Қалдықтарды қайта өңдеу өндірісі



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
Резюме ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1. Өнім сипаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
2. Өткізу нарығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
3. Маркетингтік жоспар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
4. Бәсекелестерді талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
5. Өндірістік жоспар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
6. Ұйымдастырушылық жоспар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22
7. Заңдық жоспар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24
8. Тәуекел жоспары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...27
9. Қаржылық жоспар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...29
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Соңғы уақытта дамыған елдер саясатында пайдаланылған қалдықтарды реттеу жөніндегі стратегиялары біршама өзгерістерге ұшырады. Оның басты себебі қоршаған ортаның қатты ластануы. Ластанудың салдары адамдардың денсаулығы мен өмірлеріне кері әсерін тигізеді. Бұндай бизнестің болуы ірі және шағын қалалардағы экологиялық жағдайды жақсарту болып табылады.
Қалдықтарды қайта өңдеу өндірісі тек экологиялық жағынан ғана емес, сонымен қатар экономикалық жағынан да тиімді. Қазіргі таңда қалдықтарды қайта өңдеу бизнесіндегі бәсекелестік инвестиция құю үшін тиімді салалардың бірі болып тұр. Қалдықтарды қайта өңдеу саласында жұмыс жасап жатқан өндіріс орындары аса көп емес, ал қалдықтардың күннен күнге ұлғайып бара жатқаны бәріне мәлім. Қалдықтарды қайта өңдеу өндірісін ашу тек жеке тұлғалардың ғана мүддесінен емес, сонымен қатар мемлекет мүддесінен де шығатын кәсіптің біріне айналды. Қайта өңдірілген өнімдер көптеген салаларда сұранысқа ие. Мысалы, бірінші өңдеуден өткен дайын өнімдерді – полиамид, поливинилхлорид, полипропилен, полиэтилен өнімдерін пластикалық ширпотреп өндіретін барлық кәсіпорындар пайдаланады.
Қазақстан Республикасында қалдықтарды өңдеудің ірі кешенді өндірісі қалыптаспаған. Алматы қаласында қалдықтардың көптігі соншалық, олардың барлығын өндеу бір кәсіпорынның шамасынан тыс болып тұр.
Бұл жобаны құру себебі біріншіден, Қазақстанда бұл өнімді өңдеп шығаратын бір ғана кәсіпорын бар, екінші жағынан, жұмысшы күшін тарту көзі болып табылады.
Әлеуметтік жағынан жоспардың мынадай келешегі бар:
• Жаңа жұмыс орындарының ашылуы;
• Жаңа мамандықтарды қалыптастыру;
• Қазақстан Республикасының нарығын отандық тауарлармен қамсыздандыру.
Бұл бизнес – жоспардың пайда болуының негізгі себептері:
• Қанағаттандырылмаған сұраныс;
• Шектен тыс ресурстар;
• Кәсіпкердің инициативасы.
Жобаны жүзеге асыру келесідей нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді:
 Жыл сайын қалалық қалдық орнына келіп түсетін 200 мың тоннаға дейін қатты тұрмыстық заттарды және оларға теңестірілетін басқа қалдықтардың қалдығын қайта өңдеу және экологиялық жағдайды түзету;
 Экология және қалдықтарды өңдеу саласынна жаңа технологияларды енгізу;
 100 адам орнын қамтитын жұмыс орнын қамтамасыз ету.
1. Ушаков И.И. Бизнес-план.- СПб.: Питер, 2009.-224 с
2. Әлжанова Н.Ш. Инвестициялық жобалау: Оқу құралы.- Алматы: Қазақ университеті, 2006.-160 б.
3. Управление проектами/ В.Д.Шапиро, Л.М.Немчин, С.Е.Никешин.- Спв: 1996.
4. Бизнес- планирование. Задачи и решения. Просветов Г. И. 2005- 208 с.
5. Хаскет Б, Смоллен Л. Подготовка бизнеса- плана: 1992- 256с.
6. Бизнес- план/ Под.ред.Р.Г. Маниловского. 1999-160с.
7. Журнал « Финансовый Юрист»/ 2009- 18 апрель/ Андрей Лаппо
8. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы ( Салық Кодексі). Алматы: ЮРИСТ, 2009.- 468 б.
9. Қазақстан Республикасының « Жеке кәсіпкерлік туралы» заңы. ( 2008.05.07.берілген өзгерістер мен тлоықтырулармен)
10. www. mebel.kz
11. Алексеева М.М. Планирование деятельности фирмы: Учеб. –метод. 1997

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Экономика және бизнес факультеті

Менеджмент және бизнес кафедрасы

Курстық жұмыс

Тақырыбы: Қалдықтарды қайта өңдеу өндірісі

Тексерген: Жумагазиева А.Г.
Орындаған: Иманкулова А.
Мт07к1

Алматы, 2010

Мазмұны

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
Резюме
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1. Өнім сипаты
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ..5
2. Өткізу нарығы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 7
3. Маркетингтік жоспар
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 8
4. Бәсекелестерді
талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... 12
5. Өндірістік жоспар
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 13
6. Ұйымдастырушылық жоспар
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22
7. Заңдық
жоспар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... 24
8. Тәуекел
жоспары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..27
9. Қаржылық жоспар
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...29
Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..
Пайдаланылған әдебиеттер
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

Кіріспе

Соңғы уақытта дамыған елдер саясатында пайдаланылған қалдықтарды реттеу
жөніндегі стратегиялары біршама өзгерістерге ұшырады. Оның басты себебі
қоршаған ортаның қатты ластануы. Ластанудың салдары адамдардың денсаулығы
мен өмірлеріне кері әсерін тигізеді. Бұндай бизнестің болуы ірі және шағын
қалалардағы экологиялық жағдайды жақсарту болып табылады.
Қалдықтарды қайта өңдеу өндірісі тек экологиялық жағынан ғана емес,
сонымен қатар экономикалық жағынан да тиімді. Қазіргі таңда қалдықтарды
қайта өңдеу бизнесіндегі бәсекелестік инвестиция құю үшін тиімді салалардың
бірі болып тұр. Қалдықтарды қайта өңдеу саласында жұмыс жасап жатқан
өндіріс орындары аса көп емес, ал қалдықтардың күннен күнге ұлғайып бара
жатқаны бәріне мәлім. Қалдықтарды қайта өңдеу өндірісін ашу тек жеке
тұлғалардың ғана мүддесінен емес, сонымен қатар мемлекет мүддесінен де
шығатын кәсіптің біріне айналды. Қайта өңдірілген өнімдер көптеген
салаларда сұранысқа ие. Мысалы, бірінші өңдеуден өткен дайын өнімдерді –
полиамид, поливинилхлорид, полипропилен, полиэтилен өнімдерін пластикалық
ширпотреп өндіретін барлық кәсіпорындар пайдаланады.
Қазақстан Республикасында қалдықтарды өңдеудің ірі кешенді өндірісі
қалыптаспаған. Алматы қаласында қалдықтардың көптігі соншалық, олардың
барлығын өндеу бір кәсіпорынның шамасынан тыс болып тұр.
Бұл жобаны құру себебі біріншіден, Қазақстанда бұл өнімді өңдеп
шығаратын бір ғана кәсіпорын бар, екінші жағынан, жұмысшы күшін тарту көзі
болып табылады.
Әлеуметтік жағынан жоспардың мынадай келешегі бар:
• Жаңа жұмыс орындарының ашылуы;
• Жаңа мамандықтарды қалыптастыру;
• Қазақстан Республикасының нарығын отандық тауарлармен қамсыздандыру.
Бұл бизнес – жоспардың пайда болуының негізгі себептері:
• Қанағаттандырылмаған сұраныс;
• Шектен тыс ресурстар;
• Кәсіпкердің инициативасы.
Жобаны жүзеге асыру келесідей нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік
береді:
➢ Жыл сайын қалалық қалдық орнына келіп түсетін 200 мың тоннаға
дейін қатты тұрмыстық заттарды және оларға теңестірілетін басқа
қалдықтардың қалдығын қайта өңдеу және экологиялық жағдайды
түзету;
➢ Экология және қалдықтарды өңдеу саласынна жаңа технологияларды
енгізу;
➢ 100 адам орнын қамтитын жұмыс орнын қамтамасыз ету.

Резюме

Кәсіпорын атауы: Алматы қайта өңдеу зауыты
Зауыттың мекен - жайы: Алматы қаласы, Ташкентская,50 тел. 8
(7272) 28-11-10
тел.8 (7272) 28-11-11
e-mail: www.almaty.kz
Ақталу мерзімі 3 жыл
Зауыттың негізгі жүзеге асыратын Қалдықтарды қайта өңдеу және сол
қызметі: арқылы қаланың экологиялық жағдайдын
оңтайлату
Cалынатын инвестиция (тг) 1168000000
Таза пайда (тг) 393400000
Жоба ұзақтығы (жыл) 5
Зауыттың негізгі өнімдері полиамид, поливинилхлорид,
полипропилен, полиэтилен өнімдері
Жобаның миссиясы Қазақстан Республикасында
қалдықтарды өңдеу арқылы экологиялық
жағдайжы түзету
Жобаның мақсаты Қалдықтарды қайта өңдеу арқылы
күнделікті қолданатын полимер
өнімдермен қалалық нарықты
қамтамасыз ету
Жобаның міндеттері Экологиялық жағдайды түзету;
Жаңа жұмыс орындарын ашу
Қалдықтарды қайта өңдеу саласына
жаңалықтар енгізіп, оның дамуына
негіз салу;
Нарыққа жаңа технологияларды
енгізу.
Cash Flow 1 261 756 000
NPV 783 451 000
IRR 24,1%
PI 3,4

Өнім сипаты

Жыл сайын Қазақстанда миллиондаған куб метр қатты тұрмыстық қалдықтар
жиналады. Әсіресе, қалдықтардың жиналуы Алматы секілді ірі қалалар мен
орташа көлемді қалалар маңында осындай қалдықтардың жиналуы өте шапшаң
түрде жүреді. Алматы қаласында жылына қатты тұрмыстық қалдықтар мөлшері 200
мың тоннадан жоғары көрсеткішті көрсетеді. Қазіргі кезде қалдықтарды өңдеу
қызметі қалада жүзеге асырылмайды деуге де болады сондықтан қазіргі уақыт
пен келер уақытқа шикізат көзін қажеті шамалы, себебі қалдықтар мөлшері күн
сайын өсуде. Негізгі мәселе осы қалдықтарды кешенді түрде қайта өндіру
жүйесін дұрыс қалыптастыру жолдарын табуда болып тұр. Бұл бизнесте
жоспарланған қайта өңдеу технологиясының қуаттылығы тікелей зауытқа келіп
тұратын шикізат көзінің тұрақты түрде үзілмей, бір қалыпты жеткізіліп
тұруымен шартталады.
Зауыттың өндіретін негізгі өнімдері келесідей болып табылады:
Шыны өнімі. Екінші өңдеуден өткен шыны және қағаз шикізаттарын
пайдаланудың талдауы келесідей көрсеткіштерді көрсетті: екінші рет өңдеуден
өткен шыны өнімін пайдалану саласы орташа есеппен жалпы өндірістің 5 %
мөлшерін өндірісте қолданады және бұл көрсеткіш жылдан жылға жоғарлауда.
Тек шыны өндірісіне маманданған өндіріс орындары бұл өнімнің 80 %
пайдаланады. Нақты көрсеткіштер 15-20 % мөлшерін құрайды.
Макулатура. Қағаз өндірісінде екінші ретті өңдеуден шыққан өнімді
пайдалану елімізде жалпы өндірістің тек 15 % ғана құрайды, ал бұл нарықты
толық қамтамасыз ету үшін өте аз көрсеткіш және шикізаттың жеткіліксіз
екенін көрсетеді. Жоспарланған макулатура мөлшерінің түсімі жылына 10 мың
тоннаны құрайды.
Жыл саййын макулатура бағасының өсуі инфляция қарқынынан да жылдам.
Мысалы үшін, осыдан бес жыл бұрын макулатураның бір тоннасы 7000 мың
тенгені құраса, екі жыл бұрын ол баға 12000 мың теңгеге дейін көтерілді.
Макулатураның жетіспеушілігі Еуропа елдерінде айқын байқалады. Сондықтан
макулатура өндіруші тұлғалар өз тауарларын отандық нарықта ғана емес,
сонымен қатар шетел нарығына да шығаруға мүмкіндігі бар, яғни сыртқы
нарықты қамтамасыз ете алады.
Тоқыма. Тоқыма және басқа да мата қалдықтарын жұмсақ, қатты және қатаң
жылу сақтағыш маиериалдарды жасау үшін қолданылады. Оарға нарықта сұраныс
үлкен.
Полимерлер. Полимерлер нарығында аталған өнімге сұраныс үлкен. Полимер
негізіне тамақ өнімдерігің сыртқы қабығы, корпусы мен тарасы жатады. Плимер
бүгінгі таңда үлкен тауар ассортиментінің негізгі құраушысы. Мысалы, АҚШ
елінде негізгі тіреуіші-фундаменттен басқа материалдарының барлығы қалалық
қоқыс алңынан алынған полимер негізінен құралған материалдарды пайдаланып
тұргын үй соғу қолға алынған. Полимерден жасалынған бір реттік пайдалану
қаптағыш заттарға сұраныстың күрт артуы болашақта полимер қалдығының көп
болуын да қамтамасыз етеді
Пласмасса. Бұл өнімнің негізгі тұтынушылары нарыққа пласмасса қоспасы
бар өнімдерді шығаратын кәсіпорындар. Бірақ пласмасса өнімдеріне нарықта
айтарлықтай сұраныс аса көп емес. Алматы ЖШС осы тауардың нарықта үлкен
сұранысқа ие болуына және лардың өндірісінің кең етек жаюына үлесін қосуды
көздеп отыр.
Қара және түсті металдар. Екінші ретті өңделген тауарлар нарығының
зерттемесі шетелде бұл тауарға сұраныс бір текті, ешұандай өзгерістерге
ұшырамағандығын көрсетіп отыр.
Москваның түсті маталдар биржасының мәліметтері бойынша, мыс
өнімінің бағасы – 40 000 рубтн, алюмин өнімінің бағасы – 31 900 рубтн
құраған, қазіргі кезде бұл өнімнің бағасы едәуір өскен. Жосапр бойынша қара
және түсті металды өндіру көлемі ел ішіндегі жалпы өндірістің 0,02 %
құрайтын болады.
Осылайша, ҚҚӨ өнімдерінің барлығы толықтай бірден сұранысқа ие
болмайтынын талдаулар көрсетіп отыр. Нарыққа ену үшін кәсіпорын бағалардың
икемділігі қамтамасыз ету мен нарықты үнемі бақылап, болған өзгерістерге
сәйкес бейімделіп отыруды мақсат етті.

Өткізу нарығы

ҚТҚ өндірісінің өнімдерінің негізгі тұтынушылары осы өнімдерді
пайдалана отырып нарыққа жаңа тауарды ұсынатын өндірістік ұйымдар мен
кәсіпорындар. Бұндай өнімдер тобына сортталған және пакеттелген макулатура,
тоқыма өнімдері, екінші ретті өндеуден өткен пластикжәне түсті және қара
метал өнімі. Бұл аталған өнімдер бизнестің алғашқы сатыларында негізгі
ұсынылатын тауарлар ретінде қарастырылады
ҚТҚ өндірісіне жаңа технологияларды енгізу нарыққа бұрыннан келе
жатқан және түбегейлі жаңа өнімдерді енгізуге мүмкіндік береді. Шығарылатын
өнімдер өндірістік кәсіпорындар мен жеке секторда жұмыс жасайтын
тұтынушыларға бағытталған.
Біздін тұтынушыларымыз құрлыс фирмалары және жеке секторлар. Үлкен
өндіріс фирмалары көп тұтынады. Себебі олар халық күнделікті тұтынатын
және арнайы тұтынатын тауарларды өндіремен айналысатын бірде бір өндіріс
орындары болып табылады және тұтынушыларды тікелей тауармен қамтамасыз
етумен айналысады. Ал осының бәріне бетон қажет, ал шағалсыз бетон
болмайды. Жеке секторлар да көп пайда алып келеді. Бірінші күннен бастап
үлкен фирмалармен жұмыс жасауға тырысу керек. Мемлекеттік органдармен де
ҚТҚ өнімдерін жеткізу туралы келішімшартка отруға болады. Бірак тәуекелі
жоғары болады. Себебі сәл кешіктірсеңіз, айыпұл төлеуіңізге тура келеді.
Өздері де ақшаны кешіктіруден тайынбайды.
Алматы облылысы жылына шамамен ҚТҚ өнімдерін 15 млн тонна мөлшерінде
тұтынады. Соның 10 млн-нын облысымыздың фирмаларынан алады. Ал қалған 5 млн-
нын баска облыстардан алуға тура келеді. Себебі облысымыздын фирмалары
тұтынушыларды толық қанағаттандыра алмайды. Ал осы 15 млн шағалдын 8 млн-
нын үлкен өндіріс фирмаларынын тапсырысы. Яғни Алматы облысы нарығының 45
пайызы бос деп айтуға болады. Мен осы нарыктын 10 пайызын ала аламын.
Мемлекет осы саланы қолға алып оны жүзеге асыру үстінде. Эксперттердін
айтуы бойынша, бұл процесс 2 – 3 жылды қамтиды. Яғни, нарыққа кіруге
уақыт жетерлік.

Маркетингтік жоспар

Маркетинг деп компанияның өндірістік қызметін белгілі техникалық-
экономикалық сипаттамаларға жауап беретін бәсекеге қабілетті өнім түрін
шығаруға дәлелденген түрде бағытталуы үшін нарықтың сұранысы мен талаптарын
зерттеуге және ескеруге бағытталған фирма ішіндегі басқару жүйесі.
Бизнес
жоспардағы маркетинг жоспарының негізі болып фирманың стратегиясы,
сұраныстың болжамы, өткізудің болжамы және фирманың қаржылық жағдайы
табылады. Барлық бизнес
түрлері үшін бірыңғай концептуалдық схема қолданылады:
1. Нақты нарықты және оның сегменттерін іріктеу. Маркетингтің алғашқы
кезеңін жасау- осы жоспардың басты міндеті болып
табылады(орналасқан орны бойынша және көлемі бойынша сипаттау)
2. Маркетинг факторларының перспективті сараптамасы. Бұл кезеңде баға
тарату арналары, жарнама, нарықта өнімді жайғастыру секілді
факторлар анықталады.
Өткізу- бұл өнімді маркетинг стратегиясының шегінде сату. Өткізу
жоспары белгілі бір саясат иеленуі қажет.
Өнім өткізудің негізгі тапсырмалары:
• Компанияның бәсекеге қабілеттілігін күшейту;
• Әлеуетті сатып алушыларға ықпал етуді күшейту.
Өткізу жоспары келесі бөлімдерден тұрады:
1. Өнімнің атауы, көлемі және ассортименті
2. Баға қалыптастыру
3. Өнімнің жаңа түрі
4. Өнімді тарату арналары
5. Өнім өткізу жағдайлары
6. Өткізуді ұйымдастыру, соның ішінде сервис
7. Өнім сапасы және қызмет көрсету деңгейі.
Өткізу нарығын талдау: біріншіден, тауарды немесе қызметті өткізуге
жоспарлап отырған нарықтың жалпы сипаттамаларынан және оның көлемін
бағалаудан; екіншіден, компанияның осы нарықтағы үлесін, үшіншіден,
тұтынушылардың өнімге қоятын негізігі талаптарынан; төртіншіден, нарықтың
даму динамикасынан; бесіншіден, нарықтың өзгерісіне әсер ететін
мүмкіндіктерін бағалаудан; жетіншіден, компанияның бәсекелестер алдындағы
басымдылығынан тұрады. Бірнеше нарық сегменттерінің ішінен аз шығын
жұмсайтын және бағасы бойынша өнім өткізудің жоғары көлемін және пайданы
қамтамасыз ететін өнімді өткізу нарығын таңдау қажет.Нарықтың таңдалған
сегменттері компания үшін мақсатты болып табылады. Нарықтың сегменттерінің
әлеуеті оның сыйымдылығымен сипатталады. Сыйымдылығы
деп белгілі бір уақыт аралығында белгілі бір баға деңгейімен және сапа
деңгейімен өткізілетін өнімнің көлемі. Нарықтың сыйымдылығы жоспарланған
жағдайда ақшалай және натуралдық шамада есептеледі.
Ассортиментті жоспарлау. Ассортименттік саясат
тұтынушылардың қажеттілігін максиамалды түрде қанағаттандырудан басталады.
Номенклатура мен тауарлық ассортимент жоспарланған жағдайда төмендегідей
жағдайлар ескеріледі:
-кеңдігімен- номенклатуралық позицияның немесе ассортименттік
топтардың саны.
-тереңдігімен- әр топтардағы өнімнің саны
-сәйкестілікпен- ассортименттік топтардың арасындағы ара-
қатынасы.Бизнес жоспарда ассортименттік саясатты сипаттаған уақытта
бизнестің алға қойған мақсатымен байланысты ассортименттің құрамы, кеңдігі
және тереңдігі таңдалады.
Бағаны жоспарлау. Өнімнің бағасын жоспарлаған уақытта баға
қалыптастырудың келесі әдістері қолданылады:
1. шығынның негізінде;
2. бәсекелестік деңгейіне бағытталу негізінде;
3. сұранысқа бағытталу негізінде;
4. параметрлік әдістер.
Баға қалыптастырған жағдайда әсер ететін факторлар:
• сұраныстың деңгейі;
• сұраныстың икемділігі;
• бағаны мемлекеттік реттеу;
• бәсекелес компаниялардың өнімінің бағасы және т.б.
Баға саясатының үш түрін бөлуге болады:
1. Бәсекелестерге қарағанда жоғары баға орнату(Қаймақты алу саясаты);
2. Бәсекелестердің деңгейінде баға орнату(бейтараптандырылған саясат);
3. Бәсекелестерге қарағанда төмен баға орнату саясаты(бағалық-лидерлік
саясаты).
Фирма маркетингтің өндірістік тұжырымдамасына көп көңіл бөледі:
• Сұраныстың ұсыныстан жоғары болуы
• Халықтың көп бөлігінің табысының төмендігіне байланысты шығарылатын
тауарлардың өзіндік құнын төмендету;
• Фирма тауарын тұтынушылар саны ұлғайған сайын, өндірістік шығындар
төмендейді, ол өз кезегінде нарықтың көп үлесін жаулап алуға
мүмкіндік береді.
• Үлкен және тұрақты нарықтың болуы.
Фирма тауарларын қажетті мөлшерде, қажетті орынға, ыңғайлы бағамен,
қажет еткен тұтынушыға аз шығын жұмсай отырып,логистикалық жүйені,
маркетингтік стратегияны тиімді жүзеге асыруы қажет. Бұл бизнесті
жүзеге асыру үшін агрессивті саясат қолдану қажет, яғни бірнеше
факторлардың бір-бірімен сәйкестігі: бағалардың қол жетімділігі,
сапасының жоғарылығы, тапсырыстардың тез жылдамдықпен орындалуы.
Фирма өзінің макро,микро және медиаортасына көп көңіл бөліп, бақылап,
зерттеп отыруы қажет, себебі фирманың табыстылығы осы орталармен
тікелей байланысты. Тауар туралы тұтынушылардың пікірін,олардың
ұсыныстары мен уәждерін білу үшін халық көп жүретін жерлерде, сауда
орталықтарында әр түрлі сауалнамалар жүргізілуі қажет. Фирманың
маркетингтік стратегиясы:
✓ Тұтынушылар нарығын бағалау
✓ Бәсекелесткерді зерттеу
✓ Баға саясатының принциптері
✓ Жарнама және тауарды жылжыту
Кәсіпорынның басты мәселесі тұтынушыларға максималды кең
ауқымды,сапалы,қол жетімді өнім түрлерін ұсыну. Тұтынушылар біздің өнімнен
басқа өнім түрлерін іздемеуі қажет, яғни біздің өнімнің артықшылықтарын
бағалай білуі қажет. Ал оны қамтамасыз ету үшін тиімді жарнама қажет. Біз
ол үшін жарнама агенттігі арқылы интернетте, телеарналарда, радиоларда, БАҚ-
да жарнаманы жиі жүргізу қажет. Жарнама ашық, назарды бірден аударатындай
тартымды болуы қажет. Тұтынушыларды тарту үшін тиімді мотивация жасалынуы
керек. Аяқ киім сатып алу мотивациясы әр түрлі болуы мүмкін: беделді өнім
алуды қалау, сәнге немесе өзінің имиджіне сәйкес жүру, гардеробты өзгерту,
жаңарту, түрлендіру, аяқ киімнің жетіспеушілігінен гардеробты толтыруға
қажеттілік, басқа адамға сыйға алу.
Бизнес жоспардың маркетингтік негізгі мақсаты - төмен баға стратегиясы
арқылы және тауардың нарықтың бос 20%-ақ сегментінен орын алу.
Маркетингтік стратегияны жүзеге асыруда төмендегі шарттар орындалады:
- баға саясатының экономикалық концепциясын дайындау;
- жобаның қаржылық жоспар концепциясын дайындау;
- ұйымдастыру;
- кәсіпорын стратегиялық нұсқауларының нарықтағы бар мүмкіншіліктерге
сәйкестігін жүйелі түрде тексеріп отыру;
- кәсіпорынның мүмкіншіліктері мен кауіптіліктерін анықтау;
- жұмыс бағдарламасын дұрыс бақылау.
- Бәсекелестерді анықтау
Өндірістің басты мақсаты - ҚТҚ барынша сұрыптаудан өткізіп, өндіріс
орнын кешенді түрде механизацияланған өндіріс алаңына айналдыру.
Зауыттың әрбір сызбасында өзіне қажетті технологиялық жабдықтарды
пайдаланады. ҚТҚ сепарациялау әдісін қолдану тек өндірісті жеңілдету үшін
ғана емес, сонымен қатар қалыптасқан дәстүрлі өндіріске жаңалықтар мен
өзгерістер енгізудің алғашқы қадамы деп қарастыруға болады.
Швеция елінде қалдықтарды қайта өңдеу өндірісі кең таралған. Партек
фирмасының мәлімдемесі бойынша ел ішінде 19 қалдықтарды өңдеу зауыттары
бар, оларда жалпы елдің ҚТҚ 40% өңделеді.
Германия, Швеция, Франция елдерінде ҚТҚ өңдеу саласында 1,7 ден 3,4%
дейін қара метал өндірісі, 2-2,3% түсті метал өндірісі, 19,7-54 % жанатын
фракция өндірісі, 31-82,6% компосты фракция өндірісі жүзеге асырылады.
Нидерландыда жұмыс жасайтын Флект зауыты ҚТҚ барлық түрінің 20 %
өндіреді және бұл зауыт жылына 3 млн. куб.м ҚТҚ өнімдерін өндіреді.
Осы жақта сонымен қатар жылына 600 тыс. куб.м ҚТҚ өнімін өндіретін
зауыты тағы бар. Жыл сайын зауыт келесідей өнімдерді өндіріп шығарады:
♦ жеңіл қағаз – 9,1 мың. т.;
♦ ауыр қағаз массасы – 7,5 мың. т.;
♦ қара металл – 3,5 мың.т.;
♦ Пластмасс – 4,5 мың.т.;
♦ компостирлеуге арналған органикалық заттар – 39 мың.т.;
♦ су (қысып алынған) – 14 мың.т.
Нидерланды еліндегі зауытқа ұқсас АҚШ-тағы Блек Клаус фирмасы. Бұл
зауыт бір тәуіліғіне қуаттылығы 500 тонна ҚТҚ өндіре алатын
гидросепарационды әдіс ойлап тапты. Бұл әдістің құны 21 млн АҚШ доллары.

Біз өзіміздің жобамызда әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, келесідей
мәселелерді шешуді көздедік:
♦ ҚТҚ жинау және шығару зауыттың аумағында орындалуы;
♦ Фракцияларда жұмыс жасайтын өндірісті дамыту
♦ полигон аймақтарында қажетсіз қалдықтарды көму мәселелерін шешу.

Бәсекелестікті талдау

Швеция елінде қалдықтарды қайта өңдеу өндірісі кең таралған. Партек
фирмасының мәлімдемесі бойынша ел ішінде 19 қалдықтарды өңдеу зауыттары
бар, оларда жалпы елдің ҚТҚ 40% өңделеді.
Германия, Швеция, Франция елдерінде ҚТҚ өңдеу саласында 1,7 ден 3,4%
дейін қара метал өндірісі, 2-2,3% түсті метал өндірісі, 19,7-54 % жанатын
фракция өндірісі, 31-82,6% компосты фракция өндірісі жүзеге асырылады.
Нидерландыда жұмыс жасайтын Флект зауыты ҚТҚ барлық түрінің 20 %
өндіреді және бұл зауыт жылына 3 млн. куб.м ҚТҚ өнімдерін өндіреді.
Осы жақта сонымен қатар жылына 600 тыс. куб.м ҚТҚ өнімін өндіретін
зауыты тағы бар. Жыл сайын зауыт келесідей өнімдерді өндіріп шығарады:
♦ жеңіл қағаз – 9,1 мың. т.;
♦ ауыр қағаз массасы – 7,5 мың. т.;
♦ қара металл – 3,5 мың.т.;
♦ Пластмасс – 4,5 мың.т.;
♦ компостирлеуге арналған органикалық заттар – 39 мың.т.;
♦ су (қысып алынған) – 14 мың.т.
Нидерланды еліндегі зауытқа ұқсас АҚШ-тағы Блек Клаус фирмасы. Бұл
зауыт бір тәуіліғіне қуаттылығы 500 тонна ҚТҚ өндіре алатын
гидросепарационды әдіс ойлап тапты. Бұл әдістің құны 21 млн АҚШ доллары.

Біз өзіміздің жобамызда әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, келесідей
мәселелерді шешуді көздедік:
♦ ҚТҚ жинау және шығару зауыттың аумағында орындалуы;
♦ Фракцияларда жұмыс жасайтын өндірісті дамыту
♦ полигон аймақтарында қажетсіз қалдықтарды көму мәселелерін шешу

Өндірістік жоспар

Өндірістік жоспардың басты тапсырмасы- ең жоғарғы нәтижені қамтамасыз
ететін ресурстар мен әлеуетті пайдаланудың оңтайлы вариантын таңдау. Өнім
шығарудың тиімділігі өнімнің рентабельділігімен және жоғары пайдамен
бейнеленеді. Сондықтан, өндіріс жоспарын жасаған уақытта компания тек
тұтынушылардың ең жоғары қажеттіліктерін қамтамасыз ететін сапа деңгейіне
емес, сонымен бірге, өндірушінің шығындар деңгейін ескеру арқылы оптималды
сапа деңгейін жоспарлауға тырысуы қажет. Бұл бөлімде
маңызды құжат болып өндірістік бағдарлама табылады. Компанияның өндірістік
бағдарламасы дегеніміз-жоспарлы кезеңде орындалуы тиіс жұмыстардың, өнімнің
және қызметтің тізімі мен көлемі. Осы бағдарламада компания қызметінің
маңызды соңғы нәтижелері бойынша тапсырмалар бекітіледі- көлемі,
номенклатурасы, сапасы. Бағдарлама материалдық және еңбек
ресурстарына деген қажеттіліктерді анықтау үшін негіз болып табылады.
Өндірістік бағдарламаны жасауға тапсырыстың портфелін талдау негіз
болады. Бұл уақытта мемлекеттік тапсырыстар, компанияның келісім-шарттары
ескеріледі, тұтынушылардың сұраныстары талданады. Өндірістік бағдарлама
натуралдық және құндық шамада құрастырылады. Өнімнің өндірістік
бағдарламасы құндық шамада келесі көрсеткіштерді енгізеді:
• өткізілген өнім
• тауарлық өнім(сатылатын өнімдер)
• жалпы өнім(өндірістік барлық өнімдер)
Өндірістік қуаттылық деп прогрессивтік техниканы, технологияны,
өндірісті ұйымдастыру жетістіктерін енгізу бойынша шараларды жүзеге
асыруды ескеру арқылы өндірістік құрал-жабдықтарды толық пайдалану мен
өнім шығарудың максималды мүмкіндігі.
Өндірістік қуаттылық компанияның жұмысының оңтайлы режимінде өнімнің
ең жоғарғы көлемін шығаруға әлеуетті қабілеттілігі. Өнімнің өзіндік
құны. Өнімнің өзіндік құны бұл өнім өндірісінен және оны өткізуге
жұмсалған ақшалай формалардағы шығындар. Өнімнің(жұмыстың, қызметтің)
өзіндік құны өнім өндірісі процесінде пайдаланылатын шығындардан
тұрады: табиғи ресурстар, шикізат, материалдар, отын, энергия, негізгі
қорлар, еңбек ресурстары және т.б. Өнімнің өзіндік құны көбіне
төмендегілерден құралады:
• компанияның өнім өндірісіне жұмсалатын еңбек заттары және еңбек
құралдары;

• өнімді өткізумен байланысты шығындар:

➢ қорабына

➢ сақтауға

➢ тиеуге

➢ жеткізуге

➢ жарнамаға және т.б.

• өнім өндірісімен және өткізумен тікелей байланысты емес шығындар және
т.б.

Автоматтандырылған сұрыптау кешені МСК СТАНКО және қайта өңдеу
кешендері ҚТҚ өңдеумен ғана емес, сонымен қатар қайта өңдеуге жарамды
коммерциялық құнды фракцияларды да сұрыптауға мүмкіндік береді. Арнайы
котейнерлерге үйлестірілетін стандартты көлемдегі блоктарды престеу және
пакеттеу қоймалау жұмысын әлдеқайда жеңілдетеді, транспорттық шығындарды
азайтады және ҚТҚ құрамына байланысты тауардың қайтарымдылығының 30% дан
50%ға дейін қамтамасыз етеді.
Ұсынылып отырған жабдықтар жоғары көрсеткіштерге ие. Олар Франция, Италия
елдерінің ұсынып отырған жабдықтарының барлық қызметін толықтай орындайды
және салыстырмалы түрде бағасы анағұрлым төмен.
Регламеттік және жөндеу жұмыстары 7есеге арзан, себебі жабдықтарға
ресейден шығарылатын арзан материалдардан жасалған бөлшектер қолданады.
Олар сапалы әрі шығын материалдарының көлемін аз қолдануға ыңғайлы.
Сұрыптау – ҚТҚ экологиялық және санитарлық талаптарға сай келетін
қарапйым және экономикалық тиімді талдау. Ұсынылып отырған МСК СТАНКО
жабдықтары Ресейдің мемлекеттік стандартынан, ведомстволық комиссиядан,
экологиялық қауіпсіздік жөніндегі Федералды орталықтың тексерісінен өткен
және сертификатталған.
Автоматтандырылған сұрыптау кешені мыналарды қамтамасыз етеді:
• ҚТҚ өңдеу секторын шығын алаңынан жоғары тиімді секторға айналдырару;
• Экологиялық таза технологиялар, өндіру процесінің қарапайымдылығы және
шағындылығы;
• Қалдықтарды сақтау алаңының азаюы;
• Жобаның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Металлургия өндірісінің қатты қалдықтары
Құрама жем өнеркәсібі - жануарларға арналған құрама жем өндірумен байланысты ауыл шаруашылығы саласы
Цемент зауыты шығарындыларының топырақ жағдайына әсері
Органикалық қалдықтарды өңдеу әдістері
Қалдықтарды өңдеу технологиясы
Сольвенің аммиакты тәсілмен сода технологиясы
Пластик қалдықтардың түрлері мен таңбалануы
Тұрмыстық қалдықтар сипаттамасы
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҚАЛДЫҚТАРЫНЫҢ ЖІКТЕЛУІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ӘСЕРІ
ҚАНТ ЗАУЫТЫ ҚАЛДЫҚТАРЫНЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ӘСЕРІН ТАЛДАУ
Пәндер