Оңтүстік Қазақстан баспасөзі
КІРІСПЕ
Негізгі бөлім 3
І ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН БАСПАСӨЗІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ
1.1
1.2
Облыстық «Оңтүстік Қазақстан» газетінің аймақтық БАҚ жүйесінде алатын орны
Оңтүстiк Қазақстан қалалық және аудандық газеттерінің іс. тәжірибесі
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер 9
26
50
ҚОРЫТЫНДЫ 127
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
133
ҚОСЫМША
137

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Зерттеу жұмысында Оңтүстік Қазақстан баспасөзінің мүмкіндіктері зерттеліп, ғылыми-танымдық бағыттары анықталды. Жергілікті басылымдардың іс-тәжірибелері зерттеу нәтижесі ретінде жүйеге келтірілді. Зерттеудің болашақтағы зерделенетін бағыттарына ұсыныстар анықталды.
Тақырыптың өзектілігі. Дәл қазір медиа дәуірі басталды десек, мұны бүгінгі ақпараттық қоғамның өскелең сұраныстарымен түсіндіруге болады. Қоғамда жедел ақпарат туралы өзгеше пікір, жаңаша көзқарас қалыптасып отыр. Дегенмен, ақпараттық орта өзгергенімен, журналистиканың құндылықтары сол күйінде қалды деуге болады. Оның қоғамдық қатынастардағы рөлі мен орны бүгінде көп өзгерістерге ұшырай қойған жоқ. Керісінше, маңызды коммуникация құралы ретінде бұқаралық ақпарат құралдары бұрынғыдан да пәрменді бола түсті.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев 2007 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында жаңа кезеңдегі міндеттердің бірі ретінде дамуымыздың негізгі тармақтарын айқындай отырып, солардың ішінде «БАҚ-тың үйлесімді дамуына жәрдемдесу» деген бағытты атап көрсеткен [1]. Онда әлемдік өркениет өрісі демократиялық құндылықтар арқылы адамзат мүддесіне қызмет етуі тиіс, әр адамның жеке рухани сұраныстарын, көпұлтты және көпконфессиялы қоғамымыздың дәстүрлерін бұқаралық ақпарат құралдары арқылы насихаттап, олардың үйлесімді дамуына, өркендеп өсуіне жағдай туғызған жөн деген сындарлы саясат жатыр.
Ғаламдану кезеңінде ақпараттық тәуелсіздік мәселелері де кездеседі. Дүниежүзілік алпауыт топтардың қай салада болмасын үстемділікке ұмтылуы жағдайында ұлттық ерекшелігімізді қорғау, бар мұрамызды жоғалтып алмай, келер ұрпаққа аманат ету, дәстүрдің озығын жетілдіріп, тозығынан арылу – ұлттық журналистиканың мұраты. Осы бағытта аймақтық басылымдардың алатын орны да өзгеше. Бұқаралық ақпарат құралдары ең көп шоғырланған өлке – Оңтүстік Қазақстан облысы. Мұнда қазіргі таңда облыстық баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда 450-ге жуық ақпарат құралы тіркелсе, 300-ден аса газет-журнал жарық көреді. Оңтүстік Қазақстандағы бұқаралық ақпарат құралы заман ағымына iлесiп, жеделдiгiмен жаңашыл прогресс туындатып отыр. Ақпарат алу, тарату ауқымы кеңеюде. Әлемнiң кез-келген түкпiрiнен жедел хабар алуға мүмкiндiк туды. Ауқымды құрылымдардың қалыптасуымен және жаңа ақпараттық технологиялардың дамуымен қатар, аз ғана қауымның мүддесiн қамдаған шағын ақпарат құрылымдары пайда болуда. Яғни, оңтүстік аймақта халықтың белгiлi бiр топтарына хабар тарататын бұқаралық коммуникациялар кең өрiс алып келедi. Ақпарат әлемiнде болып жатқан осынау өзгерiстер, сөз жоқ, Оңтүстік Қазақстан облысының баспасөзiне де, журналистердің шығармашылық еңбегіне де өз ықпалын тигiзiп отыр.

1 Назарбаев Н. Жаңа әлемдегі – жаңа Қазақстан. –Алматы, 2006. – 255 б.
2 Байтұрсынов А. Ақ жол. – Алматы: Жазушы, 1991. – 463 б.
3 Дулатұлы М. Шығармалары: Мақалалар мен зерттеулер. – Алматы: Ғылым, 1997. – Т.2. – 344 б.
4 Бөкейхан Ә. Таңдамалы. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 1995. – 478 б.
5 Бекхожин Қ. Қазақ баспасөзiнiң даму жолдары. – Алматы: Қазмембас, 1964. – 264 б.
6 Кенжебаев Б. Қазақ баспасөзiнiң тарихынан. – Алматы: Қазмембас, 1950. – 38 б.
7 Жұмалиев Қ. Әдебиет теориясы. – Алматы: Мектеп, 1969. – 244 б.
8 Қожакеев Т. Жас тiлшiлер серiгi. – Алматы: Рауан, 1991. – 224 б.
9 Амандосов Т. Публицистика – дәуiр үнi. –Алматы: Қазақстан, 1974. – 120 б.
10 Елеукенов Ш. Замандас парасаты. – Алматы: Жазушы, 1977. – 229 б.
11 Омашев Н. Қазақ радиожурналистикасы. – Алматы: Қазақ университетi, 1992. – 262 б.
12 Қозыбаев С., Бекболатов Ж. Өмiр айнасы. – Алматы: Қазақстан, 1990. – 87 б.
13 Барманкулов М. Журналистика для всех. – Алма-Ата: Казахстан, 1979. – 318 с.
14 Қазақ газеті. 1913, № 1.
15 Ыдырысов Ә. Қазақ журналистикасының қалыптасуы мен даму тарихынан. //ҚазҰУ Хабаршысы, Журналистика сериясы. 2005. №2.
16 Байтұрсынов А. Шығармалары. –Алматы, 1989. 211 б.
17 Амандосов Т. Совет журналистикасының теориясы мен практикасы. –Алматы: Мектеп, 1978. 126 б.
18 Ыдырысов Т. Баспасөз – өмір айнасы. –Алматы: Қазақстан, 1973. 120 б.
19 Қожакеев Т. Сатира жанрлары. – Алматы: Қазақстан, 1992. – 255 б.
20 Шәріпов А. Сұлтанбек Қожанұлы – әдебиетші. – Алматы, 1994. – 23-37 бб.
21 Мұқанов С. Өмір мектебі. Үшінші кітап. – Алматы, 1970. – 95 б.
22 Сайыпназаров А. Отан үшін аянатын ештеңе жоқ // Оңтүстік Қазақстан, – 1941. – 19 қыркүйек.
23 Дүйсенов Б. Отаншылдық өнеге // Оңтүстік Қазақстан, – 1946. – 15 қазан,
24 Тілегенов Қ. Ойландырар мәселе көп // Оңтүстік Қазақстан, – 1994. – 26 қараша.
25 Қожакеев Т. Жыл құстары. – Алматы. 1991. – 95-98 бб.
26 Кәдеев П.Әдекең мен Әлекең // Шымкент келбеті, – 1994. – 25 қараша.
27 Байұзақов Ш. Кескін мен келбет үйлессе // Оңтүстік Қазақстан, – 1994. – 26 қараша.
28
29
30 Атабаев Қ. Қазақ баспасөзі: Қазақстан тарихының дерек көзі (1870-1918). –Алматы: Қазақ университеті, 2000. – 295 б.
31
32
33
34 Қабанбай М. Қазақ, қайда барасың? – Алматы: Қазақстан, 1995. – 61-62 бб.
35 Нұрғалиев Р. Мұхтар Әуезов және Алаш. –Алматы, 1998.
36 Құрманбайұлы Ш. Қазақ журналистикасының жайы //Жас Алаш, – 1998. – 19 қыркүйек.
37
38 Бекниязов Т. Халықаралық журналистиканың дамуы. –Алматы: Қазақ университеті, 2003. – 20 б.
39 Мұқан С. «Айғақ» жергілікті басылымдардың проблемасын шешуге де атсалысып келеді» // Журналист, – 2002. – 2 желтоқан.
40 Тшанов неге үнсіз? //Айғақ. – №7. – 2000.
41 Қозыбаев С. Журналистика белгілі бір күштің шылауында кетпеу керек // Ақ жол Қазақстан, – 2004. – 19 наурыз.
42 Солдат қатарына iлiгу оңай емес // Замана, – 2004. – 3 мамыр.
43 Шамақайұлы Қ. Сөз бостандығы: бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ //Журналист, – 2004. қазан.
44 Рабинович Ю.М. Время есть // Новое поколение, – 1990. – 20 июль.
45
46
47
48 Ижанов З. Қазақ басылымын қолдау туралы құжат // Ақиқат. – № 3. –1998. – 64 б.
49 Омашев Н. Журналистиканың жаңа стилі // Ақиқат. –№ 3. –1997. – 86-87 бб.
50 Ибраева П. Ақынмен жүздесу // Евразия kz. – №140 (199). – 2008. – 2 б.
51 Шаханов М. Күрестің көкесі әлі алда //Оңтүстік таңы, – 2008. – 8 қазан.
52 Әбсаттаров Р. Конституция және ұлт саясаты //Ақиқат, – № 7. – 1993.–37 б.
53 Мыңбаев Д. Жартыкеш шындық жалғандықтан жаман //Оңтүстік Қазақстан, – 1998. – 13 мамыр.
54 Кенжеғұлов Н. Керуенге ермек едің, көшіп бақ // Шымкент келбеті, – 1999. – 24 маусым.
55 Байғұт М., Қонысбек Б. Жанкешті жауапкершілік жеңеді // Оңтүстік Қазақстан, – 2003. – 30 қаңтар.
56 «БАҚ және ұлттық мүдде» атты ғылыми-тәжірибелік конференциясының қарарынан, – 2003. –25 сәуір.
57 Бегалыұлы Н. Бес миллиондай қаржыны өзіміз табамыз //Егемен Қазақстан, – 2005. – 9 ақпан.
58 Оқырманға ең жақын газет // Егемен Қазақстан, – 2005. – 9 ақпан.
59 Рәмберді Т. Редактор екінші рет қызметтен кетті. Құрылтайшылар мен аудандық газет редакциясы арасындағы кикілжің енді реттеле ме? // Егемен Қазақстан, – 2000. – 27 желтоқсан.
60 –
61 Исабаев Б. Ұлт саясатының бүгінгі жайы //Ақиқат, – № 9. – 1998. – 26 б.
62 Шамақайұлы Қ. Журналист шеберлігінің негіздері. – Қарағанды, 2002. –16 б.
63 «Баспасөз және басқа бұқаралық хабарлама құралдары туралы» Заң. //Егемен Қазақстан, 21 тамыз, 1991.
64 Смайылов К. Бар өнердің басын қосып //Жұлдыз. – № 6. – 1985. – 55 б.
65
66 Жақып М. Журналистикаға құштарлық. – Шымкент: Ғасыр-Ш, 2002. – 136-138 бб.
67 Смайыл Ж. Басты мәселенің өзегі //Егемен Қазақстан, – 2002. – 11 тамыз.
68 –
69
70
71 Ерментаев Е. Қоқысқа толы қала үшінші бола ала ма? //Шымкент келбеті, – 2006. – 17 маусым.
72
73 –
74 Алдияр Б. Көпшілігін құртатын тақырып //Айғақ, – 2003. – 18 маусым.
75 Сәрсенова Ұ. Адам етіне дәніккен қара төбет // Құпия сыр, – 2005. – 23 мамыр.
76 Изимбергенов Ж. Инновационные медиа-проекты удаются лишь в провинции. Откуда берет начало «оригинальная многопартийность»? // Мегаполис, – 2003. – 13 ноябрь.
77 Грабельников А.А. Массовая информация в России: от первой газеты до информационного общества. –М.: Изд-во РУДН, 2001. – с. 316.
78 Қоңыратбаев Ә. Шеберлік сырлары. – Алматы: Жазушы, 1979. – 54 б.
79 Қарабалина Б. Жезөкше әйелге үйленген жігіт // Мен және Сен, –2007. – 15 желтоқсан.
80
81 Иванова С.М. Основание для тревоги// Свобода Слова, – 2004. – 12-18 ноябрь.
82
83
84 Назарбаев Н.Ә. Түсінісу, үн қатысу жолын табайық // «Егемен Қазақстан», - 2003, – 25сәуір.

Жоспар
КІРІСПЕ 3
Негізгі бөлім
І ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН БАСПАСӨЗІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ
1.1 Облыстық Оңтүстік Қазақстан газетінің аймақтық БАҚ жүйесінде 9
алатын орны
1.2 Оңтүстiк Қазақстан қалалық және аудандық газеттерінің іс-
тәжірибесі 26
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер 50
ҚОРЫТЫНДЫ 127
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 133
ҚОСЫМША 137
К І Р І С П Е
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Зерттеу жұмысында Оңтүстік Қазақстан
баспасөзінің мүмкіндіктері зерттеліп, ғылыми-танымдық бағыттары анықталды.
Жергілікті басылымдардың іс-тәжірибелері зерттеу нәтижесі ретінде жүйеге
келтірілді. Зерттеудің болашақтағы зерделенетін бағыттарына ұсыныстар
анықталды.
Тақырыптың өзектілігі. Дәл қазір медиа дәуірі басталды десек, мұны
бүгінгі ақпараттық қоғамның өскелең сұраныстарымен түсіндіруге болады.
Қоғамда жедел ақпарат туралы өзгеше пікір, жаңаша көзқарас қалыптасып отыр.
Дегенмен, ақпараттық орта өзгергенімен, журналистиканың құндылықтары сол
күйінде қалды деуге болады. Оның қоғамдық қатынастардағы рөлі мен орны
бүгінде көп өзгерістерге ұшырай қойған жоқ. Керісінше, маңызды коммуникация
құралы ретінде бұқаралық ақпарат құралдары бұрынғыдан да пәрменді бола
түсті.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев 2007 жылғы
Қазақстан халқына Жолдауында жаңа кезеңдегі міндеттердің бірі ретінде
дамуымыздың негізгі тармақтарын айқындай отырып, солардың ішінде БАҚ-тың
үйлесімді дамуына жәрдемдесу деген бағытты атап көрсеткен [1]. Онда
әлемдік өркениет өрісі демократиялық құндылықтар арқылы адамзат мүддесіне
қызмет етуі тиіс, әр адамның жеке рухани сұраныстарын, көпұлтты және
көпконфессиялы қоғамымыздың дәстүрлерін бұқаралық ақпарат құралдары арқылы
насихаттап, олардың үйлесімді дамуына, өркендеп өсуіне жағдай туғызған жөн
деген сындарлы саясат жатыр.
Ғаламдану кезеңінде ақпараттық тәуелсіздік мәселелері де кездеседі.
Дүниежүзілік алпауыт топтардың қай салада болмасын үстемділікке ұмтылуы
жағдайында ұлттық ерекшелігімізді қорғау, бар мұрамызды жоғалтып алмай,
келер ұрпаққа аманат ету, дәстүрдің озығын жетілдіріп, тозығынан арылу –
ұлттық журналистиканың мұраты. Осы бағытта аймақтық басылымдардың алатын
орны да өзгеше. Бұқаралық ақпарат құралдары ең көп шоғырланған өлке –
Оңтүстік Қазақстан облысы. Мұнда қазіргі таңда облыстық баспасөз қызметінің
мәліметіне қарағанда 450-ге жуық ақпарат құралы тіркелсе, 300-ден аса газет-
журнал жарық көреді. Оңтүстік Қазақстандағы бұқаралық ақпарат құралы заман
ағымына iлесiп, жеделдiгiмен жаңашыл прогресс туындатып отыр. Ақпарат алу,
тарату ауқымы кеңеюде. Әлемнiң кез-келген түкпiрiнен жедел хабар алуға
мүмкiндiк туды. Ауқымды құрылымдардың қалыптасуымен және жаңа ақпараттық
технологиялардың дамуымен қатар, аз ғана қауымның мүддесiн қамдаған шағын
ақпарат құрылымдары пайда болуда. Яғни, оңтүстік аймақта халықтың белгiлi
бiр топтарына хабар тарататын бұқаралық коммуникациялар кең өрiс алып
келедi. Ақпарат әлемiнде болып жатқан осынау өзгерiстер, сөз жоқ, Оңтүстік
Қазақстан облысының баспасөзiне де, журналистердің шығармашылық еңбегіне де
өз ықпалын тигiзiп отыр. Соның бір қыры – журналистің еркін ақпарат алуынан
көрінеді және неғұрлым жан-жақты көздерді пайдаланып, әр түрлі
көзқарастарды салыстыра білуі. Біздің бүгінгі ақпараттану дәуіріндегі
міндетіміз – мазмұны жергілікті болып келетін бәсекелестікке түсе алатын
өнім шығару.
Өнегелі ұрпақ үшін ізгілікке тізе бүктірер рухани азықтың бірі –
мерзімді баспасөз. Халықтың көзқарасын, белсенді өмірлік бағытын
қалыптастырып, тәрбиелеудегі баспасөздің мақсаты – қашан да күрделі,
арқалар жүгі ауыр. Оқырманның бүгінгі дүниетанымын, өмірдегі күрделі
құбылыстарға көзқарасын қалыптастыратын, арман, мақсатын ой елегінен
өткізер басылымдар қажеттігі туындайды. Қоғамның әлеуметтік саяси бағыт
бағдарында терең өзгерістер болып жатқан қазіргі кезеңде журналистикаға
түбірлі қайта құрулар қажет. Ол біздің бүгінгі тәлім-тәрбиемізге тікелей
байланысты. Бар ғұмырын халық игілігі жолындағы күреске арнауға бекем бел
байлап, журналист болуды армандаған жастарды даярлауда үлкен ізденіс керек.
Себебі, өмірдің шынайы шындығы негізгі тақырыпқа айналды. Осы орайда,
Оңтүстік Қазақстандағы баспасөз де өз дәуірінің жаршысы болып отыр.
Қазақстанның тәуелсiздiгi жолындағы күрес, рухани дербестiк, тiл
тазалығы, ұлттық сананы ояту сияқты ғасыр басындағы қазақ баспасөзiнiң
тағдырына тірек болған өзектi жайттар бүгiнгi баспасөзiмiздiң де күн
тәртібінен түспей, зерделi тақырыбына айналды. Бұл публицистиканың нақты
өмiрге ықпал ету дәрежесiнің бұрынғыдан арта түскендігінің дәлелі бола
алады. Қоғамдық биліктің үш тармағының қалың бұқараға тигізер ықпал күшінің
жоғары екендігі белгілі. Таза ұлттық сананы қалыптастыру үшін кез-келген
мәселеге ұлттық мүдде тұрғысынан қарап, байыппен саралау аса маңызды. Ел
мен жер, жастар мен болашақ тағдырына селқос қарауға болмайтынын әркімнің
жете ұғынуы ғана шырқау биіктерге бастаса керек. Осы бағытта Оңтүстік
Қазақстан облысы жергілікті журналистикасының да өзіндік айшығы мен
ерекшеліктері бар.
Зерттелiп отырған тақырыптың көкейкестілігі осы Оңтүстік өңіріндегі
журналистиканың өз ерекшелiктерiнен туындайды. Бұған Оңтүстік Қазақстан
облысындағы журналистиканың ұстанған бағыты, позициясы, қоғамның iшкi
қайшылықтарына терең бойлап бара алатын шыншылдығы, қоғамдық-саяси, мәдени
таным-тағылымы тиісті алғышарттарды белгiлейдi.
Зерттеудің нысаны. Оңтүстік Қазақстан облысында шығарылатын баспасөз
материалдары.
Зерттеу жұмысының пәні – Оңтүстік Қазақстан облысы баспасөзі ғылыми
тұрғыдан сараптап, талдау болып табылады.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Оңтүстік Қазақстан облысында
шығарылатын баспасөз материалдарын теориялық және ғылыми-танымдық тұрғыда
зерттеу. Газеттердің іс-тәжірибелерін (материалдарын) өңдеу, ұсыныстар
беру. Осы мақсатқа орай бізге мынадай міндеттер жүктеледі:
– Оңтүстік Қазақстан облысындағы журналистиканың бүкіл кезеңін қамтитын
ғылыми-танымдық мақалаларды топтастыру;
– Оңтүстік баспасөзінің өзіндік қырларын және тарихи ерекшеліктерін
анықтау;
– аймақтық журналистиканың өзіндік проблемаларының мән-мағынасын,
мазмұнын саралау;
– жергілікті басылымдардың композициялық-құрылымдық құндылықтарын
айқындау;
– аймақтық баспасөздің іс-тәжірибелерін өңдеу, шығармашылық ұсыныстар
жасау.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Бұл – Оңтүстік Қазақстан облысының
аймақтық журналистикасын арнайы қарастырған тұңғыш ғылыми еңбек. Зерттеуде
Оңтүстік Қазақстанның жергілікті журналистикасына тұтас шығармашылық жүйеде
және бүгiнгi көзқарас тұрғысында баға берiледi, әрi ол алғаш рет ғылыми
айналымға түскелi отыр. Олар: 1) бұрын белгiсiз болып келген Оңтүстік
Қазақстан баспасөзінің өзіндік қырлары және тарихи ерекшеліктері; 2)
Оңтүстік журналистикасының бүкiл кезеңiн қамтитын ғылыми-танымдық мақалалар
тізбегі; 3) аймақтық журналистиканың өзіндік проблемалары; 4) жергілікті
басылымдардың композициялық-құрылымдық ерекшелiгiн айқындайтын стилдік-
тілдік құрылымдары.
Оңтүстік Қазақстан облысындағы баспасөздің тарихи кезеңдерін қамтитын
ғылыми-танымдық мақалалар бір жүйеге келтіріліп, жинақталды. Оңтүстік
баспасөзінің өзіндік ерекшеліктері (анықталды) айқындалды. Аймақтық
журналистиканың алға қойған проблемаларының мазмұны анықталды. Жергілікті
басылымдардың композициялық-құрылымдық құндылықтарының практикалық мәні
ашылды. Аймақтық баспасөздің іс-тәжірибелерін жетілдіру бағытындағы
танымдық ұсыныстар берілді.
Сонымен қатар зерттеуде:
– Оңтүстік Қазақстан журналистикасының барлық кезеңiне қатысты жарық
көрген негізгі басылымдардың алғаш рет толық тарихы жасалды;
– Оңтүстік облысына тән аймақтық журналистиканың ерекшеліктері
сюжеттiк-композициялық тұрғыдан танылып, талданып, образ жасау, қаһарман
характерiн ашудағы өзгешеліктер, монолог, пейзаж, психологизм сияқты әдеби
құралдарды қолданудағы мүмкiндiктер нақтылы мақалалар арқылы арнайы сөз ету
негiзiнде қарастырылды.
Зерттеудің ғылыми-әдістемелік негізін Оңтүстік Қазақстанда жарық
көретін жергілікті баспасөздің түрлi басылым беттерiнде әр жылдары жарық
көрген мақала, очерктермен, баспадан басылып шыққан жинақтармен, жеке
архивтегi материалдармен қатар зерттелiп отырған жайдың дәйектiлiгiн
арттыру үшiн журналистика және әдебиет теориясын зерттеушi көрнектi
ғалымдар, жазушылар А. Байтұрсыновтың [2], М.Дулатовтың [3], Ә.
Бөкейхановтың [4], Қ. Бекхожиннiң [5], Б.Кенжебаевтың [6], Қ. Жұмалиевтiң
[7], Т. Қожакеевтiң [8], Т.Амандосовтың [9], Ш. Елеукеновтiң [10], Н.
Омашевтiң [11], С.Қозыбаевтың [12], М. Барманқұловтың [13], сондай-ақ орыс
зерттеушiлерi А. Грабельников, В. Гороховтың, Е. Прохоровтың, Г.Колосовтың,
А. Блажновтың, Е. Журбинаның, Р. Здоровеганың, М.Стюфляеваның, А.
Тертычныйдың, В. Ученованың, В. Пельттiң, М.Черепаховтың және тағы
басқалардың еңбектерiне сүйендiк.
Жұмыс барысында Оңтүстік Қазақстанда 1987-2008 жылдар аралығында жарық
көрген басылымдар сарапқа түсті. 1987 жылдардан бастап Оңтүстік
Қазақстан, Южный Казахстан, Шымкент келбеті, Панорама Шымкента,
Айғақ, Замана, Түркістан, Түркіойстан, Ордабасы оттары, Өскен
өңір, Қазығұрт тынысы, Мәртөбе, Сайрам садоси, Шамшырақ-Маяк,
Мақтаарал, Алғабас, Шаян, Молшылық үшін секілді Оңтүстік
Қазақстанда жарық көрген республикалық, облыстық, аудандық және қалалық
басылымдар пайдаланылды.
Диссертациялық зерттеудiң хронологиялық ауқымы зерттеу нысанына
айналған әрбір басылымның алғаш жарық көрген күнінен бастап бүгiнгi күн
аралығын қамтиды.
Диссертациялық жұмыстың зерттелу деңгейі. Публицистиканың жалпы
теориялық мәселелері, оның қызмет ұстанымдары мерзімді баспасөз теориясын
жасауға негiз болып, проблеманы зерттеудiң бағыттары мен әдiстерiн белгiлеп
бередi. Осы арқылы аймақтағы баспасөздің негiзгi заңдылықтары айқындалып,
ондағы журналистердің дүниетаным аясын, кәсiби шеберлiгiн талдауға жол
ашылады. Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының ерекшелігі жоғары
идеялық-мазмұндық деңгейiн қамтамасыз ететiн шығармашылық әдiстердi,
публицистiк қызметтiң тәсiлдерi мен формаларын еркiн де жетiк меңгеруiмен
ерекшеленедi.
Бұл бағытта қоғамдық үрдістердің даму сатыларында әр түрлі маман
иелерінің атсалысып тер төгетіні белгілі. Әр мамандық өзіне тән маңызға ие.
Батыста төртінші билік деп атала бастаған БАҚ та бұл тізімнен шет қала
алмайды. Өйткені ақпарат тасқынынан өрнектелген қоғам құбылыстарының сан
түрлі пішінде газет, теледидар, радио, интернет
бетінде көрініс табуы ойымызды дәлелдей түседі. БАҚ мемлекет саясатын
жүргізудегі ерекше басымдығы бар күш. Тәуелсіз ақпарат-жарқын болашақ
кепілі. 2007 жылғы деректер бойынша елімізде 7700-ден астам бұқаралық
ақпарат таратушы көздері тіркелген. Радио, теледидар, баспасөз сипатындағы
тіркелген осы санның 35%-ы, яғни 908-і Алматы қаласында, 11%-ы – 259-ы
Оңтүстік Қазақстан облысына, 8,2%-ы, 209-ы Қарағанды облысына тиесілі екен.
Жаңа елордамызда БАҚ көздерінің жалпы саны-136. Түрлі зерттеулер
нәтижесінде басылымдардың 52%-ы, яғни басым көп бөлігі қоғамдық-саяси, 11%-
ы жарнама, сондай-ақ дін, қыз-келіншектерге арналған спорт, мамандықтар,
ауыл шаруашылығы тақырыптарына арналған басылымдар 2%-ды құраған екен.
Газет, журналдар мазмұнына қарай сары, сапалы және аралас басылым болып
бөлінеді екен. Міне осынау үш түрлі газет-журналдар қазіргі таңда қазақ
баспасөзінің көшбасшыларының біріне айналып отырған Оңтүстік Қазақстан
облысында кең таралып, оқырманға қызмет етуде. Кейбір бейресми деректерге
сүйенсек облысымыздағы басылымдардың саны үш жүзден асып жығылады. Бұрын
облысымызда санаулы басылымдар мен бір ғана теледидар каналы болса, 1990
жылдың басынан бері олардың саны көбейе түсуде. Атап айтқанда, Панорама
Шымкента, Шымкент келбеті, тәуелсіз Своя газета, 48 часов, Қыз
Жібек, Жанубий Қазоғистан, Айғақ, Детский парк, Балбөбек, Сана,
Діл, Халық үні жарнамалық Шара-бара т.б. өз оқырмандарын тауып отыр.
Сондай-ақ ақпарат айдынында тыңнан қосылған Айғақ телеарнасының да
қарқынды жұмысы көңіл қуантады.
Аймақтағы баспасөздің проблемаларына қатысты Шығыс Қазақстан облыстық
газетінің қалыптасу, даму кезеңдері атты диссертациялық жұмыс жазылған
екен. Қазақ әдебиеттану ғылымына, баспасөз тарихы мен теориясына елеулі
үлес қосқан Б. Кенжебаев, Т. Қожакеев, Т. Амандосов, Р. Бердібаев, Қ.
Бекхожин, Ш. Елеукенов, Н. Омашев, С. Қозыбаев, Б.Жақып, Д. Ысқақұлы және
т.б. көрнекті ғалымдардың еңбектері ғылыми дәйек ретінде пайдаланылды.
Оңтүстік Қазақстан облысында жарық көретін бірқатар облыстық, аудандық
және қалалық мерзімді басылымдармен қатар, тәуелсіз және сары
басылымдарға қатысты сын пiкiрлер де пайдаланылды. Бұл еңбектер бүгінгі
таңда көпконфессиялы қоғамның қалыптасуы барысында әр адамның жеке рухани
сұраныстарын қанағаттандыруда маңызды болып табылады. Оңтүстік Қазақстан
журналистикасының қалыптасып, дамуында өзiндiк қолтаңбасы бар мерзімді
басылымдарға қатысты сын мақалалар мен шолулар зерттеуші ғалымдардың
еңбектерінде ара-тұра сөз болғанымен, арнайы түрде диссертациялық жұмыс
өзегiне айналған емес. Міне, осыны басшылыққа ала отырып, Оңтүстік
Қазақстан журналистикасын жанр талаптарын көркемдiк мұрат және
композициялық құрылым аясында, поэтика мен стиль даралығы тұрғысында
зерттейміз. Осылайша күнi бүгiнге дейiн тек бiрдi-екiлi шолу мақалаларында
ғана ара-тұра айтылып келген пiкiрлердi жинақтап, талдап, қорытып, нақты
ғылыми тұжырым жасаймыз.
Сонымен, Оңтүстік Қазақстан облысындағы мерзімді баспасөздің қалыптасуы
және даму кезеңдерін зерттеу қажеттілігі мен бұл мәселенің теориялық
тұрғыда және ғылыми-танымдық жағынан қажетті зерттелмеуі, нақты қалыптасқан
жағдайда ұлттық ерекшеліктерді қорғай отырып публицистік қызметтің
тәсілдері мен формаларын жетілдіру, дамыту арқылы бұл мәселені шешуге
бағытталған зерттеу жұмыстарының жоқтығынан қарама-қайшылықтар туындайды.
Осы қарама-қайшылықтардың шешімін іздестіру біздің зерттеу проблемамызды
айқындауға және зерттеу тақырыбын Оңтүстік Қазақстан баспасөзінің даму
проблемалары деп таңдауымызға негіз болды.
Зерттеу әдістері. Зерттеу тақырыбының ерекшелігі мен мақсатына
байланысты Оңтүстік Қазақстанда шығатын баспасөзді салыстырмалы,
құрылымдық, статистикалық әдістермен жүйелеу, топтау, бағалау, талдау
тәсілдері қолданылды.
Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар:
– Оңтүстік Қазақстан облысындағы баспасөздің тарихи кезеңдерін қамтитын
ғылыми-танымдық мақалалардың теориялық түсініктері;
– Оңтүстік баспасөзінің өзіндік ерекшеліктерінің сипаттамасы;
– аймақтық журналистиканың алға қойған проблемаларының мазмұны;
– жергілікті басылымдардың композициялық-құрылымдық құндылықтарының
тәжірибелік мәні;
– аймақтық баспасөздің іс-тәжірибелерін жетілдіру бағытындағы
шығармашылық ұсыныстар.
Зерттеудің қолданбалық және тәжірибелік маңызы. Оңтүстік Қазақстан
баспасөзі сан қырлы. Оның тақырыптық аясының өзiн әлденеше қырынан
бағдарлап, зерттеуге болады.
Қазақ баспасөзінің тарихи қырлары, көркемдiк, эстетикалық сырлары
секiлдi проблемаларды талғап-талдағанда, жоғары оқу орындарында журналист
зертханасы, шығармашылық психологиясы секiлдi арнайы курстар ашып оқытқанда
бұл зерттеуiмiздi практика жүзiнде көмекшi құрал ретiнде пайдалануға
болады. Зерттеудiң негiзгi түйiндерi мен нәтижелерi қазақ баспасөзiнiң
тарихы, баспасөз теориясы мен тәжiрибесi жөнiнде жоғары оқу орындарында
оқытылатын жалпы пәндер мен арнаулы курстарда да қосымша материалдар бола
алады.
Диссертант әзiрлеген Оңтүстік Қазақстан облысы мерзімді
басылымдарының библиографиялық көрсеткiштерi баспасөздің тақырыптық
бағыттары мен мазмұны жөнiнде белгiлi бiр дәрежеде толық мағлұмат берiп,
баспасөз тарихын одан әрi тереңдей зерттеуде ғылыми библиографиялық база
бола алады.
Диссертациялық жұмыстың сарапталуы. Диссертациялық жұмыстың теориялық
нәтижелерi мен тұжырымдары Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-
түрiк университетiнде өткiзiлген ғылыми-теориялық конференцияларда (2004-
2008 жылдар) жасалған баяндамаларда жан-жақты сөз болды. Зерттеудiң негiзгi
мазмұнын ашып беретiн мақалалар арнайы ғылыми жинақтарда, мерзiмдi
басылымдарда жарық көрдi. Диссертация материалдары Қазақ журналистикасының
тарихы курсы аясында Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ-дiң журналистика бөлiмi
бірінші курс студенттерiне тәжірибелік мәнде оқылып жүр.
Зерттеу тақырыбы бойынша жинақталған материалдар негізінде Оңтүстік
өңірде журналистиканың қалыптасуы және дамуы деп аталатын арнайы курста
таңдау пәні ретінде оқытылады.
Кандидаттық диссертация Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық
университетiнiң мерзiмдi баспасөз, баспа iсi және әдеби редакциялау,
журналистика тарихы, радиожурналистика, халықаралық журналистика,
журналистика мәселелерін зерттейтін ЮНЕСКО кафедраларының бiрiккен
мәжiлiсiнде талқыланып, қорғауға ұсынылды.
Диссертациялық жұмыстың құрылымы. Диссертация кiрiспе мен
қорытындыдан және негiзгi екi тараудан тұрады. Жұмыс соңында пайдаланылған
әдебиеттер мен библиографиялық көрсеткiштер тiзiмi берiлген.
І ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН БАСПАСӨЗІНІҢ
ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ
1.1 Облыстық Оңтүстік Қазақстан газетінің аймақтық БАҚ жүйесінде
алатын орны
Соңғы зерттеулердің нәтижесінде ұлттық баспасөз тарихының сонау көне
дәуірлердегі ежелгі түрік бітіктастарындағы рухани жәдігерлерімізден
басталатындығына көз жеткіздік. Кезінде ежелгі ата-бабаларымыз бұқаралық
ақпарат таратудың әдіс-тәсілдерін меңгеріп, өркениетке VІ–VІІ ғасырлардың
өзінде-ақ қол жеткізгендігінен хабардар бола бастадық. Тарихи
жәдігерлеріміз Күлтегін, Тоныкөк сияқты тасқа қашалып жазылған
кітаптардың сюжеттік оқиға құрылымы мен жанрлық белгілері ақпараттың
алғашқы үлгілерін қалыптастырды. Сондай-ақ, кеңестік дәуірде пантүркист
деп есімін атауға тыйым салынған Ысмағұлбек Ғаспрәлінің 35 жыл бойы
үздіксіз жарық көріп тұрған Тәржіман (1883-1918) газетінің қазақ халқы
үшін де рухани маңызы ерекше болғандығын айта кеткеніміз жөн. Сонымен
қатар, ұлтымыздың татарлармен бірігіп шығарған Пікір (1905-1907) газеті
де төл баспасөзіміздің тарихын қалыптастыруға айрықша үлес қосты.
1917 жылғы Қазан төңкерісіне дейінгі орыс мерзімді басылымдарындағы
қазақ тақырыбы және баспасөз тарихы коммунистік идеологияның қатаң сүзгісі
мен талабының салдарынан Қазақстан өз алдына тәуелсіздік алғанға дейін
шынайы түрде зерттелмей келді. Әйтсе де, ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың
басындағы отаршылдық пиғылдағы газет-журналдар туралы ешқандай еңбек
жазылмай қалған екен деген пікір тумаса керек.
Қазақ зерттеушілерінің арасында алғаш рет қазақ және орыс
баспасөзінің тарихына арнайы қалам тербеген көрнекті көсемсөзші Ахмет
Байтұрсыновтың Қазақ газетінің оқырмандарына арнау сөзінде: 1907-ші
жылғы санаққа қарасақ, Россияда сол жылы мың бір жүз жетпіс үш есімді газет
пен журналдар шыққан екен. Оның бір мың үш жүз тоқсан алтысы рус тілінде,
сегіз жүз алпыс жетісі басқа тілде, - деген деректер бар [14].
Қазақ баспасөзінің даму сатыларын ғылыми тұрғыдан қарастырған
Қ.Бекхожин, Б. Кенжебаев, Т. Қожакеев, Т. Амандосов сияқты ғалым-
зерттеушілер коммунистік партияның қырағы көзінен сескенбей, саясаттың
суық, сұрапыл талаптарынан қаймықпай, ретін тауып көптеген құнды еңбектер
қалдырғандары ерлікке пара-пар деп қарауға тиістіміз.
Кешегі кеңестік дәуір кезінде ұжымдық үгітші, ұжымдық насихатшы және
ұжымдық ұйымдастырушы деп аталған бұрынғы кезең баспасөзін қазіргі
жаһандану кезеңіндегі баспасөзбен салыстыра алмаймыз. Арада өткен біршама
уақыт ішінде бұқаралық ақпарат құралдарының сыры мен сипаты, бағыты мен
бағдары, бұрыннан атқарып келе жатқан қызметтері мен қағидалары күрт
өзгерді.
Мұндай өзгерістер алдымен қоғамдық-саяси өмірдегі жаңа жағдайдан
туды, оған тың тұрпатты мемлекет құру жолындағы өтпелі кезеңнің бастан
кешірмеген қитұрқы құбылыстары да ықпал етпей қалмады. Соның нәтижесінде
ежелгі бір идеологияға бағынған коммунистік баспасөздің орнына жаңаша
құрылған, әлемдік журналистика мен ұлттық басылымдар тәжірибесін тірек
етуге бейім баспасөз органдары пайда болды.
Еліміз тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін ғана қазақ журналистикасының
өткен тарихының ақтаңдақ тұстары қайта ашылып, кезінде ұлтшыл деген
жаламен жабылып қалған Қазақ, Алаш, Сарыарқа, Ұран, Бірлік туы,
Жас азамат сияқты газет-журналдарда жарық көрген А. Байтұрсынұлы,
М.Дулатұлы, Ә.Бөкейхан, М. Шоқай, Х.Досмұхамедұлы, М. Тынышбайұлы,
А.Мәметұлы, Х.Ғаббасұлы, С. Қожанұлы, Н. Төреқұлұы, Т. Шонанұлы сынды қазақ
халқының бір топ зиялы қауымының ұлттық мүдде тұрғысында жазған
публицистикалық мақалалары ғылыми айналымға түсіп, өзінің тиісті бағаларын
алып та үлгерді. Сондықтан біз төл баспасөзіміздің тарихын ежелгі тас
ескерткіштердегі ақпарат үлгілерінен бастап, ХІХ ғасырдың екінші
жартысындағы сапалық түрлері (Түркістан уалаятының газеті, 1870),
кеңестік дәуір (1917-1990) мен 1991 жылдан басталатын тәуелсіздік
жылдарынан бүгінгі таңға дейінгі аралықты қамтып, төрт кезеңге бөліп
қарастыруды дұрыс деп таптық.
Профессор Қ. Бекхожин қазақ баспасөзінің тарихын екі дәуірге бөлсе,
ғалымның әріптесі, профессор Ә. Ыдырысов та зерттеу еңбектерінде дәл осылай
қарастырады. Бұл жөнінде профессор Ә. Ыдырысов: 1870-1917 жылдар
аралығында шығып тұрған газеттер мен журналдар – қазақ қоғамының Ресей
патшалығының тұтас отарлау езгісіне түскен заманға сәйкес келді. Сондықтан
ол халықты шын мәнінде біртұтас ұлт етіп біріктіру күресін уағыздай да,
жүргізе де, ұйымдастыра алмады. Табиғаты жағынан – балаң күйде, ұйымдық
жағынан негізсіз, сипаты жағынан – жалтақ, жағымпаз, екі жүзді, қорқақ,
тұрақсыз, жалпысөзді болды, - деп жазады [15].
Қазақ журналистикасының екінші дәуірі бұл – Қазан төңкерісі деп
аталатын 1917 жылдан кейінгі 1985 жылға дейінгі 70 жылға жуық әкімшілік-
әміршілдік, коммунистік-кеңестік аралық. Бұл аралықта қазақ қоғамы, қазақ
халқы үшін билеудің түр-түсі өзгерді, қызыл коммунистік болды. Сөз,
баспасөз бостандығы бар делінгенімен, іс жүзінде баспасөз – партиялық
құрал деп сол нұсқауға негізделді.
Әлем таныған қазақ елі тәуелсіздікке оңай жете қойған жоқ. Қай кезде
де дәуір тамырын дөп басып отыратын публицистиканың мұндағы үлесі орасан
зор. Қай журналист болмасын алдымен ол – өз заманының, өз ортасының
перзенті. Сондықтан да ол тек өз дәуірінің шындығын ғана шығармаларына
арқау етеді. Халқының мәдени, рухани өмірінің дәрежесін сол уақыт өлшемімен
бағалайды. Өзі өмір сүрген кезеңдегі қоғамның даму заңдылықтары мен
халқының қадір-қасиетін өткен тарихымен таразылап барып, қаншалықты
деңгейге көтерілгенін, жетістігі мен кемшілігін салмақтайды. Сол арқылы
өткен дәуірдің бағдарын барлап, өзі өмір сүрген кезеңінің қыры-сырына
қанығып, болашаққа болжам жасайды.
Әр дәуір келбетін жаңғырта жеткізуде, бүгінгі заман талабына лайық
байлам жасауда әркім әрқалай жолды таңдап алады. Мәселен, тарихшы дәуір
талғамына тарихи тұрғыдан баға беруге ұмтылса, әдебиетші көркем туындылары
арқылы үлес қосады. Ал журналист дәуір дауылпазы публицистика тілімен
шындықтың шырайын ашып көрсеткенді жөн көреді. Ол заманды жалаң суреттеп,
оқиғаны тізіп шығушы емес, елдің тіршілік, қам-қарекетімен етене араласа
отырып, әрбір жағдайды әр қырынан үңіле зерттеп, танымдық сырын, қоғамдық
мәнін терең ашып көрсетуді мұрат тұтады. Коммунистік идеологияның саяси
сахнадан түсуі, сөз жоқ, республиканы қоғамдық-саяси және мәдени-рухани
өміріне елеулі өзгерістер әкелді. Ғасырға жуық уақыт бойы бір жақты, үстем
идеология мүддесі тұрғысында бағаланып келген публицистикаға деген жаңаша
көзқарас туды.
Осы заманғы жағдайда, яғни тасқа басылған сөздің оқырманға әсер етуі
тұрғысынан алғанда, мұндай сан алуан басылымдардың қатар өмір сүруі – заңды
нәрсе. Нәтижесінде, бұл жағдай әрбір баспасөз құралының ақпарат ағынындағы
дербес орны мен рөлін нақты анықтап алуына әсер етіп отыр. Негізінен
алғанда, баспасөздің қоғамнан тысқары тұра алмайтыны – шындық. Қоғамдағы
ақпарат ұйымының қызметі мен қағидасы сол қоғамда қалыптасып отырған нақты
саяси-экономикалық, мәдени-әлеуметтік жағдайлар мен құбылыстар аясынан
шығады. Ал, қоғам қозғалысқа кірген тұста сөз өнерінің публицистика сияқты
саласының мәртебесі өсе түсетіні – табиғи жағдай. Қоғам үшін қажетті
ойларды оятып, халықтық пікірлерді орнықтыратын, оқырманды нақты іс пен
қимылға шақыратын публицистика екені белгілі.
Публицистика сөзіне, әрісі, осы саланы зерттеп, теориялық жағынан
негіздеп жүрген шетел және орыс ғалымдарының еңбектерінде, берісі, қазақ
журналистикасының тарихы мен теориясына үңіліп, басалқалы байымдар жасап
жүрген отандық зерттеушілеріміздің жұмыстарында; қала берді көптеген
әлеуметтік-саяси, әдеби, ғылыми-көпшілік сөздіктер мен энциклопедияларда
түрлі түсініктер мен анықтамалар беріліп келеді. Олардың тұжырымдары әр
автордың талғамына, таным-түсінігіне орай әрқалай болғанымен, ортақ мазмұн-
мағынасы, бәрінің келіп құйылар анықтамалық арнасы біреу ғана. Ол –
публицистиканың әр кезеңінің зәру болып отырған әлеуметтік, қоғамдық-саяси
проблемаларына арналған, көпшілік мұңын мұңдаушы, жұртшылық жоғын жоқтаушы
әдебиеттің бір ұшқыр, өтімді түрі екендігіне саяды. Айталық, сонау 1926
жылы шыққан Әдебиет танытқыш атты әйгілі еңбегінде ұлтымыздың ұстазы
А.Байтұрсынов айтып кеткен мына пікірі өзінің парасатты пайымымен, ғылыми
салиқалылығымен назар аударатынын мойындамасқа болмайды: Көсем сөз
әлеуметтік іске басшылық жүргізетін сөз болғандықтан да көсем сөз деп
аталады. Көсем сөз кезіндегі әлеуметке керек іске мұрындық болып, істеу
ыждағатымен айтылады [16]. Сондай-ақ, аталмыш құбылысқа дәуір үні ретінде
баға берген профессор Т.Амандосов: Публицистика – өмірдің сырлы суреті.
Публицистика арқауы – шындық, - десе [17], зерттеуші ғалым Т.Ыдырысов:
Публицистика дегеніміз – саяси-көркем проза, қаламгердің қоғамдық-
әлеуметтік мәселелерді толғауы, - деп тұжырым жасайды [18]. Демек,
журналист – ашық қоғамның, әділеттіктің салтанат құруының тілеулесі әрі
халық мүддесінің жанашыры. Сондықтан да олар қоғамдық ортада ерекше ілтипат
пен зор құрметке қашан да лайық.
Бұқаралық ақпарат құралдарының жыл өткен сайын қоғамдық өмірде алып
отырған орнының артып келе жатқандығы белгілі. Елiмiздiң ақпарат кеңiстiгi
тәуелсiздiк жылдарында қалыптасу кезеңiн бастан өткiздi. Бұрын тек
компартияның арнайы рұқсатымен ғана шығарылып, жарық көрiп келген баспасөз
жаңа сипатқа ие болып, жариялылыққа кеңiнен жол ашылды. Ендi Конституцияда
көрсетiлген қағидаларға қайшы келмейтiн болса, кез-келген жеке немесе заңды
тұлғалар газет-журнал ашуға, оны таратуға еркiндiк алды. Осы тұрғыдан
қарасақ, Оңтүстiк Қазақстан облысында да тәуелсіздік алған жылдардан кейін
көптеген бұқаралық ақпарат құралдары құрылып, жұмыс iстеуде. Облыстық
баспасөз қызметінің соңғы мәлiметтерiне сүйенсек, арнайы тiркеуден өткен
БАҚ саны 400-ге жуықтады, ал, жарық көрiп жатқан газет-журналдар 300-ден
асады. Бiз солардың iшiндегi негiзгiлерiне тоқталғымыз келедi.
Оңтүстiк өлкесiнде жарық көретiн мерзiмдi басылымдарды тiлге тиек
еткенде, облыс баспасөзiнiң қарашаңырағы Оңтүстiк Қазақстан газетi туралы
айтпау ағаттық болар едi. Газеттiң алғашқы атауы – Ақ жол.
Бұрынғы Түркiстан Республикасы Орталық партиялық комитетiнiң органы
ретiнде Ақ жол газетiнiң алғашқы нөмiрi 1920 жылғы 7 желтоқсаннан бастап
шығарыла бастады. Оның алғашқы ұйымдастырушылары Сұлтанбек Қожанов және
Мiржақып Дулатов болды. Көрнектi баспасөз зерттеушiсi Темiрбек Қожакеевтiң
пiкiрiмен айтсақ: Алай-дүлей төңкерiс, аумалы-төкпелi заман, алмалы-
салмалы үкiмет, бүгiн бiреуi, ертең өзге дегендей кезеңдердi басынан
өткiзiп, жұрт не болғанын бiле алмай жатқан, аштық, жоқтық қара бұлты
түнерiп төнген сол тұста Ақ жол қазақ, қырғыз халқына, қара бұқараға
жолбасшылық етемiн деп шықты. Елдi еңбекке, жаңа құрылысқа жұмылдырамын,
оқу, бiлiмге, мәдениетке үндеймiн деп шықты.
Мәшһүр Жүсiп Көпеевтiң баласы Әмин Жүсiпұлы газеттiң бұл ниетiн жырмен
құптап, қостады.
Сен Ақ жолым, халқыңа
Жолаушы боп барасың.
Бiрiктiрiп басын қос
Алты Алаштың баласын.
Төңкерiске көбейт дос,
Үрлеп жандыр шаласын, - деп тiлек бiлдiрiп, аманат тапсырды.
Туды мiне ерiк деп,
Таптық нағыз серiк деп,
Кел, кедейлер, бiрiк деп
Шақыр қазақ даласын, - деп кеңес бердi [19].
Ақ жол газетiнiң таралымы алғашқы кезде 3000 дана, кейiннен 3500
дана болып тарала бастады. Ақ жол газетi Түркiстан Орталық партия
комитетiнiң үнi ретiнде 1924 жылғы 26 қарашаға дейiн шығып тұрды. Тарихтан
белгiлi, 1924 жылдың соңына қарай партия мен үкiмет бұрынғы Түркiстан
Республикасын ұлт ретiмен қайта құрды. Оның құрамындағы Сырдария, Жетiсу
губерниялары Түркiстан облысы болып, Қазақ АКСР-iне қосылды. Қазақтарға
арналып Ташкентте шығып тұрған газет, журналдар да Қазақстанға ауыстырылды.
Мiне, сол себептi Ақ жол газетi де 1924 жылғы 26 қарашадағы 506-нөмiрiнен
бастап РКбП-ның Қазақстан Өлкелiк Комитетi мен Атқару Комитетiнiң
Түркiстан облысы жөнiндегi ұйымдастыру бюросының органы ретiнде шығарылды
[19, 95 б.].
Көптеген зерттеушiлер Оңтүстiк Қазақстан газетiнiң тарихын Ақ жол
газетiнiң редакциясы Шымкент қаласына көшiрiлiп, жергiлiктi партия және
атқару ұйымдарының үнi ретiнде шығарыла бастаған күннен бастайды. Бұл
мәселе, бiздiңше, әлi де зерттей түсудi қажет етедi. Егер облыстық газеттiң
тарихын дәл осы Ақ жолдан бастасақ, бiз оның қазiргi тiлмен айтқанда,
құрылтайшылары өзгерген уақыттан емес, шын мәнiнде жарық көрген кезеңiнен,
яғни 1920 жылғы 7 желтоқсаннан бастауымыз керек. Өйткенi, облыстық газеттiң
қазiргi атауына дәл келетiн мерзiмдi басылым 1932 жылғы ақпандағы екiншi
сессиясының шешiмi бойынша облыс құрылуына байланысты 1932 жылдың 12
наурызынан бастап Шымкентте Оңтүстiк Қазақстан деген атпен жарық көре
бастаған.
Негізінен қазақтар қоныстанған Жетісу және Сырдария облыстары 1924-
1925 жылға дейін Түркістан автономиялық республикасының құрамында болып
келгендігі белгілі. Осы атамекен аймақтағы қалың Алаштың Көзі, құлағы һәм
тілі боларлық басылымның қажеттілігі күн кестесіне қайта-қайта қойылды.
Әуелі жарыққа шыққан Жаңа өріс газетінің тынысы тез тарылып, жедел
басылды. Архив құжаттарының айғағынша, Халел Досмұхамедұлы, Сәдуақас
Оспанұлы, Міржақып Дулатұлы, Ғазымбек Бірімжанұлы, т.б. айтулы азаматтық
баспасөз ісін баяулатпауды дүркін-дүркін талап етіп, тілек-хаттардың легін
толастатпаған.
Ақ жолдың алғашқы редакторы (жауапты шығарушысы) Сұлтанбек Қожанұлы
болды. Басылымның басшысы ретінде ол ұдайы қызметкер таңдау және қаражат
табу мәселелерімен шаршаусыз шұғылданған. Асылы, қос тізгінді қатар ұстаған
қарымды қайраткер Қожанұлы қызмет бабын қазақ баспасөзінің қамымен тығыз
қабыстырып отырған. Газет жұмысына өз жұртының ойы озық, ақылы асық
зиялыларының үлкен шоғыры Н. Төреқұлұлы, И. Тоқтыбайұлы, Б.Сүлейұлы, Т.
Шонайұлы, Ж. Аймауытұлы, А. Байтасұлы т.б. араласты. Олардың әрқайсысы Ақ
жолда қызмет істеуді құрмет санаған.
Кадр жағынан көркейіп, қаражат жайынан қамсызданған басылым үшін ең
керектісі, ең көкейтестісі – саяси соқпақ, идеялық иланым мәселесі.
Түркістан үкіметінің тілі – Ақ жолдың осы орайдағы бағыт-бағдары туралы
төмендегі жолдарда тарқатыла жазылған: Күншығыстың кеудесі толассыз
күдікке толы, социалистік революцияның нәтижесін ол батыстан-өнеркәсіп
пролетариаты бар елдерден күтеді. Күншығыс халықтарын Батысқа үлгі бола
алатындығына сендірерліктей құдірет жер бетінде жоқ. Егер Күншығыс
халықтары әлемдік империализмнің биігінен безе қашып, Жетісу қырғызы
кулактан қайтарылған жерлерді қоныстаудан қорықса, онда олардың
көңілдеріндегі күмәнді сейілтіп, сенімдеріне кіру үшін көп тер төгуге тура
келетіндігі даусыз.
Міне, осы қараңғылық пен қауіпшілікке қарсы әйтеуір біреу күресіп,
қырғыздарға өте түсінікті тілде Кеңес үкіметі оларға қандай қамқорлық жасап
отырғандығы туралы айтуы керек еді. Оларға отаршылықтың және Ферғанадағы,
тіпті одан берідегі басмашылықтың мәнін түсіндіру қажет. Ұлт мәселесінің
Кеңес өкіметінде және Батыста қалай шешіліп отырғандығы жайында да оларға
ұғындыру – міндет. Қырғыздар үшін газеттің маңызы ерекше. Ол қырғыздарға
түсінікті және жақын болуымен бірге-анықтамалыққа, ал редакция анықтама
бюросына айналды. Редакцияға арыз-шағымдар да түсіп, олар тиесілі
мекемелерге жіберіліп отырады.
Сол кездегі басқа басылымдардағы секілді, Ақ жолдың да ішкі
хабарлары, сыртқы хабарлары және ресми деп аталатын бөлімдері болған.
Газеттің кескін-келбетін айшықтап, көзқарасын айқындайтын дүниелер
Қазақстанда, Елден, Ашыққандар үшін, Жастар арасында, Әйел
теңдігі атты айдарлардың аясында түрлі тақырыпта жарияланып тұрған. Ақ
жол отаршылдықтың барлық көріністеріне қарсы күресіп, қазақ-қырғыз
кедейлерінің тұрмыс-тіршілігі мен мұң-мұқтажын жан-жақты қамтып келеді,-
депті Түркістан Орталық Атқару Комитетінің төрағасы Айтақов газетінің үш
жасқа толуына орай жолдаған құттықтауында. Шындығында да Ақ жол
–жиырмасыншы жылдардағы Түркістан аймағының тынысын толық танытатын бірден-
бір басылым [20].
Жазушы Сәбит Мұқановтың сипаттауынша, Сұлтанбек Қожанұлы осы тұста
орасан тірліктер жасаған. Ол: Совет өкіметіне қарсы өлең-жыр жазудан
тынбай келе жатқан алашордашыл ақын Мағжан Жұмабаевтың Қазақстанда бастыра
алмаған өлең, поэмаларын 1923 жылы Ташкент қаласында бастырды да, өзі
кіріспе сөз жазып, Мағжанды аспанға шығара мақтады; Алаш лидері Ахмет
Байтұрсыновтың 1923 жылдың күзінде Орынборда құлаған 50 жылдық юбилейін
Ташкентте өткізіп, Түркістан республикасының басқарушы газеті Ақ жолда
Байтұрсыновты мақтаған мақалалар бастырды, портретін жариялады; Түркістан
республикасын Қожанов басқарған кезде (1922-25жылдары) Алашорда партиясының
лидері: Халил Досмұхамедов, Хайретден Болғамбаев, Мырзағазы Есполов,
Жүсіпбек Аймауытов, тағы басқалары Ташкент қаласынан пана тапты да, ондағы
Ақ жол газеті мен Шолпан және Санажурналдарына ұлтшылдық бағытта,
кейде Совет өкіметіне ашық қарсы шыққан бағытта жазған шығармаларын
жариялап тұрды [21].
1924 жылдың ақырына қарай партия мен үкімет бұрынғы Түркістан
республикасын ұлттық тұрғыдан қайта ұйымдастырып, межелеу саясатын
жүргізді. Оның құрамындағы Сырдария және Жетісу губерниялары енді. Қазақ
АССР-іне қосылды. Қазақтарға арналып Ташкентте шығып тұрған басылымдар мен
газет-журналдар да Қазақстанға ауыстырылды. Ақ жол газеті сол жылы 26
қарашадағы 506-нөмірінен бастап РК(б)П-ң Қазақстан Өлкелік Комитетінің
Түркістан облысы жөніндегі ұйымдастыру бюросының органы ретінде шығарылды.
Қазіргі Оңтүстік Қазақстан газетінің тарихы міне, осы жерден, осы
уақыттан басталады.
Жетпіс нөмірінен кейін Ақ жол РК(б)П-ның Сырдария губкомы мен
губерниялық атқару, комсомол комитеттерінің, кәсіподақ Советі мен Қосшы
одағы комитетінің органы делініп Шымкентке көшірілді. Осы кезде ол
Сырдария, Жетісу губернияларына, Қарақалпақ облысына кең тарады.
Бұл партиямыздың ауылға бет бұру ұранын көтеріп отырған кезі еді.
Сондықтан Ақ жол газеті Шымкентте Шаруа жабдығы, Ағарту жабдығы,
Партия тіршілігі, Әйелдер тұрмысы деген бөлімдермен шығып тұрды. Партия
саясатын, оның қаулы-қарарларын ауылға жеткізді. Еңбекшілер арасындағы
сауатсыздықты жою, ескі салт-санаға, жат әдеттерге қарсы күресу істеріне
араласты.
Қазақстан Орталық Атқару Комитетінің 1932 жылғы ақпандағы 11-
сессиясының шешімі бойынша Оңтүстік Қазақстан өзінше облыс болды. Осымен
байланысты Ленин жолы газетін Келес ауданына беріп, 1932 жылғы 12
наурыздан Шымкентте облыстық Оңтүстік Қазақстан газеті шығарыла
бастады. Оның алғашқы редакторы Бейсенбай Кенжебаев болса, редактордың
орынбасары қызметiн Жақан Сыздықов атқарған [19, 97 б.].
Облыстық Оңтүстiк Қазақстан газетi содан берi үзбей шығарылып
келедi, тiптi сонау ел басына қиыншылық түскен кезде, Ұлы Отан соғысы
жылдарында да өз оқырмандарын жоғалтпай, халыққа қызмет етiп келедi. Облыс
баспасөзiнiң қарашаңырағы өз тарихында қаншама қаламгерлердi дайындап,
оларға ұстаздық еттi, қаламдарын ұштап, шығармашылық еңбектерiнiң дамуына
елеулi үлес қосты. Олардың қатарында С.Адамбеков, Т.Әлiмқұлов, Ә.
Сатыбалдиев, Н. Сүлейменов, Ж. Едiлбаев, Қ.Сарыбаев, Ә.Аймақ, Ә. Қалмырзаев
және тағы басқа көптеген ақын-жазушыларды атап өтуге болады.
Оңтүстік Қазақстан газетінің 1941 жылғы 19 қыркүйегінде
А.Сайыпназаровтың Отан үшін аянатын ештеңе жоқ мақаласында: Қызыл Армия
үшін жылы киім әзірлеу ісіне бүкіл совет халқы сияқты Сайрам ауданының
еңбекшілері де белсене атсалысуда. Базарқақпа ауыл Советінің председателі
Әлметов Назар жолдас 150 сомдық жылы киім алып, Қызыл Армияның қыс киім
қорына қосты. Сол сияқты Ибрахимов жолдас-200, Ерашев-150 сомдық жылы
киімдерді берді. Ауыл Совет қамтуындағы колхоздардың колхозшыларынан аз
уақыттың ішінде Отан қорына көптеген жаңа киімдер түсті. Қызыл су
колхозды да Қызыл Армия үшін 20 қолғап, 30 көйлек, 20 шалбар, 15 тері беріп
отыр. Колхоз председателі Инуғамов жолдас жылы киім қорына шалбар мен
сыртқы киім, Қажыхан қарт бір тері, Иманов Хайтмат жолдас бір костюмін
қосты. Колхозшылардың қайсысы болса да, сонысынан Отан үшін Қызыл
Армия үшін аянғанымыз жоқ, - деп жазады [22].
Осы тұста бір ескерте кетерлік жайт, 1962 жылы шілдеде Оңтүстік өлкесі
құрылды. Осымен байланысты Оңтүстік Қазақстан газеті Өлкелік партия
комитеті мен Совет атқару комитетінің әрі Шымкент облыстық партия
комитетінің органы аталды. Бұл тұста басылым Қызылорда, Жамбыл облыстарына
да тарап, барлығы 764 нөмірі жарық көрді. Өлкелер таратылған соң, 1964
жылғы 24 желтоқсаннан, яғни, 9684-нөмірінен бастап Оңтүстік Қазақстан
қайтадан облыстық газет ретінде шыға бастады [19, 98 б.]. Тарихтан
ештеңені де үзіп-жұлып тастай алмаймыз. Олай етсек, ол өткенімізге қиянат
пен зорлық болар еді. Отызыншы жылдардағы ұжымдастыру науқаны кезіндегі,
Ұлы Отан соғысының отты жылдарындағы және қайта өрлеу тұсындағы облыс
өмірінің тыныс-тіршілігі газеттің сарғайған беттерінде айна қатесіз жазулы
тұр. Бұл – болашақ үшін олжа екендігі даусыз.
Газет 1974 жылы Еңбек Қызыл Ту орденiмен марапатталды.
Республикалық байқауларға қатысып, бiрнеше рет жүлделi орындарды жеңiп
алды. Мәскеудегi Бүкiлодақтық халық шаруашылығы көрмесiне қатысып, оның
күмiс жүлдесiне ие болды. Бүгiнде бұл газет уақыт талабымен жаңа сипат пен
мазмұнға ие болып, оқырмандарының сүйiктi басылымына айналып отыр. Облыс
аумағында тұрақты жарық көрiп келе жатқан мемлекеттiк басылымдардың
арасында Южный Казахстан газетiн атауға болады. Бұл газеттiң алғашқы
нөмiрi 1925 жылғы 1 мамырдан бастап Смычка деген атпен жарық көре
бастады. Ол да Оңтүстiк Қазақстан облысының өсiп-өркендеуiне, экономикалық-
мәдени дамуына үлес қосып келе жатқан қоғамдық-саяси газет болып табылады.
Южный Казахстан газетiнiң таралымы да кезiнде 108 мың данаға дейiн жетiп,
Еңбек Қызыл Ту орденiмен марапатталды. Қазiргi таңда газет таралымы – 12-
15 мың дана.
Оңтүстік Қазақстан газеті партияның сара жолын таза сақтау, тап
жаулары – бай-кулактарды, ақшыл, оппортунистерді, ұлы орысшылдық пен
жергілікті ұлтшылықты әшкерелеу жолында қызмет етемін деп шықты. Жаңа
жағдайда жұмысты жаңаша жүргізіп, социалистік жарысты өрістетуді мақсат
етіп шықты. Колхоздарды ұйымдастыру, шаруашылық жағынан нығайту ісіне
атсалысты. Содан бері жұртшылықты халықтар достығы, Отанға сүйіспеншілік,
партияға берілгендік рухта тәрбиелеп келді. Мәселен, газетте жарық көрген
Отаншылдық өнеге атты хабарда: Күйік қой совхозының малшылары
Сталин жолдастың 1 майдағы бұйрығын зор саяси өрлеулермен қарсы
алды. Совхоз малшылары 80 мың сом айлық табысының орнына жеңіс
заемына 416 мың сомға жазылды. Жаңа заемға жазылуды білікті малшы,
Бүкіл Одақтық ауыл шаруашылық көрмесіне үздіксіз қатынасып келген
Жүсіпәлі Бұралқиев жолдас тамаша отаншылдық өнеге көрсетті. Ол 300
мың сомның заемына жазылып, ақшасын нақты төледі және барлық
облегациясын жеңіс қорына берді. Бұралқиев жолдас Күйік совхозындағы
алдынғы қатарлы Еңбекші фермасының бастығы, төл алу тапсырмасын
асырып, орындаған, дәндік егіс жоспарын басқалардан бұрын аяқтаған,
- делінген [23].
Газет беттерінен мұндай материалдарды көптеп кездестіруге болады.
Сарғайған басылым беттерін парақтай отырып, осыдан елу, алпыс, жетпіс
жыл бұрынғы тіршілігіміз бен өмірімізден хабардар боламыз. Осы
облыстық газетте көптеген жылдар бойы еңбек еткен журналист Қайым
Тілегенов редакция ұжымының 60-жылдардағы тыныс, тіршілігі туралы
былай деп еске алады: 1961 жыл газет қазіргі қалалық баспаханада
шығатын еді. Ол кезде газет шығару үшін қазіргідей техника аз еді.
Газеттің жарық көруіне кейде түн жарымда, кейбірде таңертең қол
қойылатын. Осы қалалық баспахананың ауласындағы баспаханасындағы балшықтан
аяқ алып жүре алмайтынбыз. Тіпті, газеттің бетін корректор немесе
кезекші редакторға оқуға беру үшін арнайы құрал жасалған тоқпақпен
ұрып, бет жасайтынбыз. Ол беттің қағазын жыртып жібереді. Төрт бетті
корректор оқиды. Газетті басып шығаратын бір-ақ аппарат бар еді. Сол
кезде Оңтүстік Қазақстан газетінің редакторы Әділбай Омаров еді. Ол
кісі нағыз еңбеккер де қарапайым жан болатын. Кешкі кезекшілік кезде
қара су мен қара нанды жеп отырып, газет беттерін оқыған кездерін
де көрдік. Әдекең кезінде Социалистік Қазақстан газетінде редактордың
орынбасары болып жұмыс істеген екен. Республикалық газет журналистері
Әдекеңді Қара өгіз дейтін көрінеді. Бұл кісіні даттау емес, қайта
мақтау еді. Өйткені бұл сөз ол кісі редакцияның жұмысына қара
өгізше тартып жүргендігі үшін айтылған. Бертін келе өлке құрылды.
Жамбыл, Шымкент және Қызылорда облыстары бірігіп, Оңтүстік Қазақстан
аталды. Бұрынғы облыстық Оңтүстік Қазақстан мен Южный Казахстан
газеттері енді өлкелік газетке айналды. Сол екі газеттің бас
редакторы болып Құрманбек Сағындықов тағайындалды.
Құрманбек Сағындықов сұсты, айбарлы адам еді. Ең бастысы – орыс
және қазақ тіліне өте сауатты болатын. Бір күні мен бас редактордың
бөлмесіне кіріп қалғанымда Южный Казахстан газетінің жауапты шығарушысы
редакторын шақырып алып, ұрысып жатқанның үстінен шықтым. Сонда Құрекең
орыс журналистеріне бірінші бетте берілген жалпылама үлкен тақырып
қате екенін Орыс бола тұрып, өздерің өз тілдеріңді білмейсіңдер, -
деп ренжігенін көргенбіз.
Өлке тарағаннан кейін облыстық Оңтүстік Қазақстан газетіне Әсет
Тілеукиев редактор болып келді. Асекең редактор кезінде өзіне де өзгеге
де талап қойғыш, ізденімпаз болды. Әсіресе, газеттің техникасын
жетік білетін. Макетті, тақырыптарды құбылтып беруге зер салатын. Ол
кісінің тағы бір жақсы қасиеті журналистердің қамқоршысы болды.
Редакция қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайына көп алаңдайтын. Мұнан
соң 22 жыл бойы газет редакторы болып Әмірсейіт Әлиев жұмыс
істеді. Әбекеңнен жақсылық сыпатты көп нәрсені үйренуге болады. Ол
кісі ең алдымен журналистердің шығармашылығына, қаламгерлердің ұштала
түсуіне көп көңіл бөлді. Әбекеңнен тәлім-тәрбие алған көптеген
қаламгер қазіргі басшы қызметтерде жұмыс істеуде. Қандай бір мәселе
болмасын, оларды байыпты да әділ шешті [24].
Оңтүстік Қазақстан газеті редакторларының бірі Әділбай Омаровтың
газет жұмысына араласып, тәжірибе жинақтауына кезінде қазақтың
көрнекті ақыны Ілияс Жансүгіровтің көмегі көп болды. Ол туралы
қазақ баспасөзінің тарихын зерттеуші ғалым, профессор Темірбек
Қожакеев: ...Ілияс жергілікті газеттерге қамқорлық жасап, оның
қызметкерлерін газет ісіне үйретуден де жалықпаған. Осыған бір дәлел:
1931 жылдың көктемінде ол оңтүстікке сапарға шығады. Бұл Мақтаарал ауданы
ұйымдасып, онда орыс және қазақ тілдерінде газет шығаруға ұйғарылған
екен. Голос хлопковика газеті шыға бастапты да, қазақ тілінде газет
шығаратын адам табылмай отыр екен. Ілияс бұл жайды көрісімен сауаты
бар бірер кісі бөліңдер, мен оларды газет жұмысымен таныстырып,
алғашқы нөмірді шығарысып кетейін, - деп жазады [25].
Сөйтіп, ол Мақташылар үні газетінің тұңғыш нөміпін өз басшылығымен
жарыққа келтіреді. Оның бас мақаласын да өзі жазады. Жас журналистерге
материалды ұйымдастырудың, адамдармен сөйлесудің, жинаған деректерді
сұрыптап, пайдаланудың, еңбекшілер хатын қорытудың әдіс-тәсілін, сырларын
түсіндіреді. Ұстаз ағаның көмегімен сол газеттің тұңғыш редакторы болған
Әділбай Омаров – кейінгі белгілі журналист [26]. Әділбай Омаров
журналистер коммунистік институтының алғашқы түлектерінің бірі болады. 1938
жылы ол Оңтүстік Қазақстан газеті редакциясына жұмысқа алынды. Алғашқы
кезде Әділбай Омаров қатардағы тілші, Ұлы Отан соғысы басталған кезде,
партия тұрмыс бөлімінің меңгерушісі, одан соң редактордың орынбасары, 1943
жылдың қазанынан 1947 жылдың жазына дейін жауапты редактор болып қызмет
істейді. Оңтүстік Қазақстан газетіндегі жұмысы туралы Әділбай Омаровтың
өзі: Мен осы Оңтүстік Қазақстанға сонау жиырмасыншы жылдары келгенмін.
Мақтаарал совхозының газетін шығардым. Мырзашөлдің қалай игерілгенінің
куәсімін..., - дейді [27].
1947 жылы Әділбай Омаров облыстық газеттің редакторы қызметінен
алынуына мынадай жағдай себепші болады. Газетке жарияланған бір мақалада
Ұлы Сталин деген сөз тіркесіндегі алғашқы сөзде бір ғана қате ауысып
кетіп, Улы Сталин болып жазылып кетеді. Содан сөздің мағынасы оңбай
өзгереді. Соның салдарынан ол қызметтен босатылып, Алматыдағы
Социалистік Қазақстан газетіне орналасады.
Оңтүстік Қазақстан газетінің тарихы терең, сыры да мол, іргелі
басылым ретінде қалыптасуы оңайлықпен келген жоқ. Бұл – үлкен мұраттарды
жанына серік етіп, қиындықтан қашпай, күніне мың айналып, жүз толғанатын,
үнемі ізденіс үстінде жүретін журналистердің, редакциядағы бүкіл ұжымның
қажырлы еңбегінің жемісі. Сонымен қатар, ол редакцияны білгірлікпен
басқарып, журналистердің еңбегін қажетті арнаға бағыттай білген
редакторлардың тынымсыз ізденісінің, қажыр-қайратының арқасы деуімізге
болады. Газет сияқты идеологиялық құралдың тұтқасын қай заманда да
елі мен жеріне шын берілген, әрбір іске сын көзімен қарайтын
адамдардың ұстауы заңдылық. Осы тұрғыдан қарағанда, Оңтүстік Қазақстан
газетінің негізін салушылар қатарында болған Сұлтанбек Қожанов
сияқты қазақтың аса талантты, бір тума ұлдары болғанын мақтаныш
етуіміз керек.
Ал, енді газеттің әр жылдардағы бас редакторларына келсек, олар:
Иса Тоқтыбаев, Жанәлі Барқиев, Сейілбек Үсенов, Әлішер Бейсенов, Бейсенбай
Кенжебаев, Кенжеғали Абдуллин, Дубай Сәрсенбаев, Сағат Жұмағазиев, Мәди
Байтұрсынов, Әділбай Омаров, Құрманбек Сағындықов, Әсет Тілеукеев,
Әмірсейіт Әлиев, Кәрім Үкібаев сияқты білгір журналистер болды. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz