Қазақ мемлекетінің құрылысы және оның дамуындағы ерекшеліктер


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 290 бет
Таңдаулыға:   

«Интеллектуал - Парасат»

заңгерлік компаниясы

Әлдибеков Жапар Смайылұлы

XVII ғасырдың соңғы ширегі XVIII ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ мемлекеттігі мен құқығының дамуы

12. 00. 01 - Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы; құқықтық және саяси ілімдер тарихы

Заң ғылымының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация

Ғылыми кеңесші

ҚР ҰҒА-ның академигі,

заң ғылымдарының докторы, профессор

Зиманов Салық Зиманұлы

«Интеллектуал - Парасат»

заңгерлік компаниясы

Әлдибеков Жапар Смайылұлы

XVII ғасырдың соңғы ширегі XVIII ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ мемлекеттігі мен құқығының дамуы

12. 00. 01 - Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы; құқықтық және саяси ілімдер тарихы

Заң ғылымының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация

Ғылыми кеңесші

ҚР ҰҒА-ның академигі,

заң ғылымдарының докторы, профессор

Зиманов Салық Зиманұлы

заңгерлік компаниясы

Әлдибеков Жапар Смайылұлы

XVII ғасырдың соңғы ширегі XVIII ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ мемлекеттігі мен құқығының дамуы

12. 00. 01 - Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы; құқықтық және саяси ілімдер тарихы

Заң ғылымының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация

Ғылыми кеңесші

ҚР ҰҒА-ның академигі,

заң ғылымдарының докторы, профессор

Зиманов Салық Зиманұлы

Алматы, 2006 «Интеллектуал - Парасатзаң

Әлдибеков Жапар Смайылұлы

XVII ғасырдың соңғы ширегі XVIII ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ мемлекеттігі мен құқығының дамуы

12. 00. 01 - Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы; құқықтық және саяси ілімдер тарихы

Заң ғылымының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация

Ғылыми кеңесші

ҚР ҰҒА-ның академигі,

заң ғылымдарының докторы, профессор

Зиманов Салық Зиманұлы

«Интеллектуал - Парасат»

заңгерлік компаниясы

Әлдибеков Жапар Смайылұлы

XVII ғасырдың соңғы ширегі XVIII ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ мемлекеттігі мен құқығының дамуы

12. 00. 01 - Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы; құқықтық және саяси ілімдер тарихы

Заң ғылымының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация

Ғылыми кеңесші

ҚР ҰҒА-ның академигі,

заң ғылымдарының докторы, профессор

Зиманов Салық Зиманұлы

Алматы, 200Мазмұны

Белгілеулер мен қысқартулар 3

Кіріспе 4

1 XVII ғасырдың соңы XVIII ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ мемлекетінің жағдайы, саяси аХуалы және оның әлеуметтік-құқықтық дамуы

1. 1 Зерттеу тақырыбына қатысты тарихи-құқықтық деректер және оның қайнар көздері 21

1. 2 Қазақ мемлекетінің нығаю, өрлеу кезеңіндегі ішкі-сыртқы жағдайы және оның тарих сахнасындағы алатын орны 31

1. 3 Халқының қоныстану ерекшелігі: этнографиялық құрамы,
этникалық-тайпалық құрылымы және оның территориялық
байланысы 54

1. 4 Қазақ хандығының әлеуметтік, рухани және құқықтық дамуының ерекшеліктері. Қазақ әдет-ғұрып заңдарының маңызды ескерткіштері - Қасым ханның «Қасқа жолы» Есім ханның «Ескі жолы» құқықтық жүйесінің қазақ мемлекетінің қоғамдық-саяси өміріндегі және құқықтық мәдениетті қалыптастырудағы орны 69

2 Қазақ мемлекетінің құрылысы және оның дамуындағы ерекшеліктер

2. 1 Қазақ мемлекетінің қоғамдық-саяси құрылысы: патрономия және ел басқару құрылымы, әлеуметтік жіктелу (стратификация), қоғамдық
қатынастар 95

2. 2 XVII ғасырдың cоңғы ширегі - XVIII ғасырдың алғашқы жартысындағы қазақ хандығы: әлеуметтік-экономикалық қатынастар және ішкі-сыртқы байланыстарының қалыптасу мәселелері 130

2. 3 Қазақ хандығының Цинь империясымен, Жоңғар мемлекетімен арадағы саяси - мемлекетаралық қатынастар мәселесі 144

2. 4 XVII-XVIII ғасырлардағы қазақ-ресей мемлекетаралық қатынастарының қалыптасуы мен даму ерекшеліктері 176

2. 5 Кіші жүз, Орта жүз хандықтарының Ресей империясының қол астына қарауының саяси-құқықтық астары 194

3 Қазақ құқығының көздері мен ерекшеліктері. Қазақ әдет-ғұрып құқығының ел басқару және хандық билікті қалыптастырудағы тарихи орны

3. 1 Қазақ халқы мен мемлекеті құқығы тарихының және бастауларының жалпы сипаттамасы 215

3. 2 Тауке ханның (1680-1715) мемлекет және құқық саласындағы реформаторлық қызметі 232

3. 3 Қазақ мемлекетінің билік және басқару органдары жүйесінің ерекшеліктері 255

3. 4 Дәстүрлі қазақ қоғамындағы билер институтының қалыптасу даму кезеңдерінің сипаттамасы, тарихи сабақтастығы және билердің әлемдік
маңызы 275

Қорытынды 301

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 309

Белгілеулер мен қысқартулар

АВПР - Архив Внешней политики России - Ресейдің сыртқы саясат мұрағаты.

Спб - Санкт-Петербург - Санкт-Петербург.

ЦГА РК- Центральный Государственный Архив Республики Казахстан - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық мұрағаты.

ЦГИА РФ - Центральный Главный Исторический Архив Российской Федерации - Ресей Федерациясының Орталық Бас тарихи мұрағаты.

КазФАН - Казахский филиал Академии наук - Ғылым Академиясының қазақ филиалы.

ИРГО - Императорское Российское Географическое Общество - Императорлық Ресей Географиялық қоғамы.

СОИРГО - Северное отделение Императорского Российского Географического общества - Императорлық Ресей Географиялық қоғамының Солтүстік бөлімшесі.

Архив ЛОИИ - Архив Ленинградского отделения института истории - Ленинград тарих институты бөлімшесінің мұрағаты.

ЦГАДА - Центральный Государственный Древних Актов - Ежелгі Актілердің Мемлекеттік Бас мұрағаты.

Нар. ГПБ - Народная Городская Публичная Библиотека - Қалалық Орталық көпшілік кітапханасы.

Архив АН РФ - Архив академии Наук Российской Федерации - Ресей Федерациясы Ғылым академиясының мұрағаты.

ЦГА Оренбургской области - Центральный Государственный Архив Оренбургской области - Орынбор облыстық Орталық Мемлекеттік мұрағаты.

«Алдаспан» - XV-XVIII ғасырлардағы қазақ ақын - жырауларының жинағы.

МОП - Материалы обычного права - Әдет-ғұрып құқығының материалдары.

МИКХ - Материалы по истории казахских ханств - Қазақ хандықтары тарихының материалдары.

Кіріспе

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Диссертациялық еңбек әлі де болса, кешенді түрде толық зерттелмеген XVII ғасырдың соңғы ширегі мен XVIII ғасырдың алғашқы жартысындағы қазақ мемлекеттігінің және оның саяси-құқықтық даму тархындағы аса бір маңызды, әрі күрделі, әрі қарама-қайшылықты дәуірді бастан кешкен кезеңді жан-жақты зерттеуге арналады. Атап айтқанда, осы кезеңдегі қазақ мемлекеттігінің ішкі-сыртқы жағдайын, оған әсер еткен халықаралық ахуал және оның әлеуметтік-экономикалық, құқықтық дамуының өзекті мәселелері, қазақ қоғамының тарих сахнасындағы алған лайықты орнын бейнелейтін, яғни оның нығаю, өрлеу тіпті дағдарысты кезеңіндегі жалпы жағдайына байланысты өзекті мәселелері әр мазмұндағы тарихи-құқықтық деректерді қолдану арқылы жан-жақты сипатталады. Зерттеуімізде ұлттық мемлекетіміздің сол кезеңдегі қоғамдық-саяси құрылымына тікелей қатысы бар халықтың қоныстану ерекшелігі, этнографиялық құрамы, этникалық-тайпалық құрылымы және оның ішкі территориялық байланысы тұрғысындағы маңызды мәселелері де кешенді түрде сарапталып көрсетіледі. Зерттеліп отырған кезеңдегі қазақ мемлекетінің және құқығының құрылымы мен оның дамуындағы ерекшеліктері әр түрлі дереккөздер негізінде, әр қилы пікірлер аясындағы түсініктер, тұжырымдамалар салыстырылып, сараптала отырып, сол дәуірдегі қазақ хандығының қоғамдық-саяси құрылымының негізгі өзегі болып есептелген - патрономия және ел басқару үрдісі, әлеуметтік жіктелу (стратификация) қоғамдық қатынастар жөніндегі өзекті мәселелер жан-жақты талданады.

Зерттеу еңбегінде қазақтың Ата заңдарының бастауларына, тарихи даму ерекшеліктеріне және оның мемлекеттілікті, хандық билікті, ел басқаруды қалыптастырудағы маңызды тарихи роліне ғылыми негізде жан-жақты талдау жасалып сипаттама беріледі. Қарастырылып отырған кезеңдегі қазақтың Ата заңдарын жаңа құндылықтармен толықтырып, одан әрі жетілдіріп, бір жүйеге түсіріп, мемлекеттің ортақ заңы ретінде қалыптастырып, жаңашылдық танытқан әйгілі Тәуке ханның мемлекет және құқық саласындағы реформаторлық қызметіне, оның шығарған заңдарының қазақ мемлекетінің билік және басқару органдары жүйесіне тигізген құқықтық реттеушілік ықпалының ерекшеліктеріне, яғни дәстүрлі қазақ қоғамындағы билер институтының даму, қалыптасу тарихының кезеңдері жан-жақты зерделеніп, оның қазақ халқының қоғамдық-саяси және рухани өміріндегі үлгі-өнегелік ролі, әлемдік деңгейдегі мән-маңызы нақты дереккөздер негізінде дәлелденіп көрсетіледі.

Диссертациялық зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақ халқы өзінің сан ғасырлар бойы қилы-қилы тарихи даму кезеңінде әлемдік өркениеттің көшінен қалмай өзіне ғана тән дала демократиясының негізіндегі ұлттық мемлекеттігін құрып, оның әлеуметтік-саяси, құқықтық-рухани құндылықтарын қалыптастырып, жетілдіріп келесі ұрпаққа жеткізіп, өрлігіміз бен елдігімізді аяққа таптатпау үшін жанқиярлықпен күрескен ауыр әрі абыройлы өткен тарихи жолдарымызды мақтанышпен айта аламыз.

Ғасырлар көшімен ілесе, бірге дамып жоғарғы деңгейге көтерілген көшпелі өркениетіміздің басты белгілері болып саналатын мемлекеттігіміздің, оның әлеуметтік-саяси құрылымы, құқықтық-рухани саладағы бастаулары, билік пен басқару жүйесіндегі өзімізге ғана тән билер институтының, хандық биліктің қалыптасуы, дамуы, қазақ қоғамының сыртқы әлеммен байланысы, ірі қайраткерлеріміздің тарих сахнасына шығуы тағы басқа өзекті мәселелер - кейбір реакцияшыл пиғылдағы зерттеушілердің «көрсеткеніндей тек тарихи аңыз ретінде ғана болған жоқ, қарастырылып отырған кезеңдегі өмір шындығының, өрісінің нақты әрі нағыз көрінісі болды. Осы тұрғыдан Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев өзінің «Тарих толқынында» атты еңбегінде: «егер біз мемлекет болғымыз келсе, өзіміздің мемлекеттігімізді ұзақ уақытқа меңзеп құрғымыз келсе, онда халық руханиятының бастауларын түсінгеніміз жөн» [1, 296 б. ], - деп атап көрсетті.

Қазақ халқы өз алдына мемлекеттік егемендік алған жиырма жылға жуық уақыттың ішінде саяси-құқықтық және рухани өркендеуімізде бірқатар оңды өзгерістер болды. Осы уақытқа дейін отандық тарих сахнасынан өшірілген немесе жоғалтып алуға шақ қалған асыл мұраларымызбен қайта табысудамыз. Ұлттық тарихымыздағы, мемлекеттігіміздегі рухани асыл қазыналарымызды қайта жандандырудамыз. Рухани өркендеуіміздегі жаңаша сипаттағы оңды өзгерістердің бірі зерттеуші-ғалымдардың, жалпы халықтың ойлау жүйесінің жаңғыруы дер едік. Соның нәтижесінде уақыт талабына сай зерттеушілер де, қазақ халқы да өздерінің ұлттық мемлекеттігінің тарихына, құқықтық-рухани бастауларының құндылықтарына, еліміздің өткен өміріндегі басты орын алған ерекше тұлғалардың өмірі мен қызметіне жаңаша көзқараспен қарап бағалай бастады. Кеңес дәуірі кезінде ұлттық тарихымызды еркін зерттеп шынайы нәтижесін жариялауға сол кезеңдегі таптық идеологияға байланысты мүмкіндік болмаған еді. Мұндай жұмыстарға қатаң шектеу қойылып, ондай еңбектердің авторларын социализм қағидаларынан «алшақтап» кеткені үшін «ескілікті көксегені», тіпті «ұлтшыл» деп айыптауға дейін барып отырған. Бұл тақырыптар бойынша шектеулер болғанына қарамастан, деңгейде зерттеулер жүргізілді. Аталған еңбектердің көпшілігінде қазақтың көшпелі қоғамының мемлекеттігі жоққа шығарылып немесе бұрмаланып көрсетіліп, әдет-ғұрып құқығы өткеннің сарқыншағы, патриархалды-феодалдық қоғамның қалыптасу көрінісі деп бағаланған болса да, олардың танымдық маңызын ешкім жоққа шығара алмайды.

Осы тұрғыдан диссертациялық зерттеу еңбегіміздің жалпы концепциясы қарастырылып отырған кезеңнің негізгі өзегі болып табылатын қазақ мемлекеттігі мен құқығының, оның басқару жүйесінің және хандық биліктің, билер институтының қалыптасу, даму, өркендеу мәселесіне қатысты патшалық империя дәуірінде бастау алып, кеңестік-тоталитарлық режимнің коммунистік идеологиясының үстемдік құруы кезінде одан әрі өзінің жалғасын тапқан, «қазақтарда ешқандай ұлттық мемлекет болған емес, мемлекеттік құрылыстың тек қана жеке элементтері ғана кезедеседі, оның өзі бірыңғай құрылым болған жоқ, әрбір ру-тайпа, өз бетімен өмір сүрді, қазақтар бір-бірімен қырқысып бытыраңқылықта болды, бей-берекет көшіп жүрді, халқы жаппай сауатсыз болып, қайыршылықта өмір сүрді, яғни қазақ ешқандай бірыңғай, біртұтас хандық (мемлекет) құрған жоқ» [2, 76 б. ], деген ұлттық намысымызға тиетін, сыңаржақ, реакцияшыл пікірлерге тың тарихи деректер, жаңаша көзқарастар тұрғысында тойтарыс беріп, оларды теріске шығаруға бағытталған. Соңдықтан қарастырылып отырған кезеңдегі дәстүрлі қазақ қоғамындағы мемлекеттіліктің жоғарыда көрсетілген көкейкесті мәселелерін жаңа концепциялық негізде, тың дереккөздерді қатыстыра отырып, жаңаша көзқараспен ғылыми талдаудан өткізіп, өз ой-тұжырымдарымызды негіздеп, шынайы, объективті бағасын беру өзекті мәселе деп қараймыз.

Халқымыздың дербес ұлт және мемлекет ретінде қалыптасқан ұзақ әрі күрделі кезеңді бастан кешкен даму процесінде қазақтың ата заңдарының (құқығының) бастаулары мен тарихи даму үрдісі қазіргі кезеңдегі заңтану ғылымындағы іргелі мәселелердің бірі болып қалып отыр. Өйткені, ол қазақ халқының қоғамдық - саяси тарихының маңызды құрамы болып қалыптасқан, дәстүрлі қазақ мәдениеті мен өркениеті саласында аса маңызды әрі салмақты орны бар ауқымды сала. Соңдықтан дәстүрге бай қазақ Ата заңдарының бастауларын оның жүріп өткен тарихи жолын жан-жақты ғылыми тұрғыдан зерделеп, сараптан өткізіп, талдау жасап, барымызды байыптап, жоғымызды мүмкіндігінше түгендеу, жалпы құқықтану ғылымының, оның ішінде диссертациялық зерттеуіміздің алдында тұрған келелі де өзекті мәселелердің бірі деп сипаттауға толық негіз бар. Осы тұрғыдан бұл мәселенің өзектілігі жөнінде әйгілі зерттеуші - академик С. З. Зимановтың: «Негізгі қайнар көзі Ұлы даланың әдет-ғұрып жүйесі, мәдени дәстүрлі болып табылатын қазақтың ата заңдары қаншама ғасырлар бойы тікелей және жанама түрде әр түрлі мемлекеттер тарапынан қысым көріп, олардың идеологиясының әсерін сезінсе де таңқаларлық өміршеңдігін көрсетті. Ұлан байтақ қазақ даласында болған өзгерістер мен төңкерістерге қарамастан сақталып, өзінің бастапқы «мәйегін» жоғалтпаған қазақ құқығының өміршеңдігін, оның негізгі құрылымының өзегі табиғи еркіндік, өнегелік идеяларымен үндестікте болуымен түсіндіруге болады [3, 38 б. ], - деген салиқалы пікірін толық қолдауға болады.

Қазіргі төрткүл дүниеде өзінің ұлттық заңы болмаған, ұлттық құқығының тарихы болмаған бірде-бір мемлекет жоқ. Осы тұрғыдан ұзақ әрі бай тарихы бар қазақ қоғамы да өзінің ұлттық құқығы, заңы бар және оның терең тарихы бар мемлекет болды. Бірақ, елімізде осыған дейінгі кезеңде ұлттық заңтану ғылымы жүйелі түрде қалыптаспағандықтан қазақ заңтану ғылымының басқа да теориялық мәселелері сияқты, Қазақ ата заңдарының (құқығының) тарихы да бір жаққа ысырылып, немесе үстірт зерттеліп, оған оншалықты мән-маңыз берілмеді. Бұдан теріс салдар туындауы мүмкін. Өйткені, әлемдік заң ғылымының қазіргі талабына қарағанда қандай мемлекет болмасын өзінің ұлттық заңының тарихы саналы, жүйелі түрде қамтылған ұлттық заң ғылымы болмаса, елдің тұтас заң ғылымы толыққанды ғылым ретінде қаралмайды. Соңдықтан ұлттық құқықтану ғылымындағы мұндай олқылықтардың орнын толтырып, оны қазіргі кездегі ғылым талабына сай дамыту үшін Қазақ ата заңдарының тарихын, қайнар көздерін, құндылықтарын қамтыған құқықтану ғылымының жүйесін қалыптастырып, орнықтырып, оны толықтырып, одан әрі жетілдіріп, жаңаша көзқараспен жан-жақты зерттеу қазіргі кездегі күн тәртібіндегі өзекті мәселелердің бірі деп қарауға болады. Қазақ құқығы жайын зерттеу барысында бізді қызықтырған мәселе - ол аты аңызға айналған қазақтың билері, шешендері туралы ертеректегі және кейінгі кезеңдердегі олардың өсиеті мен билік-шешімдері, көшпелі ұлы даланың тарихи-құқықтық мәдениетіне арналған әр кезеңдегі зерттеушілер мен ұлт жанашырларының жинаған және жариялаған материалдары болып табылады. Бұл материалдар біздің зерттеуіміз үшін екі қырымен өзекті әрі маңызды; бір жағынан бұл басылымдардың тарих көшінен қалып қоймай, қазіргі кезге дейін ел есінде сақталып қалуы; екінші жағынан көп ғасырлар, бойы көшпелі қазақ қоғамының негізгі өмірінің өзегін құраған қазақ құқығының «көне болмысын» тануға мүмкіндік жасау арқылы қазіргі кездегі зерттеушілердің ерекше ынтасын көтеруге мұрындық болуында болып отыр.

Көшпелі мемлекеттің мәдени және демократиялық дәстүрлеріне негізделген қазақ құқығы өзін тудырған дәуірлерден сүрінбей өтіп қана қоймай, ол қаншама белестерді артына тастап үлгерді. Бұл құқық жүйесі XIX ғасырға дейін, кейбір жағдайларда XX ғасырдың басына дейін өзінің реттеушілік мәнін жоғалтпай сақтап келеді. Зерттеу тақырыбының өзектілігіне байланысты қазақ құқығының бұлай ұзақ өмір сүруін екі негізгі жағдаймен түсіндіруге болады: біріншіден, көшпелі өркениеттің шаруашылық-тұрмыстық, дүниетанымдық негіздері қазақтың кең даласында жаңа дәуірге дейін сақталды. Екіншіден, қазақ құқығы халықтың тыныс-тіршілігінің өзегімен қисындас болатын, халықтың өзіне жақын-тәндес, жалпы адам баласының мәңгілік рухани бітім-болмысына, талабына сай болатын.

Диссертациялық зерттеуімізде аталған кезеңдегі қазақ мемлекетінің қоғамдық-саяси және құқықтық дамуының көкейкесті мәселелерін жан-жақты талдап, қарастырып зерделеумен қатар, оның сол дәуірдегі әлемдік өркениеттің толыққанды мүшесі болған құқықтың мәртебесіндегі алған орнын сараптап, өзімен көршілес өмір сүрген алпауыт мемлекеттер - Жоңғария, Қытай, Ресей сияқты империялармен арадағы сыртқы саясатының негізгі бағыттарын, яғни экономикалық, дипломатиялық және әскери саладағы «жіптің күрмеуі» іспеттес күрделі мәселелерін де жаңа тарихи дереккөздер арқылы саяси-құқықтық тұрғыдан объективті, жаңаша көзқараспен баға беруді өзекті мәселенің қатарына қосуға болады. Әсіресе, біздің пікірімізше осы кезеңді қамтитын зерттеу еңбектерінің басым көпшілігінде қазақ-қытай қатынастары мәселелері көмескі немесе бұрмаланып бір жақты сипатталып, мұндағы негізгі екпін - Ресей империясының Қазақ елін, жерін бөлшектеу, отарлау пиғылындағы, шовинистік жымысқы саясатының негізгі бағыттарын баса көрсетуге, тіпті дәріптеуге көбірек көңіл бөлінген деп тұжырымдауымызға негіз бар. Ал тарихи деректерге жүгіну арқылы, осы кезеңдегі қазақ-қытай қатынастарын Ресей империясымен салыстырмалы түрде қарасақ, бұл байланыстардың мұнда өзара тең әріптестік, татулық, Қазақ елінің жеріне, ішкі істеріне қол сұқпаушылық негізде өрбігенін байқаймыз.

Қазіргі қажеттілік тұрғысынан қарағанда, халқымыздың мемлекеттігі және құқығының тарихын қамтыған құқықтану ғылымын шынайы қолға алатын, іргелі әрі кешенді зерттейтін, қазақ ата заңдарының тарихын ұлттық құқықтану ғылымының деңгейінде қалыптастыратын, оны жоғарғы оқу орындарының бағдарламасына енгізіп, еліміздің ұлтық-мемлекеттік университеттерінде басқа да оқу орындарында мақсатты түрде оқытатын мезгіл жетті деп қарауға болады. Бұл бүгінгі күннің талабы және бүгінгі ғылымның қажеттілігі. Соңдай-ақ, бұл мәселені зерттеудің өзектілігі - отанымыздың болашақ ұрпақтарын қазақтың құқықтық мәдениетінің тарихынан, бұлақтарынан сусындатып, олардың ұлтжаңдылығын, патриоттық жауапкершілігін барынша күшейтудің қажеттілігінен де туындайды.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Дәстүрлі қазақ қоғамы мемлекеттілігінің тарихын, оның құқығын, нормативтік құрылымын, көшпелі өмірдің әлеуметтік-саяси, демократиялық-рухани құндылықтарын зерттеу кеш басталды. Өйткені, Еуропа үшін қазақ көшпелі әлемі XVIII ғасырдың соңы XIX ғасырдың басында ғана белгілі бола бастаған еді. Дегенмен отарлаушылық, саяси-экономикалық мүддені көздеген Ресей империясы сияқты шет мемлекеттердің сыртқы саясаты XVIII ғасырдан бастап Қазақ Еліне деген қызығушылығы мен қысымын күшейте түсті. Сонымен бірге бұл саясат - қазақ мемлекеттігі мен құқығының табиғатын тануға, оның әкімшілік-саяси құрылымын жете зерттеуге кеңінен жол ашты. Патша империясы қазақ қоғамын зерттеуге қатысты іс-әрекетінде отаршылдық бағыттағы мүдде-мақсатты көздеген өзіне тиімді саясат ұстанды.

Осы мақсатты көздей отырып патша үкіметі XIX ғасырдың 60-80-ші жылдарында өткен дәуірдегі қазақ қоғамындағы саяси-әкімшілік басқару жүйесін, әдет-ғұрып құқығының табиғатын, құрылымын, ондағы хандардың, билердің ролін зерттеу жөнінде бірнеше рет арнайы комиссия құрған болатын. Патшалық комиссиялардың бірқатар зерттеу қызметінің нәтижесінде қазақтардың қоғамдық-саяси құрылымын, әдеттік-құқықтың ережелері туралы көлемді материалдар жинақталды. Бұл материалдардың ғылыми-танымдық тұрғыдағы ролі зор болды.

Осы кезде қазақ-әдет ғұрып құқығы туралы: «Сборник обычного права сибирских инородцев» (Самоквасов Р. Я., Варшава, 1876 г. ) ; «Народные обычаи, имевшие, а отчасти и ныне имеющие в малой киргизской орде» (Баллюзек Л. Ф., Оренбург, 1874 г. ) ; «Обычное право киргизов» (Козлов И. А. Омск, 1886 г. ) ; «Материалы для изучения юридических обычаев киргизов» (Маковецкий К. Е. 1886 г. ) ; «Обычное право киргизов» (Леонтьев А. М., 1890 г. ) және тағы басқа зерттеулер мен жинақтар шыға бастады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Түркі тілдерінің фонетикалық жүйесі
Арнайы педагогиканың сыныптамалары
Арнайы педагогика жалпы педагогиканың ғылыми саласы ретінде
Саяси бәсекелестік
Қазақстандағы ЖЭС. Жер-су реформасы
Ежелгі славяндардың мәдениеті
Ежелгі түркі тілді ру-ұлыстарымен бірге жасаған көркем сөз өнерін түсіндіру
Көмекші мектеп балаларының тілдік қорын дамыту жолдары
Орыс өнерінің қалыптасу кезеңдері
Іс қағаздарының тарихы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz