Екіжақты және аймақтық деңгейдегі ынтымақтастыққа негізделген АҚШ-тың сыртқы саясатындағы Жапонияның ролі


Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 148 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Белгілер мен қысқартулар . . . 3

Кіріспе . . . 4

1 АҚШ пен Жапонияның әскери-саяси одағының қалыптасуы мен негізгі кезеңдері . . . 24

1. 1 АҚШ-тың сыртқы саясатындағы Жапонияның ролі: доктриналық ұстаным (1945-1989жж. ) 24

1. 2 Қазіргі таңдағы АҚШ пен Жапонияның қарым-қатынастарындағы әскери- саяси фактордың эволюциясы) . . . 53

2 АҚШ пен Жапонияның сауда-экономикалық байланыстарының даму барысы. . 70

2. 1 АҚШ-тың Жапонияға қатысты геоэкономикалық стратегиясының эволюциясы (1945-1989 жж. ) . . . 70

2. 2 АҚШ пен Жапонияның экономикалық қарым-қатынастарындағы сауданың маңыздылығы . . . 90

2. 3 Инвестиция саласы-АҚШ пен Жапонияның экономикалық байланыстарының негізгі бағыты ретінде . . . 104

3 Қазіргі таңдағы АҚШ-тың аймақтық саясатындағы Жапонияның ролі……115

3. 1 АТА-дағы АҚШ стратегиясының мәні мен маңызы . . . 115

3. 2 АҚШ-тың АТА-ғы саяси ұстанымы және Жапония: мәселелері мен болашағы . . . 128

Қорытынды. 144Пайдаланған дереккөздер тізімі . . . 151

БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР

АТА - Азия-Тынық мұхиты аймағы

АТЭҚ - Азия-Тынық мұхиттық Экономикалық Қауымдастығы

АТЭХАГ - Атомдық энергия бойынша халықаралық агенттік

ГАТТ - General Agreement on Tariffs and Trade

ДЖЕТРО - Japan External Trade Organization

ДСҰ - Дүниежүзілік сауда ұйымы

ЕЭҚ - Европалық Экономикалық Қауымдастық

КХДР - Корей Халық Демократиялық Республикасы

ҚХР- Қытай Халық Республикасы

НАФТА - North American Free Trade Agreement

НБСТ келіссөздері - Нарыққа бағытталған секторлық-таңдаулы келіссөздер

ОАӘК - Окинавадағы арнайы әрекет комитеті

ОША - Оңтүстік-Шығыс Азия

РҚҚ (ПРО) - Ракетаға қарсы қорғаныс

РҚҚ ӘӘА (ПРО ТВД) - Ракетаға қарсы қорғаныс бойынша әскери әрекеттер алаңы

СҚБ (СОИ) - стратегиялық қорғаныстық бастама

ТҰК - трансұлттық корпорациялар

ҰҚБ - ұлттық қауіпсіздік басқармасы

ХВҚ - Халықаралық Валюта Қоры

ЭЫДҰ - Экономикалық Ынтымақтастық және Даму Ұйымы

ЯҚТК - Ядролық қаруды таратпау туралы келісім

КІРІСПЕ

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Диссертациялық жұмыс АҚШ-тың сыртқы саясатындағы екіжақты және аймақтық деңгейдегі Жапонияның роліне арналған жинақталған зерттеу болып табылады. Жұмыста АҚШ-тың сыртқы саясатындағы Жапонияның екіжақты деңгейдегі ролін анықтау үшін АҚШ пен Жапонияның арасындағы әскери-саяси одақтастық қарым-қатынастардың қалыптасу тарихы мен оның жаһандану жағдайындағы жаңа әлемдік тәртіпке бейімделу мақсатындағы кеңейе түсу үдерісі мен АҚШ-тың геоэкономикалық стратегиясындағы ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап ассиметриялық экономикалық байланыстардан ХХ ғасырдың 90 жылдарындағы кезеңге дейінгі мерзімде сауда-экономикалық әріптестік деңгейіне көтерілу барысы қарастырылады. Сонымен қатар, зерттеу тақырыбына сәйкес АҚШ-тың сыртқы саясатындағы Жапонияның ролін аймақтық деңгейде aшып көрсету мақсатында АҚШ-тың Азия-Тынық мұхиты аймағына қатысты стратегиясына сипаттама жасалынған және АҚШ-тың АТА-ға қатысты стратегиясындағы аймақтық қауіпсіздік пен тұрақтылықты сақтаудағы және американдық экономикалық нарықтың сұраныстарын қамтамасыз етудегі Жапонияның негізгі әскери-саяси одақтас және АТА-ғы ұйымдар шеңберіндегі экономикалық әріптес ретіндегі айрықша маңызды рольге ие болып отырғандығы қарастырылады.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. «Қырғиқабақ соғыс» аяқталған кезеңде, яғни ХХ ғасырдың 90 жылдарының басында әлемдік қауымдастықты халықаралық қатынастардың кейінгі даму барысы қандай болмақ және биполярлық жүйені алмастырған жаңа жүйеде КСРО мен АҚШ-тың орнына қандай мемлекет немесе мемлекеттер ғаламдық көшбасшылық роліне ие болады деген мәселе толғандырған болатын. Әлемдік қауымдастықты мазалаған осы мәселенің шешімі 1989 жылғы АҚШ елбасысы қызметін иемденген Аға Джордж Буштың «Жаңа әлемдік тәртіп бағытында» деген жолдауында көрініс тапты. Джордж Буш 1990 жылы 11 қыркүйектегі Конгресстің біріккен сессиясында сөйлеген жолдауында Таяу Шығыстағы жағдайды реттеу үшін және әлемдік тұрақтылықты сақтау үшін бес мақсатты жүзеге асыру керектігіне тоқталған болатын және осы мақсаттардың негізгісі ретінде ХХ ғасырдың 90 жылдарының басындағы кейінгі халықаралық қатынастардың даму барысын анықтаған «жаңа әлемдік тәртіпті» құруды ұсынған болатын. Егер аға Джордж Буштың «Жаңа әлемдік тәртіп бағытында» деген жолдауы АҚШ-тың биполярлық әлемнің құлдырауы кезеңіндегі ғаламдық көшбасшы ролін иемденуге бағытталған сыртқы саясатының теориялық негізін қалаған алғашқы сыртқы саяси құжат болған болса, іс жүзінде АҚШ-тың амбициялық идеялары Кувейттегі жағдайды реттеуге қатысуы мен Иракка қатысты шешім қабылдау үдерісінде негізгі рольді атқаруында көрініс тапты. Сондықтан осы жылдардан бастап АҚШ басшылығы әлемдік көшбасшы мәртебесін қалыптастыру және оны ұзақ мерзімдік жоспарда сақтау мақсатын жүзеге асыру үшін бірнеше рет аймақтық және халықаралық дауларға араласып отырды. Американ басшылығының биполярлық күрес аяқталған кезеңде, яғни ХХ ғасырдың 90 жылдарының басынан ғаламдық көшбасшы ролін иемденуге деген ұмтылысына басты қозғаушы күштер ретінде оның өзге жетекші мемлекеттермен салыстырғандағы әскери басымдығы мен ішкі өнімнің ұлғаюынан байқалған экономикалық дамуының жоғарғы деңгейде болуы сияқты факторлары тікелей ықпал етті. Аға Джордж Буштан бастап американ басшылығында болған елбасылар жаңа әлемдік тәртіпте Американың жетекші ұстанымдарын сақтау мақсатына осы әскери басымдық пен экономикалық дамуының жетістіктерімен қатар, өзге мемлекеттердің жәрдемінсіз қол жеткізу мүмкін еместігін үғынды. Сол себепті АҚШ басшылығы ғаламдық көшбасшылық ролін иемденуге бағытталған сыртқы саясатындағы негізгі бағыт ретінде аймақтық деңгейде өз саясатына қолдау көрсететін және американ қолдауына мүдделі одақтастар мен әріптестермен әскери-саяси және сауда-экономикалық байланыстарды нығайту әрі кеңейту деп белгіледі. Осы мақсатта Джордж Буш әкімшілігі «қырғиқабақ соғысы» жылдарында қалыптасқан әр алуан аймақтардағы әріптестері мен одақтастарымен байланыстарды жаңа әлемдік тәртіптің талаптарына сәйкес бейімдеп, кеңейтуге сыртқы саяси талпыныстар жасай бастады. Европа аймағындағы АҚШ-тың негізгі одақтасы ретінде әрі қазіргі таңда өзара байланыстары «ерекше қатынастар» мәртебесіне көтерілген Ұлыбритания аталса, американ нарығының тасымалында елеулі үлесі бар әрі ең жақын орналасқан аймаққа айналып отырған Азия-Тынық мұхитында басты әскери-саяси одақтас әрі сауда-экономикалық стратегиялық әріптесі ретінде Жапония қарастырылып отыр. Осы тұрғыдан, АҚШ-тың сыртқы саясатындағы Жапонияның ролі аталған зерттеу тақырыбының өзектілігін анықтауда АҚШ-тың әлемдік көшбасшыға айналуды көздейтін сыртқы саясатының ғаламдық компонентімен қатар, ғаламдық көшбасшылық саясаттың құрамдас бөлігі болып табылатын АҚШ-тың Азия-Тынық мұхиты аймағындағы стратегиясын қарастыруға бағытталған аймақтық компонент те зор маңыздылыққа ие болып отыр.

АҚШ-тың Азия-Тынық мұхиты аймағындағы жетекші аймақтық күш ретіндегі ролін сақтап қалуға келесі факторлар ықпал етіп отыр: біріншіден - әскери фактор. Вашингтон Азия-Тынық мұхиты аймағында «қырғиқабақ соғысы» кезеңінен бері өзінің әскери қатысуын күшейткен болатын. АҚШ-тың Жапония мен Оңтүстік Кореяда 100 мыңнан астам әскери қызметкерлері бар және Окинавадағы Йокосука порты американдық жетінші флоттың орналасу орталығы болып табылады. Сондай-ақ, АҚШ ХХ ғасырдың 90 жылдарынан бастап Сингапур және Филиппинмен әскери-саяси ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған әрекеттерді жүзеге асыруда. Екіншіден - АҚШ басшылығы Азия-Тынық мұхиты аймағының кейбір мемлекеттерін бай американдық нарыққа енгізуді мақсат етіп отыр. Американ басшылығы «қырғиқабақ соғыс» кезеңінде өз нарығын жоғары сапалы және арзан азиялық тауарларға ашқан кезде негізгі мақсаты Жапония мен Оңтүстік Корея, Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттерімен социалистік ықпалға қарсы күресте бірігу ұранымен ынтымақтастықты орнатқандығын ақтауға тырысқандығымен, шын мәнісінде әлемді бөлісу үшін осы мемлекеттерді биполярлық күресте одақтастарға айналдыруды көздеген болатын. ХХ ғасырдың 90 жылдарының басында АТА-ның экономикалық дамуы бойынша алдыңғы қатарларда аталған Жапония, Қытай мен Оңтүстік Корея, «Азия жолбарыстарының» АҚШ-пен экономикалық қарым-қатынастарының қарқынды дамуы азиялық мемлекеттердің американдық нарыққа деген қызығушылығын арттырып, экономикалық мүдделестікке сәйкес Американың АТА-ғы аймақтық стратегиясына қолдау көрсетуге ықпал етті. Үшіншіден - аймақта Вашингтон басшылығы «зұлымдық белдеуі» мемлекеттерінің қатарына жатқызған және жаппай қырып жою қаруының өндірісі саласы бойынша әрекеттері МАГАТЭ сияқты американ басшылығының ықпалы зор болып отырған халықаралық ұйымдардың бақылауында болып отырған КХДР-дың болуы. АҚШ Солтүстік Кореяның ХХ ғасырда 1993 мен 1998 жылдардағы, ХХІ ғасырда 2003 жылы баллистикалық ракеталарды сынақтан өткізуін Солтүстік Кореяның ядролық қаруды қолдану мүмкіндігін Американың аймақтағы жетекші ұстанымын сақтауда негізгі одақтастар болып отырған Жапония мен Оңтүстік Кореяға төнетін қауіп ретінде қарастырып, алаңдаушылығын білдіруінің көрінісі ретінде одақтастармен әскери-саяси ынтымақтастықты нығайту үшін бірқатар сыртқы саяси әрекеттерді жүзеге асыруда. Қазіргі таңда кіші Джорд Буш әкімшілігі аймақтық саясатта жоғарыда көрсетілген факторларды ескере отырып, аймақта өзінің жетекші ұстанымдарын сақтауға бар ұмтылысын салуда. Американың қорғаныс департаментінің Quadrennial defense review аталған ресми құжатына сәйкес АҚШ-тың ғаламдық көшбасшы саясатын АТА-да жүзеге асыруда негізгі әріптесі әрі досының қатарында Жапонияның аталуының өзі АҚШ-тың сыртқы саясатындағы Жапонияның ролі аталған диссертациялық зерттеу тақырыбының өзектілігін арттыра түседі.

АҚШ пен Жапонияның қарым-қатынастары екіжақты және аймақтық деңгейде ғана емес, лаңкестікпен күрес мәселесі және халықаралық қатынастардағы өзекті мәселелер бойынша әріптестікке негізделген қарым-қатынастар деңгейіне көтерілуде. Осы деңгейдегі байланыстар Жапонияның АҚШ-тың ғаламдық көшбасшылық саясатты жүзеге асыруда АТА-дан өзге аймақтарда да ролінің артуына әкелді. АҚШ-тың сыртқы саясатындағы Жапонияның осындай деңгейге дейінгі ролінің артуына Орталық Азия мен оған жақын орналасқан Ауғанстанға қатысты екі мемлекеттің де өзара келісіп отырған саясаты дәлел болмақ. Яғни, Жапония Орталық Азиядағы геосаяси ойында ірі мемлекет ретінде өзінің негізгі одақтасы АҚШ-тың әрі көршілес бәселекесі Қытай мен Ресейдің қатысуын ескере отырып, Орталық Азияға қатысты тіпті арнайы стратегияны да жарияламай, осы аймақ мемлекеттерімен сан-салалы қарым-қатынастарды қарқынды дамытпай, көршілес Ауғанстандағы АҚШ-тың лаңкестікпен күресу ұранын мақсат тұтқан саясатына НАТО-мен бірлесе отырып жапон әскерлері мен гуманитарлық көмекті жіберуі арқылы қолдау көрсетіп отыр. Сондықтан да АҚШ-тың Орталық Азияға қатысты саясаты мен осы саясаттағы Жапонияға берілетін роль мәселесі Орталық Азияда орналасқан біздің мемлекет үшін де аса маңызды болмақ. Осы тұрғыдан аймақтағы қазіргі таңдағы әріптестігі ғаламдық деңгейге жетіп отырған АҚШ пен Жапонияның саясатының мәнісін ұғыну үшін ең әуелі АҚШ-тың сыртқы саясатындағы Жапонияның ролі мәселесі диссертациялық зерттеу тақырыбының өзектілігін арттыра түседі. АҚШ-тың сыртқы саясатындағы Жапонияның ролін қарастыру арқылы ізденуші ретінде біз келесідей нәтижелерге қол жеткізе аламыз: біріншіден- «қырғиқабақ соғыс» кезеңінен бастап бүгінгі таңға дейінгі АҚШ пен Жапонияның әскери-саяси және сауда-экономикалық әріптестігін қарастыру арқылы осы еі мемлекеттің сыртқы саяси шешім қабылдауларда жүзеге асыратын ортақ стратегиясы мен тактиларын анықтауға мүмкіндік туады, яғни АҚШ пен Жапонияның АТА-ғы стратегиясы мен ортақ келісілген тактикаларын қарастыру арқылы олардың Орталық Азияға қатысты саясатының да мәнісін ұғынуға және кейінгі саясптының даму барысын болжауға мүмкіндік туады. Екіншіден-зерттеу нысанының АҚШ-тың ғаламдық көшбасшылық мәртебесін сақтауға бағытталған сыртқы саясатындағы Жапонияның ролі екенін ескерер болсақ, диссертациялық жұмыстың нәтижелерінің өзектілігі айрықша болмақ. Себебі АҚШ-тың ғаламдық көшбасшылық саясатының құрамдас бөлігі болып табылатын АТА-дағы Жапониямен орнатқан тығыз әскери-саяси және сауда-экономикалық байланыстарының қалыптасу мен даму барысын зерттеу арқылы біздің мемлекет үшін Қазақстанның Орталық Азия аймағында көшбасшыға айналу және дамыған 50 мемлекеттің қатарына қосылу мақсатын жүзеге асыруда осы мемлекеттердің ұзақ мерзімдік жоспардағы қарым-қатынастарының тәжірибесін қолдану мүмкіндігі тумақ. Яғни, АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райстың еліміздегі соңғы президенттік сайлау қарсаңындағы елбасымен кездесуінде мәлімдемесінде атап өткендей : «Реформа бағытында ұстана отырып, Қазақстан ХХІ ғасырда Еуразияның орталығы, тоқсан жолдың тоғысқан торабы бола алады». Сондықтан осы мақсатқа жету үшін біздің мемлекетіміз үшін АҚШ пен Жапония сияқты ұзақ жылдар бойғы қалыптасқан қарым-қатынастарды зерттеу және өзіміздің сыртқы саясатымызды қалыптастыруда американ-жапон байланыстарының жағымды және жағымсыз тұстарын ескеру аса маңызды болмақ.

Зерттеу жұмысының нысаны. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі кезеңнен бастап қазіргі кезеңге дейінгі АҚШ-тың сыртқы саясатындағы Жапонияның әскери-саяси және сауда-экономикалық әріптесі ретіндегі екіжақты байланыстар мен аймақтық деңгейдегі ролін ашып көрсету.

Зерттеудің хронологиялық шеңбері. Жұмыстың хронологиялық шеңбері зерттеудегі бөлімдерге сәйкес анықталған. Бірінші бөлімде АҚШ-тың сыртқы саясатындағы Жапонияның әскери-саяси одақтас ретіндегі ролін ашып көрсету үшін доктриналық ұстаным тұрғысынан екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі кезеңнен бастап қазіргі уақытқа дейінгі мерзімде қарастырылады. Екінші бөлімде АҚШ-тың геоэкономикалық стратегиясындағы Жапонияның ролінің ассиметриялық байланыстардан экономикалық әріптестік деңгейіне көтерілуі де “қырғиқабақ соғысы” жылдарынан бастап бүгінгі күнге дейінгі аралықта қамтылған. Үшінші бөлімде АҚШ-тың аймақтық стратегиясындағы Жапонияның ролі ХХ ғасырдың 90 жылдарының басынан ХХІ ғасырдың басына дейінгі кезеңде қарастырылған.

Диссертациялық жұмыстың мақсаты. Жұмыстың мақсаты - екіжақты және аймақтық деңгейдегі ынтымақтастыққа негізделген АҚШ-тың сыртқы саясатындағы Жапонияның ролін зерттеу.

Зерттеу тақырыбының белгіленген мақсатына сәйкес келесі міндеттерді шешуді алға қойдық:

- АҚШ-тың сыртқы саяси стратегияларын зерттеу негізінде «қырғиқабақ соғысы» кезеңіндегі Американың Жапонияға қатысты доктриналық ұстанымының эволюциясын көрсету және АҚШ-тың сыртқы саясатындағы «қырғиқабақ соғысы» кезеңіндегі әскери-саяси одақтас ретіндегі Жапонияның ролін айқындау;

- АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздік стратегиясын және американ-жапон екіжақты келісімдерін қарастыру нәтижесінде «қырғиқабақ соғыстан» кейінгі кезеңдегі АҚШ пен Жапонияның арасындағы әскери-саяси байланыстардың ерекшеліктерін зерттеу;

- Жапонияға қатысты Американың геоэкономикалық стратегиясының ерекшеліктерін анықтау және оның «қырғиқабақ соғысы» кезеңінде және одан кейінгі уақыт аралығындағы эволюциясы мен даму бағыттарын ашып көрсету;

- АҚШ-тың сыртқы саяси стратегиялары мен қорғаныс департаментінің ресми құжаттарын зерттеу негізінде АҚШ-тың аймақтық саясатын анықтау және АҚШ-тың АТА-ғы саясатындағы Жапонияның әр алуан саладағы әріптес ретіндегі ролін көрсету.

Зерттеудің деректік негізін орыс және ағылшын тілдерінде жарияланған құжаттар және өзге де деректердің түрлері құрайды. Диссертациялық жұмыстың алдына қойған мақсатын орындауда негіз болған деректердің қайнар көздеріне қарай оларды жеті топқа бөлуге болады.

Деректердің бірінші тобын мұрағат материалдары құрайды. АҚШ-тың сыртқы саясатындағы Жапонияның ролін ашып көрсетуде маңызды дереккөздер болып табылатын мұрағат материалдарын «қырғиқабақ соғысы» жылдарындағы және «қырғиқабақ соғысынан» кейінгі кезеңдегі ағымдық мұрағат деректері деген екі топқа бөліп қарастыруға болады. АҚШ пен Жапонияның арасындағы «қырғиқабақ соғысы» жылдарындағы әскери-саяси мен cауда-экономикалық саладағы екіжақты ынтымақтастыққа қатысты деректердің ішінде басты келісім-шарттар мен келісімдермен қатар, аймақтық және Парсы шығанағындағы жағдай мәселесі сияқты халықаралық өзекті мәселерге байланысты қабылданған электрондық үлгідегі АҚШ-тың Ұлттық қауіпсіздік мұрағаты құжаттары да кездеседі. Яғни, АҚШ пен Жапонияның арасындағы екіжақты қарым-қатынастары бойынша басты ресми құжаттарға келер болсақ, оларға «1951 жылғы Қауіпсіздік бойынша АҚШ пен Жапонияның арасындағы келісім-шарт» [2], «АҚШ пен Жапонияның арасындағы өзара ынтымақтастық және қауіпсіздік туралы 1960 жылғы келісім-шарт» [3], 1952 жылғы әкімшілік келісім [4], екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі жылдардағы АҚШ-тың Жапониядағы оккупациялық тәртіпті орнатуын бекіткен «1951 жылғы Сан-Францисско келісім-шарты» [5], «Оккупацияның алғашқы кезеңіндегі АҚШ-тың Жапонияға қатысты саясатының негізгі қағидалары» [6], «Өзара көмек туралы 1954 жылғы АҚШ пен Жапонияның арасындағы келісім-шарт» [7] және екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі жылдарда әрі қазіргі таңда да АҚШ үшін әскери база ретінде маңыздылығын жоғалтпай отырған Окинава немесе Рюкю аралдарына қатысты АҚШ пен Жапония арасындағы келісімді [8] жатқызуға болады. Ал Ұлттық қауіпсіздік мұрағатына келер болсақ, электрондық үлгідегі АҚШ-тың мемлекеттік органдарының ресми құжаттарының сайты ретінде осы сайтта АҚШ-тың сыртқы саясатының әр алуан бағыттары мен ерекшелігін айқындауға септігін тигізетін 5-нан астам мемлекеттік құжаттарды кездестіруге болады. АҚШ-тың сыртқы саяси басымдықтарындағы «қырғиқабақ соғысы» кезеңіндегі Жапонияның ролін анықтауда осы сайттағы екі мемлекеттің арасындағы қабылданған әр алуан мәселелер бойынша құжаттар дереккөз ретінде диссертациялық жұмысты жазуда аса маңызды болды. Осы құжаттардың ішінде АҚШ-тың сыртқы саясатындағы Жапонияның ролін айқындау мақсатында АҚШ-тың вице-президенті Мондейль мен Жапонияның премьер-министрі Фукуданың арасындағы сұхбаттың меморандумы [9], АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Шульцтің Жапонияның премьер-министрі Я. Накасонэнің іссапарына қатысты АҚШ елбасысына дайындаған меморандумы [10] және АҚШ-тың Жапониядағы елшісі Армагосттың Парсы шығанағы және оған қосатын Жапонияның үлесі туралы мемлекеттік департаментке дайындаған баяндамасы [11] сияқты мұрағат материалдары пайдаланылды. Сонымен қатар, диссертациялық жұмыстың деректерінің бірінші тобындағы мұрағат материалдарының ішінде «қырғиқабақ соғысы» кезеңіндегі құжаттармен қатар, ХХ ғасырдың 90 жылдарынан бастап қазіргі кезеңге дейінгі қабылданған ағымдық мұрағат материалдары да құнды дереккөздер ретінде зерттеу тақырыбын түбегейлі қарастыруда аса маңызды болды. Осы топтағы ағымдық мұрағат мәліметтері ретінде Жапонияның сыртқы істер министрлігінің сайтындағы АҚШ пен Жапонияның арасындағы қарым-қатынастардың деңгейі мен бағыттарын белгілеген маңызды құжаттардың қатарында АҚШ пен Жапонияның Ғаламдық әріптестігі бойынша Токио декларациясы [12], Жапония мен АҚШ-тың қауіпсіздік саласындағы біріккен декларациясы [13], Өсу мақсатындағы американ-жапон экономикалық әріптестігі [14] және АҚШ пен Жапонияның қорғаныс саласындағы ынтымақтастығы бойынша жетекші қағидаларды [15] атап көрсетуге болады. Сондай-ақ, осы деректердің тобына АҚШ пен Жапонияның әскери-саяси және экономикалық салада атқарылған іс-шаралары мен кейінгі жоспарлары жайлы мәліметпен қамтамасыз етуде біріккен институттардың баяндамалары, яғни Қауіпсіздік бойынша кеңес алмасу комитетінің мәлімдемесі [16], Окинава мәселесі бойынша арнайы әрекет комитетінің қорытынды баяндамасы [17] және экономикалық салада құрылған Инвестициялық бастаманың 2007 жылғы баяндамасы [18] аса құнды болып табылады.

Деректердің екінші тобына екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі АҚШ-тың сыртқы саясатының бағдарларын белгілеген сыртқы саяси доктриналар, Ұлттық қауіпсіздік стратегиялары, тұжырымдар мен Мемлекеттік департаменттің құжаттары жатады. Осы деректер тобының өзін «қырғиқабақ соғысы» жылдарындағы кезеңдегі және ХХ ғасырдың 90 жылдарынан бастап қазіргі кезеңге дейінгі деректер деген екі топқа бөліп көрсетуге болады. «Қырғиқабақ соғысы» жылдарындағы топтың құрамында АҚШ елбасыларының доктриналары, яғни Никсон доктринасы [19] мен Форд доктринасын [20], «коммунизмді тежеу» доктринасының негізін қалаған Кеннанның мақаласы [21], Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің бағдарламасы [22], АҚШ-тың Мемлекеттік департаментінің ресми сайтындағы АҚШ елбасыларының АҚШ-тың сыртқы саясаты туралы құжаттары [23-24] мен мемлекеттік бюллетеньдері [25] сияқты екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі кезеңнен бастап ХХ ғасырдың 90 жылдарының басына дейінгі уақыт аралығындағы құжаттарды жатқызуға болады. ХХ ғасырдың 90 жылдарынан бастап қазіргі кезеңге дейінгі АҚШ-тың сыртқы саясатын және ондағы Жапонияның ролін анықтаған маңызды дереккөз ретінде аға Джордж Буштың «Жаңа әлемдік тәртіп» стратегиясы [26], Клинтонның 1998 жылы жариялаған Ұлттық қауіпсіздік стратегиясы [27], кіші Джордж Буштың 2002 және 2006 жылдардағы жариялаған Ұлттық Қауіпсіздік стратегияларын [28-29] қолдануға болады. Сонымен қатар, осы кезеңдегі АҚШ-тың аймақтық саясатындағы Жапонияның орнын белгілеген стратегиялық құжаттардың қатарында Б. Клинтонның жаңа Тынықмұхиттық қауымдастық туралы стратегиясы [30] және 1998 жылғы Азия-Тынық мұхиты аймағына қатысты қауіпсіздік стратегиясы [31], АҚШ-тың Қорғаныс департаментінің қорғаныс саласы бойынша шолуы [32] маңызды деректердің тобын құрайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның сыртқы саясатындағы Жапония рөлі
Азия-Тынық мұхиты аймағындағы Жапонияның ролі
Қазіргі кездегі Жапонияның ішкі және сыртқы саяси жағдайы
Азия - тынық мұхиты аймағы экономикалық ынтымақтастығының дамуы
Азия-тынық мұхиты аймағындағы қауіпсіздік мәселесі
Қазақстан және Жапония қазіргі кездегі өзара қарым-қатынас стратегиясы
Қазақстанның халықаралық қатынастардың субъектісі ретінде халықаралық аренаға шығуы
Қытайға Жапониядан капитал шығару
Қытайдың АТА-дағы сыртқы саясат стратегиясы
Туркия және Орталық Азия елдері арасындағы қарым-қатнастың экономикалық аспектілері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz