Қазақстандағы білім беру және кәсіби мамандар дайындау саласында патшалық Ресейдің отарлық саясатының салдарлары мен зардаптары


әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
94 (574) «1850/1917»:37 Қолжазба құқығында
Машимбаева Гулшат Серікқызы
Қазақстандағы білім беру және кәсіби мамандар дайындау саласында патшалық Ресейдің отарлық саясатының салдарлары мен зардаптары.
(ХІХ ғ. екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басы)
07. 00. 02 - Отан тарихы (Қазақстан Республикасы тарихы)
Тарих ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу
үшін дайындалған диссертация
Ғылыми жетекшісі:
тарих ғылымдарының докторы,
профессор Омарбеков Т. О.
Қазақстан Республикасы
Алматы, 2009
Мазмұны
КІРІСПЕ 3
1 Қазақстандағы дәстүрлі білім беру және отарлық саясат 18
1. 1 Оқу-ағарту саясатындағы рухани отаршылық жүйенің қалыптасуы 18
1. 2 Мұсылман мектептері мен медреселердің дәстүрлі білім берудегі
рөлі және жаңа реформалық кезең 261. 3 Мұсылмандық білім беруге қатысты патшалық Ресейдің саясаты 39
2 Білім-ағарту саласындағы патшалық Ресейдің отарлық саясатының салдары мен зардаптары 49
2. 1 Орыс-қазақ мектептері - орыстандырудың негізгі құралы 49
2. 2 Білім-ағарту ісі арқылы шоқындыру саясаты 68
2. 3 Қазақстандағы отаршыл-миссионерлердің қызметі және
орыстандыру саясаты 752. 4 Ыбырай Алтынсаринның педагогикалық-ағартушылық қызметі 96
3 Патшалық Ресейдің Қазақстандағы кәсіптік мамандарды дайындау саясаты 101
3. 1 Дәстүрлі қолөнер мамандарын дайындаудың жағдайы 101
3. 2 Қазақстандағы педагогикалық мамандар дайындау ісі 106
3. 3 Қазақстандағы халықтық денсаулық сақтау жүйесі және орыстардың алғашқы дәрігерлік көмек көрсету мекемелері 115
Қорытынды 125
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 131
Кіріспе
Жұмыстың жалпы сипаттамасы . Диссертацияда патшалық Ресейдің Қазақстандағы білім беру және кәсіптік мамандар дайындау саясатының салдары мен зардаптары мол тарихи дерек көздері негізінде бүгінгі тарих ғылымы талаптарына сай зерттелген.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасы тарихын қайта ой елегінен өткізу арқылы жан-жақты зерделеу, Отанымыздың өзіндік төл тарихын зерттеп, жас ұрпаққа терең тарихи білім беру - еліміздің зор мақсаттарға жету жолындағы негізгі кепілдіктерінің бірі. Өйткені, жаңа саяси ахуалды түсіну, сондай-ақ тәуелсіздік алған дербес ел мүддесіне сәйкес келетін көзқарастар қалыптастыру, саяси және тарихи мәдениеті жоғары азаматтарды тәрбиелеп шығарудың бүгінгі таңда терең мәні мен маңызы бар. Бірақ бұл бір күнде немесе бір жылда атқарыла салатын шаруа емес. Талай уақыт отарлық жүйенің қамытын киген ел тарихының бұрындары назардан тыс қалып келген тұстарын екшелеп, ақиқатын ашып көрсету - уақыт талабы.
Патшалық Ресейдің отарлық саясатының барысында ХІХ ғасырдың екінші жартысында қазақ толық тәуелді өлкеге айналды. Ұлттық мәдени, рухани, өркениетті даму барысы әлсіреді. Дәстүрлі білім беру жүйесі дағдарысқа ұшырады. Отарлық саясаттың негізгі бағыттары қазақ халқының оқу-ағарту саласы арқылы орыстандыру мен шоқындыру қазақ халқының санасына ықпал етті. Дінінен, тілінен айыру, басқа халықтармен ассимиляциялау, патшалық Ресейдің ұлттық саясатының түпкі мақсаты - бір орыс азаматтарына айналдыру болды. Рухани-мәдени отарлау білім және оқу арқылы жүретінін білген патша үкіметі орыс-қазақ мектептерін ашып, орыстандырудың құралына айналдырды. Қазақстанда орыстандыру мен шоқындыруды отаршыл миссионерлердің қызметі арқылы жүзеге асырылды. Мәдени отарлау саясатының зардаптары күні бүгінге дейін сезіліп келеді.
Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаев “Тарих толқынында” деген еңбегінде отаршылдықтың зардаптары жөнінде былай деп жазады: “Далалық өңірлерге жаппай қоныс аударғандар дәстүрлі көші-қон аймақтарын айтарлықтай тарылтып, халықтың негізгі бөлігінің күнкөріс көзі болып отырған мал шаруашылығына орасан зиян келтірді. Патшалық қоныстандыру саясаты қазақ ұлтының этникалық аумағының ұдайы тарылуына себепші болды” [1, 49 б. ] . Тарих ғылымында кеңестік дәуірдегі қазақтың рухани-мәдени мәселелері еуроцентризм тұжырымында түсіндіріліп, оның аясында руссоцентризм ұғымы пайда болғаны - тарихи шындық. Оның мәні әлемдегі бар жаңалық, жетістіктер тек орыс халқының қатысуымен өтуі тиіс болды. Сонымен қоймай, қазақ халқының көшпелі, отырықшы өркениетін жоққа шығарып “жабайы”, “сауатсыз”, “мәдениетсіз”, “бұратана” халық деп санамызға сіңдіруге тырысты.
Қазақстанның тәуелсіздігінің жариялануы, оның әлемдік қауымдастығының тең құқықты мүшесі болуы ұлттық рух пен ұлттық сананың қоғамымыздың дамуының қуатты күшіне айналуына жол ашты. Қазақ халқының рухани мәдениетін, мыңдаған жылдар бойғы асыл қазынасын, оның мінез-құлқы мен жан-дүниесін, бостандығы мен зердесін, адамның негізгі құқықтары мен сенімін қамтиды. Өзге халықтарға да осы құндылықтар арқылы танылады. Елімізде “Мәдени-тарихи мұраны сақтау” бағдарламасы жүргізілуде. Руханият пен білім беру салаларын дамытудың аса маңызды құрамдас бөлігі ретінде қарастырылуда.
Қазақстандағы оқу-ағарту саласындағы патшалық Ресейдің отарлық саясатының салдары мен зардаптары туралы білім беру мен мамандар дайындаудағы олқылықтар жөнінде ашығын айтып, ақиқат тұрғысындағы тарихын жазу тақырыпты ашудың өзектілігімен айқындалады.
Рухани және мәдени саладағы білім беру арқылы орыстандыру саясатының мәнін дәйектеме-деректерге сүйене тұжырымдап, отарлық саясатын әшкерелеу арқылы халқымыздың мәдени-рухани құндылықтарын сақтау жолында күрескен зиялы азаматтарды таныту - бүгінгі зерттеушілердің міндеті.
Патшалық Ресейдің білім беру саласындағы отарлау саясатының тарихын зерттеп, халыққа жеткізу арқылы тарихымыздағы ақтаңдақтардың орнын толтырып, ұлтымыздың өткен тарихының шындығы мен төл болмыс-бітімін танып білуіміз, болашақ даму жолындағы өзіндік дәстүрлі мәдениеті мен рухани болмысының ешқандай да отарлау саясатына әл бермейтінін баянды ету - бүгінгі күн тәртібіне қойылып отырған өзекті мәселе.
Зерттеу нысаны. ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың бас кезіндегі патшалық Ресейдің білім беру саласындағы саясатының мәнін ашу. Қазақстандағы дәстүрлі білім беру жүйесін анықтай отырып, қазақ қоғамындағы жаңа реформалық кезеңі - жәдидтік қозғалысы, патшалық Ресейдің мұсылмандық білім беру саясатына қарсы күресі қамтылады. Орыс-қазақ мектептерінің көптеп ашылуы орыстандырудың құралы ретінде қарастырылады. Қазақстанда рухани-мәдени отарлау саясатын жүргізу үшін келген отаршыл-миссионерлердің қызметі жұмыстың нысаны бола алады.
ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы Ресей қоғамындағы экономикалық-шаруашылық өзгерістер, кәсіптік-мамандарды дайындауды қолға алып, әр салаларда педагог мұғалім, дәрігер, ауыл шаруашылығына мамандар дайындау үшін орта қалалық оқу орындарын ашып, Ресейдің мүддесіне сай кәсіптік мамандарды оқытып шығарды. Бұл оқу орындарында қазақ балаларына орыс тілінде дәріс беріп, орыстандыру саясатын кеңейтті. Білім беру саласындағы орыстандыру саясатының салдары мен зардаптарын тарихи тұрғыдан талдау.
Зерттеу пәні. Қазақстандағы оқу-ағарту саласындағы патшалық Ресейдің отарлық саясатының салдары мен зардаптары (ХІХ ғасырдың екінші жартысы - ХХ ғасырдың басы) тақырыпқа жаңаша көзқарастар арқылы оның себептерінің мәні мен мазмұнын ашып көрсету.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Патшалық Ресейдің отарлық саясатының басты міндеттерінің бірі орыстандыру болды. Бұл мәселенің негізгі бағытының басты мақсаты білім беру және ағарту саласы арқылы жүзеге асыру еді. Бірақ та, Ресей отарлық саясатының мәнін ашу үшін Қазақстан жерін алғашқы болып зерттеген барлаушылар еңбегін зерттеу арқылы тарихи шындықтың көзін ашу керек. Сондықтан да қазақ жерін алғашқылардың бірі болып келген әрі зерттеген және мемлекеттік қызметтері арқылы қазақ жеріндегі болып жатқан оқиғаларға сол кезде баға берген басшылардың еңбектері күні бүгінге дейін өздерінің тарихи құндылығын жоғалтпағандығын көреміз.
Қазақ жерін алғашқы болып зерттеушілердің міндеттерінің бірі - қазақ хандығының жері, оның көлемін, тұрғындарын, әскери-саяси жағдайы және экономикалық-әлеуметтік құрылымын, әдет-ғұрпы, дәстүрі туралы мәліметтер жинау басты мақсаттары болды. Қазақстан жерін отарлау Кіші жүз қазақтары жерінен басталады. Мұның негізгі себебі - бұл өлке бірінші болып Ресей империясының боданына айнала бастады. Кіші жүз жерін игеру және зерттеу үшін арнайы экспедицияларын ұйымдастырған Ресей Ғылым Академиясы еді. Бұл экспедициялар арнаулы нұсқаулар арқылы жабдықталып, 1734 жылы Орынбор өлкесін игеру бағытында құрылды. Орынбор экспедициясының басшысы болып И. К. Кириллов тағайындалды. Патшалық Ресейдің отарлық саясатының бастауын және оның мақсаттарын зерттеуде И. К. Кирилловтың еңбегінің маңызы зор. Экспедицияның қызметі және Кіші жүз қазақтарының тұрмысы, жері және шаруашылығы туралы “Цветущее состояние Всероссийского государство” атты еңбегі жарық көрді. Бұл еңбекте Кіші жүз жерінің экономикалық-географиялық және халықтың тұрмысы, әдет-ғұрыптары статистикалық мәліметтерге толы болып келді [1] .
Қазақстанның тарихын зерттеудегі мәліметтердің бірі - Орынбор экспедицисының мүшесі болған П. И. Рычков еңбегінің тарихи маңыздылығы құнды болып табылады [2] .
П. И. Рычковтың еңбегінде Орынбор өлкесінің халықтары: қазақ, башқұрт, қалмақтардың шаруашылығы, көші-қоны, ру-тайпалық құрылымы туралы жазылады. Еңбекте отарлық саясаттың бастауы, бодандық және оның басты бағыттарын айқындауға мүмкіндік береді. Орынбор әкімшілігінің тарихы және мемлекеттік қызметтерін жазды.
Қазақстан тарихын зерттеуде Ресей Ғылым Академиясы ұйымдастырған екінші Азия экспедициясының еңбектерінде мол мәліметтер береді. Оның ішінде 1768-1774 жылдардағы экспедиция, олардың мүшелері И. Г. Георги,
П. С. Фальк болды. И. Г. Георгидің еңбегінде қазақтар туралы, “Олардың аңғал, өте сенгіш” мінезін алға тарта отырып, қазақ қоғамындағы алауыздық, бір-біріне деген сенімсіздікті пайдалана отырып орыстандыру саясатын тездету керектігін ұсынады. Қазақтарды бағындырудың оңай жолы - Ресей империясындағы мұсылман халықтары сияқты шоқындыру қажеттілігін түсіндіреді”. Бұл ойдан орыс зерттеушілерінің империялық мүддесін анық байқауға болады [3] .
Ал, П. С. Павлов өз еңбегінде: “ . . . Қырғыздар (қазақтар-Г. С. ) еркін халық, сондықтан өзге халықтардай қауіпті емес”, - деп жаза отырып, оқу-білім және рухани мәдениеті туралы мәліметтер береді. Қазақтарда білім саласы өте төмен, оларды мәдениеті артта қалған ел ретінде көрсетеді. Отаршыл идеяны қолдай отырып, “Ресей империясы үшін өте орасан зор пайда табамыз”, - дейді [4] . И. П. Фальк өз еңбегінде тарихи-этнологиялық бағытта тер төге келе, қазақ жерін отарлауға қызығушылығын, қазақ тарихын терең зерттеп, отарланушы объект ретінде жан-жақты қамтиды [5] .
Қазақстан тарихы туралы еңбек жазған А. И. Левшин де қазақ ауылдарында болып, хандықтың тұрмыс жағдайы мен рухани-мәдениетінен мол мәліметтер береді. Еңбектерінде қазақтардың оқу-білім саласын және мәдениетін жазуда отаршыл империяның мүддесіне сай көзқараста болады. А. И. Левшин өз еңбегінде қазақ хандары туралы, қоғамдағы шаруашылық және сауда өзгерістеріне көңіл бөледі. Қазақ халқын заманында дұрыс түсіне алмады. Көшпенділер мәдениетін “жабайы” деп түсіндіреді [6] .
Өкінішке қарай, осы бағытты ұстанушылық кеңес тарихшылары еңбектерінде орын алып келгені ақиқат екендігін жоққа шығара алмаймыз.
А. И. Левшиннің еңбегінде қазақ жерінің географиялық анықтамасы және тарихи-этнологиялық мәліметтерге кең түрде тоқталады.
Орынбор өлкесі мен Бөкей Ордасы туралы И. Ф. Бларамберг [7] пен
В. В. Вельяминов-Зерновтердың [8] көптеген еңбектері бар. Патшалық Ресейдің отарлық саясаты, орыс-казак отаршыларының ішке қарай енуі, бекініс салу арқылы қазақтардың жерлерін тартып алуы жөнінде ой қозғайды. Кіші жүз жерін әскери отарлау саясатының мән-мағынасын ашып береді. Қазақтардың тұрмысы, әдет-ғұрпы, мәдениеті және оқу-ағарту мәселесіне қатысты маңызды мәліметтер береді.
Патшалық Ресейдің қазақ жерін отарлау саясаты және оның салдары туралы деректер И. Казанцевтің [9], Л. Мейер [10], Ф. Усовтың [11],
В. Черемшанскийдің еңбектерінен табылады. Олар қазақ жеріндегі өздері көрген қазақ ауылдары мен жекелеген адамдар өміріне байланысты құнды мәліметтер қалдырған. Қазақтар жайында айта келіп, “олар еркін әрі жауынгер”, - деп жазады. Қазақтардың тұрмыс ерекшелігі, оқу-ағарту мәселелері жөнінде маңызды мағлұматтар мол.
Қазақтың тұрмыс жағдайы мен, оқу-ағарту ісі туралы келелі әңгіме өрбіткен қазақ ағартушысы, ғалым Шоқан Уәлихановтың еңбектерінің маңызына ерекше көңіл бөлуге болады. Орыстардың арасында жүріп, олардың шовинистік көзқарастарын сезіп білген, өмірінің соңғы кезінде одан безе бастаған кездері болды. Ресейдің ХІХ ғасырдың 60 жылдарындағы реформалар туралы ойын білдірген адам - Шоқан. “ . . . Ресейдегі реформаларды қазақ даласына енгізу, қандай да бір пайда әкелуі былай тұрсын, нағыз тұрпайылық болар еді”, - деп әкімшілік басқару реформаларының көшпелілер тұрмысына керағарлығын ашық айтады.
Шоқан қазақ халқының болашағын болжай білген. “ . . . Ресей империясына қарайтын барлық өзге тайпалардың ішінен көптігі, байлығы, сірә, болашақта дамуынан үміттендіру жөнінен алғашқы орын - біздің қазақ халқынікі”, - деген көреген болжамына қазіргі Тәуелсіз Қазақстан дамуы дәлел бола алады [12] .
Қазақстанның тұрмыс-тіршілігі мен отарлау саясатының негізгі мақсаттарын ашық жазған орыс зерттеушілері П. Столпянский [13],
Т. И. Седельниковтер [14] болды. Олар Орынбор қаласының тарихын, Кіші жүз жеріне келген орыс-казак отаршылдардың қызметтерін жазды. Орынбор шекара комиссиясының құрылуы және оның қызметі туралы мәліметтер берді. Т. Седельников өз еңбегінде 1897-1903 жылдардағы Ф. А. Шербин экспедициясының жұмысын талдады. Сонымен қатар қазақтың дәстүрлі мал шаруашылығына қол сұғуға болмайтынын, өйтпеген жағдайда қазақтардың бүкіл мәдениеті мен әдет-ғұрыптарын жоғалтатынын ескертеді. “Қазақтар - ежелден малшы, көшпелі әрі еркін жүретін халық”, - деп баға берген.
Кіші жүз қазақтарының тарихын жазған адам - В. И. Витевский. ол өз еңбегінде Орынбор генерал-губернаторы И. Неплюевтің мемлекеттік-саяси қызметін жаза отырып, қазақ даласында Ресей империясы отарлық саясатын өте қатал жүргізгендігін жазады. В. И. Витевский - қазақ даласын игеру мен орыстандырудың жолы - “ . . . Ресейдің ішкі аймақтарынан орыс шаруаларын көшіру” екендігін айтқан адам. Қазақтардың оқу-ағарту саласының тарихына тоқтала отырып, орыстандырудың бірден-бір жолы - білім арқылы (орыс тілі) деп отаршыл ойын жазады [15] .
Ресей империясы отарланған мұсылман халықтарды орыстандырудың шешуші кілті және құралы - оқу-ағартудағы орыс-қазақ (аралас) мектебі немесе әртүрлі саяси-әлеуметтік жағдайларға орай ашылып отырған шіркеулер жанындағы мектептер мен кәсіптік оқу орындары болу керек деп түйді. Қазақ еліндегі орыстандыру саясатын жүргізген отаршыл-миссионерлер
Н. И. Ильминский, И. П. Остроумов, А. Е. Алекторов, Е. А. Малов, Е. Елисеев және т. б. өз орталарынан өкшеленіп шығып, ұзақ жылдар бойы белсене қызмет атқарды [16] .
Отаршыл-миссионерлер қазақтарды дін жағымен біріктіріп, мектеп арқылы орыстандырудан басқа жол жоқ деп қарады.
Олар қазақ жерінде діни мекемелерді көптеп ашты. “Діни мектептер - орыстандыру мен шоқындырудың бірден-бір жолы”, - деп айтқан Алекторов болды. Қазақ балаларына әр салаларда кәсіптік білім беретін пансионаттар аша бастады. Бұл мектептердің негізгі мақсаты егіншілікке, бау-бақша күтетін бағбандыққа үйрете отырып, отаршылдар мүддесіне сай мамандар дайындау болды.
ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басында патшалық Ресей отаршылдарын қазақтарды орыстандыру мен шоқындыру саясатына Шоқан, Ыбырай, Абайлар өз пікірлерін анықтай отырып, бұларға дейінгі қазақ зиялыларының орыстандыру саясатына ашықтан-ашық қарсы шыға алды. Отаршыл-миссонерлерден тәрбие алған, идеологтармен тікелей араласып, оларды өзінің ағартушылық жолына дипломатиялық әдіc-айла тұрғысынан қарым-қатынас жасап, ретіне қарай пайдаланған. Н. И. Ильминский
Ы. Алтынсаринді миссионерлік жолға пайдалану үшін қолынан келгеннің барлығын істеп бақты.
Ы. Алтынсарин өз кітаптарын Н. Ильминский ұстанып берген ресми қағидаларға қарай орыс алфавиті негізінде жазып шығаруға мәжбүр болған. Қазақ жазуында орыс алфавитін өзгертпей, сол қалпында алуға амалсыз көндірген Петербург университетінің талабы болды. Ыбырай өз хаттарында миссионерлік идеяға ішкі танымнан туған қарсы пікірін ашық білдіре алмады. Ол өзінің еңбектерінде орыстандыру саясаты күшпен болып жатқанын түсініп, “ . . . Ресей халықтарын біріктіруді табиғи жолмен жүргізу керектігін” айтқан. Қазақтар арасында орыс алфавитін енгізу арқылы өз заманында отаршыл миссионер Ильминскийдің шәкірті болғандығын ұмытпауымыз керек. Бірақ
Ы. Алтынсарин қазақ халқынан шыққан тұңғыш ағартушы педагог болды. Сондықтан да Ы. Алтынсариннің қазақ балаларына білім берудегі еңбектерінің маңызы күні бүгінге дейін жоғалған жоқ, орыс алфавиті арқылы қазақтардың арасында жаңа заманға сай орыстандыру саясатын уағыздаушы болды. Қазақ балаларына арналған өлеңдері мен ертегілерінің мазмұны бүгінгі мектеп бітіргендердің есінде сақтаулы
17
.
Петербург Ғылым Академиясының академигі, 1858 жылы Берлин университетін бітірген, Орта және Шығыс Азияны зерттеу жөніндегі орыс комитетін құрушылардың бірі - В. В. Радлов.
Ол Алтай өңіріндегі (1859-1871) Сібір түркі тілдеріне, фольклорына, этнографиясына, тарихына қатысты зерттеулер ісін жүргізді. Сонымен қатар қазақ тілін зерттеуде жемісті еңбек етті. “Түркі тайпалары халық әдебиетінің үлгілері” атты жинағының 3 томы жарық көрді. Еңбектің 3-ші томы түгелдей қазақ ауыз әдебиетіне арналды.
Радлов В. В. 1872 жылы қазақ, башқұрт, татар мектептерінің инспекторы болып жұмыс істеген жылдарында халық-ағарту саласына өзінің үлесін қосып, жергілікті халықтардың ана тілінде оқу-ісін жүргізуге атсалысты. Оның еңбектерінің негізінде түркология мәселелерінің шын мәніндегі ірге тасы қаланды. Радлов салыстырмалы-тарихи зерттеулер нәтижесінде Орта Азия, Қазақстан және Сібірдегі түркі халықтары фольклорының төркіні ортақ екенін айтты [18] .
Патшалық Ресейдің рухани-мәдени отарлау саясатын зерттеуде қазақ зерттеушілерінің еңбектерінің маңызы зор болып келеді. Олардың ішінде
М. Тынышбаев, Т. Шонанұлы және Қ. Кемеңгерұлы еңбектерін атауға болады [19] . М. Тынышбаев өз еңбегінде отарлау саясатын сынай келе: “ . . . Қырғыздар Ресей отарына айналғалы бірде-бір бақытты өмір сүре алмады”, - деп қынжылады.
Т. Шонанұлы отарланған қазақ жері, халықтың отаршылыққа көшуін және оның танымдары, ел тағдыры төңірегінде мәселе көтерді. Қ. Кемеңгерұлы өз шығармаларында ұлттық сана, ұлттық мәдениет пен білім-оқудың идеясын қозғайды. Қазақстанның Ресейге бодан болуы оқу-білім, дін, жер, ру жайы арқылы қазақтарды шоқындыру мен орыстандыруға әкелетінін жазады. Қазақтар ілгері басқан жоқ. Қайта кері кетті. Бұған себеп: зорлықшыл саясаттың нәтижелері. Бұл еңбектер қазақтарды отарлаудың зақымдары мен зардаптары көзге ұрып тұрған кезде жазылған.
Патшалық Ресейдің отарлау саясатының бір бөлігі ретінде қарастырылып отырған білім-ағарту саласын терең зерттеу Ресейдің отарлық саясатының мәнін ашу арқылы жүргізіледі. Сондықтан Ресей империясының отарлық саясатының мәнін жан-жақты дәлелдеп, тарихи шындықта сын көзбен жазған ғалымымыз Санжар Аспендияров болды. “Қазақ халқын тарихқа кірмейтін жабайы халық деп есептеу - шовинизмнің барып тұрған жері. Бірқатарын ұлы “құдай” сүйген мәдениетті деп, екіншілерін мәдениетсіз, “тарихқа кірмейтін, құдайдан қарғыс алған”, - деп халықты екі топқа жіктеу отарлық саясаттың басты мақсаты болды деп өз пікірін білдіреді.
“Патшалық Ресей қазақтарды қан төкпей бейбіт жолмен бағындырды және қазақ даласына тыныштық орнатып, мәдениетті жоғарылатты” деген өтірік пікірді дәлелдемек болды дей отырып, Қазақстанда шоқындыру мен орыстандыру саясатын жүргізген отаршыл-миссионерлердің қызметін сынайды. И. Ильминский жөнінде: “ . . . оның мақсаты мен әдісі, ең алдымен, мектепте ана тілін орыс әліппесімен оқытты. Сөйтіп көздеген мақсаты орысқа айналдыру болды”, - деп миссионерлер қызметін ашып көрсетеді [20] .
Кеңес дәуірінің 40-жылдарында Қазақстан тарихын зерттеп жазған тарихшылар легі келіп қосылады. Олар: М. П. Вяткин, А. М. Панкратова,
Е. Бекмаханов, Н. Г. Аполлова, т. б.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz