Банктік капиталы


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 6
- БАНКТІК КАПИТАЛЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ. . .
1. 1. Банктік жүйе - нарықтық экономиканың маңызды құрылымы . . . 8 1. 2. Банк ресурстары, олардың қалыптасу көздері . . . 26 1. 3. Банктің меншікті капиталының құрылымы, қызметі . . . 43
2. БАНКТІК КАПИТАЛ АКТИВТЕРІ МЕН МІНДЕТТЕМЕЛЕРІН ТАЛДАУ («АЛЬЯНС БАНК» АҚ МЫСАЛЫНДА) . . .
2. 1. «Альянс Банк» АҚ-ын қаржылық талдау . . . 54
2. 2 . Банктің негізгі операцияларының шығындары мен табыстары . . . 57
2. 3. Банктік капиталының өтімділік көрсеткіштерін талдау . . . 74
- БАНК ҚЫЗМЕТІН ЖЕТІЛДІРУ ЖӘНЕ ТҰРАҚТАНДЫРУ ЖОЛДАРЫ. . . .
3. 1. Банктің жүргізілетін операциялар және ұсынылатын қызметтердің тиімділігін арттыру . . . 81
3. 2. Әлемдік тәжірибедегі банктік өтімділікті басқару әдістері . . . 91
қорытынды . . . 96
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР. . . . . 98
КІРІСПЕ
Тәуелсіздікке қолымыз жеткен алғашқы күннен бастап еліміз барлық қажыр-қайратымен еңбектеніп көптеген жетістіктерге жетті, қазіргі кезде Қазақстан барған сайын нық сеніммен алға басып келеді. Дамудың өзі таңдаған даңғылына түскен еліміздің атағы шартарапқа таралып, әлемдік қоғамдастықтың алдындағы абыройы да жылдан жылға артып отыр. Біз экономикамыз мен мемлекетіміздің берік іргетасын қаладық. Қазақстанның алдағы дамуы, кемел келешегі экономикалық, әлеуметтік, саясаи және әкімшілік тұрғыда жан-жақты сараланып, түбегейлі жаңа кезеңге батыл қадам басуда.
Банктік жүйе - нарықтық экономиканың маңызды құрылымдарының бірі. Банктер мен қаржылық серіктестіктер шаруашылық органдарының шаруашылық қызмет процесінде уақытша бос капиталдарын, халық жинақтарын және басқа да бос ақша қаражаттарды тартады, кейін оларды қарыз алушыларға уақытша пайдалануға ұсынады, ақшалай есеп-айырысуларды жүргізеді және экономика үшін әр түрлі қызметтер көрсетеді, осылайша банктер өндірістің тиімділігі мен қоғамдық өнімнің айналысына әсер етеді.
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Президентіміз «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты халыққа Жолдауында: «Қазақстанның банк жүйесі тарапынан экономиканың келешегі зор секторларына нарықтық жағынан орнықты қолдау көрсетуі үшін жағдай жасалуын және банктердің өңірлік экономикалық жобаларға, соның ішінде мемлекеттік - жеке меншік әріптестік шеңберінде қатысуын күшейту қажет. »/1, 10б. /, - деп айтқандай, нарықтық жағдайда біздің елімізде банктер мен басқа несиелік институттардың даму болашақтары бойынша сұрақтары ерекше болып келеді.
Экономикамыздың дамуына үлкен өзіндік үлесін қосып жатқан Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейлі банктердің қызметтерінің дамып, халықаралық стандарттарға сай болып жатқандығын айта аламыз.
М. Р. Насырова бойынша банк жүйесі өзара байланысты алуан түрлі банктер мен банк институттарының жиынтығы, несие жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады.
Банктік капиталды басқарумен байланысты қызметті екі негізгі бөлімге бөлуге болады: қажетті банктік капиталды есептеулерді жүргізуді қамтитын банктік капиталды талдау және қаржылық шешімдерді қабылдау.
6
Банктік капиталды талдаудың мазмұны, қағидалары мен әдістерін теориялық алғышарттарға, сонымен қатар жинақталған тәжірибеге негізделген ғылыми бағыт деп санауға болады.
Банктік капиталды басқарудың мақсаты - реттеуші органдар енгізетін шектеулерді, сонымен қатар банктің басшылығымен бекітілуі мүмкін қосымша ішкі шектеулерді орындауда табыс алу.
Коммерциялық банктердің активтері мен міндеттемелерін басқарудағы қаржылық талдау банктер үшін әр қашан өзекті мәселе болып келеді, сондықтан ұсынылып отырған дипломдық жұмыс тақырыбы осы мәселені зерттеуге арналады.
Банктік капиталды талдаудың негізін қалаушылары: Н. С. Лунский - математика ғалымы, қаржыгер және бухгалтер, баланс жүргізушілері - А. К. Рощаховский, кейін А. П. Рудановский, Н. А. Блатов, И. Р. Николаев, А. Д. Челекбай, Н. Хамитов және т. б. болып табылады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты коммерциялық банктердің активтері мен міндеттемелерін басқарудағы банктік капиталды талдауды зерттеу болып табылады.
Жұмыстың мақсатына сәйкес жұмысқа келесі міндеттер қойылады:
- коммерциялық банктік капиталды талдаудың теориялық негіздерін танып білу;
- «Альянс Банк» АҚ мысалында Банк активтері мен міндеттемелерін басқарудағы банктік капиталды талдау жүргізу;
- банк қызметін жетілдіру және тұрақтандыру жолдарын ұсыну.
Зерттеу пәні банк қызметінде активтер мен міндеттемелерді басқарудағы банктік капиталды талдау болып табылады.
Зерттеу объектісі Қазақстандық банк жүйесінде қызмет ететін «Альянс Банк» АҚ-ның қызметі.
Дипломдық зерттеулер нәтижелерінің практикалық маңыздылығы «Альянс Банк» АҚ-ның жүргізілетін операциялары мен ұсынылатын қызметтерінің тиімділігін арттыру үшін ұсынылған іс-шараларды қолдану мүмкіндігі.
Жұмыстың практикалық негізі «Альянс Банк» АҚ-ның қаржылық құжаттары болып табылады.
Жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспе, үш бөлім, қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімі, қосымшалардан тұрады. 92 бетте орындалған, құрамында: 11 сурет, 22 кесте.
7
1. БАНКТІК КАПИТАЛЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1. Банктік жүйе - нарықтық экономиканың маңызды құрылымы
Екі денгейлі банк жағдайында Ұлттық банктің негізгі міндеттерінің бірі - банктік қызметтерді макроэкономикалық денгейде басқару процессін ұйымдастыру, еліміздегі банктердің және басқа да қаржы несие инстуттарының қызметін реттеу, банк және ақша жүйелерінің қызмет етуінің тұрақтылығын ұстап отыру болып табылады.
Ұлттық банк бактік қызметтерді бақылау және қадағалау кезінде тікелей (әкімшілік) және жанама (экономикалық) әдістерді қолданады. Мұндай әдістердің қатарына:
- пруденциалдық және басқа да банктердің орындауы міндеті нормалар мен лимиттерді қою, реквизиттік талаптар, оған қоса күмәнді және үмітсіз активтерге қарсы провизиялардың номалары;
- банктердің орындауы міндетті ережелермен басқа да нормативті актілерді шығару;
- банк қызметтерін тексеру;
-банк қаржылық жағдайын сақтандыру жөніндегі ұсыныстар беру;
-ұсыныстар беру;
-тарату жөнінде міндеттеме хатты алап ету, Ұлттық банктің бұйрық хатты және шектеу шараларын қолдану;
-банктерді ашудан бастап, рұқсатты қайтарып алуға дейінгі жазалау шараларын қолдану. [22. 98]
Банктік қызметтерді реттеудің экономикалық әдістеріне Ұлттық банктің айналысағы ақша массасын басқару үшін қолданылатын қызметтері жатады. Банктік қызметтерге әсер етудің жанама жолдары икемділік және тезірек болып келеді.
Ұлттық банктің екінші деңгейлі банктермен қарым-катынастары келесі қағидаларға сүйене отырып қалыптасады:
Ұлттық банк:
- Банктік тораптың қызмет етуіне жалпы жағдай жасауға жәнешынайы банктік бәсеке қағидаларын орнатуға өз септігін тигізеді;
- Банк қызметтерін заңға сәйкес реттейді;
- Ақша- несие жүйесінің тұрақтылығын ұстап тұру мақсатындабанк қызметтерін қадағалайды;
- Банктердің шүғьл қызметіне араласпайды;
Ұлттық банк міндеттеріне лицензилау және лицензияны қайтарып алу, жарғыны тіркеу және банктерді тіркеуді жүргізу, сонымен қатар, "Қазақстан Республикасы банктері және банктік қызметтер туралы" Заңға сәйекес банктерді қадағалау кіреді. Осы мақсатта Ұлттық банк:
8
- Банктің құрылтайшыларын, олардың бекіткен шектен асқанакциялар көлемін иемденуіне, иелік етуіне, басқаруынабақылау жасауға;
- Банктің басқару орындарына кағдидаттардың іскерлікжарамдылыған анықтауға;
- Банктердің және олардың филиалдарын тексеруге, соныңішінде орнына немесе аудиторлық ұйымды шақыру арқылыөзінің бақылау және қадағалау қызметтерін дұрыс жүзегеасыру үшін керекті ақпаратты алуға құзіретті.
Орталық банк тарапынан ақша-несиелік реттеудің негізгі объектісіне экономикадағы қолма-қол және қолма-қолсыз ақша массасы жатады, оның динамикасына төлеуге қабілетті сұраныстың әр түрлі компоненттерінің өзгерісі тәуелді болады. Қазіргі даму сатысында ақша несиелік сипат алады, яғни ақша массасы, негізінен, банктердің несие-депозиттік қызметіне байланысты пайда болады, сондықтан Орталық банк ақша айналымының құрылымын және көлемін екінші деңгейлі банктердің операцияларын басқару арқылы реттейді.
«Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» Заңы бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі Қазақстан Республикасының Орталық банкі және республикамыздағы банк жүйесінің жоғарғы деңгейі болып табылады. [7. 82]
Ұлттық банк - ақша резервтерінен, алтын валюта резервтерінен, басқа да материалдық құндылықтардан тұратын жекеше мүлкі бар заңды тұлға. Мүліктің құралу көздеріне - банк ісінен түскен табыстар, бағалы қағаздардан түскен табыстар және сәйкес бюджеттерден түскен дотациялар жатады.
«Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» Заңының 9-бабына сәйкес, Ұлттық банк жарғылық қорын 10 млрд теңге көлемінде мына қаражаттар есебінен құрайды: республикалық бюджеттен бөлінген қаражаттар, мемлекеттен алынған негізгі қорлар және Ұлттық банк тапқан пайдадан аударымдар.
Негізі Ұлттық банк унитарлық орган болып табылады. Мемлекет - жарғылық қордың жалғыз иесі. Негізгі қор - ғимараттардан, құрылғылардан, көлік және басқа да құндылықтардан тұрады, ал айналым қаражаты - банкіге тиесілі ақша қаражаттарынан тұрады. Ұлттық банк резервтік және басқа қорлар құрады. Резервтік қор жарғылық көлемінде құрылып, ол өзіндік табыс есебінен толтырылады және осы қорға байланысты нормаларга сәйкес жүргізілетіп операциялар бойынша шығындарды жабуға арналады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің негізгі міндеті - Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының ішкі және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісіне мынадай қосымша міндеттер жүктеледі:
9
- Қазақстанның экономикалық дамуы және оның дүниежүзілік экономикаға интеграциялануы мақсаттарына жетуге көмектесетін ақша айналысы, несие, банктік есептеулерді және валюталық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты жасау және жүзеге асыру;
- ақша-несие және банк жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге көмектесу;
- банктік және басқа иесиелік мекемелердің қызметін реттейтін ережелерді жасау және олардың орындалуына бақылау жасау негізінде банк несие берушілердің, салымшылардың мүдделерін қорғауы.
Ұлттық банкі жұмысының негізгі бағыттары:
- елдегі иесиелік ресурстарды және ақша айналысын басқару;
- өзіне бағынышты мекемелер арқылы ақшалай түсімді инкассациялауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
- банк ісін лицензиялау, ақша-иесиелік реттеудің әдістерінің формаларын талдау;
- банк ісін бақылау және қадағалау;
- елдің банк жүйесінің тәуелсіз балансын жасау;
- валюталық операцияларды жүргізу ережелерін және тәртібін жасау, біркелкі валюталық саясатын жүргізу және т. б.
Ұлттық банктің несиелік ресурстары мыналардың есебінен құралады:
- меншікті қаражаттары;
- басқа банктерден тартылған және келісімшарт негізінде Ұлттық банкіге орналастырылган ақшалай қаражаттар;
- Қазақстан Республикасынан тыс жерлерден тартылған қаражаттар.
Банктер Ұлттық банктің шешімдерін орындамаған жағдайда, оларға айып-пұлдық шаралары қолданылуы мүмкін.
Ұлттық банк бекітетін пруденциалдық нормативтер еншілес банктерге, банктік бірлестіктерге және өзінің күнделікті балансы бар олардың флиалдарына да қолданылады.
Елдің несие жүйесіндегі коммерциялық банктердің рөлі мен орнын бөліп көрсету, олардың қоғам ішінде, жалпы мемлекет экономикасында маңыздылығын ашу - бұл бөлімнің басты мақсаты.
Қазақстан Республикасының коммерциялық банктер өз қызметінде 1995 жылы 30 наурызында «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі» және 1995 жылы 31 тамыз айында қабылданған «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын басшылыққа алады. Бұл заңдарда Қазақстан Республикасының банктерді құрудың, қайта ұйымдастырудың және таратудың барлық ерекшеліктері көрініс тапқан.
Коммерциялық банктер банктік жүйенің екінші деңгейін білдіреді. Олар банктік ресурстарды шоғырландыра отырып, заңды және жеке
10
тұлғалармен кең көлемде банктік операциялар мен қаржылық қызметтерді
жүзеге асырады.
Қазіргі тұрақтандырылған экономиканың жетілдіруі үшін коммерциялық банктер халыққа көптеген операцияларды жүзеге асырады. Еліміздің екінші деңгейлі банктері ақша айналымы мен несие қатынастарын ұйымдастыруымен ғана шұғылданып қоймай, сонымен қатар, халық шаруашылығын қаржыландыру, сақтандыру операциялары, бағалы қағаздарды сатып алу-сату, қаржылық операциялардың барлық түрлері, ал кейбір жағдайларда делдалдық келісімдер және мүлікті басқару операцияларын жүргізеді.
Коммерциялық банктер қарыз капиталы нарығының әртүрлі секторларында қызмет ететін көп қызметті мекемелер болып табылады. Олар кәсіпкерлік тәжірибесінде белгілі бір көптеген қаржылық операцияларды орындайды. Коммерциялық банктер кез келген елдің несие жүйесінде әдеттегідей негізгі, базалық буын ролін атқарады.
Олар үкіметтің, іскерлер мен миллиондаған жеке тұлғалардың салымдарын шоғырландыра отырып, қаржы жүйесінің орталығы болып қала береді. Коммерциялық банктер қарыздық және инвестициялық операциялар арқылы өздерінің әртүрлі қорларына қарыз алушылардың қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Коммерциялық банктер қаржы нарығында ең маңызды делдалдық қызметті атқарады. Несиелік жүйенің төменгі буыны халық шаруашылығына тікелей қызмет көрсететін және коммерциялық негізінде кең көлемді қаржылық қызмет жасайтын дербес банктік мекемелер торабынан тұрады. Бұлар коммерциялық, кооперативтік және жеке банктер, банктік заңдылықтарда коммерциялық банктер деген жалпы атпен біріктіріледі.
«Коммерциялық банк» термині банк ісінің ертеретегі даму кезеңінде, банктердің сауда, тауар айырбасы операциялары мен төлемдеріне қызмет көрсетуі барысында пайда болды. Негізгі клиенттері саудагерлер болған (міне осында «коммерциялық банк» деген атауға ие болды ) . Бірақ өнеркәсіптің және басқа салалардың дамуымен банктер экономиканың өзге де сфераларында қызмет көрсете бастағандықтан да банктің «коммерциялық» деген атауы бастапқы мағынасын біртіндеп жоғалтты. Ол банктің «іскер» деген сипатын білдіреді, оның шаруашылық агенттердің барлық жұмыс түрлеріне қызмет көрсетуі олардың қызметтерінің саласына байланыссыз болады. Коммерциялық банктер - нарық экономикасында қаржылық операциялар мен қызмет көрсететін несиелік мекемелердің тобын білдіреді.
Коммерциялық банктер - банк жүйесінің екінші деңгейіндегі банк, олар кез келген мемлекеттің несие жүйесінің негізгі буыны.
11
Коммерциялық банктің негізгі қызметі - кәсіпкерлерге, халыққа жан- жақты несие-қаржылық қызмет көрсету.
Коммерциялық банктер жеке және заңды тұлғалар үшін бүкіл операциялық қызметтерді орындайтын ақша нарығының жұмыс жасаушы әмбебап буыны ретінде қатысады.
Бүгінгі коммерциялық банктер өз клиенттеріне 200-ге жуық әр алуан өнімдер мен қызмет көрсетуге әзір. Мұндай кең көлемді операциялар коммерциялық банктерге өз клиенттерін сақтай отырып, қолайсыз жағдайда өзінде пайдалы жұмыс жасауға септігін тигізеді.
Бір операциялардан болған зиян, екінші бір опеациялардан түсетін пайда есебінен жабылады. Нарық экономикасы дамыған барлық елдердің коммерциялық банктері несие жүйесінің негізгі операциялық буыны болып қалуы кездейсоқтық емес. Олар өзгермелі ақша - несие нарығының жағдайына көндігетін қабілетінің барлығын көрсете алады.
Соңғы кездері екінші деңгейлі банктер мен басқа несие мекемелерінің арасындағы бәсеке күшее түсуде. Бәсекелестік банктердің жаңа операциялар түрлерін іздестіруге, клиенттерге ұсынылатын қызмет түрлерін өсіруге және қызмет көрсету нарығындағы өз орнын нығайту үшін олар банктерге тән емес операцияларды меңгеріп, елдің жалпы экономикадағы ролін арттыруда.
Қазіргі коммерциялық банктер активті және пассивті операцияларын орындайды. Бұл екі түрлі операция бір бірліктің екі қарама-қарсы жақтары секілді көрінеді, себебі, пассивтік операциясыз активті операцияның болуы мүмкін емес, ал активті операциясыз пассивтік операцияның мәні де жоқ. Алайда, жүзеге асырылатын банктік операцияларының барлығы, күмәнсіз, бір мақсатты көздейді - табыстың өсуі және шығынның кемуі.
Қазақстан Республикасының 31. 08. 1995ж. №2444 «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы» Заңының 30 бабы бойынша қызмет көрсету - бұл «банктік операцияларды жүзеге асыру, сондай-ақ бап бойынша көрсетілген басқа да банктік операциялар». Бұл заңда, сонымен қатар, банктік операцияларды жекелеген түрлерін ұйымдастырудың ерекшеліктері көрініс тапқан.
Аталған заңға сәйкес коммерциялық банктер келесі операцияларды орындауға құқылы:
- заңды және жеке тұлғалардың ақылы негізде депозиттерін қабылдау, банктік шоттарын ашу және жүргізу;
- банктердің және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспондентік шоттарын ашу және жүргізу;
- заңды және жеке тұлғалардың металдық шоттарын ашу және жүргізу;
- кассалық операциялар: банкнота мен монетаны қабылдау, беру, қайта санау, айырбастау, ұстау, сорттау, қаптау және сақтау;
- банкнота мен монеталарды және бағалы қағаздарды инкассациялау және жөнелту;
12
- аударым операциялары: заңды және жеке тұлғалардың ақшаны аударымен байланысты тапсырмаларын орындау;
- есепке алу операциялары: заңды және жеке тұлғалардың вексельдерін және өзге борыштық міндеттемелерін есепке алу (дисконт) ;
- қарыздық операциялар: ақы төлеу, мерзімін белгілеу және қайтару шартымен ақшалай формада несиелер беру;
- заңды және жеке тұлғалардың, оның ішінде корреспондент-банктердің тапсырмаларына байланысты, олардың банктік шоттары бойынша есеп айырысу операциялары операцияларын жүргізу;
- клирингтік операциялар: төлемдерді жинау, тексеру және растау, сондай-ақ олар бойынша өзара есепке алу операцияларын жүргізу және клирингке қатысушылардың таза позициясын анықтау;
- ломбардтық операциялар: тез іске асатын бағалы қағаздар мен жылжитын мүліктерді кепілге алып, қысқа мерзімді несиелер беру;
- коммерциялық мәмілелерді қаржыландыру, сондай-ақ сату құқынсыз (форфейтинг) ;
- заңда көрсетілген тәртіппен өз бағалы қағаздарын шығару (чектерді, вексельдерді, аккредитивтерді, депозиттік сертификаттарды, акцияларды және өзге де міндеттемелерді) ;
- төлем карточкаларын шығару;
- төлем құжаттарын сатып алу, сату және сақтандыру, олармен басқа да операцияларды жүргізу;
- ақшалай нысанда орындауды қарастыратын үшінші тұлғалар үшін кепілдеме және өзгеде міндеттемелерді беру;
- инвестицияланатын қаражаттар иелерінің немесе оларды иемденушілердің тапсырмалары бойынша капиталдық жұмсалымдарды қаржыландыру;
Сонымен қатар бағалы қағаздар нарығында басқа да кәсіби қызмет түрлерін жүзеге асыра алады. Олар: брокерлік, дилерлік, кастодиандық. Бұл банктік операциялар бойынша қызметтерді көрсету, клиенттердің тәуекелі бойынша олардың агенттері ретінде әрекет ету.
Осыған орай, банктік заңдарына сәйкес, банк - уақытша бос ақша қаражатарын жинақтауға, клиенттердің тапсырысы бойынша есеп айырысу операцияларын жүргізуге құқылы несие ұйымы.
Екінші деңгейлі банктер заңнаманың барлық құқықтық жағынан қамтылған кең көлемде операциялар түрлерін ұсынады.
Коммерциялық банктің операцияларын 3 топқа бөліп қарастырамыз:
13
- қызмет көрсету арқылы клиенттердің уақытша бос ақша қаражаттарын тарту;
- қызмет көрсетулерсіз клиенттердің ақша қаражаттарын тарту;
- басқа көздерден ақша қаражаттарын тарту.
- банктердің өз шотына және пайдасына жүргізілетін операциялар;
- клиенттердің шоттарына және олардың қажеттіліктері бойынша жүргізілетін операциялар.
- клиенттердің қажеттіліктері бойынша және комиссиялық бастама негізінде (таза банктік қызмет көрсетулер) жүргізілетін операциялар.
Сурет 1. Коммерциялық банк операцияларының негізгі құрылымы[8]
Коммерциялық банктің кіріс алу және өтімділікті қамтамасыз ету мақстымен банктің шоғырландырылған ресурстарын орналастыру оның активті операцияларының мазмұнын анықтайды. Яғни, банктік активті операциялар - табыс алу және өзінің өтімділігін қамтамасыз ету мақсатында иелігінде бар ресурстардың орналастыру жүзеге асыратын операцияларды білдіреді. Бұл екі мақсаттың бірегейлігі банкті коммерциялық кәсіпорын ретінде тартылған қаражаттарды пайдаланудағы ерекшелігін сипаттайды.
Шынында да, банктер мұндай операциялардан пайда көреді. Олар салымдарға төлейтіндеріне қарағанда, қарыздарға біршама жоғары пайыз мөлшерлемесін белгілеп табыс табады.
Жалпы қоғамға көмек, олар банктен алған қарыздары есебінен өздерінің өнімдерін өндіріп, алға қойған мақсатына жеткенде ғана пайданы сезінеді (мысалға жалпы пайда нормасын 4-тен 5%-ға ұлғайтқанда) . Болашақ қарыз алушыларды дұрыс таңдай отырып, олардың ішінде берілетін қарыз бойынша жоғары пайызды төлеуге кімнің жағдайы келсе, соларға банктер ақшалай қаражаттарын бере алады.
14
Осы уақытқа дейін Қазақстанда несиелер үкіметтің қажеттілігіне (Үкіметтің үкімі бойынша) беріліп, кейіннен олар банктерге және олардың акционерлеріне пайда әкелмек түгіл, уақытында қайтарылмай қалды. Ондай қарыздардың ешкімге де пайдасы болған жоқ.
Коммерциялық банктер өз клиенттерінің сақтауға қолайлы әр түрлі депозиттерді ұсыныды, бұл бір жағынан ақшаның сақталуын қамтамасыз етсе, екінші жағынан өтімділікке деген клиенттің қажеттілігін қанағаттандырады. Көптеген клиенттер үшін облигацияға немесе акцияға жұмсағанға қарағанда, мұндай ақшаны сақтау формасы тиімді болып табылады. Қазіргі комммерциялық банктер туралы сөз қозғағанда, несиелік жүйенің басқа да буындары сияқты олардың үнемі дамып отырғандығын айтй кету керек. Яғни операциялар формасы, бәсеке әдістері, бақылау және басқару жүйелері өзгеруде.
Коммерциялық банктердің мынадай бастапқы қызметтері бар: депозиттер қабылдау, ақшалай төлемдерді және есеп айырысуларды жүзеге асыру, несие беру.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz