұндағы авариялар үлкен адам құрбандықтарымен, материалдық залалмен қатар елеулі экономикалық салдарға да ұшыратуы мүмкін. Осы жағдайлар мемлекеттік, әскери және шаруашылық органдары тарапынан халықты сенімді қорғау мен шаруашылық объектілерін сақтау, басқару жүйесінің мүлтіксіз жұмыс істеуі жөніндегі міндеттерді шешуде жаңа ұстанымдарды қажет етеді.

Негізгі қорлардың, өндірістік ғимараттар мен ғимараттардың, көліктегі жылжымалы құрам мен инфрақұрылымның тозуы және ескіруі, мұнай мен газ кен орындарын, өзге табиғи ресурстарды зерттеу мен игеру жеделдігі, көмір қышқыл шикізаты мен оның ұқсатылған өнімдерін тасымалдаудың үлкен көлемі техногендік сипаттағы төтенше жағдайдың жағымсыз рөлінің өсуі үшін шынайы алғы шарт жасайды.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес экологиялық ахуалдың күрт нашарлауы, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар мен зілзалалар, індет пен жүқпалы аурулар ұлттық қауіпсіздікке қатер санатына жатқызылды.

Халық пен аумақты зілзалалар, авариялар мен апаттардан және олардан туындаған төтенше жағдайлардан қорғау саласындағы мемлекеттік басқару төтенше жағдайларды ескерту мен жоюдың мемлекеттік жүйесінің шегінде жүзеге асырылады.

Тәуелсіз Қазақстан Республикасының қалыптасуы мен дамуы кезеңінде табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай саласындағы маңызды заңдар, осы саладағы жекелеген мәселелерді реттейтін заңнамалық актілер, сондай - ақ, төтенше жағдайларды ескерту мен жою саласындағы қолданыстағы құқықтың осы уақыттағы бірыңғай жүйесін құрайтын өзге де нормативтік актілер қабылданды.

Төтенше жағдайларда халықты қорғау әдістерін, құтқару жұмыстарын дер кезінде ұйымдастыру зардап көлемін төмендетеді.

Жұмыстың мақсаты - төтенше жағдайлар кезінде құтқару жұмыстарын ұйымдастыру және өткізудің ерекшеліктерін қарастыру болып табылады.

Жұмыстың міндеті:

  1. төтенше жағдайлардың түрлері және олардың шығу көздерімен танысу;
  2. Қазақстан аумағында болған төтенше жағдайлар деректерін талдау;
  1. табиғи мен техногендік апаттар кезінде құтқару жұмыстарын ұйымдастыру мен өткізудің ерекшеліктерін айқындау;
  2. Алматы қаласы «Құтқару қызметі» жұмысын ұйымдастыру және өткізу ерекшеліктерімен танысу.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1. Төтенше жағдайлар және олардың көздері

1. 1 Төтенше жағдай түрлері

Қауіптілік - материяға (адамдарға, жануарлар мен өсімдік әлеміне, материалдық құндылықтарға) қауіп төндіретін немесе зиянды әсер ететін процесс, құбылыс, обьект, субьект Қауіптілік төтенше жағдайдың тууынан пайда болады.

Төтенше жағдай - белгілі бір аймақтарда күтпеген жағдайда пайда болатын табиғи апаттар мен адамдардың іс-әрекетінен туындайтын өндіріс авариялары, жұқпалы аурулардың таралуы т. б, нәтижесінде адам өміріне, денсаулығына қауып төнуі, қаза болуы, материялдық құндылықтардың, қоршаған ортаның бұзылуы.

Жыл сайын төтенше жағдайлар планетамыздағы 2, 5 - 3 млн тұрғынның өмірін қиюда, одан болатын материалдық залалдар жылына 50 - 100 млрд долларды құрайды, бұл цифрлар тұрақты өсуде [3] .

Төтенше жағдайлар үш негізгі белгілер бойынша жіктеледі [4] :

пайда болу себебі бойынша;

ведомстволық қатыстылығы бойынша;

аумақтық таралуы бойынша.

Пайда болу себептеріне байланысты төтенше жағдайларды табиғи, техногендік, әлеуметтік, экологиялық деп жіктеуге болады (1-сурет) .

1-сурет. Төтенше жағдайлардың пайда болу себептеріне байланысты жіктелуі

Ведомстволық қатыстылығы бойынша төтенше жағдайлар мыналарға бөлінеді: құрылыста, өндірісте, коммуналдық - тұрмыстық қызмет көрсету саласында, көлікте, ауыл шаруашылығында, орман шаруашылығында, көліктік байланыста (газөткізгіштер, мүнайөткізгіштер) [4] .

Төтенше жағдайларда зардап шеккен адамдар санына, келтірілген материалдық залал мөлшеріне, төтенше жағдайдың зақымдағыш факторының таралу аумағына байланысты төтенше жағдайлар объектілік, жергілікті, өңірлік, жаһандық болып жіктеледі (2-сурет) [5] .

2-сурет. Төтенше жағдайлардың аумақтық таралуы бойынша жіктелуі

Объектілік төтенше жагдайға авария, табиғи зілзала немесе апат нәтижесінде төтенше жағдай аймағы өндірістік немесе элеуметтік мақсаттағы объектінің аумағы шегінен шықпаса, бұл ретте мынадай салдарының бірі туындаса немесе туындауы мүмкін болса:

5-тен астам, бірақ 10-нан көп емес адам қаза болса;

50-ден астам, бірақ 100-ден көп емес адамның тіршілік ету жағдайлары бұзылса;

адамдардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргізу объектілеріне келтірілген материалдық залалдың мөлшері бес мыңнан он бес мыңға дейінгі айлық есептік көрсеткішті құрайтын табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай жатады.

Жергілікті төтенше жағдайға авария, табиғи зілзала немесе апат нәтижесінде төтенше жағдай аймағы өндірістік немесе әлеуметтік мақсаттағы объектінің аумағы шегінен шықса және облыстың екі ауданының шегінен шықпаса, бұл ретте мынадай салдарлардың бірі туындаса немесе туындауы мүмкін болса:

10-нан астам, бірақ 50-ден көп емес адам қаза болса;

100-ден астам, бірақ 500-ден көп емес адамның тіршілік ету жағдайлары бұзылса;

адамдардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргізу объектілеріне келтірілген материалдық залалдың мөлшері он бес мыңнан жүз мыңға дейінгі айлық есептік көрсеткішті құрайтын табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай жатады.

Өңірлік төтенше жағдайға авария, табиғи зілзала немесе апат нәтижесінде төтенше жағдай аймағы бір облыстың кемінде үш ауданының аумағын қамтыса не төтенше жағдай Қазақстан Республикасының екі облысының аумағында болса, бұл ретте мынадай салдарлардың бірі туындаса немесе туындауы мүмкін болса:

50-ден астам, бірақ 200-ден көп емес адам қаза болса;

500-ден астам, бірақ 1500-ден көп емес адамның тіршілік ету жағдайлары бұзылса;

адамдардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргізу объектілеріне келтірілген материалдық залалдың мөлшері жүз мыңнан екі жүз мыңға дейінгі айлық есептік көрсеткішті қүрайтын табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай жатады.

Жаһандық төтенше жағдайға авария, табиғи зілзала немесе апат нәтижесінде төтенше жағдай Қазақстан Республикасының үш және одан да көп облыстарының аумағында болса не шектес мемлекеттердің аумағын қамтыса, бұл ретте мынадай салдардың бірі туындаса немесе туындауы мүмкін болса:

200-ден астам адам қаза болса;

1500-ден астам адамның тіршілік ету жағдайлары бүзылса;

адамдардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргізу объектілеріне келтірілген материалдық залалдың мөлшері екі жүз мыңнан аса айлық есептік көрсеткішті құрайтын табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай жатады.

Адамзатқа табиғаттың адамға бағынышты емес дүлей күштерінің (жер сілкінісі, сел, су тасқыны, сырғымалар, қар көшкіні, дауылдар, құрғақшылық, орман және дала өрттері т. б. ) тууынан болатын табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар (дүлей зілзалалар) көп мөлшерде зиян мен залал экеледі (3-сурет ) .

3-сурет. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар түрлері

Жердегі өркениеттің даму тарихы техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды туғызуға себепкер жағдайларды жасаумен тікелей байланысты. Адамның өндірістік және шаруашылық әрекетінен туындайтын төтенше жағдайлар техногендік деп аталады.

Әрбір минут сайын әлемде жарылыс, өрт болуда, үйлер мен ғимараттар қирауда, қоршаған табиғи ортаға зиянды да қауіпті заттардың орасан мөлшері тасталуда, көлікте, өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында, энергетика мен байланыста авариялар мен апаттар болуда.

Өрт, жарылыс, көлік пен өндірістегі авариялар адамдарға есепсіз қайғы мен қасірет әкеледі. Жыл сайын элемде көліктегі авариялар мен апаттардан 1 млн - ға жуық адам қаза болады, 8 млн адам жарақат алады [3] . Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың жіктелуі 4-суретте көрсетілген.

4-сурет. Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар жіктемесі

Заманауи қоғамның өмірінде әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлар (соғыстар, террорлық актілер, адамдарды кепілдікке алу, ұрлық, алаяқтық, зорлық - зомбылық, зиянды мен қауіпті әдеттер, адамдардың жаппай толқуы, т. б. ) ерекше орын алады. Олардың жалпы саны, түрлері, зардап ауқымдары ұдайы өсу үстінде. Әлеуметтік төтенше жағдайлардың спецификалық ерекшелігі мынада: олардың барлығы адамдар арасындағы өзара қарым - қатынас сферасында пайда болады және адам факторына байланысты келеді. Мұндай жағдайларды адамдар саналы түрде жоспарлайды, дайындайды және өздерінің саяси, ұлттық, діни, қылмыстық, қаржылық пен жеке мүдделерін шешу үшін жүргізеді. Бұл мақсаттарына жету үшін олар қатал да сорақы әдістерді қолданады: қорқыту, бопсалау, зорлық-зомбылық, алдау, кепілдікке алу, ұрлық, адам өлтіру, т. б. (5-сурет) .

5-сурет. Әлеуметтік төтенше жағдайлар жіктемесі

Адамзаттың Жер бетінде комфортты сүруі үшін экологиялық төтенше жағдайларға ерекше мән беруі қажет. Мұндай төтенше жағдайларға мыналар жатады: өсімдіктер мен жануарлардың құрып - жоғалуы, топырақтың ластануы, сорлануы, батпақтануы мен эрозиясы, атмосфераның ластануы, әлемдегі мұхит суларының ластануы, табиғи ортаның ластануы, су қорларының сарқылуы, аумақтардың шөлейттенуі, т. б. жатады (6-сурет) .

6-сурет. Экологиялық төтенше жағдайлар түрлері

1. 2 Табиғатта кездесетін төтенше жағдайлар және олардың көздері

Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар - дүлей зілзала (жер сілкінісі, сел, көшкін, су тасқыны және басқалар), табиғи өрт, індеттер мен малдың жұқпалы аурулары, ауылшаруашылық өсімдіктерінің және орман кеселдері мен зиянкестері арқылы зақымдануды туғызатын төтенше жағдайлар [2] .

Басқаша айтқанда, мұндай жағдай табиғи сипаттағы төтенше жағдай ошақтарының белгілі бір аймақта пайда болуына әкеліп соғатын процестер немесе қауіпті табиғи кұбылыстардың нәтижесінде болады.

Дүлей зілзала - бірден елеулі адамның тіршілігін бұзып, үлкен материалдық құндылықтарды жоғалтуға соқтырады, сонымен қатар адамдардың қаза табуына, жануарлар өлуіне әкелетін кенеттен пайда болатын табиғи құбылыс.

Қауіпті геологиялық құбылыстар мен процестер. Геологиялық қауіпті құбылыстарға адамдарға, ауыл шаруашылық малдары мен жануарларына, экономика нысандарына және қоршаған табиғи ортаға зақымдаушы әсерін тигізетін немесе тигізуі мүмкін геологиялық жағдайлар жатады.

Жер сілкінісі - жер қыртысында немесе мантияның үстіңгі бөлігінде кенеттен болған қозғалыс пен жарылыс нәтижесінде кенеттен пайда болған және елеулі ауытқу түрінде үлкен қашықтыққа таралатын жылдам жер асты дүмпуі мен жерастының қозғалысы.

Зардап шеккендердің саны жер сілкінісінің орны мен күшіне, халықтың тығыздығына, құрылыстардың сейсмотұрақтылығы мен биіктіктеріне, тәулік уақытына, зақымдаушы фактордың екінші рет пайда болу мүмкіндігіне, халықтың және арнайы іздеу - құтқару құрамаларының (ІҚҚ) дайындықтарының дәрежесіне тәуелді.

Опырылу (сусыма, тас құлау) - бұл ең алдымен тау жыныстарынын желге мүжілу есебінен олардың байланысының, жерүсті және жерасты сулары қызметінің әлсіреуінен туындайтын құлама және тік жарға тау жынысының үлкен массасының, өзен алқабы мен теңіз жағалауының бөлініп, құлауы.

Қар көшкіні - тау баурайымен өз салмағының әсерінен және тау баурайының шайылуы, тау жынысының шамадан тыс сулануынан болатын қосымша ауыртпалықтар, сейсмикалық дүмпудің және басқа да процестердің нәтижесінде тау жынысы массасының жылжуы.

Сел - тау жартастарының сынықтары мен су қоспасынан тұратын, қатты жауын немесе қардың қарқынды еруінен, сондай - ақ, қар үйіндісі мен мұзды теңіздердің еруінің нәтижесінде таулы өзендер мен өзеншіктер арнасында кенеттен пайда болатын үлкен қиратушы күштің лай-тас аралас қарқынды су тасқыны.

Қауіпті гидрологиялық құбылыстар мен процестер. Қауіпті гидро-логиялық құбылыстар - әр түрлі табиғи немесе гидродинамикалық факторлар-дың немесе екеуінің қосындысының әсер етуінен пайда болатын, адамдарға, ауылшаруашылық малдары мен дәнді дақылдарына, экономика нысандары мен қоршаған табиғи ортаға зақым келтіретін, шығу тегі гидрологиялық болып келетін оқиға немесе гидрологиялық процесстердің нәтижесі.

Су басу - құрғақ жерді уақытша су алу, апаттық құбылыс болып табыла-тын судың жоғарғы деңгейі. Су басу, су тасу немесе тасқын кезіндегі су деңгейінің көтерілу нәтижесінде, жинақтау, жел толқыту нәтижесінде, сондай-ақ гидротехникалық кұрылғылардың бұзылу кезінде болуы мүмкін.

Су тасу - жыл сайын белгілі бір климаттық жағдайда мерзім сайын қайталанатын, шағын су көлемімен, жоғарғы және ұзақ мерзімді су деңгейінің көтерілуімен сипатталатын және қардың еруімен немесе қар мен мұздықтың бірге еруінен болатын өзен суы тәртібінің фазасы. Су тасуларды көктемдік, көктем - жаздық, жаздық деп бөледі.

Қар көшкіні - адамдардың өмірі мен денсаулығына кауіп төндіретін, экономика нысандарына және қоршаған табиғи ортаға шығын келтіретін, жылдам әрі кенеттен болатын қардың және (немесе) мұздың таудың тік баурайымен қозғалуы.

Қауіпті метеорологиялық құбылыстар мен процестер. Адамдарға, ауылшаруашылық малдарына және өсімдіктерге, экономика нысандарына және қоршаған табиғи ортаға зақым келтіретін немесе келтіруі мүмкін атмосферада әртүрлі табиғи факторлардың немесе олардың қосындысының ықпалынан туындайды. Олардың қатарында:

Дауыл - жылдамдығы 32 м/с асатын (115 км/с аса), айтарлықтай ұзақтығы мен қиратқыш күші бар жел.

Теңіз дауылы - үзақ уақытты, 20 м/с аса жылдамдьқпен соғатын өте күшті, теңізде қатты толқын және құрғақ жерде қирату тудыратын жел.

Күшті жел - ауаның жер бетімен салыстарғандағы 14 м/с аса жылдамдықпен қозғалуы.

Табиғи өрттер. Табиғи өрт - апаттық түрде пайда болатын және табиғи ортада таралатын бақылаусыз жану процесі.

Өрт аймағы деп - апатты құбылыс, авария немесе қирау, адамдардың отты абайсыз пайдалануы нәтижесінде белгілі бір аймақта өрттің пайда болуы мен таралуын айтады.

Мемлекеттік орман күзеті - ормандарды қорғауды іске асыру үшін ұйымдастырылған орман шаруашылығы мен қала ормандарының, орман-қорықтарды және бекітілген ормандардың күйін қадағалау жөніндегі мемлекеттік органдардың арнайы қызметі болып табылады.

Эпидемия - нақты бір аймақтағы ауру-сырқаудың саны әдеттегі тірке-летін деңгейінен біршама асатын, уақыт пен кеңістікте күшейе түсетін белгілі бір аймақта адамдардың жаппай инфекциялық ауруының таралуы. Кейде аурудың таралуы пандемия сипатын алады, яғни белгілі бір табиғи немесе әлеуметтік - гигиеналық жағдайда бірнеше мемлекеттің немесе құрылықтың аумағын қамтуы.

Эпизоотия - белгілі бір аумақтың шегінде бір мезгілде уақыт пен кеңіс-тікте дамитын, белгілі бір аймақтағы ауруға шалдығу деңгейінің әдеттегі санынан айтарлықтай асатын, бір немесе бірнеше түрдегі ауылшаруашылық малдарының арасындағы инфекциялық аурудың таралуы. Ол панзоотиялық, эпизоотиялық сипат алады.

Эпифитотия - ауылшаруашылық дақылдарының жаппай жойылуы және олардың өнімділігінің төмендеуімен қатар жүретін уақыт пен кеңістікте ауылшаруашылық өсімдіктерінің жаппай, біртіндеп күшейе түсетін инфекциялық аурулары және (немесе) өсімдік зиянкестері санының бірден өсуі.

1. 3. Техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар және олардың көздері

Техногенді сипаттагы төтенше жағдайлар - өнеркәсіп, көлік және басқа да авариялар, өрт (жарылыс), күшті әсер ететін улы, радиоактивті және биологиялық жағынан қауіпті заттарды таратын (тарату қаупі бар) авария, үйлер мен ғимараттар кенеттен қирауы, бөгендердің бұзылуы, тіршілікті қамтамасыз ететін электр - энергетикалық және коммуникация жүйелеріндегі, тазарту құрылыстарындағы авария туғызған төтенше жағдайлар [2] .

Техногенді сипаттағы төтенше жағдай көзінің зақымдаушы факторы -бұл тиісті параметрлермен анықталатын немесе көрінетін, физикалық, химиялық және биологиялық іс-әрекеттермен немесе көріністермен сипатталатын адамдардың, ауылшаруашылық малының өмірі мен денсаулығына және өсімдіктерге, экономика нысандарына және қоршаған табиғи ортаға жағымсыз эсер ететін қауіпті оқиғаның құрастырушысы.

Химиялық авария - адамдардың қаза болуына немесе химиялық улануына, азық-түліктің, тамақ шикізаты мен жемнің, ауылшаруашылық жануарлары, өсімдіктердің химиялық улануына немесе қоршаған табиғи ортаның химиялық ластануына қабілетті химиялық заттардың төгілу немесе шығуынан болатын химиялық кауіпті объектілік авария.

Биологиялық авария - адамдардың өмірі мен денсаулығына, ауылшаруа-шылық жануарлары үшін қауіп туғызатын, қоршаған табиғи ортаға залал келтіретін көлемде қауіпті биологиялық заттардың таралуынан болатын авария.

Радиациялық авария - аталған нысанда қалыпты пайдалану жобасымен алдын-ала көрсетілген шекарасынан радиоактивті заттар және иондаушы сәулелердің шығуы мен төгілуіне алып келетін, мөлшері, пайдалану қауіпсіздігінің белгіленген шегінен асатын, радиациялық қауіпті нысандағы авария.

Өрттер (жарылыстар) . Өрт жарылыс қаупі бар объект - техногендік төтенше жағдайдың нақты пайда болатын қаупін туғызатын, тез тұтанатын және өртенумен жарылу қаупі бар заттарды шығаратын, пайдаланалатын, ұқсататын, сақтайтын немесе тасымалдайтын объект.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жер асты өрттерін өшірудің ерекше жағдайлары
Өрттің шығу қаупі
Төтенше жағдайлар жөніндегі органдар қызметінің құқықтық негіздері
Төтенше жағдайлардың алдын алудың және оларды жоюдың мемлекеттiк жүйесiн дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған бағдарламасы
ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙДА ТІРШІЛІК ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
Төтенше жағдайдағы объектілер жұмысының тұрақтылығын арттыру жолдары
Кәсіпорындағы еңбек қорғауды басқару жүйесінің құрылымы
Апаттық-құтқару қызметтері мен құрылымдарының міндеттері туралы
Алматы қаласының өрт жағдайы
Төтенше жағдайларды жою шараларын ұйымдастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz