Коммерциялық банктерде тұтыну несиелерін беру тәртібі


Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 73 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

Кіріспе. 3-5

1-тарау. Тұтыну несиесі және оның әлеуметтік-экономикалық маңызы. 6-19

  1. Тұтыну несиесі туралы түсінік және оның мәні. 6-9
  2. Тұтыну несиесінің түрлері . . . 10-19

2-тарау. Коммерциялық банктерде тұтыну несиелерін беру тәртібі. 20-58

2. 1. Жеке тұлғалардың несиелік қабілеті және оны бағалау әдісі . . . . . 20-38

2. 2. Тұтыну несиесін уақытында қайтаруды қамтамасыз ету формалары39-46

2. 3. Тұтыну несиесін беру тәртібі47-58

3-тарау. Жеке тұлғаларды несиелеуді жетілдіру жолдары……… . . . 59-75

3. 1. Жеке тұлғаларды несиелеудің шет елдік тәжірбиесі…… . . . 59-64

3. 2. Қазақстанда жеке тұлғаларды несиелеуді жетілдіру жолдары. . 65-75

Қорытынды . . . 76-78

Пайдаланылған ғылыми әдебиеттер. . . . 79-80

КІРІСПЕ

Қазіргі кездегі банктер банктік операцияларды ең жаңа технологияларды пайдалана отырып, жоғары деңгейде қызметтердің кең спекторын көрсетеді. Мемлекеттік органдардың, жеке тұлғалардың, тағы да басқа кәсіпкерлікпен айналысатын ұйымдардың, кәсіпорындардың тұтыну және инвестициялық мақсаттарына несие беру - банктердің негізгі экономикалық функциясы болып табылады. Банктердің несиелік функцияларын дұрыс орындауы клиенттердің қаржылық, экономикалық жағдайларына әсерін тигізеді, себебі, банктік несиелер жаңа кәсіпорындардың құрылуын, жаңа жұмыс орындардың пайда болуын және олардың экономикалық өмірін қамтамасыз етеді.

Нарықты экономика дамыған сайын несие түрлері де көбеюде. Соның ішінде тұтыну несиесіне келетін болсақ, оның негізгі мақсаты - халыққа тұтыну тауарларын сатуды ынталандыру, халықтың тұрмыс жағдайын жақсарту. Тұтыну несиесі бөлшек саудамен тығыз байланысты; біріншіден, тауар айналымы өскен сайын, несие көлемі де көбейеді, себебі тауарға деген сұраныс несиеге деген сұранысты тудырады. Екіншіден, тұтыну несиесі төлем қабілеттілігі бар халықтың сұранысын тудырады. Бұл байланыс әсіресе қазір, нарық тұтыну тауарлармен қаныққан сайын нығая түспек.

Несиенің бұл түрі қымбат және ұзақ мерзімге тұтынатын тауарларды, мысалы: автокөліктерді, жићаздарды сатып алуға қолданылады. Тауар бағасы жоғары болған сайын, несиенің бұл түріне де сұраныс көбейеді. Дамыған елдерде несиенің жартысынан көбі автокөлік сатып алуға беріледі. Қалған тауарларды көбінесе қолма-қол ақша арқылы сатып алады.

Тұтыну несиесі тауар формасында және ақшалай берілуі мүмкін. соңғы кезде, Қазақстанда ақшалай берілетін тұтыну несиесі өріс алуда. Олар көбінесе машина және ұзақ мерзімге қолданылатын тауарлар алуға, үйлер салуға, сатып алуға және тағы басқа да мақсаттарға беріледі.

Жалпы тұтыну несиесінің көлемі халықтың тұрмыс жағдайын көрсетеді және кәсіпкерлердің тауарларын өткізуге үлкен ықпал жасайды. Міне осы жоғарыда айтылған мәселелер диплом жұмысының тақырыбының өзектігін дәлелдейді.

Дамыған елдерде тұтыну несиесі үлкен роль атқарады. Ол тауарларға деген сұранысты, оларды өндіруді көбейтуге және сатуға ынталандырады. Тұтыну несиесін көбінесе табысы орташа жұмысшылар мен қызметкерлер пайдаланады. Жеке тұлғаларға ұзақ мерзімге қолданатын тауарларды несие арқылы сатып алған қымбатырақ болғанымен, төленетін соманы біртіндеп өтеуге мүмкіндік алады.

Қазіргі уақытта Қазақстандағы тұтыну несиесі де, оның бір түрі болып табылатын ипотекалық несие де дамудың жаңа сатысында. Бұл менің зерттеу пәнім ретінде қарастырылады.

Диплом жұмысындағы зерттеулердің объектісі - «Казкоммерцбанк» АҚ-ң жеке тұлғаларға ұзақ мерзімге тұтынатын тауарларды сатып алу мақсатында берілетін тұтыну несиесімен байланысты экономикалық несиелік қатынастарды ұйымдастыру тәжірбиесіне талдау жүргізу. Ал диплом жұмысының зерттеу мәселелері тұтыну несиесін беру, қайтару және банктер тарапынан бақылауды ұйымдастыру.

Тұтыну несиесінің экономикалық мәнін, жеке тұлғалардың тұтыну несиелерін қандай мақсаттарға алатынын анықтау және тұтыну несиесінің берілу тәртібімен танысу - жұмыстың мақсаты болып табылады. Осы мақсатты орындау үшін мынадай міндеттемелер алға тартылады:

  • Статистикалық мәліметтерді қарастыру;
  • Оларға талдау жасау;
  • Тұтыну несиелерінің түрлеріне зерттеулер жүргізу;
  • Жеке тұлғалардың несиелік қабілетін бағалау әдістеріне сипаттама беру;
  • Несиені уақытында қайтаруды қамтамасыз ету формаларын талдау;
  • Шет елдік тәжірбиелерді қарастыру.

Диплом жұмысын жазудың теориялық және методологиялық негізі ретінде батыс елдерінің, Ресей Федерациясының, Қазақстан Республикасының ғалымдарының ғылыми еңбектері қарастырылды, атап айтқанда Джозеф Ф. Синки, Питер С. Роуз, Колесников В. И., Лаврушин И. О., Панова Г. С. Сонымен бірге, тұтыну несиесін пайдаланудың құқықтық негізі болып табылатын Қазақстан Республикасының заңдары мен заң актілеріне сүйендім.

Ал, диплом жұмысында зерттеулерді жүргізу әдісі ретінде диалектикалық, салыстырмалық, индукциялық және дедукциялық әдістерін қолдандым.

Диплом жұмысының практикалық базасы ретінде «Казкоммерцбанк» АҚ-ң қаржы есебінен алынған мәліметтер қарастырылады.


1-тарау. Тұтыну несиесі және оның әлеуметтік-экономикалық маңызы

  1. Тұтыну несиесі туралы түсінік және оның мәні

Тұтыну несиесі - бұл, жеке тұлғаларға тұтыну тауарларын сатып алу, тұрмыстық қажеттіліктерін өтеу мақсаттарына және қамтамасыз етілу, мерзімділік, төлемділік, қайтарымдылық талаптарына сәйкес берілетін коммерциялық немесе банктік формадағы несиелер.

Коммерциялық банктер төмендегідей қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсаттарына тұтыну несиесін береді:

  • Ұзақ мерзім қолданатын тауарларды сатып алу мақсатына. Мысалы: пәтер, автомобиль, жиһаз, телевизор, тоңазытқыш және басқа да техникалар сатып алу үшін берілетін тұтыну несиелері. Несиелеу процесінде банктер тауарларды сатушыларға тауардың құнының 70-75%-ын төлейді. Ал несиеге берілген тауар-кепіл ролін атқарады. Берілетін несие сомосы қарыз алушымен несие келісім шартында көрсетілген график бойынша өтелуі тиіс.
  • Кейін сатылатын немесе лизингке берілетін құралдарды, тауарларды жалға алу мақсаттарына берілетін тұтыну несиесі;
  • Тұрғын үйлерді салуға және сатып алуға берілетін несиелер;
  • Несиелік карточка бойынша сатып алынған тауарлардың төлем мерзімін ұзартуға берілген несиелер, егер бұл жағдай несиелік карточканы пайдалану келісім шартында қарастырылса;
  • Қозғалмайтын мүлік, автокөлік және ұзақ мерзім қолданылатын тауарларды сатып алу және кәсіпкерлік қызметке байланыссыз, яғни оқу үшін, емделгені үшін төлем жүргізу мақсатына берілген несиелер.

Экономикалық мазмұны жағынан тұтыну несиесі банктік несиенің бір түрі, оның объектілері жеке тұлғалардың тұтыну талғамымен тікелей байланысты, яғни халықтың тұрмыс жағдайының деңгейімен анықталады.

Тұтыну несиесінің негізгі мақсаты - халыққа тұтыну товарларын сатуды ынталандыру. Бұл несие түрі бөлшек саудамен тығыз байланысты: біріншіден, тауар айналымы өскен сайын, несие көлемі де көбейеді, себебі тауарға деген сұраныс несиеге деген сұранысты тудырады. Екіншіден, төлем қабілеттігі бар халықтың сұранысын тудырады. Бұл тәуелділік әсіресе қазір айқын көрінеді (нарықтың тауарлармен қаныққан уақытында) .

Несиенің бұл түрі қымбат және ұзақ мерзімге пайдаланылатын тауар өнімдерін сатып алу мақсатына беріледі. Мысалы: автокөліктерді, үй-жай, тұрмыс жићаздарын сатып алуға. Тұтыну тауары қымбаттырақ болған сайын, несиенің бұл түрі жиірек қолданылады. Дегенмен несиенің мұндай түріне сұраныс ең алдымен номиналдық жалақының деңгейімен анықталары сөзсіз. Дамыған елдердегі несиенің жартысынан көбі автокөлік сатып алу мақсатына беріледі, қалған тауарларды көбінесе қолма-қол ақша арқылы сатып алынады.

Тұтыну несиесі көптеген елдер экономикасында үлкен роль атқаратындықтан, мемлекеттік органдар тарапынан реттеліп отырады.

Бұл реттеулерді екіге бөлуге болады: несиені беру деңгейіндегі және товарларды тұтыну деңгейіндегі реттеулер. Несиені беру деңгейіндегі реттеулер, мемлекет тұтынушыларды несиелеуді не қолдап, не тежеп отыруды көздейді. Яғни, банктердің, қаржы мекемелерінің қызметтеріне несиелік шектеулер қолданылады.

Экономиканың құлдырауы, сұраныстың азаюы кезіндегі мемлекеттің саясаты - елдегі іскерлік белсенділікті ынталандыру. Ол үшін тұтыну несиесіне деген жеңілдіктер, мысалы: қолма-қол ақшамен сатып алынған тауарлардың бағасын төмендету, несиенің құнын азайтып, мерзімін ұзарту шаралары қолданылады.

Ал, экономикада ақша инфляциясының күшеюі кезінде алдағы айтылған саясатқа қарама-қарсы саясат жүргізіледі, яғни мелекет несие мерзімдерін азайтып, проценттік ставкаларды жоғарлатады.

Дамыған елдерде тұтыну несиесі үлкен роль атқарады, тауарларға деген сұранысты, олардың өндірісін көбейтуді және сатуды ынталандырады. Тұтыну несиесін көбінесе табысы орташа жұмысшылар мен қызметкерлер алады. Жеке тұлғаларға ұзақ мерзім қолданатын тауарларды несие арқылы сатып алған қымбатырақ болғанымен, төленетін соманы біртіндеп өтеуге мүмкіндік алады.

Әр елдегі тұтыну несиесінің даму дәрежесін салыстыратын болсақ, оның даму деңгейі әр елде әртүрлі сатыда екенін көре аламыз.

Соңғы зерттеулерге сәйкес, көбінесе тұтыну несиесі банктермен берілетін несиелердің ішіндегі ең табысты түрі болып табылады, мысалы, әлемдегі ең бір танымал - «Ситикорп оф Нью-Йорк» өзінің мыңдаған бөлімшелері бойынша, үнемі өсіп отырған ресурстарын тұтынушыларға қызмет етуге (әсіресе, несие карточкаларының маркетингісіне, тұрғын үйлерді кепілге ала отырып берілетін несиелерге, тұтынушыларға электрондық қызмет көрсетулерге) бағыттап отырады, бірақ, тұтынушыларға бағытталған банктік қызметтер қымбат және тәуекелі жоғары болады, себебі жеке тұлғалар мен жанұялардың қаржылық жағдайы әртүрлі мүмкін болатын ауруларға, жұмыс орындарын жоғалтуға байланысты күрт өзгеруі ықтимал. Сондықтан, тұтыну несиесін басқаруды жүзеге асыру мүмкін жағдайларды есепке ала отырып жүргізілуі тиіс.

Сонымен, халыққа берілетін несиелер тұтыну несиесі деп аталады. Бұл несиенің тұтыну сипаты несиені беру мақсатымен (несиелеу объектісі) анықталады.

Ресейде тұтыну несиесіне халыққа берілетін кез-келген несиелерді, соның ішінде ұзақ мерзім қолданылатын тауарларды алуға берілген несиелер, ипотекалық несиелер, кейінге қалдырылмайтын мақсаттарға берілген несиелерді жатқызады.

Ал батыстағы банктік тәжірбиеде тұтыну несиелерінің мағынасы Ресейден ерекшелінеді, яғни жеке қарыз алушыларға тұтыну тауарларын алу үшін және сәйкес қызметтерге ақы төлеу үшін берілген несиелер.

Тұтыну несиесінің негізгі ерекшеліктеріне келетін болсақ, мүлік құнының 70-75% мөлшерінде беріледі; алынған несие белгілі бір уақыт өткеннен кейін және бірдей бөліктермен өтеледі; ал егер, несие уақытында өтелмесе, банк өз талабын несиеге алынған мүлік арқылы қанағаттандыруға құқы бар.

Тұтыну қажеттіліктеріне арналған несиені алу үшін несие алушы банкке несиелік арыз ұсынуы қажет және онда несиенің түрін, несиенің соммасын, несиенің қамтамасыз етілуін, несиенің мерзімін көрсетеді. Ал, банк өз тарапынан несие алушының несиелік қабілеттілігін зерттейді, яғни табыс деңгейі мен олардың көздерін қарастырады. Ол үшін банк қарыз алушының жалақысы туралы анықтаманы және басқа да табыс көздері туралы мәліметтерді талап етеді. Егер, банк осы мәліметтерді зерттей отырып, несие алушының несиені өтей алатынына күмәнданса, онда қарыз алушыдан кепіл немесе кепілдемені талап етеді.


1. 2. Тұтыну несиесінің түрлері

Тұтыну несиелерінің бірнеше түрлері бар және дамыған елдерде олардың саны артуда. Тұтыну несиесінің жіктелінуінің мынадай нышандары бар: қарыз алушының типі, өтеу мерзімі, өтеу әдісі, несиені пайдаланудың мақсатты бағытталуы, несиелеу объектілері, көлеміне байланысты және тағы басқа.

Дамыған батыс елдерінде несиелеу объектілеріне қарай тұтыну несиесі - кейінге қалдырылмайтын қажеттіліктерге, бағалы қағаздарды кепілге ала отырып берілетін, үйлерді салуға және сатып алуға, жекелеген тұрғын үйлерді жөндеуге және олардың газ, су және тағы басқа жүйелерге қосылуына берілетін несиелер деп бөлінеді. Сонымен қатар, ауылды жерлерде тұратын азаматтарға жеке қосалқы шаруашылығындағы жұмытарды жүргізу үшін, шағын механизация құралдарын алуға және мал мен үй құстарын ұстау үшін, аула құрылыстарын салуға несиелер беріледі. Сонымен қатар, бау-бақша өсірушілік кооперативтеріне және серіктестіктеріне кіретін мүшелердің әртүрлі мақсаттарына ұзақ мерзімді несиелер, яғни автокөліктер және басқа да ұзақ мерзім қолданылатын тауарлар сатып алуға, шаруашылықта қажет үй жануарларын сатып алуға және тағы басқа қажеттіліктерге беріледі.

Тұтыну несиелері төмендегідей түрлері бар:

Несиелік мәміленің субъектілеріне байланысты (кредитор мен қарыз алушы сипаты бойынша) :

  • Банктік тұтыну несиелері;
  • Сауда ұйымдарымен халыққа берілетін қарыздар;
  • Банктік емес типтегі несие мекемелерімен берілетін тұтыну несиелері (ломбардтар, жалға беру пунктері, несиелік кооперативтер, құрылыс қоғамдары, зейнетақы қорлары және тағы басқалар) ;
  • Жеке тұлғалармен берілетін, жеке тұтыну несиелері;
  • Қарыз алушы жұмыс істейтін кәсіпорындардан, ұйымдардан тікелей алынған тұтыну несиелері.

Несиелеудің мерзіміне қарай тұтыну несиелері былай жіктеледі: қысқа мерзімді, орта мерзімді, ұзақ мерзімді, талап еткенге дейінгі несиелер.

Отандық банктер тәжірбиесінде банктік несиелердің пайдалану мерзіміне қарай бөлінуі:

  • Қысқа мерзімді (1 жылға дейін) ;
  • Орта мерзімді (1 жылдан 3 жылға дейін) ;
  • Ұзақ мерзімді (3 жылдан жоғары) .

Талап еткенге дейінгі несиелерді онкольдік деп те атайды. Мұндай несиелерді қарыз алушы банк талап еткенде бірден өтеуі тиіс, ал банк талап етпеген жағдайда өзіне қолайлы уақыттта өтей алады.

Қазақстан Республикасында тұтыну несиесінің ауқымды даму тенденциялары туралы 1-кестеде келтірілген мәліметтер нақты деректер бере алады. Кестеде көрсетілгендей 2001 жылы берілген несиелердің барлық сомасы 20 822 млн. теңге құрады, соның ішінде, халыққа берілген тұтыну несиелерінің 56%-ті ұзақ мерзімге және 44%-ті қысқа мерзімге берілген. Ал 2003 жылы бұл көрсеткіштер сәйкесінше 100 635 млн. тенге, 82, 4% және 17, 6% болды.

Кесте №1

Қазақстан банктері берген тұтыну несиелерінің қөлемі

Мерзім бойынша несиелер түрлері: Мерзім бойынша несиелер түрлері
2001 жыл: 2001 жыл
2002 жыл: 2002 жыл
2003 жыл: 2003 жыл
Мерзім бойынша несиелер түрлері: Млн. тенге
2001 жыл: Млн. тенге
2002 жыл: Млн. тенге
Мерзім бойынша несиелер түрлері:

I. Барлығы (KZT)

Соның ішінде:

2001 жыл: 20 822
2002 жыл: 42 249
2003 жыл: 100 635
Мерзім бойынша несиелер түрлері: Қысқа мерзімді
2001 жыл: 9 209
2002 жыл: 14 058
2003 жыл: 17 731
Мерзім бойынша несиелер түрлері: Ұзақ мерзімді
2001 жыл: 11 613
2002 жыл: 28 191
2003 жыл: 82 904

Тұтыну несиесін беру тәсіліне байланысты мақсатты және мақсатсыз (овердрафт, кейінге қалдырылмайтын қажеттіліктерге) деп бөлінеді.

Қарыздардың қамтамасыз етілуіне байланысты қамтамасыз етілген (сақтандырылған немесе кепілмен қамтамасыз етілген) және қамтамасыз етілмеген (бланктік) болып бөлінеді. Банк берген несиенің қамтамасыз етілуін талап етеді, соның негізгі себебі, егер несие алушы несиені уақытылы, толығымен қайтармаған, қайтара алмаған жағдайдағы шығындалу тәукелімен байланысты. Несиелік шарттың негізіне несиенің мақсаты жатуы тиіс. Тәжірбиеде несиені банк несиелейтін объектілермен қамтамасыз етеді: тауар-материалды және басқа да құндылықтар.

Банктік несиені:

  1. меншікті кепілге алу арқылы;
  2. кепілдеме, кепілдік (гарантия, поручительство) арқылы;
  3. үшінші тұлғаға клиенттің дебиторлық шоттары мен талаптарын, келісім шарттарын банк пайдасына қарай беру(переуступка) арқылы;
  4. клиенттің несие бойынша жауапкершілігін сақтандыру келісім шарты арқылы;
  5. бағалы қағаздармен, тауарлы және жолдық құжаттармен қамтамасыз етуге;
  6. вексельдермен қамтамасыз етуге;
  7. өмірді сақтандыру полюстерімен қамтамасыз етуге болады.

Өтеу әдісіне байланысты:

  1. бөліп қайтарылатын;
  2. мерзім соңында толық қайтарылатын болып бөлінеді;

Мерзім соңында толық қайтарылатын несиенің ерекшелігі, негізгі қарыз және ол бойынша пайыз бірге, бір уақытта төленеді. Оған мысал ретінде ескі және жаңа үй құнының айырмасы сомасына жеке тұлғаларға жаңа үй сатып алу үшін берілетін несие.

Бөліп қайтарылатын несиелерге: қарызды тұрақты кезеңдер бойнша өтеу (әр ай сайын, әр тоқсан сайын және тағы басқа) ; қарызды тұрақсыз периодтар бойынша өтеу (қарызды өтеу барысындағы бөліктер белгілі бір факторларға байланысты өзгеріп отырады (азаяды немесе көбейеді) ) . Бөліп қайтарылатын несиелер мәміленің жүзеге асу мерзімінде бөліктеп қарыздың соммасын есептен шығару принципі бойынша беріледі. Несиені бұл жолмен қайтару клиент үшін мерзім соңында бірден қайтаруға қарағанда жеңіл болады. Банк үшін де бұл жол тиімдірек, себебі несиенің айналымын тездету арқылы және несиелік ресурстарды босату арқылы банктің өтімділігін жоғарлатады.

Пайыздарды төлеу әдістеріне байланысты несиелер:

  1. Пайыздар несиені беру уақытында төленетін несиелер;
  2. Пайыздары несиені өтеу уақытында төленетін несиелер;
  3. Несиені пайдалану мерзімі бойынша пайыздар бірдей бөліктер арқылы (әр тоқсан сайын, жарты жылда бір рет немесе арнайы келісілген график бойынша) төленетін несиелер;

Қаражаттардың айналымы сипатына байланысты несиелер:

  1. Біржолғы несиелер;

2. Жаңартылған (револьверлі, роллеверлі) болып бөлінеді. Револьверді несиелер тобына негізінен несиелік карталар, немесе овердрафт формасындағы активтік-пассивтік шоттар бойынша берілетін несиелер жатады. Әлемдік тәжірбиеде жеке тұлғалардың талап еткенге дейінгі шоттары бойынша несиелік желілер аз тараған, бірақ олар несиелік карталар бойынша берілген несиелер сияқты қолданылады. Клиенттер шотындағы қалдықтан көп қаражаттарға чек жазып бере алады (чектік несие), бірақ банкке овердрафт қолданғаны үшін пайыздар төлеуі тиіс.

Оған мысал ретінде АҚШ-тың тәжірбиесін келтіруге болады. АҚШ банк жүйесінде тұтыну несиесін үш топқа:

  1. Бөліп қайтарылатын несиелер;
  2. Револьверлі несиелер;
  3. Бөліп қайтарылмайтын несиелер деп бөледі.

Бөліп қайтарылатын несиелер шартты пайыздарды және қарызды белгілі бір мерзім сайын төлеу. Әдетте, бұл несие қарыз алушы тауарларды сатып алу үшін немесе басқа шығындарын жабу үшін және әр ай сайын бірдей бөліктер арқылы өтеу шартымен беріледі. Несие карточкалары және овердрафт бойынша берілген несиелерді де шартты түрде осы топқа жатқызуға болады, себебі бұлар бойынша да белгілі бір мерзім сайын өтеледі. Бірақ, олардың өз ерекшеліктері бар.

АҚШ-та бөліп қайтарылатын несиелерді өтеу мерзімі 2-5 жыл аралығында болады. Ал несиеге берілетін сомалар мөлшері үлкен диапозонда ауытқиды. Мұндай несиелер аз соммаларға берілсе де, несиелеу объектілеріне автокөліктер, яхталар, ұшақтар және басқа да 100 мың доллардан көп тұратын заттарды сатып алуға берілуі мүмкін.

Револьверді несиелерге қарағанда, бөліп қайтарылатын несиелердің қамтамасыз етілу деңгейі жоғары болады.

Бөліп қайтарылатын несиелер банктік несиенің тікелей және жанама формасында берілуі мүмкін. Тікелей несиелеу кезінде банк пен қарыз алушы арасында несиелік шарт жасалады. Ал, жанама несиелеу делдал арқылы жүргізіледі, көбінесе делдал ролін бөлшек саудамен айналысатын кәсіпорындар атқарады. Бұл жағдайда несиелік шарт қарыз алушы және заңды тұлға арасында жасалады да, осы заңды тұлға банктен несие алады. Жанама несиелеудің кең тарағанына мысал келтірсек, АҚШ-та автокөлік сатып алуға берілетін несиелердің 60%-ы жанама формада беріледі.

Біздің елімізде сауда ұйымдары арқылы халықты несиелеу дамуда. Сатып алушылар қымбат тауарларды (автокөліктерді, тоңазытқыштарды, кір жуғыш машиналарды, компьютерлерді және тағы басқа ұзақ мерзім қолданатын тауарларды), көбінесе, бөліп қайтарылатын несие арқылы алуда.

Ипотекалық несие - бұл қозғалмайтын мүліктерді кепілге ала отырып, ұзақ мерзімге берілетін несиенің түрі болып табылады. Қамтамасыз етілген несиелер, банктік несиелермен салыстырғанда банктер үшін қауіпсіз, яғни несиенің қайтарылмай қалған жағдайында банк кепілге алған мүліктерін сата отырып, өз қаражаттарын қайтарып алады.

Классикалық түсінікте, ипотека - бұл тек несие беру ғана емес, сондай-ақ салынған мүлік тауарлы актілермен қамтамасыз етілген облигациялар шығарумен байланысты қосымша несиелік ресурстар тарту тәсілін білдіреді.

Ипотекалық несиелеу процессі екі түрде жүзеге асырылуы мүмкін:

  1. тұрғын үй құрылысын несиелеу;
  2. халықтың тұрғын үй сатып алуына ұзақ мерзімді несие беру.

АҚШ-та 20 ғасыр басында жылжымайтын мүлік нарығын дамыту арқылы елді қаржылық дағдарыстан шығаруға болатынын түсініп, экономиканың бұл сферасына ірі қаржы ресурстарын тарту мақсатында, құрылымдық өзгерістер жүзеге асырылған болатын. Ең алғашқы тұрғын үй иелерінің корпорациясы құрылып, 20 мың доллардан аспайтын тұрғын үйлермен ипотекалық несиелерді сатып алу үшін 18 жылдық кезеңге екі млрд. доллар салынған, осының есебінен банктер меншікті тұрғын үй сатып алуды қажет ететіндерге несие мерзімін созуға мүмкіндік алды. Содан кейін ипотекалық несиелерді сақтандыратын Федералды тұрғын үй әкімшілігі құрылды, сонымен - ипотекалық несиенің Федералды ұлттық ассоциациясы - Фэнни Мей (Federal National Mortage Association) құрылды.

Ал, ФРГ-де тұрғын үйлерді салуды кешенді қаржыландыру үшін банктердегі халықтардың жинақтарын қамтамасыз ететін ипотекалық жүйе 100 жылдан астам жұмыс істеуде.

Ресей Федерациясында ипотекалық жүйені дамыту үшін заңды негіз және механизмдер жасалуда.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бағалы қағаз түрлері мен жіктелуі жайлы
Несиелік процесс
Тұтыну несиелері
Коммерциялық банктердің қызметі
Коммерциялық банктердегі күмәнді несиені басқару
Тұтыну несиесі және қасиеті
Тұтыну несиесі жайлы
Банк және банктен тыс мекемелердің несиелерін есепке алу
Банктік тұтыну несилері
Тұтыну несиесі, оны ұйымдастыру және даму перспективалары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz