Инвестициялық жобаларды жоспарлау


Инвестициялық жобаларды жоспарлау диплом жұмысы
МАЗМҰНЫ
Кіріспе2
1. Инвестициялық жобаларды жоспарлаудың теориялық аспектілері. 7
1. 1 Жоспарлардың мақсаттары, тағайындау және түрлері. 7
1. 2 Инвестициялық цикл, оның құрылымы, мазмұны. Жобаларды әзірлеу кезеңдері. 18
1. 3 Жоспарлаудың деңгейлері және жоспарлаудың түрлері. 28
2. Қазақстан Республикасындағы инвестициялық жобалардың жоспарлауын талдау. 39
2. 1. Қазақстан Республикасындағы инвестициялық жобаларды жоспарлау ролі. 39
2. 2. ЖШС “BIRD” жалпы сипаттамасы. Қаржылық жағдайы47
3. Инвестициялық жобаны қаржыландыру жоспары (ЖШС BIRD мысалында) 54
3. 1 Негізгі көрсеткіштерді есептеу және бағалау. Қаржылық жағдайы54
3. 2. Жетілдіру жолдары. 87
Қорытынды93
Кіріспе
Мәселенің көкейтестігі және зерттелу дәрежесі. Ұлттық экономиканың тұрақты дамуының маңызды бір шартты инвестициялық қызметті жандандыру. Республиканың тиімді экономикалық дамуын көтеру, өндіріс көлемін көбейтуге жағдай жасайтын жобалар және әлеуметтік, инновациялық және өндірістік бағдарламаларды іске асыру және әзірлеу үздіксіз ұдайы өндірісті қамтамасыз ететін, елдің шаруашылығын инвестициясыз жұмыс істеуі мүмкін емес. Нарықтық қатынастар дамуының, мемлекеттік меншікті жекешелендіру, әміршілдік- жоспарлық экономиканың ыдырауы, өндіріс көлемінің қысқаруы, төлеуге кабілетсіз кәсіпорындар мен ұйымдар санының өсуі инвестициялық жобаларды басқару механизмін өзгертті, жалпы экономика және кәсіпорын бәсекелестік қабілеттін көтеру, экономикалық өсу негізі ретінде инвестициялық қызметтің сипатына және қарқына ықпал жасады.
Жобаны басқаруда, өзіне жобаны жүзеге асыру процесінің барлығының ұйымдастырушылық басталуды іске асыратын жоспарлау ерекше орын алады. Жоспарлаудың мәні жобаның ұйым- қатысушылар арасындағы өзараәрекетті орнату, оларды орындау үшін қажет ресурстардың барлық түрін, тиімді әдістер мен тәсілдерді анықтау, жұмыстың бөлшектік кешенін анықтау негізінде оларды қанағаттандырудың мақсаттарымен тәсілдерін дәлелдеуден тұрады. Жоспарды әзірлеу бойынша қызмет жобалық циклдың барлық кезеңдерін қамтиды. Ол жоба қағидасын әзірлеу процессінде жоба- менеджердің қатысумен басталады, контракты ұсыныстарды құру, контрактіге отыру, жұмысты орындауды қосып, жобаны орындаудың стратегиялық шешімдер таңдау және оның бөлшектік әзірлеу кезінде жалғасады және жоба біткенде бітеді. Жоспарлау кезеңінде жобаны жүзеге асырудың барлық қажет параметрлері - ұзақтығы (жалпы, жеке кезеңдер және жұмыстар), еңбекті, материалды-техникалық және қаржы ресурстағы қажеттілік, шикізат, материалдар, құрамдас бөліктерін және технологиялық құрал-жабдықты жабдықтау мерзімі, жобалық, құрылыстық және басқа ұйымдарды тарту көлемі мен мерзімді анықтайды. Қабылданған шешімдер жобаны жүзеге асыруды белгіленген мерзімде минималды құнымен және ресурс шығындармен және жұмысты орындаудың жоғарғы сапасымен қамтамасыз ету керек.
Жоспарлаудың негізгі мақсатты- жобаның соңғы нәтижесіне жетуді қамтамасыз ететін, жұмыс кешенін орындау үшін жобаның барлық қатысушыларын интеграциясы. Жоспарлау жобада қойылған мақсаттарға жетуді қамтамасыз ететін басқа ұйымдастырушылық, технологиялық және экономикалық шешімдерді таңдау және ресурстарды үйлестіру, жұмыс және ұйымдар - қатысушылар арасында өзараәрекеттер параметрін және мақсатын анықтауды қарастыратын әрекеттер жиынтығын ұсынады.
Дәстүр бойынша келесі жоспар жұйесі құрылған.
Жобаларды басқару методологиясында келесі жоспар жүйесі қалыптасқан. Жобаның төрт фундаменталды басқару деңгейі бар:
Концептуалды
Стратегиялық
Тактикалық өз кезегінде қосады:
- Ағымдағы
- Оперативті
Әр деңгей үшін сәйкес жоспар әзірленуі керек.
Концептуалды деңгейде жобаның міндеттері, мақсаттары анықталады, әр вариант үшін оң және теріс аспектілерді бағалаумен белгіленген нәтижелерге жету бойынша әрекеттің альтернативті варианттары қарастырылады, пәндік облысты суреттеуді, жұмыстың іріленген құрылымын және оның даму логикасын, негізгі елеулі кезең, ұзақтығының бастапқы бағалау, ресурстардың құны және қажеттілігі қоса жобаны жүзеге асырудың концептуалды бағыттары орнатылады.
Стратегиялық жоспар анықтайды:
- Объектіні енгізу мерзімі, өндірістік қуатты, өнім шығару көлемімен сипаттайтын мақсатты кезең және негізгі елеулі кезең.
- Жұмыс кешенін бітіру мерзімін (нольдік цикл, каркастық монтаж және т. б), өнімді (құрал-жабдық) жабдықтау мерзімен, жұмыс майданын дайындау мерзімін сипаттайтын жобаның кезеңдері.
- Орындаушылар ұйымының кооперациясы.
- Квартал, жыл бойынша үйлестірілген материалдық, техникалық және қаржылық ресурстардағы қажеттілік.
Осы деңгейде жоспардың негізгі арнаулығы, жүзеге асырудың арадағы кезеңдерді жобаның сонғы мақсатына бағытталған бойынша логикалық тізуін көрсетеу. Стратегиялық жоспар тұрақты ішкі және сыртқы қоршауды, жобалық топ үшін фиксацияланған мақсатын орнатады және жобаның жалпы елестеуін қамтамасыз етеді.
Жоба-менеджер инвестормен бірге жеке елеулі кезеңдерді жобаның біріңғай стратегиясына ұстастыру және осы жоспармен жобалық топты таныстырады. Сонымен қатар осы деңгейде топтың бөлімшелері бойынша жұмысты Үйлестіруге көмектесетін аралық кезеңдерге назар аударылады. Топтың бөлімшелері аралық кезеңдерді орындау бойынша тапсырма алады және жоба тобының басқа мүшелеріне тәуелсіз өзінің жеке жұмысын жоспарлайды. Олар біледі жобаның әрі қарай орындалуын қамтамасыз ету үшін нақты мерзімге өз кезеңін орындауы тиіс.
Тактикалық деңгейде:
- Ағымдағы жоспар- жұмыс кешенін орындау мерзімі, ресурстардағы қажеттілік айқындалады, жыл және квартал тілегіне әртүрлі ұйымдар - орындаушылар орындау үшін жауап беретін жұмыс саласы арасында айқын шекара орнатылады.
- Оперативті жоспар - жұмыс кешені бойынша тәулікке, аптаға, айға қатысушылардың тапсырмалары бөлшектенеді.
Жоспарлар басқару функциясы бойынша бөлшектенуі мүмкін. Функционалдық жоспар жұмыстың әр кешеніне (дайындық жұмыстар, жобалық- іздеу, материалдар және құрал-жабдықпен жабдықтау, құрылыс, жүргізу кезеңі және өндірістік қуаттылықты игеру) немесе бір ұйыммен орындалатын жұмыс кешені әзірленеді.
Жоба жұмысын қамту дәрежесі бойынша жоспарларды бөлу керек:
- Жинақтық, кешендік, басты (жобаның барлық жұмыстарына) ;
- Бөлшектік (жеке) қатысушыларды ұйымдастыру бойынша;
- Бөлшектік (жеке) жұмыстардың түрлері бойынша.
Календарлық жоспардың типі жоспарлау мақсатына жоба өзгешілік және басқаруды ұйымдастыруға тәуелді таңдалады.
Жоспарлау процесінің негізгі этаптары:
- Жобаның негізгі технико-экономикалық көрсеткіштері және міндеттер мақсаттары, ұзақтығы және ресурстар, жобаның елеулі кезең және кезеңдері, орындалған жұмыстарының өзіндігі;
- Жобаның құрылымдылығы;
- Ұйымдастыру-технологиялық шешімдер;
- Жұмыс пакетінің желістік моделі;
- Басқа критериялар және ресурстарды колданудың сапалық критериясы және мерзімі бойынша оптимизация, жүзеге асуын бағалау;
- Ресурстағы қажеттілік;
- Жоспар пакеті бойынша құжаттар;
- Жоспарды және бюджетті бекіту;
- Орындаушыларға дейін жоспарлық тапсырманы жеткізу,
- Жоспарды бақылау үшін есептік құжаттаманы дайындау және бекіту. Жоба типі, құны және масштабына тәуелді жеке кезеңдерді әзірлеу тереңділігі және номенклатурасы өзгеруі мүмкін.
Жоспарлау адам санасының ұлы жетістігі өмірде және өндірісте адамдардың мінез- құлқының табиғи және қажет элементті болады. Өзін өзі ұйымдастыру заттардың бастапқы қасиетті емес, дезұйымдастыру (хаос) сияқты және жоспарлаудан тұратын маңызды функциясы болатын басқарудың ерекше қамқорлығы. Сол үшін жоспарлауды ретсіздіктен реттікті құру және оның дәрежесін көтеру белгісіздікті төмендететін процессін жобалау ретінде қарастырады.
Инвестициялық жобаларды жоспарлау тек мүмкін ғана емес, сонымен қатар кәсіпорынға өмірдей қажет. Нарық жоспарды басып тастамайды және жалпы жоққа шығармайды, тек кана оны негізінен кәсіпорынның және оның бірлестіктің бастапқы өндірістік звеносына көшіреді. Елде жоспарлауды қажет жалпы область толықтай нарықтық көрінбейтін реттеуші қолмен ауыстырылмайды. Кәсіпорын деңгейінде стратегиялық (ұзақмерзімді) өзін өзі жоспарлау ғана емес, әр бөлімше және жұмыс орны бойынша оперативті (ағымдағы) жоспарды бөлшектенген әзірлеу жүргізіледі. Календарлық жоспарда (айлық, декадалық, кварталдық, жартыжылдық) перспективті және ортажедел жоспармен қойылған, мақсаттармен міндеттер бөлшектеніп нақтыланады. Өндірістің календарлық жоспары тапсырыстар туралы мәліметтер, олардың материалды ресурспен қамтамасыздығы, өндірістік қуаттың жұктелу дәрежесі және әр тапсырысты орындау мерзімімен байланысты оларды қолдануды қосады. Сонымен қатар оларда бар қуаттылықты қайта құруға, құрал- жабдықты ауыстыруға, жұмысшыларды оқытуға және басқа шығындар қарастырады. Нарықтық жағдайда тұрақты кәсіпорын жоспарлаудың артықшылығын бәсекелестік күресте қең қолданады.
1. Инвестициялық жобаларды жоспарлаудың теориялық аспектілері.
1. 1 Жоспарлардың мақсаттары, тағайындау және түрлері.
Инвестициялық жоба жеке міндеттер (қандай да бір мақсатқа жетуге көмектесу) шешуге тиісті емес, фирманың эканомикалық, техникалық және әлеуметтік алға басуға, оның бәсекелестік мәртебесін көтерудің қамтамасыз ету керек.
Өндірістік ресурстарын инвестициялаудың жоғарыда көрсетілген мақсаттарын іске асыру кәсіпорынның инвестициялық бағдарламасы болатын біріңғай қаржыландырудың қайнар көзі және басқару органы, жалпы мақсаттары бар өзара байланысты инвестициялық жобалардың жиынтығын қалыптастыруды болжамдайды. Инвестициялық жоба - келешекте табыс алу мақсатымен нақты капиталын салуды болжамдайтын шаралар (іс) . Инвестициялық жоба түсінігін кең және тар мағынасына тәсілдеме айыра білу қажеттілігін айтып кеткен жөн. Біздің көз карасымыз бойынша, кең мағынада инвестициялық жоба мақсаттарды қою, жоспарлау, орындау, басқару және талдауды болжамдайды. Тар мағынада инвестициялық жоба - бұл инвестициялық мақсатына жету бойынша әрекеттерді суреттейтін ұйымдастырушылық - құқықтық, есеп айырысу - қаржылық және сындарлық - технологиялық құжаттардың кешені.
Фирманың инвестициялық қызметы
Облига-
циялық заимдар
Құрал - жабдық
тарды жаңарту. Жаңа техноло
гиялар
өндіріс
тік қуатты көбейту
1ші сурет
Оданда басқа, инвестициялық жобаларды басқару процесін тиімді ұйымдастыру мақсатымен, инвестициялық жобаларды одан тәуелді айыруды орынды деп санаймыз:
-сипатына қарай (мазмұны бойынша) . Жобаның негізгі топтарын келесідей топтастыруға болады (1ші сурет) . Осы топтастырудан басқа инвестициялық жобаны өндірістік кеңею (даму) жобасына және сауықтыру (санация) жобасына бөлген маңызды. Даму жобалары номенклатураны өзгертпей-ақ шығарылып жатқан өнімнің көлемін көбейту немесе жаңа өнімді өзгерту жолымен өндірістік бағдарламаны өзгертуге баәытталғын шараларды іске асыруды болжамдайды. Осы нәтижелер өндіріс факторына инвестициялар есебінен жету мүмкін. Инвестициялық бағдарлама болатын кәсіпорынның санация бойынша шара, каржылық сауықтыру бизнес-жоспарында көрсетеді. Әртүрлі топтардың инвестициялық жобасын экономикалық дәлелдеме қағидалары бірдей.
-Масштабы. Кіші, ірі және мегажобалар бар. АҚШ-тағы фирмалардың тәжірибесінде, егер инвестиция 10-15 млн доллардан аспайтын болса, онда оны кіші жоба деп атайды. Бұл жобалар баскаруда жай және ұзақ емес. Мегажобалар өте жоғарғы кұнымен (1 млд доллардан көп), қиындығымен және ұзактығымен (5-7 жыл) ерекшелінеді. Осындай жобалар (бағдарламалар) әдетте үкіметпен немесе үлкен корпорациялармен іске асырылады. Жеке фирмалар оны іске қосарлас орындаушы ретінде қатыса алады/16/.
-Ұзақтылығы. Қысқамерзімді жобалар (1жылға дейін) әзірлеуі біткен (немесе технология сатып алынған) жаңа техниқалық процесстерді игеру, құрал-жабдықпен және басқамен байланысты. Ғылыми-техникалық әзірлеу(жаңа өнімді игеру және әзірлеу, жаңа технология және басқа), қоскан жобалар негізінен ұзақмерзімді. Жобаларды іске асыру мерзімін қөбейту тәуекелдің өсуіне (жоба тозып қалу мүмкін) әкеледі.
-Инвестициялық бағдарламаны қаржыландыратын және үйлестіретін басты ұйымның деңгейі. Халыкаралық жобалар экономикада және саясатта үлкен рольмен және масштабымен ерекшелінеді.
Қазақстанның мемлекеттік инвестициялық жобалары (бағдарламалары) елдің аймақтары немесе салалардың маңызды мәселелерін шешуге икемделінген. Оларды іске асыру мемлекеттік бюджет қаражат есебінен толықтай немесе жартылай қаржыландыруды қарастырады.
1999-2001 жылдарға мемлекеттік инвестициялар бағдарламасы қайтарымсыз негізінде республикалық бюджет қаражаты, сыртқы үкіметтік қарыздар мен гранттар, сонымен қатар үкімет кепілдемесі бойынша мемлекеттік емес сыртқы қарыздар есебінен қаржыландыруға жоспарланған 83 инвестициялық жобаларды біріктіреді. Мемлекеттік инвестициялар бағдарламасының негізгі мақсатты басымдық инвестициялық жобалар және институционалды даму (техникалық көмек) жобаларды іске асыру және таңдау бойынша шаралар кешенін іске асыру. 2000-2002 жылдарға салалық басымдық анықтау 2030 жылға дейін Қазақстан Республикасының дамуының ұзақ мерзімді стратегия негізінде қүрылады.
Әр жоба оның қиындығына және жұмыс көлеміне тәуелсіз идеяның пайда болу кезеңінен оны пайдалану мерзімінің аяғына дейін уақыт аралығын көрсететін барлық өмір циклының кезіндегі басқару объектісі болады. Жиі инвестициялық жобаның өмірлік циклі ақша ағымы бойынша аныкталады: бірінші инвестициядан табыстың соңғы түсуіне дейін. Экономикалық әдебиетте үш фаза ерекшеленеді (прединвестициялық, инвестициялық және жобаны пайдалану фазасы), осылардың әрқайсысы қезеңдерге бөлінген бірқатар стадиядан тұрады (1таблица) /19/.
Жоспарлаудың негізгі мақсатты-жобаның соңғы нәтижелеріне жетуді қамтамасыз ететін жұмыс кешенін орындау үшін жобаның барлық қатысушыларының интеграциясы. Инвестициялық жобаны іске асыру жоспары қойылған міндеттемелерді шешу немесе жалпы мақсатқа жетуге бағытталған ғылыми-техникалық, өндірістік, ұйымдастырушылық және басқада шаралар взаимоувязанный тізімі, орындаушылармен ресурстар бойынша баланстандырылған, уақытта өрістетілген, бөлшектенген болу керек. Сонымен жоспар кімге, қандай міндеттер және міндеттері қандай уақытта шешуге нұсқау болады, сонымен қатар әр міндеттерге қандай ресурстар бөлу керек. Ол кешенді инвестициялық бағдарлама түрінде дайындалады.
Инвестициялық жоспарларды әзірлеу бойынша қызмет жобалық басқарудың барлық қезеңдерін қамтиды: жоба қағидасының әзірлеуден ресурстарды шығындалу және күнтізбелік жоспарды орындау бақылауына дейін, жоспарлау процессінің негізгі кезеңдері біздің елестеуміз бойынша келесідей болу керек (2 сурет) .
1 таблица
Инвестициялық жобаның циклының мазмұны
инвестициялық жобаның идеясын нақтылау және талдау.
Инвестициялық ұсынысты қалыптастыру.
Инвестициялық мүмкіншілікті және мүмкін болатын инвесторларды анықтау.
1. 2. 1 Бастапкы технико-экономикалық дәлелдеме (БТЭД) .
1. 2. 2 Инвестициялық ұсынысты детальдік проработка. Инвестициялық жобаның технико-экономикалық дәлелдемесін дайындау және талдау.
1. 3. 1 Бизнес-жоспарды әзірлеу.
1. 3. 2 Инвесторлармен бизнес-жоспарды талқылау.
1. 3. 3 Бизнес-жоспарды нақтылау (пысықтау)
1. 3. 4 Инвестициялау туралы шешім қабылдау.
2. 1. 1 Келіссөздер жүргізу және контрактер және келісімдерге отыру.
2. 1. 2 Заңды тұлға құру (қажет болғанда)
Инвестициялық жобаны әзірлеу және жүзеге асырушы барлық қатысушылармен келісім дайындау және отыру. Соның ішінде:
-несиелік келісімдерге отыру.
-контрагенттік жұмыстар орындауға келісімге отыру.
-құрал-жабдыққа тапсырысты орнату және баскада.
Жобаның басшысын қою, оның мәртебесін анықтау.
2. 2. 1 Өндірісті техникалық дайындау.
2. 2. 2 Өндірісті ұйымдық дайындау.
2. 3. 1 Тауарөткізетін желісті қалыптастыру.
2. 3. 2 Жарнама.
2. 3. 3 Өткізу стратегиясын қалыптастыру.
2. 4. 1 Құрылыс құжаттамасын дайындау.
2. 4. 2 Құрылыс-орнату жұмыстары.
2. 4. 3 Қабылдау-өткізу сынақ.
* Жаңа бұйымды өндіру және игеруді қосатын инвестициялық жобалар үшін.
** Өткізу нарығындағы өзгерістерді болжамдайтын инвестициялар жобалар үшін.
*** Жаңа құрылысты болжамдайтын инвестициялық жобалар үшін.
Инвестициялық жобаны жоспарлау процессінің негізгі этаптары
2 Сурет
Жоба қағидасының әзірлеу кезеңінде инвестициялық бағдарлама қалыптасады. Бұл үшін жоба мақсатына сандық нақтылау және жеке кезеңдер бойынша міндеттер (“мақсаттар ағашы”) жүргізіледі; ұйымдастырушылық-технологиялық шешімдерді таңдау; өнім-тематикалық әзірлеу (“жұмыс ағашы”) және жобаның негізгі параметрлерін есептеу. Инвестициялық жобаны іске асыруды жоспарлау кезеңінде күнтізбелік және ресурстік желілік үлгілері құрылады; ресурстағы қажеттілігі анықталады және жобаның іске асуын талдау. Жобаны іске асыру жүрісін бақылау кезеңінде тікелей орындаушылардың жоспарлық тапсырмасын орындау үстінде жүргізіледі және қажеттігінше жоспарды түзету.
Жеке қезеңдерді әзірлеудің тереңділігі және номенклатурасы инвестициялық жобаның түріне және масштабына тәуелді өзгеруі мүмкін. Жоспарлау процессінде қабылданатын шешімдер белгіленген мерзімде минималды құнмен ресурстардың шығынымен және жұмысты орындаудың жоғарғы сапасы кезінде жобаны іске асыруды қамтамасыз ету керек. Қске асыру бағалаудың төрт типі бар: логикалық (уақыт кезінде жұмысты орыындаудың мүмкін тәртібіне логикалық шектеуді есепке алу), ресурстік (жоба орындалу уақыты әр кезде қолайлы немесе қолма-қол ресурстардың шектеуін есепке алу), қаржылық (ресурстың ерекше түрі ретінде ақша қаражатының оң балансты қамтамасыз ету), экономикалық (немесе уақыт, құн бойынша жұмыс кешенін оптимизациялау және оны орындаудың сапасы) .
Соңғы уақытта тұрақты жүргізілетін басты, мақсаттық, стратегиялық және оперативті жоспарлау, сонымен қатар қаржы мен нәтижені жалпыфирмалық жоспарлау ( 3 сурет) . Жоспарлаудың бұл формасы кәсіпорын басшылығымен ерекше қөңіл бөлуді талап етеді.
Жалпыфирмалық жоспарлау шеңберінде жобаларды
3 сурет
Жоспарлау жүйесінің қағидасы шеңберінде инвестициялық жобалар тұрақты емес қайталанатын әрекеттер (шаралар, жұмыс) кешендік, біреселік тізбектілік уақытында шектелген, мақсаттқа бағдарланған болады.
Жобаның спецификалық мәнінің сипатты келесілерді жатқызуға болады:
- Шара құрылымның күрделігі, кешендігі және біреселігі
- Қаржы және мағыналы нәтижелердің өзіндік ерекшелігі
- Басталу және аяқталу мерзімінің міндеттілігі және уақытша мақсат
- Орындалудың тұрақсыздығы.
Бір функционалды жобалар өзгешеленеді, мысалы жарнама науқанын, технологиялық әзірлеу, капиталдық жөндеу жүргізу және дайындау, кәсіпорын капиталын жоғарлату және көпфункционалдық жобалар, мысалы жаңа өнімді енгізу, ірі капиталдық салымдарды жүргізу және дайындау, басқа кәсіпорында капитал үлесін сатып алу, қайта ұйымдастыруды жүргізу.
Жобаларды стратегиялық және оперативті сипаттағы жобаларға бөлуге болады. Стратегиялық сипаттағы жобалар кәсіпорынның басты мақсаттарын түзету және потенциалын өзгертумен (мысалы, жаңа кәсіпорындардың бірігу жобасы (тұтасу), жаңа өнімді әзірлеу немесе стратегиялық жоспарды әзірлеу) байланысты шаралар. Оперативтік сипаттағы жобалар кәсіпорын потенциалын өзгеруіне әкелмейтін ағымдық шараларға байланысты (мысалы, акционерлердің жылдық жиналысын өткізу және дайындалу немесе жарнама науқанын өткізу) . Кейбір жобалар біруақытта стратегиялық және оперативті сипатта болу мүмкін.
Біздің қөзқарасымыз бойынша, жобалық жоспарлау жобалар сипатынан тәуелсіз мазмұндық (продуктивті) мақсат, мерзім, экономикалық нәтиже және шығындарды жоспарлауды қосады, сонымен қатар оның қезеңдерінің жеке немесе жалпы жобалар бойынша жұмыс құрылымы. Жұмыс құрылымын жоспарлау, қамтиды:
- Жұмыс тізімін немесе олардың кешенін олар арасындағы өзарабайланысты анықтап құру.
- Жоба бойынша жұмыстарды жүргізу үшін қажет қуатпен уақыт параметрлерін есептеу.
- Мақсаттар, уақыт, шығын және табыс жобасына жататын бөл-шектік жоспарлау, қажет кезде өтімділік көрсеткіші.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz