Жобаларды басқару


КІРІСПЕ2
1 ЖОБАЛАРДЫ БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ4
1. 1 Жоба және жобаларды басқарудың мәні мен мазмұны4
1. 2 Жобаларды басқарудың негізгі элементтері11
1. 3 Жобаларды басқару процестері18
2 «СТАЛЬ РК» КОМПАНИЯСЫНЫҢ АҒЫМДЫ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ29
2. 1 Қазақстандағы металл бұйымдарын сату нарығы29
2. 2 «Сталь РК» компаниясының атқаратын қызметі31
2. 3 «Сталь РК» компаниясында тауар шығару әдістері34
3 ДАЙЫН МЕТАЛЛ БҰЙЫМДАРЫН САТУ БОЙЫНША ЖОБАЛАРДЫ БАСҚАРУ39
3. 1 Жобаны басқарудағы шетелдік тәжірибені қолдану39
3. 2 Металл бұйымдарын сату саласында «Дайын металл бұйымдар өндірісін ашу» жобасы. 50
ҚОРЫТЫНДЫ59
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ60
КІРІСПЕ
Қазақстанның және ТМД-ның басқа да елдерінің экономика саласында жобаларды басқару әдістемесі мен технологиясын алға жылжыту өзектілігі алдымен, объективті нарықтық қайта құруларға, сондай-ақ Қазақстанның әлемдік экономика кеңістігіне бірігуіне негізделеді. Қазіргі замандағы жобаларды басқарудың мәні біздің бәсекелестік және жоғары технологияның дамуы секілді факторлардың әсері қалыптастырған жобалау - бағыт беру әлемінде өмір сүретіндігімізбен айқындалады.
Жобаларды басқару дегеніміз жоба мақсатына жетуде басқару техникасы мен технологиясын, заманауи әдістерді қолдана отырып адам және материалдық ресурстарды жобаның өмірлік циклының барлық кезеңдерінде ұйымдастыру, жоспарлау, басшылық ету, үйлестіру әдістемесі.
Нарықтық экономика жағдайында және әлемдегі ғылыми-техникалық прогрестің қарқынды дамуымен байланысты экономикалық қатынастарға қатысушылардың қызметіне қойылатын маңызды талаптардың бірі нәтижелілікті қамтамасыз ету. Бүгінгі күні компания бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін және нарықта басымдыққа ие болу үшін барлық жағынан тиімді дамуы қажет. Ал, жобаларды басқару, ең алдымен, бизнес-процестерді құрудың неғұрлым тиімді жүйесін ұсынады, екіншіден, басқару жүйесін қайта ұйымдастыру мен өзгерістерді басқару мүмкіндігін береді. Сыртқы және ішкі өзгерістерге жедел түрде жауап қайтару қабілеті компанияның сәттілігінің кепілі болып табылатындықтан, жобалық менеджментті өзгерістерді басқару тәсілі ретінде енгізу компаниядағы бизнес-үрдістерді жақсартудың құралы болып табылады.
Жобаларды басқарудың заманауи әдістері 1960 жылдардың басында жүйелік әдістер туралы еңбектердің пайда болуымен байланысты дамыды. 70 жылдардың басында пайда болған компьютерлік бағдарламалар мерзімдік және құндық талдау жасауға, ресурстарды оңтайлы бөлуге мүмкіндік берді. Бағдарламалық қамтамасыз етулердің жетілідрілуі жобаларды басқару мен өзгерістерді бақылау тиімділігін арттыруда.
Қазіргі жағдайда жобалардың бірнеше мысалын көрсетуге болады: тұрғын үй немесе өнеркәсіптік объект құрылысы, ғылыми-зертттеу жұмыстарының бағдарламасы, кәсіпорын құрыллысын жаңарту, жаңа ұйым құру, жаңа техника мен технологияны жасау, кинофильм жасау, аймақты дамыту. (Батыста дизайн деп аталады) .
Әдетте, жобаның сәттілігі негізгі үш факторға негізделеді: мерзім, сапа және жоба бюджеті. Жобаларды басқаруды үш фактор бойынша бірдей тиімділікпен жүзеге асыру қиындықтар туғызады. Көп жағдайда жобалардың құны жоспарлық көрсеткіштерден біршама ауытқып, қосымша бюджетті қажет етеді. Сапаны жоғары деңгейде қамтамасыз ету мерзім мен бюджетті тиімді басқару талабын туғызады. Жобалық менеджерлердің ағылшын ассоциациясы жобаларды басқаруды техникалық ерекшеліктері мен талаптарына сәйкес бекітілген бюджет шегінде және белгілі уақытта аяқтау бойынша басқарушылық тапсырма деп анықтайды. Бұдан, мерзім мен бюджеттің жобаларды басқарудағы маңызды көрсеткіш ретінде анықталатынын байқауға болады және бұл таңдалып алынған тақырыптың өзектілігін анықтайды.
Бұл жұмыста компаниядағы металл бұйымдарын сату саласындағы жлбаларды басқару мәселесі зерттелінген. Жұмысты жазудағы мақсат - жобаларды басқаруды теориялық негіздеу және металл сату компаниясындағы жоба жобаны басқаруды сипаттау.
Дипломдық жұмыстың негізгі зерттеу объектісі «Сталь РК» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіндегі жобаларды басқару болып табылады.
Дипломдық жұмыстың әдістемелік негізін келесідей авторлардың оқулықтары құрап отыр: Мазур И. И., Шапиро В. Д., Цветков А. В., Васильев Д. К., Колосова Е. В., Воропаев В. И.
Бітіру жұмысының негізгі мақсаты: дайын металл сатуда жүргізілетін жобаның теориялық негізін зерттей отырып, кәсіпорын мысалында жоба тиімділігін анықтау болып табылады.
Дипломдық жұмыстың құрылымы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Дипломдық жұмыстың бірінші бөлімі жалпы жобаларды басқару және оның процестері туралы теориялық негізден тұрады. Бұла бөлімде жобаларды басқарудың мәні мен мазмұны, жобаларды басқарудың негізгі элементтері және инициация; жоспарлау; орындау; мониторинг және басқару; аяқтау сияқты процесстер тобына сипаттама берілген.
Жұмыстың екінші бөлімінде «Сталь РК» ЖШС-не жалпы сипаттама берілген. Оның ішінде бөлімде «Сталь РК» ЖШС-нің қазіргі қызмет аясы, тауар ассортиментіне талдау және тауар шығару әдістері қарастырылған.
Ал, жұмыстың үшінші бөлімінде компанияның өндірісі мен сату көлемін және одан түсетін пайдасын арттыру мақсатында жоба ұсынылған.
1 ЖОБАЛАРДЫ БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
1. 1 Жоба және жобаларды басқарудың мәні мен мазмұны
Жоба дегеніміз, бір жағынан, қандай да бір идея, объектінің сипатталған, нақты есептелген, сызба, бизнес-жоспар түріндегі бейнесі. Екінші жағынан, жоба - ойды жүзеге асыруға арналған іс-әрекеттердің бағдарламасы.
Жобалар дегеніміз - бұл біздің әлемімізді өзгертуші, яғни: кәсіпорын объектісінің құрылысы, ғылыми-зерттеу жұмысының бағдарламасы, жаңа ұйымның құрылуы, шоу-бағдарлама және т. б.
Жобаның дәстурлі мағынасы мынаны білдіреді: ниет, идея, ой.
Ал бейнелеу, ұсыну, материалды және материалды емес объектілердің қағаз жүзіндегі немесе басқа да информация тасымалдайтын сипаты.
Қазіргі жағдайда жобалардың бірнеше мысалын көрсетуге болады: тұрғын үй немесе өнеркәсіптік объект құрылысы, ғылыми-зертттеу жұмыстарының бағдарламасы, кәсіпорын құрылысын жаңарту, жаңа ұйым құру, жаңа техника мен технологияны жасау, кинофильм жасау, аймақты дамыту.
Қазіргі әдебиеттерді талдай отырып, жобаларды 2 түрлі көзқараспен анықтауға болады:
- жобаны қызмет түрі, шаралардың кешені түрінде анықтау; жобаны құжат түрінде анықтау.
Жоба процестер мен қосалқы жобалардан тұрады. Процесс - нәтиже әкелетін іс-әрекеттердің жиынтығы.
Жоба түсінігі бірнеше белгілермен сипатталатын түрлі қызметтерді біріктіреді. Олардың негізгілері:
- нақты мақсаттарға, нәтижелерге жетуге бағытталу; белгілі ресурстар; басталу мен аяқталуы белгіленген шектелген уақыт ұзақтығы.
Жалпы алғанда, жоба - бұл жоспарланған немесе ойластырылған нәрсе.
Жүйелік көзқарас тұрғысынан алсақ, жоба шектеулер мен механизмдерді ескере отырып белгілі бір жағдайдан түпкілікті нәтижеге өту процесін қарастырады.
Жобаның элементтері:
- ой (мәселе, міндет) ; Жүзеге асыру құралдары (шешім) ; Жүзеге асыру мақсаттары (нәтиже, шешім) ;
Қазіргі жағдайда жобалардың бірнеше мысалын көрсетуге болады: тұрғын үй немесе өнеркәсіптік объект құрылысы, ғылыми-зертттеу жұмыстарының бағдарламасы, кәсіпорын құрылысын жаңарту, жаңа ұйым құру, жаңа техника мен технологияны жасау, кинофильм жасау, аймақты дамыту. (Батыста дизайн деп аталады) . Жобаларды басқару - бұл жобаға қойылатын талаптарды қанағаттандыру үшін жоба операцияларына білімді, біліктілікті және әдістерді қолдану. Жобаларды басқару жобаларды басқару процестерін: инициация, жоспарлау, іске асыру, мониторинг және басқару, аяқтау процесін қолдану және интеграциялау арқасында жүзеге асырылады. Жоба менеджері - бұл жобаның мақсаттарына жетуіне жауапты адам. [1]
Жобаларды басқаруға кіреді:
- талаптарды анықтау;
- нақты және қол жетерлік мақсаттарды қою;
- сапа, мазмұны, уақыт пен құны бойынша қарса келетін талаптарды теңгеру;
- жобаның қатысушыларының пікірлері мен күтімдеріне сәйкес жобаның мінездемелері, жоспарлары мен тәсілдеріне түзетулер еңгізу.
Жобаларды басқару - арнайы және кәсіби білімдерді біріктіретін синтетикалық пән. Арнайы білім жоба қатысты саланың ерекшеліктерін көрсетеді (құрылыстық, инновациялық, экологиялық, зерттеушілік, білім беру ж. т. б. ) [3] .
Өндірістік жүйеден жобаның жобаның ерекшелігі жоба циклдық әрекет емес, тек бік рет қана орындалады. Өнімінің сериялық шығарылымында алдын ала өнімді шығару уақытының аяқталуы анықталмайды және ол сұраныстың көлемі мен ерекшелігіне байланысты болады. Ал сұраныс жоғалғанда өндірістік цикл тоқтайды. Өндірістік циклдер таза түрде жоба болып есептелмейді. Бірақ соңғы кездері жобалық тәсіл үздікісіз өндіріске бағытталған процестерге көбінесе қолданылуда. Мысалы, белгіленген уақыт аралығында көрсетілген деңгейде, белгіленген бюджетке негізделе жасалатын өндірісті көтеру жобалары немесе жеткізушілермен келісілген уақытта арнайы тапсырыстарды орындау.
Жоба соңғы нәтижеге жетуге дейінгі уақытқа дейін әрекет ететін жүйе болып табылады. Бірақ жоба концепциясы фирма немесе кәсіпорынның ұстанатын концепциясына әсер етпейді және онымен ұқсас болуы да мүмкін. Жоба терминінің бірнеше анықтамалары бар. Жалпы түрде жоба - бұл ойластырылған немесе жоспарланып отырылған іс-шара, мысалы, үлкен кәсіпорын.
Инвестициялық жоба белгілі уақыт аралығында нақты мақсаттарға және жоспарланған нәтижеге жетуде белгілі бір ресурстарды, соның ішінде зияткерлік, қаржылық, материалдық, еңбек ресурстарының салымын қарастыратын инвестициялық акция. Инвестициялық жобаның қаржылық нәтижесі болып пайда/табыс табылады, ал материалдық-заттай нәтижесі - жаңа немесе жаңартылған негізгі қорлар, сонымен қатар болашақта пайда алу мақсатымен қаржылық инструменттер мен материалдық емес активтерді сатып алу және қолдану.
«Жобаларды басқару» жеке пән ретінде Батыстың дамыған елдерінде ХХ ғасырдың 50 жылдары қарастырыла бастады. «Жобаларды басқару» салыстырмалы жас ғылым, бірақ жобаларды басқаруды адамдар ерте кезден білген. Мысалы, Ұлы қытай қорғаны, Эйфелева башня жобаларды басқару әдістерін білмей салынуы мүмкін емес еді. Жобаларды басқару - даму сатысындағы менеджменттің жаңа бағыты.
Жобаларды басқару дегеніміз жоба мақсатына жетуде басқару техникасы мен технологиясын, заманауи әдістерді қолдана отырып адам және материалдық ресурстарды жобаның өмірлік циклының барлық кезеңдерінде ұйымдастыру, жоспарлау, басшылық ету, үйлестіру әдістемесі.
Жобаларды басқару әдістері:
- жобаның мақсатын анықтауға және оны зертеуге;
- жоба құрылымын ашып көрсетуге (мақсаттарын, атқарылатын жұмыстар кезеңін) ;
- қажетті қаражаттардың көздері мен көлемін анықтауға;
- жұсты атқарушыларды тандап алуға - соның ішінде, сауда және конкурс процедуралары арқылы;
- келісімшарттарды дайындау және келісімшарттарға отыру;
- жобаны орында мерзімін анықтауға, оны жүзеге асыру графигін құрастыруға, қажетті ресурстарды есептеуге;
- жобаның сметасы мен бюджетін есептеуге;
- тәуекелдерді жоспарлау және ескеруге.
1-сурет. Жобаға жүйелік көзқарас
Жобаларды басқарудың принципиалды моделі 2-суретте көрсетілген.
Жобаның оны жүзеге асыру жұмыстарын дұрыс ұйымдастыруға көмектесетін бірқатар қасиеттері бар:
- жоба белгілі бір сыртқы ортада пайда болады, өмір сүреді және дамиды;
- жоба құрылымы жобаны жүзеге асыру және дамыту процесінде өзгеріссіз қалмайды: онда жаңа элементтер пайда болуы мүмкін, оның құрамынан кейбір элементтері алынып тасталуы мүмкін;
- жоба барлық жүйелер секілді элементтерге бөлінуі мүмкін, бірақ бөлінген элементтер арасында белгіленген байланыстар анықталуы және қамтамасыз етілуі тиіс.
Жобаның пайда болып дамитын қызмет саласын «жоба» және «сыртқы орта» деп бөлу белгілі деңгейде шартты. Оның себебі келесіде қорытылады:
- Жоба қатаң тұрақты құрылым емес: оның бірқатар элементтері жобаны жүзеге асыру процесі кезінде жоба құрамына сыртқы ортадан кіріп және қайтадан шығуы арқылы орындарын ауыстыруы мүмкін.
- Жобаның кейбір элементтері оның құрамында және одан тыс қолданылуы мүмкін. Бұған мысал ретінде бір уақытта белгілі жобаны жүзеге асыру жұмыстарымен қатар басқа да мәселелерді шешумен айналысатын (мысалы, басқа жобамен айналысу) мамандар болуы мүмкін. Жоба және оның ортасы схемалық суреті 2-суретте келтірілген.
2-сурет. Жоба және оның ортасы
Жобаның өмірлік циклы
Жобаны басқару функциялары
Жоспарлау
Бақылау
Шешім қабылдау
Жоба бюджетін жасау
Жүзеге асыруды ұйымдастыру
Мониторинг
Бағалау
Есептілік
Экспертиза
Тексеру және қабылдау алу
Бухгалтерлік есеп
Әкімшілік
Жобаларды басқарудың қосалқы жүйелері
Жұмыс көлемі мен мазмұнын басқару
Жоба ұзақтығын басқару
Құнды басқару
Сапаны басқару
Сатып алулар мен жабдықтауды басқару
Ресурстарды басқару
Адам ресурстарын басқару
Өзгерістерді басқару
Тәуекелді басқару
Қорларды басқару
Интеграциялық басқару
Ақпарат пен коммуникацияны басқару
3-сурет. Жобаларды басқарудың принциптік моделі
Жобалардың көлеміне байланысты келесідей жобалар ажыратылады:
Шағын жобалар масштабы бойынша үлкен емес, қарапайым және көлемі шектелген. Американдық тәжірибеде:
- капитал салымдары $10 - 15 млн. долларға дейін;
- еңбек шығындары 40 - 50 мың адам-сағатқа дейін.
Мысалы, тәжірибелік-өнеркәсіптік құрылымдар, өнеркәсіптік кәсіпорындар, қызмет істеп тұрған өндірісті жаңғырту.
Отандық:
4-сурет. жоба типтерінің классификациясы
Мегажобалар - ортақ мақсатпен біріктірілген өзара байланысты жобалардан тұратын мақсатты бағдарламалар. Мұндай бағдарламалар халықаралық, мемлекеттік, ұлттық, аймақтық (мысалы, еркін экономикалық аймақтардың дамуы), сала аралық (экономиканың бірнеше салаларын қарастыратын), салалық және аралас болуы мүмкін. Салалық мегажобаның мысалы - отын-энергетика кешенінде, соның ішінде мұнай-газ саласында жүзеге асатын жобалар.
Күрделі жобалар шешілуі күрделі техникалық, ұйымдастырушылық, ресурстық міндеттердің болуымен сипатталады. Мысалы, құрылыстың дәстүрлі емес технологияларын қолдану, жоба қатысушыларының санының көптігі, қаржыландыру сызбасының күрделілігі.
Қысқа мерзімді жобалар әдетте әртүрлі жаңалықтарды жасау, тәжірибелік құрылғыларды өндіру, қалпына келтіру жұмыстарын жүргізетін кәсіпорындарында «іске асырылады»
Ақаусыз жобаларда жоғары сапа негізгі фактор болып табылады. Ақаусыз жобалардың құны миллиардтаған доллармен өлшенеді. Мысалы, атом электр станциялары.
Халықаралық жобалар әдетте жоғарғы құны мен күрделілігімен ерекшеленеді. Сонымен қатар бұндай жобалрды іске асырылатын мемелекеттер экономикасы мен саясатындағы рөлінің маңыздылығы ерекшелейді.
Жобаларды жүзеге асыру жобаның табыстылығына жоғары деңгейде әсер ететін ұйымдық құрылым шегінде жүргізіледі.
Төмендегідей ұйымдық құрылымдарды атап көрсетуге болады:
- Функцианалдық құрылым, ұйымның бар функционалды иерархиялық құрылымын қолдануды қарастырады. Менеджер тек жалпы координациялық жұмыстарды атқарады;
- дивизиондық құрылым (аймақтық, өнімдік немесе технологиялық сипаты бойынша ұйымдастырылған функционалдық құрылымның бір түрі) ;
- жобалық құрылым - жобаның жұмыс комплексі ұйымның иерархиялық құрылымына тәуелсіз дайындалады деп болжайды;
- матрицалық құрылым - жобалық және функционалдық құрылымдардың басымдылықтарын біріктіретің құрылымның аралық түрі.
Матрицалық құрылымның үш түрін ажыратуға болады:
- Әлсіз матрица - жоба координаторы жоба бойнша тапсырмалар кординациясына жауапты, бірақ ресуртар бойнша өкілдігі жоқ;
- балансталған матрица - менеджер барлық жұмыстарды координаттайды және функционалды бөлімшелердің басшыларымен мақсатқа жету жауапкершіліктерімен бөліседі;
- қатаң матрица - жоба менеджері максималды өкілдікке ие және де жобаның тапсырыстарының орындалуына да толық жауапкершілікті.
Жоба үнемі нәтижеге, белгілі мақсатқа қол жеткізуге бағытталады. Жобаны жүзеге асыру жобаның өкілетті басшылығымен жүзеге асырылады: жоба менеджері және оның басшылығымен жұмыс жасайтын жоба командасы. Жоба үрдісі бойынша жекелеген ерекше қызмет түрлерін жүзеге асыратын басқа да қатысушылар болады. Жоба жұмысына компанияның сызықтық және функционалды бөлім өкілдері де қатыса алады.
Жобаларды басқару сызбаларының келесі нұсқалары бар:
«Негізгі» жүйе. Жоба менеджері - тапсырыс берушінің өкілі, қабылданатын шешімдерге қаржылық жауапкершілік алмайды. Жоба менеджері жобаны жасау мен жүзеге асыруда басқару мен үйлестіруді қамтамасыз етеді, жобаның басқа қатысушыларымен қарым-қатынаста болмайды. Жүйенің артықшылығы - жоба-менеджерінің объективтілігі, кемшілігі - жоба нәтижесі бойынша жауапкершілік толығымен тапсырыс берушіде болады.
«Кеңейтілген басқару» жүйесі. Жоба менеджері жобаның сметалық құны көлемінде жауапкершілік алады. Менеджер жоба үрдістерін басқарады және үйлестіреді, тапсырыс беруші, жобаның басқа қатысушылары арасындағы келісімдерді жүргізеді.
«Кілттік» жүйе. Жоба басшысы - жобалық-құрылыс фирма, тапсырыс берушімен, жоба менеджерімен жобаның жарияланған құны бойынша «кілттік» келісім жасайды.
Жоба қатысушылары - жоба құрылымының негізгі элементтері.
Жоба типіне байланысты оған қатысушылардың саны әртүрлі болып келеді.
Негізгі қатысушы - тапсырыс беруші - жоба нәтижесін пайдаланушы және оның болашақ иесі. Ол жеке және заңды тұлға болуы мүмкін.
Инвестордың рөлі де өте жоғары. Кейбір жағдайда инвестор мен тапсырыс беруші бір тұлға балып келеді. Егер инвестор мен тапсырыс беруші бір тұлға болмаса, олар өзара келісім жасайды, инвестор келісімнің жүзеге асуын бақылайды, жобаның басқа қатысушыларымен есеп айырысады.
Жобалық-сметалық құжатты арнайы жобалық ұйымдар жасайды, оларды жобалаушы деп атайды.
Жобаны материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жабдықтаушы-ұйымдар жүзеге асырады.
Мердігер - келісім-шартқа сәйкес жұмыстарды орындауға жауапкершілік алатын заңды тұлға.
Соңғы кездері жоба қатысушыларының қатары кеңесшілермен толықты. Сонымен қатар, лицензиар - жобада қолданылатын ноу-хау мен лицензияның иесі болып табылатын жеке немесе заңды тұлға. Лицензиар жобада қолданылатын ғылыми-техникалық жетістіктерді қолдану құқығын береді.
Жобаны жүзеге асыруда жоба менеджерінің рөлі ерекше, ол - тапсырыс беруші жоба бойынша жұмыстарды басқаруда өкілеттіліктерді делегирлеген заңды тұлға. Жоба менеджерінің басшылығымен жоба командасы жұмыс істейді.
1. 2 Жобаларды басқарудың негізгі элементтері
Жобаларды басқару үшін келесі элементтерді басқару қажет (4-сурет) :
- Жобаның интеграциясын басқару;
- жоба құрылымын басқару;
- жобаның мерзімін басқару;
- жобаның құнын басқару;
- жобаның сапасын басқару;
- жобаның адам ресурстарын басқару;
- жобаның коммуникацияларын басқару;
- жобаның тәуекелін басқару;
- жобаны жабдықтауды басқару.
5-сурет. Басқарудың негізгі элементтрі.
Жобаның интеграциясын басқару. Жобалардың интеграциясын басқару ұғымына жобаларды басқару шегінде жобаны басқару операциялары мен әртүрлі процестерді анықтауға, біріктіруге, унификациялауға және координациялауға қажетті процестер мен операциялар кіреді. Жобаларды баскару контекстісінде интеграция - бұл әр нақты уақытқа ресурстарды қайда концентрациялау туралы шешім қабылдау, потенциалды проблемаларды болжау және сол проблемалар критикалық болғанға дейін оларды шешу, және жоба жұмыстарын жалпы жақсы координациялау.
Интеграция мақсаты - бұл ең бірінші ұйымда қабылданған белгілі процедуралар шегінде жобаның мақсатына жетуіне қажетті процестердің жобаларды басқару процестерінің тобына интеграциясы. Жобаларды басқарудың интегративті процестеріне келесі элементтер кіреді:
- Жоба жарғысын дайындау;
- жоба құрамының алдын ала сипаттамасын дайындау;
- жобаны басқару жоспарын дайындау;
- жобаның атқарылуына басшылық және басқару;
- мониторинг және жобаның жұмыстарын басқару;
- өзгерістерді басқару;
- жобаны жабу.
Жоба құрылымын басқару. Жобаның құрылымын басқаруына жобаның ұтымды жүзеге асырылуына қажетті жұмыстарды жобаға кіргізуді қамтамасыз ететін процестер ғана кіреді. Ол жобаға не кіріп, не кірмегенін анықтап бақылаумен байланысты.
Жобаның құрылымын басқарудың құрамына келесілер кіреді:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz