ХҮІІІ-ХІХ ғасырдағы Герман мемлекеті. Пруссия


Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   

Қазақ Мемлекеттік Қыздар Педагогика Институты

ТАРИХ-ФИЛОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ

Курстық жұмыс

Тақырыбы : ХҮІІІ-ХІХ ғасырдағы Герман мемлекеті. Пруссия.

Тексерген :Бейсембаева Л.

Орындаған: Сманова Б.

Алматы 2007 ж.

Жоспар.

  1. Кіріспе

Германияның біртұтас мемлекет бірікпеуінің себебі.

2. Негізгі бөлім

Көтерілістің басталуы.

а) Көтерілісшілердің көтеріліске шығу себебі.

ә) Германияның бірігуі.

б) Герман империясының құрылуы.

в) Отыз жылдық соғыстан кейінгі герман мемлекеттері. Пруссия.

3. Қорытынды


ХҮІІІ-ХІХ ғасырдағы Герман мемлекеті. Пруссия.

Германияның біртұтас мемлекет болып бірікпеуінің себебі. ХІ ғасырда барлық жердегі сияқты Германияда да шаруашылық дами бастады. Қалалар өсті, соның ішіндегі ең ірілері тұтас өлкенің қыстақтары мен шағын қалашықтарын өзіне тарта бастады. Дегенмен Германияның бірде-бір ірі қаласы Франциядағы Париждей немесе Англиядағы Лондондай бүкіл елге орталық бола алмады. Мұнда ірі қалалар өзара емес, көбінесе басқа елдермен сауда жасады. Сондықтан да немістің қала тұрғындары Англияның немесе Францияның қала халқы сияқты біртұтас мемлекет құруға оншалықты ұмтылған жоқ.

Басқа елдерде ұсақ және орташа феодалдар корольдің тірегі болып отырғанда, Германия князьдерге тәуелді болды. Олар бұл жерде орталық үкіметке сенімді тірек бола алмады. Өйткені өте әлсіз еді.

Германияны біріктіру жергілікті орталықтардың айналасында жүріп жатты. Мұнда біртұтас орталықтандырылған мемлекеттің орнына корольге тәуелсіз князьдердің басқаруымен көптеген мемлекеттер пайда болды.

1815-1848 жылдары герман мемлекеттеріде капиталистік қатынастар қарқынды дамыды. Пруссияда шаруашылық буржуазиялық-юнкерлік шаруашылыққа айнала бастады. Батыс және Оңтүстік-батыс Германияда ірі шаруашылықтардың пайда болуы және шаруалардың кедейленуі кең ауқым алды.

Жеке мемлекеттердің экономикалық бірігуіне 1834 жылы Пруссияның ынтасы бойынша құрылған Неміс кеден одағының зор маңызы болда. Неміс мемлекеттерінде өнеркәсіптік төңкеріс кең етек алып, теміржолдар салынды, тау-кен және металлургиялық өнеркәсіп өсті. Машина жасау және тоқыма өнеркәсібі дамыды.

Қалардың өсуімен бірге ауылшаруашылығының табысы артты. Қалаларға апарып нан мен етті, сондай-ақ жүн мен зығырды тиімді сатуға болар еді. Өз шаруашылығында өнімді көбірек алу үшін феодалдар шаруалар иеліктерін қысқартып, мырзалар егістіктерін кеңейте берді. Олар қауымдық жерлерді басып алды, шаруаларға рманнан қу ағаштарды жинауға, өзендер мен тоғандардан балық аулауға, жайылымдарға мал бағуға тыйым салды. Жер иесі қайтыс болған шаруаның қора-қопсысын оның екі-үш ұлына бөліп беріп, содан соң оның әрқайсысынан әкелері төлеп келгендей төлемді талап еткен жағдайлар да болды.

Кейбір шаруалар өнімдерін қалаға сатып, шағын күнкөріске қол жеткізді. Бірақ серілер шаруаларды құқықсыз сословие деп есептеді. Олардың қолындағысын үнемі алдап алып, қорлап отырды. Өз мырзасына феодалдық міндеткерліктен басқа, шаруалар князьге салықтар және шіркеу ондығын төледі. өздеріне түскен төлемнен құтылу үшін шаруалар кейде қала өсімқорлығына жалынуға мәжбүр болды.

Феодалдық езгінің күшеюіне жауап ретінде шаруалар Германияның көптеген аймақтарында одақтарға бірікті. Жасырын қаруланып, көтеріліске әзірленді.

Бөлшектенген Германия


Көтеріліс басталды.
1524 жылы шаруалар Германияның оңтүстігінде көтеріліске шықты. Бұл туралы хабар елге тез жайылды.

1525 жылдың басында Германияда шаруалар соғысы кеңінен өрістеді. Елдің отүстік- батысында қатарында 40 мыңға дейін көтерілісшілер болған 6 отряд әрекет етті. Қала кедейлері шаруаларды қолдап, оларға қосымша күш жіберді. Монастырлар мен феодал замоктары өртелді. Шаруалар феодалдық міндеткерліктер жазылған құжаттарды жағып жіберді. Мырзаның малын бөліске салды, феодалдар басып алған қауымдық жерлерді қайтарып алды. Олар католиктер шіркеу қызметшілері мен тақуаларды қуып жіберді. Шаруалар отрядтары жақындаған бойда көптеген дворяндар қалаларға қашты.

Көтерілісшілер не үшін күресті. Көтеріліс басталар алдында Мюнцер мен оның жақтастары шаруаларға хат арнады. Онда халықты ақсүйек және дінбасы мырзалардың езгісінен толық азаттық алу, замоктар мен монастырларды қирату, қарсылық көрсеткендерді аяусыз жазалау үшін одаққа бірігуге шақырды. Бұл көтерілісшілер тарихындағы ең батыл бағдарлама болды.

Бірақ шаруалардың бәрі Мюнцер ұсынғандай іс-қимылға барған жоқ. Олардың неғұрлым акқаттылығы феодалдармен келісімге келуге даяр тұрды. Шаруалар отрядтарының басшылары бас қасып, «12 бап» деп аталатын бағдарлама жасады.

Шаруалар. Альрехт Дюрердің суреті бойынша жасалған шекпе.

Көтеріліске шыққан шаруалар. «12 бап» атты кітапшаның мұқабасы.
Өйткені шаруалар талаптары 12 тармақшада баяндалған болатын. Көтерілісшілер жеке бас тәуелділігін жоюға ұмтылды: «Осы кезге дейін бізді меншікті адасдар деп есептеу әдет болып келеді, ал біз ерікті болғымыз келеді. ». Олар басып алынған қауымдық жерлерді қайтаруды, барщина, алым және ондық салымды азайтуды әрбір қыстақ шіркеу қызыметшілерін өздері таңдап алуға рұқсат беруді талап етті. «12 бап» шағын кітапша түрінде басылып, шаруалар арасына таратылды. Бұл бағдарлама Мюнцердің талаптарынан гөрі көңілге қонымды еді.

Ауқатты қалалықтар шаруалар күресін өз мүдделеріне пайдаланып қалуға тырысты. Хейльбронн қаласында тағы бір бағдарлама жасалыа, онда бай қалалықтар император билігін күшейтуді, бүкіл Германия үшін ортақ заң, бірыңғай ақшамен өлшем енгізуді, ел ішіндегі баж салығын жоюды талап етті. Осының бәрі елдің бірігуіне және өндіріс пен сауданың өркендеуіне септігін тигізуі тиіс. Шаруалар бас еркін сатып алу міндеткерлігінен босатылуға тиіс болды.

Көтеріліс жалыны барлық жерді шарпыды. Орталық Германиядағы Тюренгия аймағында шаруаларға қала кедейлері мен тау-кен жұмысшылары қосылды. Тюренгиядағы көтерілісті Томас Мюнцер басқарды.

Күрестің басынан-ақ Мюнцер Мюльхаузенде тұрды. Бұл қалада халық байлар басқарған бұрынғы қалалық кеңесті қуып жіберді. Жаңа қалалық кеңеске Мюнцердің жақтастары кірді. Көтерілісшілер күреске дайындалып, әскери іске жаттықты, шіркеу қоңырауларынан зеңбіректер құйды.

Томас Мюнсер

Бірақ шаруалар отрядтары бір үлкен әскерге біріге алмады және ортақ басшылығы да болмады. Әрбір аймақта шаруалар дербес іс-қимыл жасады: сондықтан олар дворяндар шабуылға шыққанда бір-біріне көмек көрсете алмады.

Лютер алғашында көтерілісші шаруаларға жаулық пиғылда болған жақ. Реформация көсемінен қолдау күткен шаруалар оның пікірін білу үшін «12 бапты» жіберді. Бірақ ол жеке тәуелділік Інжілге қайшы келмейді деп жауап берді. Лютер шаруалар соғысының құлаш жаюынан қорқып, феодалдар жағына шағып кетті . «Қарақшы және тонаушы шаруалар тобырына қарсы» деген шығармасында ол князьдерді көтерілісшілерді басуға және жоюға шақыра отырып: «қолынан келген әрбір адам оларды ұрып соғып, тұншықтырыа, ашық та құпия түрдеде араларына жік салуы керек, бүлікші адам зәрлі, улы екенін ұмытпау керек, оны құтырған ит сияқты өлтірген дұрыс », - деді. Бай қалалықтар князь әскерлеріне қала қақпаларын айқара ашты.

Германиядағы шаруалар соғысы

Германияның оңтүстік батысында шаруаларға қарсы асығыс жинақталған дворян әскерлері шықты. Көтерілісшілер дворяндарда бірнеше есе көп еді. Бірақ шаруалар көтеріліс ісін, соғыс тәртібін білмеді: олар аңғал сенгіштікпен жауларымен келіссөзге барды. Қиын жағдайда қалған дворяндар, егер көтерілісшілер үйлерге тарқаса олардың барлық талаптарын орындаймыз деп уәде берді. Шаруалардың бір бөлігі бұл уәдеге сеніп қаруларын тастады. Сол кезде дворяндар сатқындықпен шаруалар отрядына тап берді де, оларды бір-бірлеп талқандай бастады.

Тюренгияда князьдер көтерілісшілерге қарсы жалдамалы әскерді жіберді. Мюнцер 8 мыңдық отрядпен Франкен Хаузен қаласының жанындағы тауға орналасты. Шаруалар өз лагерін арбалармен және ор қазып қоршады. Бірақ Мюнцердің қосыны нашар қаруланған еді. Князь жалдамалылары шабуылға шықты. Олардың артиллериясы шаруаларға көп зиян тигізді. Жалдамалылар лагерьге басып кіріп, 5 мыңдай адамды қырып жіберді.

Мюнцер басынан жараланып тұтқынға түсті. Ол қатал азапқа ерлікпен төзіп, князьдердің бұйрығы бойынша өлім жазасына кесілді.

Жекелеген аймақтарда көтерілісшілер отрядтары одан кейінде ұзақ уақыт бойы қарсыласты. Шаруаларды талқандай отырып, князьдер оларды қаталдықпен жазалады. Тұтқындарды азаптады, асып өлтірді, отқа жақты. Опат болғандардың саны 100 мың адамнан асып кетті.

Қыстақтарға орасан зар айыптар салынды.

Германияда өнеркәсіп пен сауданың өркендуі үшін феодалдық тәртіптерді жою және елді біріктіру қажет болды. Бұл міндеттер Реформациямен шаруалар соғысының барысында шешілмеді. Шаруалар соғысы жеңіліске ұшырағаннан кейінгі 300 жыл бойы Германияда шаруалардың жеке тәуелділігімен феодалдық міндеткерліктері сақталып қалды.

Елді біріктіру әрекеттерінің де, орталықтанған мемлекет құрудың сәті түспеді. Князьдер дербестігін арттыра түсті, ал қалалар оларға толық бағынды.

Шаруалар соғысы Европада феодалдық тәртіпті төңкеріс арқылы құлатуға жасалған тұңғыш сәтсіз әрекет еді.

Көтеріліске шыққан шаруалардың ту ұстаушысы мен барабаншысы.
Германияның бірігуі.
Пруссия Сардиния корольдігіне қараған, ХІХ ғасырдың ортасына қарай ұлы державалар қатарына кірді. Бірақ күші және ықпал ету дәрежесі бойынша соңында болды. ХІХ ғасырдың басындағы әскери реформаның нәтижесінде күшті әсер құрылып, Пруссия ұлы державалар қатарына қосыла алды және басқа гермен мемлекеттерінің есебінен өз аумағын ұлғайтты. Пруссияның құрамына табиғи ресурстары бай Германияның дамыған аумақтары кірді. ПРусиия аумағына өзге герман мемлекеттері сыналай кіріп жатқандықтан, Пруссия жалпыгермандық істерге араласуға мәжбүр болды.

Пруссия неміс тұрғындары мекен еткен протестанттық мемлекет болды. Неміс ұлттық қозғалысын ждақтаушылар Пруссияның Германияны біріктіру әрекеттеріне үлкен үміт артты.

Корль ІҮ Фридрих Вильгельм науқастанып, өз өкілеттігін ағасы І Вильгельмге бергеннен кейін Пруссия ішкі германдық істермен айналыса бастады. Оны толғандырған басты мәселе Австрияны әлсірету және барлық герман мемлекеттері Пруссия маңына біріктіру болды. 1862 жылы жаңа король өзінің бірінші министрі етіп 47 жастағы Отто фон Бисмаркті тағайындады.

ХІХ ғасыр басындағы реформалар Пруссия әскерін жалпыхалықтық әскерге айналдырды. Бисмарк әскерге баса көңіл бөлді. Бисмарктің және оның көмекшілері- әскери министр Альберхт фон Роонның және бас штаб басшысы Гельмуд фон Мольткеннің Пруссиялық әскер Европадағы ең күшті әскердің біріне айналды.

1864 жылғы Пруссия мен Австрияның Данияға қарсы соғысы Австрияның талқандалуына бастама болды. Дания мемлекетінің құрамына немістер тұратын екі провинция- Шлезвиг және Гольштей болатын. Дания бюұл соғыста жеңіліске ұшырағаннан кейін Пруссия Шлезвигті, ал Австрия Гольштейнді басқару билігін иемденді.

Даниямен соғыс аяяқталғаннан кейін Бисмарк провинцияларды басқару жөніндегі келісімді бұзды деп Австрияны айыптай бастады. Пруссия Герман одағының қарауына Одақты қайта ұйымдастыру жоспарын ұсынды. Жоспарға сәйкес Австрия одақтан шығарылатын болды. Герман одағының жалпы әскері және дауыс беру негізінде сайланатын парламент- рейхстаг құрылды. Австрия Пруссияның әрекеттерін аыптады. жауап ретінде Пруссия герман одағынан өз еркімен шықты және Герман мемлекеттерінің өз жағына шығуын талап етті. 1866 жылы сәуірде Пруссия Итали мен Австрияға қарсы әскери одақ құру туралы шарт жасасты.

1866 жылы маусымда Австрия-Пруссия соғысы басталды. 3 - шілде күні Садова елді мекені жанында 220 мыңдық Пруссиялық әскер 215 мыңдық Австриялықтардың тас талқанын шығарды. Көп ұзамай бітімге қол қойылды. Келісім шартқа сәйкес Пруссия аумағы оған кейбір Герман мемлекеттерінің жері қосылғаннан кейін Реннен Неманға дейін созылды. Сонымен солтүстік германдық одақ құрылды. Одақ басшысы Пруссиялық король болды. Үкіметті конслер басқарды. Бірінші конслер болып Бисмарк сайланды.

Австрия Германиядан ығыстырылды, Австриялық империя Италиядағы соңғы иеліктерінен айырылды. Венеция аумағы Италия корльдігіне өтті. Империяны ішінен нығайту үшін Австриялық император Франц Иосиф 1867 жылы Венгрияға ішкі автономия берді. Орталық үкіметтің бақылауында сыртқы саясат, қорғаныс, ақша айналымы мәселелері қалды. Мемлекет біріккен Австро-Венгрия монархиясына айналды. Австриялық император Венгрияның да корольі болды.

Бисмарк Германияны біріктіруді тек Францияны талқандағаннан кейін ғана аяқтау мүмкін деп санады. Пруссияның Франциямен соғысы ПРуссия айналасына немістерді біріктіріп, Германияда оның жетекшілік рөлін бекітеді деп есептеді.

Австрия талқандалғаннан кейін, Солтүстік герман одағының концлері Франция мен соғысқа дайындала бастады. Бисмарк өз жоспарларын жүзеге асыруға асықты. Өйткені үшінші Наполеонның одақтастары болмады. Бисмарктің арандатушылық әрекеттерінің арқасында 1870 жылы 19 шілдеде Франция Пруссияға соғыс жариялады. Пруссиялық әскер жақсы дайындалған болып шықты. Француздар күйреудің алдында тұрды. 1870 жылы тамызда Мец бекінісінде 200 мыңдық Француз әскері қоршауға түсіп қалды. Оған көмекке жіберілген маршал Мак-Магонның 90 мыңдық әскері Седан бекінісінде қоршауға алынып 2 қыркүйекте тізе бүкті.

Соңғы жеңіліс туралы хабар Париж халқының ашуын тудырды. 1870 жылы 4 қыркүйекте төңкеріс басталды. Франция республика деп жарияланды. Бірақ асығыс құрылған әскер жеңіліске ұшырады. 1870 жылы қазанда Мец бекінісінде француз әскери бөлімдері тізе бүкті. Пруссия жеңісті зор салтанатпен атап өтті.

Герман империясының құрылуы. . Пруссияның жеңістерінен соң герман мемлекеттерінің монархтары пруссиялық корльге императорлық тәжді қабылдау жөнінде өтініш жасады. 1871 жылы 18 қаңтарда Версаль сарайының айналы сарайында Гнрман империясының құрылғандығы туралы жарияланды. Жаңа мемлекеттің бірінші канцлері Бисмарк болды. Еуропаның ортасында ірі мемлекет пайда болды. Германия Еуропадағы күштердің жаңа орталығына айналды.

Отыз жылдық соғыстан кейінгі Герман мемлекеттері. Герман ұлтының Қасиетті Рим империясы Вестфаль бітімінің қорытындысына сай өзінің өмір сүру уақытын тағы да бір жарым ғасырға ұзартады. Швейцария мен Нидерланды (Құрама првинциялар Республикасы) егеменді елге айналады. Империяның құрамына бұрынғыдай неміс емес тұрғындардан тұратын испандық Нидерланды, Франш-Конте, Шлезвичтің солтүстігіндегі даттар Чехия (Богемия) және Моревиядағы чехтар, моравтар, ал Силезияда поляктар мен чехтар, Каринтия мен Крайнедегі көптеген словендер де кірді. Католицизм мен протестантизмнің таралу аумағы сабырлы жағдайда қалыптасып, князердің конфессияларды өзгертуге қатысты құқықтары да шектеледі. Кольвинизм (реформаттық шіркеу) үшінші конфессия ретінде мақұлданды. Империялық мекемелерге католиктер мен пртестанттықтардың қызмет етудегі біргейлік жүйесі енгізілді.

Сонымен қатар, империялардағы князьдерге егемендік беру туралы жарлықтың маңыздылығы үлкен болды. Империя князьдіктеріне тұрақты әскер ұстап тұру, шет мемлекеттермен өзара одақтық келісімдер жасауды қамтамасыз ететін заң шығару және қарулары құқықтары да беріледі. Ал империяның аумағына кіретін бұл территориялық мемлекеттер халықаралық құқықтың субъектілері болып саналды. Егеменді болып, 300-ге жуық зайырлы және діни князьдіктер, 51 имперлік қала, 41 475 имперлік рыцарлықтар (ХҮІІ ғасырдың ІІ жартысында) есептелді. Империяның кейбір жерлерінде шетел билеушілері иелік етсе, (Францияның, Швейцияның корольдері, кейіндері курфюрст Ганновеннің корольдік етуімен Англиялықтарда) венгр корольдігіне, сондай-ақ Гогенцоллерндер әулетінен шыққан кеурфюрст Бранденбург империяға кірмейтін жерлерімен қоса, Пруссияға иелік етті. Австриялықтар кейбір одақ институттары мен мекемелеріне сәйкес, әсіресе, кайзерлік (императорлық) - бірігу символдарымен, өзге территориялардағы мемлекеттердің қауымдастығын сипаттады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұлы Морав мемлекеті
Қасиетті Одақтың қызметі
ХІХ ғасырдың екінші жартысында
Еуропа және Америка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы пәнінен оқу-әдістемелік кешені
1848-1849 жж. Германиядағы, Италиядағы революциялар
ХҮІІғ. басындағы Англияның әлеуметтік-экономикалық дамуы
«Тарихнама» пәні бойынша лекция сабақтары
Ежелгі және орта ғасырлардағы Русь (ІХ ғ.-ХҮІ ғ. басы)
Венгрия
Германия елі туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz