Коммерциялық банктің несиелік саясаты және механизмі


ЖОСПАР
Кіріспе
Негізгі бөлім
- Несиенің түрлері, функциялары және несиелеу принциптері
- Коммерциялық банктің несиелік саясаты және механизмі
- Қысқа мерзімді несеиелендіруді ұйымдастыруНесиелеу субъектілері мен объектілеріНесиелеу әдістеріНесиелік тәуекелді басқару
Тәжірибелік бөлім
- Депозиттік операциялар бойынша есептер шығару
- Несие қайтару графигін құрып есептеу
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиет тізімі
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының экономикасы нарықтық қатынастарға көшу кезеңінде несиені басқарудың жүйесін және шаруашылық қызметіңе банктік қызмет көрсету механизмін құру банктер мен кәсіпорындардың қызметіңе жетекшілік етуде экономиқалық әдістерді қолдану; банк пен клиенттері, сонымен қатар, банктің өз жүйесі шеңберіндегі, оның жекелеген буындарының арасындағы өзара қарым-қатынастар жүйесін қайта құру, яғни, жаңа құбылыстар мен процестерді ескере отырып, принципті түрде реформалау қажеттілігінің маңызы зор.
Қазақстан Республикасында банктік жүйені реформалаудың қажеттілігі, Дүниежүзілік банктің мамандарының пікірінше, қысқа мерзімді мәселелер категориясының бар болуымен түсіндіріледі және оларды өз кезегінде макроэкономиқалық реформасын жүргізуде кедергі етуі мүмкін деп санайды. Бірінші категорияға (қаржылық) орталықтандырылған экономикадан мұра боп қалған мақсатты несие мен банктік тәжірибені мемлекеттік үлестіру жүйесінің ескі тәжірибесімен келісілген қаржылық ресурстарды дұрыс орналастырмау мәселесі; екінші категория мәселелеріне банктердің "сапасыз" (мерзімі өткен) қарыздары мен мемлекеттік зиянды кәсіпорындарын жатқызады. Бұл мәселелер өміршең (несие беруге қабілетті) мемлекеттік және жеке кәсіпорындардың қаржылық ресурстарға қол жеткізуіне кедергі болып, банктік қаржылық ресурстардың өміршең емес (шығынды) кәсіпорындардың пайдасына кетуіне жол береді.
Бұдан басқа, бұрынғы жүйе мекемелер мен кәсіпорындар арасында төлем төлеулер мен есеп айырысуларды дұрыс жүргізе алмады.
1992 жыл ішінде Қазақстанның экономикасына несиелік салымдардың көбеюі байқалады. 1992 жылдың I тоқсаныңда несиенің сомасы жалпы ұлттық өнімнің - 11, 3%-ын құраса, -ал IV тоқсанда - 29, 8% құрады. Бұл негізінен қайта қаржыландыру және Ұлттық банктің несиесі есебінен болды, әрі бұл өз кезегінде Ресейдің Орталық банкінің контокорренттік несиесімен қаржыландырады. Оларды келесідей мәліметтер куәландырады: 1992 жылдың I тоқсаныңда Ұлттық банктің коммерциялық банқтерге берген несиелерінің сомасы - 6, 7%-ды құраса, IV тоқсанда - 17, 8%-ды құраған. Мұндай несиелік ресурстарды арнайы банктер арқылы орталықтандырылған әкімшілдік үлестіру - өміршең емес шығынды мемлекеттік кәсіпорындарға несие беру нәтижесінде банктерде жұмыс жасамайтын несиелердің яғни банктердің несиелік портфелінің. нашар несиелерден кұрылуына әкеліп соқтырады.
1993ж. Ұлттық банктен 7, 5 млрд теңге сомасында орталықтандырылған несие берілді, 5, 6 млрд теңгесі - үкіметке, яғни олардың үлесі 75%-ды құрады, ал олар бойынша жалпы қайтарылатын сома 138, 5 млн теңгеге немесе 3, 9%-ға тең болды, қалған бөлігінің мерзімі ұзартылған болып табылды. Ұлттық банкінің несиені қайта қаржыландыру тәжірибесінің жетіспеушілігі келесідей банктер қаржылық емес несиелерге емін-еркін кіру мүмкіндігіне ие бола отырып, депозиттік ресурстарды өз бетіңше шоғырландыру ынтасынан айырылуда. Бұдан басқа, мұндай несиелерді субъективтік негізде орналастыруда банктердің жұмыстарының тиімділігі ескерілмейді, несиелік ресурстар барлық уақытта оңтайлы бөлінбейді. Несиелерді тиімді орналастыруға кедергі болған тағы да бір фактор - бұл төмен пайыздық мөлшерлеме саясаты. Төмен пайыздық мөлшерлеме қарыздарға деген қажеттіліктің көбеюіне және несиелік тапсырыс бойынша орталықтандырылған тікелей несиелендірілген мемлекеттік кәсіпорындардың қаржылық тәртібінің әлсіреуіне әсер етеді.
Мемлекеттік кәсіпорындар мұндағы арзан несиелерді алып, көбінесе оларды инвестор үшін емес, яғни жалакы төлеуге және материалды құндылықтарды жинақтау үшін пайдаланды. Инфляция деңгейі мен Ұлттық банк несиесінің номиналдық пайыз мөлшерлемесін салыстыруға болады: соңғысы 1992 жылы наурыз айында 25% жылдық мөлшерлемені құраса, бөлшек сауда бағаларының жылдық инфляциясы 500%-дан жоғары болған. 1992 жылы қараша айында номиналды пайыздық мөлшерлемесі 65%-ға дейін жоғарылағанда, ал инфляция 1000%-ды құраған. Бұл кезде арзан несие алатын кәсіпорындар өздерінің қаржылық жағдайын жақсартуға және жұмыстарын қайта құруға асыға қоймады.
Осылайша мемлекеттік кәсіпорындарды қолдайтын тікелей несиелеу саясатының төменгі пайыздық мөлшерлеме саясатымен берілуі несиелік ресурстарды дұрыс орналастырмауға әкелді.
Арнайы банктердің өздерінің кәсіпорындарын олардың өтімділігін ескермей, тікелей несиелендіруі - мерзімі өтіп кеткен қарыздардың ұлғаюына әкеліп соқтырады, ал осы кезде жаңадан пайда болған, нарықтық қатынастарға бағытталған кәсіпорындар банктерден несие алуға қол жеткізе алмады.
Төменгі пайыз мөлшерлемесінің саясаты жинақ ақшаларды банктерге толық мөлшерде жұмылдыруға мүмкіндік берген жоқ. Кәсіпорындар мен жергілікті тұрғындар өздерінің жинақ ақшаларын нақты активтерге салғанды қалады. Кәсіпорындар өздерінің тауарлар қорын арттырса, азаматтар өз қаражаттарына жылжымайтын мүлік пен ұзақ мерзімге пайдаланылатын тауарлар сатып ала бастады. Нақты активтер ақшалай қорларды құнсызданудан, инфляциядан қорғайтын ең басты құрал болып табылды. Салымдар үшін төлейтің банк пайыздары инфляциядан туындайтын шығынның орның жаппады. Мекемелер мен жергілікті тұрғандардың жинақ ақшаларын жұмылдырудың жеткіліксіздігіне байланысты, несиелік ресурстар жеткіліксіздігі банктердің тиімді мекемелерге несие беруге мүмкіндік бермейді.
Несиелік ресурстарды үлестіру сипатына мемлекетгік кәсіпорындарға субсидиялық және жеңілдетілген несиелерді беру тәжірибесі кері ықпалын тигізді. Субсидиялық несиелер деп - кәсіпорындардың өздеріне тән шығындарының орның толтыруы әлеуметтік қорғауға арналған, сонымен бірге, кәсіпорынның дәстүрлі тиімсіз жұмыстарын көрсететің шығындар, т. б. Олар Ұлттық банктің қайта қаржыландыратын несиелерге қарағанда, төменгі пайыздық (1992 ж. IV тоқсаныңда 65% төмен) мөлшерлеме бойынша берілді. Қаражаттандырылған несиелер саясаты кәдімгі несие мен мемле-кетгік дотация арасындағы айырмашылықгы мүлде жойды. Бұл карыздарды кәсіпорындар өтемеді.
Ауыл шаруашылық кәсіпорындарға және есеп айырысуда өзара есептесуді жүргізу үшін жеңілдікті несиелерді беру тәжірибесі кеңінен қолданады. 1992 ж. Ұлттық банктің бұндағы несиелерінің үлесі барлық қайта қаражыландырған несиелердің 70%-ын немесе барлық несиелік салымның 42%-ын құрады. Жеңілдікті несиелердің негізгі бөлігі ауыл шаруашылық және дайындаушы кәсіпорындардың үлесіне тиді.
1993ж. мақсаты үкіметтік бағдарламаларға берілетің орталықтандырылған несиелер жеңілдетілген пайыздық мөлшерлемелермен (3%, 25% және 65%) беріледі. Банктердің барық берген несиелерінің 7, 5 млрд теңге жалпы сомасынан олардың үлесіне 76% тиді, себебі 1992ж. коммерциялық Уанктердің пайыздық мөлшерлемеге қойылатын шектеулер алынып тастағаннан кейін, Ұлттық банктің орталықтандырылған нссиелік ресурстарының есебінен банктерге беретің несиелері бойынша маржа 3% мөлшерінде сақталды. Нәтижесінде, орташа пайыздық мөлшерлеме орталықтандырылған несиелер жөнінен 1993 ж. жалпы республика бойынша 48, 2% құрады. Сол жылы тұтыну бағаларының индексі 2269, 8% деңгейде анықталды.
Ұлттық банк кәсіпорындар қарыздарының жаппай есеп айырысуын (клиринг) жүргізу кезінде қарыз-кәсіпорындарға субсидиялық жеңілдетілген несиелер берді. 1992 ж. осы мақсаттарға берілген несиелердің үлесі барлық жеңілдік несиелердің 30%-зы болды. Несиенің негізгі бөлігі өтелмей қалды. Дегенмен жоғарыда аталған несиелер кәсіпорындардың қаржылық жағдайын жақсартуға берілгенімен де, олар кәсіпорындар шығындарын қаржыландырудың құралына айналды. Сонымен қатар, субсидиялық және жеңілдетілгең несиелер бойынша номиналды пайыздық мөлшерлемесі мен инфляция деңгейінің арасындағы үлкен айырмашылық - қаржылық алып-сатарлыққа мүмкіндік туғызды.
Несиелік жұмсалымдардың жалпы сомасында мемлекеттік емес қарыз бюджетіңің тапшылығын жабу үшін үкіметке берілгсн несиенің үлес салмағы жоғары: 1992 ж. 1 қаңтарында олар тиісінше 13, 7 және 11%құраса, 1993 ж. 1 қаңтарда - 1, 5 және 2%, ал 1993 ж. бюджеттік тапшылықты жабуға - 877 млн теңге берілді немесе ол несиенің барлық сомасының - 11, 8%-ын құрады.
Нәтижесінде несиелік жұмсалымдар құрылымы әлдеқайда нашарлады, мерзімі өтіп кеткен несиелер үлесі ұлғайды. Пайыздық мөлшерлеменің төмен болуынан ұлттық банктің ұтылғаны мен капиталды жоғалту сомасы өте жоғары болды. 1992 ж. Республикада басталған төлемсіздік дағдарысы кәсіпорындардың қаржылық жағдайына және жалпы экономикаға қатты әсер етті және әлі де әсер етуде. Көптеген кәсіпорындар өнім өндіруді төмендетуге, ал кейбіреулері өндірісті тіпті тоқтатуға мәжбүр болды. Есеп айырысуда тауарлар мен көрсетілген қызметтерге алдын ала төлем бартер қолданады.
1991 ж. 1 қаңтарда уақытында төленбеген есеп айырысу; құжаттары 5 млн теңге құраса, 1992 ж. 1 қаңтарына - 11, 2 млн теңгені, ал 1992 ж. маусымында - 384 млн теңге нё» месе жалпы ұлттық өнімнің - 12, 3 % немесе алынған банктік несиелердің жалпы сомасының - 84, 1% құрады. 1993 ж. мерзімі өтіп кеткен төлемдер 91, 5 млн теңгеден 5, 5 млрд. теңгеге дейін немесе 60 есе жоғары өсті. Сөйтіп, банктердін қарыздары бойынша мерзімі өтіп кеткен қарыздар 12, 6 млн теңгеден 1, 7 млрд теңгеге дейін немесе 135 есеге ұлғайды.
Мұндағы құбылыс көптеген себептермен түсіндіріледі: бірінші төлемдер жүйесінің тиімсіздігі және несиелік нарықтың мәселелері. Әсіресе, олар 1992 ж. басында Ұлттық банк кәсіпорындарға несие беруді шектей бастаған кезде пақда болды. Кәсіпорындар жөнелтілген тауарлары үшін басқа кәсіпорындардан төлемдерін ала алмауынан төлемдер жарты жылға немесе одан да көп уақытқа кешіктірілді. Жағдайы жақсы, төлем қабілеттілігі бар, тіпті төлем қабілетіңсіз кәсіпорындар да қауіпті жағдайларға ұшырады.
Несиелік нарықтың мәселелері қолма-қолсыз есеп айырысудың бұрынғы жүйесі және есеп айырысу құжаттары бойынша несиелеу жойылған кезде байқалды. Кәсіпорындар өздерінің өнімдерін алушыларға жабдықтаудың келісімі мен жоспарына сәйкес жөнелтіп, олардың төлем қабілеттілігін тексермеді. Егер сатып алушының шотында ақша қаражаты болмаса, онда банк оған бірден несие беретің, бұл кезде төлемсіздік тәуекелі деген болмайтын. Бұл жүйені алып тастаған соң (кәсіпорындар несие төлеуге қабілетсіз болса, оларға банктер несие бермейтің болды) төлемсіздік дағдарысы орын алады; төлемдерді кешіктіру немесе бірқатар кәсіпорындардың тауарлар мен қызметтер үшін төлем төлей алмауы - төлемсіздік тізбегін туғызды.
Сонымен бірге, төлемдердің кешіктірілуі ескірген құралдар мен банктердің техниқалық жарақтарының артта қалуымен де (ескірген ЭЕМ және оларды ақпараттық қамтамасыз етулер торабы) байланысты болды.
Кәсіпорындар арасындағы төлемсіздік дағдарысынан шығуда үлкен 3шараны жүзеге асырады: Біріншіден, басқа да өміршең кәсіпорындардың қарыз көлемін азайту мақсатында тиімді немесе өміршең кәсіпорындардың қарызын қайта қаржыландырды. ұлттық банк бұрынғы мамандандырылған банктер арқылы қайта қаржыландыруға 245, 6 млн теңге несие берді. Екіншіден, үкімет жаңа төлем құралдарын енгізді. Мемлекеттік кәсіпорындарға чектер немесе төлем, тапсырма бойынша алдын ала төлеуді талап ететің төлем құралдарын пайдалануға рұқсат етілді. Үшіншіден, бұрынғы одақтас республиқалар республикааралық есеп айырысу банктерін қайта құру келісіміне келді. 1992 ж. соңында Қазақстан мен Ресей, екі елдің кәсіпорындарының қарыздарын өзара есепке алу туралы екі жақты келісімге қол қойды, ол қарыздар сомасы 1992 ж. аяғында 80 млн. теңгені құраған.
Бұл шаралар төлемсіздік дағдарысына төтеп бере алмады, себебі бірқатар маңызды мәселелер шешілмей қалды. Кәсіпорындардың өзара қарыздар болуынан туындаған несиелік нарық пен төлем жүйесінің тиімсіздігі жойылған жоқ; мәселен, төлемдерді кешіктіру және кәсіпорындарда қаржылық тәртіптің болмауына қатысты мәселелер шешусіз қалды. Төлемсіздік дағдарысы 1992ж. соңында тағыда қайталанды, ол кезде үкімет қарызды жабуға тағы 600 млн теңге, ал 1993 жылы I тоқсанда мемлекеттік кәсіпорындардың айналым капиталын толықтыруға 800 млн теңгеге жеңілдетілген пайыз мөлшерлемесінде (25% жылдық) несие белуге мәжбүр болды.
1993ж. қараша айында Ұлттық банкке ұлттық валютаның енуімен ақша-несие саясатын жүзеге асыру; бюджетпен, банктермен өзара қарым-қатынаста классиқалық қағидаларды ендіруі, банктердің қызметтерін реттеу жүйесін нығайтуға қатысты толық жауапкершілік жүктелді.
Ұлттық валютаның енгізілуі сәтіңен бастап, 1995 жылға дейін Орталық банктің қызметің атқару, жүйе қызметің реттеп отыратын нормативтік құжаттарды қарастыру және қабылдау тұрғысындағы дәстүрлерімен тәжірибесі жоқ Ұлттық банк дербес түрде ақшалай-несиелік саясат жүргізу тәжірибесін қолға алды. Бұл кезең, сондай-ақ ұлттық валютаның бағаларды ырықтандыру саясатына орай шарттасылған ақша-несие құралдарының және факторлардың әрекетіңе бейімделуі болатын
1. НЕСИЕНІҢ ФОРМАЛАРЫ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ
Несие экономиқалық категория ретіңде формаларға ие. Форма әруақытта қандай да бір объектілерге тән тұрақты, қажетті байланыстардың жиынтығын білдіреді. Несиеге қатысты оның формасы бұл несиелік қатынастар кұрылымының, олардың әр түрлі сыртқы және ішкі өзгерістер кезінде сақталатын негізгі қасиеттерінің көрінісі. Қарызға берілгені құнға қатысты кредитор мен қарыз алушы арасындағы байланыс қалай өзгерсе де, несиенің формасы оның бүтің ретіңдегі мазмұнын білдіреді.
Экономиқалық әдебиетте, әдетте, несиенің негізгі екі формасы қарастырылады: коммерциялық және банктік. Сонымен қатар көптеген жарияланымдарда несие формаларынан тұтыну, мемлекеттік, халықаралық, үкіметаралық фирмалық және т. б. жатқызады.
Коммерциялық несие - бұл жеткізушінің сатып алушыға ұсынған тауары немесе көрсетілген қызметі үшін төлемді кейінге қалдыруы. Несиенің осы формасының объектісі ретіңде тауарлық капитал қызмет атқарады. Коммерциялық несиенің ерекшелігі мынада: қарыз капиталы өнеркәсіптік капиталмен біріккен, ал оның мақсаты - тауарларды өткізуді жылдамдату.
Әр түрлі тауарларды өндіру және өткізу бірдей емес уақыт кезеңін және көбінесе белгілі бір маусымға сәйкестендіруді талап етеді. Қандай да бір тауар өндіруші өз тауарларын нарықка ұсынған кезде осы тауарды қажет етіп тұрған басқа тауар өндірушінің қолма-қол ақшалай қаражаты болмауы мүмкін. Нәтижесінде тауарларды несиеге сату қажеттілігі туындайды. Коммерциялық несиенің құрылымы вексель - жазбаша қарыздық міндеттеме болып табылады. Ол оның иесіне белгілі бір уақыт өткеннен кейін, борышқордан вексельде көрсетілген ақшалай соманы талап етуге кұкық береді. Коммерциялық несиенің шектелген деңгейі бар. Біріншіден, ол жұмыс істеп тұрған капиталистердің резервтік капиталдарының мөлшерімен шектелген, яғни олардың әрқайсысы коммерциялық несиені тек өзіне, сол кезде айналым үшін қажет емес капиталдың шегінде ғана бере алады. Екіншіден, коммерциялық несие өзінің бағыты бойынша шектелген: оны өндіріс құралдарын шығаратын салалар осы құрал-жабдықтарды тұтынатын салаларға береді, бірак керісінше емес. Мысалы, машина құрылыс кәсіпорнының иесі тоқыма станоктарын несиеге тоқыма фабрикасына сата алады, ал тоқыма фабрикасы машина құрылыс кәсіпорнына коммерциялық несие бере алмайды, өйткені маталар машина құрылысында өндіріс құрал- жабдығы бола алмайды.
Монополияға дейінгі капитализм кезеңінде коммерциялық несие өндіріс пайызының және тауарларды өткізудің үздіксіздігін қамтамасыз ете отырып, несиелік жүйенің негізі болды.
Қазіргі уақытта фирмалар өз өнімдерін өткізудің бұл формасын - төлемді кейінге қалдыра отырып сатуды белсенді қолданады. Бұл ұсақ және орта фирмалардың төлем қабілеттілігінің шамалылығымен, тауарлар құнының өсуімен, банктік қарыз алуды қиындататын несиелік шектеулермен түсіндіріледі.
Коммерциялық несие Жапонияда және Францияда кең таралған. Жапондық кәсіпорындар балансының жалпы сомасында коммерциялық талаптар мен міндеттемелердің үлесі орта есепппен 30%-ға жетеді, француз фирмаларын - 20-25%. Олардан кейінгі орында ағылшындық, американдық және германиялық компаниялар кіреді. Төлеуді кейінге қалдыруды тек қаржылық мүмкіндігі шектеулі ұсақ фирмалар ғана пайдаланбайды, сонымен қатар кредитор және карыз алушы ретіңде бола отырып, едәуір қаражаттарды және банктік несие ала алатын ірі компаниялар да пайдаланады.
Коммерциялық несиенің сақталуының негізгі себептерінің бірі - тауарлардың ұдайы жеткізілуін талап ететің кәсіпорындардың экономиқалық байланыстарының үнемі ұлғаюы және жетілдірілуі болып табылады.
Басқа да несие формаларының жедел өсуіне байланысты коммерциялық несиенің ролі оның көмегінің абсолютті шамада ұлғаюына қарамастан қысқарып кетті.
Батыстың экономиқалық әдебиеттерінде «коммерциялық несие» терминімен банктің коммерциялық мақсаттарға беретің қарыздары түсіндіріледі. Жұмыс істеп тұрған капиталистердің бір-біріне тауарларды төлемді кейінге қалдыру шарттарымен сатуы коммерциялық фирмааралық несие деп аталады. К. Маркстің айтуы бойынша, әрбір жұмыс істеп тұрған капиталист «бір қолымен несие береді және екінші қолымен несие алады». Сондықтан жекелеген кәсіпорын тұрғысынан алғанда, коммерциялық несие шамасын төлеуді кейінге қалдыру шартымен, сатып алушыларға қойылған тауарлар және осындай шартпен жабдықтаушылардан алынған тауарлар арасындағы айырмашылық ретіңде анықтауға болады. Кейбір экономистер несие көлемін анағұрлым анықтау үшін тауарлардьг жеткізу кезінде қолданылатын аванстық төлемдерді де ескеру керек деп есептейді.
Коммерциялық несиенің ерекшелігі мынада: карыз келісімі - аясы тар мақсат емес, ол сатып алу-сату келісіміне косақталып жүреді. Қарыз келісімі тауарлардың өткізілуін жеңілдетеді. Төлемді кейінге қалдыру мерзімі жабдықтаушы мен сатып алушы арасындағы сауда келісімі жасалған уақытта жеке анықталады. Әдетте төлеуді кейінге қалдырудың ен жоғары мерзімі 90 күнге белгіленеді. Төлемді кейінге қалдыру тауарлардың түріне және басқа факторларға (мысалы, азық-түлік тауарларын төлеу қыска мерзім ішінде жүзеғе асырылады) байланысты. Төлемді кейінге қалдыру кезеңін ұзарту сатып алушы мүддесіне сай келеді, оны өткізілетің тауарлар бағаларының төлемдерімен салыстыруға болады.
Несиенің бұл формасын таңдаудың басқа факторы бәсекелестік кезінде мәнді роль атқаратын оның құны болып табылады. Коммерциялық несие бойынша мөлшерлеме ақша нарығының мөлшерлемелеріне ілесіп отырады, бірақ, әдетте анағұрлым жоғары деңгейде белгіленеді. Коммерциялық несие қазіргі уақытта несиенің басқа формаларынан жеке өмір сүрмейді. Несиенің негізгі екі формасының байланысы банкте қарыз міндеттемелерін есептеу мысалында көрінеді. Тауар өткізуді мақсат еткен алғашқы мәміле вексель арқылы банкте басқа сападағы несиелік мәмілеге айналады, оның негізінде қарыз капиталының қозғалысы жатыр. Банкте вексельдерді есептеу мүмкіндіғі коммерциялық несиенің көмегімен ұлғайтылады, жабдықтаушылар банкте вексельді оның төлем мерзімі жеткенге дейін қиындықсыз есептете алатының біле отырып, өз клиенттеріне ынталы түрде төлемді кейін жүргізуді ұсынады, яғни вексельді есептеу механизмі кәсіпорындардың. Сатып алушыларға төлемді кейінге қалдыруды ұсынуда шектелген мүмкіндіктерін кеңейтеді.
Соңғы он жылдықта несиенің екі формасының арасындағы өзара байланыс нығайып келеді. Банктік несиені коммерциялық несиемен салыстырғандағы артықшылық күшейе түсуде. Коммерциялық несие көбіне бағынышты роль атқаруда, өйткені онда банктік мекемелердің қызмет ету ережелерінің өзгерістері көрінеді.
Коммерциялық несиенің артықшылықтарымен қатар, кемшіліктері де бар. Уақыт шектеулігі, өлшемдері, қозғалыс бағыты тәрізді белгілі кемшіліктерден басқа төлемді белгілі бір дәрежеде кейінге қалдыру мәжбүрлік сипатына ие болады; тауарларды төлеу мерзімі жиі бұзылады; жабдықтаушылар сатып алушылардың қаржылық жағдайы туралы әруақтата жақсы хабардар болмайды, ал бұл олардың шаруашылық қызметі үшін белгілі бір тәуекел туғызады. Төлеуді кейінге қалдыру - банктік сфераның ықпалынан күшті әсер көреді (атап айтқанда, ол жабдықтаушы оңай түрде банктс вексельді қаншалықты есептете алатынына байланысты) . Көрсетілген кемшіліктер коммерциялық несиенің ролін төмендетеді.
Банктік несие - бұл банктердің, арнайы несие-қаржылық мекемелерінің қарыз алушыларға ақшалай қарыз түрінде беретін несиесі. Банктік несие коммерциялық несиенің шектеулерін жояды. Бос ақшалай капиталдар кез келген өндіріс саласына беріледі және банктік несие арқылы кез келген бағытта қозғала алады. Тоқыма фабрикасының иесі өзінің бос к ақшалай капиталын банкке орналастыра алады, ал банк бұл капиталды машина құрылыс кәсіпорнына қарызға береді.
Банктік несие сферасы коммерциялық несие сферасына қарағанда несиені қолдану өрісі кең. Коммерциялық несие тек тауар айналысына қызмет етеді, ал банктік несие қоғамның барлық топтарының ақшалай табыстарынан және жинақтарын капиталға айналдыра отырып, капиталдың қорлануына қызмет етеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz