Экономикалық модельдерді зерттеу



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

І Тарау ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУ ҮЛГІЛЕРІ ЖӘНЕ ФАКТОРЛАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
5
1.1 Экономикалық ой.пікірлердің қалыптасу кезеңдері ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Экономикалық модельдерді зерттеу әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 8
1.3 Экономикалық.математикалық модель жасау кезеңдері ... ... ... ... ... ... 10
1.4 Экономикалық процестерді зерттеудегі сызықтық бағдарламалау модельдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
15

ІІ ТАРАУ МЕМЛЕКЕТТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТЫ: ТӘСІЛДЕРІ, ТҮРЛЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
35
2.1 Экономиканы мемлекеттік реттеу қажеттілігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 35
2.2 Нарықтық экономикадағы ақша.несие саясаты және оның Қазақстан экономикасының дамуы үшін маңыздылы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
45

ІІІ Тарау Мемлекеттің экономикалық моделінің бірі. индустриалды. иннвациялық саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
50

3.1 Қазақстан Республикасының индустриялы.инновациялы саясаты ... ... 50
3.2 Қазақстан Республикасының инвестициялық қызметті реттеу ... ... ... .. 66


ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 71

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 72
Экономикалық ілімнің тарихи қалыптасқан аты — саяси экономия. Қазір бұл пәннің атын өзгертіп экономикалық теория деп жүр. Бұлай өзгертудің негізі мәселенің түпкі мәнінде емес, өйткені ғылымның іргетасы, заңдылықтары өзгермейді. Адамзаттың жалпы даму ықпалына байланысты қатынастарды қарастырумен бірге экономикалық теория нақтылы тарихи даму заңдылықтарын да зерттеуі тиіс. Демек, жалпы адамзаттық көзқараспен бірге әр елде орын алған нақтылы өндірістік қатынастар, әлеуметтік-таптық қарым-қатынастарды да жоққа шығаруға болмайды. Әлемдік экономикалық ілімнің жетістіктерін басшылыққа ала отырып, оқулық авторлары ең бастысы рынок экономикасының қалыптасуы мен заңдылықтарына талдау жасайды.
Дамып келе жатқан Латын Америкасы, Африка, Азия елдеріндегі жағдайды айтпағанның өзіңде Батыс Еуропа елдерінде, АҚШ, Жапония және басқа осындай соңғы жылдары алға шыққан елдердің өзінде де "жұмақ" орнады деуге болмайды. Бұлар да макроэкономикалық қайшьтлықтар, инфляция, жұмыссыздық, экономикалық дамудағы тоқырау т. б. мәселелер орын алып келеді.
Ал "социализмнің саяси экономиясы" туралы айтар болсақ, ғылымда, оның ішінде экономикалық теорияда социалистік идеяның негізгі қағидалары: адамгершілік, әділеттілік, еңбекке қарай ақы төлеу т. б. принциптері әкімшілдік жүйеде, шын мәнінде толық жүзеге асырылмады, олардың шындыққа айналуына мүмкіндік те болмады. Кеңес елінде орнады делінген "социализм" сыңаржақты мемлекеттік капитализм мен социалистік идеяның кейбір буындарын пайдаланған, зорлық әдістері арқылы орнаған ерекше қоғамдық құрылыс. Бұл қоғам 70 жылдан астам Ресейде, онымен бірге Қазақстан тәрізді аймақтарда орын алып келді. Сол бір қоғамның болмысын анықтау, ғылыми баға беру болашақтың ісі. Экономикалық қатынастар сан алуан құбылыстар мен процестерді қамтиды, шектелген материалдық ресурстарды өмірлік қажеттіліктерді қамтамасыз ету жолында адамдардың, олардың топтарының өңдірісте, бөліс, айырбас, тұтынуда атқаратын қызметін зерттейтін ғылыми-экономикалық теория. Әрбір тәуелсіз елдің мемлекеттік даму жолында ерекшеліктер бар. Экономикалық ғылым оның заңдары бүкіл әлемдік болғанымен жеке елдердегі көріністері әр түрлі. Ол ерекшеліктер сол елдің табиғи орналасуы, шикізат байлықтары, халқының менталитеті, халықаралық еңбек белінісіңдегі орны т. б. жағдайларға байланысты.
Кеңес Одағы тараған соң Қазақстан Республикасы саяси тәуелсіздікке ие болып өз алдына жеке мемлекет ретінде Біріккен Ұлттар Ұйымының мүшелігіне қабылданды, басқа да тәуелсіз елдер сияқты әкімшілдік жүйеден рынок қатынастары арқылы демократиялық ел болуға бет алып, етпелі дәуір кезеңдерін басынан өткізуде.
7. Федосеев В. В. и др. Экономико-математические методы и прикладные модели. – М., 2005.
8. Оспанов С.С. Экономикадағы сызықтық оптимизациялық модельдер. – Алматы: Қазақ университеті, 2005.
9. Кантарович Л.В., Горстко А.Б. Оптимальные решения в экономике. – М., 1972.
10. Гасс С.Н. Линейное программирование. – М., 1961.
11. Государственное регулирование рыночной экономики: Учеб. пособие/Столяров И.И. – М.: Дело, 2007. – 280 с.
12. Экономика: Учебник/Под ред. доц. А.С.Булатова. 2-е изд., перераб. и доп. – М.: Издательство БЕК, 2005 – 816 с.
13. Экономическая теория: Учебное пособие для вузов/Шишкин А.Ф. 2-е изд.: В 2 кн. Кн. 1. – М.: Гуманит. изд. Центр ВЛАДОС, 1996, - 656 с.: илл.
14. Экономическая теория: Учебник/Под общ. ред. акад. В.И. Видяпина, А.И. Добрынина, Г.П. Журавлевой, Л.С. Тарасевича. – М.: ИНФРА-М, 2009. – 714 с.
15. Экономическая теория: Учебник/Под ред. И.П. Николаевой – М.: «Проспект», - 2006. – 448 с.
16. Государственное регулирование рыночной экономики: Учебник для вузов/Под общ. ред. Кушлина В.И., Волгина Н.А.; редкол.: Владимирова А.А. и др. – М.: ОАО «НПО «Экономика»», 2006. – 735 с.
17. Экономическая теория/ Под ред. А.И. Добрынина, Л.С. Тарасевича: Учебник для вузов. – СПб: Изд. ССПбГУЭФ, Изд. «Питер Паблишинг», 1997. – 480 с.: ил.
18. Курс экономической теории: учебник/Под ред.проф. Чепурина М.Н., проф. Киселевой Е.А. – 5-е дополненное и переработанное издание – Киров: «АСА», 2008 г. – 832 с.
19. Курс экономической теории: Общие основы экономической теории. Микроэкономика. Макроэкономика. Основы национальной экономики: Учебное пособие/Под ред. д.э.н., проф. А.В. Сидоровича; ММГУ им. М.В. Ломоносова. – 2 изд., перераб. и доп. – М.: Изд. «Дело и Сервис», 2007.
20. Экономика: Учебник. 3-е изд., перераб. и доп./Под ред. д-ра экон. наук и проф. А.С. Булатова. – М.: Юристъ, 2007. – 896 с.
21. Экономическая теория: Учебник для вузов/Ховард К., Эриашвили Н.Д., Никитин А.М. – 2-е изд., перераб. и доп. – М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2006. – 398 с.
22. Экономическая теория: Учебник/Н.И. Базылев, М.Н. Базылева, С.П. Гурко и др.; Под ред. Н.И. Базылева, С.П. Гурко. 3-е изд., перераб. и доп. – Мн.: БГЭУ, 2007. – 725 с.
23. Экономическая теория: Учебник./под ред. А.Г. Грязновой, Т.В. Чечелевой. – М.: Издательство «Экзамен», 2009. – 592 с.
24. Экономическая энциклопедия. Политическая экономия (в четырех томах). Гл. ред. А.М. Румянцев – М.: «Советская энциклопедия», – т.4. 1980. – 672 с.
25. Экономическая энциклопедия. Политическая экономия (в четырех томах). Гл. ред. А.М. Румянцев. – М.: «Советская энциклопедия», 1975. – т.2. – 560 с.
26. Статья из периодической печати: Илларионов А. Экономическая политика в условиях открытой экономики со значительным сырьевым сектором// Вопросы Экономики. 2007г. №4. С.4-31.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 68 бет
Таңдаулыға:   
РЕФЕРАТ

Диплом жұмысы: Экономикалық модельдерді зерттеу тақырыбы жүйесінде
орындалған. Жұмыс көлемі 55 беттен құралған, кіріспе, 2 негізгі бөлімнен,
қорытынды және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Дипломның бірінші тарауында экономикалық модельдерді зерттеу,
экономикалық өсу теорияларының буржуазиялық және қазіргі жаңа
көзқарастарының негізінде қарастырылады. Теориялық мәселеде экономикалық
өсу ұғымының мәнін ашу және оған әсер етуші факторлардың ерекшеліктерін
көрсетіп, талданды.
Екінші бөлім Қазақстан Республикасындағы экономикалық саясатын
қарастырамыз. Мұнда ҚР экономикалық өсуді қамтамасыз ететін индустриялы-
инновациялық саясатын алдын-ала анықтап оның іске асырылуын бағдарламалық
негізде жан-жақты қарастырылды.
Әлемдік тәжірибелерге сүйеніп ғылыми жетістіктерінің нұсқаларын
сараптап ұлттық экономикамыздың ерекшеліктеріне тән қасиеттеріне назар
салып экономикалық өсуді одан әрі жетілдіре отырып әлеуетімізді толық
тиімді пайдалануымызды қажет етеді. Бүгін Қазақстан тұрақты, тиімді әрі
сенімді әріптес екенін барша әлемге паш етті.
Сонымен экономикалық модельдерді зерттеуді арттыруда негізгі
бағыттарының өзара байланыстарын ерекшелеп атап көрсеттік.
Жұмысты жазу барысында қолданылған негізгі экономикалық терминдер:
рынок, экономикалық өсу, экономикалық модель, экономикалық даму,
кәсіпкерлік, бәсеке, қызмет көрсету рыногы, экономикалық реформа, рыноктық
инфрақұрылым, өндірістік тиімділік, мемлекет, ұлттық инновациялық жүйе және
т.б.

Мазмұны

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ...

І Тарау ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУ ҮЛГІЛЕРІ ЖӘНЕ
ФАКТОРЛАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
... ... ... ... ... ... ... ... .. ..
1.1 Экономикалық ой-пікірлердің қалыптасу 5
кезеңдері ... ... ... ... ... ... . ... ..
1.2 Экономикалық модельдерді зерттеу әдістері 8
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ...
1.3 Экономикалық-математикалық модель жасау 10
кезеңдері ... ... ... ... ... ...
1.4 Экономикалық процестерді зерттеудегі сызықтық бағдарламалау
модельдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... .

ІІ Тарау Мемлекеттің экономикалық саясаты: тәсілдері,
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 35
... ... ... ... ... .
2.1 Экономиканы мемлекеттік реттеу 35
қажеттілігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.2 Нарықтық экономикадағы ақша-несие саясаты және оның Қазақстан
экономикасының дамуы үшін маңыздылы 45
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ..

ІІІ Тарау Мемлекеттің экономикалық моделінің бірі- индустриалды-
иннвациялық 50
саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

3.1 Қазақстан Республикасының индустриялы-инновациялы саясаты ... ... 50
3.2 Қазақстан Республикасының инвестициялық қызметті 66
реттеу ... ... ... ..


ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... 71
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... .

ПАЙДАЛАНҒАН Әдебиеттер 72
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

КІРІСПЕ

Экономикалық ілімнің тарихи қалыптасқан аты — саяси экономия. Қазір
бұл пәннің атын өзгертіп экономикалық теория деп жүр. Бұлай өзгертудің
негізі мәселенің түпкі мәнінде емес, өйткені ғылымның іргетасы,
заңдылықтары өзгермейді. Адамзаттың жалпы даму ықпалына байланысты
қатынастарды қарастырумен бірге экономикалық теория нақтылы тарихи даму
заңдылықтарын да зерттеуі тиіс. Демек, жалпы адамзаттық көзқараспен бірге
әр елде орын алған нақтылы өндірістік қатынастар, әлеуметтік-таптық қарым-
қатынастарды да жоққа шығаруға болмайды. Әлемдік экономикалық ілімнің
жетістіктерін басшылыққа ала отырып, оқулық авторлары ең бастысы рынок
экономикасының қалыптасуы мен заңдылықтарына талдау жасайды.
Дамып келе жатқан Латын Америкасы, Африка, Азия елдеріндегі жағдайды
айтпағанның өзіңде Батыс Еуропа елдерінде, АҚШ, Жапония және басқа осындай
соңғы жылдары алға шыққан елдердің өзінде де "жұмақ" орнады деуге болмайды.
Бұлар да макроэкономикалық қайшьтлықтар, инфляция, жұмыссыздық,
экономикалық дамудағы тоқырау т. б. мәселелер орын алып келеді.
Ал "социализмнің саяси экономиясы" туралы айтар болсақ, ғылымда, оның
ішінде экономикалық теорияда социалистік идеяның негізгі қағидалары:
адамгершілік, әділеттілік, еңбекке қарай ақы төлеу т. б. принциптері
әкімшілдік жүйеде, шын мәнінде толық жүзеге асырылмады, олардың шындыққа
айналуына мүмкіндік те болмады. Кеңес елінде орнады делінген "социализм"
сыңаржақты мемлекеттік капитализм мен социалистік идеяның кейбір буындарын
пайдаланған, зорлық әдістері арқылы орнаған ерекше қоғамдық құрылыс. Бұл
қоғам 70 жылдан астам Ресейде, онымен бірге Қазақстан тәрізді аймақтарда
орын алып келді. Сол бір қоғамның болмысын анықтау, ғылыми баға беру
болашақтың ісі. Экономикалық қатынастар сан алуан құбылыстар мен
процестерді қамтиды, шектелген материалдық ресурстарды өмірлік
қажеттіліктерді қамтамасыз ету жолында адамдардың, олардың топтарының
өңдірісте, бөліс, айырбас, тұтынуда атқаратын қызметін зерттейтін ғылыми-
экономикалық теория. Әрбір тәуелсіз елдің мемлекеттік даму жолында
ерекшеліктер бар. Экономикалық ғылым оның заңдары бүкіл әлемдік болғанымен
жеке елдердегі көріністері әр түрлі. Ол ерекшеліктер сол елдің табиғи
орналасуы, шикізат байлықтары, халқының менталитеті, халықаралық еңбек
белінісіңдегі орны т. б. жағдайларға байланысты.
Кеңес Одағы тараған соң Қазақстан Республикасы саяси тәуелсіздікке ие
болып өз алдына жеке мемлекет ретінде Біріккен Ұлттар Ұйымының мүшелігіне
қабылданды, басқа да тәуелсіз елдер сияқты әкімшілдік жүйеден рынок
қатынастары арқылы демократиялық ел болуға бет алып, етпелі дәуір
кезеңдерін басынан өткізуде.
Қазақстан Республикасы алдындағы міндеттер, алға қойған мақсат
әлеуметтік бағыттағы жоғары тиімді экономиканы қалыптастыру әлемдік
кеңістікте өз орнын табу, экономикалық тәуелсіздікті қамтамасыз ету, жоғары
дәрежелі еңбек өнімділігіне жету, халық шаруашылығы құрылымында жоғары
технологияны пайдалану, халықтың тұрмыс дәрежесін көтеру, аралас
экономиканы қалыптастыру, түрлі меншік иелеріне жол ашу, рынок
орталықтарыңда тиімді заңға негізделген іскерлікке қол жеткізу. Соның
өзінде ең негізгі мәселе — макроэкономикалық проблемаларды дұрыс шешу. Бұл
арада әңгіме жұмыссыздықты жою, экономикалық мәселелерге ерекше кеңіл
бөлуде болып отыр.
Дипломдық жұмыс мақсаты экономикалық модельдерді зерттеу.
Дипломдық жұмыс кіріспеден, 2-і тараудан, қорытынды және пайдаланған
әдебиеттен тұрады.
І ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУ ҮЛГІЛЕРІ ЖӘНЕ ФАКТОРЛАРЫ.
1.1 Экономикалық ой-пікірлердің қалыптасу кезеңдері

Әлемде сан алуан халықтар еңбек етіп, қоғамдық өндіріс, өзара
байланыс, айырбас жүргізіп, түрліше табиғи жағдайда өмір сүріп келеді. Адам
өміріндегі ең қажетті шарт — аш-жалаңаш, баспанасыз болмауы үшін еңбек ету,
еңбек нәтижесін өзара айырбас қатынастарының болуы. Адам жападан-жалғыз күн
көре алмақ емес. Алғашқы қауымда адамдардың табиғи ортада хайуанаттардан
бөлініп шығуының өзі бірлескен еңбекке байланысты. Тарихтағы түңғыш
экономикалық ой-пікір алғашқы адамдардың бірлесіп тағы аңдарды аулауы деуге
болады. Экономикалық қатынас өмір қажеттілігінен туады. Ежелгі дүниедегі
экономикалық кейбір құбылыстар мен процестер Египет, Қытай, Үндістан,
Греция, (Ксенофонт, Платон, Аристотель т. б.) ойшылдарының еңбектерінде
қарасты-рылды. Мәселен, Аристотель тауар құны деген ұғымға тоқталып, оның
айырбас қатынасынан шығатынын байқаған. Бірақ ерте дүниеде, орта ғасырларда
экономикалық ой-пікір ғылым болып қалыптаспады. Оның себебі ол заманда
тауар-ақша, рынок, сауда дамымады, шаруашылық негізінен тұйық натуралды —
заттай жүргізілді.
Экономикалық ой-пікірлердің ғылыми тұжырымдалып қалыптасуы сауда,
өнеркәсіп капиталының дами бастауына байланысты болды. Бұл кезең негізінен
Еуропада XVI— XVII ғасырларды қамтиды. Ал Ресейде тауар-ақша қатынастары
1861 жылғы реформадан соң дамыды. Қазақстан елінде XIX ғасырдың соңы, XX
ғасырдың басында сауда капиталы, тауар-ақша айналымы, халықаралық рынок,
еңбек бөлінісіне қамту процесі бірте-бірте жаңданған. Еліміздің Солтүстік,
Батыс аймақтары Ресеймен тауар айналысына басым қатынаста болса, Оңтүстік
Шығыс, Орталық аудаңдарға Орта Азия, Қытай т. б. елдердің саудагерлері жиі
келе бастады. Тарихтағы белгілі "Жібек жолы" осының айғағы.[2.31]
Алғаш рет өз алдына қалыптасқан ой-пікірдің белгілі бағыты —
меркантелистер мектебі. Ол (мерканте — итальян сезі сауда, пайда табу)
қоғамдық байлықтың негізі ақша, алтын деп біледі. Меркантелистердің талабы
тауарды шет елдерге мүмкіндігінше көп сату, олардан мейлінше аз сатып алу,
сөйтіп ақша қорын молайту жолдарын іздеуі. Демек, меркантелистер сауда
капиталының мүддесін қорғаған. Меркантелистер рынок экономикасы теориясы
мен практикасының негізін қалаушылар қатарына жатады. Олар ақша неғұрлым
көп болса, қоғамның байлығы да мол болады деген ұғымды басшылықка алды.
Әрине, сауда капиталы тұрғысынан бұл ұғым дұрыс та шығар. Себебі
саудагерлер, көпестер ақшасы көбейген сайын, мал-мүлкі көп байлардың
қатарына қосылып, қоғамға қажет тауарларды тасымалдау, сату ісі жанданады.
Сауда капиталының қызметі айырбас, айналыс процесін үздіксіз жүргізу арқылы
экономиканы ілгері бастыруға көмектеседі. Бірақ сауда капиталы қоғам
байлығын, адамдардың әл-аукатын көтеретін күш емес. Оның себебі айналыс,
айырбас саласында тек қана құн формасы ауысып тұрады, екінші сөзбен
айтқанда, тауар, оның құны бір қолдан екінші қолға өткенде ешбір жаңа
тауар, жаңа құн жасалмайды. Демек меркантелистер теориясы ғылыми
дәлелденбеген, ол халық шаруашылығын толық қамтитын ілім болған жоқ.
Меркантелистердің осы осалдығын физиократтар байқады да қоғамдық байлық,
саудада емес, өндірісте екенін дәлелдеді. Бірақ физиократтар Ф. Кенэ, А.
Тюрго т. б. өндіріс қатарына тек ауыл шаруашылыгын жатқызды. Олардың
пікірінше, қоғам байлығының бірден бір кезі ауыл шаруашылығы өнімдері,
сондықтан есімтал тап қатарына тек қана шаруалар жатады деген ұғымды
дәріптеп, Ф. Кенэ тұңғыш рет ұдайы өндіріс теориясына қатысты "Экономикалық
кесте" жасады. Бұл кестеде бір жыл ішінде өндірілген ауыл шаруашылық
өнімдерінің ұдайы өндіріс процесі зерттелінді.
Ф. Кенэнің "Экономикалық кестесі" қогамдық өндірістін ұдайы даму
процесін зерттеуге арналған, өз заманындағы даналықпен болжалған ғылыми
тұжырымдамалар қатарына жатады. Физиократтардың өңдіріске кеңіл аударуы
экономикалық ой-пікірдегі күрделі жаңалық, алға басу. Бірақ олардың
өндірісті тек қана ауыл шаруашылығымен шектеуі халық шаруашылығының басқа
салаларын өнімсіз деп есептеуі дұрыс болмады. Оны буржауазиялық саяси
экономиканың көрнекті екілдері У. Петти, А. Смит, Д. Рикардо, С. Сисмонди
еңбектері айқын керсетті. Қоғам байлығы жалпы өндіріс салаларында пайда
болатындығы дәлелденді. Ауыл шаруашылығымен қатар өнеркәсіптің материалдық
игіліктерді өндіру, өңдеу процестерін жалғастыратын байланыс, халыққа
қызмет көрсету салаларывда да жаңа құн өндіріліп, қоғамдық байлық молаяды
деген қағида берік қалыптасты.
Классикалық саяси экономия жаңа дамып келе жатқан капиталистік
өндірістік қатынастарды дәріптеуші, өндіріс капиталының мүддесін қорғайтын
экономикалық ой-пікірдің прогрессивті сатысы болды. Классикалық
буржуазиялық саяси экономияның басты табысы еңбек құн теориясының негізін
калады.
Осы ой-пікірдің қалыптасуы сауда және қарыз-өсімқорлық капиталына
қарсы өндірістік капиталдың қоғамдағы ерекше релін атап керсеткен ғылыми
қағида болғаны белгілі. Еңбек құн теориясын маркстік саяси эко-номия ілгері
дамытып, қосымша құн туралы ілімді жан-жақты талдады. Маркстік экономикалық
теория XIX ғасырдың екінші жартысыңда қалыптасып, XX ғасырдың алғашқы
ширегінде В. И. Лениннін еңбектерінде дамыды. Маркстік саяси экономия —
еңбекшілердің, жұмысшы табының мүддесін қорғайтын теория. Сондықтан да оған
қарама-қарсы буржуазиялық тұрпайы (вульгарлық) саяси экономия пайда болды.
Марксшілер капиталистік қогамды дәріптеуші барлық экономикалық теорияларға
сын көзбен қарады. Оның себебі капиталистік экономикалық қатынастарда
негізінен екі тап: біріншісі, үстемдік жасайтьш буржуазия болса, екіншісі,
пролетариат — қаналушы тап өмір сүреді. Олардың арасында антогонистік
бітіспес қайшылық бар. Маркстік теория бойынша, пролетариат барлық еңбекші
қауымды капиталистік қанаудан азат етіп, қоғамдасқан социалистік өндіріс
орнатуы қажет. Тарихта 70 жылдан астам кеңес елінде, екінші дүниежүзілік
соғыстан кейін Еуропа, Азияның бірсыпыра мемлекеттерінде, Кубада
социалистік революция басталып, социализмнің көбінесе кеңестік
моделі (үлгісі) жүзеге асырылды. Сонымен бірге XX ғасырдың екінші
жартысынан бастап капи-талистік дүниеде де елеулі өзгерістер болды. Бір топ
дамыған елдер (АҚШ, Жапония, ФРГ, Англия, Канада, Италия), соңғы жылдары
Оңтүстік Корея, Сингапур, Гонконг сияқты елдер қазіргі заманғы ғылыми-
техникалық революцияға бейімделіп, әлемдік озық тәжірибені дұрыс пайдалану
нәтижесінде қоғамдық өндірістің тиімділігін айтарлықтай арттырып келеді.
Бүл елдерде еңбек жағдайын жақсарту, жұмысшылардың тұрмыс дәрежесін көтеру,
олардың кәсіпорындарды басқаруға, демократияны дамытуға қатысуы сияқты
жаңалықтар Ресейдегі Қазан төңкерісінің әсерінен деуге болады. Себебі
социалистік қоғамның міндеті, оның ұсынған үрандары капиталистік елдерге
әсерін тигізбей қойған жоқ. Капиталистер дүние-дегі езгерістерді ескеріп,
жұмысшыларға қолайлы жағдай туғызу жолдарын іздеді. Әрине, еңбекақының
өсуі, тұрғын үй, әлеуметтік қорғау мәселелерін шешу алдымен жұмысшы табының
еңбек өнімділігіне, өндірісте жаңа техника, технологияны енгізуге
байланысты екені айқын. Қазіргі ілгері дамыган елдерде еңбек өнімділігі
дәрежесі, еңбектің интенсивтілігі өте жоғары екені белгілі. Мәселен, ФРГ-де
бұрынғы ГДР-мен салыстырғанда еңбек өнімділігі дәрежесі 2 есе жоғары болды.
Сол сияқты Оңтүстік Корея, Жапония, Сингапурда жұмысшылар 10—12 сағат
қажырлы еңбек ететіні құпия емес. Капиталистік дамыған елдердің артта
қалған, бұрьш отарлық тәуелділікте болған халықтардың еңбегін арзан
пайдаланудан түсірген пайдасын айтпасқа болмайды. Ресейдегі 1917 жылғы
Қазан теңкерісі экономикалық жағьшан мешеу қалған елде жүзеге асырылды.
Қазақ халқының кешпелі тұрмыс салты, экономикалық укладтары жетілмеді,
соның салдарынан дүниежүзілік мәдениет пен ғылымнан шектеліп қалды.[11.5]
Қазан төңкерісінің қазақ жеріне тарауына байланысты озат елдің
пролетариатының көмегімен капитализмге соқпай, социализмге өту теориясы
қолданылды. Ұрандарында бәрі де адам үшін, адамның игілігі үшін деген сөз
жазылған социализмнің әкімшілдік жүйесі кеңес халқын дүниежүзілік ғылыми-
техникалық прогрестен шетте қалдырып, үлкен дағдарысқа ұшыратты. Бұл өте
өкінішті және қынжылтатын жағдай. Әңгіме ауыртпалық пен дағдарыс туралы
сөзді қайталай беруде емес, керісінше, осы дағдарыстан тезірек шығу
жолдарын анықтау, халықаралық еңбек бөлінісіне неғүрлым ұйымдасқандықпен
өтуде болып отыр. Әр халықтың егемен ел болғысы ке-летіні табиғи талап деп
қарасақ, соңғы уақытта басқа республикалар тәрізді Қазақстанның өз алдына
мемлекет болып әлемдік кеңістіктен, Біріккен Ұлттар Ұйымынан орын алуы
тарихи маңызы зор оқига. Экономикалық тәуелсіздік болмайынша саяси
тәуелсіздіктің де баянды болуы қиын. Қоғамдық еңбек белінісінің
артықшылықтарын неғұрлым тиімді пайдалану, өз экономикасының құрылымын
жетілдіру, сыртқы сауда, айырбас қатынастарының заңдылықтарын меңгеру
қажет. Қазақта "сауда сақал сипағанша" деген мақал бар, сондықтан
халықаралық сауда-саттықтың, дүниежүзілік рыноктың тәртібін мүқият
зерттеудің, бәсекелік күрестің ұтылмас жолын меңгерудің маңызы арта бермек.
Ежелден саудаға шорқақ қазақтың алдында рынок теориясы мен тәжірибесін
жедел және жан-жақты игеру міңцеті түр. Қазіргі жоғары оқу орындарында
барлық мамандыққа оқып жүрген студент жастардың экономикалық теория
негіздерін үйрену арқылы практикалық мәселелерді тезірек дұрыс шешуіне
болады. Республикамызда дарынды, шет тілдерді білетін жастар аз емес,
олардың бір тобы АҚШ-та, Англияда, Францияда, Германия, Оңтүстік Корея,
Жапония, Түркия сияқты елдерде бизнес, маркетинг, менеджмент, банк жүйесі,
финанс-валюта, басқа да қалыптасқан қазіргі заманғы рыноктық
инфрақұрылымның заңдылықтарын үйренуде. Бүл прогрессивті бағыт одан әрі
дами бермек.
Қазіргі экономикалық ғылым ерекше дағдарыска ұшырап отыр. Бүл
дағдарыстың себептері кеп, оның негізін экономика, саясат, идеология т. б.
қоғамдық емір сала-сында байқаймыз. Қазіргі таңдағы көкейтесті проблемалар
еңбекші қауымның еңбек және тұрмыс жағдайын жақсартуға, адамдардың
күнделікті қажеттерін өтеуге керек тауар қорларын молайтуға, әсіресе азық-
түлік мәселесін шешуге келіп тіреледі. Экономикалық ғылым адамдар қажетін
өтеу жолдарының заңдылықтарын зерттейді. Осы ғылымның объективті зандары
еңбекшілердің, бүкіл халықтың мүдделеріне қызмет ететіні белгілі.
Экономикалық ілім қоғамдық өндірісті, адамдар арасында әлеуметтік-
экономикалық қатынастарды зерттейтіндіктен ол қоғамдағы барлық емірге,
күнделікті тұрмысқа, адамдардың еңбек ету жағдайына байланысты сан алуан
мәселелерге көңіл аударуға тиіс. Ал қогамдық қатынастардың негізі —
өндірістік қатьшастар. Оның құрамына жалпы алғанда тікелей өндіріс,
айырбас, белу, тұтыну қатынастары кіреді, оларды қайталап үздіксіз өндіру
немесе ұдайы өңдіріс қатынастарын дамытып, жетілдіру аса маңызды. Қазіргі
кезеңде ерекше шешімін күтіп отырған мәселе 70 жылдан аса тарихи орын алған
кеңестік экономикаға саяси экономикалық талдау жасау, сол арқылы бұрынғы
және қазіргі рыноктық бағыт ұстап отырған елдердегі әлеуметтік-экономикалық
қатынастарды зерттеу.

1.3 ЭКОНОМИКАЛЫҚ МОДЕЛЬДЕРДІ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ

Ғылым мен оқу пәні арасыңда айырмашылық бар. Оқу пәнінде ғылымға
тікелей қатысы жоқ нақтылы өмірлік мысалдар, түрлі түсіндірулер
қолданылады. Бірақ ғылымға да, оқу пәніне де методология бірдей қажет.
Методология дегөніміз — ғылыми танудың нысаны (формасы), әдісі, ұйымдастыру
принциптері туралы ілім.
Экономикалық процестерді танып-білу әдістерінің жаратылыстану
ғылымдарындагы зерттеу әдісінен айырмасы бар. Бірақ барлық жағдайда да
зерттеу мен білім беруде диалектикалық тәсілді қолданады. Бұл әдістің
негізін ежелгі гректер қаласа, ал оны ғылыми жүйеге салуда неміс философы
Гегельдің еңбегі зор. Шын мәнісіндегі ғалым адам барлық процестерді даму
үстінде ойлап қарайды, яғни диалектикалық тұрғыдан ойлайды деген сөз. Олай
болса ғылыми тану процестер мен құбылыстардың мәніне, олардың арасындағы
өзара байланысты, дамудың себебін және қозғаушы күшін зерттеуге тиіс.
Ғылыми танудың нысаналары мен әдістері көп. Олар объективті жағынан
есептелген (статистикалық), жинақталған материалдарды анализ және синтез,
индукция, жүйе (система) түрінде қарау, болжамдар жасау және оны тексеру,
эксперименттер жүргізу, логикалық және математикалық модельдер жасау.
Экономикалық зерттеулердің маңызды әдісі — ғылыми абстракция. Ол басқа
да гуманитарлық, жаратылыстану, техникалық ғылымдарда қолданылады. Ғылыми
абстракция дегөніміз зерттеу пәнін жеке, кездейсоқ, қысқа мерзімді, дара
құбылыстардан біздің түсінігімізді оқшаулап, оның тұрақты, әрдайым
қайталанатын мәнін маңызын ашу. Осылай болған жағдайда ғана объектіні
мүмкіндігінше жан-жақты қамтуға, оның заңдарын белгілеуге, оларға
материалдық нысан беруге болады. Мысалы, бага қозғалысын алсақ, бір
қарағанда ол түсініксіз, шегі жоқ, шымшытырық процесс тәрізді, бірақта баға
динамикасын нақтылы факторлар: сұраныс пен ұсыныс, сондай-ақ өндіріс және
тасымал шығындары т. б. белгілейді.
Абстракция әдісінің де шегі бар. Оны зерттеушінің дарындылығы
белгілейді. Абстракциялау процесінде категориялар, ұғымдар тұжырымдалады,
олар құбылыстар мен процестердің жеке-дара жинақталған жағын білдіреді.
Тану процесіндегі қозғалыс белгілі заңдылықтар тұжырымдалғанда жалпьодан
жекеге, абстракциядан нақтылыққа қарай жүреді.[15.22]
Индукция мен дедукция. Ғылымда, оның ішінде экономикалық ілімде жеке
процестерді білу ғана жеткіліксіз. Ол бастапқы қадам. Нақтылы емірде бір-
бірінен алшақ заттар мен құбылыстар жоқ. Бәрі де өзара байланысты, ғылымның
іздегені шындық. Ғылыми жүйенің қалыптасуы индукция және дедукция деген
методологиялық әдістермен жүзеге асады.
Индукция жеке оқиға, құбылыстардан логика арқылы жалпы қағидалар,
принциптер шығарады. Дедукцияда керісінше, жалпы қағидалар негізінде
экономикалық объектілердін, процестердің кейбір жеке алынган ерекшеліктері
сипатталады. Тарихи және логикалық танудың бірлігі экономикалық ғылымда
орын алады. Әрбір экономикалық жүйенің логикалық байланысы бар. Біріншіден,
олар бір-бірімен динамикалық өзара әсер ететін қатьшаста болады. Бүгін
аргументті (дәлел) болган зат, ертеңінде қызмет рөлін атқаруы мүмкін.
Екіншіден, жүйенің әрбір элементі тарихи даму процесінде болады. Сондықтан
тарихи және логикалық бірлікті сақтау проблемасының маңызы зор. Мұның өзі
жүйенін және оның элементтерінің пайда болуын білу үшін ғана емес, әсіресе
оның үрдісін (тенденциясын), сатыларын анықтауға қажет.

1.3 Экономикалық-математикалық модель жасау кезеңдері

Экономикалық жүйені белгілі бір үлгіге түсіру өте күрделі де қиын
міңдет. Экономикалық жүйенін жекелеген элементтерін жан-жақты талдап,
экономикалық заңдарды топшылап, оларға түрлі ат қоюға болады. Бірақ қазіргі
таңда бүл ғылымға жеткіліксіз, экономикалық теорияны практикада пайдалану
үшін экономикалық-математикалық модельдер қажет, оларды пайдалану арқылы
ғана экономиканың жағдайын түсінесің, оған "диагноз" койып емдеу әдістерін
анықтай аласың, белгілі мерзімнен кейін эконо-микада не болатынын,
қабылдаған шешімдерінің әлеуметтік-экономикалық нәтижесі қандай екенін
дәлелдеп айтуға мүмкіндік туады. Экономиканы математикалық модельдеу өте
қиын іс. Онымен бірге экономика дегөніміз күрделі жүйе, оның қызмет ету
шарттары, реттелмейтін кездейсоқ байланыстармен үштасады.
Ғылымда экономикалық процестер мен жүйелерді зерттеу үшін
математикалық әдістерді қолдануға ерекше көңіл бөлген бағыттың негізін
қалаушылар — М. Вальрас, В. Парето, У. Джевонс. Оның қазіргі көрнекті
өкілдері В. Леонтьев, Л. Конторович, С. Шаталин, В. Макаров, А. Аганбегян,
К. Вальтух, А. Анчишкин. Онымен бірге ерек-ше атап айтылатын есім —
математик, физик және кибернетик Дж. Нейман. Ол Пристон университетінің
экономисі Маргенштермен бірлесіп көпшілікке белгілі "Жаттығу теориясы" және
"Экономикалық мінез-қүлық" деген еңбек жазды. Бұл еңбекте экономикалық
дамудың көптеген проблемалары "Жаттығу теориясы" тұрғысынан зерттелген.
Саяси экономия ғылымы. Бүл ұғымды түңғыш рет ғылымға енгізген
меркантелист Антуан Монкретьен (1575—1631). Саяси экономияның ерекше назар
аударғаны материалдық игіліктерді өндіру. Оның себебі: өнеркәсіп төңкеріс
дәуірі басталды, рыноктың кең еркендеуіне жол ашылды. Қазіргі ғылыми-
индустриалды өндіріске сайкес қоғам тұрғысынан карағанда саяси экономия
ғылымы классиктерінің көптеген ой-пікірлері ескірген тәрізді. Бірақ У.
Петти (1623—1687) Адам Смит (1723—1790), Давид Рикардо (1772—1823), Франсуа
Кенэ (1694—1774) және А. Тюрго (1727—1781) есімдері өз заманындағы асқан
ойшыл-ғалымдар қатарында саналады. Олардың кейбір ғылыми кағидалары әлемдік
экономикалык теорияға қосылған орасан зор үлес. Ресейге саяси экономия
ілімі XVIII ғасырдың соңы, XIX ғасырдың басында Адам Смиттің есімі және
идеяларымен келгені мәлім. Қазақтын әйгілі ағартушылары Абай Құнанбаев
(1845—1904), Шоқан Уәлиханов (1835—1865). Шоқан Орыс географиялық қоғамының
толық мүшесі болып сайланғаны белгілі. Демек, Абай мен Шоқандар Адам
Смиттің және т. б. экономикалық ой-пікірлерінен хабардар болып, Қазақстан
экономикасының мәселелеріне өз көзқарастарын жазды.[3.14]
Экономикалық ой-пікірдің көне заманнан-ақ бастап тарихы қысқа айтылды,
себебі терең үңілуге мүмкіндік болмагандықтан аса көрнекті есімдер ғана
аталып, олардың қағидаларына қысқаша шолу берілді. Батыс Еуропамен ерте
араласқан Ресейдің езінде де саяси экономия ғылымы XVII ғасырдың бірінші
ширегінен — I Петр деуірінен басталады. Саяси экономия тарихын зерттеуге
адтарлықтай үлес қосқан түңғыш орыс экономисі И. Т. Пфошков болса, біздің
топшылауымыз бойынша қазақ елііще ондай адамдар — Шоқан мен Абай.
Бұрын Ресейге қараған барлық аймақтарда, оның ішінде Қазақстанда
заманында аты шыққан, кейін ұмытылған есімдер де аз емес. Қазақ халқының
қазір есімдері жаңғыртылып жазба мүра қазыналарында жарық көрген, әдебиет,
ғылым саласында, мемлекет басқаруға қатысқан қайраткерлердің экономикалық
ой-пікірлерін зерттеу болашақтың ісі.
Маркстік емес деген саяси экономияда XIX ғасырдың соңы XX ғасырдың
басында бірнеше экономикалық мектеп қалыптасты, олардың бір бөлігі соңғы
уақытта елеулі дамып, кеңінен таныла бастады. Соларда XIX ғасырдың екінші
жартысында шекті пайдалылық пен шекті өнімділік немесе маржинализм
французша (marginal-шекті) теориясы тұжырымдалды. Маржинализм теориясы —
шаруашылық қатынастарға тартылған жеке субъектіні (адамды) психология
тұрғысынан экономикалық талдау. Осы мек-тептің өкілдері — Менгер
(1840—1921), Э. Бем-Баверк (1851—1914), В. Визер (1851—1926). Ал
"неоклассикалық" деп аталган экономикалық теорияның жаңа бағыты негізінен
ағылшын экономисі А. Маршаллдың (1842—1924) шығармаларында тұжырымдалды.
Оның басты еңбегі "Эко-номика ғылымының принциптері" 1890 жылы жарық көрді.
Ол өңдіріс шығындары, сұраныс пен ұсыныс, шектелген пайда немесе шекті
пайда және шекті өнімділік теориясын біріктіруге талап жасады. АҚПІ-та Дж.
Кларк (1847—1938) шекті өнімділік және өндіріс факторлары кему заңын
тұжырымдады. Ол заң бойынша өндіріс факторлары неғүрлым өскен сайын, оның
өнімділігі де кеми бермек. Сөйтіп XIX—XX ғасырларда экономика ғылымында
математика мектебі пайда болды. Экономикалық теорияның бүл мектебін
қайраткерлері рыноктық экономиканы сұраныс пен ұсыныстын, негізінде тепе-
теңдікке жетуге қабілетті жүйе ретінде қарайды. Дж. Кейнстің
(1883—1945)—1936 жылы жарық керген "Жұмыспен қамту, процент және ақшаның
жалпы теориясы" еңбегінде бірқатар практикалық ұсыныстар жасалды. Кейнс Р.
Канның инвестициядан алынған табыстың динамикасы идеясын ілгері дамытты.
Экономикалық өсу моделін жасау үшін ол А. Афтальон мен Дж. Кларк
ұсынган акселарация принципін қолданды. Экономикалық өсудің кейнстық үлгісі
Р. Харрорд, А. Хансен, Д. Хикс және П. Самуэльсон еңбектерінде ілгері
дамытылды. Осыған орай экономикалық тұжырымдама Василий Леонтьев (1906)
еңбектерінде жоғары бағаланцы. Экономикалық өсу теориясы У. Ростоудың
—"Экономйкалық есу сатылары", Р. Аронның —"Біртүтас индустриілды қогам"
және Д. Беллпосттың —"Индустриалдық қогам" атты еңбектерінде қарастырылды.
Батыстағы қазіргі экономикалық ой-пікірдің белгілі өкілі — Дж.
Гэлбрейт (1908 ж.). Оның орыс тіліне аударылған "Жаңа индустриалды қоғам"
(М., 1969), "Эконо-микалық теориялар және қоғамның мақсаты" (М., 1976) және
"Капитализм, социализм, қатар емір сүру" атты кітаптары (М., 1988), бұрынғы
кеңестік С. Меньшиковпен бірлесіп жазылды. Дж. Гэлбрейт экономиканы реттеу
мәселелерін елеулі дамытумен бірге, Маркстен бөлек жаңа саяси экономия
жасауға, адамзат дамуының әлемдік проблемаларын қарауға талаптанған.
XX гасырдың 20-жылдарында бұрынғы Кеңес Одағының Мемлекеттік жоспарлау
комитетінің жауапты қызметкерлері ғалым — экономистер Г. Фельдман, Н.
Кондратьев, А. Чаянов, В. Немчинов, С. Струмилин КСРО экономикасын рынокқа
көшіру мәселелерінің баламалы бағдарламасын жасады. Олардың экономикалық
теорияға қоскан үлестері өз алдына зерттеуді қажет етеді. Жалпы бұрынғы
ойшыл экономистердің теорияларын, ғылыми пікірлерді және тұжырымдарды
қоғамдық дамудын уақыты мен орнына қарай шығармашылықпен пайдалану өмір та-
лабы дер едік.
Адамзат қоғамын, оның негізі экономиканы зерттейтін ғылым саласы —
экономиялық теория. Бұл теорияның даму сатылары сауатты азаматтардың
баршасын да қызықтыратыны, ынталандыратыны сөзсіз. Өйткені қазіргі дәуірде
экономика мәселелерінен мағлүмат алмаған адам өзін білімді маман қатарына
жаткызбак тұрсын, күнделікті өмірге қажет сауалдарға да жауап бере алмайды.
Экономика мен саясат тығыз байланысты. 1985 жылдан бастап бұрынғы кеңес
елінде түбірлі әлеуметтік-экономикалық сапалы өзгерістердің болуы халықтың,
жеке үлттардың коғамдық сана-сезімін жандандырып олардың экономикалық ой-
пікірлерінің жаңаша қалыптасуына жол ашты.[6.17]
Ғылым догма емес дегенді басшылыққа алсақ, саяси экономия пәнінің
орнына экономиялық теорияның жалпы негіздері деп оқу процесін жалғастыру
қазіргі кезеңнің, қоғамдық дамудың ұзақ мерзімге арналған бағытын ескеруге,
онымен бірге әлемдік экономикалық ой-пікірдің тиімді, елеулі деген үлгісін
пайдалануға байланысты. Біздің ойымызша, тәуелсіз алған Қазақстанның
ерекшеліктеріне сай өзінің экономиялық теориясы болу керек. Әрине,
тәуелдікке ие болған ел, әлемдік елдер қауымынан, бұрын Кеңес Одағы
құрамындағы елдерден оқшау болмақ емес, керісінше, экономикалық интеграция,
халықаралық еңбек бөлінісі артықшылықтарын пайдалануы қажет. Кеңес Одағында
Шығыс Еуропадағы социалистік елдерде қайта құру кезінде кең көлемді
экономикалық дағдарыс басталды да, онын көрінісі қоғамдық өмірдің салаларын
қамтыды. Осы мерзімнен бастап экономикалық ой-пікірдің дамуына көңіл
белсек, 1985 жылы басталған қайта құру процесінің алғашқы 4—5 жылында
әкімшілдік социализм моделі орнына социализмді онан әрі жетілдіру қажет
деген ұран басшылыққа алынған саясат жүргізілді. Бұл саясат арқылы
экономикалық даму процесін іске асыру мүмкін болмаған соң, экономиканы
дағдарыстан шығарудың басқа жолы ізделді. 1991 жылдың соңында Кеңес
Одағының ыдырауына байланысты бұрынғы одақтас республикалар, оның ішінде
Қазақстан да ілгері дамудың, дағдарыстан жедел шығудың амалын іздей
бастады. Осы қиын-қыстау кезеңде Республика Президентінің стратегиясы
жариялан-ды. Бүл стратегия бойынша Қазақстан Республикасы алдағы 15—20 жыл
мөлшерівде экономикасы дамыған елдер қатарына косылуды, демократиялық
қүқықты мемлекет болуды көздеп отыр. Осы ізгі мақсатты жүзеге асырудың
шешуші кепілі экономиканы еркендету, өндірістің тиімділігін арттыру, сол
сияқты металл-машина жасау, отын-энергетика, халық тұтынатын өнеркәсіп
бұйымдарын кебейту. Экономикалық өркендеудің бірден-бір даму жолы тауар-
ақша қатынастарын кеңінен дамыту, сауда қатынастарын жетілдіру, рынок
инфрақұрылымын қалыптастыру. Оңдаған жылдар адамдар санасына сіңіп қалған
социализм саяси экономиясы оқулықтарында тауар-ақша қатынастары жөнінде
шындыққа сәйкес келмейтін қағида дәріптеліп келгені белгілі. Экономикасы
тиімді дамыған елдер осы қатынастарды жан-жақты пайдаланып келеді.
Қазіргі тәуелсіз Қазақстанда жалпы табиғи-тарихи заңдылыққа сәйкес ХХІ
ғасырдың қарсаңында рынрктық қатынасқа бағыт алынды. Осыған орай кептеген
күрделі мәселелерді тұңғыш рет шешуге ұмтылып келеміз. Экономикада
әкімшілдік-шаруашылық жүйесінен арыла келе рынок шаруашылығына қажет алғы
шарттар жасау мақсаты жүзеге асырылуда. Рынок экономикасына көшу бір дүркін
қозғалыс емес, ол тарихи тұрғыдан алғанда адамзат қоғамының көп жағдайда
экономикалық және әлеуметтік прогресін айқындайтьш табиғи процесс. Рыноктық
қатынастар алғашқы қауымның ыдырау кезінде пайда болды да, оның еркендеген
дәуірі капиталистік қоғам екені де белгілі. Капитализмде адамның "рыноктық"
тәрбиесі бала кезден басталып, бүкіл емір бойы кәсіпкерлікке, іскерлікке
бейімделіп отырады.
Әрине біздің елімізге бүкіл әлемдік рынок экономикасының тарихын, даму
сатыларын басынан өткізу міндет емес. Біз баска мемлекеттердің тәжірибесін
ескеруге тиістімін. Қазақстан экономикасының басқа мемлекеттер тәрізді
рыноктық қатынас бағытында дамуы сөзсіз. Осыған орай алға қойған
мақсатымыз, қавдай қоғам орнату, ол қоғамның әлеуметтік бейнесі қандай
болмақ? деген сұрақ жиі қойылып жүр. Сондай-ақ кешегі әкімшілдік социализм-
нен кері қарай капитализмге кешудеміз деушілер де бар. Капитализм дегөніміз
тарихи-табиғи қалыптасқан, рыноктық тауар-ақша қатынасына жан-жақты дамыған
қоғамдық құрылыс. Еркін бәсеке заңдылықтарын зерттеген аса көрнекті
экономистер Адам Смит, Давид Рикардо, Джон Стюарт Милль, Карл Маркс болса,
бүл қоғамның XX ғасырдағы ерекшеліктерін талдауда В. И. Лениннің, Джон
Мейнард Кейнстің, тағы басқа зерттеушілердің еңбектері ерекше рел
атқарды.[7.14]
Қаза.қстан экономикасынан капиталистік қоғам туады деген қағида
шындыққа жатпайды. Себебі, республика халық шаруашылығы, оның өндіргіш
күштері, ғылыми-техникалық мүмкіндіктері, халықтың тәжірибесі, ой-пікірі
капиталистік жолға түсуге Жол ашпайды. Демек, біздің экономикамыз
әлеуметтік бағыт алған аралас рыноктық экономика болуға тиіс. Мүңдай
қоғамды не капиталистік, не социалистік қоғам деп атауға болмайды.
Аралас экономика XIX ғасырдың соңғы ширегінде өнеркәсіпті шоғырландыру
процесі нәтижесінде күрделі корпорациялар, монополистік ұйымдар арқылы
пайда болды. XX ғасырдың 30-жылдарында аралас экономика теориясына,Д. М.
Кейнс, үлесін қосты. Кейін мемлекеттік күрделі қаржылар басқармасын құру
қажет деп санады. Сонымен бірге жекеменшік капиталы да керек деген пікір
айтты.
Аралас экономиканың бірнеше белгілері бар. Бірінші белгісі —
мемлекеттік меншіктің экономикада белгілі үлес салмағының сақталуы. Екінші
белгісі — бүл экономика құн және жоспарлық қатынастар арқылы реттеледі. Осы
тұтқаларды қолдануды мемлекеттік жоспарлау орындары жүзеге асырады. Аралас
экономиканың елеулі сипаты макро және микроэкономикалық дәрежеде
ұйымдастыру, баскарудағы экономикалық тұтқаларды кеңінен пайдалану.
Аралас экономикада рынокты жарнама (реклама), маркетинг, жоспарлау
тағы басқа ұйымдастыру шаралары арқылы күрделі, орташа және үсақ
кәсіпкерлік тиімділігін, жолдарын реттеуге болады. Бірақ аралас экономикада
өндірілетін өнім келемін мемлекет жоспар арқылы белгілемейді, қайда қанша,
және қандай тауар өндіріп, қызмет керсету қажеттілігін рынок езі анықтайды.
Жоғарыда көрсетілген аралас экономиканың негізгі белгілері қоғамның
қазіргі индустриялық даму дәрежесіне тән экономикалық жүйенің ерекше
заңдылықтарына бағынышты. Бұл заңдылықтар дегөніміз жеке меншікке
негізденген тауар өндірісі мен мемлекеттік меншіктегі тауар-ақша
қатьшастарының көрінісі. Тауар өндірісінің негізгі заңы — құн заңы. Бұл
заңның басты талабы рынокта тауардың бағасын белгілегенде оньі өндіруге
жүмсалған еңбек шығьшы еске алынады. Баға дегөніміз құнның ақшалай
көрінісі. Еркін бәсеке үстегадік ететін капиталистік қоғамда жеке таущг
өндірушілер өз тауарына баға тағайындағанда оған жұмсалган еңбегіне сай
өзіне қажет заттар алуды көздейді. Осыған орай тауарлы ақша қатынастарына
рыноктық экономика қажет болатынына тоқтау керек. Бұл алдағы тақырыптардың
міндеті.
Экономикалық категориялар — адамдардың қоғамдық өндірістік
қатынастарының теориялық керінісі. Өндірістік қатынастардың мәнін ашу,
талдау нәтижесі экономикалық категориялар болып табылады. Мысалы, тауар,
құн, қосымша құн, ақша, капитал, пайда, баға, өндірістік қорлар, рынок т.
б. экономикалық категорияларды жіктеп, талдау экономикалық заңдардың
объективті сипатын, қоғамдық өндірістегі релін, экономикалық емірдегі
құбылыстарды сипаттап қорытындылауға кемектеседі. Экономикалық
категориялар тарихи сипатта болады, олар қоғамдық формацияның
қалыптасу, даму процесін сипаттайды.
Экономикалық заңдар — адам қоғамы дамуының түрлі сатыларында өндіру,
бөлу, айырбас және материалдық игіліктерді тұтыну салаларында қатынастарды
анықтайды. Олар қоғамның экономикалық өмірінің аса маңызды, тұрақты
құбылыстары мен процестерінің байланысын көрсетеді. Экономикалық заңдар
объективті сипатта болады, яғни адамдардың еркі мен санасынан тәуелсіз
туып, әрекет етеді. Бұл заңдар белгілі бір экономикалық жағдайлармен бірге
өзгеріп, дамып отырады.
Экономикалық процестер күрделі және сан алуан, бүлардағы тұрақтылық
пен өзгермешелік тарихи тұрғыдан бір-бірімен үштасып жатады. Осыған сәйкес
бүл процестердің ішкі байланыстары мен тәуелсіздіктерін бейнелейтін заңдар
да барынша әр түрлі және әр типтес болады.

1.4 Экономикалық процестерді зерттеудегі сызықтық бағдарламалау модельдері

Сызықтық бағдарламалау оптималды бағдарламалаудың бір бөлімі болып
табылады. Ал оптималды бағдарламалау өз кезегінде шартты оптимизация
есептерін оқытатын қолданбалы математиканың бір бөлімі. Экономикада мұндай
есептер жоспарлау мен басқарудағы оптималдылық қағидасынының практикада
қолданылу кезінде туындайды. [1]
Жоспарлау мен басқаруда оптималдылық қағидасын қолданудың маңызды
шарты болып жоспарлы басқару шешімін қабылдауға қажетті икемділік пен
өндірістік шаруашылық жағдайындағы баламалылық (альтернативтілік) табылады.
Тап дәл осындай жағдайлар, негізінен, шаруашылық жүргізуші субъектілердің
күнделікті тәжірибесін (практикасын) құрайды (өндірістік бағдарламаларды
таңдау, жабдықтаушылармен қатынас, маршруттарды анықтау, материалдар жинау,
қоспалар дайындау және т.с.с.).
Оптималдылық қағидасының мәні – шаруашылық жүргізуші субъектінің
өндірістік қызметінің ішкі мүмкіндіктері мен сыртқы жағдайларын ең жақсы
жолмен айқындайтын X = (x1, x2, ..., xn) жоспарлы басқару шешімін таңдауға
ұмтылуда, мұнда xj , j = – оның компоненттері.
Мұндағы ең жақсы жолмен сөздері оптималдылықтың қандай да бір
критерийін таңдауды , яғни әр түрлі жоспарлы басқару шешімдерінің ішінен
салыстыру арқылы ең тиімдісін таңдауға мүмкіндік беретін экономикалық
көрсеткішті білдіреді.
Өндірістік қызметтің ішкі мүмкіндіктері мен сыртқы жағдайларын
айқындайтын сөздері жоспарлы басқару шешімдерін таңдауда бірқатар
шарттардың қойылуын білдіреді, яғни X таңдау қандай да бір D мүмкін болатын
шешімдер облысында жүзеге асырылады; бұл облысты, басқаша, есептердің
анықталу облысы деп те атайды.
Сонымен, жоспарлау мен басқаруда оптималдылық қағидасының тәжірибеде
қолданылуы дегеніміз мынадай экстремалды есеп түрін шешу:
X ∊ D, (1.2)
f (X) → max (min), (1.1)
мұнда f (X) – оптималды критерийдің математималық түрде жазылуы – мақсат
функциясы. Әдетте шартты оптимизация есебі былай жазылады:
Мына шектемелерді (шарттарды) қанағаттандыратын:
φ1 (x1, x2, ..., xn) {≤ ,=, ≥} b1,
φ1 (x1, x2, ..., xn) {≤ ,=, ≥} b2,
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... (1.4)
φm (x1, x2, ..., xn) {≤ ,=, ≥} bm,
xj ≥ 0, j = , (1.5)
және
f (X) = f (x1, x2, ..., xn) → max (min) (1.3)
функциясының максимум немесе минимум мәнін табу.
(1.5) шарты міндетті емес, бірақ оған қажетті жағдайда жетуге болады.
{≤ ,=, ≥} белгілінуі белгілі бір шектемеде ≤ , = немесе ≥ таңбаларының
біреуін қолдануға болатындығын білдіреді. Егер қысқаша түрде жазатын болсақ
төмендегідей болады:
φi (x1, x2, ..., xn) {≤ ,=, ≥} bi, i = , (1.7)
xj ≥ 0, j = , (1.8)
f (x1, x2, ..., xn) → max (min) (1.6)
(1.6) – (1.8) есеп – оптималды (математикалық) бағдарламалаудың жалпы
есебі, немесе негізінде оптималдылық және жүйелілік қағидасы жатқан
оптималды бағдарламалау есебінің математикалық моделі.
X векторы (басқарушы айнымалылар жиынтығы xj , j = ) мүмкін
болатын шешім немесе оптималды бағдарламалау есебінің жоспары деп аталады,
егер де ол шектемелер жүйесін қанағаттандырса. f (x1, x2, ..., xn) мақсат
функциясының максимум немесе минимум мәнін беретін сол X жоспары оптималды
бағдарламалаудың оптималды жоспары деп аталады.
Сонымен, белгілі бір өндірістік жағдайдағы оптималды жоспар таңдау
экономикалық-математикалық модельдің жүйелілік және оптималдылық тұрғысымен
және оптималды бағдарламалау есебін шешумен байланысты.
Оптималды бағдарламалау есебін жалпы түрде мынадай белгілері бойынша
жіктеуге болады:
1. Айнымалылардың өзара байланысу мінездемесі бойынша:
а) сызықтық;
ә) сызықтық емес.
а) жағдайында шектемелер жүйесіндегі барлық функционалдық байланыстар мен
мақсат функциясы – сызықтық функциялар; жоғарыда аталғандардың біреуінде
сызықтық еместіктің болуы ә) жағдайына алып келеді.
2. Айнымалылардың өзгеру мінездемесібойынша:
а) үздіксіз;
ә) дискретті.
а) жағдайында басқарушы айнымалылар мәндері қандай да бір нақты сандар
облысын толтыруы мүмкін; ә) жағдайында барлық айнымалылар немесе тек бір
ғана айнымалы бүтін мән қабылдауы мүмкін.
3. Уақыт факторын ескеру арқылы:
а) статикалық;
ә) динамикалық.
а) есептерінде модельдеу мен шешім қабылдау модель элементтерінің уақыт
кезеңінен тәуелсіз болжамы негізінде жоспарлы басқару шешімі қабылданады;
ә) жағдайында мұндай болжам жеткілікті анықталып қабылдана алмайды,
сондықтан уақыт факторын ескеру қажет.
4. Айнымалылар туралы ақпараттар бойынша:
а) толық анықталғандық (детерминделгендік) жағдайындағы есептер;
ә) ақпараттың жеткіліксіз жағдайындағы есептер;
б) анықталмағандық жағдайындағы есептер.
ә) есептерінде жеке элементтері ықтималды мүмкін шамалар болып табылады,
бірақ белгілі немесе қосымша статистикалық зерттеулер арқылы олардың
үлестірім заңдылықтары бекітілуі мүмкін. Ал б) жағдайында кездейсоқ
элементтердің мүмкін нәтижелері туралы болжамжасауға болады, бірақ бұл
нәтижелердің ықтималдықтары туралы шешім шығаруға мүмкіндік жоқ.
5. Баламаларды бағалау критерийлерінің саны бойынша:
а) жай, бір критерийлі есептер;
ә) күрделі, бірнеше критерийлі есептер.
а) есептерін экономикалық тұрғыдан қарастырсақ, бір критерийлі
оптималдылықтарды пайдаланған жөн немесе арнайы процедуралар (мысалы,
басымдылықтарды өлшеу (салыстыру)) арқылы көп критерийлі ізденісті бір
критерийліге келтірген дұрыс.
1 – 5 белгілерінің жиынтығы оптималды бағдарламалау есептері мен
әдістерін жалпы түрде топтастыруға мүмкіндік береді, мысалы:
1а)2а)3а)4а)5а) – сызықтық бағдарламалаудың есептері мен әдістері,
1ә)2а)3а)4а)5а) – сызықтық емес бағдарламалаудың есептері мен әдістері,
1а)2ә)3а)4а)5а) – бүтінмәнді (дискретті) сызықтық бағдарламалаудың есептері
мен әдістері және т. б.

Сызықтық бағдарламалау есебі және оның шешімдерінің қасиеттері

Берілген ресурстарды (қорларды) тиімді пайдалану арқылы қосымша
пайданы арттыру немесе өндірістегі жалпы шығынды төмендету сияқты
экономикалық есептердің математикалық модельдері сызықтық бағдарламалау
есебі түрінде былайша қойылады:
Мына шектемелерді қанағаттандыратын:
a11x1 + a12x2 + ... + a1nxn {≤ ,=, ≥} b1,
a21x1 + a22x2 + ... + a2nxn {≤ ,=, ≥} b2,
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... (2.2)
am1x1 + am2x2 + ... + amnxn {≤ ,=, ≥} bm,
xj ≥ 0, j = (2.3)
және
f (x) = c1x1 + c1x1 + ... + c1x1 → max (min) (2.1)
мақсат функциясына максимум (немесе минимум) мәнін беретін n компонентті x
= (x1, x2, ..., xn) векторын табу.
Мұндағы aij, bi, cj - берілген тұрақты сандар, ал m n; bi – оң
сандар.
Экономикалық есептердің қойылу ерекшеліктеріне және математикалық
зерттеулердің ыңғайына қарай сызықтық бағдарламалау есебі өзара пара-пар
бірнеше түрде қойылады:
Мынадай түрде жазылған қойылымдар практикада жиірек кездеседі:
Матрицалық қойылым:
Мына шектемелерді қанағаттандыратын:
AX = B,
x ≥ 0
және
f (x) → max (min)
мәнін беретін x = (x1, x2, ..., xn) векторын табу.
Мұндағы A = (aij)mxn – m жатық (көлбеу) жолдан және n тік жолдан
тұратын матрица.
B = (b1, b2, ..., bm) – m – компонентті тік вектор,
C = (c1, c2, ..., cn) – n – компонентті жатық вектор.
Векторлық қойылым:
Мына шектемелерді қанағаттандыратын:
= b
xj ≥ 0, j = 1, 2, ..., n
және
f (x) = → max (min)
мәнін беретін x = (x1, x2, ..., xn) векторын табу.
Мұндағы Pj = – A матрицасының j-ші тік жолының элементтерінен
құралған вектор.
Енді сызықтық бағдарламалау есебінің қасиеттерін тұжырымдауға қажетті
бірнеше анықтамаларды қарастырайық. [2].
Бірінші анықтама. (2.2) және (2.3) шектемелерді қанағаттандыратын n
компонентті x = (x1, x2, ..., xn) векторы сызықтық бағдарламалау есебінің
жоспары деп аталады.
Екінші анықтама. Егер мына жіктемедегі

P1, P2, ..., Pk – векторлары сызықты тәуелсіз болып және xi =1, 2, ..., k
сызықтық коэффициенттері оң болатын болса, онда осы коэффициенттерден
құралған x = (x1, x2, ..., xn) векторы тіректі жоспар деп аталады.
m компонентті векторлардан құралған сызықты тәуелсіз векторлардың саны
әруақытта m-нен аспайтындықтан, кез келген тіректі жоспардың нөлден үлкен
компоненттерінің саны да m-нен артық бола алмайды, k ≤ m.
Үшінші анықтама. Оң компоненттерінің саны m-ге тең болатын тіректі
жоспар ерекше емес тіректі жоспар деп аталады.
Төртінші анықтама. (2.1) – (2.3) сызықтық бағдарламалау есебінің (2.1)
мақсат функциясына максимум (минимум) мәнін беретін жоспар оның оптималдық
жоспары немесе шешімі деп аталады.
Енді осы анықтамалар негізінде сызықтық бағдарламалау есебінің
шешімдер жиынының қасиеттерімен танысамыз:
1. Сызықтық бағдарламалау есебінің жоспарлар жиыны
әруақытта да дөңес көпбұрыш болады.
2. Сызықтық бағдарламалау есебінің оптималдық жоспары
мүмкіндік шешімдер жиынының шеткі нүктелерінің ішінен
табылады. Егер шеткі нүктелерінің бірнешеуі бірдей
оптималдық жоспар болатын болса, онда осы нүктелердің
кез келген дөңес комбинациясы да сызықтық бағдарламалау
есебінің оптималдық жоспары болады.
3. Егер P1, P2, ..., Pk векторлар жүйесі сызықты тәуелсіз
болып және мына векторлық теңдік орындалса:
P1x1 + P2x2 + ...+ Pk xk = b
xj ≥ 0, i =1, 2, ..., k,
онда x = (x1, x2, ..., xk, 0, 0, ..., 0 ) - n компонентті векторы S мүмкін
шешімдер жиынының шеткі нүктесі болады.
Керісінше, егер x = (x1, x2, ..., xn) векторы S мүмкіндіктер жиынының
шеткі нүктесі болса, онда оның оң компоненттеріне сәйкес келетін Pi
векторлары сызықты тәуелсіз жүйе құрайды.
Осыдан x = (x1, x2, ..., xn) нүктесінің S дөңес көпбұрышының шеткі
нүктесі болатындығын немесе болмайтындығын Pi, i = 1, 2, ..., n векторлары
арқылы анықтауға мүмкіндік береді.
m компонентті P1, P2, ..., Pn векторларынан құралған кез келген m + 1
векторлар әруақытта сызықты тәуелді жүйе болатындықтан, S дөңес
көпбұрышының кез келген шеткі нүктесіне m вектордан тұратын сызықты
тәуелсіз жүйе сәйкес келеді.
Сонымен, кез келген x = (x1, x2, ..., xn) ∊ S шеткі нүктесіне P1, P2, ...,
Pm сызықты тәуелсіз векторлар жүйесі сәйкес келеді де, мына шарттар
орындалады:
= b
xj ≥ 0, i =1, 2, ..., m.

1. Сызықтық бағдарламалау есебін графиктік әдіспен шешу

Егер сызықтық бағдарламалау есебі екі айнымалылы шектемелермен
берілетін болса, онда оны графиктік әдіспен шешуге болады:
Мына шектемелерді қанағаттандыратын:
(3.2)
(3.3)
және
(3.1)
мақсат функциясына ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Математикалық модельдердің экономика ғылымындағы орны
Экономикалық-математикалық модельдеу классификациясы
Қазақстан Республикасының экономикалық өсу моделі
3D studio Max бағдарламасы.
Модельдеу этаптары жайлы
Мұнай өңдеу және мұнай химиясы технологиялық кешендерінің математикалық модельдер жүйесін құру методологиясы
Макроэкономикалық модельдердің мәні, түсінігі, түрлері
Көлдің су деңгейінің ауытқуларын математикалық есептеулер арқылы модель жасап анықтау
Модельдеу. Модельдеу түрлері
Компьютерлік және компьютерлік емес модельдер
Пәндер