Электронды БАҚ-тағы әскери-патриоттық тәрбие


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 40 бет
Таңдаулыға:
Бiтiру жұмысы
Электронды БАҚ-тағы әскери-патриоттық тәрбие
Орындаған: Мәншүк Бекбосын
Ғылыми жетекшi: Клара Қабылғазы
Алматы - 2007
Мазмұны: Кiрiспе Негiзгi бөлiм:Қорытынды Сілтемелер көрсеткішіІ тарау Қазақстандық патриотизм - мағынасы кең ұғым ІІ тарау
ІІІ тарау
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кiрiспе
«Отан» деген сөзбен біз бала кезімізден таныспыз. Адамдарда бұл ұғым әр түрлі түсінік аясын қамтиды: біреу оны туған жермен, біреу тұрған жермен, ал үшінші біреулер тұтас планетамен байланыстырады. Мұнда ешқандай қателік жоқ, тұтаса келгенде, осы ұғымдардың бәрі адамдардың Отан туралы жалпы түсінігін түйсіндіреді. Бiздiң елде Қазақстандық патриотизм қалыптасып дамып келе жатыр. Патриотты гректерше айтсақ, отандас болып шығады екен. Тағдырдың бұйрығымен отандас болып отырған Қазақстан халқы патриоттық сезiмдi ту етiп ұстауы керек. Мұнсыз Казақстандық патриотизм ұғымы әншейiн ұран болып қала бермек. Тұрған елiн, туған жерiн, құрмет тұтып, сүймейiнше, сол үшiн жаны күймейiнше Қазақстан азаматы болып қалу мүмкiн емес. Ендеше патриотизмдi дамытып, қалыптастыра бiлсек қана тәуелсiздiк тұғыры мықты болмақ. Бұл тұрғыдан келгенде біздің Электронды БАҚ-тағы бағдарламалары осы талаптардан шыға алып отыр ма? деген сұрақ туындайды. Біздің көптеген жергілікті телеарналарымыздағы бағдарламалардың көбі атыс-шабыс, әлемдегі болып жатқан қырғын соғыс, су тасқыны, қар көшкіні тағы басқа осы сияқтыадамда үрей тудыратын мәселелерден бастайды. Көрсетілетін фильмдерде, көңіл көтеруге арналған бағдарламаларда руханилыққа, отаншылдыққа баулудың үні де қалмаған. Көрермен қауым оңай жолмен демалуға, ойланбауға бейімделіп алды. Бұған телеарналардағы бағдарламалар себепкер. Бұдан тұлғаның танымдық, ұлтжандылық қызығушылығын арта қоятыны күмән тудырады. Ал БАҚ-тың адам жанына әсер етушілік күшін ешкім жоққа шығармайды. Біра, дәл қазіргі кезде мәселенің әлі де дұрыс жолға қойылмағанына көрермендердің өздері куә. Олай болса, көрермен қауымның бойында, әсіресе жастардың бойында дүние туралы дұрыс көзқарасты, сенімді, мінез-құлық дағдыларын, әдеттерді, Отанға деген патриоттық сезімін қалыптастыруда бұқаралық ақпарат құралдарының рөлін ескерту шарт. Бұл жерде әңгіме теледидардың ғана емес, радио бағдарламаларының да рөлі туралы болып отыр.
Өз ұлына арнаған хатында В. А. Сухомлинский Отан туралы былай деп жазыпты: «Есіңде болсын, Отан - сенің бесінің, сенің үйің, сенің бақытыңның ошағы. Бұл қисапсыз қан мен тер төгілген сенің ата-бабаларыңның жері. Туған үйде жақсы нәрселер де, жамандықтар да болған. Егер сен жамандықты көрсең, ол жамандық сенің үйіңде, сенің бесігіңде екенін ұмытпа. Туған үйдегі зұлымдыққа жауыз адам ғана табалап қуанады. Зұлымдықтан сырт айналма, сенің туған үйіңде зұлымдық орнына ізгілік болатындай етіп тірлік жаса. Сен туған үйіңдегі зұлымдық туралы қандай бір жақсылық істегенде ғана айтуға құқылысың. Жамандық жайлы бір ауыз сөз айту құны ондаған жақсы істер істеумен алынады. Отан - мейірімді де талапшыл ана. Егер оның ұлы жаман адам - жалқау, жаны ашымас ерік-жігері ез, екіжүзді, ұждансыз пенде болып шықса, анаға ауыр соғады. Егер сен нағыз адам болмай шықсаң, туған анаң сияқты Отанға да ауыр. Отан сені мақтаныш ететіндей өмір сүріп, еңбек ет».
Адам өз Отанын өліп-өшіп сүйсе, оған жан-тәнімен адал берілсе, керемет емес пе! Алайда біз кейде міндетсіп, бірдеңе алсам дейтін тұтынушылық қарым-қатынасты да кездестіріп қалып жүрміз немесе осынау қасиетті ұғымды саяси ойынға аярлықпен пайдаланатын, сондай-ақ бұны жай әншейін бос сөз санайтын адамдар да ұшырасады. Адамның өз Отанына қарым-қатынасы, ең алдымен, оның кемелділік пен әлеуметшілдік дәрежесіне, оның ішкі дүниесінің жағдайына, ақыл-ойына, ар-ұятына, жан-жүрек сезіміне, оның адамгершілік деңгейіне байланысты. Бұл қарым-қатынас кішкентай бала кезінде үздіксіз оқу-тәрбие процесі арқылы, әлеуметтік тәжірибені меңгеру, көзқарасты бекіту мен жеке тұлғаның құндылықтарға бағдарлануы процесі арқылы қалыптасады да, адамгершілік ћәм рухани идеалдармен айқындалады. Өз Отанын сүйетін адамды патриот дейді. Нағыз патриоттық әсіре қызыл асқақ сөздерді керек етпейді. Бұл адам анаға деген махабаттай жүрек түпкірінде сақтайтын асыл сезім іспетті. Патриот бола тұрып, туған жерге кіндігімен байланғанын сезінбеу, ұлағатты бабаларының ұлы Даланы қалай сүйгенін, сақтап қалғанын, «Отан - оттан да ыстық» деп ұрпағына өсиеттеп кеткенін білмеу мүмкін емес.
Отанға қарым-қатынас күнделікті тәртіптен, күнделікті қылық пен іс-әрекеттен көрінеді. Ол адамның мемлекет өмірі өртіп жатқан елдегі заңдарға қарым-қатынасынан да білінеді. Бір сөзбен, адам өмірі, күн сайын адал да ақ жарқын істер мен басқа кісілерге, өз достарына деген адал қарым-қатынасқа толы болса, ондай жағдайда Отанға құрметі мен ізеті хақындай айтуға болады. Өте маңызды бір нәрсе: патриотизм азаматтан Отанға деген біржақты құбылыс ретінде өмір сүріп, дамуға тиіс емес, сондай-ақ Отаннан азаматқа деген кері байланыс болуы шарт. Ол мемлекет өз азаматтарына толыққанды да игілікті өмір сүруі үшін беруге міндетті экономикалық, саяси және басқа кепілдіктермен, құқықтармен және бостандықтарымен бейнеленуі тиіс. Осы тұрғыда ұлы ұстаз А. Байтұрсыновтың мына бір ұлағатты сөзін әрқашан есте ұстауымыз керек: «Балам деген жұрт болмаса, жұртым дейін бала қайдан шықсын!. . Аталық міндетін атқарып отырған жұрт жоқ, жұртқа борыштымын деп жүрген қазақ баласы жоқ . . . Мойындағы борышты білу - білім ісі, борышты төлеу - адамшылық ісі». Сөйтіп, адамның Отанға деген махаббаты - қалыпты өсіп-жетілетін әр адамның табиғи өмірлік қажеттілігі, ол оған өз өмірлік мақсаттары мен мүдделерін дұрыс таңдауға мүмкіндік береді. Кім де кім, өз жүрегінде анаға деген махаббаты сезінбесе, өз жүрегінде Отанға деген махаббатты сезінбесе, ол адам сорлы және үлкен есеппен алғанда, бақытсыз. Ондай пенделер ұшарын жел, қонарын сай білетін қаңбақпен тең; тамырсыз, жансыз, қастерлі сезімсіз, кешегісіз, бүгінгісіз және болашақсыз.
Бiтiру жұмысының өзектiлiгi. Басты тақырып - Электронды БАҚ-тағы әскери-патриоттық тәрбие мәселелері (2006-2007 жылдардағы эфирге шыққан материалдар негізінде) . Бiздiң мұрат - тақырыпты ашу, сол төңiректе тұщымды әңгiме қозғау, өткенге көз жүгiртiп, келешекке кемел көзқарас, елдiк сана тұрғысынан қарау. Аз болса да ұрпақ үшiн, ел үшiн, қазақ қамы деп эфирден берілетін санаулы әскери хабарларды шамамыз келгенше талдауға, ондағы көркемдiк айшықтарды көрсетуге тырыстық. Осы тақырыпта тыңнан түрен салып, ой қозғауды, тұщымды сөз айтуды мiндет санадық. Бiтiру жұмысының өзектiлiгi осы болса керек.
Бiтiру жұмысының мақсаты. Бiтiру жұмысын жазудағы мақсат ұрпақ тәрбиелеуде, елiн-жерiн сүюде, мемлекетшiлдiк, ұлттық рух қалыптастырудағы бағдарламалардың ерекше орны жайлы сөз қозғау болып табылады. Сондай-ақ осы хабарларға баға берiп, жетiстiк пен кемшiлiк, табыс пен қалыстарына үңiлiп, әрi қарай оларды дамыту, жетiлдiру бағыттарына ұсыныстар енгiзу.
Бiтiру жұмысының нысаны. Бiтiру жұмысы «Хабар» арнасындағы «Айбын» бағдарламасы мен Қазақ радиосынан берілетін «Саптағы сарбаз» хабарлары негiзiнде жазылып шықты. Егемендік алған еліміз үшін оны сол деңгейде ұстап тұра алу мақсатында Отанға деген сүйіспеншілік, яғни патриоттық тәрбие алдыңғы қатарға шығып отыр. Жас ұрпақты отаншылдыққа тәрбиелеу мемлекеттік маңызды мәселе екенін тағы бір еске сала отырып, басты басымдықты бұқаралық ақпарат құралдарының өскелең ұрпақты тәрбиелеу мәселесіне арнадық.
Бiтiру жұмысының ғылыми-әдiстемелiк негiзi.
Бiтiру жұмысының жаңалығы. Бiрiншiден, әскери-патриоттық тәрбие қоғамдық қызметi аздап зерттелiнсе де, оның публицистикасы жекелей алынып зерттелiнген жоқ. Баға берiлген жоқ. Екiншiден, бiтiру жұмысында Электронды БАҚ-тан берілетін хабарлар жан-жақты қарастырылады. Бұл болашақта басқа да зерттеушiлердi қызықтыруы мүмкiн. Ең бастысы, бұл тақырыпқа бұған дейiн тыңнан түрен салынған жоқ. Бiтiру жұмысының жаңалығы да осында.
Тәжiрибелiк құндылығы. Бiтiру жұмысын жоғары оқу орындарының студенттерi көмекшi құрал ретiнде қолдануына болады. Сонымен қатар елiмiзде бұл еңбектi болашақта зерттеу жұмыстарына да пайдалануға болады деп ойлаймын.
Зерттеу әдiсi. «Электронды БАҚ-тағы әскери-патриоттық тәрбие мәселелері» тақырыбын ашу барысында талдау, саралау әдiстерi қолданылды.
Бiтiру жұмысының құрылымы. Бiтiру жұмысы кiрiспеден, негiзгi бөлiм, қорытынды, сiлтемелер мен пайдаланылған әдебиеттер тiзiмiнен тұрады. Жалпы көлемi 50 беттен тұрады.
Бiтiру жұмысының мазмұны. Кiрiспе бөлiмде «Электронды БАҚ-тағы әскери-патриоттық тәрбие» тақырыбының өзектiлiгi, бiтiру жұмысын жазудағы мақсат пен мiндет айқындалды. Негiзгi бөлiмнiң І-тарауы «Қазақстандық патриотизм - мағынасы кең ұғым» деп аталады. Мұнда патриотизм дегеніміз елдің келешегін баянды ететін, оның қалыптасу, өркендеу жолында әр адамның қосар үлесімен өлшенетіні айтылған. Сондай-ақ патриотизм тәрбиеге байланысты қалыптасатыны, ол ең алдымен отбасындағы тәлім-тәрбиеден бастау алатыны тілге етілді. Бiтiру жұмысының ІІ-тарауы . . . деп аталады. Бұл тарауда «Хабар» телеарнасынан берілетін «Айбын» әскери-патриоттық бағдарламасының ұлтымыздың патриоттық сезімін оятудағы маңызы жөнінде айтылады. Ал . . . деген атпен берілген ІІІ-тарауда тыңдаушыларды әскер өмірінен хабардар етіп, жастарды Отаншылдыққа тәрбиелеуде ықпал етіп отырған Қазақ радиосынан берілетін «Саптағы сарбаз» хабарына арналды. Бiтiру жұмысының соңғы бетiнде сiлтемелер мен пайдаланылған әдебиеттер тiзiмi көрсетiлген.
І тарау. Қазақстандық патриотизм - мағынасы кең ұғым
Патриотизм, әсіресе, қазақстандық патриотизм дәл бүгінгі таңда айрықша маңызға ие болып тұр. Тәуелсіз еліміздің ғаламдық өркениет ортасынан өзінің лайықты орнын алуы үшін де бұл ерекше өлшемнің екені даусыз. Патриотизм, ұлтжандылық, елжандылық мәселесін тек қана соңғы он жыл көлеміндегі оқиғалармен, өзгерістермен орайластырып, шектеп қалу жеткіліксіз. Әрине, Аллаға мың тәуба, еркiндiкте өмiр сүрiп жатырмыз. Ел аман, жұрт тыныш. Еңсемiз биiк. Тiлiмiз бар, дiнiмiз бар, дiлiмiз бар. Ұшса құс қанаты талатын, шапса тұлпар тұяғы тозатын кең байтақ жерiмiз бар. Осындай жарқын өмiрге қарап қазақтың болашағы жарқын, алар асуымыз әлi алда деуге толық негiз бар. Бiрақ, адамзат баласы өткенге үңiлгенде ғана болашақтың баянды болатынын ұмытпауға тиiс. Өткеннен үлгi алған ел ғана өседi, болашақ та, бақыт та соның қолында. Қазақтың бүгiнгi еңселi өмiрi кешегi қанша ғасырлар бойы төгiлген қан, төгiлген тер, еселi еңбекпен келдi. Тәуелсiз елмiз. Тәуелсiздiк те оңайлықпен келген жоқ. Осынау адамзат баласының алтынға, тiптi, дүниедегi ең асыл затқа айырбастамас ұлы құндылығы Тәуелсiздiк бiзге аспаннан түскен жоқ. Осы жолда қанша ата-баба қаны судай ақты, қаншама ақылды бас пен асыл жүрек тоқтады. «Өткеннің бәрі сабақ» демекші, ұлттың пірі, өлі мен тірінің таразысы, жалпыхалықтық күрес ақиқаты - Азаттық! Адамзат әлемінің ұлы күресі буырқанып, шамырқанып, тұлданған түйткілдер алауын жаққан. Талай тамаша адамдар жанын қиып, осы өмір жарығына ғасырларды аттап өтіп, біртіндеп жақындай берген, жылжи берген. Бірақ бұл «тар жол, тайғақ кешу» екен. Шыңғыс құлдығын үзіп, Алтын Ордасын тұл етіп, этностардан үздік шықтық. Бұл, азаттық па? Әрине. Бірақ бұл бастауы екен. Ғасырларға созылған тымырсық қоғамды тәрк етіп, 1917 жылға жеттік. Сөз жоқ, Азаттық! Бұл да бір тарихи-саяси хамелеон болып шықты. Азаттықтың алғашқы анық белгілері ұлттың дара қасиетін, мақсат-мүддесін бірінші орынға қою. Ахмет Байтұрсынұлының от ұшқындаған жер, ел, мал, ұрпақ (оқу) туралы «Ашық хаттары», Міржақып Дулатұлының «Оян, қазағы», Мағжан Жұмабаевтың «Түркістан» гөй-гөйі жүректен у болып төгілді де, жылағанның тамырына егіп, тарыққанның таңдайына басатын рухани донорлық қызметін атқарды. Бірақ бұл айтқандары алыптар тобының мойындарына дар ағашының тұзағы болып тартылды да, 1932-1939 жылдар құрдымға сүңгіп кетті. Әлгі қанішер Гитлердің басын итке тастадық. Бұл, әлемдік-жершарылық Азаттық болып шықты. Ақыры, қызды бұрымынан сүйретіп, ұлды итке талатып 1986 жыл келді.
Міне, осындай қиын-қыстау заманды бастан кешіріп, тәуелсiздiкке де қолымыз жеттi. Егемен елiмiз әлемдiк өркениетке бет түзеу мақсатын қойып отыр. Әрине, бұл ұлы мақсатқа барар жолда қиындықтар да жетерлiк екенi жасырын емес. Оларды жеңiп, қоғамдық дамуымызды жетiлдiретiн, көркейтетiн түрлi реформалық шаралар да кеңiнен қолға алынуда. Бұл шаралардың жедел әрi пәрмендi iске асуы әрине, қоғам мүшелерiнiң жоғары санасы мен отаншылдық сезiмiне де тiкелей байланысты. Ұлттық намыстың да бұл ретте орны айрықша. Республикамыз көпэтносты, шүкiр, береке-бiрлiгiмiз көңiл тоғайтады.
Сонымен, қазақстандық патриотизм ұғымын қалай түсiнемiз? Өз ұлтын сүймеген адамда ұлттық намыс та болмайды. Халқымызда «ердi - намыс өлтiредi, қоянды - қамыс өлтiредi» деген мақал бар. Намыссыз адам ез келедi, оған жаман сөз ередi. Ұлттық намысымыздың күштiлiгi - бүкiл өткен тарихымыздың айғағы. XVIII ғасырдың ортасында әлi де жоңғар қалмақтарымен соғыс толастамай тұрғанда елшiлiкке барған. Қазыбек би артындағы айбарлы, ержүрек халқына арқа сүйеп, соның намысын жыртып, қалмақ ханы Қоңтәжiге айбаттана:
- Бiз қазақ деген мал баққан елміз, бiрақ ешкiмге соқтықпай жай жатқан елмiз. Елiмiзден құт-береке қашпасын деп, жерiмiздiң шетiн жау баспасын деп, найзаға үкi таққан елмiз, ешбір дұшпанға басындырмаған елмiз, басымыздан сөздi асырмаған елмiз. Досымызды сақтай бiлген елмiз, дәмi-тұзын ақтай білген елмiз, асқақтаған хан болса, хан ордасын таптай бiлген елмiз . . . Сен қалмақ болсаң, бiз - қазақ, қарпысқалы келгенбiз, сен темiр болсаң, бiз көмiр, ерiткелi келгенбiз, қазақ, қалмақ баласы табысқалы келгенбiз, танымайтын жат елге танысқалы келгенбiз, танысуға келмесең, шабысқалы келгенбiз, сен қобылан болсаң, мен арыстан, алысқалы келгенбiз! - деп биiк мәртебе өрлiк пен ерлiк көрсетедi. (1) .
Ұлттық намыстың жоғары үлгiсiн бiз Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың жеке басының ұлттық, қасиеттерiнен де көремiз. Ол туралы көрнектi ғалым, Шоқанды өте жақсы бiлген сырлас досы Григорий Потанин:
- Шоқан: - Мен ең әуелi қазағымды жақсы көремiн, онан соң Сiбiрдi, онан кейiн Россияны, онан кейiн бүкiл адамзатты жақсы көремiн. Орыс қазақты сабап жатса, мен қазаққа болысамын. Егер орысты француз сабап жатса, менiң жүрегiм орыс жағыңда, - деп жазған екен. (2) . Ол бойына сiңген ұлттық намысын көрсете отырып, басқа жұртты да жатсынбайтынын аңғартады.
Ал, қазiргi қазақта ұлттық намыс бар ма? Әрине, бар. Қазақ баласының бойында ұлттық намыс ұшқыны өшкен емес. Мұның жарқын бiр мысалы ретiнде кешегi 1986 жылғы желтоқсанындағы қазақ, жастарының қозғалысын айтуға болады. Ұлттық намысы топтасып, шегiне жетiп, шиыршық атқан жастар шеруi езiлiп, ез болып бара жатқан ұлттық сананы дүр сiлкiндiрiп оятып, ойландырып кеттi. Отаншылдық ұлттық намыстан алшақ жатқан ұғым емес. Олар, тiптi керек десеңiз, бiрiнен бiрi туындап, бiрiн-бiрi толықтырып, дамытып, жетелеп, жетiлдiрiп отыратын қасиеттi де киелi сезiмдер. Кейбiр зерттеушiлер - ол қозғалыс емес, жәй оқиға едi (событие) - деп қозғалыстың мәнiн кемiткiсi келедi. (Онда бiраз қантегiс болғанымен, жастар көтерiлiсi, негiзiнен, бейбiтшiлiк сипатта болды) . Ал ендi сол көтерiлiстiң ең бiр көрнектi тұлғасы Қайрат Рысқұлбековтiң соттағы соңғы сөзiне құлақ түрейiк:
Қазақ деген затым бар,
Қайрат деген атым бар,
Еркек тоқты құрбандық,
Атам десек, атыңдар! - деп қасқайып тұрып алған. Мұнда қаншалықты ұлттық намыс, қаншалықты қайыспас қайрат пен қайсарлық жатыр десеңiзшi. Желтоқсаншылар қазақ ұлтының намысын аяққа басқан Мәскеудiң империялық, ұлы державалық, қала бердi, нәсiлдiк кемсiтушiлiк саясатына намыстарын ту етiп ұстап қарсы шықты ғой.
Шынайы отаншылдық ұлттық намыспен өзектес құбылыс. Өз ұлтының перзентiмiн деп бiлмеген, оны сүймеген адам шын мәнiнде отаншыл бола алмайды. Ұлы Абай: - Әкесiнiң баласы - адамның дұшпаны, адамның баласы - бауырың, - дегенде ата-анаңның ғана баласы болып отбасы ошақ қасында қалып қоймай, бүкiл ұлтыңды бауыр тұтып отаншыл бол дегенi едi. Ал кемеңгер ақын:
- . . . бүкiл ұлттың мүддесi қатал әдiлеттiкке жүгiнгенде жеке басымның пайдасынан жоғары болу керек, - деп нағыз ұлтшылдық көрсетiп едi. (3) . Шоқанның бұл әдiлеттi пiкiрi қазiргi кезде тайпалық, рушылдық әрекеттерiмен ұлттық мүддеге жат жасайтын кейбiр шенеунiктер мен дүмше зиялыларды да меңзеп тұр. Сонымен қатар Шоқан: «реформа сол халықтың мүддесi, пайдасы үшiн жасалып, оның материалдық қгажына шақталуы әрi сол қоғамның ұлттық мiнез-құлқына келуi қажет» деп жүргiзiлетiн өзгерiстердiң сипаты, принциптерi Отан мүддесiне сай келгенде ғана пайдалы», - деп көрсетеді. (4) .
Қазақстандық патриотизм ұғымын мен қазақ елi деген ұғыммен салыстыра, сол елдi сүйемiн деген менi бар деп түсiнемiн. Жалпы «патриотизм» ұғымына тоқталар болсақ, қазақ энциклопедиясының 9-шы томында «Патриотизм» (грек. Раtriotes - отандас, раtris - отан, туған жер) - Отанға деген сүйіспеншілік, бойындағы күш-қуаты мен білімін Отан игілігі мен мүддесіне жұмсау. Туған жерін, ана тілін, елдің әдет-ғұрпы мен салт дәстүрлерін құрмет тұту сияқты патриотизм элементтері ерте заманнан бастап-ақ қалыптаса бастайды» деп көрсетілген. (5) .
Қазақ жерi әрқилы тарихи кептермен, тағдырдың айдауымен келiп орын тепкен түрлi ұлттар мен ұлыстар өкiлдерiнiң отанына айналды. Соның нәтижесiнде 1970 жылы Қазақстанның 13009 мың халқының 4234-і, яғни 32, 6% қазақ болды да, 5522 мыңы 42, 5% орыстар, тағы басқа ұлт өкiлдерi болған (6) . Сөйтiп, қазақ ғасырлар бойы ата-бабаларының кiндiк қаны тамған, талай жат елдердiң шапқыншылығынан қорғап қалған өз жерiнде азшылыққа айналды.
Ұлттық намыс деген барлық халықтарға ортақ ұғым. Намысы жоқ халық болмайды. Ұлттық намыс жойылғанда этнос өзге күйге түседi, яғни ұлт болудан қалады. Тарихта мұндай жағдайлар болған. Ұлттық намыс қоғамдық пiкiрде айқын бiлiнген кезде адамдардың ұлт-этнос болып қалыптасуы қарқынды болмақ. Ұлттық намыс, әсiресе, ұлт-азаттық қозғалыс кезiнде, жаңадан саяси билiкке қолы жетiп, яғни ұлттық мемлекеттi құрғанда көрінбек. Мұндай халды қазiргi өркениет жолына мықтап халықтар басынан кешiрген. Сондықтан ұлттық намыс халқына қатысты айтылған мәселе емес. Ал, нақты қазақтың ұлттық намысы туралы айтсақ, бұл жерде бiркелкi сөз. Себебi, ұлттық намысты дұрыс түсiну бар, терiс түсiну бар. Дұрыс түсiну дегенiмiз - ұлттық намыс ешқашанда өзге ұлттық намысына зиянды кесел болмауы керек. Егер де өзiнiң ұлттық намысын ту етiп ұстап, өзге халыққа қысым көрсету қиянат пен зұлымдыққа жатады. Өз халқыңды, өз арыңды бағала, бiрақ өзгеге эгоистiк қылық көрсетпе. Қазақтың ұлттық намысы дегеңде осы мәселеге мұқият қараған жөн. Отаншылдық деген тiкелей ұлттық намысқа байланысты. Қазақ - аса намысшыл халық. Бұл «малым - жанымның садақасы, жаным - арымның садақасы» дейді қазақ. Бәрi түбiнде намысқа барып тiреледi ғой. Ал намыс адамның бiлiгiне байланысты.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz