Іскерлік белсенділікті салықтық реттеу


Іскерлік белсенділікті салықтық реттеу
Мазмұны
Кіріспе 1-3
1. Іскерлік белсенділіктің әлеуметтік-экономикалық мәні
1. 1. Іскерлік белсенділік: мазмұны, өлшемі және бағалануы9-15
1. 2. Іскерлік белсенділікті мемлекеттік реттеу жүйесіндегі салықтардың орны және шетел тәжірибесі15-35
2. Салық салу жүйесінің іскерлік белсенділік деңгейіне тигізетін әсерін талдау
2. 1. Салықтардың ынталандырушылық қызметін талдау 36-41
2. 2. Қазақстанда іскерлік белсенділікті салықтық реттеу динамикасы41-72
3. Іскерлік белсенділікті реттеудің тиімді салық механизмін қалыптастыру мәселелері
3. 1. Тиімді салық механизмін құру қағидалары73-80
3. 2. Салық салуды жетілдіру арқылы іскерлік белсенділікті арттыру 80-106
Қортынды106-107
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі108-114
Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі. Қазіргі кезде жүзеге асырылып жатқан салық саясаты, сонымен қатар әлеуметтік-экономикалық үдерістерді басқару әдістері, іскерлік белсенділік түсінігінің теориялық жағынан негізделуінің жетіспеушілігі, оған салықтық әсер ету факторларының теориялық жағынан нақты зерттелмегендігі, кәсіпкерліктің дамуын ұстап отырғанын айғақтайды. Яғни іскерлік белсенділік ұғымының өзі жеткілікті теориялық өңделіп болмаған, ары қарай өңдеп, зерттеуді қажет етеін құбылыс бұл.
Маңыз аударатын мәселе, «іскерлік белсенділік» түсінігіне нақты бір анықтама жоқ, сондай-ақ іскерлік белсенділікті салықтық реттеу немесе іскерлік белсенділік - салықтық реттеудің тікелей немесе кері байланыс жүйесінде қарастырылмауы, олардың тиімділігін бағалаудың жоқтығы қазіргі таңда орын алып отырған өзекті мәселелердің бірі десек қателеспеспіз. Іскерлік белсенділік - салықтық реттеу жүйесінде даму реттеу проблемалары шешілмеген. Іскерлік белсенділікті арттыру үшін, біріншіден, салық саясатын жоғарыда аталған мақсатқа бағытталған, өзара байланысты және өзара негізделген шараларының кешені ретінде ұзақ мерзімге қалыптастыру (содан кейін жүзеге асыру) керек; екіншіден, салықтардың әлеуметтік және реттеушілік қызметтерін жүзеге асыру жүйесін күшейту керек.
Нарықтық экономика жолын ұстанған Қазақстан республикасының кәсіпкерлік қызметінің өркендеуіне қаржы қатынастарының, оның ішінде әсіресе салық салу жүйесінің әсерін бақылау өте күрделі жұмыс болып табылады. Қазақстан Республикасындағы қолданыстағы экономикалық реформалардың маңызды бағыттарының бірі үздік әлемдегі стандарттарға барынша жақын бизнестік ортаның, оның ішінде шағын және орта бизнестің өркендеуіне, осы саладағы іскерлік белсенділіктің артуына ықпал жасау.
Аталмыш бағыт «Қазақстан - 2030», Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі индустриалдық-инновациялық даму стратегиясының мақсат мүдделерімен үндестк табады. Экономикасы дамыған елдердің тәжірибесі дәлелдеп отырғандай, кәсіпкерліктің нығаюы экономикалық өсу, ғылыми -техникалық прогрестің қарқыны, нарықтық бәсекеге қабілетті тауарлар мен қызметтерге толығуы, жаңа жұмыс орындарының құрылуы, бәсекелік ортаның қалыптасуы тәрізді мәселелерді шешуде маңызды роль ақарады. Осы орайда нақты өндіріс саласындағы шағын және орта бизнес тәрізді экономиканың басым бағытын дамыту барысында қаржы әдістерінің алатын орны айтарлықтай. Демек нақты өндіріс саласындағы немесе экономиканың басқа салаларында болсын, шағын және орта бизнестің іскерлік белсенділігін арттыруда қаржылық әдістерді жетілдіру күн талабынан туындап отырған көкейкесті мәселелердің бірі.
Кәсіпорынның қызметінде салық қатынастары әлеуметтік-экономикалық ортасының маңызды құрамдас бөлігі болып келеді. Нарықтық шаруашылықтың бастауы мен дамуы кәсіпкерлік істің кеңюімен және нарық қатынастарының субьектілерінің санының артуымен байланысты. Бұл нақты салық төлеушілер санының өсуіне әкеледі. Осыған байланысты келесі проблема туындайды, яғни мемлекеттің кәсіпкерлер, инвесторлар және қызметкерлердің іскерлік белсенділігін арттыру арқылы кәсіпорынды жандандыру.
Салықтың әлеуметтік қызметі жеткілікті зерттелмеген, ең алдымен қызметкерлер, кәсіпкерлер және мемлекет мүдделерінің өзара әрекетінің тиімділігі ретінде зерттеулерді жалғастыруды талап етеді.
Іскерлік белсенділікті ынталандыратын салық салу механизмінің болмауы, экономикалық өсу үшін керекті салық ортасының қалыптаспағаны. Кәсіпкерлік істің дамуы үшін мемлекет саясатының болжамдылығы мен мөлдірлігінің негізі болатын салық салудың тұрақтылығы жоқ. Қолданылып жүрген салық салу бойынша құқықтық-нормативтік актілер күрделі және шиеленістірілген. Салық салу бйынша құқықтық-нормативтік актілер көптеген өзгертулерге ұшырайды.
Экономикалық өсудің маңызды факторы ретінде салық салу әлеуметтік-экономикалық ортасы терең іскерлік белсенділіктің дамуында маңызды рөл ойнайтындықтан ғылыми зерттеуді қажет етеді. Іскерлік белсенділік бұл экономикалық өсудің маңызды факторы болғандықтан, оған әсер ететін факторларды зерттеу өте маңызды. Осы ғылыми жұмыста экономикалық өсудің маңызды факторы ретінде іскерлік белсенділік қарастырылса, ал оған әсер ететін көптеген басқа факторлардың ішіндегі маңызды фактор салықтар қарастырылады.
Мәселенің өңделгендік дәрежесі. Әлемдегі көптеген экономист ғалымдардың еңбектерінде салық тақырыбы, оның маңыздылығы, қоғамның дамуындағы рөлі, экономикадағы алатын орыны кең және терең зерттелген. Сонымен бірге тәжірибеде теориялық жағынан қамтылған және батыс елдерінің үлкен тәжірибесіне негіз болған ғылыми зерттеулер жарияланып жүр. Салық салу проблемасы шетелдік (Б. Франклин, К. Воблан, Ш. Монтьеске, П. Прудон, А. Смит, Д. Риккардо. Д. Милль) және ресейлік (М. Алексеенко, Н. Тургенев т. б. ) ғылымдарды әрқашан осы мәселелерге зерттеулер жасаған, олар салықтардың табиғатын, салық салу қағидаларын қарастырып, зерттеген, олардың экономикалық қатынастарға бейімделуін қарастырған.
Е. Борисов, Т. Заславская, А. Виссарионов, В. Позняокв, О. Зайцев, Е. Мостовая сияқты Ресейдің ғалымдары Рейдің экономикалық даму перспективалары мен әлеуметтік генизтермен байланысты проблемаларды теориляық жағынан шешуді қарастырған.
Экономикалық тәртіпті басқару проблемалары жайлы ғылымды дамытуға О. Конт, К. Маркс, Э. Дюркгейма, А. Маршалл, Дж. Кейнс, А. Пигу және т. б. классикалық жұмыстар өз үлесін қосқан.
Өткен ғасырдың 20 ж. ж. экономикалық ғылым экономикалық өсу факторларына көп көңіл бөлген, сонымен қатар, іскерлік белсенділікке салық ортасы арқылы әсер етуге де зерттеулер жүргізіле бастаған. .
Кәсіпкерлік істің салық реттеуі П. Самуэльсон, К. Макконелл, С. Брю және т. б. шетел авторларының фундаменталдық жұмыстарында қарастырылған. Салық салу жүйесін оптимизациялауды және оның экономиканың дамуының тиімді механизміне айналуын қолдайтын А. Львов, С. Глазьева, А. Бачурина, Б. Пенькова, Т. Юткина сияқты ресейлік ғалымдардың жұмысы маңызды орын алады.
Экономикалық тәртіпті теориялық және практикалық түрден салықтық ынталандыру А. Гашимов, Л. Лыкова, Ю. Левад, Ф. Веселков және т. б. авторлардың жұмыстарында жақсы келтірілген.
Отандық экономист ғалымдардың салық салудың, салықтардың экономикаға әсерін зерттеушілердің ішінде тың еңбектерімен ерекшеленетін Б. Ж. Ермекьаеваны атап өту керек, сонымен қатар, М Оспановтың салықтар дың әсерін зерттеуге арналған, Г. Карагусованың, М. Арзаеваның және тағы басқа көптеген отандық ғалымдардың орасан зор еңбектерін қарастыруға болады. Аталған ғалым экономистердің еңбектері жұмыс барысында зерделенеді.
Жұмыстың мақсаты - іскерлік белсенділікті экономикалық өсу факторы ретінде салықтық реттеудің методологиялық негізі мен тәжірибелік бағыттарды ғылыми түрде негіздеу. Жұмыстың мақсатына жету үшін мынадай міндеттер қойылады:
1. іскерлік белсенділіктің бағалау көрсеткіші, критериилерді негіздеу және анализдің мазмұны;
2. іскерлік белсенділіктің деңгейіне салықтың әсерін талдау;
3. іскерлік белсенділікті шетел тәжірибесі негізінде салықтық ынталандыру;
- «Инновациялық белсенділік іскерлік белсенділіктің құрамдас бөлігі ретінде оған салықтардың әсерін талдау;
- жалпы жүйедегі салық салудың басыңқы бағыттары мен оның экономикалық өсуге әсерін анықтау.
Зерттеу обьектісі - Қазақстан экономикасындағы іскерлік белсенділікті салықтық реттеу жүйесі.
Зерттеу пәні - іскерлік белсенділікті салықтық реттеу сферасындағы қаржылық-экономикалық қатынастырдың жиынтығы.
Зерттеудің теорилық негізін экономист ғалымдардың қаржы теорияларына, экономикалық циклдарды мемлекеттік реттеу мен салық салу тероияларына арналған негізгі еңбектері, сондай ақ экономист ғалымдардың іскерлік белсенділіктің іске асу формалары мен мәніне арналған еңбектері, салық саясаты бойынша қаржыгерлердің аналитикалық жұмыстары қалайды.
Диссертацияда Қазақстан Республикасы Салық комитетінің нормативтік құжаттары мен инструктивтік материалдар, сонымен қатар ғылыми конференциялар мен кезеңдік баспалар материалдары кеңінен қолданылды. Алға қойылған мақсаттарға жету барысында жылдық, тоқсандық есептіліктері және жедел ақпараттары, сонымен бірге осы қарастырылып отырған мәселеге тиесілі шеңберіндегі арнайы материалдарға, жалпы экономикалық және құқықтық әдебиеттерге жүгініп негізделінген.
Зерттеудің методологиялық базасы болып, экономикалық көріністерді және олардың дамуы мен өзара байланысын қарастыратын диалектико-аналитикалық тәсіл, салыстырмалы-аналитикалық және экономика-статистикалық тәсіл, жүйелік анализ әдісі, нақты көріністер мен үдерістердің салыстырмалы анализі табылады.
Диссертациялық зерттеудің ғылыми жаңалығы келесіде жатыр:
1. Реформаланып жатқан экономикадағы іскерлік белсенділік динамикасының ерекшеліктері мен мазмұны және оның критериилары мен бағыттары көрсетілген. Іскерлік белсенділік макро және микро деңгейде бағытталған экономикалық қатынастар субъектілерінің шаруашылық қызметтерін басқару процесі ретінде қарастырылады. Ол экономикалық қатынастардың өсуіне, қоғамның әрбір даму кезеңінде нарықтық бәсекелестікті өсіру және шаруашылық субъектілері мен жалпы алғанда мемлекеттің қазіргі заманғы инновациялық-инвестициялық потенциялын көтерудің негізінде экономикалық өсуге, ең жоғары шаруашылық нәтижелерге қол жеткізу үшін ресурстардың барлық түрлерін тиімді қолдану мен жұмысбастылықты жоғарылатуға бағытталады.
2. Шетелдік ғалымдардың іскерлік циклды қарастыруларының негізінде іскерлік цикл, іскерлік белсенділік ұғымына анықтама қалыптастырылды. .
3. Қазақстан республикасының индустриалды-инновациялық даму жағдайында шағын және орта бизнестің белсенділігін арттырудағы қаржылық-несиелік әдістерді жетілдіру жолдарын бағалау барысында талдауға алынған кәсіпкерлік субъектілеріне түсетін салық ауытпалығы, оларды қолдаудың жаңа нысандары талданады.
4. Іскерлік белсенділікті активизациялау жолдары анықталған: өндірістік үдерістегі салық салу обьектілерінің экономикалық рөліне байланысты салық салу базасын қалыптастыру және салық ауыртпалылығын дифференциациялау мен төмендету; кәсіпкерлік белсенділіктің дамуына жағымды әсер ететін жаңа салық ортасын қалыптастыру, салық механизмін қалыптастыруда жаңа инновациялық тенденцияларды жүзеге асыру.
Қорғауға жіберілетін диссертацияның негізгі ережелері:
1. Іскерлік белсенділіктің өсуі факторлары мен оның әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктерін талдау оны іске асырудың кешенді механизм қалыптастыру керектігін, оны іскерлік белсенділіктің сапалық мазмұнымен және ұлттық экономика деңгейінде, жеке және кәсіпорындар деңгейінде қарастыру керек. Іскерлік белсенділіктің осы үш деңгейінің өзара байланысы экономикалық өсуге қарқын береді.
2. Іскерлік белсенділікке салықтардың әсері, салықтардың реттеушілік, ынталандырушылық қызметтері негізгі әсер етуші факторлар ретінде қарастырылады және шағын және орта бизнестің іскерлік белсенділігін, оған түсетін салықтық ауыртпалықты анықтау.
3. Іскерлік белсенділікті ынталануын қамтамасыз ететін салық механизмінің қағидалары мен критериилері негізделген. Оның негізінде мемлекет, кәсіпорын және қызметкерлердің мүдделерінің балансы жатыр, олардың интегралдық үйлесуі, табыс деңгейіне байланысты салықтардың алынуы, ставкалардың дифференциациялары, өндірістің тиімділігінің өсуіне бағытталуы жатыр.
4. Салық салудың өзара байланыстылығы мен өзара тәуелділігінің даму бағыттары мен приориттетік формалары анықталған. Бұл өз кезегінде экономикалық өсуде іскерлік белсенділіктің рөлін арттырады. Өндірістік үдерістің инновациялық-инвестициялық мазмұнына сәйкес кешендік дамуын қамтамасыз ететін, салық салудың ұйымдық құрылымы мен салық жүйелерінің тиімділігін қолдану қажеттілігі дәлелденген. Инновациялық белсенділікке салықтық жеңілдіктер қарастырылған.
Зерттеудің тәжірибелік маңыздылығы. Жұмыстың қортындылары мен ұсыныстары жаңа салық механизмін құру негізінде салық жүйесінде құрылымдық өзгерістердің қалыптасуында қолданылуына болады. Бұл салық механизмдері экономикалық өсудің кешенді факторы ретінде шаруашылық жүргізуші субъектілердің іскерлік белсенділігінің жоғарылауына оң әсер ететін фактор ретінде қарастырылуы керек.
Зерттеудің нәтижелерін байқаудан өткізу. Диссертацияның негізгі ережелері мен қорытындылары ғылыми және халықаралық конференцияларда байқаудан өтті: «Национальная конкурентоспособность Казахстана: Теория, Практика, перспективы» Материалы Международной научно-практической конференции, посвященной 15-летию независимости республики Казахстан. 7-8 декабря 2006 г. - Алматы: Қазақ университеті, 2006, «Проблемы становления Национальной Инновационной Системы И Развитие Научного Потенциала Экономики Казахстана» Материалы Международной научно-практической конференции. 16 мая 2007г. - Алматы: КазНПУ имени Абая, 2007, «Состояние И Перспективы Конкурентоспособности Экономики Республики Казахстан: Современная методология Промышленного Маркетинга, Финансирования И Управления» Материалы Международной научно-практической конференции. 10-13 октября 20007 г. - Алматы: КазНТУ, 2007, Известия вузов. - Кыргызстан. -2007. - № 1-2., ҚазҰУ хабаршысы. - Алматы. -2007- № 5., ҚазЭУ хабаршысы. -Алматы- 2007. -№5 ҚазҰУ хабаршысы. -Алматы. -2007. -№ 5., жұмыс мазмұны ҚазҰУ «Экономика жіне бизнес» факультетінің «Менеджмент» кафедрасында талқылаудан өтіп оң бағасын алды,
Диссертацияның құрылымы зерттеудің жалпы концепциясымен, мақсатымен және міндеттерімен анықталады және кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттерден тұрады.
1. Іскерлік белсенділіктің әлеуметтік-экономикалық мәні
1. 1. Іскерлік белсенділік: мазмұны, өлшемі және бағалануы.
Жиырмасыншы ғасырда экономикалық ілім әлеуметтік-экономикалық қатынастардың ерекше категориясы болып табылатын іскерлік белсенділік ұғымына аса көңіл бөлмеген. Бұл ұғымның болуына қарамастан, іскерлік белсенділіктің біраз аспектілері терең қарастырылмаған. Дегенмен, нарықтық жүйелердің дамуын зерттеу адамзат пен әлемдік шаруашылықтың дамуы барысында іскерлік белсенділік біраз өзгерістерге ұшырағанын және шешуші роль атқарғанын көрсетеді.
Іскерлік белсенділік нарықтық экономиканың дамуының белсенді қозғаушы күші болып табылады. Тиімді нарықтық қатынастарды, әсіресе экономиканың негізгі салаларында қалыптастыру үшін іскерлік белсенділіктің жоғары деңгейіне қол жеткізу керек. Осыған байланысты іскерлік белсенділікті макро және микро деңгейлерде экономикалық өсудің факторы ретінде қарастыру керек.
Қазіргі таңда іскерлік белсенділіктің қалыптасу факторлары, себеп-салдарлық байланыстары мен әлеуметтік-экономикалық дамудағы ролі ашып қарастырылмаған.
Іскерлік белсенділіктің көп аспектілі сипаты, оның экономиканың әртүрлі салаларындағы өзіндік көрініс табуы тиісті деңгейде ескерілмейді.
Нарықтық экономика жағдайында іскерлік белсенділіктің заңдылықтары мен өзгеру тенденциялары жан жақты және терең қарастырылмаған. Нарық шаруашылығының субъектілерінің іскерлік белсенділігі экономикалық зерттеулердің маңызды бағыты болып табылады.
Отандық әдебиеттерде «іскерлік белсенділік» категориясы ғылыми түрде тіптен талданбаған. Ресей ғалымдары біршама талдаулар жасаған. Кәсіпкерлердің іскерлік белсенділігін себеп салдарлық байланыстарда толық жиынтығымен зерттеулер жүргізілмеген. Дегенмен интегралды іскерлік белсенділік (ұлттық экономика деңгейінде) пен ұйымдар мен жекелеген шаруашылық субъектілерінің іскерлік белсенділігінің арасында тығыз байланыс бар. Мемлекет экономикасының даму процесін шаруашылық субъектілерінің өзара іскерлік әрекеттерінің мультипликатипті нәтижесі деп қарастыруға болады.
Көптеген экономистер іскерлік белсенділікті тек қана микро деңгейде ғана қарастырады, оның зерттелуін экономикалық талдаудың маңызды бағыты деп және шаруашылық тәжірибенің маңызды міндеті деп қарастырады. Іскерлік белсенділікті зерттеушілердің арасында бұл ұғым анықтамасы мен мазмұны туралы біріңғай пікір жоқ. Остапкович Г. В. іскерлік белсенділікті кәсіпорынның шаруашылық қызметінің интенсивтілігін көрсететін сандық сипаттамалардың жиынтығы және қолда бар ресурстар мен потенциалды тиімді пайдалану деп қарастырады. /1, 38б. /
Краюхин Г. А. болса іскерлік белсенділік кәсіпорынның қызмет нәтижесін көрсететін өндіріс көлемі, өнімдерді өткізу, өнімнің бәсеке қабілеттілігінің жоғарылауының және т. б. көрсеткіштердің оң динамикасымен анықталады деп санайды. /2, 159б. /
Белявский И. К. іскерлік белсенділікті келісім шарттардың санымен, олардың динамикасымен, тапсырыс портфелінің жағдайы мен толтырылуы арқылы анықталатын нарықтық құбылыс ретінде қарастырады. /3, 47. /
Ковалев В. В. іскерлік белсенділік негізгі өндірістік қызметтің тиімділігі мен нәтижесін сипаттайды дейді. Бір типті, біріңғай кәсіпорындардың қызметін салыстыру нәтижесінде іскерлік белсенділікті сапалық деңгейде бағалауға қол жеткізеді. /4, 576б. /
Белявский И. К., Кулагин Г. Д. , Коротков А. В. және басқалары тауар айналысы динамикасының көрсеткіштері іскерлік белсенділіктің басты сипаттамаларының құрамына кіреді деп қарастырады. /2, 251б. /
Раицкий К. А. қаржылық жағдай кәсіпорынның тұрақтылығының және іскерлік белсенділігінің маңызды көрсеткіші деп санайды. Қаржылық жағдай кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін, іскерлік серіктестікте оның мүмкіндіктері мен потенциалын анықтауға мүмкіндік береді және шаруашылық қызметтің барлық қатысушыларының экономикалық мүдделері қаншалықты қамтамасыз етіліп жатқанын анықтауға мүмкіндік береді /5, 693б. /.
Моисеева Н. К. және Конышева М. В. іскерлік белсенділік деп өндірістік өткізу жүйесінің экономикалық өсуіне ықпал ететін әрекеттердің жиынтығын қарастырады. /6, 22-34б. /
Жоғарыда аталған авторлар шаруашылық субъектілеріне қатысты «іскерлік белсенділік» категориясына анықтама беруге тырысқан. Біздің ойымызша ұйымның іскерлік белсенділігін экономикалық қатынастар субъектілерінің шаруашылық қызметін макро және микро деңгейде тиімді басқаруға ынталандырылған процесс деуге болады, бұл процесс шаруашылық қызметті дамытуға, еңбекпен қамтуды өсіруге, нарықтық бәсекеге қабілеттілікке қол жеткізу мақсатында ресурстардың барлық түрін тиімді қолдану және нарық қатынастары мен жалпы ұлттық экономика субъектілерінің инновациялық, инвестициялық потенциалын қалыптастыруға бағытталады.
Іскерлік белсенділік материалды, еңбек, қаржылық және басқа да ресурстардың қолданылуының тиімділігін көрсетеді, сонымен қатар ұйымның потенциалды даму мүмкіндіктері мен басқару сапасын сипаттайды.
Соңғы жылдары іскерлік белсенділікті бағалауға іскерлік циклдың сапалық сипаттамасы ретінде біріңғай методологиялық тұрғыдан қаралуда, бұл қызмет ауқымы динамикасында ресурстардың тартылып, қолданылуында көрініс табады. Іскерлік цикл іскерлік белсенділіктің циклдық кезеңін білдіреді. Нарық конъюнктурасы шаруашылық қызметтің көрсеткіші ретінде іскерлік белсенділік аясының тарылуымен немесе кеңеюімен анықталады. Іскерлік белсенділіктің кеңеюі өндірістің өсуі және жаңа контрактілер, тұтыну сұранысының өсуі арқылы көрінеді. Нәтижесінде нарық сыйымдылығы артып, тауарлар мен қызметтер көлемі өседі.
Экономика дамуының белгілі бір кезеңінде іскерлік белсенділік аясы тарылады: сауда мәмілелері азаяды, қолма қол және несие арқылы есеп айырысатын сауда операцияларының көлемі азаяды. Нәтижесінде тауарлар мен қызметтер өндірісі қысқарады.
Өндіріс көлемі азайғаннан кейін ұзақ «тоқырау» кезеңі басталады. Тауарлар мен қызметтер өндірісінің өсуі, одан кейін төмендеуі, депрессия, соңында оның қайтадан өсуінен тұратын уақыт интервалы іскерлік белсенділік дамуының циклын көрсетеді.
АҚШ-тың статистика және экономикалық зерттеулер бойынша Ұлттық бюросының анықтамасы бойынша бизнес циклдер экономикалық қызметтердің кеңеюі мен тарылуының толқындарынан тұрады, олар қайталанып тұрады, бірақ мерзімді емес (периодичный) . Олар ұзақтығы мен интенсивтілігі жағынан әртүрлі болады, кәсіпкерлік қызметтің көптеген түрлері үшін бір жылдан он екі жылға дейін болады /7, 8б. /.
Макроэкономикалық деңгейде анық циклдық толқыныстар көрінеді, яғни өсу мен төмендеу жағдайларының үнемі ауысып тұруы. Олардың бас кезінде дамудың әр түрлі деңгейлері болады, олар әр түрлі ұзақтықта, тереңдікте және формаларда жүзеге асады. Бірақ көптеген циклдар процесінде көп ұқсастықтар табуға болады және олардың әр қайсысында бір біріне ауысып отыратын кезеңдерін көруге болады. Оларды іскерлік белсенділіктің фазалары немесе экономикалық циклдың фазалары деп атайды. Олардың төрт фазасы бар: көтерілу, өте жоғары көтерілу (бум), қысқару және төмендеу немесе құлдырау.
Экономиканың толқынды қозғалысы туралы ойды он тоғызыншы ғасырдың екінші жартысында Виллар Виллипс айтқан болатын. Американ экономисі әрі әдебиетшісі ойын былай келтіреді: «іскерлік әлемде өзінің өрлеу және төмендеу кезеңдері болып тұрады, осыған қарай өндірісті кейбір уақыттарда тежеп, дағдарыстың алдын алса қоғам да аз зардап шегер еді»/8, 306б. /. 1983 жылы ағылшын Джон Вейд (Орта және жұмыс кластарының тарихы) «сауда циклы» терминін, өрлеу және дағдарыс ұғымдарын қолданды. Ол сауда циклы бес, жеті жыл болады және өрлеу мен дағдарыстың алмасуы өткен жетпіс жылдың ішінде болып отырған дейді /9, 10б. /.
1837 жылы Самуель Джонс Ллойд циклды былай түсіндірген: «біз сауда жағдайы деп атайтын құбылыстың тарихы мағыналы (поучительно), бұл құбылыс қайталанып отыратын әр түрлі жағдайларға тап болып отырады, сауда циклдың берік орналасқан формасында айналады». Алғашқыда біз оны баяу жағдайында байқаймыз, одан кейін жақсару жағдайында - сенімнің артуы- гүлдену- толқу(возбуждение) - өте кеңеюі - қобалжу(потрясение) - қысылуы (угнетенность) -тоқырау- құлдырау(бедствие) /10, 11б. /
1925 жылы Н. Д. Кондратьев экономикалық циклдар концепциясын тұжырымдады. Ол конъюнктураның үш үлкен циклының, конъюнктураның, төмендеу мен өсу толқындарын, олардың уақыты мен интенсивтілігін және шамамен жарты ғасырда алмасып отыратындығын көрсеткен. И Шумпетер, Г. Менш, Я. Ван Дейн, А. Кляйнкнехт және басқа да ғалымдардың зерттеулері ірі жаңалықтарда (изобретения), базистік жаңа енгізулерде, өнеркәсіп динамикасында толқындық қозғалыстардың (волнообразные колебания) болатынын дәлелдеген. Кондратьев осы мәселелерді зерттей келе үлкен экономикалық циклдарды дамытуда төрт дұрыс мәселені көрсетеді:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz