Бағалы қағаз нарығы инфрақұрылымы


К І Р І С П Е
Дипломдық жұмыстың өзектілігі . Бағалы қағаз нарығы қаржы нарығының негізгі құрамдас бөлігіне жатқызылады. Қазіргі уақытта, бұл нарыққа ғалымдардың, экономистердің аса көңіл аударуы сипат алады. Себебі, бағалы қағаз нарығын дамыту елдің басыңқы бағыттарының біріне жатады. Алайда, осы нарықтың орнатылуына он-он бес жыл болғанымен, бағалы қағаз нарығының дамуы онша байқалмайды.
Қаржы нарығының жаһандануы және әлемде бәсекелестік артықшылықта болу елдегі бағалы қағаздар нарығына әсерін береді. Әлемдік қаржы нарықтарының дамуы, ең алдымен дамыған бағалы қағаздар нарығымен сипат алады. Макро деңгеймен қатар, бағалы қағаздар нарығы микро деңгейде де үлесі зор. Ең алдымен, бағалы қағаздар нарығында қаржылық ресурстар шоғырлануын атауға болады.
Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығын дамытпай ондағы нарық экономикасын қамтамасыз ету мүмкiн емес. Экономикасы дамыған елдердiң жалпы қаржылық ресурстарының жалпы елу пайызын акциялар мен облигациялар құрайды. Бағалы қағаздар нарығының даму қажеттiлiгi үш негiзгi есептермен түсiндiрiледi: бiрiншiден, экономиканы және әлеуметтiк өрiстi қаржыландыру үшiн қажеттi қосымша қаржының ресурстарды табу қажеттiлігiмен және мемлекеттiк бюджеттiң тапшылығын жабумен тiкелей байланысты; екiншiден, ол - мемлекеттегi ақша айналымын реттеуге қажеттi, мемлекеттiк ақша несие саясатының бөлiгi; үшiншiден, мемлекеттiк меншiктi жекешелендiру және иелiгiнен алу саясатын өткiзу мүмкiндiгiн бередi, яғни бағалы қағаздар нарығы арқылы тұрғын халық мемлекеттiк кәсiпорындарды мемлекет иелiгiнен өз меншiк иелiктерiне аудара алады. . Бұл дипломдық жұмыс кіріспе, қорытынды және үш тараудан қарастырылып жазылған. Бірінші тарауда еліміздегі бағалы қағаздар нарығы инфрақұрылымының құрылымы және оны реттеу мен ұйымдастыру ерекшеліктері қарастырылған. Екінші тарауда бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының сандық құрамы мен өзгерісі, нормативтік құқықтарды орындауы, жиынтық активтерінің жағдайы және Қазақстан қор биржасындағы операцияларға талдау жасалынған. Ал, үшінші тарауда қазіргі кездегі нарық мәселелері мен оны шешу мақсатында мемлекет тарапынан жасалынып жатқан іс шаралар мен бағдарламалар қарастырылған.
Менің, жазып отырған дипломдық жұмысымның негізгі мақсаты бағалы қағаздар нарығы инфрақұрылымының жаһандану және аймақтану жағдайындағы бағалы қағаздардың дамуын көрсету. Теориялық және әдістемелік негіздерімен қатар оның жоғарыда аталған ұйымдық-экономикалық құрылымдарының нарықтық экономикадағы маңызын көрсету және бағалы қағаздар нарығы қатысушыларының ұйымдастырылу ерекшелігі мен бағалы қағаздардың биржада сатылуын көрсету болып табылады. Аталған мақсатқа жету барысында зерттеудің алдында келесідей міндеттер анықталған:
- бағалы қағаздар нарығының теориялық пен тәжірибелік мазмұнын қарастыру;
- әлемдік және ұлттық бағалы қағаздар нарықтарының үлгілерін, оны құрушы факторларды зерттеу;
- бағалы қағаздар нарығының дамуы жағдайында Қазақстанда мемлекеттік реттеудің сипатын айқындау;
- ҚР эмиссиялық бағалы қағаздар нарығының жағдайына талдау жүргізу;
- ҚР бағалы қағаздар нарығындағы қатысушылардың өзара байланысының механизмін және олардың қызметіне бағалау жүргізу;
- бағалы қағаздар нарығының даму бағыттары бойынша ұсыныстар беру.
Дипломдық жұмыстың теориялық және практикалық негізі ретінде тек қана қазақстандық авторлар оқулықтары ғана емес, сонымен қатар шетел әдебиеттері, мерзімді басылымдар мен Алматы өңірлік қаржы орталығының жылдық есептері, қор биржасынының мәліметтері, бағалы қағаздар нарық қатынастарын реттейтін заңнамалық және нормативтік-құқықтық құжаттар алынды.
1 БАҒАЛЫ ҚАҒАЗ НАРЫҒЫ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ
ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗІ
1. 1 БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫНЫҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ МӘНІ МЕН ТҮРЛЕРІ
Бағалы қағаздар нарығы - бұл қаржылық құралдардың айналысы жүргізілетін ерекше нарықтың түрі. Бағалы қағаздар нарығы қаржы нарығының құрамдас бөлігі бола отырып, өзінің өзектілігімен ерекшелінеді.
Бағалы қағаздар нарығы және оның қызметтері сияқты бағалы қағаздар нарығының қатысушылары, инфрақұрылымы бойынша көзқарастар әр түрлі болып келеді.
У. М. Искаков, Д. Т. Бохаев және Э. А. Рузиева еңбектерінде қатысушыларды 4 топқа бөледі [1 ] :
1) Эмитент ретіндегі мемлекет, муниципалитеттер, ірі ұлттық және халықаралық компаниялар;
2) Бағалы қағаздармен операциялар жүргізетін қаржылық институттар. Оларға коммерциялық және инвестициялық банктер, сақтандыру қоғамдары, зейнетақы қорларын жатқызады.
3) жеке инвесторлар, оларға жеке тұлғалар немесе венчурлық бизнестің кәсіпорындарының иеленушілері жатады;
4) бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушалары.
Мұнда, бағалы қағаздар нарығының кісәби қатысушыларды ірі үш топқа бөледі: сауда орындары, сауда агенттері, қор нарығының инфрақұрылымы.
Авторлар инфрақұрылымға келесідей субъектілерді жатқызады:
- депозитарий;
- тіркеушілер;
- клирингтік ұйымдар;
- кастодиандар;
- бағалы қағаз портфелін басқарушылар.
Б. А. Көшенова бағалы қағаздар нарығының қатысушыларын да алдыңғы авторлардың жіктемесіне ұқсас бөледі. Ал, кәсіби мамандары үш топқа жіктейді [2] :
1) Брокерлер - делдал ретінде келісімге қатынасатын адамдар. Брокер келісім жасасатын әрбір жақты табыстыруды көздейді. Брокер өкіл емес, ешбір жақтың шарттық қатынастарына қатыспайды, жекелеген тапсырмалар негізінде жұмыс істейді. Брокерге әрбір жеке келісімді жасасуға арнаулы өкілеттік беріледі. Ол тек сол өкілеттік шегінде әрекет етуге міндетті.
2) Дилерлер - өз капиталымен келісім жасайтын делдалдар.
3) Джобберлер - нарық конъюнктурасын бақылаушылар.
Осы мамандармен қатар бағалы қағаздар нарығына банк қызметкерлері, инвестициялық қорлардың қызметкерлері және нарық қызметін реттейтін ереже-заң шығаратын мемлекеттік шенеуніктер мен заң қызметкерлері қатысады.
Профессор В. Д. Мельников бағалы қағаздар нарығының қатысушыларын эмитенттер, инвесторлар және инвестициялық делдалдар ретінде қарастырады. Инвестициялық делдалдар ретінде эмитенттен инвесторға және инвестордан басқа тұлғаларға сату кезінде жағдай жасайтын мамандандырылған ұйымдарды жатқызады. Оларға - инвестициялық қорлар, коммерциялық қор биржалары, брокерлік, дилерлік конторалар, консалтингтік фирамалар, бағалы қағазды сақтау, бағалы қағаз ұсатушылар тізімін, бағалы қағаздармен операциялар бойынша өзара есеп айырысу жүргізу бойынша мамандандырылған ұйымдарды анықтайды.
Ғалым «бағалы қағаздар нарығының инфрақұрылымы» түсінігін келесідей анықтады: «бағалы қағаздар нарығының инфрақұрылымына нарықтың құқықтық қамтамасыз ету, ақпарат, депозитарлық және есеп-клирингтік желі, тіркеуші органдар қамтылады» [32] .
Ресейлік экономистер А. А. Килячков және Л. А. Чалдаева қор нарығының қатысушыларын инвесторларға, эмитенттерге және қор нарығының инфрақұрылымына жіктейді. Қор нарығының инфрақұрылымы инвестор мен эмитент арасындағы байланыстырушы буын ретінде қарастырады [4] .
«Инфрақұрылым» термині - (латын тілінен infra- астында, structura - құрылымы, орналасуы) экономикалық жүйе негізі, фундаменті, ішкі құрылымын білдіреді [5. ] . Осыған сәйкес, біз «бағалы қағаздар нарығының инфрақұрылымына» келесідей анықтама береміз.
Бағалы қағаздардың инфрақұрылымы - бұл бағалы қағаздарды шығаратын, сататын және сатып алатын субъектілер арасындағы қатынастарда қызмет атқаратын қатысушылар жиынтығы. Бағалы қағаздар нарығының қатысушылары әр мемлекетте әр түрлі жиынтықтардан тұрады. ҚР бағалы қағаздар нарығының қатысушыларын келесідей топқа бөлеміз:
- эмитенттер
- сатушылар
- инвесторлар
- бағалы қағаздарды сатып алушылар
- кәсіби қатысушылар (бағалы қағаздар нарығының дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін ұйымдар - брокер, дилер, кастодиан, депозитарий т. б. )
- бағалы қағаздармен сауданы жүргізетін ұйымдар
- реттеу органдары, ұйымдары жатқызылады.
Мұндағы, кәсіби қатысушылар мен бағалы қағаздармен сауданы жүргізетін ұйымдар бағалы қағаздар нарығының инфрақұрылымына жатқызамыз.
Бағалы қағаздар нарығының инфрақұрылымы - бұл нормативтермен, ережелермен, институттар (мекемелерден) мен әр түрлі техникалық құрал жабдықтармен материалдандырылған, мәмілелерді жасау және жүзеге асыру барысында қолданылатын технологиялардың жиынтығы.
Бағалы қағаздар нарығының инфрақұрылымын мынадай топтарға топтастыруға болады:
- Институционалдық
- Техникалық
- Ақпараттық-білім беру
- Реттеушілік
Бағалы қағаздар нарығының институционалдық инфрақұрылымы - бағалы қағаздармен мәмілелерді жасау процесін қамтамасыз ететін, бағалы қағаздармен сауда-саттықты жүргізу жүйесі. Келесідей қызметтерді қаржы институттарымен жүзеге асырады:
1 ) бағалы қағаздармен азаматтық-құқықтық мәмілелерді (брокерлер мен дилерлер) ;
2 ) бағалы қағаздар иелерiнiң тiзiлiмдерiн жүргiзуге және сақтауы бойынша орындайтын қызметтер(тiркеушiлер ) ;
3 ) клиенттердiң қолайлы мәмiлелерге арналған ақша қаражаттарын сақтау және бағалы қағаздар портфелдерiнiң есебін жүргізу(кастодиандар ) ;
4 ) бағалы қағаздар портфелдерiнің меншiк иелерiнің жекелеген құқықтарын жүзеге асыру ( бағалы қағаздар портфелдерiн басқарушылар) ;
5) мемлекеттiк емес зейнетақы қорларының зейнетақы активтерiн басқару;
6 ) бағалы қағаздар бланкiлерін шығару қызметі (бұл қызмет түрін ҚР-да бір ғана ұйым жүзеге асырады - Ұлттық Банк (Банкнота фабрика филиалы арқылы)
Бағалы қағаздар нарығының техникалық инфрақұрылымы- жасалған мәмілелер бойынша есеп айырысу жүйесін білдіреді.
Негiзгi басқаратын буыны және мәмілелермен келісімге келетін Орталық депозитарий болып табылады, қызмет түрін Қазақстан қор биржасы жүзеге асырады. Жоғарыда аталған қызмет түрлерін сәкесінше мына мекемелер жүзеге асырады: орталық депозитарий, және клирингтік компания.
Бағалы қағаздар нарығының ақпараттық - білім беру инфрақұрылымы - ақпаратты (мәліметтерді) жинау, өңдеу және бағалы қағаз нарығына қатысушыларға эмитент туралы ақпаратты, шығарылған жаңа бағалы қағаздар туралы, оның бағасы және бағалы қағаздармен сауда-саттықты жүргізу орны туралы мәліметтерді береді, сонымен қатар бiлiм беретiн және бағалы қағаздар нарғының бiлiктi мамандарын әзiрлейді[3] .
Бағалы қағаздар нарығының реттеушілік инфрақұрылымы - мәмілелердің жүзеге асырылуын реттеуге мүмкіндік беретін, әр түрлі ережелер мен әдістер жиынтығынан тұратын бағалы қағаз нарығын реттеу жүйесі. Реттеуді мемлекет және өзін-өзі реттейтін ұйымдар мемлекет шығарған заңмен, нормативтік актілермен іске асырады.
Бағалы қағаз нарығын реттеу маңызды элементтердің бірі, ол арқылы нарықтың дұрыс қызмет етуімен оның дамуы байланысты болады. Реттеушілік инфрақұрылымның реттеу сипатын мына төменде келтірілген суреттен көруіңізге болады:
Сурет 1. Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығының инфрақұрылымы
Ақпарат көзі. Ниязов Б. О государственном регулировании рынка ценных бумаг Республики Казахстан.
1. 2 ИНСТИТУЦИОНАЛДЫ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Қазақстанда бағалы қағаздар нарығының институционалды инфрақұрылымы келесідей қаржы институтттарынан тұрады:
- Брокерлер-диллерлер
- Тіркеушілер
- Кастодиан банктер
- Бағалы қағаздар портфелін басқарушылар
- Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару ұйымдары
- Жинақтаушы зейнетақы қорлары
- Банкнота фабрикалары, бағалы қағаздар бланкісін шығарушы және т. б
Брокер- бағалы қағаздар нарығының клиенттің тапсырмасы бойынша, соның есебінен және мүдделерінен көздеп, эмиссиялық бағалы қағаздармен мәмілелер жасайтын кәсіби қатысушы. Ол өз клиенттерінің бағалы қағаздармен жасалатын операциялар есебін арнаулы шоттарда жүргізеді. Брокер клиенттердің бағалы қағаздарының нақты ұстаушысы ретінде болуы мүмкін. Ол келісім жасалатын әрбір нақты табыстыруды көздейді. Брокер өкіл емес, ешбір жақтың шарттық қатынастарына қатыспайды, ол жекелеген тапсырмалар негізінде жұмыс істейді. Брокерлік фирманың қызмет аясына мына міндеттер кіреді:
- Консалтинг (кеңес беру) ;
- Бағалы қағаздарды бірінші және екінші нарыққа орналастыру;
- Инвестициялық қорларды құру мен оны басқару.
Құрылымы жөнінен брокерлік фирма дирекция, әкімшілік бөлім, кеңес беретін бөлім, бағалы қағаздарды сату бөлімі, т. б. Сонымен қатар брокерлік фирма ақша нарығындағы банктік несие алушыларға делдалдық жасау және мәмілені қамсыздандыру, оның ішінде биржалық келісімді сақтандыру сияқты қызметтерді атқарады. Брокерлер өз қызметтерінде мына түпкі бастамаларды басшылыққа алады:
1. Клиент брокерлік фирмамен шарт жасағанда барлық тапсырма бойынша келісімге келеді, оның ішінде бағалы қағаздарды қайдан сатып алу жөнінде.
2. Брокерлер клиенттің белгіленген сомасы ақша шамасында әрекет жасайды. Бірақ бағалы қағаздарды таңдауда өз құқын пайдаланады.
3. Брокер тапсырманы орындағаны туралы шартта көрсетілген уақытта клиентке хабарлап және бағалы қағаздарды сатудан түскен қаржыны клиенттің есепшотына аударады.
4. Брокер мәмілені ерекше кітапқа тіркеуі қажет.
5. Клиент брокерге мәміледегі барлық тапсырманы тоқтатуға үкім бере алады.
Сонымен қатар брокерлік фирма клиентке несие беріп, барлық операция-ларды өз есебінен жүргізуі мүмкін. Бұл жағдайда брокерлік фирманың табы- сына делдалдық үшін ақы кіреді. Алайда, бұл жағдайда брокерлік фирма тек делдалдық қызмет шегінен шығып, олардың іс-әрекеті дилерлік фирманың қызметіне ұқсайды.
Дилер - бағалы қағаздар рыногының ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында баға белгілеуді ұсыну және оларды бұқаралық ақпарат құралда рында жариялау арқылы өз мүдделерін көздеп және өзге де қаржы құралдары мен мәмілелер жасайтын кәсіби қатысушы. Олардың брокерлерден айыр- машылығы шарт жасасқанда өз капиталын жұмсайды. Дилердің атқаратын қызметі:
1. Бағалы қағаздарды шығару, олардың курсы және сапасы туралы хабар тарату;
2. Клиенттердің тапсырмасын орындау;
3. Бағалы қағаз нарығындағы өзгерістерді бақылап отыру. Егер бағалы қа-ғаздарды сату-сатып алу баяуласа, онда бағалы қағаздардың курсын тұрақтандыру мақсатында дилерлер өз есебінен операция жүргізеді.
4. Сатып алушы мен сатушыларды бір-біріне кездестіріп, бағалы қағаздар нарығының жұмысын жолға қоюға себепші болады. Олар нарықтың ака- тализаторы ретінде жұмыс істейді.
Брокерлік-дилерлік қызмет «Бағалы қағаздар туралы»заңмен және Қазақстан мүше болып танылатын халықаралық келісімшарттамен реттеліп отырады. Сонымен қатар, брокерлер мен диллерлер мүше өзін -өзі реттейтін ұйымдармен Қазақстан қор биржасының нормативтерімен қызметтері реттеліп отырады.
Брокерлер мен диллер үшін лицензияның екі түрі белгіленген:
- I категориялыброкерлік-диллерлік қызмет, номинал ұстаушы клиенттердің есебін жүргізу құқығымен;
- II категориялы брокерлік-диллерлік қызмет, клиенттердің есебін жүргізу құқығынсыз;
Бірінші категориялы брокерлер мен диллерлер клиенттердің бағалы қағаздармен жасалған мәмілелерін тіркеуге құқығы бар, яғни бағалы қағазға деген жекемешік құқықты ауыстыра алады.
Брокерлер мен диллерлер келесідей негізгі қызметтерді жүзеге асырады:
- өз атынан, есебінен және клиент атынан, есебінен мәмілелерді жүзеге асырады және бағалы қағаздармен жасалған мәмілелерді құжатты түрде рәсімдейді;
- клиент инвестициялық шешім қабылдау үшін қажет ақпарат және ұсыныстар мен қажетті дайындықтар әзірлейді;
- клиетке басқа да ақпараттық және консультациялық қызметтер көрсетеді[6] .
Тiркеушiнiң қызметi бағалы қағаздар ұстаушылардың тiзiмiн және бағалы қағаздар бойынша мәмiлелердi тiркеудi жүргiзу бойынша қызмет және келісімшарт бойынша тіркеу, өңдеу, сақтау, мәліметтерді ұсыну болып табылады.
Тiркеушiнiң қызметiнiң мәнi ағымдағы бағалы қағаздар ұстаушылар арасындағы бағалы қағаздармен жасалған операциялармен қозғалысы туралы ақпаратты сақтау және бағалы қағаздардың құқығы есебін жүргізу.
Тiркеушiнiң осы мәлiметi негiзінде бағалы қағаздар ұстаушыларының тізімін жүргізуге, эмитентке өз мiндеттемелерi (дивидендтердi төлеуi, сыйақы берулер) бағалы қағаздардың меншiк иелерiнiң алдында орындауға, ал меншiк иелерiне бағалы қағаздарының құқықтарын жүзеге асыруға мүмкiншiлiк бередi [7] .
Тiркеушiлер бағалы қағаздар ұстаушыларының есептiк жүйесi құрамына кiредi, қор нарығының бағалы қағаздар бойынша құқықты растайтын тізім жүргізетін институттары негізінде. Бағалы қағаздар ұстаушыларының есебін жүргізу жүйесінің негiзі тiркеушiлер болып табылады. Қазақстандық бағалы қағаздар нарғының есептiк жүйесiн екi деңгейлi классификациялайды.
Есептік жүйенің бірінші деңгейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мен Ұлттық Банк және облыстық әкімшіліктер тарапынан мемлекеттік бағалы қағаздардың айналымын қамтамасыз ететін тәуелсіз тіркеушілер мен Орталық депозитарий болып табылады.
Бағалы қағаздар ұстаушылардың есебін жүргізетін жүйенің екінші деңгейі - Орталық депозитарий, кастодиан банктер және есеп жүргізу құқығы бар брокерлер мен диллерлер.
Кастодиан - бағалы қағаздар нарығының қаржы құралдарының және клиенттер ақшасының есебін алуды және олар бойынша құқықтарды растауды, клиенттердің құжатты қаржы құралдарының сақталуы жөнінде өзіне міндеттемелер қабылдай отырып, оларды сақтауды жүзеге асыратын кәсіби қатысушы болып табылады. Бағалы қағаз нарығында кастодиандық қызметті заңдарға және шарттарға сәйкес кастодиандық қызмет пен сейфтік операцияларға лицензиялары бар банктер жүзеге асырады. Кастодианға кастодиандық қызмет көрсету жөніндегі шартқа сәйкес клиент берген ақша мен қаржы құралдары бұл қызметтің объектілері болып табылады.
Кастодиан заңды тұлға болып табылады Қазақстан Республикасы заңына сәйкес әр түрлі ұйымдық-құқықтық формада құрыла және қызмет ете алады, сонымен қатар клиенттің аффирленген тұлғасы болмауы тиіс.
Кастодианның негізгі қызметіне клиенттерінің бағалы қағаздармен жасасқан келісімшарттарын қадағалау, сонымен қатар клиенттердің бағалы қағаздарының есебін жүргізу және сақталуын қамтамасыз ету болып табылады.
Банк кастодианмен клиент арасындағы қарым қатынас екі арада жасасқан кастодиандық келісімшарт негізінде бекітіледі, келісімшартты клиент осы банкте шот ашу үшін жазбаша өтініш түрінде ұсынады. Кастодиандық шартқа сәйкес, кастодиан банктің міндеттеріне клиенттердің бұйрығын қатал түрде бұлжытпай орындау, клиенттің шоты туралы ақпаратты клиент келісімінсіз үшінші тұлғаға жарияламау және белгілі уақыт аралығында клиент шотының жағдайы туралы мәліметтер беру. Атап өту қажет, кастодиан өзінің жеке бағалы қағаздары мен қаражаттарынан бөлек клиенттің бағалы қағаздары мен қаражаттарының жеке есебін жүргізу керек [8] .
Кастодиандық қызметті бағалы қағаз нарығында екінші деңгейлі банктер жүзеге асырады. Оған себеп:
- ақшалай операцияларды және есеп айрылысу қызметін тек екінші деңгейлі банктер жүзеге асыра алады;
- банктік орта активтер есебі мен және оларды қолдануды қадағалау бойынша тәжірибесі көп;
- қолданыстағы банктік қызметтерді жүзеге асыруға байланысты заң кастодиандар ретінде қызмет атқаратын банктерге клиенттердің активтерін сақтауға мүмкіндік береді [9] ;
- банктер жүзеге асырылған инвестицияларда тәжірибесі бар, сонымен қатар жүзеге асырылатын операциялар мен олардың жүзеге асыруын қадағалау бойынша құжаттық рәсімдеуде дамыған механизмі жұмыс істейді;
Кастодиандар бағалы қағаздар нарығының мобилды қатысушысы болып табылады, брокер, консультант, потфельды инвестор, клиенттерге ревизиялық-қадағалау қызметін көрсететін, кейбір жағдайларда жеке меншік құқықтарын тіркеушілер қызметін де атқарады. Бірақ мұндай қызмет түрлерімен қоса айналысу келесідей шарттарды орындағанда мүмкін:
- банктің ұйымдық құрылымында кастодиандық және брокерлік қызметті жеке бөлімдер жүзеге асыру қажет, сонымен қатар оларға қаржы нарығындағы басқа да қызмет түрлерімен айналыспауы тиіс;
- жоғарыда айтылған банк бөлімдері бірінен бірі бөлек орналысу қажет, сонымен қатар құжат айналымы мен оны рәсімдеудің жеке жүйесі болу тиіс;
- жоғарыда айтылған бөлімдерге бір бірінің құжаттық және техникалық программаларына рұқсат жоқ .
Бағалы қағаздар нарығында кастодианның қажеттілігі біріншіден, инвестор үшін ең біріншіден бағалы қағаздар мен ақша қаражаттарының сақтығы мен есебі маңызды, екіншіден кастодиан арқылы Орталық депозитарий мен басқа нарық қатысушыларымен қарым қатынас орнатылады, үшіншіден бағалы қағаздар мен ақшаның толықтығы мен мәмілелерге отыру мүмкіндігі бар [10] .
Кастодиандық қызметті отандық қор нарығында негізгі пайдаланушылары жинақтаушы зейнетақы қорлары сияқты институционалдық инвесторлар болып табылады.
Кастодиан институционалды инвесторлардың бағалы қағаздарды активтер құрамынан тек ақша қаражаттарға айырбастау мақсатында немесе басқа қор ережелері мен заңдарына сәйкес келетін жағдайда ғана алынуын қадағалайды. Және керісінше, қордың есеп айырылысу шотынан ақша қаражаты қордың мақсаттарына сәйкес активтеріне айырбастау мақсатында.
Кастодианның ролі мәмілелер бойынша ақпарат алу, оларды тексеру, бағалы қағаздар есебі жүйесіне кіргізу; клиенттердің шоттарын шарттар жасасуға керекті ақша қаражаттары мен бағалы кағаздар жеткіліктілігін анықтау мақсатында тексеру; бағалы қағаздар бойынша құқықтарды қайта тіркеу және т. б [11] .
Бағалы қағаздар портфелін басқару - бұл бағалы қағаздар портфелі иесінің жекелеген құқықтарын жүргізуді басқару қызметі.
Бағалы қағаздар портфелін басқарушы -өз атынан және сыйақыға бағалы қағаздар портфелін басқару, сонымен қатар бағалы қағаздар алуға мақсатты ақша қаражаттарын басқаруға мамандандырылған қызмет түрін көрсететін заңды тұлға.
Диллерден айырмашылығы бағалы қағаздарды басқарушы өзіне бағалы қағазадармен жасалған операциялардың тәукелдерінен басқа, нарық конъюктурасының өзгерісі нәтижесіндегі тәуекелдерді мойнына алады.
Олардың негізгі функциялары:
• ақшаны қаржылық құралдарға инвестициялау;
• қаржылық құралдармен орындалатын мәмілелердің
есебін жүргізу;
• өздеріне жүктелген қаржылық құралдарды пайдалану,
әрі оған иелік ету.
Бағалы қағаздар нарығыңдағы кәсіби қызметтің қандай да бір басқа түрлерімен қатар қолданылмайтын айырықша түрлеріне мыналар жатады:
• бағалы қағаз иелерінің тізімін жүргізу;
• депозиттік қызмет - тек клирингтік қызметпен ғана
қатар қолданыла алады;
• инвестициялық қордың бағалы қағаздар портфелін
басқару;
• қор биржалары;
• биржадан тыс нарықтың баға белгілеу жүйесі;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz