Экономикалық қатынастар жүйесіндегі инфрақұрылымның даму мәселелері



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

І. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ЖҮЙЕСІНДЕГІ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8

1.1. Экономикалық қатынастар жүйесіндегі инфрақұрылым ... ... ... ... ... ... ... .8

1.2. Инфрақұрылым дамуының шетелдік тәжірибесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21

1.3. Инфрақұрылым . ұлттық шаруашылықтың бәсекеге қабілеттілігін жоғарлатудың факторы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .33

ІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН АРТТЫРУДАҒЫ ИНФРАҚҰРЫЛЫМНЫҢ РӨЛІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .44

2.1. Қазақстан Республикасындағы инфрақұрылымның қызмет ету ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .44

2.2. Республикадағы инфрақұрылым дамуының инвестициялық ахуалы ... ...64

2.3. Инфрақұрылым салаларының сапалы қызмет көрсету тиімділігі ... ... ... .76

ІІІ. ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...88

3.1. Инфрақұрылымды дамытудағы мемлекеттік реттеу құралдарының өзара қатынасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .88

3.2. Инфрақұрылымды мемлекеттік реттеу жүйесін жетілдіру бағыттары ... .99


ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .108

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..111
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Бүгінгі жаһандану жағдайында қоғамдық прогресс әлеуметтік және экономикалық үрдістердің дамуымен қоғамның дамуына қажетті жағдай жасайтын ұлттық шаруашылық кешенінің барлық салаларын жетілдіруге қабілетті. Бұл қызметті материалдық және әлеуметтік инфрақұрылым атқарады.
Қоғамдық ұдайы өндірістің дамуында материалдық және әлеуметтік инфрақұрылымның алатын орны алдыңғы қатардағы өзекті мәселелердің бірі екендігі анық. Олар бүгінгі таңдағы ауқымды экономикалық өзгерістер кезеңінде қоғам өмірінің барлық саласын жан-жақты қамтуда. Сондықтан да әлеуметтік, экономикалық және т.б. күрделі мәселелерді шешуде инфрақұрылымды дамыту және оны жетілдіру - бүгінгі күннің басты талабы.
Инфрақұрылым қоғамдық ұдайы өндіріс үрдісі құрылымында, адами ресурстар мен капитал салымдарының айтарлықтай бөлігін қамтуда және қоғамдық, халықаралық еңбек бөлінісін арттыруда маңызды орын алуда. Сонымен қатар, күрделінген және кеңейтілген қоғамдық және мемлекетаралық қатынастарға қызмет көрсетуге бейімделген әлемдік шаруашылықтағы интеграциялық процестерді күшейтуге зор ықпалын тигізеді.
Инфрақұрылым әлеуметтік-экономикалық жүйенің қалыпты қызметін жүзеге асыратын, әрі қамтамасыз ететін қосымша салалар кешенін құрайды. Инфрақұрылым бірыңғай рыноктық механизмнің негізгі жүйесі ретінде әрекет ете отырып, ол экономиканың барлық салаларын, еліміздің экономикалық аудандарын, облыстарын, аймақтарын біріңғай қызмет атқаруын байланыстырады. Инфрақұрылымның даму жағдайы мен деңгейі еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының өсу қарқынына белгілі бір әсер етеді және халықтың әл-ауқатының өсуі мен тұрмыс деңгейінің елеулі жақсаруын әлі де қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасында экономиканың рыноктық жағдайында инфрақұрылым салаларының қызмет етуінің дәстүрлі жүйесі өзгеруде. Қазіргі таңда мемлекет тарапынан бұл салалардағы ахуалдарды жақсарту мақсатында оның даму приоритетіне ерекше көңіл бөлінуде.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты халыққа жолдауында: «Әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуды біз стратегиялық міндет дәрежесіне көтеруге тиіспіз. Біз мемлекеттік –жеке меншік әріптестігінің көмегімен әлеуметтік-инфрақұрылымдық даму тетігін қалыптастыру қажеттігіне жеттік деп білемін» [1], - дей отырып, халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған нақты қадамдар, бағыттардың жүзеге асырылуында ең басты инфрақұрылым салалары қызметтерінің дамуына айрықша көңіл бөлуі бекер емес.
Әлеуметтік рыноктық экономикада ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыруда инфрақұрылым қызметтерін, атап айтқанда көлік және коммуникация салаларының халыққа сапалы қызмет көрсетулерін жақсартуда тиімді механизмдерді пайдалану орын алды. Көлік және коммуникация қызметтері инфрақұрылым қызметтерінің құрамдас бөлігі ретінде қоғамның еңбек әлеуетінің қалыптасуымен, әлеуметтік кепілдіктерді іске асырумен, адамның өмір сүру сапасы және оның әл-ауқатымен байланысты мәселелерді шешеді.
1. Назарбаев Н.Ә. Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан. Қазақстан Республикасы халқына жолдауы. /Егемен Қазақстан, №55(24632) 1 наурыз, - 2 б.
2. Ахмадиев А.А., Садретдинов Ф.Х. Современная деревня: проблемы совершенствования управления развитием социальной инфраструктуры в переходный период. – Уфа, 1999. – с.11.
3. Семенкова Т. Инфраструктура и сфера услуг //Мировая экономика и международные отношения. – 1971, №3, - с.116.
4. Солюс Г.П. Экономическая энциклопедия, Т.2. – Москва, 1975.
5. Абалкин Л., Григорян Г., Мотылев В. И др. Исследование новых явлений в экономике капитализма // Коммунист. – 1968. №18. –с.114.
6. Макконнелл Кэмпбелл Р., Брю Стэнли Л. Экономикс: Принципы, проблемы и политика. В 2 т.: Пер. С англ. 11-го изд. Т2-М.: Республика, 1992, с.388.
7. Агабабьян Э.М. Экономический анализ сферы услуг. – Москва, Экономика, 1968, с.160.
8. Третьяк С.Н. Инфраструктура экономики. – Хабаровск.: ДВГУПС, 2002, с.34.
9. Ковалев А.Е., Никитина Г.А. Формирование инфраструктуры рынка сельскохозяйственного производства /Вестник сельхоз.наук Казахстана. – Алматы, 1991, №11, с.7-8.
10. Колодин В.С. Логистическая инфраструктура регионального товарного рынка. – Иркутск.: Идат.ИГЭА, 1999, с.14.
11. Казаков Ю.Н., Мовчан Б.С. Развитие социальной инфраструктуры экономических районов. – М.: Наука, 1991, 164.
12. Дриц В.И. Социальная инфраструктура региона. – Минск.: Наука и техника, 1986, с.65.
13. Волощук Г.А. Инфраструктура торговли. – Киев.: Высш.шк., 1989, с.48.
14. Важенин С.Г. Социальная инфраструктура народнохозяйственного комплекса. – Москва,: Экономика, 1984, с.83.
15. Сухова Л.Ф. Транспортное обслуживание международных экономических связей: Учебное пособие – Алматы, 1998, с.178.
16. Бенсон Д., Уайтхед ДЖ. Транспорт и доставка грузов. – Москва.: Транспорт, 1990, с.156.
17. Косин А.С., Левиков Г.А. Международная транспортная экспедиция. – Москва.: Дело, 2005, 85-86.
18. Варнавский В. Реформирование и субсидирование общественного транспорта в Великобритании //Мировая экономика и международные отношения, 2005, №8, с. 14-15.
19. Назаренко В.М., Назаренко К.С. Транспортное обеспечение внешнеэкономической деятельности. – Москва.: Центр экономики и маркетинга, 2000, с.142.
20. Студенцов В.Б. Великобритания: государство и накопления основного капитала. Москва, Наука, 1987, с.18.
21. Reforming Infrastructure: Privatization, Regulation, and Competition. World Bank, Policy Research Report. Washington D.C.,2004, p. 45.
22. Абрамов А.И. Место транспорта в системе общественного производства. – Москва.: Высшая школа, 1982, с.79.
23. Власов В.В. Япония: производственная инфраструктура. Москва.: Наука Главная редакция восточной литературы, 1991, с.95.
24. Зак Ф.М. Диверсификации японских железнодорожных компаний. В кн. Железнодорожный транспорт за рубежом. – Москва.: Экспресс-информация. 1990, с.26-27.
25. Комаров М.П. Инфраструктура регионов мира: учебник. – СПб.: Изд. Михайлова В.А., 2000, с.141.
26. The Department of Transport, London, 1991. – p.4.
27. Могилевкин И. Мировой транспорт: время перемен //мировая экономика и международные экономические отношения, №8, 1999, с.59.
28. Жуламанов Р.К. Конкурентоспособность национальной экономики: теория и практика. – Алматы.: ИРК, 1995, с. 115.
29. Дайнеко А.Е., Забавский Г.В и др. Мировая экономика: механизмы и факторы роста. – Москва.: Издательство деловой и учебной литературы, 2004, с.104.
30. Кныш М.И. Конкурентные стратегии: Учебное пособие. – СПб., 2000, с.63.
31. Миклашевская Н.А., Холопов А.В. Международная экономика. – М.: Дело и Сервис, 2004, с. 85-135.
32. М.Портер Международная конкуренция: Пер. с англ. И с предисловием Б.Д.Щетинина.- Москва.:ИНФРА-М, 2000, с.43.
33. Назарбаев Н.А. Казахстан – 2030: Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы: Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы. – Алматы: Өнер, 1997, - 234 б.
34. Стратегия вхождения Казахстана в число 50 наиболее конкурентоспособных стран мира. Выступление Президента РК Н.А.Назарбаева на совместном заседании палат Парламента. 18 января 2006г. Астана, Акорда.
35. Исингарин Н.К. Транспорт – магистраль экономической интеграции. – Алматы: Атамура, 1998, с145.
36. Стаханов В.Н., Стаханов Д.В. Маркетинг сферы услуг: Учебное пособие. Москва, 2001, с. 8-9.
37. Р.Алшанов, Ә.Әшімбаева Жаһандық экономика және Қазақстан. Егемен Қазақстан , 28 ақпан, 2007ж, 3-бет.
38. Нагманов К. Евразийский транзит: новый этап развития /Магистраль, 2002, №4, с.34.
39. Шеденов У.К., Ильясов Д.К. Теория маркетинга и менеджмента в сфере услуг.- Алматы, 2002, с. 96.
40. Стратегия индустриально-инновационнного развития Республики Казахстан на 2003-2015 гг., Астана, 2003г.
41. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі көлік стратегиясы.
42. Қазақстан Республикасының көлігі мен байланысы 2002-2005. Статистикалық жинақ /Жалпы редакциясын басқарған Э.Қонаев/. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі. – Алматы, 2006, 92 бет.
43. Транспорт Республики Казахстан. Статистический сборник. – Алматы. Агентство Республики Казахстан по стаистике, 1999, 52бет.
44. Социально-экономическое развития Республики Казахстан 2006 г. Агентство РК по статистике, 2007г, с. 16-17.
45. Атамкулов Е.Д., Жангаскин К.К. Қазақстанның темір жол көлігі: қайта құрылымдау және әлемдік экономикаға кірігу жолдары /Жалпы ред.басқарған Р.Қ.Сатова. –Алматы, 2004, 646б
46. Қазақстан: 1991-2002 жылдар. Ақпараттық-талдаулық жинақ. Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі дайындаған /Ред.басқарған А.Смайлова, Алматы: ЖШС, «Интеллсервис», 2002, 176б.
47. Жанғаскин К.К. Қазақстанның темір жол көлігі: тасымалдау үдерісі.- Алматы: ХКАА, 2004, 639б.
48. Экономика железнодорожного транспорта: Учебник /Под ред. Н.П.Терешиной, Б.М.Лапидуса, М.Ф.Трихункова. – Москва: УМК МПС России, 2001, с.315.
49. Бекмағамбетов М.М. Қазақстанның автомобиль көлігі: қалыптасу және даму кезеңдері. – Алматы: ЖШС «Print-S», 2005, 14 бет.
50. Автомобильному транспорту Казахстана – 70лет /Транскурьер, 1995, №3, март, 14б.
51. Исингарин Н.К. проблемы интеграции в СНГ. – Алматы: Атамура, 1998, 216б.
52. Хамитов Е.Н. Инвестиции в реальной сектор экономики. – Алматы.: КазГАУ, 2000, с. 98.
53. Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қызмет. Статистикалық жинақ / Редакциясын қараған Қонаев Э. – Алматы, 2006, с. 23-24.
54. Хусаинов В.Д. Прямые иностранные инвестиции: глобальные и региональные тенденции 90-х годов // Известия НАН РК. Серия общественных наук, 2001, №3, с. 20-21.
55. Назарбаев Н.А. К конкурентоспособному Казахстану, конкурентоспособной экономике, конкурентоспособной нации. Послание Президента РК народу Казахстана // Казахстанская правда, 2004г, 20 марта., № 56, с.1-2.
56. Оспанов М.Т. и др. Иностранный капитал и инвестиции. –Алматы : Факсинформ, 1997, с. 67.
57. Назарбаев Н.А. Инвестиция игергенге игілік // Егемен Қазақстан, 2004ж, 11 желтоқсан, 6 б.
58. Қазақстан тәуелсіздік жылдарында. Ақпараттық-талдау жинағы / Б.Т.Сұлтановтың редакциясы басқарған. - Алматы, 2006, 92-96 бб.
59. Баяхметов Т.Б., Омарова Б.А. и др. Инвестиционные проекты железнодорожной отрасли Республики казахстан // Сб. Докладов второй международной научно-практической конференции "Транзит Еразии: взгляд в ХХ! век". – Алматы: КазАТК, 2002, с.278-284.
60. Көлік және коммуникация министрі С.Ахметовпен сұхбат //Айқын, 2007, 26 (722) 13 ақпан, 3 бет.
61. Шеденов У.К. Эффективность и качества услуг в условиях интенсификации общественного производства. – Алматы.: Наука, 1987, с. 112с.
62. Песоцкая Е.В. Маркетинг услуг. – СПб: Питер, 2000, с. 142.
63. Нысанбаев С.Н. и др. Управление качеством. Учебное пособие. – Алматы: Қазақ университеті, 2000, с.111.
64. Познер Н. Железнодорожные концессии // Railway International. 2001, №6-7, с.92-95.
65. Баяхметов Т.Б., Омарова Б.А. Пути развития транспортных услуг в Казахстане. – Алматы, 2001, с. 25.
66. Ботабеков Р. Компания «Жолаушылартранс»: работа в межобластном сообщении //Магистраль – 2005, №8, 30-32 бет.
67. Лифиц И. Стандартизация, метрология и сертификация. – Москва: Юрайт-Издат, 2002, с. 96.
68. Стандарт ИСО 9001:2000. Система менеджмента качества. Требования.
69. Проблемы качества за «круглым столом» //Технологии средства связи – 1999,№2, с.18.
70. Мамыров Н.К., Ихданов Ж. Государственное регулирование экономики в условиях Казахстана: теория, опыт, проблемы. Учебное пособие. – Алматы: Экономика, 1998, с.8.
71. Сыртанов С.К. «Экономическая политика государства и развитие транспортного комплекса Казахстана». Алматы, 2002, с.63.
72. Беккайыров С.Б. Транспортная инфраструктура Республики Казахстан. – Алматы: Ғылым, 2001, -92с.
73. Концепция государственной транспортной политики Республики Казахстан на период до 2008 г., одобренной Постановлением Правительства РК от 11 июня 2001 года, №801.
74. Дж.Вильсон, В Цапелик. Естественные монополии в России: история и перспективы развития системы регулирования //Вопросы экономики, №11, 1995, с.80.
75. Қазақстан Республикасының 2001 ж. 23 қаңтардағы № 148-!! «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару туралы» Заңы.
76. Қазақстан Республикасының автожол саласын дамытудың 2006-2012 жылдарға арналған бағдарламасы.
77. Қазақстан Республикасының Азаматтық авиация саласын дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасы.
78. Қазақстан Республикамының теңіз көлігін дамытудың 2006-2012 жылдарға арналған бадарламасы.
79. Қазақстан Республикасының кеме қатынасын дамыту және ішкі су жолдарында қауіпсіздікті қамтамасыз етудің 2007-2012 жылдарға арналған бағдарламасы.
80. История развития транспорта и коммуникаций Казахстана /Сост. Н.Ф.Пивень, А.И.Шалтыков. – Алматы.: Бастау,2000, с.48.
81. Сосин П.В. Социальная инфраструктура. Новосибирск, 2005, с. 65.
82. Рыночная экономика: инфраструктура функционирования. М: МСЭУ, 2002, с.95.
83. Дюмулен И.И. Международная торговля услугами. – Москва: Экономика, 2003, с.107.
84. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан жолы. – Астана, 2006.
85. Назарбаев Н.А. Рынок и социально-экономическое развитие. – Москва: Экономика, 1994, - 368с.
86. Назарбаев Н.А. Казахстан – 2030: Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы: Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы. – Алматы: Өнер, 1997, - 234 б.
87. Аубакиров Я.А. Экономическая теория и условиях рыночных преобразований. – Алматы: Қазақ университеті, 2003.
88. Казахстанская модель рыночных преобразований: социально-рыночные и правовые аспекты / Я.А.Аубакиров и др. – алматы: Қазаө университеті, 2003.
89. Беккайыров С.Б. Транспортная инфраструктура Республики Казахстан. – Алматы: Ғылым, 2001, -92с.
90. Приоритеты национальной безопасности в условиях глобализации /Отв.ред. Е.Б.Жатканбаев. – Алматы: Қазақ университеті, 2006.
91. Кенжегузин М.Б. Экономика Казахстана на пути преобразований. – Алматы: МЭМО и РК, 2001, - 484с.
92. Сухарев О.С. Социальная экономика: институты, инновации, экономическая политика.- Москва: экономическая литература, 2004.
93. Экономическая энциклопедия. Политическая экономия. Т.2. – Мосвка: Современная энциклопедия, 1975.
94. Большой энциклопедический словарь. http://dis.academic.ru.
95. Словарь экономических терминов. http://dis.academic.ru.
96. Экономический словарь. www. academic.ru.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 115 бет
Таңдаулыға:   
ӘЛЬ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

АХМЕТОВА ГҮЛСТАН ИВАНҚЫЗЫ

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ЖҮЙЕСІНДЕГІ ИНФРАҚҰРЫЛЫМНЫҢ ДАМУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

08.00.01 – Экономикалық теория

Экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін
іздену диссертациясы

Ғылыми жетекші:
экономика ғылымдарының докторы,
профессор Шеденов Ө.Қ

Алматы - 2007
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

І. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ЖҮЙЕСІНДЕГІ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8

1.1. Экономикалық қатынастар жүйесіндегі
инфрақұрылым ... ... ... ... ... ... ... ..8

2. Инфрақұрылым дамуының шетелдік
тәжірибесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... 21

1.3. Инфрақұрылым – ұлттық шаруашылықтың бәсекеге қабілеттілігін
жоғарлатудың
факторы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 33

ІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН
АРТТЫРУДАҒЫ ИНФРАҚҰРЫЛЫМНЫҢ
РӨЛІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..44

2.1. Қазақстан Республикасындағы инфрақұрылымның қызмет ету
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...44

2.2. Республикадағы инфрақұрылым дамуының инвестициялық ахуалы ... ...64

2.3. Инфрақұрылым салаларының сапалы қызмет көрсету
тиімділігі ... ... ... .76

ІІІ. ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ ЖҮЙЕСІН
ЖЕТІЛДІРУ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .88

3.1. Инфрақұрылымды дамытудағы мемлекеттік реттеу құралдарының өзара
қатынасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..88

3.2. Инфрақұрылымды мемлекеттік реттеу жүйесін жетілдіру бағыттары ... .99

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..1 08

ҚОЛДАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 111

Кіріспе
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Бүгінгі жаһандану жағдайында қоғамдық
прогресс әлеуметтік және экономикалық үрдістердің дамуымен қоғамның
дамуына қажетті жағдай жасайтын ұлттық шаруашылық кешенінің барлық
салаларын жетілдіруге қабілетті. Бұл қызметті материалдық және әлеуметтік
инфрақұрылым атқарады.
Қоғамдық ұдайы өндірістің дамуында материалдық және әлеуметтік
инфрақұрылымның алатын орны алдыңғы қатардағы өзекті мәселелердің бірі
екендігі анық. Олар бүгінгі таңдағы ауқымды экономикалық өзгерістер
кезеңінде қоғам өмірінің барлық саласын жан-жақты қамтуда. Сондықтан да
әлеуметтік, экономикалық және т.б. күрделі мәселелерді шешуде
инфрақұрылымды дамыту және оны жетілдіру - бүгінгі күннің басты талабы.
Инфрақұрылым қоғамдық ұдайы өндіріс үрдісі құрылымында, адами ресурстар
мен капитал салымдарының айтарлықтай бөлігін қамтуда және қоғамдық,
халықаралық еңбек бөлінісін арттыруда маңызды орын алуда. Сонымен қатар,
күрделінген және кеңейтілген қоғамдық және мемлекетаралық қатынастарға
қызмет көрсетуге бейімделген әлемдік шаруашылықтағы интеграциялық
процестерді күшейтуге зор ықпалын тигізеді.
Инфрақұрылым әлеуметтік-экономикалық жүйенің қалыпты қызметін жүзеге
асыратын, әрі қамтамасыз ететін қосымша салалар кешенін құрайды.
Инфрақұрылым бірыңғай рыноктық механизмнің негізгі жүйесі ретінде әрекет
ете отырып, ол экономиканың барлық салаларын, еліміздің экономикалық
аудандарын, облыстарын, аймақтарын біріңғай қызмет атқаруын байланыстырады.
Инфрақұрылымның даму жағдайы мен деңгейі еліміздің әлеуметтік-экономикалық
дамуының өсу қарқынына белгілі бір әсер етеді және халықтың әл-ауқатының
өсуі мен тұрмыс деңгейінің елеулі жақсаруын әлі де қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасында экономиканың рыноктық жағдайында инфрақұрылым
салаларының қызмет етуінің дәстүрлі жүйесі өзгеруде. Қазіргі таңда
мемлекет тарапынан бұл салалардағы ахуалдарды жақсарту мақсатында оның даму
приоритетіне ерекше көңіл бөлінуде.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан атты халыққа
жолдауында: Әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуды біз стратегиялық міндет
дәрежесіне көтеруге тиіспіз. Біз мемлекеттік –жеке меншік әріптестігінің
көмегімен әлеуметтік-инфрақұрылымдық даму тетігін қалыптастыру қажеттігіне
жеттік деп білемін [1], - дей отырып, халықтың әл-ауқатын арттыруға
бағытталған нақты қадамдар, бағыттардың жүзеге асырылуында ең басты
инфрақұрылым салалары қызметтерінің дамуына айрықша көңіл бөлуі бекер емес.
Әлеуметтік рыноктық экономикада ұлттық экономиканың бәсекеге
қабілеттілігін арттыруда инфрақұрылым қызметтерін, атап айтқанда көлік және
коммуникация салаларының халыққа сапалы қызмет көрсетулерін жақсартуда
тиімді механизмдерді пайдалану орын алды. Көлік және коммуникация
қызметтері инфрақұрылым қызметтерінің құрамдас бөлігі ретінде қоғамның
еңбек әлеуетінің қалыптасуымен, әлеуметтік кепілдіктерді іске асырумен,
адамның өмір сүру сапасы және оның әл-ауқатымен байланысты мәселелерді
шешеді.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі – еліміздегі экономикалық қатынастар
жүйесіндегі инфрақұрылым салалары қызметтерінің, оның ішінде көлік және
коммуникация қызметтерінің даму мәселелері.
Қазіргі таңда экономиканың әртүрлі салаларының қызмет ету тиімділігіне
және халықтың өмір сүруін қамтамасыз ету мүдделеріне қолайлы жұмыс
жасайтын, тиімді, қауіпсіз көлік және коммуникация жүйесі қызмет
көрсетуде. Халыққа қызмет көрсететін көлік және коммуникация саласы
қоғамның әлеуметтік үрдістерінің дамуына әсер етеді.
Көлік және коммуникация қызметтері тұтынушыларының талғамына және
экономикаға бағытталған болуы тиіс. Олар Республикадағы қалалық және
ауылдық мекендердің арасын байланыстыра отырып, мемлекеттің әкімшілік және
аймақтық тұтастығын, қорғаныс қабілеттілігін және қауіпсіздігін қамтамасыз
етуде маңызды орын алуда.
Қызмет көрсететін көлік және коммуникация инфрақұрылымның басқа
түрлерімен қатар сыртқы саяси, экономикалық, әлеуметтік мақсаттарға жетудің
маңызды факторы бола отырып, қоғамның тіршілік әрекетін негізгі
жағдайлармен қамтамасыз етеді. Көлік – бұл адам және жүк тасымалдау
қызметін көрсететін сала ғана емес, ең алдымен, шаруашылықты жүргізу мен
тіршілік әрекетіне жағдай жасайтын салааралық жүйе. Көлік және коммуникация
қызметінің тарихи дамуы Қазақстан Республикасының экономикалық және
кеңістік дамуын алдын-ала айқындай отырып, оның халықаралық әсерін
күшейтуге ықпалын тигізді.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың әлемнің бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің
қатарына кіру жөнінде қойған міндетіне сәйкес жаһандану жағдайында
Қазақстанның кең байтақ аумағын ескере отырып экономиканың және мемлекеттің
бәсекеге қабілеттілігі көбінесе көлік-коммуникация кешенінің тиімді
қызметіне байланысты және осы салалық инфрақұрылымды дамыту басты мәселеге
айналып отыр. Жоғары технологиялы көлік инфрақұрылымы отандық тауарлардың,
қызмет көрсетулердің және тұтас экономиканың бәсекеге қабілеттілігінің
кепілдігі болып табылады.
Тақырыптың ғылыми зерттелуінің дәрежесі. Экономикалық әдебиеттерде
инфрақұрылымның мәні, оның қоғам өміріндегі қызметтері мен ролі туралы әлі
де біртұтас көзқарастар болмады. Сондықтан жалпы берілген толық
анықтамалар да аз. Өйткені инфрақұрылым түсінігі теориялық және
тәжірибелік жағынан әрдайым кеңейтіліп отырылады.
Инфрақұрылым салаларын зерттеу мәселелері бойынша көптеген шетел
ғалымдарының, яғни В. Леонтьева, Е. Домар, Р. Нурксе, П. Розенштейн-Родан,
Ф. Котлер, К.Р. Макконл, С.Л. Брю, М. Портер, А.Лернер, Ф. Найт, Р. Познер
және т.б. жұмыстарын айтуға болады.
Инфрақұрылымның даму теориясы мен тәжірибесіне байланысты арналған
жақын шетел экономист ғалымдарының зерттеулері сан алуан. Олардың ішінде:
Л.И. Абалкин, М.А. Абрамов, Э.М. Агабабьян, А.Н. Алымов., А.И. Горанин,
В.В. Запольский, А.И. Кочерга, В.А. Медведев., Н.С. Подольский, В.М.
Рутгайзер, М.И. Скаржинский, М.В. Солодков, Р.Х. Шадиев және т.б. атап
көрсетуге болады.
Инфрақұрылымның дамуындағы әр түрлі мәселелері және олардың
экономикалық теориямен байланысы отандық ғалымдардың, атап айтқанда Я.Ә.
Әубакіров, Р.А. Алшанов, С. Батыршаұлы, С.Н. Гайсина, Р.Е. .Елемесов, С.Р.
Есімжанова, Е.Б. Жатканбаев, Д.К. Кенжегузин, А.К. Қошанов, К.Е. Кубаев,
К.С. Мұхтарова, С.Н. Нысанбаев, Т.С. Сарбасова, Л.Ф.Сухова, М.С.
Төлегенова, Б.П. Чумаченко, Ө.Қ. Шеденов, Ю.К. Шоқаманов және т.б.
еңбектерінде де кездеседі. Сондай-ақ көлік және коммуникация саласының
дамуында қызмет ететін инженер-ғалымдардың, яғни Е.Д. Атамқұлов, А.
Есентүгелов, К.К. Жангаскин, Н.К. Исинғарин, С.С. Сатыбалдин, Р.К. Сатова,
Т.Б. Баяхметов, Г. Сұлтанбекова және т.б. еңбектерін айтуға болады.
Біздің көзқарасымыз бойынша, инфрақұрылым – бұл қоғамның барлық
материалдық және материалдық емес элементтерінің дамуын және олардың
өндіріс пен әр түрлі әлеуметтік сипаттағы қызмет көрсету арқылы өзара қарым-
қатынасын білдіретін тиімді әлеуметтік-экономикалық кеңістігінде және
халықтың өмір сүру сапасы деңгейін жоғарлататын экономикалық қатынастар
жүйесіндегі салалар мен объектілер кешені болып табылады.
Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыруда
инфрақұрылымның дамуы теориялық және әдістемелік негіздегі зерттеу
жұмыстарын жетілдіруді қажет етеді. Сондықтан бұл диссертациялық жұмыстың
тақырыбын таңдаудың бірден-бір себебі.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Диссертациялық жұмыстың
мақсаты әлеуметтік рыноктық экономика жағдайында инфрақұрылым салалары
жұмыстарының қалыптасуы мен қызмет ету үрдістерін кешендік талдау, оның
негізінде экономикалық қатынастар жүйесіндегі инфрақұрылымның маңызды
құрамдас бөлігі ретінде халыққа қызмет көрсететін көлік-коммуникация
қызметтерінің даму мәселелерін зерттеу болып табылады.
Диссертациялық жұмыстың мақсаты төмендегідей зерттеу міндеттерін
белгіледі:
- инфрақұрылым түсінігін толықтау, кешендік тұжырым жасау;
- қазіргі экономикадағы инфрақұрылымның жіктеу үлгісін топтастыру;
- Қазақстан Республикасы Ұлттық экономикасының бәсекеге қабәлеттілігін
арттырудағы инфрақұрылым қызметтерінің рөлін анықтау;
- еліміздің экономикасының дамуына әсер ететін көлік-коммуникация
саласының қызмет ету ерекшеліктерін айқындау;
- инфрақұрылымның дамуын мемлекеттік реттеу құралдары мен әдістерін
зерттеу және реттеудің басты бағыттарын негіздеу.
Ғылыми зерттеудің нысаны – қоғамға және халыққа қызмет көрсететін
Қазақстан Республикасының көлік және коммуникация салалары.
Ғылыми зерттеудің пәні – Қазақстан Республикасында инфрақұрылым қызмет
түрлері, оның ішінде көлік және коммуникация қызметтер рыногының қалыптасу
мен қызмет етудегі экономикалық қатынастар.
Зерттеудің теориялық және әдістемелік негізін экономика ғылымдарының
классиктері, инфрақұрылым жөніндегі шетелдік және отандық ғалымдардың
іргелі ғылыми зерттеу жұмыстары, монографиялар, ғылыми-практикалық және
халықаралық конференциялар жинақтары, оқулықтар, басылымдар, сонымен қатар
жалпы теориялық және жалпы әдістемелік сипаттағы материалдар құрайды.
Зерттеуде жүйелік-қызметтік, тарихи-логикалық, салыстыру, экономикалық-
статистикалық, сандық-сапалық талдау және т.б. әдістер қолданылды.
Ақпараттандыру және статистикалық негіз ретінде Қазақстан Республикасы
Президентінің жарлықтары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары,
басқа да құқықтық-нормативтік актілер, Қазақстан Республикасының көлік және
коммуникация министрінің аналитикалық жинақтары, арнайы веб-сайт, Ұлттық
статистика агенттігінің ресми мәліметтері алынды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен нәтижелері. Диссертациялық зерттеу
кезінде ғылыми жаңалығын анықтайтын төмендегідей нәтижелер алынды:
- инфрақұрылымның теориялық аспектілерін зерттей келе, инфрақұрылым
түсінігіне авторлық тұрғыдан анықтама берілді;
- Қазақстан Республика экономикасы дамуының бәсекеге қабілеттілігін
арттырудағы материалдық және әлеуметтік (материалдық емес)
сипаттағы инфрақұрылым қызметтерінің жіктелу моделі негізделді;
- инфрақұрылым қызметтер түрлері рыногының даму ерекшеліктері және
олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруда ұлттық экономиканың
дамуындағы кешендік орны анықталды;
- инфрақұрылым қызметтер түрлерінің, оның ішінде көлік-
коммуникация қызметтеріне экономикалық жағынан баға берілді және
инвестициялық ресурстардың жеткіліксіздігі, негізгі құралдарды
жаңартудың қажеттілігі, қаржылық айқындылықты қамтамасыз ету,
сапалы қызмет көрсету және т.б. сияқты ішкі салалық дамудың
негізгі мәселелері белгіленді;
- әлеуметтік рыноктық экономика жағдайында көлік- коммуникация
саласын мемлекеттік реттеудің және республикамыздың көлік
коммуникация саласын одан әрі дамытудың негізгі бағыттары
қамтылды.
Қорғауға ұсынылатын негізгі жағдайлар:
- инфрақұрылым түсінігіне авторлық тұрғыдан анықтама беріліп, оның
жіктелу моделі жасалды;
- ұлттық экономиканың бәсекге қабәлеттіілігін арттырудағы инфрақұрылым
салаларының, атап айтқанда көлік-коммуникацияның рөлі анықталып, олардың
қызмет ету ерекшеліктері көрсетілді;
- көлік-коммуникация саласының инвестициялық ахуалы және қазіргі
жағдайда салаға тиімді инвестициялық тартудың артықшылықтары белгіленді;
- көлік саласының қызмет көрсетудегі сапа көрсеткіштерінің сұлбасы
берілді;
- инфрақұрылымды реттеу әдістері негізделіп, көлік-коммуникация саласын
одан әрі жетілдіру бойынша реттеу бағыттары ұсынылды.
Жұмыстың ғылыми және тәжірибелік мәні. Диссертациялық жұмыстың ғылыми
және тәжірибелік қорытындылары мен түйіндері экономика ғылымының дамуына
өзіндік үлесін қосады және қолданбалы (нақты-экономикалық) деңгейде ұқсас
зерттеулер жүргізу барысында әдістемелік негіз ретінде қолдануға ұсынады.
Зерттеу жұмысының нәтижелері инфрақұрылым қызметтерін әлеуметтік-
экономикалық қатынастарда жүзеге асыру жөніндегі ұзақ мерзімді
тұжырымдамаларда, нұсқауларда және сонымен қатар инфрақұрылым салалар
қызметтері, оның ішінде көлік қызметтерінің дамуы мен оларды мемлекеттік
реттеудегі бағыттарды жүзеге асыруға қолдануға ұсынылады.
Жұмыстың мағлұматтарын жоғары оқу орындарындағы келесідей курстарды
оқытуда пайдалануға болады: Экономикалық теория, Қоғамдық сектор
экономикасы, Әлеуметтік аялар экономикасы және т.б.
Диссертациялық жұмыстың сынақталуы мен мақұлдануы. Зерттеу жұмысының
негізгі теориялық нәтижелері мен қорытындылары халықаралық және
республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияларда баяндалды. Оның ішінде:
Біртұтас экономикалық кеңістік: стратегиясы және жүзеге асыру механизмі
атты халықаралық ғылыми конференция. (Ақтөбе қаласы, Қ. Жұбанов атындағы
Ақтөбе мемлекеттік университеті, 13-15 қараша, 2003 ж.); Қазақстандағы
экономика өсімі: көзі, факторлары, тенденциясы және болашаққа болжау атты
жас ғалымдардың 58-ші ғылыми-теориялық конференция (Алматы қаласы, әл-
Фараби атындағы ҚазҰУ, 22-23 сәуір, 2004 ж.); Қазақстан Республикасының
индустриалды-инновациялық дамуының теориялық және тәжірибелік аспектілері
атты Ф.А.Жеребятьевтің 100 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-
тәжірибелік конференция (Алматы қаласы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, 12-13
қараша, 2004 ж); Экономикадағы бәсекелестік қабілет: теория және тәжірибе
мәселелері атты жас ғалымдардың V-ші ғылыми-теориялық конференция (Алматы
қаласы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, 8-9 желтоқсан, 2004 ж); ХХI – ғасырдағы
Қазақстан экономикасының бәсеке қабілеттілігі мен жедел жаңаруның
стратегияся атты халықаралық ғылыми конференция. (Ақтөбе қаласы, Қ.
Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті, 14-16 сәуір, 2005 ж.);
Қазіргі кезеңдегі Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жедел жаңаруының
мәселелері мен болашағы атты жас ғалымдардың 59-шы ғылыми-теориялық
конференция (Алматы қаласы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, 19-20 сәуір, 2005
ж.); Жедел жаңару жолындағы экономикалық бағдарлар атты Т.Рысқұловтың 110
жылдығына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция (Алматы
қаласы, Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ, 18-20 мамыр, 2005 ж.); Социальные
приоритеты экономической политики Республики Казахстан атты халықаралық
ғылыми-тәжірибелік конференция (Алматы қаласы, Абай атындағы ҚазҰПУ, 9-10
маусым, 2005 ж.); Ғаламдық даму аясындағы ұлттық экономика атты ҚР ҰҒА
академигі Я.Ә.Әубәкіровтың 80 жылдық мерейтойын арналған халықаралық ғылыми-
тәжірибелік конференция (Алматы қаласы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, 8-9
желтоқсан, 2005 ж); Әлемдік рынокта Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін
қамтамасыз етудің өзекті мәселелері атты жас ғалымдардың 59-шы ғылыми-
теориялық конференция (Алматы қаласы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, 13-14
сәуір, 2006 ж.); Ускоренная модернизация и динамичность национальной
экономики Казахстана атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция
(Алматы қаласы, Абай атындағы ҚазҰПУ, 12 мамыр, 2006 ж.)
Диссертациялық жұмыстың жарияланымы. Диссертациялық жұмыс тақырыбы
бойынша 13 авторлық жұмыс жарық көрді. Ол еңбектер жұмыстың негізгі
мазмұнын тегіс қамтиды. Оның ішінде 3 еңбек ЖАК-тің нұсқауындағы ғылыми
журналдарда жарияланған. Баспа табақ көлемі – 3,4.
Диссертациялық жұмыстың көлемі мен құрылымы. Диссертациялық жұмыс
кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, 95 пайдаланылған әдебиеттер
тізімінен тұрады. Диссертация көлемі компьютерде терілген 115 бетті, 8
кесте, 12 суретті қамтиды.

І. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ЖҮЙЕСІНДЕГІ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
НЕГІЗДЕРІ
1.1. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ЖҮЙЕСІНДЕГІ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ
Инфрақұрылым жалпы ұдайы өндіріс үрдісі құрылымында, адами ресурстар
мен капитал салымдарының айтарлықтай бөлігін қамтуда және қоғамдық,
халықаралық еңбек бөлінісін арттыруда маңызды орын алады. Сонымен қатар,
күрделінген және кеңейтілген қоғамдық, мемлекетаралық қатынастарға қызмет
көрсетуге бейімделген әлемдік шаруашылықтағы интеграциялық үрдістерді
күшейтуде ықпалы зор.
Инфрақұрылым әлеуметтік-экономикалық жүйенің қалыпты қызметін жүзеге
асыратын, әрі қамтамасыз ететін қосымша салалар кешенін құрайды. Ол елдің
экономикасының дамуына үлкен ықпал етеді, бірақ ол өндірістің әрбір
тәсіліне қарай өзгеше және оның элементтері экономикалық заң талаптарының
әсер етуімен дамиды. Инфрақұрылымның даму деңгейі және қызмет көрсету
сапасы, көбінесе өндірістің даму дәрежесіне және халықтың өмір сүру
сапасына әсерін тигізеді.
Инфрақұрылым кең мағынада материалдық өндірістің негізгі базалық
саласына қызмет көрсететін, ғылыми-техникалық және әлеуметтік өрлеудің
дамуына ықпал ететін, ең алдымен, өндірістік емес сфералардың бөлімшелері
мен салалар жүйесінің құрылымдық таралымы. Инфрақұрылым салалары өндіріске,
халыққа және қоғамға қызмет көрсетсе, осы қызметтердің нәтижесі қоғамға
керекті экономикалық игіліктерді молайтуға пайдасын тигізеді.
Экономикалық әдебиеттерде инфрақұрылымның мәні, оның қоғам өміріндегі
қызметтері мен ролі туралы әлі де біртұтас көзқарастар болмады. Сондықтан
жалпы берілген толық анықтамалар да аз. Өйткені инфрақұрылым түсінігі
теориялық және тәжірибелік жағынан әрдайым кеңейтіліп отырылады.
Инфрақұрылым өндірісті интеграциялау және бірлестіру, мамандандыру және
ғылыми техникалық прогресс негізінде өндірістік қатынастардың алдағы
уақытта дамуы мен толық жетілдіру барысында экономикалық әдебиеттерде пайда
болды.
1910 жылы жарық көрген А.Маршалдың Экономика қағидалары атты белгілі
еңбегінде инфрақұрылымды шығарылған өнімнің көбеюі мен өндіріс
масштабтарының артуы есебінен емес инфрақұрылымның кәсіпорындары мен
салалары қызметтерінің пайдалы нәтижелерін тегін иемдену негізінде сыртқы
экономикамен байланыстырып қарастырған.
Инфрақұрылымның дамуын үш кезеңге бөлуге болады. Бірінші кезең –
инфрақұрылым мәнін талдаудағы тәсілдердің қалыптасу кезеңі. Бұл кезеңде
инфрақұрылым түсінігі жеке экономикалық категория ретінде қарастырылмайды,
тек қоғамдық мекемелер арқылы инфрақұрылымның объектілеріне жанама түрде
ғана қатысты бола отырып, олардың мемлекеттік реттелу қажеттілігін айырықша
белгілейді. Бұл кезеңнің ерекшелігі, ол инфрақұрылым объектілері бағыну
сипатына ие бола отырып, негізгі өндірістің тенденцияларымен және
қажеттіліктерімен толық анықталады.
Инфрақұрылым мәнінің қалыптасуының ХХ ғасырдың 40-шы жылдарынан
басталған екінші кезеңі. Бұл кезеңде инфрақұрылым экономикалық айналысқа
түсіп, өндірістің қажетті факторы ретінде айнала бастады. Әлемдік қоғам
дамуының белгілі сатысында, капитализм мен социализмнің өсу кезеңінде
инфрақұрылым тәуелді объект қана емес, сондай-ақ негізгі өндіріске тікелей
қатысы бар өндіріс факторы ретінде болды. Инфрақұрылым мәнін
қалыптастырудың осы кезеңінің капитализм (дамыған елдер) мен социализмнің
(бұрынғы КСРО елдері) даму жағдайында өндірістің даму деңгейіне, әртүрлі
сыртқы факторлардың әсеріне, соның ішінде әскери (соғыстағы және тыс)
әрекеттерге байланысты өзіне тән ерекшеліктері болды, өйткені ол ең
алғашқысында әскери терминологияда (әскерлерге қызмет ететін объектілер,
ғимараттар, аэродромдар, ракета базалары, радиолакациялық орындар)
қолданылған. Инфрақұрылым термині латын тілінде infra - төмен,
structura - құрылым, орналасу дегенді білдіреді.
Осы ұғымды зерттеу бойынша 50-ші жылдары АҚШ-да Дж. Тинбергена, В.
Леонтьева, Х. Арндт, Р. Голдсмит, Е. Домар, Р. Нурксе, Т. Сцитовский, В.
Фельнер, П. Розенштейн-Родан, П. Самуэлсон еңбектері шықты. 60-шы жылдары
Англияда В.Фучс, З.Хэршлег, Р.Кутнер, У.Ростоу, Р.Иохимсен, А.Афхельдт,
Р.Фрей және тағы басқалардың жұмыстары пайда болды. 60-шы жылдардан бастап
инфрақұрылымды зерттеу алға қойылды.
Американ экономисті П.Розенштейн-Родан инфрақұрылымды барлық халықтың
қажеттілігін қанағаттандыратын және экономиканың негізгі салаларында жеке
кәсіпкерліктің қолайлы дамуын қамтамасыз ететін шарттар жиынтығы деп
түсіндірді [2].
ХХ-шы ғасырдың 70-ші жылдарында Кеңестік экономикалық әдебиеттерінде
инфрақұрылым мәселесі бойынша жеткілікті мөлшерде ғылыми жұмыстар пайда
болды. Инфрақұрылым терминін анықтауда әртүрлі көзқарастар орын алды. Олар
өз еңбектерінде инфрақұрылымның мазмұны мен толықтылығы мәселелеріне көңіл
бөлді. Мұндай зерттеулерді ең алғаш рет С.А.Хейнман, Т.Семенкова және
С.И.Хватов қолданды.
Инфрақұрылым түсінігі Т.Семенкованың Инфрақұрылым және қызмет сферасы
жұмысында көрсетілген [3]. Автор, инфрақұрылымды ауылшаруашылықтық және
өнеркәсіптік өндіріс кәсіпорындарының орналасуы мен табысты қызмет етуі
үшін қажетті материалдық-техникалық жабдықтардың жиынтығы,- ретінде
анықтай отырып, өзінің ойын инфрақұрылым ұғымы мен қызмет ұғымын
салыстырумен жалғастырады. Т.Семенкованың көзқарасы бойынша, инфрақұрылым
ұғымы кең мағынадағы қызмет ұғымы. Автор, инфрақұрылымға материалдық
өндіріс салаларын жатқыза отырып, бірақ оған халықтық мәдени қызметтер мен
тұрмыстық қызметтерді кіргізбейді.
Кеңестік экономистердің еңбектерінде инфрақұрылымның өндірістік,
әлеуметтік және т.б. бөлінуі салдарынан ол өз кезегінде өзінше формаға ие
болды. Бірақ та, бұл кезде жоғарыда айтылған көзқарастар инфрақұрылымның
экономикалық жүйенің элементі ретіндегі рөлін бекітуге мүмкіндік
бермейтінін ескеру қажет.
1975 жылғы экономикалық энциклопедияда инфрақұрылым – бұл
ауылшаруашылықтық және өнеркәсіптік өндіріске қызмет ететін шаруашылық
салаларының жиынтығы. Бұл, құрылыс (тас жолдар, каналдар, порттар, мосттар,
аэродромдар, қоймалар), энергетикалық шаруашылық, теміржол , байланыс,
сумен қамтамасыз ету және канал жүргізу және кәсіптік білім беру, ғылымға,
денсаулық сақтауға кеткен шығындар және т.б. [4].
Берілген түсіндірмеде инфрақұрылым мазмұны толық көрсетілген деуге
болмайды, өйткені инфрақұрылымға материалдық техникалық базалардың жеке
элементтерімен қатар тұтас салалар және олардың қызмет етуіне кететін
шығындар да жатады .
Кеңестік экономикада инфрақұрылым көбінесе айналымдағы үрдіс шегінде
материалдық өндіріс үрдісінің жалғасымы ретінде қарастырылған болатын,
мұнда материалдық өндіріс үрдісі негізінен материалдық игіліктерді құру
үрдісі түрінде қолданды, ал әлеуметтік инфрақұрылымдағы қызмет көрсету
саласына аз көңіл бөлінген-ді.
Кейінірек инфрақұрылым түсінігі - бұл материалдық өндірістің дамуына
және қызмет істеуіне құрылған жағдай ғана емес, сондай-ақ қоғамды дамытудың
маңызды әлеуметтік мәселелерін тиімді шешетін жағдай ретінде де кеңінен
көрінді.
Осыдан, ғалымдар Л.Абалкин, Г.Григорян, В.Мотылев инфрақұрылымды жалпы
қолданылатын қызмет көрсетуші салалардың (энергетика, көлік, байланыс,
ғылыми мекемелер, жалпы және кәсіптік білім беру және тағы басқалар)
жиынтығы ретінде қарастырды [5].
Жоғарыда аталған көзқарастар өндірістік, әлеуметтік, аймақтық тұрғыдағы
инфрақұрылым ұғымына бірте-бірте біріңғай көзқарастың қалыптасып келе
жатқандығын айқындайды.
Үшінші кезең ХХ ғасырдың 80-шы жылдары соңында қалыптасты. Осы кезеңнен
бастап инфрақұрылым ұлттық экономиканы тұтас жүйесі ретінде қарастырылды.
Бұл кезеңде инфрақұрылым ұғымының түсінігі мен оның қажеттілігіне көңіл
аударып қана қоймай, сондай-ақ оның мәнінің анықтамасына, қызметіне
өндірістің жалпы жүйесінің бөлінбес элементі ретінде ерекше көңіл бөлінді.
Осы кезеңді бөлетін алғы шарттар 90-шы жылдардағы реформалар болып
табылады. Бұл реформалар еліміздің бүкіл экономикалық жүйесінің қайта
құрылуына, яғни халықаралық еңбек бөлінісі үрдісін тарту және өндіріс
факторларына кететін шығындарды оңтайландыру есебінен ұлттық шаруашылықтың
тиімділігін арттыру қажеттілігіне жеткізген болатын.
Сондай-ақ шетел экономистері К.Р.Макконнэл мен С.Л.Брю инфрақұрылымды
қолданылуы мемлекетпен қамтамасыз етілетін, азаматтармен және фирмалармен
орындалатын капиталдық құрылыс (автомагистральдар, көпірлер, қалалық көлік
жүйелері, су тазалайтын құрылыстар, сумен қамтамасыз ететін муницпипалды
жүйелер, аэропорттар және т.б.) ретіндегі ұлттық экономика деңгейінде
анықтады, фирма үшін бұл қызметтер мен құрылыстар өндірісті өндіруге
қолданылады. Әрине, ол үшін бұл құрылыстарды құру әлдеқайда қымбатқа
түседі, сондықтан бұл құрылыстар мемлекетпен немесе басқа фирмалармен
(сумен қамтамасыз ету, электр энергия, өндіріс қалдықтарын шығару, жүктерді
тасымалдау, ғылыми-зерттеу және жобалау-қиыстыру жұмыстары, қаржылық және
банктік қызметтер) жүзеге асырылады [6].
Ал, Ресей экономистері Э.М.Агабабьян инфрақұрылым - адамдарды сол
немесе өзге қызметтермен біріктіруге мүмкіндік беретін материалдық
объектілердің жүйелі-ұйымдастыру жиынтығы немесе, халық шаруашылығында
экономикалық айналымды қамтамасыз ететін, халыққа қызмет көрсететін және
рухани игілікті іске асыратын, қоршаған ортаны қорғау және өндіру үшін
жағдай жасайтын, материалдық өндіріске өндірістік қызмет көрсететін халық
шаруашылығы салаларының, ішкісалаларының жиынтығы, - десе, С.Н Третьяк
инфрақұрылым негізгі өндіріске қатысты қосымша сипатқа ие және өндіріс
факторларын анықтайтын негізгі өндірістік элементтердің қалыпты іске
қосылуын, өндіріске тартылатын барлық ресурстардың тиімді іске асуына және
жұмысшы күшінің ұдайы өндірісін қамтамасыз ететін салалардың, өндірістің
және қызмет түрлерінің жиынтығын көрсетеді, - дейді[7,8].
Қазақстандық ғалымдар (Ковалев А.Е., Никитина Г.А.) инфрақұрылым,
біріншіден - өндіріске тартылатын барлық ресурстардың тиімді іске қосылуын
қамтамасыз ететін жүйелер мен қызметтер десе, екіншіден – жұмыс күшінің
өндірісі ретінде қарастырды [9].
Осыдан, инфрақұрылым мәніне берілген көптеген ғалымдардың анықтамаларын
талдау арқылы, яғни біздердің пайымдауымызша инфрақұрылым бүкіл қоғамдық
өндірістің қызмет етуіне, бөлінуіне және халықтың қалыпты тіршілік
жасауына қажетті материалдық жағдай туғызады. Бірақ, бұл көрсетілген
анықтамаларда инфрақұрылымды экономика сферасы ретінде толығымен
сипаттаулар жеткіліксіз. Біріншіден, біздің ойымызша, анықтамалар арасынан
саланың қай ортасы өзінің функционалдық қызметі жағынан инфрақұрылымды
құрайтындығын анықтау қиын; ал, екіншіден, инфрақұрылымға өндірістің
көмекші және қосымша салаларын жатқызу негізгі өндірістің және
инфрақұрылымның шектелуін анықтау қиындатады.
Сонымен, біздің ойымызша инфрақұрылым – бұл қоғамның барлық материалдық
және материалдық емес элементтерінің дамуын және олардың өндіріс пен әр
түрлі әлеуметтік сипаттағы қызмет көрсету арқылы өзара қарым-қатынасын
білдіретін тиімді әлеуметтік-экономикалық кеңістігінде және халықтың өмір
сүру сапасы деңгейін жоғарлататын экономикалық қатынастар жүйесіндегі
салалар мен объектілер кешені болып табылады.
Қазіргі уақытта инфрақұрылымның түрлерін дамыту мәселелеріне ғылым мен
тәжірибе көп көңіл бөлуде өндірістің жұмыс жасауына және халықтың тіршілік
етуіне материалдық жағдай ретінде инфрақұрылымның дамуы және осы негізде
өндірісті мамандандыру, бірлестіруді байланыстырады. Бұл үрдісте негізгі
өндіріс пен оған қызмет көрсететін салалар және қызмет түрлері арасындағы
өзара байланыс пен тәуелділік күшейтіледі. Бұл - қоғамдық өндірісті
дамытудың табиғи тарихи процесі.
Инфрақұрылымның әлеуметтік-экономикалық мазмұнының екі аспектісі бар:
біріншіден, ол өндірістің қоғамдық нысандарына тәуелсіз материалдық және
рухани игіліктің кез келген үрдісінің қажеттілігі ретінде әрекет етеді;
екіншіден, сол немесе өзге қоғамға лайық экономикалық қатынастардың
ажырамас бөлігі болып табылады. Инфрақұрылымның әлеуметтік-экономикалық
мазмұнын сипаттайтын негізгі аспектілеріне тоқталайық.
Инфрақұрылымның субъектілері біріншіден, өндірушілер, екіншіден ақылы
не ақысыз негізде тұтынушылар ретінде инфрақұрылымдық қамтамасыз ететін
(өндіріс, тауар айналымы) өнімдерді ұсыну бойынша экономикалық қатынастарға
қатысатын жеке және заңды тұлғалар болып табылады. Субъектілерге
инфрақұрылым қызметін қалыптастыратын және пайдаланатын мемлекеттік меншік
түріндегі ұйымдар, институттар (оқу орындары, инвестициялық қорлар, көлік
кәсіпорындары және парктер, энергетикалық компаниялар, электр байланыс
операторлары, биржалар, емханалар және басқалар) және жеке фирмалар (ұялы
байланыс операторлары, қонақ үй бизнесі, супермаркеттер, жеке мектептер
және ауруханалар), жанұялар және жеке тұлғалар жатады.
Инфрақұрылым объектілеріне біріншіден, инженерлік-техникалық құрылыстар
және басқа да материалдық объектілер жатса, екіншіден, қазіргі кездегі
шаруашылық объектілерін (байланыс жолдары, электр желілері, көлік жолдарын,
электр станцияларды, қонақ үйлерді) орнықтыруға және тиімді қызмет жасауға
ұдайы өндіріске қажетті материалдық-техникалық және әлеуметтік жағдайларды
қамтамасыз ететін қызмет сфералары жатады.
Экономикалық қатынастар жүйесіндегі инфрақұрылымның мәні келесідей
негізгі қызметтері арқылы анықталады: бірінші, инфрақұрылымның қызмет
көрсетуші функциясы шаруашылық объектілері табысты жұмыс істеу үшін
өндіріске және халыққа қызмет көрсетеді. Бұл функцияға шаруашылық
айналымына қызмет көрсету (тасымалдау және қамтамасыз ету-тарату
функциясы); әлеуметтік салада материалдық игіліктерді бөлу және айырбастау;
тұтынушыларға қызмет көрсету (халықтың тұтынушылық сұранысын қамтамасыз ету
және қанағаттандыру) жатады; екінші, инфрақұрылымның қамтамасыз ету қызметі
белгілі аумақта адам қызметтерінің сол не өзге түрлерін қамтамасыз етеді.
Инфрақұрылым материалдық және материалдық емес игіліктерді құруға жанама
қатысады, материалдық өндіріс пен тұтыну жағдайларының қалыптасуын
қамтамасыз етеді, аймақтың өнеркәсіптік және ауыл шаруашылық
кәсіпорындардың жұмысына, оған жұмыс күшін орналастыруға және халыққа
жағдай туғызады. Инфрақұрылым өнім өндіру үшін жағдайдың қалыптасуын, дайын
өнімнің сатылуын және қызметтің көрсетілуін қамтамасыз етеді; үшінші,
инфрақұрылымның интеграциялық қызметі өндірістік және әлеуметтік сала,
аймақ пен мемлекет арасындағы орынға ие. Инфрақұрылым функциялардың
бірнеше салаларда орындалуын қамтамасыз етеді. Ол салааралық сипатқа ие.
Инфрақұрылымның мұндай объектілеріне көлік, энергетикалық жүйелер,
байланыс, ақпараттық желілер және басқалар жатады; төртінші,
инфрақұрылымның жүйелік қызметі тұтас алғанда ұлттық шаруашылықтағы ұдайы
өндірістің барлық фазаларындағы бірлікті, ал жеке алғанда, ұдайы өндіріс
процесінде өзара байланысты орнату арқылы оның құрылымдық бөлімшесіндегі
бірлікті қамтамасыз етуге ықпал етеді. Бұл қызмет ұдайы өндірістің
тұрақтылығы мен оның ұтымдылығын қамтамасыз ету үшін жалпы жағдай туғызатын
тауарлық, ақшалай, ақпараттық және басқа қызметтердің бір-бірінен
бөлінбеуін қамтамасыз етеді. Сондықтан, инфрақұрылым базалық салаларда,
ұлттық шаруашылықта толығымен және оның барлық бөлімшелерінде капитал
айналымын жеделдету факторы, жағдайы болып табылады; бесінші,
инфрақұрылымның ұдайы өндіріс қызметі өндіріс пен негізгі өндірістік
факторлардың үрдісі сияқты, тауарларды өндіруге және қызметтердің
көрсетілуіне тікелей қатысатын адам ресурстарын және басқа факторларды
өндіреді; алтыншы, инфрақұрылымның аумақтық қызметінде инфрақұрылым жаңа
объектілерді аумақтық орнықтыру немесе ескі объектілерді өзгерту (қайта
салу, қайта жинақтау және басқалар) факторы болып табылады. Шаруашылық
аумақтық жүйелерді және аумақтық кешендерді қалыптастыру инфрақұрылымдық
негізде жүзеге асады. Инфрақұрылым олардың ішкі және сыртқы байланыстарын
қамтамасыз етеді және халықтың аумақтық құрылымдарының, шаруашылықтың,
табиғат пайдаланушылардың өзгерістерін тудырады. Инфрақұрылымдық қамтамасыз
ету және аумақты қамтамасыз ету – аймақтық дамытудағы көптеген аумақтық-
құрылымдық үрдістердің алғы шарттары және аймақтарды аумақтық
ұйымдастырудың барлық аспектілерін басқару әсерінің маңызды құралы.
Ал, инфрақұрылымның құрылымын анықтауда екі негізгі тәсілге бөлінеді –
көлденең және тік. Көлденең тәсіл қызмет сферасы бойынша инфрақұрылым
салаларының ірі топтарын білдіреді. Мұнда олардың функционалдық бағыттары:
өндірістік, әлеуметтік, экологиялық және басқа да инфрақұрылымдар
анықталады. Жалпыланған түрде инфрақұрылымның элементтері: өндірістік
инфрақұрылым объектілері (құрылыс, өндіріске қызмет көрсететін көлік және
коммуникация, коммуналдық шаруашылық, қойма шаруашылығы және басқалар);
әлеуметтік инфрақұрылым объектілері (білім беру, денсаулық сақтау, тұрғын
үй-коммуналдық шаруашылық, оның ішінде халыққа қызмет көрсету, мәдениет
және өнер, дене шынықтыру және спорт, санаториялық-курорттық қызметтер және
туризм және тағы басқалар); рыноктық инфрақұрылым объектілері (сауда,
банктер, биржалар, сақтандыру компаниялары, маркетингтік фирмалар және тағы
басқалар).
Тік тәсіл экономиканың белгілі сфераларында инфрақұрылымның
экономикалық мазмұнын ашады. Мысалы, инфрақұрылымның материалдық және
материалдық емес өндіріс сферасы, тауар өндіру және қызмет көрсету саласы,
кәсіпорындар, фирмалар және тағы басқалар.
Инфрақұрылымның құрылымдық ұйымы функционалдық, салалық, кеңістіктік,
ұйымдық-басқару, мақсатты бағытталған үздіксіз және әлеуметтік байланыстар
түрлерімен анықталады. Инфрақұрылымның функционалдық құрылымы шаруашылық
субъектілердің өндірістік-коммерциялық қызметтерінің сатыларына сәйкес
өндірістік қызметтердің қозғалысын қамтамасыз етеді. Инфрақұрылымның
салалық құрылымы өндірістік қызмет түрлерін және олардың материалдық-
техникалық базасын қоғамдық еңбек бөлінісіне, шаруашылық субъектілердің
негізделген сұраныстарына сәйкес ұйымдастырады. Инфрақұрылымның кеңістіктік
құрылымы өндірістік қызметтердің аумақтық қолданылуын және инфрақұрылым
элементтерінің таралуын белгілейді. Инфрақұрылымның ұйымдық-басқару
құрылымы әкімшіліктік-шаруашылық құрылғыны сипаттайды. Инфрақұрылымның
кезеңдік құрылымы әртүрлі кезеңде сыртқы немесе ішкі өндірістік
инфрақұрылымның қолданылу тиімділігін сипаттайды. Инфрақұрылымның
әлеуметтік құрылымы білім беру, кіріс деңгейі, жартылай және басқа да
белгілер бойынша жұмыс істейтін құрылымды қарастырады. Құрылымдық ұйымның
барлық аспектілерінің диалектикалық өзара әрекет ету нәтижесінде
инфрақұрылым шаруашылық субъектілері мен жеке тұлғалар арасындағы
экономикалық, әлеуметтік және өзге байланыстардың жиынтығын қарастырады
[10].
Өз кезегінде, инфрақұрылым салаларының сипатты ерекшеліктерін анықтаған
жөн. Негізінен, инфрақұрылымның қызмет етуінінің сипатын анықтайтын оның
қасиеттерінің жиынтығы келесі белгілермен ұсынылуы мүмкін: инфрақұрылым
қызмет етуінің тұтастылығы. Инфрақұрылым жүйесінің тиімділігі оның барлық
құрама бөліктеріне, яғни оның кешендік дамуына байланысты; инфрақұрылым
қызмет етуінің құрылымдығы. Жүйе элементтердің белгілі жинағынан құралады
және жүйенің әрбір элементі жүйе қызметінің ақырғы нәтижесіне әсер етуге
қабілетті; инфрақұрылым қызмет етуінің дифференциациялануы. Жүйенің әртүрлі
элементтері әртүрлі қызметтерді орындайды, олардың қызметі бір-бірімен
ауыспайды; инфрақұрылым қызмет етуінің сыртқы ортаға тәуелділігі. Сыртқы
ортаның өзгермелі жағдайына жоғары бейімделу қабілеті. Сыртқы ортадағы
өзгерістер жүйенің даму ықпалы болып табылады. Инфрақұрылым тиімді жұмыс
істеу үшін ол сыртқы ортамен үйлесімді әрі келісімді болуы тиіс [11].
Осыған байланысты инфрақұрылымдық салалардың негізгі сипаттағы
ерекшеліктері мына жағдайларда туындайды: біріншіден, инфрақұрылым салалары
ішкі экономикалық бірлікке, нақты мәнге, жалпы функционалдық қызметке ие
ұлттық шаруашылықтың құрамдас бөлігі болып табылады; екіншіден,
инфрақұрылым салаларының өнімдері қызмет көрсету түрінде болады, яғни
пайдалы әсерді пайдалану өндіріс үрдісімен сәйкес болады. ал өндірілген
өнімнің құнына көрсетілген қызмет бағасы қосылады; үшіншіден, инфрақұрылым
салаларын дамыту үлкен капитал салымдарын талап етеді. Инфрақұрылымдық
салаларды дамытуға бағытталған ресурстардың тиімділігі ұлттық шаруашылықтың
басқа салаларын дамыту тиімділігінде байқалады.
Инфрақұрылымның мәнін кеңінен ашу үшін оның жіктелінуіне де
тоқталайық.Инфрақұрылым екі бөлікке жіктелінеді: өндірістік және әлеуметтік
инфрақұрылым. Олардың құрамдас бөліктері төмендегі модельде көрсетілген (1-
сурет).

Инфрақұрылымның қызметтерінің Өндіріске қызмет көрсететін жүк
түрлері көліктері


Өндіріске қызмет көрсететін байланыс



Өндіріске қызмет көрсететін
коммуналдық шаруашылық




Қойма шаруашылығы



Өндірістегі құрылыс

Өндірістік қорғауды бақылаудағы
қызметтер



Қоршаған ортаны қорғау қызметі


Өндіріске көрсететін банктік
қызметтер
1. Қосылған құн
2. Инвестициялар
Ішкі экономикалық әлеует 3. Салымдар
4. Соңғы тұтыну
5. Экономика секторларының дамуы
6. Өмір сүру құны
7. Адаптивность
1.Ағымдағы төлем балансы
2. Қызмет және товар экспорты
Сыртқы экономикалық байланыстар 3. Қызмет және товар импорты
4. Ұлттық валюта курсы
5. Құнды қағаздарға инвестиция
6. Тікелей шетелдік инвестициялар
7. Ұлттық протекционизм
8. Экономиканың ашықтығы
1. Ұлттық қарыз
2. Үкіметтік шығындар
3. Фискальдық саясат
Мемлекеттік реттеу 4. Мемлекеттік басқарудың тиімділігі
5. Сот әділдігі
6. Құқық қорғау органдары
1. Экономиканы капитализациялау
2. Капиталдың қол жетерлігі
Қаржы-несие жүйесі 3. Қор биржаларының динамизмі
4. Банктік секторлардың тиімділігі
1. Өндірістік
2. Әлеуметтік
Инфрақұрылым 3. Ақпараттық
4. Экологиялық
5. Технологиялық
1. Өнімділік
2. Жұмыс күшіне шығындар
Басқару жүйесі 3. Еңбектің бірлескен қарқындылығы
4. Басқарудың тиімділігі
5. Бңрлескен мәдениет
1. Ғылыми кадрлардың деңгейі
2. Технологиялық менеджмент
Ғылыми-техникалық әлеует 3. Ғылыми орта
4. Интеллектілік меншік
1.Демографиялық сипаттамалар
2. Жүмысшы күшінің сипаттамалары
3. Жұмыс бастыдық
Еңбек ресурстары 4. Жұмыссыздық
5. Білім беру жүйесі
6. Өмір сүру деңгейі
7. Ұлттық мәдени құндылық

Осы топтамаға сәйкес инфрақұрылым өзінің элементтері, қасиеттері мен
ерекшеліктері бар дербес бәсекеге қабілетті фактор ретінде көрінеді.
Сонымен қатар ол басқа агрегирленген факторларға тікелей және жанама әсерін
тигізеді.
Қазіргі таңда инфрақұрылымның дамуы анағұрлым маңызды өндіріс
факторларының біріне жатады. Ол ұлттық шаруашылықтың бәсекелік
артықшылықтарына әсер ете отырып, оның бәсекеге қабілеттілігін арттыруда.
Инфрақүрылым оған оның әрбір сатысында елеулі әсер ете отырып, ұлттық
шаруашылықтың бәсекеге қабілетті факторларының жүйесінде елеулі рол
атқарады.
М. Портер өз еңбегінде бәсекеге қабілеттіліктің ең негізгі төрт сатысын
көрсетеді. Олар өндіріс, инвестициялар, жаңалықтар, байлық. Оның үш алғашқы
сатысында ұлттық экономиканың бәсеке қабілеттілігінің өсуі жүзеге асады,
яғни ол халықтың жағдайының жақсаруымен түсіндіріледі. Төртінші сатыда өсім
баяулап, құлдырайды. Ол сатыны көрсету экономиканың қалай дамып
жатқандығын, онда қандай шешімі табылмай тұрған мәселелердің бар екендігін,
сонымен қатар экономиканың өсуін қандай күштер қамтамасыз етіп жатқандығын
байқауға мүмкіндік береді [32].
Өндіріс факторларының негізіндегі бәсекелестіктің дамуы. Бұл сатыда
барлық ұлттық салалар бәсекелестік күресте өндірістің негізгі факторлары
табиғат ресурстарының, ауылшаруашылық дәнді-дақылдарды өсіру үшін қолайлы
жағдайлардың арқасында жеңіске жетеді.
Инвестицияның негізінде бәсекелестіктің дамуы. Бұл сатыда экономиканың
бәсекелестік артықшылығы ұлттық фирмалардың агррессиялық инвестициялауға
дайындығына, қабілетіне негізделеді. Кәсіпорындар бәсекені ұлғайту үшін,
кәсіпорындарды құру мақсатында өз қаражатын тиімді озық технологияға
салады.
Жаңалықтарды енгізудің негізінде бәсекелестіктің дамуы. Бұл сатыда
факторлы шығындардың есебінен ұлттық экономиканың бәсекелік артықшылықтарын
қамтамасыз ету сирек құбылыс болады. Олардың жетіспеуі бәсекенің өсуіне,
жаңа техника мен технологияның енгізілуіне ықпал ете отырып, ғылыми
мекемелердің, университеттердің және инфрақұрылым ұйымдарының құрылуына,
олакрдың санының өсуіне алып келеді. Сонымен қатар өндіріс факторларын
жетілдірудің, қалыптастырудың жаңа механизмдері пайда бола бастайды. Бұл
сатының тағы бір сипатты белгісі қызмет көрсету саласында әлемдік бағытты
нығайту, сұраныстың күрделі құрылымын ынталандыра отырып жоғары дамыған
ұлттық қызмет көрсету салаларын қалыптастыру болып табылады. Индустрияның
бәсекелестікке қабілеттілігін белгілейтін жаңалықтар енгізу сатысының тағы
бір сипатты белгісі – қызмет көрсету саласындағы халықаралық бағытты
нығайту, сұраныстың күрделі құрылымына ықпал ететін қызметтердің жоғары
дамыған ұлттық саласын қалыптастыру.
Байлық негізіндегі бәсекелестік. Алғашқы үш сатылардан ерекшеленетін
байлық негізіндегі бәсекелестік сатысы өндірістің құлдырауына әкеліп
соқтырады. Экономиканың қозғалыстағы күші қол жеткен молшылық. Негізгі
мәселе бұрын құрылған байлық көмегімен қозғалыстағы экономиканың қол жеткен
бағыттарын және артықшылықтарын нығайта бастайтындығында.
Ұлттық экономиканың бәсекелестікке қабілеттілік критерийі жүйенің макро
және микроэкономикалық даму деңгейлеріне сәйкес қалыптасуы тиіс. Егер
бірінші жағдайда, бұл еліміздің макроэкономикалық ортасына, оның
технологиялық және институционалды дамуына байланысты болса, онда
микроэкономикалық амал тарапынан ұлттық компаниялардың қызметі мен
стратегиялары және ұлттық бизнес-орталықтың сапасы бағаланады.
Сонымен, инфрақұрылым шаруашылық объектілерге ұтымды әрі тиімді жұмыс
істеуге мүмкіндік бере отырып, негізгі жүйенің қызметін орындайды. Әсіресе,
инфрақұрылымның негізгі өндіріс арасындағы өзара байланыс пен өзара
әрекеттестігі күшейеді.
Біз халықтың әл-ауқатын арттыру үшін, даму әлеуетін жоғарлату үшін
тұрақты, әрі жоғары өсу деңгейіне талпынамыз. Біздер жоғары бәсекелестік
қабілетіне ие болғымыз келеді, әрине, мұнда ең алдымен өнімдер мен
қызметтер басты мәселе болып табылады.
Қызмет көрсету нарығында қызмет көрсетуші кәсіпорындарда бәсекеге
қабілетті жұмыс істеу үшін олардың тұтынушылары бірқатар мәселелерге
ұшырайды. Мұндай мәселелердің бірі қызмет көрсету сапасының
жалпықолданыстағы стандарттардан және нормалардан ауытқуы. Қызмет көрсетуші
кәсіпорындар белгілі кішігірім тұтынушылық орынға ие болған жағдайда,
тұтынушыларды тарту сатысындағыдай, қызмет сапасына да аса назар
аудармайды. Мұндай мәселе барлық қызмет түрлеріне тән және бұл мейрамхана
мен сауда бизнесін ұйымдастыру, көлік, туристік, медициналық, білім беру
және тұрмыстық қызметтер барысында байқалады.
Инфрақұрылымның маңызды құрамдас бөліктерінің бірі көлік және
коммуникация салаларының бәсекелестікке қабілеттілігін арттырудағы орны
зор.
Қазақстан – 2030 даму стратегиясының маңызды мәселелерінің бірі
әлемдік нарықта отандық көлік-коммуникациялық кешеннің бәсекеге
қабілеттілігін қамтамасыз ету және еліміздің аумағы арқылы сауда ағымдарын
арттыру болып табылады [33]. Осыған байланысты көлік-коммуникациялық
кешенді дамыту мақсаттары сапалы көлік қызметтерінде Қазақстан Республикасы
халқының және экономикасының сұраныстарын толық қанағаттандырумен тығыз
байланысты.
Қазақстан аумағының кеңдігіне байланысты, ауқымдау жағдайында
экономиканың және мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін арттыруда көбінесе
көлік-коммуникация кешенінің тиімді қызметіне байланысты. Отандық
тауарлардың, қызметтердің және экономиканың бәсекеге қабілеттілік кепілі -
мемлекеттік көлік және транзиттік саясатқа сәйкес келетін жоғары
технологиялық көлік инфрақұрылымы.
Егеменді еліміздің дамуы мен бүкіл әлемдік ауқымда танымал болуына
мемлекетіміздің бірден-бір жетекші саласы көлік-коммуникация кешені
саналады. Оның негізгі себебі болып аталған саланың үкімет қабылдаған ел
экономикасына маңызды бағдарламаларды жүзеге асыруға мүмкіндік бере алатын
ролі. Инфрақұрылымның осы саласының әлемдік деңгейге сәйкесімділігі
еліміздің бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы маңызды факторы болып
табылады. Оларсыз Қазақстан мен Орта Азияның индустриясын дамыту, табиғат
байлықтарын шаруашылық айналымына тарту, шалғай аудандардағы жаңа ашылған
пайдалы кең қазбаларын игеру мүмкін емес еді.
Қазақстан Республикасының әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына
қосылу стратегиясындағы Қазақстанның жедел экономикалық дамуы үшін үлкен
жетістікті қамтамасыз ету артықшылығында Президент Н.Ә.Назарбаев: Ірі
көлік инфрақұрылымдық объектілердің айналасына шағын және орташа жобалар
арқылы икемді, жоғары технологиялық қалпына келтірілген объектілерді құру
және дамыту қажет. Осылайша Орталық Азиядағы біздің көшбасшы бағыттарын
қамтамасыз ету үшін аймақтық нарыққа бәсекелес көлік желісін ендіруді
ұйымдастыруға мүмкін болады делінген [34].
Осыған байланысты, көлік-коммуникациялық кешен Қазақстан
Республикасындағы басым сапалы көлік қызметтеріне деген сұраныстарды толық
қанағаттандырумен тығыз байланысты.
Көлік инфрақұрылымы – экономиканың экономикалық және әлеуметтік маңызды
даму факторы. Көлік инфрақұрылымының рөлі, ең алдымен, оның жан-жақты дамуы
Қазақстандық экономиканың әрекет етуші шаруашылық құрылымының нәтижелігін
арттырады.
Қазақстан Республикасында көлікке және экономикалық жағдайды
тұрақтандыру рөліне, әлеуметтік мәселелерді шешуге, ұлттық шаруашылықтың
бәсекеге қабілеттілігін арттыруда және тағы басқаларға ерекше көңіл
бөлінеді. Тиімді көлік инфрақұрылымы – экономиканың бәсекеге қабілеттілігін
арттырудағы маңызды элементі.
Қазақстан Республикасында көліктің даму басымдылығы Еуропалық және Азия
континенттерінің торабындағы геосаясаттық жағдаймен анықталады. Бұл
өнімдерді кеңінен эспортқа шығару және импорттау және басқа елдердің
жүктерін және жолаушыларын транзиттік өткізуден болатын экономикалық
пайдаларды қолдану үшін көлік мүмкіндіктерінің туындауына ықпал етеді [35].
Көлік, басқа инфрақұрылымдық салалармен қатар, әлеуметтік,
экономикалық, сыртқы саяси мақсаттарға жетудің маңызды құралы бола отырып,
қоғамның тіршілік етуінің негізгі жағдайын қамтамасыз етеді. Көлік –
жүктерді және адамдарды тасымалдайтын сала ғана емес, сонымен қатар, ең
алдымен, тіршілік ету және шаруашылық жағдайын түрлендіретін салааралық
жүйе. Көліктің тарихи дамуы, көбінесе Қазақстанның экономикалық және
кеңістіктік дамуын алдын ала анықтай отырып, оның тұтастығын және
халықаралық әсерін нығайтуға ықпал етті.
Ұлттық экономиканы дамыту шегінде көлік бірқатар стратегиялық
мәселелердің іске асырылуын қамтамасыз етуге тартылған. Ең алдымен, бұл
жолаушыларды тасымалдаудағы халықтың және экономиканың сұраныстарын
қанағаттандыру. Тұрақты жолаушылардың тасымалынсыз әртүрлі салалардағы
кәсіпорындардың жұмыс істеуі және халықтың өмір сүру деңгейін арттыру
мүмкін емес екендігі белгілі. Жолаушыларды тасымалдау қызметі нәтижесінде
халықтың кеңістіктік орналасу сұранысын қанағаттандыруға мүмкін болады. Ол
өндірістік процеске қажетті жағдай жасайды. Сәйкесінше, жолаушыларды
тасымалдау өзінің мүмкіндіктері арқылы экономиканың қызмет ету үрдісін
жеделдетеді және оның тиімділігіне тікелей әсер етеді. Бұдан көліктің
әлеуметтік, жалпы экономикалық және салааралық әмбебаптылығын көруге
болады.
Көлік қызметтері бәсекеге қабілетті болу үшін, ең алдымен, осы салада
маркетингті дамыту және жетілдіру қажет. Негізінен маркетинг қызметі
жүктерді және жолаушыларды тасымалдау саласында жүзеге асырылады. Маркетинг
жүктерді тасымалдау саласында кешенді өндірістік-өткізу жүйесін
қарастырады, оған жүктерді тасымалдау тапсырыстарын ұйымдастыру және көлік
қызметтерінің үнемі өзгеріп отыратын сұраныстарын толығымен
қанағаттандыруға және осы негізде бәсекелік артықшылықтар және тұрақты
кірістер алуға негізделген көлік өнімдерін сату кіреді [36].
Ұлттық экономиканың бәсекелестікке қабілеттілігін арттыруда көлік -
инфрақұрылымның маңызды құрамдас бөлігі ретінде ерекше маңызға ие. Соңғы
жылдары көлік қызметтері экономикадағы оңды өзгерістер негізінде дамып
жатыр. Өндіріс көлемінің, сауда және сыртқы сауда айналымының өсуі,
халықтың нақты табыстарының көбеюі көлік қызметтеріне деген сұраныстың
өсуін алдын ала анықтаған болатын.
Бүгінгі күні көлік қызметтерінің нарығы өсуде, оған себеп олардың жаңа
сапасына, оның мүмкіндігі мен сенімділігінің жаңа деңгейіне принципиалды
жетуге үлкен қызығушылықтың туындауы. Онда еліміздің жолаушылар тасымалын
шешетін мәселелер алға қойылған. Біздің ойымызша олардың негізгісі:
жолаушыларға сапалы және мөлшерлік қызмет көрсету көрсеткіштерін арттыру,
жолда салондарды толтыру мен уақытты көбейтуді төмендету, отырғызу мен
түсіру ыңғайлылықтарын арттыру, ақпараттық қамтамасыз етудің жаңа түрлерін
ендіру.
Инфрақұрылымның жағдайы елдің бәсекеге қабілеттілігін бағалау
элементтерінің бірі болып табылады, сондықтан транзиттік әлеуетті дамыту
резервтерін қолдану Қазақстанға кеңістікті ұсыну бойынша әлемдік нарықта
бәсекелес күшті басымдылыққа және халықаралық стандарттарды
қанағаттандыратын жүктерді тасымалдау және логистикалық менеджменттің
қағидаттарына сәйкес жүктерді, жолаушыларды және ақпараттарды жеткізу
бойынша көлік қызметтерін ұсыну жағдайларына қол жеткізуге мүмкіндік
береді. Өндіріс секторының басым салаларын дамыту қолданыстағы көлік
өнімдерінің жүйелерін жетілдіруді талап етеді.
Көліктің тұрақты дамуы экономикалық кеңістіктің бірлігіне, тауарлардың
еркін қозғалысына және қызметтердің еркін көрсетілуіне, экономикалық
қызметтің бәсекелесуіне және еркіндігіне, Қазақстанның тұтастығын және оның
ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, халықтың тұрмыс жағдайы мен деңгейін
жақсартуға кепілдік береді.
Экономиканың дамуында барлық көлік түрлері ауадай қажет екені мәлім.
Қоғамымыздың кез-келген саласында көліктің қатысы бар. Қайсы бір тұрғысыдан
алсақ та – экономикалық-саяси және әлеуметтік – оның қоғамдағы ең маңызды
салалардың бірі екендігі сөзсіз. Көлік экономикалық қарым-қатынастардың
барлық түрлеріне дерлік қызмет етеді.
Қазақстан Республикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыруда
инфрақұрылымның коммуникация саласының рөлі де айтарлықтай. Қазақстанның
телекоммуникациясы – ұлттық қауіпсіздікті, саяси тұрақтылықты нығайтуға,
экономикалық өсуге ықпал ететін Қазақстан 2030 стратегиялық бағдарламаның
ұзақ мерзімді артықшылықтарының бірі. Телекоммуникацияны дамытуда ауқымды
әлемдік үрдістер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Саланың бәсекеге қабілеттілігі
Экономикалық қатынастар жүйесіндегі инфрақұрылымның даму приоритеттері
Экономикалық қатынас жүйесіндегі әлеуметтік инфрақұрылымның орны
Ауыл шаруашылығы салаларын дамыту үшін инфрақұрылымның рөлі жайында
ҚР-дағы инженерлік инфрақұрылымдарды жетілдіру
Құбыр көлік инфрақұрылымы
Қазақстан экономикасын дамытуға қажетті экономикалық ортаны қалыптастыру
Инновациялық инфрақұрылым элементтерін құру
Стратегиялық басқарудағы аймақтық мәселелерді болжау жолдары
Қазіргі халықаралық қатынастардағы ақпараттық қауіпсіздік мәселелері
Пәндер