Колледж студенттеріне салауатты өмір сүру салтын қалыптастыру аспектілері


КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІНЕ САЛАУАТТЫ ӨМІР СҮРУ САЛТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ АСПЕКТІЛЕРІ
(ВАЛЕОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІ)
Реферат
Жұмыстың көлемі мен құрылымы жұмыс 123 бет көлемінде компьютерде терілген, сонымен қоса 9 кесте, 6 сызба,
9 суретпен қөркемделген. Жұмыста кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер қосымшамен
Жұмыстың жалпы сипаттамасы Жұмыс колледж студенттеріне салауатты өмір сүру салтын қалыптастырда түрлі адам өміріне зиян кетірілетін факторлардан яғни, шылым шегу, алкогольді заттардан қорғану іс-шараларын қарастыруға арналған.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері Колледж студенттеріне салауатты өмір салтын қалыптастырудағы валеологиялық білім беріу жүйесін жетілдіру және оны оқу-тәрбие процесінде жүзеге асыру.
- тақырыптың мазмұнын әртүрлі әдебиеттер мен оқулықтарға теориялық және практикалық талдаулар жасау;
-«валеология», «экология», «аспект» ұғымдарына түсініктеме беру;
- колледжде валеологиялық білу беру жүйесінің рөлі мен орнын анықтау;
- студенттердің валеологиялық білімдерін тест, анкета түрінде тексеру және
талдау жүргізу;
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы - Колледж студенттерін салауатты өмір салтын қалыптастырудың негізі болып отырған валеологиялық білім беру мәселелерінің алғаш рет зерттелуі.
- колледждегі оқу тәрбие процесінде валеологиялық білім берудің ролі мен орны анықталған.
- колледж студенттеріне салауатты өмір салтының қалыптастыруда валеологиялық білім берудің тиімді түрлері мен әдістері анықталған.
Қысқартылған сөздер
АҚТҚ- адамның қорғаныш тапшылығының қоздырғышы
БҰҰ-біріккен ұлттар ұйымы
БДДСҰ-бүкіл дүние жүзілік денсаулықты сақтау ұйымы
ЖҚАБИ-жыныстық қатынастар арқылы берілетін инфекция
ЖҚТБ-жұқтырылған қоздырғыш тапшылығының белгілері
ЖҚТБ-жыныстық қатынастармен таралатын белгілер
ЖРВИ-жедел респираторлық вирустық инфекциялар
СӨС-салауатты өмір салты
СӨСҚПҰО-салауатты өмір сүрудегі педагогикалық ұйымның
одағы
ДНО-денсаулықты нығайту орталығы
Мазмұны
Кіріспе . . . 5
1 Салауатты өмір сүру салтын қалыптастырудағы валеологиялық білім берудің теориялық мәселелері
- Валеологиялық білім беру жүйесінің теориялық сипаты . . . 8
- Зиянды әдеттердің пайда болу себептері мен салдары . . . 34
- Колледждегі валеологиялық білім берудің дайындық
бағыты . . . 61
2 Салауатты өмір сүру салтын қалыптастырудағы валеологиялық білім беру жүйесінің әдістемелік негіздері
- Валеология пәнін оқытуда пәнаралық байланыстарды
пайдалану жолдары . . . 74
- Валеологиялық білім беруді жетілдірудің тиімді жолдары
мен әдістері . . . 84
- Валеологиялық білім беру жүйесін жетілдіруге бағытталған
іс-тәжірибелердің қорытындысы және нәтижесі . . . 92
Қорытынды . . . 112
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 115
Қосымша . . . 120
Сурет 1 Жаратылыстану пәндеріне бөлінген сағат (% көрсеткіші)
Сурет 2 Тәлімгерлердің түрлі тәрбие жұмыстарын бөлісуі
(сұрақталғандардың пайыздық көрсеткіші)
Сурет 3 Жас ерекшеліктеріне қарай темекі шегетін қыз балалардың саны
Жас ерекшеліктеріне қарай темекі шегетін ұл балалардың саны
Сызба 4 Валеологиялық дайындықтың әдістері мен формалары
Сурет 5 Колледж студенттеріне валеология пәнін оқыту қажет пе?
деген сұраққа студенттердің берген жауабы
Кіріспе
Жұмыстың жалпы сипаты жұмыста колледж студенттеріне салауатты өмір салтын қалыптастыру аспектілері қарастырылған. Cалауатты өмір салтын қалыптастырудағы валеологиялық білімнің рөлі мен орны және оны жетілдірудің жолдары корсетілген. Алынған зерттеу нәтижелері колледж студенттерінің салауатты өмір салтын қалыптастырудың оқу-тәрбиесіне негіз болады.
Жұмыстың өзектілігі «Қазақстан-2030» мемлекеттік даму бағдарламасының ұзақ мерзімді стратегиясының негізгі бағыттарының бірі «Азаматтардың денсаулығын, білімін және ырысын жақсарту» делінген. Оның мақсаты: салауатты өмір салтына ынталандыру, ана мен баланы қорғау, нашақорлықпен және есірткі саудасымен күресу, темекі мен ішімдік тұтынудың алдына алу, тағамның сапасын жақсарту, қоршаған ортаның және экологияның тазалығын сақтау.
Еліміздегі әлеуметтік-экономикалық мәселелер, тұрғындардың қоныс аударуы, республика азаматтарының хал-ахуалындағы бейтараптық пен тұрақсыздық ересектердің де, балалардың да денсаулығына, студенттердің біліміне, олардың өз бетінше тіршілік етуге дайындығына зардабын тейгізбейтіні байқалып отыр [1] .
Дегенімен салауатты өмір салтын және сәбилардің, жасөспірімдердің, жастардың өмір дағдыларын қалыптастыруда білім беру жүйесінің рөлі айрықша. Салауатты өмір салтының негізін, оның нормалары мен ережелерін сақтаудың мұқтаждарын жасау үшін мектепке дейінгі және мектептегі тәрбиелеу мен колледждерде оқыту кезеңдерінде жүргізу керек. Осы кездегі жеке тұлғаның әдептілік, адамгершілік, рухани, адалдық қасиеттері мен гигиеналық дағдыларды қалыптастыру.
ҚР Үкметінің 1999ж 30 маусымдағы №905 қауылысында («Салауатты өмір салтының комплексті бағдарламасы») төмендегі қажеттіліктер қаралған:
- Оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастырудағы білім беру саласының рөлін күшейту;
- білім беру жүйесінің базистік оқу жоспарына валеология пәнін енгізу.
- Сонымен қатар білім беру жүйесіне АҚТҚ/ЖҚТБ індетінің алдын алу шаралары;
- балалардың жолда жүру қауіпсіздігі;
- денсаулыққа қажетті өмір дағдылары;
- репродуктивті денсаулықты жақсарту және отбасын құруға даярлау;
- зиянды заттардан сақтану;
- санитарлық-гигиеналық дағдылар;
- темекіден, есірткіден сақтандыруға арналған көп сатылы білім беру бағдарламалары енгізілді. Бірақ аталған бағдарламалар көпшілігінде мазмұны жағынан бірін-бірі қайталайды. Соның нәтижесінде оқу прцесінде оқушылардың жүктемесін көбейтіп өмір дағдыларының қалыптасуы жеткіліксіз дәрежеде қалады. Педагогикалық кадрлардың осы мәселе бойынша кәсіби дайындығының төмен болуы да үлкен рөл атқарады. Білім беру саласының мамндарының айтуы бойынша, влеологиядан қажетті оқу әдістемелік материалдардың аздығына қарамастан, валеологияны қазіргі заманның пәні, ол балалардың денсаулығын қалыптастыруға және тәрбиелеуде үлкен роль атқарады. Кез келген тақырыптар, қозғалыс белсенділігін ұйымдастыру, тиімді тамақтану және психологиялық өзіндік реттелу және т. с. с мәселелер валеологияны дамытудың өзекті мәселелесінің бірі. Валеология, жолда жүру қауіпсіздігі, т. б. және жоғарыда аталған бағдарламаларды көпшілігінде мамандығы сәйкес келмейтін педагогтар жүргізеді. Осыған байланысты арнаулы орта білім беру жүйесінде жүзеге асырылатын оқушылардың салауатты өмір салтын және дерлік дағдыларын қалыптастыруға арналған комплексті бағдарлама жасаудың, оның ақпараттық және әдістемелік мәтінін қамтамасыз етудің, әрбір сабақтың жүргізу жоспарын құрудың қажеттілігі туып отыр. Тақырыптың мазмұнына сай келетін көптеген ғалымдар мен педагогтар еңбектер жазған. Атап айтсақ: валеология ілімінің негізін қалаушы, әрі влеология пәнін- пән ретінде ғылымға енгізген италян ғалымы Брехман И. И. Валеология оқулығын жазып шыққан отандық ғалымдар Сатбаева Х. К. және Жатқанбаев Ж [2] .
Дегенімен де, қаншама зерттеулер жасалынса да, әлі де болса, бұл тұрғыдан ғылыми зерттеу жұмыстары, зерттеуді қажет етеді.
Сондықтан да, жоғарыда келтірілген теориялық негіздеулер мен стратегия бағыттарын басшылыққа ала отырып, біз зерттеу жұмысымыздың тақырыбын « Колледж студенттеріне салаутты өмір сүру салтын қалыптастыру аспектілері»(валеологиялық білім беру жүйесі) деп атадық .
Зерттеу мақсаты:
Колледж студенттеріне салауатты өмір салтын қалыптастырудағы валеологиялық білім беріу жүйесін жетілдіру және оны оқу-тәрбие процесінде жүзеге асыру.
Міндеттері
- тақырыптың мазмұнын әртүрлі әдебиеттер мен оқулықтарға теориялық және практикалық талдаулар жасау;
-«валеология», «экология», «аспект» ұғымдарына түсініктеме беру;
- колледжде валеологиялық білу беру жүйесінің рөлі мен орнын анықтау;
- студенттердің валеологиялық білімдерін тест, анкета түрінде тексеру және
талдау жүргізу;
- валеологиялық білім беру жүйесін жетілдірудің әдістемелік нұсқауларын жасау және оқу-процесіне ендіру;
Зерттеу обьектісі Оңтүстік Қазақсан құқық және салалық технологиялар колледжінің оқу-тәрбие процесі.
Зерттеу пәні Колледж студенттеріне салауатты өмір салтын қалыптастыру аспектілірі.
Зерттеу әдістері Теориялық негіздеулерді талдау және саралау, бақылаудың құрлымдық жүйелеу, социологиялық сауалнама (анкета, тесттер), математикалық есептеу мәліметтерінің әдістері. Педагогикалық зерттеу әдістері (оқу-құжаттарын талдау, бақылау, студенттерді дайындауда оқу-әдістемелік нұсқаулықтардың саралануы), жүйелі статистикалық әдіс.
Зерттеу жұмыстың жаңалығы Колледж студенттерін салауатты өмір салтын қалыптастырудың негізі болып отырған валеологиялық білім беру мәселелерінің алғаш рет зерттелуі.
- колледждегі оқу тәрбие процесінде валеологиялық білім берудің ролі мен орны анықталған.
- колледж студенттеріне салауатты өмір салтының қалыптастыруда валеологиялық білім берудің тиімді түрлері мен әдістері анықталған.
Зерттеу жұмысының теориялық және практикалық маңызы
- колледж студенттеріне валеологиялық білім беруде теориялық әлеуметтік және педагогикалық алдын -алу жағдайлары.
- колледж студенттерінің салауатты өмір салтын қалыптастыруда валеологиялық білім берудің жағдайына талдау жасалған практикалық маңызы.
- колледж студенттерін дайындауда валеологилық әдістемелік жабдықтар жасалынғандығы.
- бұл зерттеу жұмысының нәтижелерінің салауатты өмір салтын қалыптастыруда валеологиялық білім беретін оқытушыларына пайдалануы.
Автордың жеке үлесі Зерттеу жұмысының негзгі нәтижелері Оңтүстік Қазақстан құқық және салалық технологиялар колледжінің оқу-тәрбие процесінде ендірілген.
Зерттеу нәтижелерін сыннан өтуі Зерттеу нәтижелері 2006жылы Шымкентте өткен Халықаралық ғылыми-практикалық «Әуезов оқулары-5» конференциясында және жалпы 2007-2008 жылдары «Биологияны оқытудың әдістемесі мен теориясы» кафедраның ғылыми семинарларында баяндалды.
тақырыбы бойынша басылымдар материалдары бойынша 2 мақала жарияланды.
құрлымы мен көлемі жұмыс кіріспеден 2 тараудан, 6 параграфтан, қорытындыдан және әдебиеттердің тізімінен қосымшадан тұрады. жұмыс 123 беттен, 6 сызбадан, 9 суреттен, 9 кестеден құралған.
1 САЛАУАТТЫ ӨМІР СҮРУ САЛТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ВАЛЕОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
- Валеологиялық білім беру жүйесінің теориялық сипаты
Валеология - медицина ғылымдарының саласы емес. Ол медицина ғылымдарына жатпайды. Оның өздерінің алдына қойған мақсаты мен міндеттері бар. Өз алдына дара ғылым. Өзінің зерттейтін арнаулы функциялары бар.
И. И. Брехман өзінің еңбектерінде валеология тұралы былай деп жазады. «Денсаулық тұралы ғылым интегралды түрде болуы керек». Оның пайда болуы, дамуы және қазіргі кездегі жағдайы экологиямен, биологиямен, медицинамен, психологиямен, педпгогикамен және т. б. ғылымдармен тығыз байланыста болады. Жаңа интегралды ғылым болғандықтан ол міндетті түрде жүйеге келтіріліп дамытып отырады. Оның көздеген мақсаты адамдардың денсаулығын арттыру, ауруды болғызбау, аурулардың алдын алу. Денсаулықты сақтау адам үшін маңызы зор. Валеологияның пайда болуы, дамуы және қазіргі кездегі жағдай адамзат баласының мәдениеті мен білімінің өсуіне байланысты. Валеология - екі сөзден құралған-«Vale» латынша (сау болу), (аман болу) деген сөзден туындайды. «logos» грекше (ілім, ғылым) деген сөз. Валеология қазіргі заманның ғылымы. Денсаулықты сақтау ғылымы. Денсаулық адамның рухани байлығы. Ол біздің жер деп аталатын планетамызбен тығыз байланыста болады.
Табиғат байлығымен бірге өсіп, біте қайнасып келе жатыр. Адам денсаулығын артыруына көмектеседі. Адамды емдеу дәрігерлердің алғашқы қадамынан бастап осы уақытқа дейін адамдардың денсаулығын қорғау медицинаның бірінші міндеті болып келеді. Кейін ол ғылым ретінде дамыды. Оны 1960 жылы профессор И. И. Брехман енгізген. Валеологияның интегративтілігі ғылымдардың бір - бірімен байланыстығында. Ғылымен байланыстылығы адам денсаулығын күшейтеді.
Экология - айналаны сыртқы қоршаған ортамен тірі ағзалардың қарым - қатынасын зерттейтін ғылым. Ғылымда «экология» деген ұғымды алғаш айтқан адам - неміс зерттеушісі Эрнст Геккель. Ол «экология» деген сөзге анықтама беруге тырысты, дәлме-дәл аударғанда «үй туралы ілім, тұрақ (мекен) туралы ғылым» деген грек сөзінен шыққан. «Экология» айналаның қоршаған сыртқы орта факторларының денсаулыққа тигізетін әсерін анықтайды. Адамдар адекватты тіршілік етуге әрқашанда дайын болу керек.
Валеология тұлға денсаулығына ерекше мән береді. Тұлғаның валеология ғылымының дамуына үлес қосатын жолдары мен тәсілдерін көрсетеді. Бұл схеманы дұрыс түсіну керек. Сонымен бірге, Қазақстан Республикасында валеологиялық мектептердің ғылыми принціптері берілген.
Валеология - адам туралы ғылымның жаңа бағыты. Ол латын тілінен аударғанда "денсаулық" немесе "сау болу" деп аударылады. Яғни, валеология пәнінде оқылатын сала адам денсаулығы болып табылады. Валеология интерактивті ғылым, ол физиология, психология, биология, медицина, педагогика, экология ғьшымдарының негізінде пайда болған. Бүл ғылымның негізін қалаушы И. И. Брехманның басты қосқан үлесі, ол "денсаулық" түсінігіне деген жаңа көзкарасын білдіре білгендігі.
Валеология ғылымы бос қиялдан пайда болған жоқ. Валеологияның тамыры мыңдаған жылдарға созылып жатыр. Оның элементтерін империялық ежелгі халықтарда, антикалық рәсімдерден, орта ғасырлық схоластикадан, біздің планетамыздағы философиялық, діни және ғылыми мектептеріңде кездестіре аламыз.
Валеологияны және оның ғылыми концепциясын жасауға көптеген клиникалық медицина, физиологиялық, гигиена, генетика және т. с. с. өзге де салалардан көптеген ғалымдар ат салыса қатысты.
Адамзат қоғамының барлық даму кезеңдерінде адам өмірі әртүрлі аурулар мен күресумен өткен, олар ол кезде сауығу жолдарын іздеу арқылы ғылыми және халық медицинасын дамытқан. Қазіргі клиникалық медицина денсаулық дегенді тәндік саулық ретінде қабылдап, көбіне көңілді ауру себептері мен емдеу әдістеріне бөлген.
Егер де медицина адам ағзасын аурудан сауықтыру үшін емдейтін болса, валеология денсаулықты сақтау мен күтуге, аурудың алдын алуға үйретеді, яғни ағзаны ауруға шалдықтырмауға мүмкіндіктер туғызады.
Яғни, валеология денсаулықтың механизмдерін тануға мүмкіндік береді, денсаулықтың ауытқуын ерте анықтайды, әлі ауру белгілері байқалмай түрып, ол ағзаның сақталу мүмкіндіктерін қарастырады, алдын алады. Сонымен, валеологияны онтогенезде адамның денсаулығын сақтап күшейту жайлы ғылым деп те санайды. Бұл дұрыс ұғым емес. Себебі, ауруға шалдыққан адамдар да денсаулығын сақтап, нығайтуы қажет.
Валеология термині қазір баршаға таныс. Бірақ та оның шығу тегі, тарихы, ғылыми жетістіктері және мақсаты мен міндеттері жайлы әркім біле бермейді. Сонымен қатар, қазіргі өмірдің өзі валеологияның дамып өркендеуіне себептер мен мүмкіндіктер туғызып отыр [3] .
Профессор Г. К. Зайцевтің анықтамасы бойынша, валеология дегеніміз адамның өмір салтын сауықтыру арқылы адамның денсаулығын басқару.
Валеология - салауатты өмір сүрудің негізі. Валеологиялық білім санитарлық ағарту мен гигиеналық тәрбиеден, адамды өз денсаулығын күтуге үйрететіндігімен ерекшеленеді. Жеке тәжірибе мен Қазақстан Республикасындағы валеологиялық білімнің талдануы валеологияда әзірге қателік әдістерінің басым екендігін көрсетіп отыр.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының "Денсаулық баршаға" бағдарламасы бойынша денсаулықты нығайту мәселелеріне байланысты сүрақтардың шешімін үйден, мектептен, өңдірістер мен мекемелерден, яғни, адамдар өмір сүріп, білім алып, еңбек ететін аймақтардан іздеу керек.
Қазіргі күнде біздің мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарына үмітіміз сенімді емес, ал адамдардың өз денсаулығына деген жаңа көзқарасы әлі дүрыс қалыптаспаған. Сондықтан да халықтың көпшілігі денсаулықтың дұрыс қалыптасуына көп көңіл бөлуі қажет, әсіресе жасөспірім балалар. Бұңдай қадам қазіргі заман талабына сай валеологиялық білімді методологиялық және әдістемелік қамтамасыз етуді қажет етеді. Валеологиялық білімнің аяқтануына негізінен кедергі туғызатын валеологиялық концептуалды негіздердің аталуының әрекетілігі болып отыр.
Білім беру бағдарламалары көп дағдарыстарға ұшырады, яғни ол валеологиялық білім беру сапасына жақсы әсер етті деп айта алмаймыз. Кейбір мектепке дейінгі мекемелерде, жалпы білім беретін мектептерде, орта және жоғары оқу орындарында валеология пәнін арнайы мамаңданған мамандар беріп жүрген жоқ, олар балаларға дәл емес ақпаратты жеткізеді. Бұл іс әрекетпен адамның денсаулығын басқарудың негізгі принципі бұзылады. Калыптасқан жалпы мамандыққа сай тілдің болмауы оқу және әдістемелік әдебиеттердің сапасына да өз ықпалын тигізді. Оқу құралы ретінде оқу әдістемелік кеңестердің экспертизасынан өтпеген, апробацияланбаған әдебиеттер білім беру барысында жиі қолданылады.
Валеологиялық білім беруде мұндай қарым-қатынас нәтижесінде валеология оппоненттерінің сын-ескертпелеріне жол берілуде.
Бір айта кететін жайт, мектеп басшьшары валеологтардың, білім саласында жүмыс істейтін мамандардың айтуьнша, қажетті оқу әдістемелік материалдардың жетіспеуіне қарамастан, валеология қазіргі заманның пәні , ол балалардың денсаулығын қалыптастыруға және тәрбиелеуге өте қажет. Кез-келген тақырыптар, қозғалыс белсенділігін ұйымдастыру, тиімді тамақтану және психологиялық өзіндік реттеу және т. с. с. валеологиялық өзекті мәселелердің паллиативті шешімі болып табылады.
Мұның барлығы валеологиялық білім беру аспектілерін кешенді түрде оқу кезінде қалыптасуы керек. Валеологияның дамуы мен салауатты өмір салтын қалыптастыру стратегиясын жасау үшін негізгі арнайы жолдар, түсініктер, анықтамалар мен критерийлер қалыптастыру керек. Зерттеу жұмысымыздың тақырыбында «аспект» деген ұғымға түсініктеме беру қажет еді. Енді сол ұымға тоқтала кетейік.
«Аспект» ұғымы (құбылыс, фактілерді түсіндіру) жаңа мағлұматтар істің басқа жағдайда екендігін түсіндіреді [4] .
Әлеуметтік гигиенаға тән салауатты өмір салты мен денсаулықтың алғы шарттары практикада қолданылуда.
Қазіргі уақытта салауатты өмір салтын қалыптастырудың барлық кезеңдеріне сәйкес критерийлері жасалуда. Жаңа критерийлерді дәрігерлер, педагог - валеологтар, социал - гигиенистер, биологтар, психологтар және т. с. с. жасаулары керек.
Валеологияны медициналық және педагогикалық деп бөлуді шартты деп қабылдау керек, бұл педагогика мен профилактикалық медицинаның бірігуінен туған.
Валеологиялық білім беруде педагогикалық қадам ерекше орын алады, оған валеологиялық білім беру ерекшеліктері барысында интерактивті әдістерді қолдану жатады. Валеология ғылымының дамуы салауатты өмір салтын қалыптастыру секілді мемлекеттік саясаттың бір бөлігі болуы керек, ол ұлттық генофондтың бұзылуының алдын алады, адамның адамгершілік физикалық, психикалық, соматикалық және репродуктивті мүмкіндіктерін арттырады.
Салауатты өмір салты іс әрекетті тәрбиелеу арқылы және бейімделу арқылы денсаулықты басқара білу, сондықтан да бұл іс әрекет білім беру жүйесінің педагог мамандарының қызығушылығын тудырады. Педагог маман баланың, жасөспірімнің бойында қажетті мотивацияны ұялатады, ол күнделікті қажеттіліктерден түрады және оған қажетті білімді алуға мүмкіндіктер молынан туындайды. Педагогтар мен оқушылар бірлесе отырып салауатты өмір салтын қалыптастырудың моделін жасаулары керек. Ата-аналар, педагогтар, білім және спорт қайраткерлері осындай модель бола алады. Бірақ та ондай адамдар табу оңай емес.
Өкінішке орай, қоғамдағы көпшіліктің денсаулық мәдениеттері өте теменгі деңгейде, оған басты себеп ақпарат өнімдері мазмұны мен формасы жағынан дұрыс тәрбие бермейді. Сол себептен валеология негіздерін үздіксіз білім беру барысында мектепке дейінгі мекемелер мен жалпы білім беретін мектептерде, орта және жоғарғы оку орындарында оқыту қазіргі танда озекті мөселе болып отыр.
Жаңа өз бетінше дамып келе жатқан адам денсаулығын сақтап, нығайтуға арналған ғылымның қалыптасу жолдары мен тәсілдері қажет екендігі мәлім болды, бірақ та салауатты омір салты жайлы білім әр түрлі халықтың дәстүрлер мен тіршілігі және ұлттық медицинадағы ерекшеліктері эмпирикалы болды, яғни ұзақ жылдар бойы оның ғылыми негіздемесі болған жоқ. Жоғарыда айтылғандай, валеология ғылымының зерттеу пәні адам денсаулығы болып табылады.
Сондықтан да денсаулық түсінігі анықталмай, валеология ғылым ретінде, сонымен қатар, профилактикалық медицинада тіршілік ете алмайды. Көптеген, 600-ден астам ғалымдар денсаулық ұғымына анықтама бермекші болған.
БДДСҰ-ның берген анықгамасына 50 жыддан астам уақыт өтті, ол да дәл емес және оның үстіне ол ескірген анықтама. Мысалы профессор А. А. Остроумовтың айтуынша, «денсаулық - ортаның талабы мен ағза күшінің арасындағы тепе-теңдік күйі». Кіші медициналық энциклопедияда келесі анықтаманы береді, «денсаулық - бұл ағзаның табиғи күйі, өзін-өзі реттеудің жетілген күйі, барлық мүшелер мен жүйелердің гармоникалық түрде әсерлесуі және қоршаған ортамен динамикалық түрде тепе-теңдікте болуы».
Подфизиологтардың айтуынша «денсаулық түрлі қоғамдық және еңбек іс әрекеттеріне белсенді қатысуға мүмкіндік беретін тіршілік».
Профессор В. П. Казначеев айтуынша, «денсаулық дегеніміз биологиялық және физиологиялық функциялардың сақталып дамуы, максималді түрде тіршілік ету барысында адамның оптималды еңбекке және әлеуметтік белсенді /Новосибирск қаласынан/ денсаулыққа келесідей анықтама береді: "денсаулық-бұл біртұтас, көпқырлы динамикалық күй позитивті және негативті жақтарды қосатын/, әлеуметтік және экономикалық орта жағдайында генетикалық потенциалдық жүзеге асыру кезінде дамитын және әрбір адамға өзінің биологиялық және әлеуметтік пункцияларын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін күй".
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz