Шаруашылық субъектілерінің қаржылық ресурстарын қалыптастыру көздері


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Л. Н. ГУМИЛЕВ атындағы ЕУРАЗИЯЛЫҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТ
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТ
«Қаржы» кафедрасының
меңгерушісі С. Е. Керімқұловпен
қорғауға жіберілді
«» 2007ж.
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
тақырыбы: «ШАРУАШЫЛЫҚ СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ҚАРЖЫЛЫҚ РЕСУРСТАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ КӨЗДЕРІ»
Мамандық: 522530 - Қаржы
4 курс студенті: Шакеева Т. О.
Ғылыми жетекші
«Экономика» кафедрасының
э. ғ. д., профессор Мұхамбеков М. М.
Астана - 2007
Мазмұны
КІРІСПЕ . . . 3
- Шаруашылық субъектілерінің қаржылық ресурстарының теориялық негіздері . . . 8Кәсіпорынның қаржылық ресурстарының мәні, түрлері және
құрылымдық ерекшеліктері . . . 8
- Қаржылық ресурстардың қалыптасу көздері . . . 15
- Қаржылық ресурстарды қалыптастырудың шетелдік тәжірибесі . . . 26
- ШАРУАШЫЛЫҚ СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ қаржылық ресурстарынЫҢ қалыптасуын талдау ЖӘНЕ БАҒАЛАУ . . . 29«ҚазМұнайГаз - Консалтинг» ЖШС ұйымдық - экономикалық сипаттамасы . . . 29«ҚазМұнайГаз - Консалтинг» қаржылық ресурстарының
өсу динамикасын талдау . . . 42
- Қаржылық ресурстарды тиімді пайдалануды талдау және кәсіпорын қаржыларының қалыптасу мен пайдаланудың көкейкесті мәселелері . . . 46
- Қаржылық ресурстарды пайдалануды
жетілдіру жолдары . . . 55
- Қаржылық ресурстарды тиімді пайдалануды жоғарлатудың негізгі бағыттары . . . 55
- Қаржылық ресурстарды басқаруды жетілдіру жолдары . . . 61
Қорытынды . . . 65
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 68
Қосымша . . . 69
КІРІСПЕ
Еліміз тәуелсіздікке қол жеткізіп, экономикамыздың гүлденуіне байланысты көптеген жетістіктерге, өзгерістерге қол жеткіздік. Нарықтық экономикаға ауысу тәжірибесі ұлттық экономикалық жүйелердің күрделі қайта құрылуымен байланысты жүрді. Шаруашылық субъектілерінің орталықтандырылған жүйеден тәуелділігі экономикалық тұрғыдан негізсіз болды. Кәсіпорындар нарық талаптарына сәйкес дербестікке қол жеткізе бастады.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2007 жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» халыққа Жолдауында: «Экономиканың тұрлаулы дамуын жай қамтамасыз етіп, ұстап тұру емес, оның өсуін басқару» керектігін баса көрсетті /1, б. 6/. Бұл осыған дейінгі ауыр да, қиын кезеңдерден Қазақстанның үлкен жеңіспен шыққандығын және осы қалыптан таймай, оны ары қарай қарқынды дамыту керектігін білдіретін сөздер. Өйткені, Қазақстанның қазіргі жағдайы Орталық Азия мен ТМД елдерінің арасында саяси тұрақты, экономикалық дамудағы көрсеткіштерді білдіріп тұр. Әлбетте, жетістікке жету салыстырмалы түрде алғанда оңай болғанымен, оны ұстап тұру және ары қарай дамыту өте қиын іс екені белгілі. Осы реттен қарағанда Елбасының саяси-экономикалық көзқарастары да осы жылғы жолдауда негізінен әлеуметтік секторға назар аударудан басталды.
Қазіргі қоғамның әкімшілік-әміршілік жүйеден шығып, нарықтық қатынастарға ену кезеңінде оның мәнділігі одан арта түсті. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2005 жылдың 18 ақпандағы «Қазақстан экономикасының, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» атты Жолдауында: «Экономиканы түпкілікті реформалауға бағыт ұстап, біз қысқа мерзімнің ішінде нарықтық реформаларды жүргізе білдік, тиісті заңнамамызды жасауға қол жеткіздік» - деп көрсеткен /2, б. 7/ Ғаламдық дамумен қатарласа жүру Қазақстанның міндеті екендігін айқын мақсат етіп ұстаған Н. Назарбаевтың бұл сөздерінен еліміздің тәуелсіздік алғаннан бері жаңарудың қарқынды жолын таңдағандығын көре аламыз. Көптеген дамыған шетелдер тәжірибесі көрсетіп және ол елдердің өкілдері мойындап отырғандай Қазақстанның индустриалды-инновациялық технологияны пайдалану бағытындағы даму қарқыны ерекше. Осы бағытты ұстана негізінен аймақтағы «көш басшыға» айналғандығымыз да белгілі.
Атап айтсақ, ел Президенті Н. Ә. Назарбаевтың: «2000 жылға қарағанда ІЖӨ-ні сеслеу жөніндегі біздің міндетімізге келесі жылы-ақ қол жеткізуге әбден болады. Бұл - тар өрісті мақсат емес, экономикалық өсудің жай нанымды көрсеткіші де емес, бұл - қазақстандықтардың өмірін жақсарта берудің біздегі нақты мүмкіндіктері», - деген сөздері астарлы саясаттың діңгегі екені көрініп-ақ тұр. Себебі, әлеуметтік жағдайы түзелмеген халықтың Елбасына да, оның саясатына да сенімі болмайтыны белгілі. Ал, Қазақстанның қазіргі жағдайы атап кеткеніміздей, бұл аталған істердің тар өрісті мақсаты еместігін айғақтайды. Сондықтан, әлеуметтік-экономикалық іргесі нық қаланған қазіргі Қазақстан болашақтағы зайырлы, өркениетті, халқымыздың рухани, материалдық құндылықтарын толық сақтайтын қоғам құруға негіз бола алатындығын Елбасы сөздерінен байқаймыз.
Қазақстан өзінің даму стратегиясын өтпелі кезеңдегі ауыр өзгерістерден аман алып шығып, болашаққа жаңа қарқынмен аяқ басу жолында. Бірақ, оның барлығы оңайлықпен келетін шаруа емес. Көптеген кәсіпорындар дұрыс ұйымдастырылмаған менеджменттің салдарынан нарық заңдарына төтеп бере алмай, бұрынғы стереотипті ұстанып экономикалық дағдарыстарға ұшырауда. Дағдарыстың негізі қаржылық тұрақтылықтың болмауы. Басқару менеджменті жоқ кәсіпорындарда “төлемқабілетсіздік” ұғымдары кеңінен пайдаланылатын болды.
Қазақстандық автор Дүйсенбаев К. Ш. бойынша қаржылық тұрақтылықтың ішкі, маңызды факторларының бірі - бұл қаржы ресурстарының құрамы мен құрылымы, оларды басқару стратегиясы мен тактикасының дұрыс таңдалып алынуы. Кәсіпорынның өз қаржы ресурсін, соның ішінде таза табысы қаншалықты көп болса, соншалықты ол өзін жайлы сезіне алады. /3, б. 5/. Себебі, кәсіпорын өзінің қаржылық ресурстарын тиімді пайдалану және орналастыру арқылы ғана жетістіктерге жете алады. Сонымен қатар қаржылық ресурстарды дұрыс және тиімді басқарудың да маңызы зор.
Қазақстандық автор Мейірбеков А. Қ. бойынша кәсіпорынның қаржылық жағдайы төлем қабілеттілігі, пайдалылығы, активтерді пайдалану тиімділігі және меншікті капиталы, өтемпаздылығымен сипатталады. / 4, б. 149/
Нарық жағдайында кәсіпорынның өміршеңдігінің кепілі мен жай-күйін орнықтылығының негізі оның өзінің қаржылық ресурстарын тиімді қалыптастыра білуінде. Яғни, ақша қаражатын еркін орын алмастыра отырып қолданып, тиімді пайдалану жолымен өнімді өндіру мен өткізудің үздіксіз процессін қамтамасыз ете алатындай етіп өзінің қаржы ресурстарын үйлесімді басқаруды білдіреді. Отандық талдау әдебиеттерінде қаржылық ресурстарды қалыптастыру ерекшеліктерін талдау мәселесі аз зерттелген, осы тұрғыдан келгенде зерттеу тақырыбының өзектілігі объективті. Ұлттық экономикалық жүйенің нарық жағдайындағы қаржылық ресурстарды тиімді қалыптастырудың ғылыми теориясы мен практикасы, нақты кәсіпорын мысалында («ҚазМұнайГаз - Консалтинг» ЖШС) .
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері . Нарықтық экономикаға көшу жағдайында кәсіпорында қаржылық ресурстарды қалыптастыру ерекшеліктерін зерттеп бағалау болып табылады. Кәсіпорынның қаржылық ресурстарды қалыптастырудың жұмыстарын ұйымдастырудың әдістемелік базасы мен негізгі нышандарын айқындау дипломдық жұмыстың мақсаты және де осы тақырыпқа сәйкес бірнеше міндеттер алға қойылып отыр:
- кәсіпорынды қаржылық ресурстары мәселесінің ғылыми-теориялық негізін зерттеу және қаржылық ресурстарды басқару жағдайындағы кәсіпорындағы қаржылық ресурстарды тиімді қалыптастыруды талдау;
- шаруашылық субъектілерінің қаржылық ресурстарын қалыптастырудың шетелдік тәжірибесін қарастыру;
- нақты субъекті мысалында қаржылық ресурстарын қалыптастырудың талдау және кәсіпорындарды қаржылық ресурстарын қалыптастыруды басқару жұмыстарының басымдылықтары мен жетілдіру жолдарын қарастыру.
Зерттеу жұмысының объектісі ретінде барлық дерлік қазақстандық кәсіпорындар секілді нарықтық экономикада консалтингтік қызмет көрсету саласындағы компаниялардың бірі болып табылатын «ҚазМұнайГаз - Консалтинг» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Зерттеу жұмысының субъектісі ретінде ғылыми зерттеуді жүргізген дипломант пен оның ғылыми жетекшісін, өндірістік тәжірибеден өту ісі бойынша жетекшісін атаймыз.
Тақырыптың зерттеліну дәрежесі. Кәсіпорындағы қаржылық ресурстарды тиімді қалыптастыру мәселелері біздің тәжірибемізде нарықтық экономикаға көшумен байланысты болғанымен, ол экономикалық ғылымға бұрыннан танымал мәселе. Сондықтан, тақырыптың зерттелу дәрежесін экономикалық ғылымның классикалық өкілдерінің еңбектерінен бастап қазірге дейінгілерді толықтай атай аламыз. Бұл мәселе, шетелдік ғалымдар Ю. Бригхем, Ван Хорн Дж. К, К. Уоми, еңбектерінде, ресейлік И. Т. Балабанов, А. Д. Шеремет, М. Н. Голикова жұмыстарында, отандық М. М. Мухамбеков, К. Ш. Дүйсенбаев, В. Л. Назарова, т. б. еңбектерінде қаралған.
Дипломдық жұмыстың әдістемелік базасы . Зерттеу жұмысының даярлау барысында экономикалық ғылымға танымал ғылыми әдістермен қатар шетелдік және отандық ғалымдар ұсынған әдебиеттерден, Үкімет пен министрлік-ведомостволық заңды-нормативтік құжаттар, статистикалық-аналитикалық мәліметтер, бұқаралық-ақпарат құралдары мен интернет желісінің материалдары пайдаланылды.
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Зерттеу жұмысы үш тараудан, сегіз бөлімнен тұрады. Әрбір бөлім ғылыми жұмыстар жазу тәртібіне сәйкес рәсімделген.
Бірінші, «Шаруашылық субъектілерінің қаржылық ресурстарының теориялық негіздері » тарауында зерттеу проблемасының негізінен ғылыми-теориялық астары талқыланды. Үш бөлімнен (1. 1 Кәсіпорынның қаржылық ресурстардың мәні, түрлері және құрылымдық ерекшеліктері; 1. 2 Қаржылық ресурстардың қалыптасу көздері; 1. 3 Қаржылық ресурстарды қалыптастырудың шетелдік тәжірибесі) тұратын бұл тарауда қаржылық ресурстарды қалыптастыру теорияларына салыстырмалы - аналитикалық талдау жасалып, олардың артықшылықтары мен кемшіліктері зерттелді. Шаруашылық субъектілерінің қаржылық ресурстар сұрағына анықтама беріліп, оның түрлері бойынша анықтамалар берілді. Қаржылық ресурстарды қалыптастыру мәселесінің экономикалық жүйелер арасындағы айырмашылығы, тек нарықтық қатынастарға көшумен ғана байланысты еместігі дәлелденді. Сонымен қатар, қаржылық ресурстарды қалыптастыру мәселесінің шетелдік тәжірибесі зерттеліп, оның артықшылықтары мен кемшіліктері ұсынылды. Мысалы, барлық дерлік шетелдік модельдер біздің экономикамызға тікелей көшіріле алмайды, олай болуы мүмкін де емес. Өйткені шетелдерде, ондаған-жүздеген жылдар бойы қалыптасып, дамып келе жатқан бизнес субъектілерін қаржылық ресурстарды тиімді қалыптастыруындағы айырмашылық өте үлкен. Сондықтан, бұл жерде экономикалық реформалары мен қалыптасу кезеңдері Қазақстанға ұқсас немесе көршілес
Екінші, Шаруашылық субъектілерінің қаржылық ресурстарының қалыптасуын талдау және бағалау» тарауы да үш бөлімнен (2. 1 «ҚазМұнайГаз - Консалтинг» ЖШС ұйымдық - экономикалық сипаттамасы; 2. 2 «ҚазМұнайГаз - Консалтинг» қаржылық ресурстарының өсу динамикасын талдау; 2. 3 Қаржылық ресурстарды тиімді пайдалануды талдау және кәсіпорын қаржыларының қалыптасу мен пайдаланудың көкейкесті мәселелері) тұрады. Бұл тарауда, жұмыс зерттеу объектісімен тікелей байланыстырыла жасалды. Кәсіпорынның тарихынан басталып, оның басқарушылық құрылымдары зерделеу жұмыстары жүргізілді. Жоғарыда атап көрсеткеніміздей, зерттеу объектісі - «ҚазМұнайГаз - Консалтинг» ЖШС, барлық дерлік отандық кәсіпорындардай бастапқы кездерді басынан өткерді. Сондықтан, негізгі зерттеу кезең ретінде 2001-2005 жж. алынды. Дәл осы жылдар кәсіпорын үшін ең өтпелі жылдар болды. Зерттеу объектісі кейіннен нық дамушы компаниялар қатарына қосылғанға дейінгі кезеңдер қаржылық ресурстарды тиімді қалыптасытру қажетсіну кезеңдері болды деп санап, зерттеу жұмысын осы аралыққа арнадық. Қаржылық ресурстарды тиімді қалыптастыру жағдайындағы инвестициялық тартымдылық мәселелерін қарастыру кәсіпорынның нақты қаржылық жағдайына баланстық талдау жасаумен жүргізілді.
Үшінші тарау, «Қаржылық ресурстарды пайдалануды жетілдіру жолдары» деп аталып, екі бөлімді (3. 1 Қаржылық ресурстарды тиімді пайдалануды жоғарлатудың негізгі бағыттары; 3. 2 Қаржылық ресурстарды басқаруды жетілдіру жолдары) құрады. Жүргізілген зерттеу жұмысының барысында айқындалған басым бағыттарды жетілдіру жұмыстарын әрбір кәсіпорын өз стратегиясына жасақтауы тиіс. Сондықтан, біз де зерттеу объектісінің болашақтағы мүмкін даму жолдарын осы тарауда қарастырып, өз тарапымыздан ұсыныстар жаздық.
Ғылыми жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады. Барлығы 13 кесте, 12 сурет және 10 формула мен қосымшалар пайдаланылған. Мәтін беттерінің жалпы саны компьютерлік теру бойынша - 75 бет.
1. ШАРУАШЫЛЫҚ СУБЪЕКТІЛЕРДІҢ ҚАРЖЫЛЫҚ РЕСУРСТАРЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Бұл бөлімде шаруашылық субъектілерінің қаржылық ресурстарына жалпы сипаттама беріліп, құрылымы, қаржылық ресурстардың қалыптасу көздері және шетелдік тәжірибелер негізінде салыстырулар қарастырылған.
1. 1 Кәсіпорынның қаржылық ресурстардың мәні, түрлері және
құрылымдық ерекшеліктері
Шаруашылық субъектілерінің қаржысы деп өнім (жұмыс, қызметтер көрсету) өндіріп, сату кезінде ақшалай табыстарды, қорланымдарды және қорларды жасаумен, бөлумен және пайдаланумен байланысты экономикалық қатынастар.
«Ресурстар» термині француз тілінің «rescource» сөзінен шыққан, яғни қосымша қаражат. Ресурстар ақшалай қаражаттарды, құндылықтарды, мүмкіндіктерді, қаражаттар мен табыстардың қайнар көздерін білдірді.
Шаруашылық субъектілерінің қаржылық ресурстары - бұл оның иелігіндегі ақшалай қаражаттар. Қаржылық ресурстар өндірісті дамытуға (өндірістік-саудалық үдеріс), өндірістік емес саладағы объектілерді ұстауға және дамытуға, тұтынуға бағытталады, сонымен қатар резервте де қалуы мүмкін.
Өндірістік-саудалық үдерістің дамуына жұмсалған қаржылық ресурстар (шикізат, тауар және басқа да еңбек заттарын, еңбек құралдарын, жұмыс күшін және өндірістің өзге де элементтерін сатып алу) ақша нысанындағы капитал. Сонымен, капитал - қаржылық ресурстардың бөлігі. Капитал - бұл айналымға жіберілген және осы айналымнан табыс әкелетін ақша. Ақша айналымы кәсіпкерлікке салу, қарызға беру және жалға беру жолдары арқылы жүзеге асырылады. Капитал - бұл пайда алуға бағытталған ақша.
Капитал - шаруашылық субъектілерінің өзіндік жоғарлауына қолданылатын байлық болып табылады. Капиталды шаруашылық қызметке салғанда, оны инвестициялаған кезде ғана пайда әкеледі. Капиталдың жалпыға ортақ формуласы (1) келтірілген. :
Д - Т - Д*, (1)
мұндағы,
Д - инвестормен авансталған ақша қаражаттары;
Т - тауар (өндірістке сатып алынған құралдар, жұмыс күші және де өндірістің басқа да элементтері) ;
Д* - өткізілген қосымша құн қосылған тауарды сатудан түскен инвестормен алынған ақша қаражаттары;
Д* - Д - инвестордың пайдасы (қосылған құн) ;
Д* - Т - тауарды сатудан түскен пайда;
Д - Т - тауарды сатып алуға кеткен инвестордың шығындары.
Келтірілген операцияда Д - Т - Д* өндірістік-саудалық үдеріске салынған ақша қаражаттары (Д) толығымен жұмсалмайды, ол тек қана авансталады, кейін айналым аяқталғаннан кейін ол салымшыға (инвестор) қосымша пайдамен қайтарылады. Капитал әр уақытта айналымда болуы тиіс, жыл сайынғы айналым көп болған сайын инвестордың жылдық пайдасы да көп болады. Капиталдың құрылымы ақшалай қорлардан құрылады. Капиталдың құрылымына негізгі қорларға, материалдық емес активтерге, айналым қорларына, айналыс қорларына салынған ақша қаражаттары кіреді. Салым нысанына байланысты кәсіпкерлік және несиелік капитал болып бөлінеді.
Кәсіпкерлік капитал - бұл тікелей және портфелдік инвестиция арқылы әртүрлі кәсіпорындарға салынған салым түріндегі капитал. Бұндай капиталдық салым пайда табу және кәсіпорынды (акционерлік қоғам, серіктестік) басқару құқығына ие болу мақсатында салынады.
Несиелік капитал - бұл ақшалай капитал, яғни қайтарымдылық және ақылылық талаптарға сәйкес берілетін несие. Кәсіпкерлік капиталға қарағанда несиелік капитал кәсіпорынға салынбайды, бұл басқа кәсіпкерге (инвесторға) пайыз табу мақсатында уақытша беріледі. Несиелік капитал - бұл тауар, ал оның бағасы - пайыз. Төменгі пайызбен алынған несие - «арзан ақша», ал жоғары пайызбен алынған несие - «қымбат ақша» болып табылады. /5, б. 55/
Негізгі қорлар (негізгі капитал) - өндіріс үдерісінде ұзақ уақыт бойы, яғни бір жылдан артық уақыт пайдаланылатын, өзінің бастапқы түрін, көлемін сақтай отырып, құнын шығарылған өнімге, орындалған жұмысқа, көрсетілген қызметке, есептелген амортизациялық аударым мөлшері шегінде біртіндеп ауыстырып отыратын еңбек құралдарын, яғни материалдық активтерді айтады.
Негізгі құралдардың өмірлік циклі келесі кезеңдерден тұрады: түсім - өндірістік үдерісте қатысу - кәсіпорын ішінде ауыстырылуы - жөндеу - жалға беру - түгендеу - шығып кету. Негізгі құралдар өндіріс үдерісінде бірте-бірте тоза бастайды, яғни өзінің бастапқы сапасын жоғалтады. Олар белгілі бір уақыт өткеннен кейін пайдалануға жарамай қалады да, бұл құралдардың орнына жаңа негізгі құралдар сатып алуға тура келеді.
Негізгі құралдардың тозуын «табиғи» және «сапалық» тозу деп екіге бөледі. Табиғи тозуы олардың материалдық жағынан тозуы болып табылады, яғни жұмыс істеу үдерісінде машиналар мен құралдардың жеке бөлшектердің қажалып мүжілуі, үйлер мен ғимараттардың тозығы жетіп құлайтындай дәрежеге жетуі. Негізгі құралдардың табиғи тозуы олардың көр уақыт бойы пайдаланғандығына ғана байланысты емес, оған сонымен қатар басқа да табиғи жағдайлар әсер еткендігінде байланысты. Яғни негізгі құралдардың табиғи тозуы (физикалық тозуы) олардың ұзақ уақыт пайдаланылуы және оларға басқа да факторлардың әсер етуі нәтижесінен болып табылады. Негізгі құралдардың сапалық тозуы олардың толық табиғи тозуы жетпей-ақ құнсызданып, өндірістің даму үдерісінен кейін қалуы, яғни активтердің ғылым мен техниканың дамуының бүгінгі күнгі талаптарына сәйкес келмейтін жағдайда болуынан пайда болады (туындайды) . /6, б. 25/
Негізгі құралдар (үйлер мен ғимараттар, машиналар, көліктер, тағы басқалары) өндіріс үдерісінде пайдаланылған кезде өздерінің бірте-бірте тозуына байланысты құндарын, өздерінің көмегімен өндіріліп шығарылатын, жаңадан жасалған өнімдерге біртіндеп ауыстырып отырады. Бұл үдеріс амортизация деп аталады. Амортизация белгіленген бір мөлшерде өнімнің өзіндік құнына қосылып отырады, оны амортизациялық аударым деп атайды. Амортизациялық аударым әрбір өнімнің өзіндік құнына кіріп, ал өнім сатылған кезде қайтарып отырады, яғни негізгі құралдардың тозуына байланысты құнының кемуі амортизациялық аударым жасау қайтарылады. Негізгі құралдардың тозуына сәйкес келетін ақшалай қаражаттар амортизациялық қорда жинақталады. Амортизациялық қор немесе өтелетін ақшалай қор әр уақытта қозғалыста жүреді.
Негізгі қорлардың ұдайы өндірісінің ерекшелігі бірқатар белгілі сипаттамаларға байланысты анықталады, оларға: дайындалған өнім құнына негізгі қорлардың құнын бірқалыпты ауыстыру; құн мен тұтынушылық құнның қоғалысы; қорлар құнының айналымы; дайын өнімдегі құнды бөлшектеп ұдайы өндіру және ақшалай нысандағы жинақталуы; ұзақ мерзімді кезеңдерде негізгі қорларды заттық - табиғи нысанда қайта жаңарту, бұл өз кезегінде амортизациялық қордағы қаражаттарды оңтайландыруға мүмкіндік туғызады.
Сурет 1. Негізгі қорлардың айналымы
Негізгі қорларды сатып алуға авансталған ақшалай қаражаттар негізгі құралдар (негізгі капитал) деп аталынады. Қорларға жұмсалынған ақша қаражаттары аванс арқылы жүзеге асады. Мақсаттық бағытталуына байланысты өндірістік үдерістегі рөлі мен орындалатын қызметтерінде негізгі қорлар белгілі топтарға сыныпталады.
Негізгі құралдарға - қозғалмайтын мүлік, жер уачскелері, үйлер мен ғимараттар, өткізгіш тетіктер, машиналар мен жабдықтар, өлшеуіш және реттеуіш аспаптары мен құралдары, есептеуіш машиналар мен техникалары және олардың бағдарламалық құралдары, көлік тасымалдау құралдары, аспаптар, өндірістік және шаруашылық құрал-саймандары, өнім және жұмыс малдары, көп жылдық көшеттер, шаруашылықтың ішкі жолы, тағы да басқалары жатады.
Көлеміне немесе бағасына (арзанды-қымбаттылығына) қарамастан пайдалану мерзімі бір жылдан аспайтын өндіріс құралдары негізгі құралдардың қатарына жатпайды. Сонымен қатар негізгі құралдардың құрамына кәсіпорынның қоймаларындағы дайын бұйымдар (тауарлар) болып саналатын жабдықтар мен машиналар, күрделі құрылыс құрамында есептелетін монтаждауды (құрастыруды, орнатуды) қажет ететін жабдықтар, жасалып (салынып) біткен, бірақ әлі пайдалануға берілмей тұрған машиналар мен жабдықтар, сондай-ақ құрылыс-монтаж жұмысының өзіндік құнының құрамында қаралған үстеме шығындардың есебінен салынған титулдық тізімге кірмеген ғимараттар мен тетіктер, сонымен бірге жас малдар, яғни мал төлдері де жатпайды.
Барлық негізгі құралдар өздерінің өндіріске қатысуына қарай өндірістік және өндірістік емес болып екі топқа бөлінеді. Өндірістік негізгі құралдар деп өндірісте қызмет ететін, яғни өнім өндіру орындарында пайдаланатын негізгі құралдарды айтады. Оларға: өндіріске арналған үйлер, ғимараттар, өткізгіш тетіктері, құрылыс машиналары, көлік тасымалдау құралдары, әр түрлі станоктар, двигательдер, құрал-саймандар, өлшеуіш аспаптар және тағы басқалары жатады. Өндірістік емес негізгі құралдардың қатарына шаруашылықтың өндірістен басқа салаларында пайдаланатын негізгі құралдар жатады. Оларға тұрмыстық үй-жай (коммуналдық) шаруашылығында, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет салаларында пайдаланатын негізгі құралдар және тағы да басқа негізгі құралдар жатады. Халық шаруашылық салалары мен қызметтерінің түрлеріне қарай барлық негізгі құралдар: өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, тасымалдау, байланыс, құрылыс, материалдық-техникалық жабдықтау және сату-өткізу ұйымдары, қоғамдық тамақтандыру, басқару органдары, әлеуметтік сақтандыру, ғылым және білім беру, ғылыми көмек көрсету және тағы да басқа салалар бойынша топталады.
Материалдық емес активтер - белгілі бір нақтылы пішіні жоқ, бірақ қандай да бір бағаға, құнға бағаланатын болғандықтан субъектіге үнемі, яғни ұзақ уақыт бойы қосымша табыс (пайда) әкеліп тұратын активтер.
Материалдық емес активтердің қатарына шаруашылық субъектісінің сатып алған патенттері, лицензиялық сауда маркалары, тауар белгісі, жер қойнауы, электронды есептеуіш машиналарды, өндіріс жағдайындағы хабарларды пайдалану құқығы, гудвилл яғни фирма бағасы, өнеркәсіп үлгілері, ұйымдастыру шығындары тағы да басқалары жатады. /7, б. 206/
Гудвилл - (ағылшын тілінің good will - фирманың беделі) екі мағынаны білдіреді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz