Қазақ телевизиясы: тарих пен тағылым


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 4
І ТАРАУ. ҚАЗАҚ ТЕЛЕВИЗИЯСЫ: ТАРИХ ПЕН ТАҒЫЛЫМ
- Қазақ телеарнасы және Н. Иманғалиұлы шығармашылығының қалыптасуы мен даму кезеңдері . . . 9
- 1. 2. Н. Иманғалиұлы: кәсіби тележүргізуші . . . … . . . 20
ІІ ТАРАУ. ЭФИР - ШЕБЕРЛІК ПЕН ШЫНАЙЫЛЫҚ МЕКТЕБІ
2. 1. Н. Иманғалиұлы - қазақтың шоқтығы биік шоумені . . . 37
2. 2. «Көршілер» дәлізі - сауатты сұхбат пен тартысты тақырып айнасы . . . 46
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 54
СІЛТЕМЕЛЕР . . . 56
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 57
КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы . Н. Иманғалиұлы қазақ тележурналистикасының қара нары жайында әңгіме. Ол көрерме есінде, ерекше сақтап қалды. Қазақ телеарнасының тарихымен бірге сақталып келе жатқан тұлға. «Телеөнердің тұлғасы» деген баға берді, профессор Б. Жақып. Сондықтан, Н. Иманғалиұлының жүргізушілік шеберлігі ғылыми тұрғыдан зерттеуді қажет етеді. Оның өмірге әкелген «тележурналист болудың стилі» өзінше бір дара жол. Болашақ тележурналист мамандарына мектеп болатын өнегелі адам.
Бітіру жұмысында Н. Иманғалиұлының тележурналистикаға келуінен бастап, тырнақ алды бағдарламалары және телесаласына төккен тері, сіңірген жайына кеңінен тоқталамыз.
Тақырыптың өзектілігі. Қазақ телеэкранына ұлттық құндылықты биік көтеретін, көрермен сұранысын қанағаттандыра алатын білікті маман тәрбиелеу үшін - ғылыми тұрғыдан талданған тележурналистердің шеберлік тәжірибесі керек. Ал, ондай өлшемге толымды адам Н. Иманғалиұлы.
Ол қазақ тележурналистикасында қырық жылдай еңбек етті. Қырыққа тарта бағдарлама ашып, жүргізуші атанды. Осы саладағы жауапты қызметке жетекшілік етті. Оның шығармашылық өмір жолы - нағыз үлгі. Бұл зерттеуді қажет ететін тақырып. Біздің бітіру жұмысымыз осы мәселелерді тереңнен зерттейді.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Н. Иманғалиұлының шығармашылығын зерттеу барысында, тележурналистика саласындағы теориялық еңбектерді пайдаландым. Тұрсын Қ. (Қазақ теле-журналистикасы: қалыптасу, даму проблемалары. - Алматы: «Білім», 2006) . В. Л. Цвик («Телевизионная журналистика». - «Юнити-Дана», 2009ж) Қ. Тұрсын. Ж. Нұсқабайұлы. («Теледидар сөздігі-тележурналист анықтамалығы». - Алматы. Білім. 2001ж) . Шамақай Қ. («Азат ойдың айнасы» 2008) . Қозыбаев С. Қ. (Өркениет және ұлт. - Алматы, 2001) . Қ. Бекхожин («Қазақ баспасөзінің даму жолдары», (1860-1930 жылдар) . Борецкий Р. «Телевизионная пропаганда», Юровский А. «Специфика телевидения», Масғұтов С. «Көгілдір экран - өмір айнасы», Барманқұлов М. «Телевизия: бизнес әлде билік?», Уразова С. Л. «Show-clon телевизионной реальности», «Қазақ журналистикасы» атты үш томдық / профессор Н. Омашевтың ред. басқаруымен/, т. б. ғылыми теориялық еңбектер пайдаланылды.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Біз бұл ғылыми жұмысымызда уақыт талабына сай еліміздің медиакеңістігінде болған жаңа бағыттар мен өзгерістер, Н. Иманғалиұлының даму және ілгерлеу бағытындағы ізденістері, шерберліктері талданады.
- Нұртілеу Иманғалиұлы және қазақ тележурналистикасы.
- Қазақ телеэкранында шоу хабарлардың қалыптасуы.
- Н. Иманғалиұлының тележурналистикаға сіңірген еңбегі.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Зерттеу жұмысымызда қазақ телеарналарындағы ток-шоудың өзіндік мектебінің қалыптаса бастағанын байқадық. Ол екі түрлі бағытта дамып келеді. Бірі ойын-сауықтық, әзіл-сықақ құрылған шоу бағдарламалар. Екіншісі, әлеуметтік мәселелерге арналған шоу хабарды атап айта аламыз.
Зерттеу тәсілдері. Кешегі және бүгінгі қазақ телевизиясы тарихы, Н. Иманғалиұлының шығармашылғы, шоу бағдарламалардағы шеберлігіне сараптама жасалып, кешенді талдау әдістері қолданылды.
Зерттеу жұмысының нысаны. Қазақстандағы тележурналистика және жүргізуші Н. Иманғалиұлы. Сонымен қатар «Қазақстан» ұлттық телеарнасындағы «Көршілер» ток-шоуы мен «КТК» телеарнасындағы «Мәссаған» бағдарламасы салыстырмалы түрде талданады.
Жұмыстың теориялық және әдіснамалық негізі. Бітіру жұмысының тақырыбына қатысты бірқатар еңбектер пайдаланылды. Сонымен бірге Т. Амандосов, Қ. Бекхожин, Б. Кенжебаев, Н. Омашев, Б. Жақып сынды журналистика теориясын зерттеген ғалымдардың ғылыми теориялық еңбектері қолданылды.
Бітіру жұмысының құрылымы Жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер мен сілтемелерден тұрады.
«Газет - халықтың көзі, құлағы һәм тілі» деп Ахмет Байтұрсынов бекер айтпаса керек. Ұлы Ахаңның бұл сөзін тек газетке ғана қатысты емес, радио мен телеарнадан да алшақ алып қарай алмаймыз. Мұның бәрін БАҚ (бұқаралық ақпарат құралдары) атты үлкен ұғым аясында қарастырамыз. БАҚ негізгі үш саладан тұрады. Соның ең үлкені, ең өтімдісі, жұртқа жағымдысы- телеарна. М. Барманқұлов: «Теледидар қазір журналистиканың барлық ескі жанрларын жаңарған түрге айналдырды. Олардың бар- ау деп есте жүргендерінің жаңа қырларын ашты. Жаңа әдістерді дүниеге келтіріп, журналистикаға жаңа жанрлар мен формалар сыйлады» деген екен. Бүгінгі күнде осы пікір шындыққа айналып келеді[1] .
Осынау тасқындаған ақпарат әлемінде теледидардың алар орны ерекше екені баршаға белгілі. Бүгінгі таңда ғажайып жетістіктерге жеткен көгілдір экран миллиондаған адамдардың өмірінің айырылмас бір бөлігіне айналды. Оны төрткүл дүниені бүкіл болмысына сидырған көк жәшік деп те атайды. Қалай айтсақ та, телеарнаның қоғамда алар орны үлкен, атқарар қызметі ауқымды. Ең бастысы, телеарна қоғамды тәрбиелеуге тиіс. Теледидар- түрлі хабар таратумен қатар, үгіт- насихат, тәлім-тәрбие, оқу-ағарту жұмыстарын атқарудың негізгі құралы екені мәлім. Өйткені ол - қоғамдық пікір мен қоғамдық сананы қалыптастырушы. Ақпарат алмасудың сан түрлі әдістері, алуан салалары пайда болғанымен, солардың ең пәрменді, ең тиімді, ең әсерлі құралы болып теледидар қалуда. Қазіргі заманғы телевизия - күнделікті тіршілігіміздің айнасы, нақтырақ айтсақ, бүгінгі тұрмыста сананы жетелейтін, ой-өрісімізді, өмірге деген көзқарасымызды орнықтыратын ақиқат аралының көзі десе болады. Телевидение - театр, кино, радионың барлық артықшылықтарын бір өзінің бойына жинап, ақпарат тарату мен эстетикалық тәрбие берудің ерекше құралы. Ол белгілі бір құбылысты деректі көрініс арқылы беретіндігімен радиоға қарағанда мол мүмкіндікке ие[2] .
Зерттеушілер А. Я. Юровский мен Р. А. Борецкий өз еңбектерінде телевизияның бірнеше функцияларын атап көрсеткен. Олар ең алдымен ақпараттық-насихаттық қызметін ерекше бағалаған.
Қазіргі заманда телевидение ақпарат таратудың ең басты құралдарының бірі ретінде белгілі бір саясатты, ойды, идеяны насихаттайды, халықты алыс-жақын әлемдік жаңалықтардан құлағдар етеді. Кез келген ақпаратты сараптай біліп, саяси ұғым қалыптастыруға дағдыланады.
Екінші - ағартушылық функциясы. Телевидение-ақпарат таратудың құралы ғана емес, білім беру мен тәрбие көзі.
Телевидениеден берілген кез келген мәлімет қоғамдық ойға әсер етіп, белгілі бір пікір қалыптастырады.
Үшінші функциясы - кино, театр, музыка сияқты әр түрлі өнер түрлерін насихаттаудың құралы. Басқа өнер туындыларын миллиондаған адамдардың назарына ұсыну арқылы телевидение рухани-эстетикалық тәрбие құралына айналды. Демек, аталған ақпарат құралының адамдардың мәдени санасын қалыптастырудағы маңызы ерекше.
Төртінші - қоғамдық функциясы. Телевидение өнер мен публицистиканың әдіс-тәсілдерін бойына дарытқан БАҚ-тың бір саласы. Себебі, ол кез келген көрерменнің қоғамның рухани өміріне араласуына мүмкіндік туғызады. Адамдар телевидение арқылы басқа адамдардың өмірімен, яғни олардың талпыныстарымен, қол жеткізген жетістіктерімен таныса алады. Бұл аталған функциялардан телевидениенің адамзат өміріне әсері ерекше екенін байқаймыз, сонымен қатар ол ақпарат тарату арқылы сол елдің, ұлттың дүниетанымына әсер етіп қана қоймай, көзқарастарының түбегейлі өзгеруіне де ықпал етуі мүмкін. Осы себепті мемлекеттік ресми органдар ақпарат құралының шығармашылық жұмысын үнемі назарда ұстап, қадағалап отыруы керек.
Қазір елімізде орташа есеппен алғанда (кабельдік телеарналарды қоспағанда) төрт мемлекеттік («Хабар», «Еларна», «Астана», «Алматы»), бір ұлттық арна («Қазақстан») т. б және бірнеше жекеменшік телеарналар («31 арна», «Таң», «КТК», «НТК», «Рахат») бар. Бұлардың әрқайсысының бағыты да, мазмұны да, деңгейі де әртүрлі. Ал, осылардың ішіндегі «Қазақстан» мен «Хабардың алар орны бір бөлек. Себебі, онда бағдарламалар, тележүргізушілердің шеберлігі ерекше болды. Солардың бірі - Біздің бітіру жұмысымыздың тақырбы болған Н. Иманғалиұлы.
Ол, 1952 жылы туған. 1977 жылы ҚазМҰУ-ді бітірген. Қазақ телевизиясында тілші, редактор, аға редактор, комментатор, бас редактор, саяси шолушы, директордың орынбасары, «Хабар» агенттігін-де демодератор жүргізуші, одан кейін Үкімет кеңсесінде сектор меңгерушісі, Президент Әкімшілігінде бас маман болып істеген.
Коррупцияға қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік комиссиясының мүшесі. «Қазақстан» РТРК АҚ Басқарма Төрағасы қызметі атқарған. Н. Иманғалиұлы тележурналистикадан айнымаған тұлға. Ғұмырының 35 жылын телевизияда өтті. Алғашқы хабарының бірі «Жадыңда ма, жолдас?!». Содан бері талайдың санасын қозғаған, саяси-әлеуметтік салмағымен, әсіресе шыншылдығымен телекөрерменнің есінде сақталған бағдарламалары: «Жас жігер», «Көзқарас», «Алтыбақан», «Айна», «Заң мен заман», «Ақиқат пен аңыз», «Дидар», «Жастар дауысы», «Арай», «Көкпар», «Ой-көкпар», «Бетпе-бет», «Дін мен діл», «Арнайы репортаж», «Діңгек», «Қолтаңба» т. б. Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының екі мәрте лауреаты, «Алтын Жұлдыз» сыйлығының иегері, ҚР мәдениетіне еңбегі сіңген қайраткер, Қазақ Ұлттық Өнер академиясының кұрметті профессоры, Ақсу ауданының «Құрметті Азаматы».
Нұртілеу - атақты Молықбай қобызшының ұрпағы, шашасына шаң жұқпас қазақ эпикалық поэзиясының бірінші жүйрігі, қайталанбайтын ақын Ілияс Жансүгіровтың аталас інісі. Әкесі Иманғали ақсақал елге қадірлі, халық ақыны болған екен. Заманында талай айтысқа қатысып, оза шауып, бәйге алған. Жыр алыбы Жамбылдан бата алған Қалқа Жапсарбаевтармен сыйлас, замандас болған, өнер қонған жан екен. Нұртілеуге сөз киесі қанмен келген, бергісі әке тәлімінен дарыған. Анасы Гүлжәмила 12 құрсақ көтерген ардагер. Нұртілеу Иманғалиұлы шаңырағының сүткенжесі екен. Атасы Қалиасқардың тәрбиесінде болады. Сондықтан да шығар, ол нағыз ұлттық тұлға болып қалыптасты. Алты алаштың абызы болған Бәйкен Әшімов ағамыздың “Еліңді жамандама, шығар төрің, жеріңді жамандама, кірер көрің», - деген аталы сөзін өмірлік ұстанымына айналдырған азамат болып өсті. Кеңестік кезеңде ұлттық бояуы қанық хабарлар жасады, тәуелсіздік кезеңінде де Қазақ елі мәртебесін биіктетуге бар ынта-ықылас, білім-парасат, күш-жігерін түгел сарқа жұмсады.
Н. Иманғалиұлы 1972 жылы КазМҰУ-дің журналистика факультетіне 20 жасында оқуға түсті. Ал 2 курста күндізгі бөлімде оқи жүріп, Қазақ теледидарының жастар редакциясында жұмысқа араласты. Оның атын елге дүр еткізіп танытқан алғашқы дүниесі «Жадыңда ма, жолдас» атты хабары болатын. Онда жас журналист өзі туып-өскен ауылдан шыққан 28 панфиловшылардың бірі, батыр Нарсұтбай Есеболатов туралы тұщымды телехабар жасады. Көп ізденді, өзіне тән ширақ қимыл көрсетті. Батырдың жан жарын Омбы қаласынан тауып, сұхбат алды, ел ұмытқан баласын да іздеп тапты. Осыдан кейін-ақ «Жас жігер», «Ашық микрофон», «Ақиқат пен аңыз», «Заң мен заман», «Арай» сияқты хабарларды бірінен соң бірін эфирге шығарып, Қазақстанның түкпір-түкпіріне оның бейнесі мен дауысы қатар тарап жатты. Ал «Көкпар» атты хабарды жасап, қазақ жастарын еркін ойын жеткізуге баулыды, кейін «Көкпар» «Ойкөкпарға» ұласып, көрермен көзайымына айналды.
І ТАРАУ. ҚАЗАҚ ТЕЛЕВИЗИЯСЫ: ТАРИХ ПЕН ТАҒЫЛЫМ
- Қазақ телеарнасы және Н. Иманғалиұлы шығармашылығының қалыптасуы мен даму кезеңдері
Қазақстанда “көгілдір экранның” сәуле шашқанына да жарты ғасырдан асты. Осы уақыт аралығында қазақ телевизиясы - техникалық жаңару, шығармашылық жаңғыру сынды зор өзгерістер мен өсіп-өрлеудің талай басқысын бастан кешті. Елімізде алғаш рет 1958 жылы 1 қаңтар күні Өскемен қаласында көгілдір қобдишаларға жан бітсе, ал ресми күн, яғни, қазақ жеріндегі алғашқы телестудия тұңғыш хабарын 1958 жылы 8 наурыз күні ресми түрде іске қосып, алғашқы отандық телекамералар мен техникалық телеорталық Алматы қаласында шымылдығын ашты. Стационарлы телекамералар қарапайым механиканың негізінде қолмен оптикалық линзаларды ауыстырып отырды. Бірер жылдан кейін өткен ғасырдың 70-ншы жылдары чех камераларымен толықтырылды. Чех камераларының көрсету сапасы оңды болғанымен, ауыстыру процесі өте қолайсыз болды да, бірер жылдардан соң совет-француздық (SEKAM III), американдық (NTSC) және батысгермандық (PAL), кейіннен жапондардың CONI жетілдірілген жүйелерімен ауыстырылды. Теледидар ол кездерде, негізінен, бұқаралық ақпаратты хабарлармен қоса әдеби, мәдени, концерттік негізінде ресми хабарлар мен өндіріс, ауыл шаруашылығы бағдарламаларын көрсете бастады. Стационарлы студиялық хабарлармен қоса байтақ республикамыздың жер-жерінен ақпараттар беріліп, көрсетіліп отырды. Студиялардан тыс жерлерден кинокамералармен соңынан 16 мм. жіңішке пленкалар кеңінен пайдаланды. Іле-шала облыстық студиялар бірінен соң бірі іске қосылып жатты. Телестудиялардағы техникалардың пәрменділігі арта бастады. Жылжымалы телестанциялар теледидардың мүмкіндігін еселеп арттырды. Ендігі жерде телетехниканың күн санап жаңа үрдіс алып дамуы маман инженерлермен, техниктермен толығып, шығармашылылық топтың алдында шұғыл шешімін керек ететін сұраныстар мен талаптарды қойды. Иә, шынында, инженерлік жаңалықтар телетехника саласындағы ұшқыр ойлары мен дамуы, енді тек тележурналистика саласының дами бастауы елдің, Үкіметтің, шаруашылықтың, өнердің, яғни, қайнаған өмірдің сұраныстарын, оның болмысын анықтау керек болды. Совет Масғұтов «Көгілдір экран-өмір айнасы» (1976 ж. ) кітабында сиқырлы көк сандыққа осылай анықтама берген. Қазақ тілі тағы салмақты да, салиқалы сөзбен толықтырылды. «Көгілдір экран-өмір айнасы»- расында да өмірімізге ентелей енген теледидар индустриясы газет пен радионы ақпараттар айдынынан сәл ығыстырғандай. 1958 жылдан 60-ншы жылдардың соңына дейін қазақ теледидарының қалыптасу кезеңі десек, тек ақпараттық, концертік бағдарламалардың сценарийлік негізінде телеқойылымдар, күрделі көркем телепублицистикалық хабарлар үлкен дайындықпен, телетехникалық жетістіктермен журналистік ой-толғауларды бір бағытқа бағдарлап, әрбір сюжет пен телеочерк, қойылымдардың мақсатын айқындап алу талабы қосылды. Бұл жерде қазақстандық телеарналардың көшбасшысы бұрынғы Қазақ теледидарына ерекше тоқталған жөн. Қазақ теледидары - бүгінде 100 ге жуық телекомпаниялардың көшбасшысы. 54 жылдық тарихтың қиын да қызықты жолында ол араласпаған оқиға, бармаған жер, көтермеген мәселелері кемде-кем. Тарихы мен халық жады, ұрпақ тәрбиесі мен білім-ғылым саласы, мәдениеті мен дәстүрі, экономикасы мен саясаты, өндірісі мен шаруашылығы оның күнделікті хабарына арқау болды. 1958 жылдың 8 наурызында Алматыда алғаш рет көгілдір экран жарқ етіп ашылғанда сол телеарна басында қазақ телеөнерінің балапан қанатын қатайтып, биікке самғауы үшін білімдері мен біліктерін аямаған Ғ. Жанысбаев, Л. Ғалымжанова, С. Шәріпов сяиықты телередакторлар мен телережиссерлер тұрды. Статистикада сақталған тарихи цифр бойынша, сол кезде Алматы және облыстағы 4 100 телевизиялық қабылдағыш Қазақ телевизиясының алғашқы бағдарламасының трансляциясын тұтқан. Алматыдан кейін көгілдір экран Қарағанды мен Өскеменде, Жезқазған мен Балқашта, Ақтөбе мен Семейде көрсете бастады. Қазақ теледидарының «алтын ғасырына» баланған 70-90-ншы жылдар шын мәнінде көгілдір айнамыздың жан-жақты кемелденіп, шарықтаған кезеңі болды. Сол бір жылдары 13 бас редакция жыл сайын түрлі салаларға арнап 130-150 топтама бағдарламалар жасап отырды. Қазақстандық телеарналардың ішіндегі тәжірибесі жағынан толысқан, тарихы бай, мұрағаты мол Қазақстан ұлттық телеарнасы ескі мен жаңаны қосып тұрған көпір сияқты. Бұрынғы қазақ теледидары қазіргі бірегей телеарна қай деңгейде? Көкірегі ояу, көзі ашық көрерменнің әрбірін мазалайтын орынды сұрақ.
50 жыл. Бой өсіп, ақыл толысатын, ой кемелденіп, пайым-парасаттылыққа ұласатын қуатты шақ. Отызында орда бұзған жас түлектің бүгінде жетпістің қырқасындағы шағы. Бажайлай қарасақ, өткен шақпен үндесіп, бүгінге жеткен көз көрген қауымның да қатары сирексіп, барлардың өзі шау тартқандай. Қазақ топырағында теледидар іргесін қалаған Қ. Сағындықов, Х. Абылғаин, Ә. Байжанбаев, С. Нұрғалинов, И. Саввин, В. Прасолов, С. Шәріпов, И. Смирнов, В. Немирский, Н. Қожасбаев, Қ. Мусин, М. Барманқұлов, С. Масғұтов сияқты арыстардың көпшілігі бүгінде арамызда жоқ. Жаңа өнердің қадасын қағып, қабырғасын бекемдеген сол азаматтарды бүгінгі теледидар төріндегі жаңа жұлдыздар білмейді де. Олай дейтініміз, туған теледидарымыз туралы жүйелі жазылған тарих, терең зерттелген ғылыми еңбек аз.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz