Ақтау қаласының туристік-рекреациялық ресурстары


КІРІСПЕ
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасынның туризмді көтеру мәселесі өзекті мәселелерінің бірі болып отыр. Осыған байланысты елімізде қазақстандық және шетелдік азаматтардың әр түрлі туристік қызметтерге деген сұраныстарын қанағаттандыру үшін кең мүмкіндіктерді қамтамасыз ететін қазіргі заманғы аса тиімді және бәсекеге қабілетті туристік кешенді іске асыру мақсатында және ұлттық туристік өнімнің сапасын қамтамасыз ету үшін әр ауданда туризмді дамыту бағдарламалары жасалған. Бұл тұрғыда Маңғыстау облысының 2008-2011 жылдарға арналған туризмді дамыту бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілген. Осы бағдарламаны толықтыру барысында қазіргі уақытта IPK International халықаралық компаниясы мамандарының қатысуымен Маңғыстау облысында 2015 жылға дейін туристік кластер құру мен дамыту мастер-жоспары қолға алынып жатыр. Аталған қаулыда Маңғыстау облысында туристік кластерді дамыту бойынша 17 сервистік нүкте кіргізілген болатын. Бағдарламада ұсынылған 17 сервистік нүктенің бірі болып Ақтау қаласы таңдалған. Яғни, мұнда болашақтағы әлеуметтік, экономикалық, мәдени және туристік дамуды алға қоя отырып, қаланың жаңа заман талабына сай абаттандырудың өзіндік бір қолтанбасын құру. Сонымен қатар, қалалық ғимараттардың басты белгісі болып табылатын мықты денсаулық, жайлылық және экономикалық дамуды көздейтін сапалы өмір сүрудің жаңа дәуренін ұсынатын Ақтау-Cити қалашығының құрлысын жүргізумен бірге Ақтау қаласында 5*-2* қонақ үйлер, Каспий теңізі бойына конгресстік және жаңа гольф-орталықтарын орналастыру, Маңғыстау мұражайын салу мен Каспий теңізі бойынша туризмді дамыту бағыттары ұсынылған болатын. Соған байланысты жұмыстың бірінші бөлімінде толығымен Ақтау қаласының табиғи рекреациялық және әлеуметтік-экономикалық ресурстары туралы қарастырылған. Ал, әлеуметтік-рекреациялық ресурстарына Ақтаудың тарихы мен экономикалық жағдайы, халқы кіргізілген. Сонымен қатар екінші бөлімінде Ақтау қаласынның туризм жағдайы, яғни туризм инфрақұрылымы, мәдени-тарихи нысандар мен таңқалдырар көзтартарлық жерлерін пайдалана отырып қала бойынша шолу экскурсиясын жасап, картаға түсіру. Ал үшінші бөлімінде Ақтау қаласының туризмді дамыту жағыдайын қолға ала отырып, ұсынылған жобалар бойынша анализ жасау, туризмнің түрлерін дамытуға ыңғайлылығы сипаттау, Каспий теңізі бойынша туризмді дамыту қажеттіліктерін қарастыру.
Жұмыстың мақсаты: Ақтау қаласының туристік жағдайы мен болашағы мүмкіндіктерін ашып көрсету.
Міндеттері:
- Ақтау қаласынның туристік-рекреациялық ресурстарын көрсету;
- Ақтау қаласынның туризм жағдайын сипаттау;
- Ақтау қаласының туризмді дамыту жағдайымен таныстыру ;
- Ақтау қаласынның тамаша тарихи-мәдени нысандары бойынша қалаға шолу экскурсия жасау;
- Каспий теңізі бойынша круиз құру.
Өзектілігі: Маңғыстау обылысын туристік потенциалды аймаққа айналдыру барысында 2015 жылға арналған туризмді дамыту бас жоспары бойынша Ақтау қаласынның алдыңғы қырынан көрінуі негізгі өзектілігі.
Тәжірибелік маңызы: жұмыста Ақтау қаласынның географиялық орыны мен табиғи-климаттық ресурстары, қаланың әлеуметтік-экономикалық жағдайы мен туристік инфрақұрылымы талданып, келешектегі туризм жағдайына талдау жасалынды, тарихи-мәдени нысандар бойынша Ақтау қаласына шолу экскурсия құрылды.
Ғылыми-әдістемелік маңызы: дипломдық жұмыста Ақтау қаласынның туризм инфрақұрылымы мен тарихи-мәдени нысандары анықталды. Осы бойынша Ақтау қаласына шолу экскурсия құрылып карта жасалынды.
Жұмысты орындау барысында пайдаланылған әдістер: картографиялық, статистикалық, библиографиялық.
Жұмыс құрылымы: Дипломдық жұмыс кіріспе, негізгі бөлім мен қорытындыдан тұрады. Құрылымы 60 беттен, 1 кесте, 9 суреттен құралған. Диплом жұмысын жазу барысында 50 әдебиет пайдаландыылып, қосымша ақпараттары қосылды.
Зерттеу нысаны, пәні: Ақтау қаласының туристік жағдайы, туризмді дамытудағы маңызды рөл атқаратын туристік объектілер болып табылады. Зерттеудің негізгі теоретикалық және методологиялық базасы болып жергілікті және шетелдік авторлардың анықтамалық кітаптары мен Маңғыстау статистикалық мәліметтер болып табылады.
:
1 АҚТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТУРИСТІК-РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ РЕСУРСТАРЫ
1. 1 Табиғи рекреациялық ресурстар
Ақтау (қазақ тілінде «ақ тау» дегенді білдіреді) қаласы Маңғыстау облысының орталығы, Каспий теңізі мен шөл арасында, Қазақстаның оңтүстік-батысында орналасқан. Қала территориясының оңтүстік жағы мен Каспий теңізінің жағалауын Қаракөл қорықшасы алып жатыр. Жер көлемі 14 мың км². Қаланың табиғатына ерекше көрініс беретін Маңғыстаудың жербедерін айқара ашып қарайтын болсақ таңқалдырар жерде баршылық. Себебі, Ақтау қаласы Маңғыстау түбегінің ажырамас қайнар бұлағы. Облыстың көзге көрінер жерінің барлығы қаланың да келбетін құрайды. Сондықтан, олар өздерінің орналасумен, пайда болу тарихымен айрықша әсер береді. Яғни, Каспий мен Арал, Жем мен Бегдашы аралығын алып жатқан байтақ дала бір-біріне ұқсамайтын шөл далаға тән қандай көрініс болатын болса, оларды көпсінбестен айқара ашылған құшағына рет-ретімен сыйғызып, табиғатқа тән өсімдікпен орналастырылған ұлан-ғайыр кеңістік Маңғыстау жері [1] .
Маңғыстау облысының батысы мен терістігінен орала қоршаған Каспий теңізі, оңтүстігінде Түркіменстан, оңтүстік-шығысында Қарақалпақстанмен, солт. мен солтүстік-шығысында Атырау, Ақтөбе облыстарымен шектеседі. Сондай-ақ, ол өзінің әр түрлі таулы жазықтарымен, қайталанбас табиғат құрлымымен ерекшеленеді. Сонау солтүстігін керемет Желтау (221 м), Мыңсуалмас (148 м) және құм алқабы (Қарақұм, Сам басқалары), көлемді сор (Өліқолтық, Қайдақ, Қаратүлей, Қаракешу) және Бозашы түбегі орналасқан Каспий жағалауы алып жатыр. Орталық бөлігін Маңғыстау (Ақтау, Қаратау 556 м) таулары, Маңғыстау үстірті және ТМД дағы ең терен ойпат (-132 м) Қарақия орналасқан Маңғыстау түбегі алып жатыр. Оңтүстік батысында Кендірлі-Қаясан үстірті орналасқан, оңтүстігінде - Қарынжарық ойпаты. Облыстың шығысы Үстірт шоқысымен қоршалған [2] .
Сонымен қатар, Маңғыстау облысының жері өзінің рельефтік ерекшеліктеріне қарай бірнеше аймақтарға бөлінеді. Бозащы түбегі. Бұған Бозащы жарты аралы түгелімен кіреді. Бұл жарты аралдың орта жоны бір қалыпты қоңырлы, құмды, бұйратты жазықтық болады да, теңізге қарай ойысқан етегі сортаң, сор мен ащылы сораңды кебіртең, кейбір жері қайраңды тегістік болып келеді. Жарты аралдың шығысы теңіз деңгейінен - 26 м төмен жатқан Қайдақ сорымен көмкеріле келіп, оңтүстігінде теңіз деңгейінен - 24 м төмен жатқан Қаракешу, содан батысқа қарай - 19 м белгідегі Қошақ сорымен жалғасады. Ал терістік батысы мен терістігі теңіз деңгейінен - 19-27 м төмен жатқан Каспий теңізімен қоршалған. Орталық таулы Маңғыстау. Бұған батыс және шығыс Қаратау жоталары мен оңтүстік және солтүстік Ақтау тізбектері кіреді. Бұл өңір өзінің жербедері жағынан тектонико-эорзиялық және аридті-дендуациялық (судан, желден, мұздан беті тегістеліп кеткен) аласа таулар тіркесіне жатады. Бұл ауданның жербедері сан алуан биік шоқылар, таулар, жоталар, адырлар мен аңғарлар, бөктерлер, жекелеген төрткілер, эрозиялық өңірлер және су ағатын сайлардан құралады. Таулы Маңғыстау ұзындығы - 117 км, ені 10-15 км-ге созылған батыс және шығыс Қаратаумен оған жарыса жатқан оңтүстік және солтүстік Ақтаулардан тұрады. Орташа биіктігі 300-400 м, биіктігі 532-556 м-ге жететін Отман, Бесшоқы Қаратаудың ең биік тау-шоқыларының санатына жатады. Қаратау сілімдері тек Шығыс Қаратаумен бітпейді, ол одан әрі жалғасып Бесоқты тауы, Қарашық, Қармая, Кендірлі сілімдерімен ұштасып жалпы ұзындығы 300 км-ге дейін созылады. Сол сияқты солтүстік және оңтүстік Ақтауларда батыс басын Таушық, Дәніспан маңынан бастап тұмсығын Үстірт шыңына тіреп, терістік беті Күйекжол арқылы Тұзбайыр тауына жетіп жығылса, екінші беті Алаешкі, Жабайұшқан таулары арқылы жалғаса Бекет ата шыңына үңіле Үкінің ойынан таусылады. Солтүстік Ақтаудың орташа биіктігі 300-327 м болады. Тау жоталары терістікке қарай қоңырлақ бурай, ірілі-уақыты сала болып Бозащы жазығына жалғасып кетеді. Ал оңтүстік Ақтау солтүстік Ақтауларға қарағанда аласа болып келеді де, оңтүстік және оңтүстік батысқа қарай аласарып, бірте-бірте оңтүстік Маңғыстау жазығына жалғасады. Батыс аймақ - Түпқараған түбегі. Түбек солтүстік және батыс беті Каспий теңізімен қоршала келіп үстінгі беті бір тегіс жазықтық бола биіктігі 140-200 м теңізге үңілген жағалық шыңдар сілемін құрайды. Шың жағалауында солтүстіктен оңтүстікке қарай әр түрлі ұзындықта орналасқан және бірнеше бұтақтарға тарамдалған ірілі-уақты, сулы, сулы алқаптар, тұйық сайлар кездеседі. Түпқараған түбегінің оңтүстік беті солтүстігіне қарағанда аласалау: 200 м-ден 70 м-ге дейін, кей жерлері 30 м-ге аласырып сай-салалары адырлы алқаптарға айналады. Бұлардың ішіндегі ең ірілері Саура, Түлкілі, Сақа Құдық, Қарлыбас алқапты аңғарлары Түпқараған дөнінен басталып теңізге барып тіреледі. Алқаптың аяқталар жерлерінде азды-көпті су көздері бар. Оңтүстік батыс адырлы аймақ. Таулы Маңғыстаудың оңтүстік бетіндегі Ақтаулар оңтүстік-батысқа қарай аласара түседі де бірқатар жері тегістікке ұштаса бірқатар жері жыра, сай, әр түрлі салалармен жинақталып келіп, сусыз үлкен аңғар-алқап құрайды. Батыс жағының ені 5-6 км-дей болып Шақырған, Сартаған, Қарақыздан басталған алқап Құйылысқа келіп жинақталып, одан әрі оңтүстікке қарай Ұзынбас сайымен ұштаса Байқасқа тауының астымен Қарақия ойпатына құлайды. Қарақия сорын Қарақия тауы қоршап жатыр. Сордың батысы Боржақты адыры арқылы Исан түбегіне жалғасып одан әрі құмды мүйіс арқылы теңізге сұғына бітеді. Сордың жалпы көлемі 27000 га. Қарақия ойпаты теңіз деңгейінен 132 м төменде жатыр. Қарақия сорының теңіз беті бір тегіс 0, 30 м-лік белгідегі қоңырлық болып келеді де арасында табиғи деңгейі төмен, ұзындығы 20 км-ге жуық ағысты алқаптар кездеседі. Оның теңіз деңгейімен салыстарғанда кей жері - 8, орта жері - 20, ал теңіз жағасына жақындаған сайын - 28 м-ге төмендейтін жерлері кездеседі. Шығыс құмдық аймақ. Шығыс құмдық аймақ жербедері мен өсімдік құрамына сәйкес жоғарыда айтылған 4 ауданға қарағанда өз ерекшеліктерімен көзге түсіп оқшауланады. Шығыс құмдық ауданға кіретін Мырзайыр, Басқұдық, Итқара құмы, Тышқан құм, Сеңгір құм, Бостан құм, Сенек, Аққұдық, Қарынжарық құмдары бірі жақын, бірі алыс әр түрлі биіктіктегі шын тауларымен қоршалған. Құмдық аудандардың тау слемдері қойнауына орналасқан аралық сор, одан әрі құмға ауысып бұталы болып келуі өзіндік микроклиматтың ерекшеліктерімен Маңғыстаудың шаруамен айналысатын тұрғындары үшін ең қолайлы қыстақ орын болып есептеледі. Шығыс құмдық ауданның жалпы жер көлемі 220 мың га-ға жуық. Оңтүстік Маңғыстау жазығы. Оңтүстік Маңғыстау жазығы терістігін Өзен, Жетібай дөңінен бастап оңтүстікке қарай бірте-бірте аласарып, оңтүстік-батыс беті Каспий теңізін жағалай Бегдашыға тірелсе, оңтүстік шығысқа Тайғыр, Көкімбай дөңі арқылы Сақсорқа, Қарынжарық құмдарын жағалай Шағала сорға барып тіреледі. Жалпы көлемі бүкіл Маңғыстау жерінің жетіден біріне жуығын алып жатқан бұл тегістік өзінің жер бедері, топырақ және климаттық ерекшеліктерімен өз алдына бөлек, бір аймақ болып есептеледі. Оңтүстік Маңғыстау жазығының ең бірінші ерекшелігі мұнда су көздері өте тапшы, бар суның өзі ащы болып келеді. Топырағы оңтүстікке жүрген сайын ащы-карбонатты қопраңқы, бос көпіршік атып қабыршықтанып жатады. Жаңбыр, қар сулары топраққа тез сіңіп кетеді, сондықтан бұл жазықтықта сай сала, су ағар жыра сирек кездеседі. Керсінше ойдым-ойдым қазаншұңқырлар, ортасы сор (Қуанды, Жазыгүрлі) немесе әр түрлі формадағы жан-жағы түрткіл қыраттармен көмкерілген терең шұңқыр, астау ойлар, шөпті-шөпсіз төбелер, бір-біріне тіресе қатар түзген қаражалдар, адырлар болып келіп, шыңға жақындағанда топырағы қатайып, қабыршық тас араласып, соған сәйкес жер бедері, өсімдіктер дүниесі өзгере бастайды [3] .
Үстірт жоны немесе Оңтүстік Үстірт. Үстірт жоның Маңғыстаудың Қаройынан Күйкенің тұмсығынан басталатын Ақшабас, Қаратүйе, Кертті, Аққуыс, Жосалы, Қараған-Босаға, Көксем, Кендірлі, Елшібек, Сүйірші сияқты жағалай ұшпа шыңдар мен жар қабақты таулар бөліп тұрады. Солтүстіктегі Бейнеу мен Ақжігіттен шыға басталып, оңтүстіктегі түркімен жеріне сұғына кіріп, Қырықсегіз теппеден аяқталатын, ал батысы Қараған-Босағадан шығып, қарқалпақтын қасқа жолына тірелетін ұлан-ғайыр дала Үстірт жоны болып табылады. Оңтүстігінде Қожантай, Ботақан, Алтынтапқан, Түзелбай, Жаңбыршы құдықтарының үстімен Қара елді мекеніне қарай орналасқан. Үстірт жонына Қаратүлей, Есенқазақ, Елтеже, Шылпық, Ақсексеуіл, Белсексеуілдің түйелері алып жатыр. Түлейдің өзі және оны маңайлаған жердің топрағы бос, сортан тартып, соған сәйкес шөбі де бұталы күйректеу келеді. Оңтүстік шығыс Үстіртке қарай есептегенде 50-70 км-ге дейінгі Қарнау деп аталатын жердің жайылысы құнарлы болып келеді. Оңтүстік Үстірт жоны мен солтүстік Үстірт жоны Сам және Матай құмдары бөліп жатыр(сурет 1) . Сам және Матай құмдарының терістігінен басталатын солтүстік Үстірт жоны батысында Қарақұм, Жем ойпаты мен терістігінде шалқар, шығысында Борсықтың құмы мен Арал теңізіне тіреледі [4] .
Сурет 1. Үстірт таулары [5]
Қарағия ойпаты. Қарағия ұзындығы 85 км, 10-25 ені. Шығыс беткейлі тұсында ойыстың түбін бойлай солтүстік батыстан, оңтүстік. шығысқа қарай жазда қарасуларға бөлініп қалатын Ащыағар өзені өтеді. Маңғышылақ жазығының шығыс бөлігі, Ақтау қаласынан 50 км жерде, солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа созылған дүние жүзіндегі мұхиттан 132 м төмен жатқан ойпаты. Қарағия - түрік атауы, аударғанда «Қара құлама». Көлікпен пластмасса заводының, Маңғышылақ аулынынан төмен түсе бергенде Жетібай және Жаңаөзен аулына дейін созылған тамаша шөлді пейзажды көруге болады. Маңғышылақ қарауылдары «Қара құлама» түспей түсуге асықпай жолдан тамашалауды ұсынды. Маңғышлақтын басқа жерінде өтпейтін, ойпатта көктемде шампиньон саңырауқұлағы жиналады. Қазір бұл жерде әдемілігмен тамаша қоян, түлкі, қарсақ; зорко муфлоны айналада не болып аңдып жүргендей. Ерте кезде Батыр «Батыл Жауынгер» атауымен көл болған деген аңыздар бар. Одан кейін ойпаты құрылған. Ұзындығы - 40км, ені - 10 км.
Қарақия-Қаракөл қорықшасы 1986 жылы Маңғыстау облысы, Ералиев ауданында орналасқан. Жерінің аумағы 137. 5 мың га. Қорықшаны құруда, ы мақсат Қарақия ойпатында сирек кездесетін жануарлар түрлерін сақтау. Қорықша аумағында 9 бұлақ, 3 атпалы су көздері бар. Бор таулар. Ақтау қаласынан 29 шағынаудан жағына, Қаламқас және Форт-Шевченкоға апаратын солтүстік-батыстағы жолға бұрылып Ақшұқыр аулынан Тельман бағытына жүреміз. Тіке жолға түсіп солтүстік-шығысқа бұрыламыз, бұл кезде ланшафт күрт өзгереді. Бірнеше шақырымнан кейін Ақтау тауына, одан кейін ақ аласа оңтүстік Ақтау тауына жетеміз. Солтүстік Ақтау тауына келгенде автотұрақ орналасқан, яғни осы жерге «Борлы тау» атауы берілген. Айналасы ақ қардай шағылысады. Бұл таулар ақ глиан мен әкпен құрылған. Жаңбыр болған кезде бұл жерде сел болып, жолды жапқан ағыннан бағала тастар мен акула тістерін тауып алуға болады. Ақтау Бозащы қорықшасы. Географиялық жағдайы. Ақтау Бозащы қорықшасының жер көлемі 17 га, Бозащы түбегінің аяғында оңтүстік батысқа қарай және Солтүстік Ақтау тауының батысына құлаған, солтүстіктен теңіз жазығамен Каспий теңізіндегі Қошақ бұғазында орналасқан. Қорықша территориясының ұзындығы солтүстік тен батысқа, оңтүстіктен шығысқа 74 км тен. Қорықша шекарасы Ақтұмсық бұғазынан, Торлүн ауылы арқылы, Түщещағыл құдығы, Құм моласынан Шевченко - Қаржанбас тас жолына шығады. Тас жолдан ары қарай Солтүстік Ақтаудың оңтүстік беткейіне және ол арқылы Шақбақтас үңгірі арқылы теңіз жазығына кіреді. Түбектін табиғаты соншалықты әдемілігіне дүниедегі ешбір ғажайып ұқсамайды [6] . Өсімдіктер мен жануарлары. Маңғыстауға табиғатың сыйға тартқан тамаша өсімдіктері мен жануарлары туралы айтпау мүмкін емес. Облыстың өсімдіктер жамылғысы Қазақстанның басқа шөлді мекендерінен айтарлықтай ерекшеленеді. Бұл жерде жабайы аңдардың, құстардың, балықтардың неше алуан түрлері шоғырланған. Мысалы, сүт қоректілердің 51, құстардың 350-ге жақын түрі, ал Каспий теңізіндегі балықтардың 130-ға жуық түрі кездеседі. Басқа өңірлермен салыстырғанда Маңғыстауда өте сирек кездесетін, Қызыл кітапқа енгізілген хайуанаттардың түрлері айтарлақтай көп. Оларға Үстірт жабайы тау қойы, қарақұйрық, құлан, қарақал, итаю, мәлін, шұбар, күзен, ала тертесер, кірпі, сабаншы, шағыл мысығы кіреді. Қызыл кітапқа енгізілген 26 түрі кездеседі, олардың ішінде ақсұңқар, ителгі, лашын, үкі, сыңқылдақ аққу, кіші аққу, қоқиқаз, жорға дуадақ, дуадақ, бүркіт, аққұйрықты және кезқұйрықты субүркіт, қызғылт және бұйра бірқазан және т. б. бар. Қызыл кітапқа енгізілген жануарлардың ішінде ең көбі қарақұйрық, олардың бас саны шамамен 1500-1700, одан кейінгі Үстірт жабайы тау қойының бас саны 700-1000-ға жуық, құланның бас саны 80-130-ға жуық, ал аулауға тиым салынған киіктер саны 1000-1200-ге жуық. Бұлардың көбісінің шоғырланған жерлері Маңғыстаудың Бозащы түбегі, үстірт Қаратау бөктерлері және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар. Олардан басқа облыс аумағында кәсіптік маңызы бар аң-құстар да мекендейді: жабайы доңыз - 200, қасқыр - 3000, түлкі - 4700, шибөрі - 300, қарсақ - 2800, қоян - 17000, сасық күзен - 100, қаз - 6000, үйрек - 185000, кекілік - 8, бөдене - 37500 бас шамасында. Жануарлар мен өсімдіктер әлемін сақтап қалу үшін облыс көлемінде ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық басқармасымен қатар Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы (көлемі 223, 3 мың га), Ақтау-Бозащы мемлекеттік зоологиялық қаумалы (137, 5 мың га), Қарақия-Қаракөл мемлекеттік зоологилық қаумалы (137, 2 мың га), Кендірлі-Қаясан мемлекеттік қорық аймағы (1231 мың га), Маңғышылақ эксперименталды ботаникалық бағы жұмыс істеуде. Бүгінгі таңда Маңғыстау облысында жаңа аң шаруашылықтары ашылды: Қаржанбас (56, 7 мың га), Қияқты (165, 2 мың га), Қаратау (88, 5 мың га), Голубая бухта (68, 7 мың га) және т. б. Сонымен қатар облыста өсімдіктердің 622 түрі өседі. Олардың 40 түрі облыстық Қызыл кітапқа, ал 7 түрі Республикалық қызыл кітапқа енгізілген [6] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz