Қарыз алушының несиелік қабілеті және оның несиелік тәуекелді азайтудағы маңызы


Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 77 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

1. БӨЛІМ. ҚАРЫЗ АЛУШЫНЫҢ НЕСИЕЛІК ҚАБІЛЕТІ ЖӘНЕ ОНЫҢ НЕСИЕЛІК ТӘУЕКЕЛДІ АЗАЙТУДАҒЫ МАҢЫЗЫ

1. 1. Қарыз алушының несиелік қабілеті туралы түсінік

1. 2. Қарыз алушының несиелік өтінішін талдау

1. 3. Қарыз алушының несиелік қабілетін анықтаудың әдістері

2. БӨЛІМ. КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНК ҚАРЫЗ АЛУШЫЛАРЫНЫҢ НЕСИЕЛІК ҚАБІЛЕТІН БАҒАЛАУ

2. 1. Қаржылық коэффициенттер және оларды есептеу тәсілдері

2. 2. Ақша ағынына талдау

2. 3. Қарыз алушының несиелік қабілетінің класын анықтау

3. БӨЛІМ. ҚАРЫЗ АЛУШЫНЫҢ НЕСИЕЛІК ҚАБІЛЕТІН АНЫҚТАУДЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

ҚОСЫМШАЛАР

Кіріспе

Қазақстан Республикасындағы қоғамдық дамудың қазіргі нарықтық қатынастарға өту сатысында экономикалық және қаржылық орталарының қалыптасу процесі жалғау үстінде. Осы жағдайда экономикалық агенттердің арасындағы нарықтық қатынастар қалыптасып және экономиканың көптеген аспектілеріне көзқарастар өзгеріп, олар жаңа тұрғыдан қарауда.

Бүгінгі күндегі Қазақстанның экономикалық ғылымы негізінен өтпелі кезеңнің экономикалық мәселелерін зерттеуге жұмылдырылып отыр. Соның ішінде, дүние жүзілік тәжірибеге сәйкес банктік секторды қалыптастыру - ең рір өзекті мәселе болып табылады. Республикадағы банктік құрылымның таза мемлекеттік жүйесін дүниежүзінің нөптеген елдерінде қалыптасқан екі деңгейлік жүйесіне өзгерту барысында банктік инфрақұрылымның дамуына сапалық тұрғыдан жаңа жағдайлар жасалуда.

Кез келген экономика үшін комерциялық банктердің несие беру арқылы ақша жасау қабілетінің маңызы зор.

Нарықтық экономикада несие ең алдымен капиталдың экономиканың бір саласынан басқа салаларға ағылуының және пайда нормасын теңестірудің тетігі ретінде қажет. Капитал өндіріс құралдары түрінде салалардың арасында ағыла алмайтын болғандықтан, әдетте бұл процесс ақша капиталының формасында жүзеге асырылады. Негізгі капиталдың қозғалысы процесінде құнның бір бөлігі уақытша пайдаланылмай ақшалай формада банк шоттарында қалады. пКапиталдың уақытша босаған бөлігі несиелік формада өз қозғалысын қарыз ақшалары түрінде жалғастырады. Несиелеу жұмыс істеп жатқан кәсіпорындар қорларының айналымының үздіксіздігін және өндірілген тауарларды өткізу процесін қамтамасыз ету үшін қажет.

Несие беру банктік қызметтің негізгі түрлерінің бірі болып табылады. Нарық жағдайында қызмет ететін кез келген кәсіпорын сияқты банк шығынға және банкротқа ұшырау тәуекеліне барып, пайдасын жоғарылатуға тырысады. Кез келген несие, белгіленген бір шарттарға сәйкес беріледі: олар несиенің мақсаты, қарыз алушының сипаты, несиенің мерзімі, ұсынылып отырғаннесиені қамтамазыз етудің көлемі мен өтімділігі және т. б. Несие беру туралы шешім қабылдауға мұқият қарау несиелік тәуекелге, яғни несие бере отырып қарызға берген құнның өтелмеу немесе уақытында қайтарылмау тәуекеліне байланысты. Дүниежүзілік банктік тәжірибе көрсеткендей коммерциялық банктердің пайдалылығы мне тұрақтылығымен қамтамасыз ету үшін несиелік тәуекелді жүйелі басқару қажет.

Қарыз алушы банкке несие алу өтінішпен келген кезде ең алдымен несие беру тәуекелін бағалау керек. Бұл үшін несие берумен байланысты барлық негізгі сұрақтарды зерттеп, несие беру туралы шешімнің дұрыстығын анықтап алу керек. Несие берудің осы сатысы анықталушы болып табылады, өйткені ол тәуекелді несиелік қатынастардың бас кезінде бағалауға мүмкіндік береді. Несиелік тәуекелді төмендетудің және оны алдын алудың бір құралы - қарыз алушының несиелік қабілетін бағалау.

Сондықтан диплом жұмысында қарастырылатын тақырыптың өзектілігі - комерциялық банктердің нақты секторы несиелеуде қарыз алушылардың

Несиелік қабілетін бағалауды жетілдіру арқылы тәуекелдерін төмендету.

Зерттеу пәні - комерциялық банктердің қарыз алушылардың несиелік қабілетін бағалауы. Зерттеу объектісі - несиелеу нарығында жетекші банктердің бірі -«ТұранӘлем банкі» АҚ. Жұмыстың басты мақсаты - клиенттің несиелік қабілетін талдаудың этаптары мен әдістерінің мәнін, мазмұнын ашып көрсету және осы орайда Қазақстан Республикасында несиелік бюроларды дамыту арқылы қаржылық делдалдыққа көңіл бөлу. Қойылған мақсаттарға жету үшін, келесі міндеттер алға қойылады:

- комерциялық банк клиенттерінің несиелік қабілетін бағалаудың теориялық

аспектілерін ашып көрсету;

- «Айя» мен «Оазис» компанияларының ағымдағы жағдайына талдау жасу;

- осының негізінде клиенттердің несиелік қабілетін қаржылық

коэффициенттерді салыстыру арқылы бағалау;

- «Оазис» компаниясының ақшалай қаражаттар қозғалысын талдау арқылы

несиенің қайтарылуы немесе жобаның өтелу уақытын анықтау;

- несиелік тәуекелді төмендету мақсатында клиенттің рейтингін анықтау;

- шетел тәжірибесін қолдана отырып, Қазақстан Республикасында аржылық

делдалдықты дамыту мәселесін көрсету.

Дипломдық жұмыстың әдістемелік негізі:

  • Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Экономиканы қысқа мерзімді несиелермен несиелеу Ережелері;
  • Ресейлік және Қазақстандық оқулықтар;
  • Өндірістік өндіріс, өнімді қайта өңдеу мен қызмет көрсету саласындағы болашақ қарыз алушының несиелік қабілеттілігін талдау және жобаның экспертизасын жүргізу бойынша методикалық нұсқаулар;
  • «Айя» мен «Оазис» компанияларының 2006ж. көрсетілген мерзімдерге бухгалтерлік баланстары мен қаржылық нәтижелері туралы есеп берулері;
  • «Оазис» компаниясының өндірістік қуаты, өнімінің өзіндік құндары, тұрақты шығындары туралы мәліметтер;
  • ЖШС «Айя» мен ЖШС «Оазис» жобалары бойынша «ТұранӘлем банкі» АҚ несиелік инспекторларымен жазылған эксперттік қорытындылар;
  • «ТұранӘлем банк» АҚ - тің клиенттің рейтингісін есептеу бойынша нұсқаулығы;
  • мерзімді басылымдар.

1. Қарыз алушының несиелік қабілеті және оның несиелік тәуекелді азайтудағы маңызы

1. 1. Қарыз алушының несиелік қабілеті туралы түсінік

Банк несие беру туралы шешімді қабылдаудың алдында қаоыз алушының төлем қабілетін және қаржылық тұрақрылығын бағалау керек.

Бұл жерде қкрыз алушының төлем қабілеті мен несиелік қабілеті тусініктерін анықтауда айырмашылықтар бар.

Кәсіпорынның төлем қабілеті- бұл міндеттер мен берешектердің барлық түрлерін уақтылы өтеу қабілеті мен мүмкіндігі, ал несиелік қбілет кәсіпорынның несилік берешекті өтеу мүмкіндігін ғана сипаттайды. Сонымен бірге несиелік қабілеттің сипаттамасы төмен қабілетпен салыстырғанда өзгешелеу болуы керек, өйткені несиені өтеу банкпен кпілзатқа алынған мүлікті өткізуден түскен тусім, қаражаттардың уақтылы қайту кепілдігін қолдану немесе несиені өтеуді сақтандыру есебінен жузеге асуы мүмкін.

Қарыз алушының несиелікқабілеті оныңтөлем қабілетімен салыстырғанда өткен кезең немесе белгілі бір күндеге төленбеген төлемдерді тіркемейді, ол жуық арадағы қарыздың өтелу қабілетін болжайды. Өткен кезеңдегі төлем қабілетсіздік дәрежесі - клиенттің несиелік қабілетін бағалауда суйенетін ресми көрсеткіштердің бірі. Егер қарыз алушының мерзімі өткен берешегі болса, ал балансы өтімді және меншікті капиталының мөлшері жеткілікті болса, өткен мерзімдегі банкке төлемдердің бір жолғы кідірісі клиенттің несиелік қабілетсіздігі туралы қорытынды үшін негіз емес. Несиелік қабілетті клиенттер банкке, жабдықтаушыларға, бюджетке ұзаққа созылған төленбеген төлемдерге жол бермейді.

Клиенттің несиелік қабілетінің деңгейі нақты бір қарыз алушыға нақты қарыз берумен байланысты банктің жеке тәуекелінің деңгейін куәландырады.

Несиелік өтініштерді бағалауда нақты қарыз алушымен байланысты барлық сұрақтарды талдаумен қатар, ол қызмет ететін аудан мен саладағы қалыптасқан экономикалық жағдайды талдау қажеттілігі де туады. Қарыз алушылардың халықаралық сауда-экономикалық және қаржылық операциялармен байланысты несиелерге өтініштері дүниежүзілік валюталық нарық конъюктурасы есебімен қарастырылады.

Қарызалушының несиелік қабілетін талдау несиені қайтару көздерін талдаудан басталады. Бұл талдау клиенттің несиеге өтінішін қарастыруды жалғастыру немесе қабылдамау туралы алдын-ала шешім жасауға мүмкіндік береді. Алдын-ала оң шешім қабылдаған жағдайда клиенттің несиелік қабілеті мен жобаның келешегін зерттеу жалғасады. Қарыз алушының жұмыс тенденцияларын анықтау мақсатымен оның барлық қызметі уақыт аралығында талданады. Қарыз алушыны бағалау негізі түрлі көрсеткіштер арқылы қалыптасады. Бағалаудыңмәліметтері өте маңызды, Бірақ талдауды алмастыра алмайды. Олардың дәстүрлі түрлеріне 2 «К» және «З» сипаттамасын жатқызуға болады, яғни: несиелік рейтинг, капитал, қарыз қуаттылығы. Бұған қосымша тағы 2 сипттама бар, олар «К-К-З» сызығын «К-К-З-Д-З»-ға айналдырады, яғни несиелік рейтинг, капитал, қарыз қуаттылығы, ақша қаражаттарының қозғалысы, кепілзат. Көрсеткіштердің келесі жиынтығы кеңдеу және маңыздылау, оны әдетте «несие сипатының 5 таянышы» деп айтады: облыс жағдайының жалпы сипаттамасы, кәсіпорынның бәсеке жағдайы, қаржылық шарттар, басқару және кепілзат сапасы. Сонымен қатар «5 Си» және «6 Си» ережелері қолданылады, мұнда клиенттерді іріктеу критериялары «Си» әріпіне басталатын сөздермен белгіленген ( Косымша 1 ) 1.

1. Қарыз алушы репутациясы. Несиелік мәмілеге қатысты қарыз алушының репутациясы - бұл қарызды қайтару әзірлігі, сонымен қатар келісімшарттардан туындайтын барлық мідеттерді орындауға ықыласы. Жақсы репутация алдық, парасаттылық, ынта сияқты қасиеттермен сипатталады. Қарыз алушының бұл қаситтері нарық жағдайында айрықша аөрінуі керек, өйткені бұл кезде мәмілелер іскер адамдар арасында жоғарғы органдардың инсрукциялық нұсқаулары негізінде емес, серіктестік, өзара сенімдік негізінде жасалынады. Бірақ қарыз алушының репутациясын анықтау-оңай емес. Сондықтан оны бағалауда банктер негізінен өз иелігіндегі қарыз алушының өткен кезендегі міндеттемелерін орындауға қатынасын сипаттайтын мәліметтерге сүйену керек. Басқаша айтқанда, репутация бұл төлем міндеттемелерін толық және уақытылы өтеуге ішкі қызығушылық, бұрын алынған несиелер бойынша есептесулерде мұқияттылық.

Адал клиент қандай қиын жағдайда болса да, алынған міндеттемелерді орындау үшін бар күщін салады. Сенімсіз клиент банкке қарызын бос ақша қаражаттары болғанда ғана өйтеді. Қиындықтар туған жағдайда, ол берешегін төлеуді тоқтатады немесе мерзімі шегіндіреді. Банктер бұл жағдаймен қазіргі кезде соқтығысуда, өйткені клинтердің негізгі бөлігін сенімсіздерге жатқызуға болады. Клиенттер бір жағынан инерция бойынша мемлекет есебінен өз берешектерінің есептен шығарылуын күтсе (шаруашылық жүргізу мен несиені басқарудың әкімшілік принциптерінің қалуы есебінен), екінші жағынан өзінің өндірістік қызметі үшін тауарлы қарыз түрінде жабдықтаушылар несиенің қаражаттарын тарту және олармен несиеге қажеттілікті алмастыру мүмкіндігі арқылы ескі қарызды қайтаруға асықпайды.

Инфляция жағдайында бұл қарыз алушы ушін тиімді болып көрінер, бірақ оның сенімді клиент ретіндегі абыройы төмендеп, өндірісінің өнімі құнсыданады.

Шаруашылық субъектілері басшыларының кәсіби мүмкіндігі, олардың кәсіпорынды басқару шеберлігі, нарықта бейімделу мен фирманың табыстылығын қамтамасыз ету маңызды мәнге ие. Қарыз алушының қасиеттерін бағалаудың бұл критериялары фирма басшыларына ғана емес, банктің олармен жұмыс істеу аясы кеңейіп жатқан жеке тұлғаларға да көбірек қктысты.

2. Қаражаттарды қарызға алу мумкіндігі. Республикада меншік формаларының, шаруашылық субъектілері заңды статусының, олардың ұйымдастырушылық құрылымының, министрлік, ведомство, компания, акционерлік қоғамға бағынушылық сипатының өзгеріп жатқандығымен банкке қарыз алушының құрылтайшылық құжаттарының (жоғарғы, ережелер, келісімшарттар, хаттамалар, тіркеу туралы шешімдер), бұл заңды тұлғаның құқыққа сәйкес қызмет етуі және оның өндіріс немесе қызмет көрсетуді жүзеге асырудың, шаруашылық жүргізу құқықтарының толықтығы (әсіресе ұжымдық-крпоративтік меншік формасында) және оның атынан (құжаттарға қол қоюға өкілетті тұлғалардың көрсетілуімен) қарызды рәсімдеу мен алуда лауазымды тұлғалардың құқықтық өкілеттігінің ҚР- нда қолданылып жүрген заңдарына сәйкестігін анықтау.

Банк қарыз алушының қарызды өтеу мүмкіндігіне ғана емес, оның несиені алуда құқықтық өкілетіне де көңіл бөледі. Жеке тұлғаларға несие беруде банк қарыз алушының жасын ескеруі қажет, яғни кәмелетке толмағандарға несие берілмеу керек.

Несиені ірі кәсіпорындар мен фирмаларға беруде несиелік инспектор олардың жарғысымен, компания атынан іс жүргізуге қандай тұлғалардың өкілетті екенін белгілейтін ережелермен танысуы керек. Кейбір жағдайларда банктер несиені алу туралы келіссөз жүргізетін және құжаттарға қол қоюға өкілетті тұлғалар көрсетілген, директорлар кеңесі қол қойған шешімді талап етеді.

Бұдан басқа, несиені беру туралы мәселені шешуде банк бұл несиелер есебінен жургізілетін шаралардың әлеуметтік-экономикалық даму мудделеріне сәйкестігі ескеру қажет. Бұл банктердің қоғамға қажетті ғана өнімдердің шығындарын несиелендіруін бүлдіреді және бұл өнімдердің сапалық қасиеттері келешек талаптар мен әлемдік стандарттарға сай болуы керек.

3. Табыс табу мумкіндігі. Бұл критерийді талдау қарыз алушының несиені толық өтеуге қажетті ақшалай қаражаттарды табу мүмкіндігін көрсетеді. Талдау кезінде қарыз алушының алған несиесін өтеуінің 4 негізгі көзі ескеріледі2:

1. табыс

2. акцияларды сату

3. активтерді сату

4. басқа кредиторлардан несие алу

Мұндағы басымды көз-қарыз алушымен алынатын табыс, өйткені қалған көздер қымбат және тұрақсыз болып саналады. Егер мысалы, акцияларды сатуды алсақ, ол қор биржасындағы және биржадан тыс нарық конъюнктурасымен, инфляция деңгейі, бұл акйияларды шығарып жатқан субъект қызметінің тұрақтылығы, алдағы ғылыми техникалық ашулар және т. б. -лармен байланысты. Сонымен қоса акцияларды сату ұзақ мерзімге созылады. Егер басқа кредиторлардан несие алуды алсақ, табыс көзі әрдайым кепілденбейді, өйткені қарыз алушының жағдайы төмендеуі мүмкін. Ал активтерді сатуды алсақ, ол қарыз алушының балансын нашарлатады.

Сонымен банктер негізінен қарыз алушының табыс табу мүмкіндігіне сүйену керек. Бұл сату көлеміне, сату бағаларына, шығындар мен шығыстарға әсер ететін барлық факторлармен анықталынады. Олар: фирманың орналасқан жері, оның тауарлары мен қызметтерінің сапасы, жарнама тиімділігінің сапасы, жарнама тиімділігі, бәсекелестік жағдайы, шикізаттың болуы мен құны, қызметкерлердің біліктілігі мен моральдық қасиеттері, сонымен қатар шешуші фактор-басқару. Басқару факторы ретінде фирма басшылығының адамдар, шикізат және капитал, өндіріске қажетті тауарлар мен қызметтерді табуы және табыс алу түсініледі.

Қарыз алушының тбыс табуы білім, денсаулық, біліктілік, жасы, жұмыс орнының тұрақтылығы мен тапқырлығы сияқты моменттерге байланысты.

4. Несиені қамтамасыз ету үшін капитал болмағанда, кәсіпорындарға несие берілмейді. Қамтамасыз етудің болуы тәуекелді төмендеткенмен, банктер несиелердің табыс есебінен өтелуін артығырақ көреді. Осылайша, қазіргі кездегі басқа факторлар сенімділігі жеткіліксіз болғанда ғана несие кепілмен қамтамасыз етілуі мүмкін.

Қамтамасыз ету - бұл банк үшін соңғы қорғаныс линиясы және несиені беру шешімі кепілдің тартымдылығына емес, қаржылық жобаның өзінің артықшылықтарына негізделу керек.

Несиелік инспектор мынандай сипаттамаларға көңіл бөлуі керек: қамтамасыз ету объектісінің қызмет ету мерзімі, жағдайы және қарыз алушы активтерінің құрылымы. Егер қарыз алушы активтері ескірген құрал-жабдықтар мен технология болса, олардың несиені қамтамасыз ету ретінде құны жоғары емес, өйткені мұндай активтерді қарыз алушының табыстары несиені өтеу үшін жеткіліксіз болғанда, қолма-қол қаражаттарға айналдыру қиынға соғады.

Несиенің қамтамасыз етілуі оның өтелуін білдірмейді, бірақ банктің үлкен зиян шегуі тәуекелі мейлінше азаяды. Бұдан басқа, несиенің қамтамасыз етілуі қарыз қаражаттарының ғана емес, банк пайдасының да қайтарылуы кепілі.

Осыған байланысты кепіл және кепілдеме, бағалы қағаздарды кепілзат ретінде алу, талаптарды қайта табыстау мүмкіндігін қолдана отырып, заңды және жеке тұлғалардың қозғалатын және қозғалмайтын муліктерді қоса алғандағы кепілзаттық міндеттемелерді рәсімдеу тәжірибесі кеңеюде.

5. Экономикалық конъюнктура жағдайы қарыз алушының қарызды өтеу мүмкіндігіне әсер етеді, бірақ қарыз алушы мен кридитор жағынан бақылануға келмейді. Конъюнктура-бұл осы орта шегінде фирмалар мен жеке тұлғалардың қызмет етуі. Қарыз алушының жақсы беделі, табыс табу мүмкіндігі және жеткілікті активтері болуы мүнкін, бірақ экономикалық жағдайға байланысты несиені беру орынсыз. Бұл жағдайда банк қызметкерлерінің болжам жасауға мүмкіндігі болуы керек. Несие мерзімі неғұрлым ұзақ болса, соғұрлым экономикалық болжам маңызды. Экономика интенсивтілігі мен ұзақтығы түрлі қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді ауытқуларға душар. Бұл ауытқулар бірдей болуы мүмкін емес, белгілі бір заңдылықтарға бағынбайды және түрлі салалар мен региондарда түрліше көрінеді.

Көптеген қарыз алушылар гүлдену кезінде табысты қызмет етеді, бірақ құлдырау кезеңінде капитал ысырапқа ұшырап, табыс төмендеп, оның беделі түсуі мүмкін. Сондықтан банкир қолын мемлекеттің, қаланың және саланың, несие беріліп жатқан фирманың экономикалық пульсында ұстау керек. Салада не болып жатқанын (бәсекелестік жағдайын, технология, сатудың сұранысы мен әдістерінің өзгеруі) білу өте маңызды.

6. Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалаудың соңы факторы- бақылау. Ол мына сұрақтарға шешім табуды көздейді: заңдардың, құқықтық, экономикалық, саяси жағдайлардың өзгеруі қарыз алушы қызметіне және оның несиелік қабілетіне қаншалықты теріс әсер етеді, несиелік өтініштегі қарыз алушы және несие туралы мәліметтердің банк стандарттарына және несие сапасына бақылайтын банктік қадағалау органдарының стандарттарына қаншалықты сәйкес келетіндігі және т. б.

Мысалы, бірнеше жылдар бұрын АҚШ-да кенеттен және еңбексіз табылған табыстарға салық енгізілді (1980 ж. мұнайға бағаның өсуіне байланысты мұнай компанияларының табыстарына), нәтижесінде көптеген энергетикалық компаниялар қарыз алушы ретінде тартымсыздау болды, өйткені бұл салық қолма-қол ақша ағынының үлкен бөлігін қамтыды.

Несиелік қкбілетті аңықтау үшін банктер компания қызметімен байланысты және несиені өтеуге әсер ететін тәуекелдерді ескеруі керек. Тәуекелдерді бағалау мен оларды бақылау дәрежесі несиелік өтініштерді қанағаттандыру сұрағын шешуде банктер үшін маңызды факторлардың бірі. Қаржылық сәтсіздік тәуекелі әр уақытта орын алады, өйткені кәсіпкерлік табиғаты тәуекел мен белгісіздіктен тұрады. Несиелік қабілетті бағалауға қатысты банк қызметкері компаниямен байланысты келесі тәуекелдерді бағалайды3.

Компания қызметінің түрі /саласы есепке алынады: мысалы, сүт өндірісіне бір тәуекелдер тән болса, автомобиль өндірісіне мүлде басқа тәуекелдер тән.

Бәсекелік қабілет: өндірістің бір саласы ішінде бір фирмалардың бәсекелік қабілеті басқаларға қарағанда жоғары болуы мүмкін, бұл олармен өндірілетін/сатылатын тауарлар, бәсекелестер, баға белгілеу жүйесіне және т. б. байланысты.

Операциондық тиімділік: фирмабәсекелес өзіндік құнмен жаңа тиімді зауыттарда өнім өндіріп жатыр ма, жоқ бәсекелестердегідей өндіріс көлеміне жоғары шығындармен жетуде ме.

Басшылық: Компания - қарыз алушы басшылығының сапасы тәуекелді бағалауда маңызды. Осы ретте басшылықтың денсаулығы мен жасы, бұл жұмыс алдындағы қызмет орны, белгілі бір саладағы мүмкіндіктер, басшыларға тиісті меншікті капиталдың үлесі, мұрагердің болуы талданады. Әсіресе қиын кезендерде компания неғұрлым жақсы жұмыс істесе, соғұрлым оның басшылығына сенім үлкен. Ең бастысы-бұл тәртіптілік пне шынайлық.

Несиелік қабілетті талдауда түрлі ақпарат көздері қолданылады:

  1. клиенттен тікелей алынған материалдар;
  2. банк архивіндегі клиент туралы материалдар;
  3. клиентпен іскерлік қарым-қатынаста болғандардың (оның жабдықтаушылары, кредиторлары, өнімін сатып алушылар, банктер және т. б. ) мәліметтері;
  4. жеке және мемлекеттік мекемелер, агенттіктердің есеп берулері мен басқа да материалдар (несиелік қабілеті туралы есеп берулер, инвестициялар бойынша анықтамалықтар және т. б. ) .

Клиенттерден тікелей алынған мәліметтер мен материалдарды алып, несиелік бөлімнің эксперттері өз архивтеріне жүгінеді. Егер клиент бұрын банктен несие алған болса, архивте қарызды өтеудің кідірістері мен басқа да бұзушылықтар туралы мәліметтер болады.

Банк басқа несиелік ұйымдармен қарым-қатынасты олардың осы қарыз алушымен жұмыс тәжірибесін қолдану және басқа да нақты сұрақтардың шешімін табу үшін орнатады. Ақпараттар көптеген шет елдерде жұмыс істейтін жергілікті және аудандық несиелік-ақпараттық бюроларға сұрау салу арқылы алынған мәліметтермен толықтырылуы мүмкін.

Қарыз алушының қаржылық есеп берулері ақпараттың маңызды көздерінің бірі. Несиелік қызметкерлер қаржылық есеп берулердің мәліметтері мен өткен қызмет барысындағы өзгерістерді компанияның ағымдағы жағдайын анықтау және болашақта фирманың даму перспективаларын, пайда көлемін, несиені қайтару мүмкіндігінің дәрежесін болжау үшін талдайды. Компанияның жалпы қызметі мен оның нарықта қызмет ету әдісін білу үшін пайда мен зияндар туралы есеп беру мен баланстың барлық баптарының өзгерісі мен динамикасы талданады4.

Компанияның жағымсыз жағдайын анықтаудың қарапайым әдісі «Зияндар» және «Мерзімінде өтелмеген несиелер мен ссудалар» баптарында жазбаларды табу. Бұл баптарда сомалардың бейнеленуі компанияның қаржылық проблемаларын немеса салық салудан қашу әрекетін көрсетеді. Не де болса, бұл кредиторлар үшін қосымша тәуекелге әкеледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Несие беру кезеңі
Банктік несиенің қайтарылуын қамтамасыз етудің формаларына талдау және олардың несиелік тәуекелдерді азайтудағы маңызы
Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалау негізі
Қарыз алушының несиелік қабілеті туралы түсінік және оның маңызы
Банктердің несиелік тәуекелін басқару
Нарық жағдайларына сай коммерциялық банктердің клиенттермен арадағы қарым-қатынасының нығаюына ықпал ететін оңтайлы несиелік саясат қалыптастыру және оны іске асырудың теориялық және әдістемелік аппаратын жасау
Несиелік тәуекелдердің мәні мен мазмұнын ашып көрсету және оларды бағалау
Несие нарығындағы коммерциялық банктердің кызметі
Несиелік тәуекел
Қарыз алушының несиелік қабілеті
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz