Еуропалық одақтың кеңеюі: жетістіктері мен қиыншылықтары



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3.4

1 ЕУРОПАЛЫҚ ОДАҚТЫҢ КЕҢЕЮІ: ЖЕТІСТІКТЕРІ
МЕН ҚИЫНШЫЛЫҚТАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.1 80жж аяғындағы геосаяси өзгерістер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2 Копенгагеннен Афин кездесуіне дейін ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6.11
1.3 Батыс елдерінің бұл үдеріске байланысты позициялары ... ... ... ... ..12.16

2 ВЕНГРИЯ ЕУРОПАЛЫҚ ОДАҚТЫҢ ЖАҢА МҮШЕСІ РЕТІНДЕ ... ... ..17.21

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22.23

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24
Тақырыптың өзектілігі. Еуропалық Одақ өзінің жартығасырлық қиындыққа толы даму барысында төрт рет кеңеюін басынан өткізді. Кеше ғана ол бесінші рет жаңа мүшелер қабылдады. Бұл жолы оның құрамына Орталық және Шығыс Еуропа елдерінен он мемлекет мүше болды: Польша, Венгрия, Чехия, Словакия, Словения, Латвия, Литва, Эстония және Оңтүстік Еуропада – Кипр, Мальта.
Бұрын социалистік жүйе құрамында болған елдер тобын Одаққа қабылдау Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейінгі Ялта-Потсдам жүйесінің дәуірінің аяқталуын, яғни Еуропаны жасанды “Батыс”және “Шығыс” деп бөлуді жоюға жол ашты.
Еуропалық Одақтың бесінші кеңею бұрынғы кеңеюлерден басқаша жағдайда жүрді. Біріншіден, егер бұрын соңды интеграция үдерісінің тереңдеуі және географиялық кеңеюі кезектесіп жүрсе, енді ЕО екі бағытпен бір уақытта жүруге мәжбүр болып отыр. Сондықтан да бұл кеңеюді көбінесе “екі жақты кеңею” деп атайды.
Екіншіден, бұл кеңею кең ауқымды болды. Одаққа бұл жолы бұрынғыдай бір, екі немесе үш ел емес, негізінен өтпелі экономикадағы үлкен әртүрлі елдер тобы енді.
Үшіншіден, интеграциялық дамудың бұл фазасы болашақ ЕО-тың ішкі өзгеріс жағынан да, жаңа мүше болған елдер жағынан да белгісіздік жағдайында жүріп жатыр.
ЕО-қа жаңа мүшелердің енуімен бұл зонадағы тұрақтылықты кеңейтуге жағдай жасалынды. Еуропаны “Шығыс” пен “Батыс”деп жасанды бөлуді жою мүмкіндігі туды. Мысалы, Польша мен Венгрия елдері тарихи жағынан әрқашан саяси Еуропаға тән, ендігі жерде ол елдер Еуропалық интеграция жобасына қатысу мүмкіндігін алды. Ал бұрынғы Еуропалық елдер тұрғындары үшін еркін қозғалуда, сауда және шаруашылық жүргізуде кеңістігі кеңейе түседі.
Сонымен қатар бүкіл әлемде ғаламдық бәсекелестіктің талаптарына керемет дайындалған ең үлкен біріккен нарық пайда болады. Жаңа мүшелердің экономикалық потенциялы да үлкен.
Еуроодаққа жаңа елдерді қабылдау – үлкен тарихи оқиға. Бұл жағдай Еуропалық интеграция үдерісінің сәтті дамып жатқанын көрсетеді.Және уақыт өте келе біріккен Еуропа бір дауыспен сөйлей алады. Еуропа бірігу арқылы болашақта сауда және экономика салаларында,саяси, ғылыми, денсаулық, салаларында әлемде алдыңғы рөлдерде ойнай алады.
Жаңа мемлекеттерді қабылдау арқылы Еуроодақ өз құрамындағы мемлекет санын 15тен 25-ке дейін, ал халқын 450 млн-ға дейін ұлғайтты. Осылайша Еуроодақ халқының саны жағынан Қытай мен Үндістаннан кейінгі үшінші орын алады. Бірақ та өзінің экономикалық потенциялы жағынан олардан әлде қайда жоғары.
1. Бусыгина И.Н. Настоящее ибудущее “Европа регионов”// МЭиМО.-1993.-№9.- С.78-87.
2. Борисова К. Важнейший этап развития Европейской интеграции // МЭиМО.-2002.-№10.- С.115-117.
3. Борко Ю.А. От Европейской идеи – к единой Европе.-Москва,2003.-464с.
4. Воронов К. Пятое расширение ЕС: судьбоносный выбор.//МЭиМО.-2002.-№9.- С.59-69.
5. Глинкина С. Накануне вступления в Евросоюз.// Современная Европа.-2001.-№3. С.45.
6. Европейский Союз на пороге XXI века : выбор стратегии развития / Под ред. Ю.А. Борко и О.Б.Буториной.-Москва, 2001.-131с.
7. Европа и вызовы XXI века. –М: РАН ИНИОН, 1993.-196с.
8. Европейская интеграция, Большая Гуманистическая Европа и культура./ Под ред. Л.И.Глухарев.- Москва,1998.-С.75-78.(320с)
9. Злоказова Н. Расширение ЕС: за и против с позиции его членов. // МЭиМО.-2004.-№1.-С.62-69.
10. Иорданская Э. Расширение ЕС на восток: позиции Германии. // МЭиМО.-2002.-№2. С.67-74.
11. Иноземцев В., Е. Кузнецова. Объединенная Европа на пути к лидерству в Мировой политике. // МЭиМО.-2002.-№4.С.3-14.
12. Михаилов В. Старый Свет после раскола. // МЭиМО.-1993.-№6.С.152-155.
13. Мау В., Яновский К. Помощ Постсоциалистическим странам: факторы эффективности.// МЭиМО.-2003.-№6.С48-51.
14. Перемены в Восточной Европе: международно-политические аспекты. Сборник статей. Под ред. Капченко Н.И. М:ИМЭиМО, 1991.293с.
15. Расширение ЕС на Восток: позиции стран Евросоюза. Под ред. Ю.И.Юданова.-М: ИМЭиМО РАН,2002.-120с.
16. “Расширение Европейского Союза: перспективы и реалии.” Сборник материалов круглого стола, 12 декабря 2003г.-Алматы,2003.-76с.
17. Смольников С.В. Новая логика европейского развития.// МЭиМО.-1990.-№6.-С.18-32.
18. Турукис Г. Европа в поисках нового устойства.// МЭиМО.-1993.-№5. С.91-99.
19. Янош Корнай. Макростабилизация в Венгрии: Политэкономический взгляд. // МЭиМО.-1999.-№3. С.74-83. “”

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3-4

1 ЕУРОПАЛЫҚ ОДАҚТЫҢ КЕҢЕЮІ: ЖЕТІСТІКТЕРІ
МЕН ҚИЫНШЫЛЫҚТАРЫ ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.1 80жж аяғындағы геосаяси өзгерістер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2 Копенгагеннен Афин кездесуіне дейін ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... 6-11
1.3 Батыс елдерінің бұл үдеріске байланысты позициялары ... ... ... ... ..12-16

2 ВЕНГРИЯ ЕУРОПАЛЫҚ ОДАҚТЫҢ ЖАҢА МҮШЕСІ РЕТІНДЕ ... ... ..17-21

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22-23

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .24

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Еуропалық Одақ өзінің жартығасырлық қиындыққа толы даму барысында төрт рет кеңеюін басынан өткізді. Кеше ғана ол бесінші рет жаңа мүшелер қабылдады. Бұл жолы оның құрамына Орталық және Шығыс Еуропа елдерінен он мемлекет мүше болды: Польша, Венгрия, Чехия, Словакия, Словения, Латвия, Литва, Эстония және Оңтүстік Еуропада – Кипр, Мальта.
Бұрын социалистік жүйе құрамында болған елдер тобын Одаққа қабылдау Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейінгі Ялта-Потсдам жүйесінің дәуірінің аяқталуын, яғни Еуропаны жасанды “Батыс”және “Шығыс” деп бөлуді жоюға жол ашты.
Еуропалық Одақтың бесінші кеңею бұрынғы кеңеюлерден басқаша жағдайда жүрді. Біріншіден, егер бұрын соңды интеграция үдерісінің тереңдеуі және географиялық кеңеюі кезектесіп жүрсе, енді ЕО екі бағытпен бір уақытта жүруге мәжбүр болып отыр. Сондықтан да бұл кеңеюді көбінесе “екі жақты кеңею” деп атайды.
Екіншіден, бұл кеңею кең ауқымды болды. Одаққа бұл жолы бұрынғыдай бір, екі немесе үш ел емес, негізінен өтпелі экономикадағы үлкен әртүрлі елдер тобы енді.
Үшіншіден, интеграциялық дамудың бұл фазасы болашақ ЕО-тың ішкі өзгеріс жағынан да, жаңа мүше болған елдер жағынан да белгісіздік жағдайында жүріп жатыр.
ЕО-қа жаңа мүшелердің енуімен бұл зонадағы тұрақтылықты кеңейтуге жағдай жасалынды. Еуропаны “Шығыс” пен “Батыс”деп жасанды бөлуді жою мүмкіндігі туды. Мысалы, Польша мен Венгрия елдері тарихи жағынан әрқашан саяси Еуропаға тән, ендігі жерде ол елдер Еуропалық интеграция жобасына қатысу мүмкіндігін алды. Ал бұрынғы Еуропалық елдер тұрғындары үшін еркін қозғалуда, сауда және шаруашылық жүргізуде кеңістігі кеңейе түседі.
Сонымен қатар бүкіл әлемде ғаламдық бәсекелестіктің талаптарына керемет дайындалған ең үлкен біріккен нарық пайда болады. Жаңа мүшелердің экономикалық потенциялы да үлкен.
Еуроодаққа жаңа елдерді қабылдау – үлкен тарихи оқиға. Бұл жағдай Еуропалық интеграция үдерісінің сәтті дамып жатқанын көрсетеді.Және уақыт өте келе біріккен Еуропа бір дауыспен сөйлей алады. Еуропа бірігу арқылы болашақта сауда және экономика салаларында,саяси, ғылыми, денсаулық, салаларында әлемде алдыңғы рөлдерде ойнай алады.
Жаңа мемлекеттерді қабылдау арқылы Еуроодақ өз құрамындағы мемлекет санын 15тен 25-ке дейін, ал халқын 450 млн-ға дейін ұлғайтты. Осылайша Еуроодақ халқының саны жағынан Қытай мен Үндістаннан кейінгі үшінші орын алады. Бірақ та өзінің экономикалық потенциялы жағынан олардан әлде қайда жоғары.
Тарихнама. Жұмыста қарастырылған еңбектерді қозғаған мәселелеріне байланысты мынадай бөліктерге бөлуге болады:
ОШЕ елдеріндегі 80жж аяғындағы геосаяси өзгеріс жайлы еңбектер Н.И. Капченко басшылығымен жазылған мақалалар жиынтығында,1 В.Михаиловтың2 мақаласында қарастырылған.Бұл еңбектің авторлары 80жж аяғындағы өзгерістерді көрсете білген және бұл өзгерістерге батыс елдерінің көзқарастары мен әрекеттері жайлы жазған.
Еуропалық Одақтың Шығысқа қарай кеңеюі мәселесі Ю.А.Борко еңбегінде,3 К.Воронов,4 К.Борисова5 мақалаларында қарастырылған.
Э.Иорданская6, Н. Злоказованың7 мақалаларында ЕО-тың Шығысқа кеңеюіне байланысты ЕО мемлекеттерінің позициялары көрсетілген.
Жұмыста қолданылған деректер. Жұмысты жазу барысында қолданылған деректерді келесі топтарға бөлуге болады:
Бірінші топ. Европейский Союз: прошлое, настоящее и будущее”: Том 6. Амстердамский договор о Европейском Союзе; Договоры , учреждающие Европейские Сообщества; Афинская декларация;
Екінші топ. 1998ж бастап жұмыс жасайтын Еуропалық Құжаттама Орталығының материалдары, оның ішінде “Bulletin of the European Communities”; Қоғамдық – саяси басылымдардың материалдары мен прессалары қолданылды: “Новое Поколение,” “Журнал Европейского союза,” “Эксперт” және т.б.
Мақсаттар мен мiндеттер.Курстық жұмыстың мақсаты Еуропалық Одақтың Шығысқа кеңею мәселесінің жетістіктері мен қиыншылықтарын зерттеп, Еуропалық Одаққа мүше болатын ел ретінде Венгрия тәжрибесін аша түсу.
Қойылған мақсатқа сәйкес төмендегі міндеттерді шешу қажет:
1 Копенгагеннен Афин кездесуіне дейінгі аралықты қарастыру.
2 Батыс Еуропа елдерінің Шығысқа кеңеюіне байланысты позицияларын ашып көрсету.
3 Венгрияның ЕО-қа мүше болудағы өткен жолдарын анықтау.
Қойылған мақсаттар мен міндеттерге сәйкес жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 ЕУРОПАЛЫҚ ОДАҚТЫҢ КЕҢЕУІ: ЖЕТІСТІКТЕРІ МЕН ҚИЫНШЫЛЫҚТАРЫ.

1.1 80жж аяғындағы геосаяси өзгерістер.

Еуропалық интеграция тарихы Қауымдастықтың кеңею үдерісімен байланысты. 1973ж Еуропалық Қауымдастықты құрған мемлекеттерге Дания, Ирландия, Ұлыбритания, ал 1981ж Австрия, Финдляндия және Швеция қосылды.Алғашында бұл үдеріс тек Батыс Еуропаның қосылмаған капиталистік елдерін қамтыды.(Сонымен қатар қазірде Одаққа енуге бас тартып отырған Швейцария,Норвегия,Исландия) Бірақ Орталық және Шығыс Еуропадағы (ОШЕ) және КСРО-дағы болған түпкілікті өзгерістерден соң кеңею мәселесі бүкіл континентке қатысты болды. 80жж аяғындағы геосаяси өзгерістер ОШЕ елдерінің алдына ішкі және сыртқы саясаттағы даму жолында жаңа жолды анықтау қажеттілігін туындатқызды.Ендігі жердегі бағыт – Еуропалық Одақ болды. Оған мүшелік ету Еуропаны қайта бұрынғы кейпіне әкеліп, бұл елдер үшін оның шикізаты мен нарығына жол ашар еді.
Ал Еуропалық Одақ ХХI ғасырға аяқ басқан шағында, ғаламдық экономикалану және қатаң бәсекелестік кезеңінде, яғни Германия, Франция, Ұлыбритания сияқты мемлекеттер, өздігінен жеке сәттілікке қол жеткізе алмайды. Тек ортақ нарығы бар кеңістіктегі ортақ валютамен, заңдармен біріккен континент XXI ғасырда нарықтарға күресте жеңістерге жете алады.
Қырық жыл бойы социализмге қарсы күрескен батыс державалары нәтижеге жеткенде, яғни өздерінің жеңісіне қол жеткізгенде не істерін білмей қалды. Үдеріс бақылаудан шығып, Еуропа қайта шиеленіс орталығына айналды.1
Бұл өзгерістер Еуропалық Одақ елдерін қимылға алып келді.Экономикалық көмек көрсету арқылы ол елдерді саяси жағынан тұрақты елдерге айналдыруды көздеді, оның себебі, өздерінің шығыс, оңтүстік территорияларында тұрақты, қауіпсіз көршіні қалауында.
Көп жылдар бойы тарихи, мәдени жағынан бір-бірімен тығыз байланыста болған бұл мемлекеттер алдында Еуропаны “Шығыс” пен “Батыс” деп жасанды бөлуді жою мүмкіндігі туды. Бұрынғы Еуропаны қайта келтіруге жол ашылды.

1.2 КОПЕНГАГЕННЕН АФИН КЕЗДЕСУІНЕ ДЕЙІН.

Еуропалық Қауымдастыққа Орталық және Шығыс елдерін қосу туралы
мәселе алғаш рет Еуропалық Кеңестің 1988 жылғы Родео аралы мен Париждегі (1989ж) “Үлкен жетіліктің” саммитінде сөз болды. Мұнда ОШЕ елдеріне көмек көрсету шешіледі. Бұл көмек ФАРЕ (PHARE – Poland and Hungary Assistance for the Restructuring of the Economy – Венгрия мен Польшаның экономикасын қайта құруда көмек бағдарламасы) бағдарламасы арқылы жүргізу көзделді. Алғашында бұл бағдарлама тек екі Шығыс еуропалық елдеріне: Польша мен Венгрияға арналып, кейін басқа ОШЕ елдеріне тарады. 1992ж бағдарлама Еуропалық келісімдер құрылысына біріктіріліп, ОШЕ елдерін ЕО-ға енуге дайындықта негізгі қаржылық құрал ретінде болды. Оның негізгі мақсаттары: үмікер-мемлекеттердің ұлттық заңшығару жүйесін ЕО-ның заңшығару жүйесіне сай келтіруге ыңғайластыруда және үміткер-мемлекеттер территориясында инвестициялық жобаларды қаржыландыруда (бұл бағдарламаның бюджетінің 70%) көмек көрсету.
1989ж желтоқсанында Еуропалық Кеңестің Страсбургтегі сессиясында Франция “Реконструкция мен даму Еуропалық Банкін” (РДЕБ) құру туралы ұсыныс (Қауымдастықпен ғана емес, сонымен қатар АҚШ және Жапониямен қолдау тапқан) енгізді. Осымен бір уақытта Қауымдастық алғашында Венгрия мен Польшадан келетін, ал одан соң Болгария, Чехословакия, Румыниядан келетін импортты либерализациялау, яғни өнеркәсіп өндірістерін кеден салымынсыз кіргізу жағдайын жасау жұмыстары жүргізілді.
Еуропалық интеграциялық зонаның кеңеюінде келесі қадам – ЕО мен ОШЕ елдері арасындығы ассоцияция жөніндегі келіссөзге қол қою болды. Ол Еуропалық келісімдер деген атқа ие болды.1990ж тамызда Еуропалық Кеңес Ұлыбританияның ЕО және ОШЕ елдері арасындағы ассоцияциясы туралы ұсынысын қабылдады. Қауымдастық 1991ж 16-желтоқсанда Венгрия, Польша, Чехословакиямен алғашқы ассоцияция жайлы келісімге қол қойды; 1993 ж 1-ақпанында және 8-наурызында Румыния және Болгариямен; 1994ж 4-қазанында Чехия мен Словакия Республикалары бөлінгенде жаңа ассоцияция жайлы келісімдерге қол қойылды. 1994ж 15-желтоқсанда ЕО мен үш Балтық елдері (1995ж 12-маусымда қол қойылды) арасында ассоцияция жайлы келісімдерге қол қою үшін келіссөздер басталды.1995ж Словения үшін де Ео-ға ассоцияциялық мүше болуға жол ашылды.
1993ж 21-22 маусымда Еуропалық Кеңестің Копенгагендегі саммитінде тарихи серт берілді, яғни онда “Оңтүстік және Шығыс Еуропа елдері қалаған жағдайда ЕО мүшесі бола алады. Егер ассоцияланған мемлекет мүшелік болуға байланысты экономикалық және саяси талаптарды орындаған жағдайда ғана Одаққа мүше бола алады.”1 Онда Коммисияның баяндама негізінде ассоцияцияланған мемлекеттерімен қатынасында оның жаңа шеңберлері анықталды. Еуропалық Одақ (алғашында Еуропалық Қауымдастық кезінде) - мүше болуға қойылатын талаптарды орындаған барлық еуропалық мемлекеттерге әрқашанда есігі ашық. Осының негізінде Кеңес 1993ж бірінші рет коммюникеде ресми түрде ОШЕ елдерінің “Мүше болуға арналған Копенгаген критерийлері” деп аталатын бірқатар талаптарды орындаған жағдайда ЕО-ға мүше болуға құқын жариялады. Бұл критерийлер төмендегі белгілерімен анықталады:
демократияға, құқықтық тәртіпке кепілдік беретін тұрақты институтттар құрған, адам және азшылық құқықтарын толықтай орындаған;
Одақтың нарықтық күш әрекетімен және бәсекелестігімен бәсекелесе алатын;
Экономикалық және валюталық одақты құру талаптарын орындау арқылы мүшеліктің міндеттерін өз мойнына алуға мүмкіндігі бар мемлекет ЕО-ға мүше бола алады.
Соңғы талап ЕО-ның жұмыс істеп тұрған заңшығару базасын, әкімшіліктік және құқықтық құрылымын мойындауды және ұлттық заңшығару нормативтік-құқықтық базасына қажетті шарттарды енгізу керектігін білдіреді.1
Комиссияның бағалауынша, қазіргі таңда үміткер елдер толығымен тек екі талапты орындап отыр. Біріншіден, нарықтық экономикасының даму деңгейі біріккен ішкі нарықта бәсекелесуге мүмкіндігі бар, ал екіншіден, олардың саяси жүйесі демократия талаптарына жеткілікті жауап береді.
Сонымен қатар, атқарушы орган құжатында көрсетілгендей, ЕО-да жұмыс істеп тұрған заңшығару және нормативтік актілерді қабылдау талабы әлі толығымен орындалмаған.Әр мемлекет қабылдауы тиіс құжаттар (еуропалық келісімдер, директивалар, нормалар, ережелер) көлемі шамамен 80 мың бет.Осы жағдай бұл шарттың орындалуына қиындықтар туғызды. Брюсселде бағалағандай, бұл жұмыс 90% дейін орындалды, яғни мүны ЕО-ға Греция мен Испанияның енуі деңгейімен салыстырғанда, бұл көрсеткіш әлдеқайда жоғары.
1993ж жаңа үміткерлерге жоғарыда көрсетілген үш топты критерийлер бұрынғы ЕО-ға кіруге арналған шарттардан айырмашылығы көп емес еді, тек “азшылық ұлттың құқын” сақтау жағдайы қосылған.
ОШЕ елдері үшін нақтылай анықталған талаптар мемлекеттердің ЕО-ға мүше болу үшін ресми түрде өтініш беруіне негіз болды: 1994ж Венгрия мен Польша, ал 1995ж – Румыния, Словакия, Латвия, Эстония, Литва, Болгария, 1996ж Чехия, Словения мүше болу туралы өтініш өткізді.
1994ж ЕО Кеңесінің Эссендік сессиясында ЕО-ға мүше болу үшін үміткер елдерді дайындау бағдарламасы Ақ кітап “ассоцияцияланған Орталық және Шығыс Еуропа елдерін ЕО-тың ішкі нарығына бірігуіне дайындық” қолдау тапты. Еуропалық Кеңестің 1995ж Мадридтегі сессиясында ОШЕ ассоцияланған елдерінің Одаққа ену туралы келісімдердің басталу мерзімін анықтау туралы ресми шешім қабылданды.
Ары қарай ассоцияцияланған мүшелермен көпжақтық кездесу әртүрлі формада болды, яғни Кеңес отырысында, Сыртқы Істер Министрліктер деңгейінде және бөлек Министрліктер арасында және т.б. кездесулер. Нәтижесінде үміткер-мемлекеттер ЕО-ның барлық құрылыстарына жақындасу мүмкіндігін алды.
Ақ кітап ОШЕ мемлекеттері біріккен еуропалық нарыққа бірігуге көп көмек көрсетті.Бірақ соған қарамастан 90жж ортасында ОШЕ көптеген мемлекеттері үшін интеграцияның экономикалық аспектілері орындауға қиын болып көрінді.
Комиссияның бағалауынша, ОШЕ елдерінің өтпелі кезеңдегі мәселелері көпжоспарнлы сипатты болуы, яғни экономика, саясат (демократиялық құрылыстармен механизмдердің жеткілікті дамымауы) және әлеуметтік салалардағы мәселелер ассоцияцияланған елдерді Одаққа ену мерзімімен байланысты екі бөлікке бөлу негізін қамтитын критерийлерді құрауға әкелді. 1997ж Еуропалық Кеңестің Люксембургтегі кездесуінде Одаққа енетін бірінші үміткерлер “Люксембург бесеуі” (Кипр, Польша, Венгрия, Чехия, Эстония, ) анықталды. Бұл мемлекеттер Копенгаген критерийлерін орындауға жақын қалған мемлекеттер болып бағаланды. “Алғашқы толқындармен” келіссөздерді салтанатты түрде ашу рәсімі 1998ж 30 наурызда болды. 1999ж желтоқсанда Еуропалық Кеңестің Хельсинкидегі сессиясында ОШЕ елдерінің қалған бес мемлекетімен (Словакия, Словения, Латвия, Литва, Мальта) Еуропалық Одаққа ену туралы келіссөздерді бастау туралы шешім қабылданды. “Екінші топ елдерімен” немесе “Хельсиндік топпен” келіссөздер ресми түрде 15 ақпан 2000ж ашылды.
2002ж екінші жартысында Еуропалық Одақта Дания өкілдік еткен кезеңде оның премьер-министрі А.Ф. Расмуссен парламентте сөз сөйлеуінде ЕО-ның кеңеюі туралы келіссөздерді құруда үш негізгі принципті атап өтті. Біріншісі, келісімге келу тек соған сай келетін жақпен жүргізілуі тиіс. Оның ойынша “бұл негізгі принципке ешқандай шегерім жасалуы мүмкін емес.Екіншісі, ешқандай Ұжымдық қабылдау болмайды, тек толықтай дайын болған жақпен келісімге келу керек.Үшінші, ең шеткі мерзім белгіленді және бірінші толқынға енетін үміткерлермен келісім уақытын 2002ж ары қарай өзгертуге жол берілмейді.1
2000ж қол қойылған Ниице келісімінде жаңа мүшелер қосып, кеңіген ЕО-ның басқару құрылысында реформа жүргізу туралы келісілді. Тек содан соң 9 – қазанда 2002ж ЕО-ның кеңеюіне жауапты Р.Проди мен Комиссар Г.Ферхойген ЕО Парламентіне қажетті процедураларды орындау туралы отчет ұсынады.
2002ж Копенгагендегі саммитте басты мәселе кеңеюдің бесінші бөлімін бітіру еді.Мұнда көптеген шешілмеген мәселелер өз кезегінде тұрды.
Польша үшін қаржы мәселесі өзекті болып қалды. Бұд мемлекет қосып алудың қаржылық жағдайына көнгісі келмей, Брюсселден 2006ж кезеңге дейін өзіне еуропалық көмек қаржысын шамамен млрд евроға өсіруді талап етті. Саммиттің соңында ғана шешімге келе алды. Позициялардың түйісіп, келісуіне осы кездесуде өкілдік етіп отырған Дания премьер-министрі Рамуссеннің септігі тиді. Ол компромисстік вариант ұсынды. Келіспеген жағдайда олардың енуі туралы мәселе тек 2007ж Болгария мен Румыния елдерімен бірге ену қарастырылады. Келіспеген елдер келісуге мәжбүр болды.
Мальтаның тұрғындарының көп бөлігі онің ЕО-ға енуінің дұрыстығына күмәнданған болатын. Бірақ мальталықтарға Одаққа енген соң тиімді салық салудың енгізілуімен бұл мәселе шешілді.
Ең қиын мәселе Кипрдің ЕО-ға ену мәселесі болды. Кипр маңайындағы мәселелердің шешілмеуіне қарамастан Еуропалық Кеңестің Копенгагендегі кездесуінде шешім бойынша Кипр 2004ж Одақтың ондық үміткерлерінің құрамына кіреді, яғни БҰҰ басшылығымен Кипр мәселесі саяси шешім тапты ма, таппады ма, оған тәуелсіз.1
Кипр мәселесін келіссөзде қозғау Туркияның ЕО-ға мүше болу мәселесін шешуге әкеп соқты. АҚШ әкімшілігі жағынан саяси қысымдарға қарамастан, яғни Туркияның ЕО-ға ену туралы келіссөздер бастау мерзімін бекіту жайлы, Еуропалық Комиссияның 2003ж 26 наурыздағы “Мүше болатын мемлекетпен серіктестік жобасы” құжатында Туркияны Копегаген критерийлеріне сай келмейді деген ұйғарымға келді.2 Мұны Еуропалық Комиссия Туркияның ЕО адам құқы нормаларын толықтай орындамай отыр деп түсіндіреді. Копенгаген саммитінде ең төменгі деңгейдегі дайындықта болып Болгария мен Румыния танылды. Кеңес олардың ЕО-ға енуін 2007ж қалдыруды ұйғарып, осымен ЕО-ның бесінші кеңеюін аяқтауды шешті.
Бұл ЕО-ның кеңею ЕО үшін көп шығындар алып келеді. Комиссияның шешімін Еуропалық Парламентке ұсынған оның өкілі Романи Продидің айтуынша, ЕО-ның кеңеюі келер жылдарда мүше мемлекеттерден көп қаржылық қаражатты қажет етеді. Жалпы алғанда ЕО 2004-2005жж үміткер елдерге 40,7 млрд евро бөлінетін болады. Бірақ бұл соммадан ЕО-ның жаңа мүшелерінің ортақ бюджетке салатын салымдары алынып тасталынады. Сонымен қатар енуші елдерді қаржыландыру мәселесінен басқа да өзгертулер жасалынды. Соңында бұл кеңею ЕО үшін 10,3млрд евро шығынға алып келді.3
Еуропалық Комиссияның бюджеттік басқармасы басшысы Михаелс Шрайердің айтуынша, “ЕО-тың кеңею бұрын есептегеннен арзанға түседі болады. Бірақ жаңа елдердің халқына шаққанда олар өз кезегінде ЕО-қа енген басқа мемлекеттерден, яғни Испания, Ирландия, Греция және Португалиядан әлдеқайда аз алады. Мысалы, 2005ж Одақ 25 мүшемен өмір сүргенде әр поляк үшін ЕО бюджетінен 67 евродан бөлінеді, ал егер салыстыратын болсақ әр испандыққа 126 евродан келеді.”4
Жаңа мүшелер ену туралы келіссөздер үдерісінің аяқталуы кеңею мәселесіне соңғы нүктені қойған жоқ, мұнда әртүрлі ойлар, сындар бар, яғни осындай тез және кең ауқымды кеңею ЕО-тың өзіне таяқ болып тимей ме деген сауалдар, сындар туғызып отыр. 2003ж Брюсселдік саммитынан соң келесі күні Еуропалық газеттердің біреуінде қолдау тапқан Еуропалық құжатының мәнін былай деп түсіндірді: Еуропа кеңеюге дайын ба? – Жоқ. Кеңею бола ма? – Ия.1
Жалпы ЕО-ның кеңею мәселесі Копенгаген саммитінде соңғы немесе уақытша шешімін тапты. “Кеңею біздің басымдылығымыз болды, - деді, жұмысты аяқтап, Еуропалық Комиссияның төрағасы Романо Проди. – Мұнымен кеңею тоқтамайды. Келесі топ Болгария мен Румынияны құрайды, Туркиямен келіссөздер жүргізуді қарқындатамыз, болашақта батыс Балқан елдерін күтеміз.Бірақ ЕО-ның шекарасы қай жерде аяқталады деген сүрақ туындайды. Оған жауап табу қажет.”
Жалпы сырқы саясат коммисары Крис Паттеннен, егер барлық мемлекеттер Копенгаген критерийлеріне сай келсе, оларды қабылдай береміз бе, деген сауал қойғанда, ол қалжыңдап былай жауап берді:“Шынымен, Одақтың шегі қайда? Егер ЕО-ның барлық көршілерін Копенгаген критерийлеріне сай біртіндеп қабылдай берсе, болашақта ЕО-ның көршілері қалмайды және Одақ осы түрімен Индонезияға дейін жетуі мүмкін.”2 ЕО-қа мүше болуға қажетті саяси-экономикалық критерийлер шекара және географиялық мәселелерді шешуді қажет етеді.
Келіссөздер үдерісінің юрисдикалық процедурасының аяқталуы Копенгагенде барлық келісілген жайттар белгіленгеннен соң басталады: 2003ж 5 ақпанда тұрақты өкілеттігі бар Комитет ЕО-ға ену туралы келісім мәтінін қолдайтынын айтады. (ол 2002ж наурызында ағылшын тілінде жасалынып, содан соң оны ЕО-ның ресми тілдеріне аударылды) 2003ж 19 ақпанда Еуропалық комиссия келісімді жақсы деп бағалап ары қарай Еуропалық Парламентке жіберді. 2003ж 9 сәуірде Еуропалық Парламент әр 10 жаңа мемлекеттің ЕО-ға енуі туралы өтініш көп дауыспен қолдау тапты. Ал 14 сәуірде Еуропалық Кеңес бір дауыспен бұл шешімді мақұлдады.
Еуропалық Одаққа 10 мемлекеттің енуі туралы келісімде салтанатты түрде қол қою Афинада 2003ж 16 сәуірде болды.Бұл ЕО-ның кеңеюінде тарихи оқиға. Афин келісімі жалпы 5000 беттен тұрады.Қол қою рәсіміне екі сағаттай уақыт кетті.Осылай он жылға созылған ЕО-ға мүше қабылдау марафоны аяқталды. Үміткер-мемлекеттер “Күн тәртібі 2000” бағдарламасын орындаған соң Еуроодақтың 2000ж желтоқсандағы Ниицадағы саммитінде іс насырға шапты. “Афин декларациясында” тағы да “Біріккен Еуропаға” ұмтылыс көрсетілді. “Біздің ұжымдық жобамыз – Еуропалық Одақ – бұл қозғалыстағы жоба. Әрдайым жаңаруда және сонымен бірге әдеп-ғүрыппен тарихтың қосылыс табуы – бұл біздің өмір сүрудегі мәніміз”.3
Осы уақытта үміткер-мемлекеттерде Еуроодаққа енуге халық ойын білу мақсатында референдум жүргізілді.Мысалы, Венгриядағы референдум нәтижесінде қатысушылардың 83,76% елдің ЕО-ға енуін қолдады.Латвияда-91,04%, Словенияда-89,61% ЕО-ға енуіне қарсы еместігін білдірді.1
ЕО-қа мүше-мемлекеттердің және үміткер-елдердің Парламенттерінде келісімді ратификацияланған соң Комиссия бұл елдердегі реформаларды бақылауын жалғастырды және Кеңеске жаңа мемлекеттердің енуіне жарты жыл қалғанда “Одақтың кеңеюіне” деген баяндама дайындады. Онда Еуроодаққа 10 жаңа мүшені 2004ж қабылдау туралы қарастырылған. Бұл мерзім жай әншейін қабылданған жоқ , бұндағы саясат 2004ж маусымында өтетін Еуропалық Парламентке сайлау өтеді. ЕО-ң есебінше , 25 мемлекеттің халықы сайлауға қатыса алады және өз таңдаған өкілдерін біріккен Еуропаның Еуропарламентіне жібере алады.Еуропалық комиссияның бұл кеңесі он бес мүше мемлекеттің мемлекет және үкімет басшыларымен 24-25 қазанда болған Брюссельдегі саммитта белгіленді.
Копенгагендік үдеріс аяқталды, “,бірақ мұндай үлкейген біріккен Еуропа ары қарай қалай тиімді жұмыс істейді – бұл басқа мәселе болып табылады,” – деді Данияның премьер-министрі Андерс Фог Расмуссен ЕО-қа Даниянің өкілдігін жауып.2
ЕО-ға жаңа мемлекеттердің қабылдануы – бұл тарихи оқиға.Бұл Еуропа интеграция үдерісінің сәтті дамып жатқанын айтуға болады және уақыт өте келе Еуропа бір дауыспен сөйлей алады деген жорамал жасауға болады.

1.3 БАТЫС ЕЛДЕРІНІҢ БҰЛ ҮДЕРІСКЕ БАЙЛАНЫСТЫ ПОЗИЦИЯЛАРЫ

Еуропалық интеграциясының орталығына айналған Германия Федеративтік Республикасы бүл үдерістің кеңеюі мен тереңдеуіне жағдай жасап отыр. Ол Орталық және Шығыс Еуропада коммунистік режим құлаған соң және КСРО-ның құлауынан кейінгі қалыптасқан жаңа жағдайда осы регионда өз саяси және экономикалық әрекетін өсіруге бағыттады. Оның сыртқы саясатының бірден-бір бағыты – ЕО-ның Шығысқа қарай кеңеюәне жағдай жасау.
Еуроодақтың ішінде Германия ЕО-қа ОШЕ елдерінен бес мемлекет, яғни “бірінші толқынға” енген елдер (Польша, Венгрия, Чехия, Словения, Эстония) мен Еуропалық келіссөздерге қол қойған басқа да мемлекеттердің (Болгария, Литва, Латвия, Румыния, Словакия) қосылу жоспарын қолдаушылардың алғашқысы болды.
Германияда ЕО-қа ОШЕ елдерін қосу тарихи қажеттілік болып саналады.2000ж мамырында өзінің берлиндік сөз сөйлеуінде ГФР сыртқы істер министрлік басшысы Й.Фишер өз сөзінде сонау 1963ж өзінде-ақ Шуманның айтқан ойын негізге алды, яғни континент өзінің бытыраңқылығын жойып, Еуропа өзіне Шығыс елдерін қосқандағы алып келетін жетістіктерін айтты.3
ЕО-ның кеңею ГФР-ның сыртқы саясатының басты бағыты ретінде танылып, ГСДП-ның“Еуропалық Одақтың кеңеюі” бағдарламасында Еуропалық кеңею үдерісі қажеттілігінің негізі ретінде төмендегілер анықталды:
саяси негізі: ЕО саяси позицияда құралған, яғни тұрақтылық, демократия, адам құқығы және ұлттық азшылықты қорғау.ЕО-қа жаңа мүшелердің енуімен бұл зонадағы тұрақтылықты кеңейтуге жағдай жасалынады;
тарихи-мәдени негіз: Еуропаны “Шығыс” пен “Батыс”деп жасанды бөлуді жою қажет. Мысалы, Польша мен Венгрия елдері тарихи жағынан әрқашан саяси Еуропаға тән, ендігі жерде ол елдер Еуропалық интеграция жобасына қатысу мүмкіндігін алды. Ал бұрынғы Еуропалық елдер тұрғындары үшін еркін қозғалуда, сауда және шаруашылық жүргізуде кеңістігі кеңейе түседі;
экономикалық негізі: ЕО шамамен 100 млн адамға кеңейіп, 500 млн тұрғынды кеңістікті алып жататын болады. Сонымен қатар бүкіл әлемде ғаламдық бәсекелестіктің талаптарына керемет дайындалған ең үлкен біріккен нарық пайда болады. Үміткерлердің экономикалық потенциялы үлкен. Ал ЕО осы елдермен бірігуі арқылы өзінің нарығын кеңейтеді. Бұл бағдарламаны дайындауда келіспеушіліктерге толы болды. ГСДП қарсыласы ХДО бұл мәселеде ұстамды көзқараста болды, Бұл біріншіден, Германиядағы жұмыссыздық мәселесімен байланысты және де ОШЕ және Балтық елдерінен еңбек нарығына арзан жұмысшы күшінің ағылып келу қаупімен байланысты. Әрине ГСДП неміс халқының жұмысбастылық мәселесіне де үлкен көңіл бөліп отыр, бірақ бұл мәселе елдің ішкі тек мәселесі, ал ЕО-тың кеңеюі және онда Германияның белсенді қатысуы мемлекеттің әлемдік беделін одан әрі күшейте түседі деп санайды.
ГФР – ОШЕ елдерінің жетекші және дәстүрлі сауда-экономикалық серіктесі болып табылады. Қырғи-қабақ соғыс барысында Германия Шығыспен сауда қатынасын қысқарту есебінен бәрінен де бұрын экономикалық зардап шекті. Бірақ 70жж бастап ГФР-ның бұрынғы социалистік елдермен экономикалық байланыстары сәтті дамып, ұзақ және тұрақты сипатқа ие болды.
Социалистік блоктың құлаған соң ЕО-қа енуге-үміткер мемлекеттердің ең маңызды сауда серіктесіне айналды.
ГФР үшін 170 млн халқы бар бұл аймақ маңызды экономикалық, яғни өткізу нарығы ретінде қызықтырады.Федералдық статистикалық ведомствоның мәліметі бойынша Германияның сыртқы саудасының 10%-ын 13 үміткер ел есебіне келеді.(Польша, Румыния, Болгария, Чехия, Словакия, Словения, Кипр) Бұл елдердегі Германияның экспорты 1993 жылдан 2000 жылға дейін 39,9 дан 112,6 млрд. маркаға өсті, яғни 2,8 есе өскен. Оның бұл аймақтағы ең ірі сауда серіктесі болып Польша, Венгрия, Чехия болып табылады. Мысалы, Польшаға 2000ж Германияның үміткер-елдерге экспортының 25% келеді.1 Импорт көлемі де жылдан жылға өсе түсуде.
ЕО-тың Шығысқа қарай кеңеюі ГФР үшін белгілі дәрежеде табыстар, шығындар алып келуі мүмкін. Саяси жағынан, еуропалық континентке тұрақтылықтың күшеюіне байланысты Германияның Халықаралық беделі өсе түседі. Экономикалық жағынан, ГФР және жалпы қауымдастық та өзінің экономикалық мүмкіншілігін едәуір кеңейтеді.Үміткер елдердің экономикасының тиімді дамуына байланысты ЕО мен оның мүшелерінің бәсекелестік мүмкіншілігінің ғаламдық өсуіне жол ашылады. ГФР үшін тауар мен капитал экспорты үшін кепілденген нарықтың кеңею жетістігі ашылады және арзан жұмысшы күшін қолдануға мүмкіндік туады.
Яғни, Германия ОШЕ елдерімен тығыз қатынасты қолдай отырып, және де географиялық қолайлы жағдайда орналасқан ол үшін кеңею нәтижесі ЕО-тың басқа мүшелеріне қарағанда ұтымды жағдай екенін көреміз.
Екінші жағынан, ГФР-ның мойнына ОШЕ елдерінің Одаққа енуі үшін қажетті үлкен шығындар артылған. ЕО-тың Шығысқа кеңеюімен байланысты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ЕУРОПАЛЫҚ ОДАҚТЫҢ КЕҢЕУІ ЖЕТІСТІКТЕРІ МЕН ҚИЫНШЫЛЫҚТАРЫ
Еуропалық Одақтың кеңею проблемаларын және оған қатысты Францияның ұстанымындарын және жүргізіп отырған саясаты
Экономикалық Одақ жайлы
Еуропалық Одақ жайлы
Экономикалық интеграцияның алғышарттары
Кеңес одағының ыдырауынан кейінгі ТМД елдеріндегі интеграциялық байланыстардың жүзеге асуы
Еуропалық құқықтың құқықтық реттелуі
Толық экономикалық одақ
Бірікен ұлттар ұйымының жүйесі
Энергетикалық ресурстардың дамуындағы мемлекеттің рөлі
Пәндер