Халықаралық ұйымдар


Пән: Халықаралық қатынастар
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР Кіріспе . . . …. 3

1. Халықаралық ұйымдар түсiнiгi, белгілері . . . 4

2. Халықаралық ұйымдардың даму тарихы . . . 8

Қорытынды . . . 12

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 13

Кіріспе

Халықаралық ұйымдардың белгілері Ежелгі Грекияда пайда бола бастады жөне онда қалалар мен қауымдастықгар одақтары Пелопоннестік және Афиналық симмахиялар болды. Бұл екі ежелгі грек одақтарының арасындағы қатынастар жауластық сипатта болды жөне аяғы Пелопоннес соғысымен аяқталып, нәтижесінде грек әлемінде Спарта гегемониясы орнықгы. Афиналық симмахия таратылып жіберілді. Халықаралық үйымның басқа нысаны ретінде көне халықаралық бірлестіктер көне грекиялық амфиктиондар тайпалар мен қалалардың ортақ қазынасы, соғыс жүргізу ережелері бар діни саяси одағы болды. Амфиктионияға нақгы ішкі құрылым тән болған. Мемлекетаралық ұйымдардың яғни қазіргі кездегі халықаралық ұйымдардың бастауы кезігетін ұйымдардың құрылуына қажеттілік экономикалық және саяси себептермен түсіндіріледі.

Бұл заңдылық байланыс халықаралық қатынастар дамуының кезекті, кейінгі кезендерінен де көрінеді.

XIX ғ. халықаралық ұйымдардың қайсысын бірінші халықаралық ұйым ретінде есептеуге болатындығы жөнінде әр түрлі көзқарастар бар. Мысалға, Қазіргі кезең жағдайында халықаралық ұйымдар рөлінің өскеніне байланысты өзінің құқықтық табиғаты бойынша ұйымдар халықаралық құқықтың субъектілері болып табылады. Олардың құқық қабілеттілігінің көлемі - субъектілік құрамы, қызмет келемі, реттеу пәніне байланысты әр түрлі.

Мен өзімнің жұмысымда халықаралық ұйымдардың түсінігін, ерекшеліктерін сондай-ақ оның даму тарихының кейбір кезеңдеріне қатысты мәселелерді қарастырып өтпекпін.

1. Халықаралық ұйымдар түсiнiгi, белгілері

Халықаралық ұйым бұл белгілі бір мақсаттарды орындау үшін халықаралық шарттар негізінде құрылған тұрақты қызмет ететін органдар жүйесі бар, халықаралық құқық субъектілікке ие және халықаралық құқықтың нормалары мен қағидаттары негізінде құрылған мемлекеттердің тұрақты бірлестігі.

Халықаралық ұйымның белгілеріне мыналар жатады:

халықаралық жарғылық шарттың болуы;

белгілі бір мақсаттардың болуы;

сәйкесінше ұйымдық құрылымы: тұрақгы органдар жүйесі және штаб-пәтерінің болуы;

мүше мемлекеттер құқығы мен міндеттерінен ажыратылатын өзіндік құқықгары мен міндеттері;

халықаралық құқық нормалары мен қағидаттарына сәйкес құрылуы;

үш және одан да көп мемлекеттер мүшелігі жатады.

Халықаралық ұйымдардың классификациясына байланысты әртүрлі көзқарастар мен пікірлер бар. Біріншіден, бір ұйымға анықтама беруге әр түрлі тұрғыдан келуге болады. Екіншіден, ұйымдар түрі өте көп және маңызды ерекшеліктері оларды әр түрлі санаттарға жатқызуға мүмкіншілік береді. Халықаралық ұйымдар халықаралық қатынастарға өз атынан қатысуға және басқа халықаралық қатынастарға қатысушылармен заңдық әрекеттестікке тікелей түсуге қабілетті әрi тәуелсіз болады1.

Халықаралық ұйымдар 1986 ж. Вена Конвенциясының 3-бабына сәйкес, халықаралық ұйымдар халықаралық құқықтың субъектілері болып табылады. Оларды негізгі субъектілер болып табылатын мемлекеттер әр түрлі ауқымдағы ынтымақтастық үшін құрады. Сондықтан да халықаралық ұйымдар туынды топқа жатқызылады. Халықаралық ұйымдар санының өсуі және халықаралық қауымдастықта маңызды мәселелерді шешудегі рөлінің артуы оларды нормативтік тұрғыдан бекіту қажеттігін туғызады.

Әмбебап сипаттағы халықаралық ұйымдардың қатынасындағы мемлекеттердін өкілдіктері туралы 1975 ж. Вена Конвенциясы, мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар немесе халықаралық ұйымдар арасындағы шарттардың құқықтары туралы 1986 ж. Вена конвенциясы.

Халықаралық ұйымдар қазақстандық автор Е. А. Шибаеваның пiкiрiнше алғашқы кезде құқық субъектілік қасиетке ие болмаған, бұл ұйымдардың, халықаралық құқықтың және халықаралық қатынастардың дамуынын белгілі бір сатыларында пайда2.

Халықаралық ұйымдардың тәуелсіздігі жоқ, олар мемлекетке тәуелді, яғни халықаралық ұйымдардың өмір сүруі үшін мемлекеттер ерік білдіруі керек. Сөйтіп, қүрылтайшы мемлекеттер халықаралық ұйымдарға құқық субъектілікті береді. Халықаралық ұйымдарда құқық субъектілік XX ғасырдың 20-жылдарында ғана пайда болды. Ұйымдардың халықаралық құқық субъектілігі құрылтай актісінде (жарғысында) бекітіледі. Егер мұндай жағдай жарғыда нақтырақ көрсетілмесе, онда жобаланған құзырет тұжырымдамасы қолданылады3. Мысалы, халықаралық Соттың консультациялық қорытындысы 1949 ж. БҰҰ-ны халықаралық құқықтың туынды субъектісі ретінде таныды.

Халықаралық үйымдар мемлекеттердің жан-жақты өзара қарым-қатынастарының нысаны болып табылады, мемлекеттермен қажеттілік шегінде құрылады және халықаралық қатынастар қажеттіліктерінен объективті түрде туындайды. Ерекше атап өтетін жайт, халықаралық ұйымдардың құқықсубъектілігі мүше мемлекеттердің ниет білдіруіне, осы ұйымның мақсаттарына, құзыреттеріне, органдар құрылымына қабылданған шешімдердің заңи нәтижелеріне тікелей байланысты, бағынышты болады.

Ұйым жарғысының заңды күшіне енуі белгілі бір нәтижелердің туындауын қамтамасыз етеді. Мысалға, оны құрған мемлекеттен ерекше жаңа бір халықаралық кұқық субъектісі пайда болады. Бірақ, сонымен қатар,

халықаралық ұйым халықаралық құқықтың алғашқы субъектілеріне мемлекеттер мен ұлттар, өз егемендігі үшін күресуші халықтар тән маңызды касиетке егемендікке емес. Халыкаралық ұйым халықаралық қатынастарды реттеудегі халықаралық құқықтық жүйенің объективті қажетті көрінісі. Халықаралық тәжірибеде халықаралық ұйымдардың қызметіне әсер ететін және олардың көптеген бағыттарда дамуын белгілейтін факторлар мен жағдайлар жүйелері бар.

Оларға:

шаруашылық қызметтің ;

ғылыми-техникалық процесін;

казіргі кездегі маңызды мәселелердің ғаламдық сипатын жатқызуға болады.

Халықаралық ұйымдар мемлекеттер мен халықаралық құқықгың басқа да субъектілері арасындағы өзара карым-қатынасының бірден-бір маңызды кұқықгық нысаны болып табылады. Халықаралық ұйымдар қызметінде неғұрлым басым, актуалды сипатқа қазіргі кездегі ғаламдық мәселелер ие.

Сонымен қатар халықаралық ұйымдар егеменді мемлекеттермен қатар, халықаралық қатынастарды халықаралық құқықгық реттеуде маңызды рөл атқаратыны жалпыға мәлім. XIX ғ. орта шеніне қарай қоғам дамуының объективті қажеттіліктері тұрақты қызмет ететін халықаралық ұйымдардың - халықаралық әкімшілік одақтардың пайда болуына әкелді. Халықаралық ұйымдардың қазіргі кездегі даму кезеңі біршама заңдылықтарға ие. Оларға: әр түрлі қоғамдық құрылымдары бар мемлекеттердің өзара бейбіт өмір сүруі, отаршылдық жүйенің қирауы шаруашылық, саяси-ғылыми және мәдени өмірдің және егеменді мемлекеттердің өмір сүруі жатады. Халықаралық ұйымдардың құрылуының объективті негізі бар және дүниежүзілік қауымдастықтың нақтылы қажеттіліктерінен туындайды. Олар халықаралық ұйымдардың құқықтық реттеудің ортақ әдісі шеңберіндегі халықаралық қарым-қатынастарға әсер етудіц ерекше әдісі болып табылады

Бұл халықаралық ұйымдар құқығын халықаралық құқықтың дербес саласы ретінде бөліп қарастыруда маңызды рольге ие болады.

Халықаралық ұйымдар құқығының күрделі нормативтік құрылымы бар. Жалпы халықаралық құқықтың қағидаттары - бейбіт өмір сүру қағидаты мемлекет егемендігіне құрмет, мемлекеттердің теңдігі мен ішкі істеріне араласпау сияқты қағидаттар жататын

Халықаралық ұйымның қызмет етуі, оның органдарының әралуан қызметтері белгілі бір құқықтық тәртіптің орнығуына әкеледі. Халықаралық құқық жүйесіндегі халықаралық ұйымдар құқығынан басқа бірде-бір құқық сала-сының құқықтық реттеу әдісінде ерекшелігі жоқтығын ескере отырып, бұл сала дербес сала ретіндегі мәнге ие болатынын басып айтуымызға болады.

Консенсус шешім-дерді талқылау мен қабылдау рөсімі және де оған мүше мемлекеттердің ойларын үйлестіру дауыс берусіз және қабылданғалы отырган шешімдерге жалпы формальды қарсылықгарының болмауы тән.

Ұйымдардың өзара қарым-қатынастарының нысандары мен әдістері әр түрлілік сипатқа ие болып келеді. Халықаралық құқықгың субъектісі бола отырып, халықаралық ұйымдар қүқықтық нормаларды дүниеге әкелуде

2. Халықаралық ұйымдардың даму тарихы

Мемлекетаралық, бүкіләлемдік және әмбебап ұйым - БҰҰ-ның қазіргі негізгі субъектісі ретінде мемлекет құзыретінің көлемі қандай да бір халықаралық ұйым құрамындағы мемлекеттің құзіретінен әлдеқайда кең болатынын атап өткен жөн.

Осындай халықаралық ұйымдардың алғашқылары қатарына:

1815 ж. құрылған Киелі Одақ.

Рейн бойынша кемелер жүзуінің Орталық комиссиясы.

Халықаралық өлшемдер мен салмақгар бюросы 1875 ж.

Дүниежүзілік пошта одағы 1874 ж. жатқызуға болады.

Жоғарыда аталып өткен белгілердің бәрі бар алғашқы халықаралық ұйымдар капитализм кезінде пайда болды. Қүқықгық табиғаты бойынша бір әлеуметтік жүйеге жататын олар өздерінің практикалық қызметінде қатысушылардың егеменді тендігі қағидатын сақтау мен жүзеге асырудан әлдеқайда алыс болды.

Сонымен қатар, көпшілік ұйымдардағы отарлар мен бағынышты аумақтар жағдайы ашық кемсітушілікпен сипатталды.

Халықаральтқ қатынастар жүйесінде ол кезде халықаралық ұйымдар негізінен халықаралық қарым-қатынастағы көмекші рөлге ие болды. Соған қарамастан, олардың пайда болуы халықаралық қатынастардың кеңеюі жолындағы елеулі кезең болып келді.

Қазіргі кездегі халықаралық қатынастарға тән белгілердің бірі мемлекетаралық үйымдардың тез дамуы мен үлғаюы болып табылады. XX ғ. басында саяси бағыттағы халықаралық ұйымдардың көптеген жоспарлары пайда бола бастайды және олардың мақсаты соғысты болдырмау болды.

Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде осындай жоспарлаудың жүзден астам түрі қүрылған еді. Осындай жоспарлаудың бір Ұлттар Лигасының негізін қалады, бірақ бұл мемлекеттер арасында бейбітшілікті сақгау мен қауіпсіздікті бірқалыпты дәрежеде үстап тұру аясындағы саяси халық-аралық өзара қарым-қатынастың тиімді құралы бола ал-майды. Бірақ, Үлттар Лигасын құрушылардың шынайы мақсаттары оның Жарғысының Кіріспесінде жарияланғанымен, мүлдем сәйкес болмайды. Ұлттар Лигасы Жарғысының нұсқасы ағылшын-американдық жоспар негізінде жасалды жөне үш империалистік державаның арасында келісілді. Олар: АҚШ, Англия, Франция болды. Париж Конференциясының қалған катысушылары Жарғыны талқылаусыз қабылдады.

1919 ж. 28 сәуірінде қабылданған Ұлттар Лигасының Жарғысына 44 мемлекет қол қойды, оның ішінде 31 мемлекет бірінші дүниежүзілік соғыста Антанта жағында болғандар еді. Бұл сан халықаралық үйымның сипатына толық анықтама беріп тұр. Бұл ұйымның алғашқы мүшесі АҚШ болцы. -Бірақ, кейіннен американдықтар Ұлттар Лигасына кірмеді, себебі америка Сенаты Версаль шартын ратификацияламады, олай болса, Ұлттар Лигасының Жарғысын да қабылдамады. Мемлекеттердің екінші тобы "шақырылғандар" болды. Олар бірінші дүниежүзілік соғыста бейтарап саясат үстанған 13 мемлекет болды. Үлттар Лигасының Жарғысына қол қойғандардың қатарында доминиондар да болды, бұл Британ империясының қүрамына кірген мемлекеттер Үлттар Лигасының мүшесі болғанына өте мүдделі ағылшын басқарушы топтарының күштеуінің нәтижесі еді.

Ұлтгар Лигасы мынадай негізгі органдардан тұрды:

Жиналыс (Ассамблея) . Бұл орган қыркүйекте өтетін сессиялар бойынша жұмыс істеді. Бұл орган өз құзыретіне кіретін барлық мәселелерді қарауға

Қарарлар, ұсыныстар жиналыста бірауыздан қабылданатын еді.

Ұлттар Лигасыңың Кеңесі тұрақты және уақытша органдардан тұратын орган. Тұрақты органдарға Ұлыбритания, Франция, Жапония, Италия, кейіннен Германия, 1934 жылдан бастап КСРО кірді.

Секретариат Ұлттық Лиганың атқарушы органы, оның аппаратының саны 600 адамға жуық болған.

1920 ж. Сот органы құрылды бұл халықаралық сот төрелігінің тұрақты палатасы болды. Бұл халықаралық сот төрелігінің Тұрақты Палатасының Статуты редакциялық түзетулер нәтижесінде БҰҰ-ның Халықаралық Сотының Статутына айналды.

- Ұлттар Лигасының негізгі органдарының қатарына халықаралық еңбек ұйымы кірді, ал БҰҰ-да бұл мамандандырылған мекеме болып табылады.

Ұлттар Лигасына құқықтық саралау жасай отырып, бүл ұйымның мынадай кемшіліктерін атап өтуге болады:

Саяси шешімдерді шығарғанда бірауыздылық қағидатының қолданылуы. Бұл мынаны білдірді, яғни Ұлттар Лигасының кез келген мүшесі дауласушы тараптарды қоспағанда, вето кұқығын қолдана алды, олай болса, шешім қабылданбайды.

- Негізгі органдар Жиналыс (Ассамблея) пен Кеңестің арасындағы құзыреттері нақгы реттелмеген.

Ұлттар Лигасының Жарғысында агрессияшыл соғыстың жүргізілуіне нақты қарсылық болмаған.

Ұлттар Лигасының Жарғысы басқа мемлекеттер алдында өз міндеттерін атқару үшін қажетті қаруды минимум мөлшеріне дейін азайту идеясын қолдаған. Толық және негізді қарусыздандыру тезисі халықаралық кұқықга кейінірек қарастырылды

Отарлық жүйенің басқаруға мандат беру арқылы жария етілуі.

Ұлттар лигасының қызметінде бір бастау болды, ол антисоветизм еді. КСРО бүл ұйымның толық мүшесі ретіндегі мәртебеге 15 жылдан кейін ие болды. Халықаралық ұйымдар:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықаралық ұйымдардың классификациясы
Халықаралық ұйымдар жайында
Қазақстандағы халықаралық үкіметтік емес ұйымдар: әлемдік тәжірибе
Халықаралық құқықтық субъектілері
Халықаралық құқық нормаларын қалыптастырудағы халықаралық ұйымдардың орны мен ролі
Халықаралық ұйымдардың халықаралық құқықтық жауапкершілігі
Халықаралық ұйымдар туралы
Заманауи халықаралық құқық
Халықаралық құқығының негіздері
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҰЙЫМДАРДЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБЕСІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz