Кентау қаласы қоршаған ортасының экологиялық жағдайы


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Биология факультеті

Экология және ботаника кафедрасы

Д. Б. Қарабатырова

КЕНТАУ ҚАЛАСЫ ҚОРШАҒАН ОРТАСЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ

БІТІРУ ЖҰМЫСЫ

050608 - «Экология» мамандығы

Алматы 2011

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Биология факультеті

Экология және ботаника кафедрасы

Қорғауға жіберілді:

Кафедра меңгерушісі,

б. ғ. д., профессор

“___” 2011 С. С. Айдосова

БІТІРУ ЖҰМЫСЫ

КЕНТАУ ҚАЛАСЫ ҚОРШАҒАН ОРТАСЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ

050608 - «Экология» мамандығы

Орындаған:

4 курс студенті Д. Б. Қарабатырова

Ғылыми жетекшісі,

б. ғ. к., доцент Р. М. Білдебаева

Норма бақылаушы: Г. Ж. Билялова

Алматы 2011

Мазмұны

Кіріспе . . . 5

  1. Әдебиеттерге шолу . . . 6

1. 1 Кентау қаласы табиғи экологиялық жағдайлары . . . 6

  1. Кентау қаласы қоршаған ортасының ластану түрлері . . . 8
  2. Қоршаған ортаның химиялық заттармен ластануы, және олардың

қоршаған ортаға түсу жолдары . . . 10

1. 4 Ауыр металдардың адам ағзасына және

қоршаған ортаға әсері . . . 16

2 Зерттеу нысаны мен әдістері . . . 20

2. 1 Зерттеу нысаны . . . 20

2. 2 Зерттеуге алынған топырақтардың сипаттамасы . . . 20

  1. Зерттеу үлгілерін алу әдісі . . . 21

2. 4 Ауыр металдарды анықтау әдісі . . . 22

3 Зерттеу нәтижелері мен оларды талқылау . . . 25

3. 1 Кентау қаласындағы топырақтағы және өсімдіктеріндегі

ауыр металдардың мөлшері . . . 25

3. 2 Кентау қаласы суындағы ауыр металдардың мөлшері . . . 31

Қорытынды . . . 33

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 34

ГЛОССАРИЙ

Экология- организмдердің тіршілік ету жағдайларын және организмдер мен олардың тіршілік ету ортасы арасындағы өз-ара байланыстарды зерттейтін ғылым.

Экологиялық мониторинг- қоршаған ортаның жағдайын бақылау, бағалау және болжау.

Ауыр металдар - үлесті салмағы 4, 5г/см мөлшерінен жоғары металдар. Бұлардың құрамында адамның өмір үшін қажеттілері де (мырыш, марганец, мыс), организм үшін улы әсер ерітіндері (кадмий, сынап, қорғасын, т. б) бар.

Биологиялық ластану - қоршаған ортада адам мен мал ауруына апарып соғатын микроорганизмдердің пайда болып, көбейуі.

Қоршаған орта- организмдердіқоршап жатқан, оның тіршілік етуіне әсер ететін нәрселер. Тірі организмдерге әсер ететін ортаныңэлементтері - абиотикалық, биотикалық, әлеуметтік-экологиялық факторлар. Табиғи ортамен әлеуметті сферадан құралады.

Ластану- адамға және табиғи экожүйеге зиянды әсер ететін химиялық, физикалық, биологиялық агенттердің қоршаған ортаға түсуі

Радиоактивті ластану -ортада радиоактивті заттектердің құрамының қалыпты деңгейінен артуына байланысты физикалық ластану түрі. Радиоактивтік ластанудың негізгі көздері ядролық сынақ және қондырғылар.

Радиоактивті қалдықтар- ядролық реакторлардың жұмыс кезінде және оларды өндіргенде радиоактивтік изотоптарды қолданғанда түзілетін, бұдан әрі қолданылмайтын радиоактивтік заттектер.

Табиғатты қорғау - биосфералық ресурстарын сақтау (биологиялық әртүрлілікті, суды, топырақты, жер қойнауын, атмосфераны т. б. )

Улылы қ- кейбір химиялық элементтердің қосындыларының және тіршілік заттектерінің организмдерге (адамға, жануарларға, өсімдіктерге т. б. ) зиянды әсер ету қабілеті.

Шекті рауалы концентрация (ШРК) - адам денсаулығына зиян тигізбейтін судағы, топырақтағы, ауадағы, тамақ өнімдеріндегі шекті заттар концентрациясын белгілейтін экологиялық норматив.

Кіріспе

Қазақстан Республикасының экологиялық проблемалары күрделі регионға Оңтүстік Қазақстан облысы да кіреді. Оңтүстік Қазақстан облысы Қазақстанның ең ірі және өндірісі де, ауылшаруашылығы да дамыған облыстарының бірі. Ал Кентау қаласы болса Оңтүстік Қазақстанның кезінде өндірісі жақсы дамыған қалаларының бірі. Сондықтан қазіргі таңда бұл қаланың экологиялық жағдайын зерттеу өте маңызды мәселе болып отыр. Кентау қаласында өндірістік орындар аз емес. Одан шыққан зиянды заттар әсерлерінен Кентау халқының денсаулығы күннен күнге төмендеуде және де ол көбінесе ауыр металдардың әсерімен байланысты деуге болады. Себебі өндіріс орындарынан шығатын қатты қалдықтар сол өндіріс орындарының төңіректерінде жинақтала отырып, қар, жаңбыр суларымен еріп, шайылып, жер асты, жер үсті суларын ластайды, топырақ бетіне түседі, өсімдіктерге өтеді. Соңғы уақытта осы аймаққа тән адам денсаулығына зиянды заттардың әсерінен патологиялар айқын байқала бастады. [1, 2]

Жұмыстың өзектілігі:

- Оңтүстік Қазақстан облысының Кентау қаласы қоршаған ортасын ластаушы негізгі заттар - ауыр металдар болған соң, осы металдардың мөлшерлерін топырақта, суда анықтау;

Жұмыстың мақсаты:

- Оңтүстік Қазақстан облысы Қентау қаласы қоршаған ортасының қазіргі экологиялық жағдайын зерттеу;

Жұмыстың міндеті:

-өнеркәсіптен шыққан қосылыстарының қаншалықты зиянды екені жайлы түсініктерді кеңейту;

-ауыр металдардың адам денсаулығына қаншалықты қауіпті екенін көрсету;

-бірнеше жылдар бойы ластану салдары бүгінгі күні қандай проблемалар туғызып отырғанын анықтау;

-зерттеу барысында қажетті әдістерді игеріп, нәтижелерді алып, талдау жасауды білу.

1 ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ

1. 1 Кентау қаласы табиғи-экологиялық жағдайлары

Кентау қаласы 1955 жылы тамыз айында Оңтүстік Қазақста облысында құрылды. Алғашқы қала орналасқан елді мекен Мырғалымсай деп аталған. Кентау қаласын құрудағы мақсат Ащысай полиметалл кенішін байыту жұмыстары болатын. Кентау қаласы облыс орталығы болып саналатын Шымкент қаласынан 260 шақырым жерде орналасқан. Түркістан қаласымен арадағы қашықтық 30 шақырымды құрайды [3, 4 ] .

1 сурет. Қазақстан облыстарының картасы

Кентау қаласы Қаратау жотасының батыс беткейінде мұхит деңгейінен 256 м биіктікте 120, 9 м² территорияда орналасқан. Қалған территорияның көп бөлігін үлкен құмды жазықтар мен құрғақ далалар алып жатыр. Бұл ыстық әрі өте құрғақ тау бөктері зонасына жатады. Климаты қатаң - континенталды, құрғақ. Қысы қатал, аз қарлы, суық желді, ал жазы құрғақ, құрғақ ыстық желді. Соған қоса, аймаққа маусымдық және тәуліктік температуралардың күрт өзгеруі тән. Климаттың мұндай болуы территорияның солтүстік- шығысында тау мен батысында ауқымды жазықтықтың ортасында орналасына байланысты. Ауаның жылдық орташа температурасы +11, 9ºС. Температураның обсолюттік максимумы + 46, 9 0 С, абсолюттік минимумы -38 0 С. Ауаның ылғалдылығы орта есеппен 53%. Көктемі қысқа, күзі жылы-созылмалы, қысы жұмсақ-қысқа, жаы қатаң қуаң-созылмалы. Маусымдық топырақтың қату тереңдігі 2. 15 метр. Жауын - шашын маусым бойынша біркелкі тараған. Орташа температура қаңтарда - 15-16 0 С, шілдеде +22 - +25 0 С. Жылдық орташа жауын-шашын мөлшері 120-130мм. Топырақта ылғалдың жинақталуы негізінен көктемде еріген қар суы арқылы және жауын - шашын арқылы жүзеге асады.

Жазғы мезгілдегі жел бағыты солтүсті - батыс, батыс, қысқы мезгілдегі бағыты - оңтүстік - шығыс, шығыс. Желдің максималды жылдамдығы күндізгі температураның ең жылы кезінде болады. Штиль өте сирек болады, көбінесе түнгі уақыттарда [ 5, 6] .

Қала халқының саны 80. 6 мың адамды құрайды, ал ауыл халқының саны 50, 8 мың адам . Өсу қарқыны 2 суретте көрсетілген [7] .

2 сурет. Кентау қаласының халық саны

1. 2 Кентау қаласы қоршаған ортасының ластану түрлері

Ауаның ластануы. Кентау қаласы бойынша негізінен мына қосылыстар ШРК артық мөлшерінен байқалады. Олар: азот диоксиды - 2, 5 есе ; күкірт сутек - 1 есе асады; формальдегид - 4, 7 есе ; көміртек оксиды - 1. 4 есе ; күкірт диоксиді - 1. 38 есе асады; шаң - 1. 4 есе асады. Басқа заттектер бойынша ШРК дан асу байқалмайды .

Өндіріс орындарының шығындыларын есепке ала отырып, жылдар аралығындағы ауаның сапасын бақылауға болады.

Кесте 1

Ластағыш көздерінен шыққан ластаушы заттардың мөлшері,

мың т

Жылдар
2005
2006
2007
2008
2009
2010
Жылдар: Барлығы
2005: 65, 8
2006: 80, 2
2007: 92
2008: 116, 7
2009: 129, 9
2010: 67, 2
Жылдар: Өлшенген заттар
2005: 7, 31
2006: 6, 23
2007: 9, 55
2008: 6, 5
2009: 10, 4
2010: 4, 2
Жылдар: Күкіртті ангидрид
2005: 7, 22
2006: 47, 7
2007: 48, 1
2008: 49, 05
2009: 65, 3
2010: 29, 6
Жылдар: Азот қышқылдары
2005: 9, 7
2006: 4, 3
2007: 5, 1
2008: 7, 01
2009: 8, 73
2010: 4, 8
Жылдар: Басқалар
2005: 41, 57
2006: 21, 96
2007: 29, 06
2008: 54, 14
2009: 45, 47
2010: 28, 6

3 сурет. Жылдар бойынша ауаға шығатын ластағыш заттар, мың т

Ластағыш көздерінен шыққан максималды шығындылар негізгі өнеркәсіп орындары шоғырланған Кентау қаласында, Байылдыр, Хантағы елді мекендерде байқалады.

Кентау қаласының ауа қабатын ластайтын негізгі өндіріс орындары: АҚ «Ачполиметалл», АҚ «Кентау Экскаватор», ААҚ «Кентау трансфарматор заводы» филиалы, «Кентау ТЭЦ-5».

Ауа қабатының ластануында жылжымалы ластаушылардың үлесі де көп. Төменгі таблицада 2008 жылдың бірінші жартысындағы ауаның ластану дәрежелері бойынша көрсетілген . [8 ]

Кесте 2

Кентау қаласының ауасындағы ластағыш заттар мөлшері, мг/кг

Қала

Бар

лығы

Қатты заттек

тер

Күкірт

ті

ангид

рид

Көмір

тек қышқылы

Азот қышқыл

дары

Көмір

сутектер

Басқа

лары

Қала: Кентау
Барлығы: 35, 90
Қатты заттектер: 2, 76
Күкірттіангидрид: 1, 30
Көміртек қышқылы: 19, 75
Азот қышқылдары: 5, 78
Көмірсутектер: 3, 80
Басқалары: 2, 51

Тірі және өлі табиғатта жүретін түрлі процестер мен құбылыстардың адам тіршілігіне жұмсалатын заттардың ішінде судың маңызы зор. Мұздарды, батпақтарды қосып есептегенде, жер бетінің 77, 5% - ын су алып жатыр. Су қорларына - мұхиттар, теңіз, өзен, көл, жер асты сулары, мұздықтар, атмосферадағы ылғал кіреді. Су адамдар мен жануарлардың организміне еніп, онда болатын зат және энергия айналымына тікелей қатысады. Көптеген процестер тек сулы ортада ғана жүре алады. Белок суда пайда болған және осы ортада дами алады, ал белок тірі клетканың негізі болып табылады. Жер бетіндегі биологиялық өнімдердің 43% - ын, ал оттегінің 50% - дан көбін мұхиттар мен теңіздер береді. Су қоры - халық байлығы, өкінішке орай жер бетіндегі тұщы судың қоры өте аз. өзендер мен көлдердегі тұщы сулардың қоры, гидросфера ресурсының бір пайызына да жетпейді екен. Планетамыздағы адамзаттың тұщы суды пайдалануы жыл сайын өсіп келеді. Ал, мұхиттардың, теңіздердің тұзды сулары шаруашылықта мардымсыз болса да қолданылып жүр. Біздің республикамызда су тұщытқыш станциясы Ақтау қаласында ғана бар. Егер ерте кезде, бір адам басына шаққанда, тәулігіне 12-18 литр су пайдаланса, XX ғасырда мәдениеті дамыған елдерде оның шамасы орта есеппен 200-400 литрге жетіп отыр. Су ресурстарының “мұхит-атмосфера-жер-мұхит” системасындағы айналым процестерінде тамаша бір қасиеті - өздігінен қайта қалпына келу қабілеті. Сондықтан табиғатты қорғаудың аса маңызды міндеттерінің бірі табиғи сулардың осы қасиетін сақтап қалуға барынша мүмкіндік жасау. Судың өздігінен тазару процесіне әсер ететін физикалық факторлардың ішінде ластаушы заттардың сұйылуы, еруі және араласуы негізгі рөл атқарады. Су ресурсары, олардың сапасы. Оңтүстік Қазақстан облысының территориясында су ресурстары біртекті таралмаған. Өзендер жүйесі таулы аудандарда таралған. Жазық жерлерде әлсіз дамыған, уақытша су ағыстарынан тұрады. Негізгі су артериясына сырдария өзені жатады. Сырдария республика территориясынан тыс орталық Тянь-Шаньнан бастау алады. Ол атмосфералық судан және мұздықтардан қоректенеді. Ірі өзендерге Арыс, Бөген, Келес, Бадам, Боралдай, Ақ су өзендері жатады. Өзендердің жалпы ұзындығы 3754 км. Оңтүстік Қазақстан облысындағы көддер негізінен Сырдария, Шу, Талас өзендерінің сағаларында орналасқан. Олардың көпшілігі аталған өзендер тасыған кезде толады. Кейбір көлдер ғана жер асты грунт суларынан қоректенеді. Облыс территориясында жалпы көлемі 25, 94 га болатын га болатын 43 көл және жалпы көлемі 98, 46 болатын 22 су қоймалары бар. Ең ірі көлдерге Қызылкөл жатады. Облыстың гидрографиялық жүйесінің өзіне тән элементіне тақырлар жатады. Олар еріген қар және жаңбыр суымен толады да, бірақ біраздан соң кеуіп кетеді. Оңтүстік Қазақстан облысында жер асты суларының 25 кен орны барланған. Белгілі кен орындары мын түрлерге бөлінеді. Өзен аңғарларындағы жер асты сулары- Абай, Арыс, Александров, Жоғарғы келес, Жіңішке, Ленгір, Төменгі Торай, Сазтөбе, Темірлан, Шардара; Артезиан бассейнінің жер асты сулары- Манкент, Сарыағаш, Созақ, Шымкент; Өзендер негізінен ауыл шаруашылығы және егін суару мақсаттарында пайдаланылады. Зауыттын себебінен барлау аймақтарындағы кіші өзендер орасан зор зардап шеккен. Оларға көп мөлшерде ластаушы қоспалар ағызылады. Соған қоса жыл сайынғы су эрозиясы да өз ролін қосады. Облыста тұрмыстық ішуге, өндірістік-техникалық сумен қамтамасыз етуге, дақылдарды суаруға арналған жер асты су көздері пайдаланылады. Олар қосынды түрінде жылына млрд. куб метр су бере алады. Кентау қаласының ауыз су көздеріне негізінен жер асты сулары жатады, олардың қоры біршама баршылық және олар аса ластанбаған. Жер асты сулары мөлшері тұрғындардың қажеттілігінен 19, 1 есе көп. Алайда олар бүкіл территория бойынша біркелкі орналаспаған. Бұл оны қолданғанда қиыншылықтар туғызады. Кентау қаласы дала зонасында орналасқан. Негізінен барлық территория күңгірт қарақоңыр топырақтарын қамтиды, тек солтүстік бөлігінде оңтүстік қаратопырақтар қамтыған. Қала шетінің топырақтары негізінен оңтүстік қаратопырақ, күңгірт қарақоңыр, қоңыр топырақтар. Арасында интразоналды топырақтар (сортаң, шалғынды) . [5]

1. 3 Қоршаған ортаның химиялық заттармен ластануы және олардың қоршаған ортаға түсу жолдары

Табиғи қоршаған ортаның қауіпті химиялық заттармен ластануының бірі - ауыр металдармен ластану. Оларға темір, мырыш, никель, мыс және қорғасын жатады. Ағынды су ластаушыларының ішінде ауыр металдар токсикалық жағынан бірінші қатардағыларға қосылады. Ауыр металдар биодеградацияға ұшырамайды, уақыт өте экожүйенің қандай да бір компоненттерінде жинақталып, биоциклдерге қатысады. Олар қоректік тізбек арқылы адам және жануарлар ағзасына түседі. [9]

Ауыр металдар ағзаға көп мөлшерде түскен жағдайда биологиялық тотығу процесін бұзады. Ұлпалардың тыныс алуына кедергі жасап, клеткалардағы энегрия алмасу процесін тежейді. Зиянды заттар адам ағзасында аккумуляцияланады және ішкі ағзаға оңай өтіп, сонда жинақталады. Оның токсикалық әсері валенттілігіне байланысты болып келеді. Оның жоғарғы оксидтері төменгілеріне қарағанда әлде қайда қауіпті болып келеді және кілегеілі қабықша мен өкпе ұлпасын қабындырады. Оның токсикалық әсер етуі мен аллергиялақ реакция тудыруының негізінде кешенді қосылыс түзу қабілеттілігі жатыр. Ағзаға қалай түскеніне қарамастан, улы зиянды заттар бауырда, бүйректе, сүйекте, өкпеде ұзақ уақытқа аккумуляцияланады. Олардың ағзадан бөлініп шығуы көп мөлшерде бүйрек арқылы, және аз мөлшерде ішек арқылы жүзеге асады. Ағза уланғанда ең көп тыныс алу мен ас қорыту мүшелері зақымдалады. Асқазан мен ішекте жаралар пайда болады. [10. 11]

Жалпы қоршаған ортаның ластануы дегенде біз оған тән емес агенттердің енуі немесе бар заттардың концентрациясының ( химиялық, физикалық, биологиялық ) артуын, нәтижесінде қолайсыз әсерлер туғызуын түсінеміз. Ластаушы заттарға тек улы заттар ғана емес, зиянды емес немесе ағзаға қажет заттың оптималды концентрациядан артық болуы да жатады. [

Ластану әр түрлі белгілері бойынша жіктеледі:

- шығу тегі бойынша: табиғи және жасанды (антропогенді)

- әсер-пайда болу көзіне байланысты:

а) өндірістік, ауыл шаруашылық, транспорттық және т. б.

б) нүктелік (өнеркәсіп орнының құбыры), объектілік (өнеркәсіп орны), шашыраған(егістік танабы, бүкіл экожүйе), трансгрессивті(басқа аймақтар мен мемлекеттерден енетін) ;

-әсер ететін аумағына байланысты: ғаламдық, аймақтық, жергілікті;

-қоршаған ортаның элементтері бойынша:атмосфера, топырақ, гидросфера, және оның әртүрлі құрам бөліктері (әлем мұхиттары, тұщы су, жер асты сулары, өзен сулары және т. б. ) ;

-әсер ететін аумағына байланысты: қала ортасы, ауыл шаруашылық ортасы, өнеркәсіп орындарының ішінде және т. б. ;

- әсер етудің сипатына байланысты: химиялық ( химиялық заттар мен

элементтер ), физикалық ( радиоактивті, радиациялық жылулық, шу, электромагниттік ), физико-химиялық (аэрозолдер), биологиялық

( микробиологиялық және т. б. ) ;

- әсер етудің периодтылығына байланысты: бірінші ретті (смогты құбырлардың өнімдері ) ;

- тұрақтылық дәрежесі бойынша: өте тұрақты - жүз және мың жыл тұратын ( азот, оттегі, аргон және мың жыл тұратын басқа инертті газдар ), тұрақты 5-25 жыл ( көмір қышқыл газы, метан, фреондар ), тұрақсыз ( су буы, көміртегі тотығы, күкіртті газ, күкіртсутек, азоттың қос тотығы, озон қабатындағы фреон ) . [12]

Қоршаған ортаның ластануы, оның ішінде ауыр метелдармен ластануы деңгейі кейінгі он жылдықтарда жоғарылап кетті.

Ауыр металдар қоршаған ортаға түсу көзіне қарай екіге бөлінеді: табиғи және техногенді.

Табиғи көздері: экожүйедегі ауыр металдардың табиғи көзіне ең алдымен тау жыныстарын жатқызады ( шөгінді, магмалық, метаморфтық ), желдену ( ауамен көтерілу ), ( эрозия ) салдарынан пайда болған жердің беткі қабаты, мантия, базальт пен граниттер ауыр металдардың алғашқы орны, ал шөгінді жыныстар, мұхит сулары мен тірі организмдер екінші орны болып табылады.

Табиғи көздерге және де тұзды сулар мен тұздықтар, космостық және метеоритті шаң, вулкан газдары, орман өрттері, теңіз суының дисперциясы, кейбір процесстер және т. б. жатады.

Атмосфераға өрттер нәтижесінде түсетін ауыр металдар мөлшері жоғары болады. Берілген мәліметтер бойынша жыл сайын атмосфераға темір -35т, мырыш - 250 000т, мыс- 35 000т, қорғасын - 6700 т түседі.

Қазіргі кезде зерттеушілер ауыр металдардың қоршаған ортаға биологиялық процесстер арқылы түсуіне көп көңіл бөлуде.

Биологиялық көзі ретінде өсімдік транспирациясын, өсімдік тозаңы мен спорасының атмосфераға түсуін қарастыруға болады.

Ғылымдардың есептеуі бойынша құрылықта жоғарғы сатыдағы өсімдіктерден атмосфераға 300* 10 т/жыл мырыш бөлінеді. Тозаңмен атмосфераға 80* 10 минералды заттар түседі.

Ауыр металдар ағаштардың жасыл органдары арқылы жеңіл ұшатын терпенді комплекс болып түседі: изопрен пинен және т. б. 1975 ж В. Бодар жапырақтың 1см нан 1*10мкг/сағ, ал жылына 1см жапыоақтар 9 кг мырыш және 5кг қорғасын бөлінетіндігін дәлелдеген. Ауыр металдардың қоршаған ортаға түсуінің биологиялық көзінің тағы бір тұрі-микробиологиялық милильдену. Бактериялардағы ауыр металдардың химиялық қосындысының трансформациясының төмендеуі арқасында нашар еритін қосынды түзіп, табиғи ортадағы детоксикацияға үлес қосады, ал екінші жағынан ерімейтін қосындыдан еритін күйге және жеңіл ұшатын қосындыға айналдырып, қоршаған ортаны сумен топырақты екінші ретті ластайды.

Атмосфераға биологиялық жолмен түскен ауыр металл мөлшері антропогендік әсерге де байланысты. Себебі, өсімдіктер қолданылатын су мен топырақ антропогендік әрекет салдарынан көп мөлшерде ластануы да, ал сол суды пайдаланған өсімдік әрине транспирация арқылы ауыр металдарды ауаға бөледі. [13. 14]

Техногенді көздері: экосистемаға ауыр металдар әр түрлі техногенді көздерден түседі. Олардың негіздерінің бірі түсті және қара металлургия, көмір және мұнай жағатын электростанция, автокөліктер, малшаруашылығының қалдық заттары, ағын сулардың тұндалары, минералды және органикалық тыңайтқыштар, тау-кен және химия өнеркәсіптері т. б.

Техногенді көздерден қоршаған орта ауыр металдар әртүрлі химиялық қосынды ретінде түседі. Бейорганикалық қосындылардан көбінесе карбонаттар және оксикарбонаттар, оксидтер, сульфаттар мен сульфитттер кездеседі. Шанң қалдықтарында металдардың бір бөлігі ( қорғасын, кадмий, сынап, т. б. ) органикалық қосынды түрінде кездеседі. Мұндай қосындылар көбіне ағын су мен ағын су шөгінділерінде болады . [8 ]

Түсті және қара металлургия өнеркәсібі: өнеркәсіптердің берген мәліметтері бойынша жердің беткі қабатына мыс - 154 650т, мырыш - 121 500т, қорғасын - 89 000т, никель - 12 000т, кобальт - 7658т, молибден - 1500т, сынаптың - 30, 5 тоннасы түседі.

Газдың шаң бөлетін түсті металлургия өнеркәсібінің қалдығында элементтің фазалық құрамы бір типті: көп бөлігі оксидтерден тұрады. Сульфиттер мен суда еритін ауыр металдар фракция мөлшері салыстырмалы түрде онша көп емес.

Көмір және мұнай жағатын электростанцияларынан: көмір және мұнай салдарынан жер бетіне жылына 1600т сынап, 3600т қоғасын, 2100т мыс, 7000т мырыш 3700т никель түседі.

Отындарының барлық түрінің ұшқыш күлі ауыр металдармен байытылған. Әсіресе мазут күлінің концентрациясы(мг/кг) жоғары (қорғасын - 12697 дейін, никель - 2356 дейін, мырыш - 2930 дейін ) .

Қорғасын заводының тазалау фильтірінен алынған шаңдағы ауыр металл қосындысының фазалық құрамы. ( В. С. Горбатов, 1988 ) Көмір жағу салдарынан жылына биологиялық айналымнан артық мөлшерде мышьяк 125 есе, уран 60 есе, кадмий 40 есе, итрий, циркония 10 есе, қалайы 3-4 есе бөлінеді Антропогендік салмақтың биосфераның негізгі компоненттеріне түсіп, ауырлаған сайын, бұл жағдайды зерттеу проблемасы да жоғарылай берді . [14 ]

Автокөлік: көлік қозғалысы кезінде атмосфера бөлінген этилденген жанармай құрамамындағы қорғасын жерге түспей 25-75% су бетіне түседі.

Автокөлік газы жерге 180 мың тоннадан 260 мың тоннаға дейін қорғасын бөлшектерін атмосфераға тастайды.

Қала ауасымен тыныс алғанда қорғасынның ірі аэрозольдері бронхыда тұрып қалады, ал көлемі 1мк-дан кішілері (олардың 70-80% бар) өкпеге түсіп копилляр арқылы қан эритроцитеріне өтеді. Қорғасынды ауа қорғасынды суға қарағанда зиянды. Қорғасынмен уланған адамда: анемия, үнемі басы ауырып, бұлшық еттері ауырады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оңтүстік Қазақстан облысының ерекше қорғалатын табиғи территориялары
Қоршаған ортаның сапасын бағалаудың әдістемелік бағыттары
Кентау қаласының өндірістік орындарының қоршаған ортаға әсері
Сайрам ауданының егістіктегі топырақтарының құнарлылығы
ТҮРКІСТАН ҚАЛА ҚҰРЛЫСЫНЫҢ ЖОСПАРЫ
Оңтүстік Қазақстан облысының экологиялық проблемасы
Кентау қаласының қазіргі экологиялық жағдайы
Кентау қаласының табиғи және экологиялық жағдайы
Оңтүстік Қазақстан облысы табиғатының өзгеруіндегі антропогендік факторлардың ролі
Қоршаған орта жағдайының мониторингі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz