Жапонияның дәстүрлі мәдениетінің ерекшеліктері және модернизация мен вестернизация үрдістері


Мазмұны
Кіріспе . . . 3
1-тарау. Жапонияның дәстүрлі мәдениетінің ерекшеліктері және модернизация мен вестернизация үрдістері . . . 9
1. 1. Жапон мәдениетінің қалыптасуының маңызды кезеңдері . . . 9
1. 2. Жапон дәстүрлі мәдениеті - азиялық мәдениеттердің қойнауы ретінде . . . 16
1. 3. Жапон дәстүрлі мәдениетінің модернизациялануы мен вестернизациясы - жаһанданудың алғышарттары . . . 24
2-тарау. Жаһандану - вестернизация мен модернизация үрдістерінің жалғасы ретінде: жапон мәдениетінің трансформациялануы . . . 32
2. 1. Жапонияның жаһандану кезіндегі сыртқы мәдени саясаты . . . 32
2. 2. Жаһандану кезеңіндегі Жапонияның бұқаралық мәдениеттің жаңа орталығы болуға ұмтылысы . . . 40
2. 3. Жапониядағы конфессия аралық толеранттылық: Исламға деген көзқарас . . . 50
2. 4 Жапон тілі мәселесі: Вестернизация үрдісінің тіл құндылықтарына кері әсері, тілдің батыстануы . . . 57
Қорытынды . . . 66
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 69
Қосымша.
Кіріспе
ХХ ғасырдың соңғы онжылдығы мен XXI ғасырдың бірінші онжылдығы әлемдік қауымдастық өмірінің барлық салаларын қамтитын терең жаһандық өзгерістермен ерекшеленді. Бірлесіп, ол - жаһандану үрдісі деген атауға ие болды. Бұл үрдіс әр түрлі елдердің экономикалық, әлеуметтік, мәдени байланыстарының тығыздануы мен өзара әрекеттенуін, мемлекеттік шекаралар арқылы түрлі тауар, қаржы мен адамдардың еркін орын ауыстыруын, трансұлттық корпорациялар және халықаралық ұйымдардың құрылуымен сипатталады. Осының барлығы белгілі бір деңгейде кез-келген қоғамның немесе жеке аймақтың өміріне айтарлықтай әсерін тигізетіні айқын. Әлемнің әр мемлекеті басқа мемлекеттермен белгілі бір байланыста болып табылады, сондықтан тек қана өзінің қалауымен кез-келген әрекетке бара алмайды және халықаралық қауымдастықпен мақұлданатын іс-әрекеттер жасауына міндетті. Ең алдымен, әлемдік дамудан артта қалып қалмауы үшін, тұрақты түрде соңғы ғылыми-техникалық жетістіктерге сай болуы керек, ол әсіресе дамыған елдер үшін өте маңызды.
Жаһандану - бір жақты емес, қайшылықтарға толы үрдіс болғандықтан, оның теріс жақтары да бар. Оның басты себептерінің бірі - адамзаттың әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуы деңгейлерінің әр түрлілілігі. Бүгін осы әр түрліліктің өте үлкен болғаны соншалық, адамзат әр түрлі кеңістіктерде өмір сүріп жатыр деген тұжырым айтуға да болады.
Жаһандану - Батыстан Шығысқа қарай жүретін ерекше әлемдік қозғалыс және оны тек экономикалық тұрғыдан ғана қарауға болмайды. Қазіргі технологиялардың интернационализациясы жағдайында, мәдени және саяси аспектілерді де назарға алу керек. Жаһандану үрдісі барлығын қамтитын сипатқа ие [1] .
Жалпы айтқанда, жаһандану бүкіл әлемге экономикадан, саясаттан, мәдениет пен әлеуметтік салада байқалатын жаңа талаптар қойды. Жаһандану үрдісінің ең үлкен ықпалына түскен - мәдениет саласы болып табылады. Кейбір мәдени мәселер мен тақырыптар жаһандық сипатқа ие болып, енді бір немесе бірнеше мемлекет шеңберінде шешуін таба алмайды. Мысалы, мәдени ағымдардың бүкіл әлемге таралуы. Әдетте, бұл мәселеде ұлттық үкіметтің реттеу және бақылау түріндегі әрекеттерінің күші жете қоймайды.
Жапония жаһандану үрдісіне түскен ең алғаш мемлекет болды. Бұл үрдіс оған Мэйдзи кезеңі кезіндегі елдің оқшаулану саясатынан кейін, елдің ашылуымен бірге келді. Бірақ, ол үрдістер жаһандану деген атаудан гөрі, вестернизация, модернизация не болмаса еуропеизация деген атауларға сай болатын. Расында да, Жапонияның әлемге ашылуы ең бірінші Батыс елдері арқылы жүріп отырды. Осы үрдістерге енген әлемдегі ең алғашқы мемлекет болса да, ол айтарлықтай сәттіліктерге жете алды, сонымен қатар өзінің дәстүрлі құндылықтарын сақтап қалуға да уақытында шаралар қолдана алды. Мүмкін, сол себептен де қазір Жапония - ғылым мен техникасы, жалпы дамуы жағынан алдыңғы қатарлы ел болса да, дәстүрлі мәдениеті әлі де жадынан жоғалмаған, мәдениетке тұнып тұрған ел болып отырған.
Жапония осы модернизация, вестернизация мен еуропеизация үрдістерінің талаптарына жауап қайтаруы керек болды. Және осы міндеттердің барлығын орындап та шықты. Солай, оқшаулану саясатынан арылған Жапония бірден қарқынды даму жолына түсіп, дәстүрлі мәдениеті де бірталай толықтыруларға ие болды.
Жапония - Азиядағы жалғыз өндірісі жағынан алға шыққан ел болғандықтан, ХХ ғасырдың соңындағы Азия дағдарысы мен барлық дамыған елдерге тән құрылымдық дағдарысқа шалдықты. Содан кейін ол өзінің барлық қоғамдық өмір салаларын реформалауға көшкен. Осыған байланысты, Жапонияда 90-жылдары белең алған реформалардың үшінші толқыны туралы айтуға болады. Жапонияда баршаға таныс болған, Батыстың жетістіктерін игеру жөніндегі реформалардың үш кезеңі болды және тарихта «үш интернациолизация» деп аталды. Дәл осы кезеңдерде өмір салтының экономикалық, саяси және әлеуметтік салаларымен қатар, мәдени саласында да айтарлықтай өзгерістер болды. Осы кезде жапондық дәстүрлі жүйелер шыдамдылық пен мықтылыққа сыналды.
Қазіргі кезге дейін Жапония «қуып жету» моделіне жүгініп келген, яғни басқа дамыған елдердің дайын даму схемаларына, жоғарғы технологияларына және өзінің сәттілігі мен нәтижелігін дәлелдеген институттарына сүйеніп, жаңа даму сатысына шығуды мақсат етті.
Ал оның үшінші интернационализациясы қазіргі жаһандану үрдісімен пара-пар болып келеді. Сонда да, жаһандану жағдайларында, Жапония өзінің «егеменді» құқығын қолданып, Батыстан оған тек қажеттісін ғана таңдай алады.
Жапония азиялық әлемнің бір бөлігі бола тұра, алдыңғы қатарлы индустриялдық демократиялық қоғамдардың бірі және батыс қауымдастығының тең құқылы мүшесі болып отыр. Осындай жағдайда, жапондықтар, олардың ұлттық ерекшелігі неде, мәдени біркелкілік ретінде қандай құндылыққа ие екені туралы ойланады, яғни мәселе ұлттың «өзін-өзі» бағалуында жатыр. Жаһандану үрдісі жағдайында, Жапония өзінің идентификациясын тануда экономика, саясат пен әлеуметтік саламен қатар мәдени салада айтарлықтай жетістіктерге жете алды. Жаһанданудың жаңа талаптары жағдайында, Жапония өзінің бірегейлігін нығайтуға тырысады. Осындай нақтылаудың себебі, Жапонияның Батысқа да, Шығысқа да жатуында.
Жапония - батыстың саяси және шығыстың конфуцийлік-буддалық ерекшелігінің симбиозы болып табылады. Оған жапондықтардың тарихы терең ұлттық дініне кететін икемделушілік дүниетанымы көмек береді.
Солай, Жапония жаһандық талаптарға жауап бере отырып, өзінің ұлттық мәдени-өркениеттік өзгешелігіне қауіп төндіріп отыр. Жаһандану үрдісі жағдайында, Жапония мүмкіндігінше өзінің ұлттық мүдделерін ескеріп, өзінің мәдени екершелігін сақтауға барынша тырысуда.
Бітіру жұмысы тақырыбының өзектелігі: Зерттеліп отырған бітіру жұмысы тақырыбының өзектілігі, қазіргі әлемде өзара байланысты әлемдік жүйені білдіретін, «вестернизация», «модернизация», яғни «жаһандану» деп аталатын терең өзгерістер болғанымен және оның жалғасып жатқанымен анықталады. Жаһандану әлем халықтарының философиялық көзқарастарын, мәдени құныдылықтарын, діндерін, салты мен дәстүрлерін қалыптастырады және өзі де оның әсерінен қалыптасады.
Жаһанданып жатқан әлем шеңберінде әлеуметтік салада айтарлықтай өзгерістер болды, ал өз кезегінде ұлттық мәдениеттер, оның ішінде Шығыстың дәстүрлері мен Батыстың жаңашылдығы бірігетін жапон ұлттық мәдениетінің қызметі мен дамуына әсерін тигізбей қоймайды.
Жапония өзінің даму тарихында сырттан келген діни буддизм доктриналары, конфуцийлік этико-діни жүйесі, Қытайдан игерілген өнер мен қолөнер негізінде қалыптастырды. Алайда, Мэйдзи кезеңінен (1868 ж. ) бастап бұл мемлекет қарқынды түрде вестернизация, және модернизация үрдістері жолына түсті. Жапонияның вестернизациясының шарықтау шегі американдық әскери оккупация жылдары (1945-1952 жж. ) кезінде болды, ол кезде жапон халқы батыстық либералды демократия құндылықтарына баули бастады. Жапондықтар көп уақыт бойы Батыстан үйренетінін үйреніп, «шығыстық рух, батыстық технологиялар» деген ұранмен өмір сүрді. Сонда да, Жапония соңғы кездері айқын сәттіліктерге технологиялық және экономикалық дамуда ғана емес, сонымен қатар, өзіндік ұлттық рухани мәдениетті сақтауда да жетті, сондықтан технология деген сөз де, рух, дәстүр деген ұғым да Жапонияны еске түсіреді.
XX ғасырдың екінші жартысында Жапония өзінің жалпы ұлттық күші жағынан АҚШ-қа ғана жол беретін экономикалық держава болып қалыптасты. Техника үлгілері мен экономикадағы сәттіліктерімен қатар, Жапония әлеуметтік-мәдени салада айтарлықтай жетістіктерін жариялады.
Жаһандану үрдісі Жапонияны үшінші рет, Мэйдзи реставрациясы мен американдық оккупациядан кейін, оның құндылықтары мен Батыс пен Шығысты сәтті байланыстырудың жапондық құралымен таныстыру үшін шетелдіктерге ашты. Айта кетерлік жайт, Жапония - еуропалық отарлық кезеңіндегі отар болып қалмаған және батыстық құндылықтарды өзінің мәдениетіне зиянын келтірмей игере алған жалғыз азиялық мемлекет болып табылады. Жаһанданудың қазіргі кезеңінде бұл мемлекет Азия мемлекеттерінде жапон бұқаралық мәдениеттің экспаниясы жөніндегі белсенді саясатын жүргізіп отыр.
Жапондықтар үшін мәдениетттің жаһандануы мәселесі ерекше мәнге ие, себебі, олардың ұлттық мәдениеті - екі ғасырға созылған Токугава кланының оқшаулану саясаты кезінде қалыптасқан жабық типтегі ерекше мәдениет болып табылады. Мэйдзи кезеңі мен американдық оккупация уақытындағы елдің ашылуы, сонда да жапондықтардың шетелдіктерге қатысты психологиялық тұйықтығын жоя алмады. Басқа халықтармен салыстырғандағы жапон ұлтының тұйықтығы, көбіне, оның гомогендігінде жатыр және ол қазіргі замануи жағдайларда да сондай болып қала береді. Бірақ, мәдениеттің жаһандануы жапондықтарға енді жабық болып қалуға мүмкіндік бере алмайды, тек қана сырттан келген жаңалықтарды, бұрын Қытай, кейін Еуропа мен АҚШ-қа қатысты болғандай өзінің мәдениеті мен түсінігіне қарай икемдеп, бейімдей алады.
Жаһандық мәдени және ақпараттық ағымдар мемлекеттердің ұлттық шекараларынан еркін өте алғандықтан, жапондықтар өзінің мәдени жетістіктерімен, рухани құндылықтарымен бөлісуге міндетті болып отыр.
Бітіру жұмысының деректік негізі: Бітіру жұмысында қолданылған деректік көздерді келесі топтарға бөлуге болады:
1-топқа Жапонияның ішкі және сыртқы саясатындағы мәдени факторды ретейтін негізгі құқықтық-нормалық актілер: оның ішінде Жапонияның ең басты құжаты - 1947 жылы 3 мамырда күшіне енген Конституциясы , ЮНЕСКО-ның 1984 жылғы «Мәдениет саласындағы саясат жөніндегі Мехико декларациясы», 2001 және 2007 жылғы Жапон Үкіметінің поп-мәдениетті реттеу мақсатында шығарған «Мәдениет пен өнерді тарату туралы негізгі заңы», 1950 жылғы « Мәдени құндылықтарды қорғау туралы заң» [2-6] қолданылды.
2-топқа Жапонияның сыртқы мәдени саясатын іске асыруға негіз жасайтын бағдарламалар, стратегиялар мен доктриналар: ЮНЕСКО-ның Жапониядағы «Мәдени мұра» тізімі, Жапонияның білім, мәдениет, спорт, ғылым мен техника Министрлігінің іске асырып жатқан бағдарламалары, Жапон Қорының іске асырып жатқан бағдарламалары, 1980-жылғы Жапонияның «Мәдениет кезеңі» саяси доктринасы жатады [6-10] .
3-топқа мерзімдік жапониялық, ресейлік және шетелдік басылымдарда жарық көрген ресми материалдар, заңдар, статистика мен қайраткерлердің мәлімдемелері қолданылды: «Нихон оёби нихондзин», «Нихон токэй нэнкан», «Business week», «Сюкё нэнкан. Хэйсэй 18 нэн хан», «The Asia Shimbun. Islam in Japan», «Times» [11-16] және тағы басқалары.
4-топқа ғаламтор беттерінде жарияланған ақпараттық агенттіктердің хабарламалары жатады [17-24] .
Бітіру жұмысының зерттелу деңгейі: Қазіргі замандағы мәдени жаһандану мәселесі бүкіл әлем ғалымдарының қызығушылығын тудырып отыр. Алайда, жаһандану мәселесі мен жаһандану ғылымы туралы әдебиеттердің көп бөлігі ағымдағы қазіргі үрдістерге: экономика, информатика, саясат саласына арналған. Ал жаһандану үрдістерінің мәдени және әлеуметтік-мәдени салалары жөніндегі әдебиеттер өте аз боп келеді. Ал мәдениеттің жаһандануы мен оның Жапониядағы ерекшеліктері мен белгілері мәселесіне келсек, онда осы үрдістің барлық жақтары мен қайшылықтарын қамтитын және осы үрдісті философиялық мәдениет және мәдениеттану позициясынан зерттейтін жұмыстар сирек кездеседі.
Жаһандану туралы әдебиеттерді негізгі 3 топқа бөлуге болады. Оның біріншісінде, осы ғылымды зерттейтін ғалымдар қазіргі замандағы оқиғалар мен жаһандану үрдістерін адамзат тарихындағы жаңа саты ретінде қарастырады. Осы ғалымдар үшін, батыстық либералды демократияның әлемге таралуы мемлекеттердің ұлттық шекараларын жояды және ортақ мәдени, әлеуметтік және саяси стандарттары негізіне құрылатын жаһандық өркениеттің құрылуына септігін тигізеді. Мәдениетке келетін болсақ, жаһандану үрдісі, өзіне бұқаралық мәдениет (масс-мәдениет) сипаттарын бейімдейтін, жаһандық мәдениет туғызады. Осындай мәндес көзқарастар: В. Грейдердің [25], К. Омаенің [26], Ф. Фукуяманың [27] еңбектерінде толықтай берілген.
Жаһандану феноменін зерттеушілердің екінші тобы - скептиктер. Олардың ойынша, жаһандану адамзат тарихында жаңа сатыны құрмайды, керісінше, ол батыстық модельдегі капитализм отаршылдығының жалғасы болып табылады. Ал халықаралық тәртіп әскери және геосаяси жағынан күшті мемлекеттердің, әсіресе АҚШ әмірімен орнатылып келеді. Әлемнің қақтығысшылдығы өсіп келеді, ол ланкестік актілерінде, әр елдердегі ұлтшылдықтың және фундаментализмнің өрістеуінде көрінеді. Скептиктердің айтуы бойынша, жаһандық мәдениеттің, әсіресе, жалпы планеталық өркениеттің пайда болғанын ештеңе дәлелдей алмайды, керісінше, қазіргі тұрақсыздық жағдайларындағы кейбір өркениеттер қақтығысу қасиетіне ие болып отыр. Осындай көзқарас: С. Хантингтонның «Өркениеттер қақтығысы» [28], В. Л. Иноземцевтің «Вестернизация как глобализация и «глобализация» как американизация» [29], А. С. Панаринның «Глобализация» [30] атты еңбектерінде берілген.
Ғалымдардың үшінші тобын жатқызуға болады. Себебі, олар жаһандануды қоғамдар мен жалпы әлемдік тәртіпті күрделі өзгерістерге алып келетін кешендік, көп аспектілі үрдіс деп анықтайды. Олардың ойынша, жаһандану мемлекеттік шекараларды тікелей жоймайды, тек ұлттық мемлекеттің мәртебесі мен рөлін өзгертіп, олардың кейбір функцияларын халықаралық ұйымдарға тапсырады. Мәдениет бір қалыпта тұрмайды және тұрақты емес, адамның өмірінің басқа да салаларымен бірге трансформацияланады. көпшілігі, жаһандану үрдісі батыс капитализмінің таралуымен тікелей байланысты деп санайды. жатқызылатын барынша танымал ғалымдардың мынандай еңбектері берілген: С. Амин - «Вирус либерализма: перманентная война и американизация мира» [31], У. Бек - «Жаһандану деген не?» [32], Р. Робертсон - «Социальная теория, теория относительности культуры и проблема глобальности» [33], Г. Федотова - «Глобальный капитализм: три великие трансформации» [34] .
Жаһанданудың мәдени даму үрдісіне әсер етуі мәселесімен шетел және ресейлік ғалымдарға П. Бергерді [35], Х. Бэфуді [36], Т. Ф. Кузнецованы [37] және тағыда басқаларды жатқызуға болады.
Мәдени жаһандану, вестернизация, модернизация ұғымдарын зерттеген бірқатар қазақстандық ғалымдар: Т. Ғабитов [38], А. Құлсариева [38], А. Қанағатова [39], Ө. Төкенов [40], А. Арыстанбекова [41], Б. Аят [42] болып табылады.
Жаһанданудың жалпы Жапонияға және жапон мәдениетіне әсері мәселесін зерттеген ғалымдар: В. М. Алпатов [43], Ю. Д. Денисов [44], Е. Л. Катасонова [45, 46], В. Э. Молодяков [47], М. Титаренко [48], С. В. Чугров [49, 50, 51] .
Р. Беллдің [52], Ё. Карибэнің [53], Т. Сакаияның [54], Д. Г. Главеваның [55], С. В. Чугровтың [56] еңбектерінде жапон дәстүрлі мәдениеті мен ұлттық ерекшелігі туралы мәселелері айқындалады.
Жапонияның дәстүрлі мәдениетінің әлемге ашылу уақытынан бастап көрген өзгертулері мен толықтырулары, яғни, Мэйдзи кезеңінен басталған вестернизация немесе еуропеизация мен модернизация үрдістерінің ерекшеліктері туралы А. А. Мещеряковтың мақалаларында [57], А. Е. Жуковтың [58], В. Молодяковтың [47 Л. Коннорстың [59], П. Лотидің [60] еңбектерінде толығырақ айтылған.
Жаһандану кезеңіндегі бұқаралық мәдениеттің таралуы мәселесін К. Ивабути [61], Е. Л. Катасонова [45, 46], Элгер Т. Мен Смит К. [62] және тағы басқалары зерттеген.
Бітіру жұмысының зерттелу обьектісі: Бітіру жұмысының зерттелу обьектісі - дәстүрлі мәдениет, оның вестернизациясы, модернизация мен жаһандануы.
Бітіру жұмысының зерттелу пәні: Жапониядағы дәстүрлі мәдениет, оның вестернизациясы, модернизациясы мен жаһандануының ерекшеліктері.
Бітіру жұмысының мақсаты : Бітіру жұмысының мақсаты - Жапониядағы дәстүрлі мәдениеттегі вестернизациялық, модернизациялық және жаһандану ерекшеліктерін айқындау болып табылады.
Бітіру жұмысының міндеттері: Қойылған мақсатқа келесі міндеттерді орындау арқылы жету қарастырылған:
- Сараптау негізінде «дәстүрлі мәдениет», «мәдениеттің вестернизациясы», «мәдениеттің модернизациясы» және «мәдениеттің жаһандануы» ұғымдарының мәні мен болмысын түсінуі;
- Жаһандану кезеңінде жапон мәдениетінің трансформациясының мәнін ашу;
- Жапония мемлекетінің қазіргі мәдени саясатындағы жапон мәдениеті идеясын сараптау;
- Мәдениет жаһандануы заманындағы жапон бұқаралық мәдениетінің идеялық құндылығын анықтау;
- Қазіргі замандағы жапондықтардың ұлттық-мәдени ерекшелігін зерттеу;
- Жапон дәстүрлі мәдениетінің вестернизация, модернизация мен жаһандану сатыларындағы игерген жаңалықтары мен мәдениет болмысындағы енгізген толықтыруларын саралау.
- Вестернизация, модернизация мен жаһандану кезеңдеріндегі жапон қоғамындағы діни жағдай мен тіл мәселесін саралау.
Жұмыс құрылымы: Бітіру жұмысы Кіріспеден, 2 тараудан, 7 бөлімнен, Қорытындыдан, Пайдаланған әдебиеттер тізімі мен Қосымшадан тұрады.
1. Жапонияның дәстүрлі мәдениетінің ерекшеліктері және модернизация мен вестернизация үрдістері
1. 1 Жапон мәдениетінің қалыптасуының маңызды кезеңдері
Жапония - ежелгі, өзіндік ерекшелігі бар мемлекет. Жапондықтар туралы ең бірінші деректер б. з. д. I ғасырға жататын қытай көздерінен табылған. VIII ғасырда аңыздар мен тарихи мұралар қалдырылған жапон хроникалары пайда болды.
Жапондықтардың сенімдеріне - синтоизмге сәйкес, жапон ұлты күн құдайы Аматэрасудан бастау алады дейді. Ал Аматэрасудың тікелей ұрпағы - б. з. д. 660 жылы «Ямато мемлекетінің» басына келіп, жалғасқан жапон иператорларының династиясына бастау салған Дзимму императоры (Дзимму-Тэнно) болған.
Жапондықтардың ұлттық психологиясы, қандай да бір басқа этникалық қоғам сияқты, өткеннің тәжірибесі мен жаңа жаңалықтардың әсерінен қалыптасады, бұл жерде әсіресе, ескінің маңызы артып отыр.
Көптеген ғасырлар бойы Жапонияда әдемілікке деген сезім культке айналып кеткен. Өзіндік бір діни культке айналған әдемілікке табыну халықтың барлық таптарына кең таралған.
Жапон тілінде күнделікті өмірдің маңызды бөлігін сипаттайтын мынадай эстетикалық түсініктер бар: ханами - гүлді тамашалау, цукими - айды тамашалау және юкими - қарды тамашалау.
Әдемілікке табыну ұрпақтан ұрпаққа беріліп отыратын дәстүр. Ол өмірдің барлық кездерінде көрінеді: сезімдерде, сөздерде және іс-әрекеттерде. Жапондықтардың өздерінің ойынша, әдемілікке деген ерекше сезім - шетелдіктер тек тамсана алатын, олардың ұлттық мақтанышы.
Жапондықтардың әдемілікті осылай қабылдауы, оларды аса сезімталдыққа итермелейді. Оларға барлық затқа жеке толғаныс тарапынан қарау әдеттегі құбылыс, тіпті, қойылған мақсатқа тек объективті жолмен ғана жету мүмкін болса да. Әрине, әдемілікке деген талпыныс барлық халықтарда тән, бірақ жапондықтарда бұл - ұлттық дәстүрдің бөлінбес бөлшегіболып табылады.
Жалпы, дәстүр, нақты айтқанда дәстүрлілік жапон ұлтының жүріс- тұрысына, күнделікті өміріне және ойларына еніп, онық мінезінің басты сипаты болып қалыптасты.
Жапон қоғамындағы дәстүрлер көшіріліп алынғандығын, кейін оны ұлттық, мәдени және тұрмыстық элементтермен бекітілгенін айқын көрсетеді. Жапондықтар ежелгі мәдени мұраларына ұқыпты қарайды, олар классикалық театрды, шәй салтанатын және икэбана сияқты мәдени құндылықтарын қазіргі кезге дейін сақтап келген. Қазіргі кездегі динамикалық қоғамда жапондықтар тіректі тұрақтылықтан іздейді және оны өнердің дәстүрлік формаларынан таба алады.
Жапондықтар барлық заттан өзіндік мағынаны көре алады, оның түп-тамыры ерте замандарда жатыр.
Жаңа жылда әр үйдің ауласында ұзақ өмір мен мықтылықтың белгісі болатын қарағай ағашының, тұрақтылық пен мейірбандылық белгісі болатын қара өрік пен бамбуктың бұталары қойылады, шиыршықталған шилер мен қағаз қиындылары ілінеді. Жапондықтарға, әсіресе, отбасы жүйесінің дәстүрлік құндылықтарының әсері өте күшті, ол әрқашан да консервативті сипатқа ие болған. Жеке адамның әрекеттері белгілі бір тыйымдармен шектелген, олар: жанұя ұжымына сүйену мен жанұя басшысына толығымен бағыну сияқты шектеулер еді [63] .
Қазіргі Жапонияда дәстүрлерге, ертедегі шақтарға, ежелгі ескерткіштерге үлкен көңіл бөлінеді. Жапондықтар ертедегі ата-бабалардан мұраға қалған жүріс-тұрыс нормалары мен мәдениет формаларын өзгертпей сақтауға ұмтылады. Оларға қалыптасқан өмірді мәдени мұра ретінде қабылдап, оған ұқыпты қарау, жүріс-тұрыстың ішкі мәніне ғана емес, сыртқы белгілеріне де көңіл бөлу, стильге көңіл бөлу тән, осының арқасында, жүріс-тұрыс формасы ерекше тұрақты болып қалады.
Жапониядағы қазіргі жағдай, жапондықтардың саяси ойларында және әлеуметтік жүріс-тұрысындағы дәстүрдің өміршеңдігін көрсетеді. Жапондық дәстүрлілік елдің қоғамдық-саяси өміріне көпсалалы әсерін тигізеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz