Шаруашылық жүргізуші субъектінің қаржылық күйі


Мазмұны
КІРІСПЕ
I ТАРАУ. техникА-экономиКАЛЫҚ СИПАТТАМА.
1. 1. Қаржы есеп - қисабының маңызы
1. 2. Кәсіпорынның есеп саясаты, оның ролі мен міндеті
II ТАРАУ. ҚАРЖЫ ЕСЕПТЕМЕСІ - шаруашылық жүргізуші субъектінің қаржылық күйін ТАЛДАУ НЕГІЗІ РЕТІНДЕ
2. 1. Бухгалтерлік есеп пен қаржы есептемесінің маңызы
2. 2. Қаржы есептемесін талдау әдістері
III ТАРАУ. шаруашылық жүргізуші субъектінің қаржылық күйін ТАЛДАУ ӘДІСТЕМЕСІ
3. 1. Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі мен балансының өтімділігін талдау
3. 2. Кәсіпорынның іскерлік белсенділігінің оның қаржылық күйіне әсерін талдау
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕНБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМША
КІРІСПЕ
Тақырыптың маңыздылығы. Экономика дағдарыс сынағына түсіп және кәсіпорындар барлық ішкі ресурстарын жұмылдыруға шарасыз болған қазіргі жағдайлардағы кәсіпорынның қаржылық күйі мен оны талдау әдістемесі; бұл процесте шаруашылық жүргізуші субъектінің қызметін қаржылық талдау үлкен роль атқарады.
Қаржылық талдау экономикалық процестер мен экономикалық қатынастарды зерттеу үшін қолданылады, ол шаруашылық жүргізуші субъектінің күшті және әлсіз жақтарын көрсетеді және оптималды (үйлесімді) басқару шешімін қабылдау үшін пайдаланылады.
Кәсіпорын қызметін қаржылық талдау, қаржылық ресурстарды қолданудың ең тиімді әдістерін анықтауға және шаруашылық жүргізуші субъектінің құрылымын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Одан өзге, қаржылық талдау шаруашылық жүргізуші субъектінің жеке көрсеткіштерін және жалпы қаржылық қызметтің көрсеткіштерін болжаудың құралы ретіндеде қабылданады.
Қаржылық талдау ұйымның ақшалай қаражатының қаржылық ағымының қозғалысының дұрыстығын бақылауға және қаржылық, материалдық ресурстардың жұмсалуының мөлшері мен нормативінің сақталуын тексеруге, жұмсалған шығынның тиімділігін бақылауға мүмкіндік береді.
Қаржылық талдаудың нәтижелері ішкі пайдаланушыларменде (жетекшілер, менеджерлер), сыртқы пайдаланушыларменде (меншіктенушілер, несиегерлер, жеткізушілер мен тұтынушылар, кеңес берушілер және т. б. ) қолданылады, сондықтанда осы тақырып бүгінгі күні өте көкейтесті тақырып болып табылады.
Сенімді ақпаратты алуға, меншіктің және кәсіпкерлік тің нысанына тәуелсіз, шаруашылық айналымына қатысушылардың бәріде мүдделі, өйткені сенімді ақпарат капитал нарығының тиімді қызмет атқаруын жоғарылатуға мүмкіндік береді және бірқатар экономикалық шешімдердің қабылдануының салдарын болжауға мүмкіндік береді.
Мұндай ақпараттың болмауы серіктестердің бір - біріне деген сенімсіздігін арттырады. Бірлескен кәсіпорындардың, ашық және жабық типтегі акционерлік қоғамдардың, коммерциялық банкілердің және басқада шаруашылық жүргізуші субъектілердің пайда болуымен, сенімді ақпараттарға қажетсіну әсіресе артқаны байқалады.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық есептемелерінің сенімділігі, оның қаржы - шаруашылық қызметтерінің нәтижелеріне және қаржылық жағдайына қатысты, шаруашылық жүргізуші субъектіге тәуелсіз аудитормен берілген аудиторлық тұжырымда объективті растала алады.
Дипломдық жұмыстың тақырыбын таңдау, аналитикалық ойлауды қалыптастыруға мүмкіндік беретін, қаржылық талдауды зерттеу қажеттілігімен шартталған.
Зерттеудің мақсаты, болып жатқан шаруашылықтық жағдайларды объективті бағалау үшін, оптималды (үйлесімді) басқарушы шешімдерді негіздеу және әзірлеу үшін, сонымен қатар кәсіпкерлік қызметті жақсартудың резервтерін барынша табуға және қолдануға дағдылану үшін талдамалы құралдарды қолдануда дағдыларды алу болып табылады.
Дипломдық жұмыстағы зерттеулердің мақсатын жүзеге асыру үшін келесідей міндеттер:
1 - ТАРАУ. техникА-экономиКАЛЫҚ СИПАТТАМА
1. 1. Қаржы есеп - қисабының маңызы
Қаржы есеп - қисабы - бұл кәсіпорынның қаржылық жағдайы мен қызметі туралы пайдаланушыға қорытындыланған ақпарат беру мақсатында, берілген қаржы есебі негізінде құрастырылған есеп - қисап нысанының жиынтығы, сонымен қатар оның есеп беру кезеңіндегі қаржы жағдайының өзгерістерін осы пайдаланушылармен, белгілі бір іскерлік шешім қабылдау үшін, ыңғайлы және түсінікті нысанда берілетін есеп - қисап десекте болады. Қаржылық есеп, өз кезегінде, компаниямен ішкі пайдалану үшін жинақталатын және қолданылатын өндірістік есептің мәліметтерін қорытындылайды. Бухгалтерлік есепті, жаңа жағдайларда, қаржылық есеп пен өндірістікке функционалдық бөлу қажеттілігі, жоспарлы экономика мен нарықтық экономикадағы есептің міндеттерінің принципиалдық ерекшеліктерімен анықталады.
Жоспарлы экономикада бухгалтерлік есептің негізгі міндеттері болып басқарудың келесідей мемлекеттік органдары үшін ақпаратты жинау және өңдеу табылады: министрліктер мен ведомстволар, статистикалық және салықтық органдар. Жоспарлау, баға белгілеу, сатып алу және жеткізу, жұмыскерлердің айлық жалақысы және басқалары сияқты кәсіпорынның қызметі туралы барлық ең маңызды мәселелер “жоғарыда” шешілді. Кәсіпорын, мемлекеттік меншікті басқару бойынша жеке буын ретінде ғана қарастырылды, ал бухгалтерлік есеп оның сақталуы туралы ақпаратты қамтамасыздандырды. Мемлекет бір мезгілде меншіктенушіде, және кәсіпорын инвесторыда болып табылды1.
Бұл жағдайларда кәсіпорынның есеп - қисабы, мемлекеттік тапсырманың орындалуын, мемлекеттік бюджетке аударымның дұрыстығын және статистикалық ақпараттың жиналуын тексеруші құралдың қызметін атқарды. Осы кезде бухгалтерлік есепке және есеп - қисапқа келесідей талаптар қойылды:
- қатаң сәйкестендіру;
- өндірістік тапсырманың орындалуын көрсететін көрсеткіштерге бағдарлану;
- салық салу және басқада бюджеттік аударымдардың қорын есептеу.
Нарықтық экономикада бухгалтерлік есеп принципиалды басқа функцияларды орындайды. Бұл келесідей жағдайлармен келтіріледі: біріншіден, нарық жағдайларында меншіктенудің құрылымы өзгереді, және мемлекеттік меншік меншіктердің тек қана бір түрі болады; өз қаражаттарын соған салғандықтанда, кәсіпорынның қызметінің нәтижелеріне мүдделі көптеген жаңа меншіктенушілер пайда болады. Екіншіден, кәсіпорын бәсекелестік күресте оған жеңісті қамтамасыз ететін және қажетті қаржылық нәтижелерді қамтамасыздандыратын басқарушы шешімдерді іздеуге мәжбүр болады.
Осы мақсатта ол нарықтық конъюнктураны зерттейді, өзінің әрекетін дербес жоспарлайды, жеткізушілер мен сатып алушыларды табады, бағаны орнықтырады және тағыда басқадай. Үшіншіден, бюджеттік қаржыландыру мен мемлекеттік несиелендіру көп жағдайларда кәсіпорын үшін қаржылық ресурстардың негізгі көздері болып табылмайды. Сондықтан кәсіпорын бәсекелестік күреске сатып алушылар мен өткізу рыногі үшін ғана емес, сонымен бірге коммерциялық банкілердің несиелік ресурстары үшінде, жәнеде басқада әлуетті инвесторлардың қаражаты үшінде түседі.
Осының барлығының нәтижесінде кәсіпорында, бір жағынан, басқарушы шешімдерді қабылдау үшін және олардың нәтижелерін бағалау үшін дер кезіндегі және толық ақпараттың болуына қажетсіну пайда болады. Екінші жағынан, оған өзінің қаражатын инвестициялаған (немесе инвестициялағысы келіп жүрген) тұлғаларға кәсіпорын сәйкесті ақпаратты беруі қажет.
Осымен қатар, нарық жағдайында салықтық аударымның дұрыстығы туралы мемлекет алдында есеп беру қажеттігі сақталуын жалғастыруда.
Сонымен, нарықтық экономикаға өту жағдайында бухгалтерлік есеп есепшілікші және статистикалық атқарушы болғанын қояды және шаруашылық жүргізуші субъектінің қызметі туралы ақпаратты жинаудың, өңдеудің және берудің құралына айналады. Бұл, мүдделі жақтардың өзінің қолындағы қаражатын қалай жақсы инвестициялау туралы негізделген шешімді қабылдауы үшін қажетті.
Кәсіпорын қызметі туралы мүдделі жақтарды шартты түрде екі категорияға бөлуге болады: сыртқы және ішкі пайдаланушылар деп.
Ішкі пайдаланушыларға жататындар, бұл кәсіпорынның басқарушылық қызметкерлері. Ол өндірістік және қаржылық сипаттағы әртүрлі шешімдерді қабылдайды. Мысалы, есеп - қисап негізінде келесі жылға кәсіпорынның қаржылық жоспарын құрады, өткізу көлемін жоғарылату немесе төмендету туралы шешімдер қабылданады, сатылатын тауарлар бағасы туралы, кәсіпорынның ресурстарын инвестициялау бағыттары туралы, несиелерді тартудың тиімділігі туралы және басқада шешімдер қабылданады.
Әрине, мұндай шешімдерді қабылдау үшін толық, дер кезіндегі және дәлдікті ақпарат талап етіледі, өйткені керісінше жағдайда кәсіпорын үлкен зиян (залал) шегуі мүмкін, тіпті банкротқа ұшырауы мүмкін.
Одан өзге, қаржылық есеп - қисап кәсіпорын мен оның сыртқы ортасы арасындағы байланыстырушы буын болып табылады. Нарықтық жағдайларда, кәсіпорынмен сыртқы пайдаланушыларға есеп - қисапты ұсынудың мақсаты, бәрінен бұрын, қаржылық нарықтарда қосымша қаржылық ресурстарды алу болып табылады. Сонымен, қаржылық есеп - қисапта не көрсетілгеніне кәсіпорынның келешегі тәуелді болады.
Кәсіпорын мен қаржылық нарықтар арасындағы тиімді байланысты қамтамасыздандырудың жауапкершілігі, кәсіпорынның жоғары басқарушылық буынының қаржылық менеджерлеріне жүктеледі. Сондықтан олар үшін қаржылық есеп - қисап өте маңызды, олар сыртқы пайдаланушылар қандай ақпаратты алатынын және олардың қабылдайтын шешіміне қандай ықпал ететінін біліп отыруы керек.
Бұл, менеджерлердің ұйғарымында кәсіпорынның қызметі туралы қосымша ішкі ақпарат жоқ деген сөз емес, қаржылық есеп - қисап, көптеген жағдайларда, ақпараттың негізгі көзі болып табылатын сыртқы пайдаланушыларданда ерекшелігі осы болады.
Дегенмен сыртқы пайдаланушылардың шешімі, басқадай теңдесетін жағдайларда, қаржылық есеп - қисаптың көрсеткіштерінің шектелген шеңбері негізінде қабылданады, дәл осы көрсеткіштер қаржылық менеджердің назар аударатын орталығы болады жәнеде кәсіпорынның қаржылық жағдайына қабылданған басқарышылық шешімдердің ықпалын бағалау барысында соңғы нүктесі болып табылады.
Сыртқы қаржылық есеп - қисапты пайдаланушылар өздерінің ішінде, өз кезегінде, екі топқа бөлінеді: компанияның қызметіне тікелей мүдделі пайдаланушылар (1), жәнеде компанияның қызметіне жанама мүдделі пайдаланушылар (2) .
Бірінші топқа жататындар:
- кәсіпорынның меншікті қаражатының жоғарылау немесе төмендеу үлесін анықтауды және компания жетекшілерінің ресурстарды тиімді қолданылуын бағалауды қажет ететін кәсіпорынның қазіргі және әлуетті меншіктенушілері;
- есеп - қисапты несиені берудің немесе уақытын ұзартудың тиімділігін бағалау үшін, несиелендіру жағдайын анықтау үшін, несиені қайтару кепілдігін анықтау үшін, кәсіпорынға тапсырыскер ретіндегі сенімділікті бағалау үшін қолданатын қазіргі және әлуетті несиегерлер;
- нақты тапсырыскермен іскерлік байланыстың сенімділігін анықтайтын жеткізушілер мен сатып алушылар;
- есептесу құжаттарының құралуының дұрыстығын тексеретін, салықтар есебінің дұрыстығын тексеретін, салық саясатын анықтайтын салық органдары тұлғасындағы, мемлекет;
- алатын айлық жалақысы тұғырынан және осы кәсіпорынның жұмысының келешегі көзқарасынан, есеп - қисаптың мәліметтеріне мүдделі болатын компанияның қызметкерлері.
Сыртқы қаржылық есеп - қисапты пайдаланушылардың екінші тобы - бұлар бірінші топтағы пайдаланушылардың мүддесін қорғау үшін есеп - қисапты зерттеп зерделеу қажет болатын, заңдық және жеке тұлғалар. Бұл топқа кіретіндер2:
- инвесторлар мүддесін қорғау мақсатында, есеп - қисап мәліметтерінің заңға және есеп пен есеп - қисаптың жалпы қабылданған ережелеріне сәйкестігін тексеретін аудиторлық қызметтер;
- өз тапсырыскерлерінің капиталын сол немесе басқа компанияға салуына қатысты ұсыныстар әзірлеу мақсаттарында есеп - қисапты пайдаланатын қаржылық мәселелер бойынша кеңесшілер;
- бағалы қағаздар биржалары;
- фирмаларды тіркеу бойынша шешім қабылдайтын және компанияның қызметін тоқтату жайлы шешім қабылдайтын, жәнеде есеп және есеп - қисапты құрудың әдістерін өзгерту қажеттігін бағалаушы, тіркеші жәнеде басқалай мемлекеттік органдар;
- заң шығарушы органдар;
- өзара шарттардың шартын орындауды бағалау үшін, пайданы бөлу кезінде заңдық нормалардың сақталуын бақылау үшін және дивидендтердің төленуі кезінде заңдық норманы сақтау үшін, сонымен қатар зейнет ақылық қамтамасыздану жағдайын анықтау үшін есеп - қисапты керек ететін заңгерлер;
- жеке компаниялар мен салалар қызметінің өркендеуі мен талдануы бетбұрысын бағалаудағы шолуларды дайындау үшін, қаржы қызметінің қорытынды көрсеткіштерінің есебіне шолуларды дайындау үшін, есеп - қисапты қолданушы баспасөз бен ақпараттық агенттіктер;
- есеп - қисапты салалар бойынша статикалық қорытындылау үшін қолданушы, салалық деңгейде қызмет нәтижелерін бағалау және салыстырмалы талдау үшін пайдаланатын сауда - өндірістік ассоциациялар;
- қаржылық ақпаратқа өзінің айлық жалақыға және еңбек келіссөздері шарттарына қатысты талаптарын анықтау үшін, сонымен қатар осы кәсіпорын кіретін саланың даму бетбұрысын бағалау үшін мүдделі, кәсіподақтар
Келтірілген кесте кәсіпорын қызметі туралы қайсы ақпарат көзі пайдаланушылардың ең маңызды топтарының қандай мүдделі екендігіне қысқа және көрнекі көрінісін береді, жәнеде қаржылық есеп - қисаптың маңызы мен мәнін көрсетеді.
Нарықтарды қаржыландыру және қаржылық шешімдерді қабылдау үшін есеп - қисаптың ерекше маңызды болуына байланысты, нарықты экономикалы елдерде оның реттелуіне үлкен көңіл бөлінеді. Жекелеп айтсақ, сәйкесті ұйымдармен әзірленетін және соның негізінде бағалы қағаздар биржаларында компанияның тіркелуі жүретін, қаржылық есеп пен есеп - қисаптың принциптары мен стандарттары бар.
Бұл стандарттардың ұлттық айырмаларының (ерекшеліктерінің) болуына қарамастан, олардың ең маңызды жалпылама сапасы болып, дербес инвесторларды қоса алғандағы кәсіпорынмен қаржылық нарықтар арасындағы толық бағалы ақпарат ағынымен қамтамасыз етуші болуы табылады. Мұндай жұмыс қазіргі уақытта Қазақстанда жүріп жатыр.
Дегенмен, қазіргі уақытта қазақстандық кәсіпорындардың есебі мен есеп - қисабы олардың жоспарлы экономика жағдайында орындалынған функциясынан нарықты экономика жағдайларында орындалатын функциясына түрленуі сатысында тұр. Осыған байланысты қазақстандық кәсіпорындардың есеп - қисаптары әзірше, бірқатар жағдайларда, қаржылық шешімдер қабылдау үшін, алдын - ала түзету енгізусіз барлық қаржылық ақпаратты тікелей алу мүмкіндігін бере алмайды.
Сондықтан, біздің елдегі қаржы менеджері үшін, нарықты экономикасы дамыған елдерде кеңінен қолданылатын қаржылық менеджменттің әдістерін пайдалану үшін қандай қосымша көрсеткіштерді есептеу керек және қолдағы қолданбалы есеп - қисап жүйесіне қандай түзетулер енгізу керек екенін білудің маңызы өте зор және білуі керек.
Нарық жағдайларында қаржылық есеп - қисапты құру, оны қаржылық басқарудың жеткілікті тиімді құралы ететін, бірқатар принциптерге негізделген. Бұл принциптерді қазақстандық кәсіпорындардың есеп - қисаптық жүйесіне біртіндеп енгізу, қаржылық менеджменттің мақсаттары үшін оның қолданылуының тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Дамыған қаржы нарығының сыртқы пайдаланушыларына ұсынылатын ақпаратқа қойылатын негізгі талап, ол осы пайдаланушылар үшін оның пайдалы болуымен қорытындыланады, яғни осы ақпаратты негізделген іскерлік шешімдерді қабылдау үшін қолдануға болатындай болуы. Пайдалы болуы үшін, ақпарат сәйкес критерияларға жауап беруі қажет (1 суретті қараңыз) .
Орындылық, осы берілген ақпараттың маңызды екенін және пайдаланушымен қабылданатын шешімге ықпал ететінін көрсетеді. Ақпарат орындылықты (жөнді) деп саналады, егер ол келешектікті және ретроспективтікті талдау мүмкіндігін қамтамасыз ететін болса, яғни өткен, ағымдағы және келешектегі шешімдердің нәтижелері туралы болжауды әзірлеуді жәнеде пайдаланушының бұрынғы шешімдерінің дұрыстығын растауды немесе оның қателікті болғанын айқындауды қаматамасыздандырса. Орындылық, сонымен қатар, осы ақпараттың уақытқа сай екендігін болжалдайды, өйткені, егер ақпарат қажетті уақыттан соң алынған болса, онда ол шешімнің қабылдануына ешқандай ықпал ете алмайды.
Ақпараттың сенімділігі оның шыншылдығымен, экономикалық мазмұнының заңдық нысаннан басым болуымен, тексеру мүмкінділігімен және құжаттық негізділігімен, жәнеде мәліметтердің бейтараптығымен анықталады.
Ақпарат шыншыл деп есептеледі, егер онда қателіктер мен әділетсіз бағалаулар болмаса, сонымен қатар шаруашылықты тұрмыстың жағдайын бұрмалаушылық болмаса. Мазмұнның заңдық нысаннан басым болуының талабы, есеп - қисапқа енгізілетін барлық мәліметтердің, бәрінен бұрын, олардың экономикалық мазмұнының тұрғысынан қаралуын, тіпті олардың заңдық нысаны басқадай трактовканы қарастырылсада, көрсетеді.
Бейтараптық, қаржылық есеп - қисаптың, жалпы есеп - қисапты пайдаланушылардың бір тобының мүддесін қанағаттандыру үшін басқа топқа зиян келтіруге акцент жасамайтынын болжалдайды. Түсініктілік пайдаланушылардың есеп - қисаптың мазмұнын арнайы мамандықты дайындықсыз түсіне алатынын көрсетеді. Салыстыру осы кәсіпорында бухгалтерлік есептің қолданылатын әдістерінің бірізділігінің сақталуын талап етеді жәнеде сол арқылы кәсіпорын қызметі туралы мәліметтердің бірнеше есеп беру кезеңінде салыстырылуы қамтамасыз етілуін талап етеді.
Ақпараттың әрбір бірлігі есеп - қисапқа, осы қаржылық ақпараттың есептің анықталған принциптері негізінде жүргізілгенін, сонымен қатар мәліметтердің есеп беру ақпаратына енгізілуінің қолданылатын шектеулерін ескере отырып, кіргізіледі.
1. 2. Кәсіпорынның есеп саясаты, оның ролі мен міндеті
«Кәсіпорынның есеп саясаты» термині, бухгалтерлік есептің халықаралық стандарты бойынша Комитетпен шығарылатын, стандарттарда қолданылатын «accounting policies» сөз тіркесінің орыс тіліндегі еркін аудармасы ретінде, қолдануға сексенінші жылдардың аяғында кірді. Қазақстан Республикасының 24. 06. 02 жылғы № 329-II «Бухгалтерлік есеп пен қаржы есептемесі туралы» Заңына сәйкес ҚР бухгалтерлік есеп пен қаржы есептемесі жүйесін реттеуші, есептің жалпы ережелері мен негізгі принциптерін орнықтырушы нормативті құқықтық актілер, ұйымдар үшін ішкі бақылау мен сыртқы аудит бойынша талаптарға ұйымның есеп саясатын енгізеді.
Экономикалық әдебиеттерде әрқилы анықтамалар келтіріледі: «Кәсіпорынның есеп саясаты, берілген уақыт кезеңінде, әрекеттегі нормативті база жағдайларындағы кәсіпорындарда бухгалтерлік есепті жүргізудің әдістемелік және ұйымдастырушы негіздерін регламенттейтін, принциптер мен ережелердің жиынтығын көрсетеді»; «…бұл, шаруашылықты жүргізуге сәйкесті жағдайлар ретінде кәсіпорынмен таңдалған, бухгалтерлік есепті жүргізудің әдістерінің қосындысы»; «…бұл, жалпы ережелерден және өзінің әрекетінің ерекшеліктерінен шыға отырып, кәсіпорынмен хабарланған бухгалтерлік есепті жүргізудің нақты әдістері мен нысандарының жиынтығы ». Бухгалтерлік есептің стандартында № 1 13 қараша 1996 ж. № 3 «есеп саясаты - бұл субъект жетекшісімен бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржы есептемесін ашу үшін, олардың принциптері мен негіздеріне сәйкесті қабылданатын әдістер жиынтығы». Осы анықтама бухгалтерлік есептің әдісі анықтамасымен дәл келеді.
Бухгалтерлік есептің әдісі ғылым ретінде бұдан 500 жыл бұрын құрылды және практиканың көрсеткеніндей, ешқандай қоғамдық - экономикалық құрылыс оны ауыстыра алмайды. Өзгеріс тек қана техникалық және ұйымдастыру жоспарында, бухгалтерлік есептің әдісін тиімді және пайдалы қолдану мақсатында өтеді. Сондықтан халықаралық стандарттар, бухгалтерлік есепті жүргізудің әдістері мен тәсілдерінің жиынтығын емес, оның әдістерінің жүзеге асуының технологиялық негіздері және ұйымдастырудың принциптері мен ережелерін қарастырады. Сондықтан, кәсіпорынның есеп саясаты, кәсіпорынның максимал оперативті, толық, объективті және сенімділікті қаржылық және басқарушы ақпаратын қалыптастыру мақсатында кәсіпорында бухгалтерлік есептің әдістерінің (тәсілдерінің) жүзеге асырылуы технологиялары мен ұйымдастыру ережелері (нұсқалары) және принциптерінің жиынтығын көрсетеді.
Кәсіпорынның бухгалтерлік есеп әдісі мен есеп саясатының өзара байланысы төменде келтірілген суретте көрнекі кескінделген.
Бухгалтерлік есеп әдісі мен есеп саясатының өзара байланысы 3
1. 1 сурет
Бухгалтерлік есеп Әдісі
(кәсіпорынның шаруашылық қызметі фактілерінің өзара байланысының көрінісі, ақшалай түрде өлшемдеу және қорытындылау)
КӘСІПОРЫННЫҢ ЕСЕП САЯСАТЫ
Бухгалтерлік есеп әдісін өткізу ретінде
Бухгалтерлік есеп әдісінің тәсілдерін өткізу құралы болып табылатын есеп саясаты (біріншілікті бақылау, ағымды топтасулардың құндық өлшемдері, жиынды қорытындылау), әртүрлі кәсіпорындарда ерекшелікті болады.
Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есеп барлық уақытта халық шаруашылығының барлық салаларының кәсіпорындары үшін міндетті ережелер жиынтығын көрсететін және кәсіпорынның басқа құрылымдары арасында дербес құрылым ретінде, ерекше орынды алатын бухгалтерияның барлық әрекетін регламенттейтін.
Нарықты экономикаға өту басқарудың барлық жүйесінің түрленуі қажеттілігіне әкелді. Басқарудың кез - келген жүйесі сәйкесті ақпаратқа сүйенеді. Кез - келген ұйымда ақпараттық жүйенің негізін бухгалтерлік есеп құрайды.
Меншіктенудің әртүрлі нысанындағы шаруашылық жүргізуші субъектілердің пайда болуы, нарықты құрылымдардың тууы, нақты кәсіпорынның ерекшеліктерінің бухгалтерлік есепте көрсетілу қажеттілігіне ықпал етті, яғни олардың әрқайсысында есеп саясатын құру қажеттігін байқатты.
Есеп саясатын қалыптастыру үшін база және негіз болып «Бухгалтерлік есеп туралы» Заң, шаруашылық операцияларын, активтерді, меншікті капиталдарды, міндеттемелерді, әрекет ету нәтижелерін кескіндеудің альтернативті әдістерін жіберетін, бухгалтерлік есеп стандарттары табылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz